Қазақ инновациялық



Pdf көрінісі
бет15/41
Дата15.03.2017
өлшемі3,26 Mb.
#9958
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41

Литература 
Нарикбаев  Т.М.  Криминологические  проблемы  борьбы  с  транснациональной  преступностью: 
Автореф. канд. юрид. наук: 12.00.08. – Астана, 2007. – 30 с.  
 
 
Мухаметжан М.Қ. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 1 курс магистранты, Семей қаласы 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША НЕКЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ 
ТАБИҒАТЫ, ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Аннотация:  В  данной  статье  рассматриваются  актуальные  вопросы  правовой  природы  брака  и  семьи  по 
законодательству Республики Казахстан. Предлагаются рекомендации по совершенствованию законодательства и 
практики его применения. 
Summary:  This article explores current issues of movement of goods in the customs law. Recommendations to 
improve the legislation and its implementation. 
 
Қазіргі таңда неке қатынастары көңіл аударарлық мәселе болып табылады. 
Неке  –  отбасын  құрудың  негізі  болып  табылады.  Ерлі  –  зайыптылар  арасындағы  мүліктік  және 
мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен 
тараптардың  ерікті  және  толық  келісімі  жағдайында  жасалған  еркек  пен  әйелдің  арасындағы  тең 
құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, 
балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған 
балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да 
отбасы.  Егер  кәмелетке  толған  ағалары  мен  қарындастары  ата  –  анасыз  бірге  тұрып,  бір  –  біріне 
қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы [1]. 
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан 
81 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
туындайын  қатынастар  отбасылыққатынастардеп  аталады.  Бірақ  отбасындағы  қатынастардың  бәрі 
бірдей  құқық  жөнімен  реттеле  бермейді.  Отбасындағы  қатынастар,  негізінен,  адамгершілік,  ізгілік  - 
өнегелік  нормаларынегізінде  реттеледі.  Бұл  өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және  имандылық 
қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді 
(үлкендерді  қадірлеу,  отбасын  қамтамасыз  ету  оның  басшысы  ретінде  толықтай  ер  адамға  жүктеледі, 
туысқандарды қадірлеп, құрметтеу) [2, 78 б ]. 
Қарастырылып отырған тақырыптың маңыздылығы келесі жағдайлармен анықталады. Бүгінгі таңда 
неке қатынастары тек біздің мемлекетіміздің шеңберінде ғана емес, бүкіл әлемде кең өріс алуда. Некесіз 
қатынастардың,  жалған  некелердің,  толық  емес  отбасыларының  саны  артуда.  Кейде  отбасы 
дағдарысының  белгілері  ретінде  қарастырылатын  осындай  құбылыстарды  қазіргі  индустриалдық 
қоғамның, Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының және әлеуметтік экономикалық өмірдің 
жалпы талаптарына сай отбасының жаңа түрінің пайда болуы деп айтсақ дұрысырақ болады. 
Құқықтық көзқарас бойынша шетелдік элементпен күрделенген неке қатынастары мәселесі әрі қызық 
әрі өзекті мәселелердің біріне айналып келеді. Өйткені мұнда қарастырылып отырған мәселені реттеуге 
ұлттық  немесе  шетелдік  заңнамаға  сілтеме  жасайтын  коллизиялық  нормалардың  толық  әрі  жеткілікті 
білімі қажет етіледі. 
Неке отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіппен ерікті және толық келісім жағдайында 
жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ болып табылады. Неке ерлі–зайыптылардың 
арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызады. Ерлі–зайыптылардың құқықтары мен 
міндеттері Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген кезден бастап 
туындайды және де заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген неке ғана құқықтық салдарға әкеп соғады. 
Неке қатынастары деген түсінік «Неке» түсінігімен пара-пар. Ол отбасын құру мақсатымен заңдарда 
белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің 
арасындағы тең құқылы одақ нәтижесінде туындайтын құқықтар мен міндеттердің жиынтығын білдіреді 
[3,47 б]. 
Жоғарыда айтылғандай  неке қатынастарының субъектілері  ─  ерлі-зайыптылар.  Бұл,  субъектілердің 
спецификалық  құқықтық  сипатқа  ие  ерекше  бір  түрі  болып  есептеледі.  Некеге  тұратын  адамдардың 
тікелей қатысуымен неке АХАТ органдарында қиылады. Неке қатынастары неке АХАТ органдарында 
тіркелген сәттен бастап туындайды. 
Тіркелмеген  некелер  заңды  салдар  туғызбайды.  Ерлі-зайыптылар  отбасы  неке  қатынастарына  түсу 
кезінде  азаматтық  құқық  қабілеттіліктерін  толық  мөлшерде  сақтап  қалады.  Сәйкесінше,  кез-келген, 
оның  ішінде бір-біріне  қатысты  азаматтық құқықтар  мен  міндеттерді жүзеге асыра  алады. Бірақ жаңа 
қиылған некенің шегінде ерлі-зайыптылардың ескі құқықтары мен міндеттері өзгеріске ұшырап, жаңа 
құқықтар мен міндеттер пайда болады. Сондай-ақ неке кезінде де неке қатынастарының шеңберінде де 
өзгерістер болуы мүмкін: алимент өндіріп алу, меншікті иелену құқығы және т.б. 
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде неке және отбасы құқығы туралы мынадай төмендегі аспектілері 
анықталады: 
Отбасы – барлық адамға қажетті нәрсе. Адамның отбасын құруы - өз алдына маңызды әрі жауапты ісі 
болып  келеді. Қазақстандық  заңнама  некемен  байланысты  рухани  қатынастар  секілді  адам  өмірінің 
барлық жақтарын реттемейді. Барлық халықтарда неке және отбасы жөніндегі Заңдар мен кодекстерінің 
болуы  адамзаттың  жеке  қатынастары  қоғамдық  тәртіппен  берік  байланысты  екендігіне  сенімді  дәлел 
болып  табылады.  Отбасы  —  қоғамның  бастапқы  ұясы.  Сондықтан  мемлекет  отбасына  ерекше 
қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігінше оған көмек көрсетеді, кімнің болмасын оған заңсыз араласуына 
жол  бермейді.  Демек,  мемлекет  те  адамдарға,  некелі  болып  өмір  құрған  отбасына,  белгілі  мөлшерде 
талап  та  қояды.  Сонымен  қатар  заңда  анықталған  жағдайларда  –  басқа  да  туыстар  арасындағы 
қатынастарды  реттейді.  Осыдан  шығатын  қорытынды:  отбасы  құқығы  –  неке  қатынастарының  пайда 
болуын, өзгертілуі мен тоқтатылуын реттейтін теориялар жиынтығын зерттейтін ғылым [4, 58 б].  
Талаптар  қоя  отырып,  мемлекет  некелілерге,  отбасына  камқорлық  көрсетуге  міндеттенеді.  Бұл 
талаптар  тегіннен-тегін  емес,  ол  азаматтардың  (жеткен  жетістігі  мен  есеюіне  және  т.  б.),  коғамның 
(жақсы отбасы - игіліктің негізі) камы үшін қойылады. Сондықтан отбасын қүру үшін заңда қаралған 
жағдайлар жасалуы керек. Неке – қоғаммен санкцияланған, жыныстық қатынастардың әлеуметтік және 
тұлғалық қалыпты формасын айтады. 
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес неке ─ әйел мен еркектің заңда бекітілген тәртіп пен 
талаптарды  сақтай  отырып,  «отбасын  құруға  ниеттенген»  және  ерлі-зайыптылардың  арасында  өзара 
жеке,  мүліктік  құқықтар  мен  міндеттер  туғызатын  еркек  пен  әйелдің  қиған  тең  құқылы  және  ерікті 
одағы. Ал осы анықтамадағы «отбасы» ұғымы нені білдіреді? Кейбіреулері некеге тұрған тұлғалардың 
балаларының  пайда  болуымен  байланыстырады  немесе  отбасы  ұғымын  тараптардың  қатынастарын 
82 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
заңдастырумен байланыстырады [5, 37 б].  
Отбасы деп ─ некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге 
де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты 
және  отбасы  қатынастарын  нығайту  мен  дамытуға  жәрдемдесуге  тиісті  адамдар  тобы  аталады.  Демек 
жоғарыда көрсетілген неке ұғымын дұрыс түсінбейтіндігі байқалады. Сол секілді жалпы қауымның неке 
ұғымын дұрыс түсінетіндігіне күмән келтіруге болады.  
Некенің  құқықтық  табиғаты  туралы  сұраққа  заң  ғылымында  бірегей  көзқарас  жоқ.  Неке  негізінен 
азаматтық-құқықтық шарт және ерекше тұрпаттағы институт ретінде түсініледі. Кейбір ғалымдар неке 
құпия деп түсінілетін некенің үшінші теориясын да бөліп шығарады. 
Некенің  теорияларын  зерттей  келе,  автор  неке  өзінің  құқықтық  табиғаты  бойынша  шарт  болып 
табылмайды  деген  тұжырымға  келеді.  Некені  мемлекеттік  тіркеу  әкімшілік  акті  болып  табылады,  ал 
некелік  құқықтық  қатынас  –  көптеген  азаматтық-құқықтық  институттардың  элементтері  бар  ерекше 
тұрпаттағы институт. 
Тәжірибелік аспектіде ұсынылады: 
1.  Қазақстан  Республикасында  некені  ерлі-зайыптыларға  ұсынылатын  салық,  тұрғын  және  өзге  де 
жеңілдіктермен нығайту. 
2.  Некені  жасасудың  жариялылығын  қамтамасыз  ету  үшін  неке  жасасудың  куәлар  институтың 
қалпына  келтіру  және  «Неке  (ерлі-зайыптылар)  және  отбасы  туралы»  кодексіне  АХАТ-дың  тиісті 
органдарында  некені  тіркеу  туралы  өтініш  берген  тұлғалардың  тізімдерін  жариялауға  міндеттейтін 
норма енгізу. 
3.  Шетелдік  тәжірибеден  украиндық  заң  шығарушының  сөз  берісу  институтын  «Неке 
(ерлі-зайыптылар) және отбасы туралы» ҚР кодексіне бекіте отырып қабылдау. Оған сәйкес сөз беріскен 
деп  некені  тіркеу  туралы  арыздарды  берген  тұлғалар  саналады.  Әрекеттегі  отбасы  заңнамасында  сөз 
берісу некеге тұруға міндет салмайды, бірақ дәлелсіз себеппен некеден бас тартқан тұлға екінші тарапқа 
некені  тіркеу  мен  үйлену  тойына  дайындыққа  кеткен  шығындарды  өтеуге  міндетті  деп  бекіту  керек. 
Осындай шығындар өтелмейді, егер некеден бас тарту қалындықтың, күйеу жігіттің құқыққа, моральға 
қайшы тәртібінен, онымен маңызды мән-жайларды (ауыр сырқат, баланың болуы, соттылығы және т.б.) 
жасырудан туындаса. 
Болашақта  болуы  керек  болған  некеге  байланысты  сыйлықты  алған  тұлғаның  некеден  бас  тартқан 
жағдайда сыйға берушінің талабы бойынша сыйға тарту шарты сотпен бұзылуы мүмкін. Сыйға тарту 
шартын  бұзған  жағдайда  тұлға  оған  берілген  затты  қайтаруы,  ал  егер  ол  сақталмаса  –  оның  бағасын 
қайтаруғаміндетті. 
Әдебиеттер  
1.
 
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексі, 2014ж. 21 желтоқсан  
2.
 
Антокольская. И.В Семейное право учебник. Москва 1998 г. 
3.
 
Нечаева А.Н. Брак, семья, закон. М., 1998г. 
4.
 
Муратова С.А., Тарсамаева Н.Ю. Семейное право: Учеб.пособие. М.: Новый юрист, 1999. 
5.
 
Пчелинцева Л.М. Семейное право. М., 1999.  
 
Мухаметжан М.Қ. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 1 курс магистранты, Семей қаласы 
 
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ 
ПРОФИЛАКТИКАСЫ МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАДАҒАЛАУЫНЫЗ ЖӘНЕ ПАНАСЫЗ 
ҚАЛУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ 
 
Аннотация:  В  статье  раскрыта  профилактика  уголовного  правонарушения  несовершеннолетних  и 
предупреждение безнадзорности и безпризорности детей.  
Summary:  The article deals with the prevention of criminal offenses and the prevention of juvenile neglect and 
bezprizornosti children. 
 
Қазақстан  Республикасының  «Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың 
профилактикасы  мен  балалардың  қадағалаусыз  және  панасыз  қалуының  алдын  алу  туралы»  Заңының 
талаптарына  сай  жас  ұрпақ  тәрбиесі  өз  құзыреті  шегінде  барлық  мемлекеттік  органдарға  жүктелген 
[1,б.2]. 
Осы  міндеттелген  жұмыстарды  орындауда  бала  тәрбиесіне  мүдделі  органдармен  бірлесе  отырып, 
бірқатар  кешенді  профилактикалық  іс-шаралар  жүзеге  асырылып,  нәтижесінде  2014  жылдың 
қорытындысымен  кәмелетке  толмағандармен  жасалған  қылмыстар  33,3  пайызға  (159-дан  106-ға) 
83 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
төмендеген. 
Бұл сандық көрсеткіштер 2013 жылмен салыстырғанда төмендегенімен, бүгінгі күні жұбандыратын 
бағытты ұстанбай, баяушылық танытпауымыз керек. 
Құқық  бұзушылықтардың  қауіпті  түрі  болып  табылатын  кәмелетке  толмағандармен  қылмыс  жасау 
фактілері де жеткілікті. 
Есепте  тұрған  287  жасөспірімдердің  басым  бөлігі  Семей  қаласындағы  мектептер  мен  колледждің 
оқушылары. 
Талдаумен  қамтылған  санаттағы  қылмыстардың  жасалу  себептерінің  бірі-түнгі  мезгілде  ата-аналар 
тарапынан  балаларының  жүріс-тұрысына  бақылау  орнатпай,  түн  мезгілінде  көшеде,  ойын  сауық 
орталықтарында жүрулеріне жол берілуі болып табылады.  
Сонымен қатар, облыс көлемінде орын алған қылмыстардың басым көпшілігі 16 мен 18 жасқа дейінгі 
кәмелетке толмағандармен жасалған. 
Оның ішінде, 17-18 аралықтағы балаларға мектепті бітіріп, жоғары оқу орындарына түсімге дейінгі 
мерзімде бірде бір мемлекеттік органмен бақылау және профилактикалық жұмыстары жүргізілмейтіндігі 
анықталды.  Соның  салдарынан  осы  жастағы  тұлғалармен  қылмыстар  жиі  жасалу  мүмкіндігі  жоғары 
болуда. 
Статистикалық  мәліметтерге  сәйкес,  2015  жылы  облыс  аумағында  кәмелетке  толмағандарға  қарсы 
жасалған 353 (2014ж. – 283) қылмыс тіркеліп, осы санаттағы қылмыстар 2014 жылмен салыстырғанда 
24,7 пайызға өскен. 
Оның  ішінде,  1  -  адам  өлтіру,  абайсызда  кісі  өлтіру-4,  өзін-өзі  өлтіруге  жеткізу-3,  денсаулыққа 
қасақана ауыр зиян келтiру-2, зорлау-20, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу 
және  нәпсiқұмарлық  сипаттағы  өзге  де  iс-әрекеттер  -  17,  жас  балаларды  азғындау  -  10,  кәмелетке 
толмаған  баланы  тәрбиелеу  жөнiндегi  мiндеттердi  орындамау  -  7,  ұрлық  -  138,  тонау  -  14,  қорқытып 
алушылық  -  6,  бұзақылық  -  39  және  тағы  басқа  осындай  қылмыстар  болған  [2,б.2].  Мысалы,  Семей 
қаласының тұрғыны А. есімді азамат мектеп оқушысын көрінеу кәмелетке толмағанын біле тұра, күш 
қолданып нәсіпқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттерін жасаған. 
Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, бүгінгі таңда 
ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. 
Сондай-ақ, мектеп оқушысын зорлау фактісі бойынша ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігімен қылмыстық 
іс қозғалып, өкінішке орай 4 ай бойы қылмыскер тұтқындалмай келеді. 
Сонымен  қатар,  білім  беру  ұйымдарының  басшылары  тарапынан  кәмелетке  толмағандар  арасында 
құқық бұзушылық профилактикасы бойынша тиісті жұмыстар атқарылмауда. 
Мектеп  инспекторларының  жұмысы  құқық  бұзуға  бейім  оқушыларды  есепке  алып,  олардың 
тарапынан  жасалған  құқық  бұзушылықтарды  анықтауға  бағытталса,  керісінше  кейбір  мектеп 
директорлары мектеп беделіне кір келтіруі мүмкін деген желеумен, орын алған құқық бұзушылықтарды 
жасыруға әрекеттенген. 
Мысалы, Семей қаласындағы мектептің мұғалімі 2 оқушыға қатысты азғындау әрекеттерін жасаған. 
Алайда, мектеп директоры бұл оқиғаны білі тұра жасырып, мұғалімді 2014 жылдың 26 қыркүйегінде 
өз еркімен қызметінен босатқан.  
Орын  алған  алған  оқиға  жөнінде  кәмелетке  толмағандардың  аналары  тек  3  айдан  кейін  желтоқсан 
айында учаскелік полиция инспекторынан жауап алуға келгенде ғана біліп, құқық қорғау органдарына 
жүгінген. 
Аталған факті бойынша мұғалімге қатысты ҚК-нің 124-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, 
бүгінгі таңда тергелуде. 
Сондықтан, мектеп басшылары қылмыс жасауға, құқық бұзушылық немесе оқудан жалтаруға және 
қандай да бір теріс әрекеттер жасауға бейім оқушылармен профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін 
ішкі істер органдарына тиісті ақпараттарды міндетті түрде ұсынып, бірлесіп жұмыстарды жүргізу қажет. 
Сәйкесінше  білім  бөлімі  тарапынан  мектеп  директорларының  бұл  бағыттағы  жұмысын  бағалау 
критерийлерін  өзгертіп,  нақты  өз  бастамаларымен  теріс  қылықтарға  бейімділікті  анықтау  түріндегі 
көрсеткішті тәжірибеге енгізу мәселесі қаралуы тиіс. 
Сондай-ақ,  кәмелетке  толмағандардың  істері  жөніндегі  инспекторлардың  мектептердегі 
криминогендік және жалпы ахуалды білу мақсатында ата-аналар жиналыстарына оларды міндетті түрде 
қатыстыру арқылы тиісті байланысты орнату керек.  
Сонымен бірге, соңғы жылдары қоғамға айықпас дерт болып жабысқан ғылыми атауы «суицид» деп 
аталатын адамның өзін-өзіне қол жұмсауы бүгінгі күннің өзекті жан ауыртар мәселесіне айналып отыр. 
2014  жылы  облыс  аумағында  18  жасөспірім  суицидке  барса,  2015  жылы  қайғылы  деректің  6-ы 
тіркелді, өзіне қол жұмсамақ болған 2014 жылы 13, 2015 жылы 19 дерек тіркелген. 
84 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Жасөспірімдердің  өз-өзіне  қол  жұмсау  себептерін  зерделеумен  мұндай  әрекетке  баруға  бірінші 
кезектерде тұрмыс жағдайының төмендігі, балаға тиісті көңілдің бөлінбеуі, балалардың өтпелі кезеңдегі 
психикалық  күйзелістердің  әсері,  мектеп  қабырғасында  балалармен  психологиялық  жұмыстың  тиісті 
деңгейде жүргізілмеуі себепші болуда деуге негіздер бар. 
Сол  сияқты,  ата-ана  тарапынан  тиісті  тәрбиелік  жұмыстардың  болмауы,  ата-аналар  мен  ұстаздар 
арасындағы байланыстың жеткіліксіздігі де әсер етуі мүмкін. 
Мысалы, жасөспірім Ш.-ның Астана қаласындағы көпсалалы техникалық-колледжінде оқып, жазғы 
демалысқа  үйіне  оралған  кезде  анасын  құшақтап  сүйгендігін  бірақ  анасы  баласына  көңіл  бөлмей 
назарын немересіне аударған, яғни анасы тарапынан бұл дерекке көңіл бөлінбеген. 
Сондай-ақ, бала ата-аналарымен араздықтан немесе олардың тарапынан түсінушіліктің болмауынан, 
жауапсыз махаббаттан, ересектермен қолданылуы мүмкін жазадан қорқудан, яғни жазадан қашудан өз-
өзіне қол жұмсауы мүмкін. 
Қызметтері  жекелеген  әрекетсіздікпен  сипатталатын  білім  беру  мекемелері  әлде  де  мектептің 
проблемаларын жасыруға тырысып келеді. 
Осы  ретте,  кейбір  білім  беру  мекемелері  басшыларының  дауларды  құқық  қорғау  органдарының 
қатысуынсыз  шешіп,  орын  алған  қылмыстарды  жасыруды  қалаулары  балалардың  тиісті  құқықтық 
көмексіз,  өз  проблемаларымен  бірге  бір  қалуларына  әкеп  соғады.  Демек,  өздерін  ренжіткендердің 
жазасыз  қалатындығы  және  тығырықтан  шығу  жолының жоқтығы  туралы  ойлар  саналарында  күшейе 
түседі. 
Оқушылардың психикалық және әлеуметтік аман-саулығын сақтау жөнінде қызмет атқару, әр түрлі 
психологиялық  көмек  көрсету,  психологиялық  диагностика  жасау  Білім  және  ғылым  Министрінің 
бұйрығына сәйкес мектеп психологтарына жүктелген. Өз деңгейінде арнайы дайындықтан өтпеу және 
қажетті  біліктіліктің  болмауынан,  мектеп  психологтары  жасөспірімдермен  атқарған  жұмыстарының 
нәтижелерін талдау барысында басты назар мінез-құлықтың тек сыртқы көріністеріне аударылады, ал 
баланың күйзелісті күйі мен кейбір психологиялық проблемаларына жеткілікті көңіл бөлінбейді. 
Осыған  байланысты,  кәмелетке  толмағандар  арасында  суицидалдық  көңіл-күйдің  алдын  алу 
жөніндегі атқарылып отырған шаралар тиімсіз болып, қажетті нәтижелерге қол жеткізбей отыр. 
Сондықтан, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз 
қалудың  жеке  профилактикасы  шаралары  олардың  тарапынан  жаңа  құқық  бұзушылық  жасаудың 
алдын  алу,  сондай-ақ  оларды  жасауға  итермелейтін  себептер  мен  жағдайларды  жою  мақсатында 
кәмелетке  толмағандардың құқықтық  санасына және  мінез-құлқына  мақсатты  түрде жүйелі  әсер  ету 
үшін қолданылады. 
Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтың,  қадағалаусыз  және  панасыз  қалудың 
жеке профилактикасы шараларын ұсынамыз: 

Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық  агрессиясымен  күрес  жүргізетін  арнайы  органдардың 
бірлестігі  ретінде  ішкі  істер  органдарының,  денсаулық  сақтау  органдарының  және  білім  және  ғылым 
министрлігінің қызметкерлерінен тұратын арнайы орган құру; 

кәмелетке  толмағандарды  үшінші  тұлғаларды  әсерінен,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  және 
компьютер ойындарының жағымсыз әсерінен қорғайтын нормаларды қабылдау. 
Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтың,  қадағалаусыз  және  панасыз  қалудың 
жеке  профилактикасы  шаралары  осы  шаралар  қолданылатын  кәмелетке  толмағандардың  жеке 
ерекшеліктері  және  олар  жасаған  құқық  бұзушылықтың  қоғамға  қауіптілігінің  сипаты  мен  деңгейі 
ескеріле отырып айқындалады. 
Әдебиеттер 
«Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың  профилактикасы  мен  балалардың 
қадағалаусыз  және  панасыз  қалуының  алдын алу  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2004  жылғы  9 
шілдедегі № 591 Заңы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z040000591_ 
Семей  қаласы  бойынша  қалалық  ішкі  істер  басқармасының  2014-2015  жылдар  бойынша 
статистикалық материалдары.  
 
 
Наурызбай Е.М. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң универсиетінің 1 курс магистранты 
 
ХАЛЫҚҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ 
АЛДЫН АЛУ 
 
85 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Аннотация:  В  данной  статье  рассмотрены  преступления,  совершаемые  в  сфере  медицинского  обслуживания 
населения. Проанализированы основные виды таких преступлении и причины подталкивающие к ним. Выявлены 
криминологические  особенности  совершаемых  преступлении  медицинскими  работниками.  На  основе 
проведеннного  исследования  предлагается  обращать  особое  внимание  сфере  медицинского  обслуживания 
населения и соблюдению всех законодательств, согласно ПК РК.  
Summary: In this article the crimes committed in the sphere of medical care of the population were considered. Main 
types such a crime and the reasons pushing to them were analysed. Criminological features made a crime by workers of 
health sphere were revealed. On the basis of the conducted research it is offered to pay special attention to the sphere of 
medical care of the population and to observance of all legislations, according to the legal code of the Republic of 
Kazakhstan. 
 
Құқық  қорғау  органдары,  денсаулық  сақтау  органдары,  жеке  тәжірибеленуші  дәрігерлер,  жұрт 
денсаулығын  және  жеке  азаматтардың  денсаулығын  сақтаумен  айналысатын  әлеумет  өкілдерінің 
халыққа  медициналық  қызмет  көрсету  саласындағы  қылмыспен  күресте  әлеуметтік  жағдаят  туралы 
нақты  түсінігі  болу  міндетті.  Әлеуметтік  жағдаят  туралы  мәліметтер  жалпы  қылмыспен  күрестің 
концепциясына енгізілу керек.  
Халыққа медициналық қызмет көрсету саласында қылмыс жасауға септігін тигізетін негізгі сетептер 
мен жағдаяттар алғаш рет отандық әдебиеттерде көрсетіледі.  
Ең  дұрысы,  себептерді  жалпы,  ерекше  және  жекеге  бөлу  болып  табылады.  Халыққа  медициналық 
көмек  көрсету  саласындағы  қылмыстардың  жалпы  себептеріне  экономикада  қалыптасқан  жағдаяттар 
жатады, ол халықтың тұрмыстық жағдайының және адами даму индексінің күрт төмендеуіне әкелді [2]. 
Топтықтан нарықтық экономикаға көшу кең көлемдегі кедейлік пен жұмыссыздық мәселелеріне алып 
келді. Олар қылмыстың, нашақорлықтың негізін құрып, қоғамдық жабығуды тудырады және қоғамдық 
тұрақсыздық потенциалын арттырады.  
Бұл  үрдістермен  біздің  барлық  жағынан  да  қауіпті  болып  келетін  әлсіз  жағымыз  да,  яғни 
демографиялық  депопуляция  анықталады.  1992  жылы,  соғыстан  кейінгі  50  жылдың  ішінде  алғаш  рет 
біздің халықтың саны азайа бастады [3]. 
Бүгінгі  Қазақстанда  бейәлеуметтік  топтар  саны  мөлшерден  тыс,  және  оның  саны  күн  сайын 
денсаулық сақтау жүйесі жұмысшыларымен толықтырыла отырып артып келеді.  
Бүгінгі  таңда  медициналық  қызмет  көрсету  саласында  біз  кризиске  ұшырадық  деп  айта  аламыз, 
алайда  оған  себеп  денсаулық  сақтау  ұйымдары  жүйесінің  жамандығы  немесе  дәрігерлердің  кәсіби 
дәрменсіздігі  емес  біздің  бюджеттік  қастамасыз  ету  жүйесінен  кете  отырып,  қаржылаудың  тұрақты 
заманауи жүйесін құрып үлгермегендігімізде.  
Медицина  саласы  қызметкерлерінің  еңбегін  бағалаудың  заңсыз  жолдарын  қарастыру  медицина 
жұмысшыларының  жеке  бөлігін  моральдық  топтастыруға  алып  келді.  Медицина  жұмысшыларының 
еңбегін  біліктілік  пен  медициналық  қызмет  көрсету  көлеміне  сай  бағалаудың  жүйесін  енгізе  отырып, 
яғни  бүкіл  әлемде  орнатылған  дұрыс,  әрі  тарихи  ережелер  мен  дәстүрлерге  сүйене  отырып,  бұдан 
құтылуға болатыны анық. Медицина саласындағы жалақыға қызығушылықтың төмен деңгейі олардың 
біліктілігінің  және  медициналық  қызмет  көрсету  деңгейінің  төмендеуіне,  жаңа  медициналық 
технологияларды  енгізу  үрдісінде  артта  қалуға  алып  келді.  Біліктілігі  бар  медицина  саласы 
жұмысшыларының көп бөлігі мүлдем медицинадан кетіп қалды [2]. 
Қауіпсіздікті бұзу (адам өлдіру, өзін-өзі өлтіру, көлік авариялары, адамның жоғалуы, өрт, өндірістік 
жарақат,  медициналық  көмектің  төмен  деңгейі)  адамның  өмір  сүруге  деген  құқық  бұзушылығының 
барлық  түрлерін  жоймайды.  Мұнда  тұрмыстық  жарақаттар,  авиациялық  апаттар,  теміржол  және  су 
көліктеріндегі  апаттар,  құқық  қорғау  іс  әрекетіндегі  ішкі  істер  органдары  жұмысшылары  мен 
азаматтардың өлімі, сонымен қатар, ақыл есінен адасқандар тарапынан қастандықтар жатқызылады.  
Құқықтық  шешімдермен  ғана  азаматтардың  қауіпсіздігі  қамтамасыз  етілмейді,  себебі  тұлғаның 
қорғансыздық  тамырлары  айтарлықтай  тереңде  жатыр,  яғни  –  талитарлық  тәртіптен,  мемлекет 
басшылығындағы  қателіктерден  қоғамның  дағдарысында  туған.  Бұл  дағдарыстан  өту  үрдісі  бірнеше 
онжылдыққа дейін созылары  анық.  Онда құқық  түрлендіруші  рөлін  атқарады,  алайда  оны  асырған  да 
қателік болар.  
Заманауи  қылмыстық  статистика  тұлғаларға  қарсы,  және  де  халыққа  медициналық  көмек  көрсету 
саласындағы ауыр қылмыстық істер туралы мемлекет пен қоғамға бара-бар түсінік бермейді. Медицина 
саласының қызметкерлері әрдайым қоғамға қайтарылған денсаулықтың жақсы көңіл-күйін, құтқарылған 
өмір, ана қуанышын және т.б. сыйлайтын заңға бағынатын адамдар ретінде саналатын.  
Беймәлім  қылмыстың  кеңінен  жайыла  бастағанынан  қылмысты  алдап-  арбау  оңайға  түседі,  себебі 
қоғамға  танымал  резервтегі  беймәлім  қылмыстармен  жұмыс  істей  отырып,  кез-келген  көрсеткішті, 
әсіресе, ашылуын төмендету немесе жоғарылату оңай.  
86 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Беймәлім  қылмыстылықпен  күрес  –  бұл,  ең  алдымен,  құқық  қорғау  мекемелері  жұмысының 
кемшіліктерін  жеңу.  Сөз  азаматтардың  енжарлығы  мен  қорқынышын  жеңуде,  осы  қасиеттері  бар 
азаматтар басшылыққа айтпай озбырлыққа тап болады [1]. 
Медицина  саласында,  әсіресе  трансплонтологияда  қылмыстың  нақты  криминологиялық 
ерекшеліктері бар.  
Республика  азаматтары  денсаулығының  төмен  көрсеткіші  төрт  басты  фактормен  шартталған: 
қоршаған  ортаның,  профилактикалық  жұмыстың  жағдайы,  өмір  сүру  үлігі  және  алғашқы  дәрігерлік-
санитарлық көмек сапасы.  
Мемлекетімізде  әзірге  денсаулық  сақтау  саласындағы  заңдық  реформалардың  тұтас  ғылыми 
негізделген  концепция  дайындалмаған,  әсіресе  халық  денсаулығын  сақтау  құқығын  бірыңғайлау 
бөлімінде. Алға қадам басу болып табылатын «Халық денсаулығы - 2030» Мемлекеттік Бағдарламасы 
алайда бірқатар мәселелерді шеш алмады.  
Шылым  шегу,  алкоголь,  нашақорлық  сынды  денсаулыққа  зиянын  тигізетін  әдеттерді  жою  күресін 
кеңінен, әрі көлемді жүргізу қажет.  
Ерекше  рөл  «ХХ  ғасырдың  обасы»  болып  табылатын  АИВ/АҚТЖ  ауруының  алдын  алуға  бөлініп 
отыр; өзге тұлғаны осы аурумен жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.  
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу туралы Республика заңнамалары негізін қабылдауды 
қажет  деп  санаймыз.  Заңдылықта  нормалар  қарама-қайшылығы  болмау  керек,  әсіресе  бір  Заңда 
(мысалы,  ҚР-ның  «Неке  және  отбасы  туралы»  Заңы  некеге  тұратын  азаматтардың  міндетті  түрде 
медициналық-генетикалық  тексерілуін  талап  етпейді  (12  бап),  алайда  бұл  репродуктивті  денсаулықты 
күзету мақсатында дені сау ұрпақ болу үшін табылған ауруларды емдеу қажет. Некеге тұрушылардың 
біреуінен «құрылған отбасы мүшелеріне жеке және қоғамдық қауіпсіздікке шынайы қатер тудыратын» 
аурудың табылуы некені сот тарапынан заңды күші жоқ деп саналуға негіз болады [6]. 
Медицина саласындағы қылмыстың (тарнсплантология) халықаралыққа шығып отырғанын, ал КСРО 
территориясында  «бірыңғай  криминогендік  кеңістік»  сақталғанын,  және  ол  ұйымдастаралғандық 
сипатын алып, ТМД мемлекеттері арасында қарым-қатынас орнату уақытылыға айналды. 1992 жылдың 
сәуір  айынан  бастап  ішкі  істер  Министрлігінің  қылмыспен  күрес  саласындағы  қарым-қатынас  туралы 
Келісімщарт негізінде жүзеге асырылады.  
1992  жылдың  қазан  айында  Ресей,  Беларусия,  Қазақстан  және  Қырғызстан  үкіметтерінің  арасында 
құқықтық  көмек  пен  бірлестік  туралы  Келісім  құрылды.  Және  де,  1993  жылдың  22  қаңтарында  ТМД 
мемлекеттері басшыларымен Минск қаласында азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша 
құқықтық көмек пен құқықтық қарым-қатынастар Конвенциясына қол қойылды.  
Қылмыспен  күрестің  біріккен  шараларының  Мемлекетаралық  бағдарламасы  1999  жылы  Астана 
қаласында ТМД мемлекеттерінің ішкі істер министрлерінің Кеңесі отырында қабылданды.  
1999 жылдың маусым айында ҚР Үкіметі мен Чехия Республикасының Үкіметі арасында ұйымдасқан 
қылмыс,  есірткі  және  психотропты  заттарды  заңсыз  тасымалдау,  терроризм  және  қылмыстың  өзге  де 
қауіпті түрлерімен күрестегі істестік туралы екіжақты Келісімге қол қойылды [4]. 
2000  жылдың  қаңтар  айында  ТМД  мемлекеттері  басшыларымен  2000-2003  жж  қылмыспен  күресу 
шараларының  Мемлекетаралық  Бағдарламасы  қабылданды.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2000 
жылдың  31  қазанындағы  1641  қаулысы  бойынша  «2000-2002  жж  Қазақстан  Республикасында 
қылмыспен күресу Бағдарламасы» бекітілді. Онда қылмыстың алдын алу үшін жүйелі немесе кешенді 
амалдарды, қылмысқа әсер етудің жаңа, дәстүрлі емес үлгілері мен әдістерін іздеу қажеттігі атап өтілуде 
[5]. 
«Халық  денсаулығы  -  2030»  Мемлекеттік  Бағдарламасының  құқықтық  бөлімі  ҚР  ҚК  88  бабы  «ҚР 
азаматтардың  денсаулығын  қорғау  туралы»  Заңының  19  бабымен  бірге  сәйкестікке  келтіру,  яғни 
жыныстық жолдармен берілетін аурулардан бас тартқан жағдайда қинап көндіруді тарату; ҚР ҚК 90-92 
баптарында дерматовенерологта қинап емдеуді қамтамасыз ететін сәйкес іс-шаралар енгізу; ҚР ҚК 95 
бабында  жыныстық  жолмен  берілетін  ауруларды,  әсіресе  АИВ  инфекцияланған,  жазалауды  орындай 
отырып, ауруларды қинап емдеуді біріктіру 
Сонымен  қатар,  халыққа  жыныстық  жолдармен  берілетін  аурулар  мен  АҚТЖ-ның  алдын  алуды 
сөзсіз қамтамасыз ете отырып, білім беру заңына сәйкес өзгерістер мен қосымшалар енгізу болжануда 
[7]. 
Қазақстан  Республикасында  осы  уақытқа  дейін  құқықтық  базаның  болмауына  байланысты 
метадоналық бағдарлама осы уақытқа дейін басталмады, оның тағы бір себебі Үкімет пен Халықаралық 
комиссияның есірткіні бақылау туралы рұқсаты жоқ.  
«Ғылыми  медициналық  эксперимент  өткізудің  реті  туралы»  Заңды,  оның  заңсыз  өткізілуіне  жауап 
беру  туралы  норманы  енгізу  қажеттілігі  туды.  Жинақталған  қомақты  ғылыми  дәлелдер  құрсақтағы 
87 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
нәрестенің  жасушасы  шашыраңқы  склероз,  Паркинсон  ауруы,  диабет  және  өзге  де  тұқым  қуалайтын 
ауруларды емдейтіні дәлелденді.  
Сол  шақта  ауруханаларда  түсік  жасалған  материалдармен  не  істелінетінін  ешкім  білмеді;  мұндай 
қылмыстардың алдын алу қажет.  
Қылмыстың алдын алуда маңызды рөлді ішкі істер органдары атқарады. Олардың негізгі міндеттері 
қылмыстарды  анықтау,  алдын  алумен,  тергеумен  және  алдын  ала  зерттеуді  жүзеге  асырумен 
байланысты.  
Прокурорлық қадағалау маңызды заң кепілі және медициналық саладағы құқық бұзуға қылмыстық іс 
қозғау туралы тергеу немесе сот шешімінің қабылдануында дәлел болады.  
Мемлекет  соттарының  тарихында  «Дәрігерлік істер»  өте  аз, сонда  да  сот істері  қылмыстың жалпы 
превенцияларына өз үлесін қосуда.  
Денсаулық  сақтау  ұйымдары  мен  мекемелерінің,  жеке  дәрігерлік  қызметкерлерге  айтылатын  жеке 
анықтамалар алдын алудың іс жүргізу құралы ретінде көптеген қылмыстық істерде кездеседі: 

өлтіру істері бойынша – әрбір үшінші іс бойынша; 

заңсыз түсік жасау – екі іс бойынша; 

қызметтік жалғандық – бір іс бойынша. 
Алдын  алудың  арнайы  субъектісіне  денсаулық  сақтау  ісі  бойынша  Қазақстан  Республикасының 
Агенттігі  жатады.  Ол  өзіне  бағынатын  емдік  және  білім  беру  мекемелері  (ауруханалар,  емханалар, 
санаторилер,  шипажайлар,  жоғары  оқу  орындары,  ҒЗИ  және  т.б.)  іс-әрекетін  идаралық  бақылауды 
жүзеге асырады.  
Медициналық  көмек  сапасын  идаралық  бақылау  жүйесі  нақты  емделушілерге  медициналық  көмек 
көрсету  үрдісінің  сараптамасы,  кадрлық  сұрақтардан  бастап  басқару  шешімдерін  жүзеге  асыруды 
бақылауға дейінгі элементтерді қамтиды 
2000 жылдың 27 қаңтарындағы «Тегін дәрігерлік көмектің кепілді мөлшерін бекіту туралы» Үкімет 
Қаулысы аясында идаралық бақылау ерекше өзекті.  
Медициналық  көмектің  бақылау  сапасын  идарадан  тыс  бақылаудың  мақсаты  азаматтардың 
денсаулықты сақтауға құқығын қорғау, ал міндеті – көрсету және денсаулық сақтау ресурстарын тиімді 
пайдалануды  бақылау  бойынша  медициналық  көмек  пен  дәрігерлік-экономикалық  сапартаманы 
ұйымдастыру.  Бұл  бақылаудың  субъектісі  болып  лицензиялық  комиссиялар,  медициналық 
қауымдастықтар, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдары табылады [6]. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет