Қазақ инновациялық



жүктеу 3.26 Mb.
Pdf просмотр
бет22/41
Дата15.03.2017
өлшемі3.26 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41

Литература 
1.
 
Ивасенко А.Г. «Ипотечное кредитование: сущность, проблемы и перспективы развития». – Новосибирская 
государственная академия экономики и управления. – Новосибирск, 1996. 
2.
 
Ипотечно-инвестиционный  анализ: Учебное  пособие /  Есипов В.Е., Попов  А.В.,  Маховикова Т.А.,  и др. – 
СПб., 1998. – 207с. 
3.
 
Вешкин  Ю.Г.,  Авагян  Г.Л.,  «Банковские  системы  зарубежных  стран:  Курс  лекций.»  Изд  -  Экономистъ, 
2004г, 399с. 
4.
 
Деньги,  кредит,  банки:  Учебник  для  студентов  вузов,  обучающихся  по  экономическим  специальностям  / 
Жуков Е.Ф., Максимова Л.М., Печникова А.В. и др. – М.: ЮНИТИ, 2000. – 622с.  
5.
 
Тарасова Г.М «Банковское дело: конспект лекций» -, Изд - Феникс, 2007г, 221с., 
6.
 
Смирнов В.В. «Менеджер по ипотечным операциям». – М.: Издательский дом «Аудитор», Алматы 2000. 
7.
 
Страна и мир. Казахстанский общественно-политический еженедельник. №40, 7 октября 2005 г. 
8.
 
Поморина  М.А  «Планирование  как  основа  управления  деятельностью  банка.»  -.,  Изд  -  Финансы  и 
статистика, 2002г. - 384с. 
 
Малаева Л.Т. 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемелекеттік Университеті Қарағанды қ.  
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНДАРЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМ 
БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР 
 
Аннотация:  В  данной  статье  рассматривается  динамика  экономического  роста  отдельных  регионах  нащей 
страны используя данные ВВП. Автор попытался раскрыт экономическую особенность каждого региона. 
Summary: This article discusses the dynamics of economic growth of certain regions of our country using GDP data. 
The author tried to reveal the economic characteristics of each region. 
 
XX  ғасырдың  басында  эконом-географтар  көптеген  географиялық  мәліметтер  мен  мағлұматтарды 
жинақтау  және  бір  жүйеге  келтіруге  ұмтылды.  Осының  нәтижесінде  экономикалық  аудандардың 
құрылуын,  дамуын  зерттеу  қалыптасты.  Бұл  бағытта  географтар:  Р.Хартшорн,  Н.Н.Баранский, 
И.Г.Александров,  Н.Н.Колосовский  еңбек  етті.Мысалы,  Н.Н.Баранский,  Н.Н.Колосовский 
экономикалық  аудандастыру  теориясы  негізін  салды.  Экономикалық  аудандастырудың  негізіне 
географиялық еңбек бөлінісі, яғни белгілі бір аумақтың арнайы өнім шығаруға мамандануы болады деп 
тұжырымдады. Энергиялық-өндірістік циклдың – дамуы арқылы (өндірістің технологиялық кезеңдері), 
экономикалық аудандардың салалық және аумақтық құрылымының дамуын негіздеді [1]. 
Экономикалық  аудандастыру  дегеніміз  –  белгілі  бір  елдің  өзара  қатынастығы  маманданған  тұтас 
шаруашылық  бөлігінің  кеңістік  жүйесін  анықтау  арқылы,  белгілі  бір  елдің  өндіргіш  күштерінің 
аумақтық құрылымын бөліп шығару (Саушкин Ю.Г.) Аудандастыруға әсер ететін факторлар: аумақтық 
еңбек  бөлінісі,  техникалық  база  (өндіріс),  шаруашылықтың  техникалық  деңгейі,  еңбек  ресурстары, 
табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары (табиғи-ресурстық потенциал). Экономикалық аудандастыру 
принциптері:  экономикалық,  энергетикалық,  ұлттық,  кешендік  даму,  болашақтық,  әкімшілік  болып 
келеді. 
Аумақ  (территория)  –  белгілі  бір  табиғаттық  және  антропогендік  құрылымдар  мен  қасиеттері  бір 
бөлігі. 
Аумақтық-географиялық  орнымен,  өзіне  тән  табиғи  ресурстық,  әлеумет-демографиялық  және 
шаруашылық  (әлеуметтік-экономикалық)потенциалдан  тұрады,  яғни  геожүйенің  үш  компонентінен 
тұрады: табиғат-халық-шаруашылық. 
Аумақты  экономикалық-географиялық  зерттеу  –  оның  физико-географиялық  ерекшіліктерін, 
экономикалық-географиялық ерекшіліктерін анықтау арқылы өндіргіш күштерінің белгілі бір салаларын 
орналастыруға керекті ресурстар базасын сараптап, сандық және сапалық баға берілед[2]. 
Аумақтың басты қасиеттері: 
а) географиялық орны; 
б) көлемі; 
в) табиғат жағдайы мен ресурстары, олардың табиғат кешенін және өзара қатынасын құрау; 
г) шаруашылық және оның дамуы, өзгеру динамикасы; 
д) атқаратын функциялары. 
Аумақтың  ресурсы:  отын-энергетикалық,  минералдық-шикізат,  биологиялық,  агроклиматтық,  су, 
топырақ, жер ресурстары, рекреациялық,өндірістік, инфрақұрылым. 
Аумақтық ресурстардың элементтері: 
а) аумақтың көлемі; 
127 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
б) аумақтың байлығы; 
в) ландшафтың тұрақтылығы. 
Аумақтың көлемі, оның материалдық байлығымен қосып экономикалық сиымдылықты құрайды, ал 
тұрақтылығы экологиялық сиымдылықты құрайды. 
Қазақстанның  экономикалық  аудандарының  дамуын  1990  жылдардан  2009  жылдар  аралығындағы 
ЖІӨ көрсеткіштерінен көруге болады (1,2,3,4,5 –суреттер). 
«Жалпы ішкі өнім» дегеніміз мемлекет территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең 
ішінде  өндірген  түпкі  тауарлары  мен  көрсеткен  қызметтерінің  нарықтық  құнын  білдіретін  жиынтық 
көрсеткіш. 
1,2,3,4,5 –
суреттерге талдау жасап көрсек барлық өнеркәсіптің дамуы басым екені көрініп тұр [3].  
Сондықтан  барлық  экономикалық  аудандардың  индустриялдық  -  аграрлық  аймақтар  деп  атауға 
болады.  Өндіргіш  күштердің  дамуы  бойынша  әр  әкономикалық  аудандардың  мамандануына 
айырмашылықтарды байқаймыз. Мысалы: Батыс Қазақстан экономикалық аудан бойынша мұнай - газ 
өнеркәсібі өндіріс құрлымында басым болып келеді. Орталық Қазақстан бойынша пайдалы қазбаларды 
өндіру,  қара  және  түсті  металлургия  өнеркәсібінің  үлесі  алда  келеді.  Солтүстік  Қазақстан  ауданы 
бойынша ауыл шаруашылығы және оның өнімдерін өңдеу салалары жақсы дамыған. Шығыс Қазақстан 
бойынша  түсті  металлургия  және  энергетика  салалары  жақсы  дамыған.  Оңтүстік  Қазақстан 
экономикалық  ауданында  аграрлық  өндірістік  кешеннің  салаларына  маманданған.  Сондықтан  әрбір 
ауданның  табиғаттық  және  экономикалық  -  әлеуметтік  ерешеліктерін  ескере  отырып  болашақтағы 
экономиканың негізгі даму бағыттарын және аумақтық ерекшеліктерін зерттеу, талдау және белгілі бір 
ғылыми  ұсыныстар  жасау,  Қазақстанның  экономикалық  географиялық  ғылымының  басты  бағыттары 
болып есептеледі. Кейінгі кезде бұл бағытта Республика бойынша зерттеу жұмыстары баяулап кеткенін 
көреміз. Біздің ұсынысымыз бойынша тәуелсіз Қазақстанның экономикасының дамуы, әсіресе өндіргіш 
күштерінің  орналасуындағы  аумақтық  ерекшеліктерді  зерттеу  баяулап  кетті.  Оның  басты  себептері 
Республикадағы экономикалық -географиялық бағыттағы мамандардың дайындығының аздығы, ғылыми 
еңбектердің  баспаханадан  аз  шығуы,  халықаралық,  республикалық,  ауданаралық  ғылыми 
конференциялардың азаюы себеп болды деп ойлаймыз. 
Қазақстанның  тәуелсіз  жылдардағы  экономикалық  дамуы,  әсіресе  оның  аумақтық  дамуы 
(облысаралық, ауданаралық, қалааралық) бойынша ғылыми еңбектердің және мамандардың азаюы себеп 
болды.  
Кәзіргі  уақытта  Қазақстанның  экономикасының  дамуындағы  аумақтық  өзгерістерді  зерттеу  және 
ғылыми  ұсыныстарды  жасау  экономикалық  география  ғылымының  басты  бағыты  деп  ойлаймыз.  Бұл 
бағытта  халықаралық.  республикалық,  ауданаралық  ғылыми  конференциялар  өткізу  кәзіргі  заманның 
талабы деп есептейміз. 
1-
сурет 
Орталық Қазақстан экономикалық ауданы бойынша ЖІӨ(процент %) 
 
2-
сурет 
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы бойынша ЖІӨ(процент %) 
 
128 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
 
3-
сурет 
Батыс Батыс Қазақстан экономикалық ауданы бойынша ЖІӨ(процент %) 
 
 
4-
сурет 
Солтүстік Қазақстан экономикалық аудан бойынша ЖІӨ(процент %) 
 
 
5-
сурет 
 
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы бойынша ЖІӨ (процент %) 
 
 
Әдебиеттер  
129 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
1. Скопин.А.Ю. Введение в экономическую географию. М./ВЛАДОС.2001-С. 25. 
2.Кожахмет  М.  Қазақстан  Республикасының  экономикалық  және  әлеуметтік  географиясы.Қарағанды  –2006.С 
185-188. 
3. Смайлов О.Тәуелсіздік жылдардағы Қазақстанстатистика агенттігі 1990- 2009 жж. 
 
 
Омирханов А.Т. 
магистрант факультета «Экономика» Финансовой академии 
 
ЗАРУБЕЖНЫЙ ОПЫТ СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ МЕНЕДЖМЕНТА В ОБРАЗОВАНИИ 
 
Түйін: Бұл мақалада білім саласындағы менеджментты шетелдік тәжірибені қолданып жүзеге асыру сұрақтары 
қаралған. 
Summary:  This article deals with topical issues of foreign experience improvement of management in education. 
 
Западные  страны  влияют  на  современную  систему  образования  в  Казахстане  в  подготовке 
специалистов и предпринимателей. Тем не менее, некоторые специальности, которые идут из прошлого 
и  сохраняются  в  некоторых  случаях  и  сегодня,  такие,  например,  как  подготовка  отраслевых 
специалистов  на  баз  сугубо  инженерного  образования.  Стоит  отметить,  что  и  зарубежный  опыт 
неоднороден по своему характеру. В разных странах в силу целого ряда исторических, экономических и 
политических условий сформировалось, по сути, три модели подготовки управленческих кадров: англо-
американская, французская и японская. Различия между этими моделями проявляются в том, на какой 
базе организуется подготовь менеджеров, и на какие структуры в обществе возлагается ответственность 
за исполнение данной функции. 
Подготовка  управленческих  кадров  в  англо-американской  модели  предполагается  на  базе  школ 
бизнеса  и  школ  менеджмента,  которые  являются  в  своем  подавляющем  большинстве  структурными 
подразделениями более крупных учебных заведений (как правило, университетов). Исполнение данной 
функции находится здесь под контролем государства. 
Французская  модель  ведущее  место  в  системе  подготовки  управленческих  кадров  отводит 
специализированным  учебным  заведениям  -  так  называемым  высшим  коммерческим  школам. 
Отличительной  особенностью  в  данном  случае  является  то,  что  такие  школы  существуют  при 
региональных  торгово-промышленных  палатах,  которые  играют  первостепенную  роль  в  определении 
специальностей и специализаций, равно как и в определении направлений развития этих школ. 
В японской модели подготовка управленческих кадров предполагается исключительно на базе самих 
корпораций  и  как  правило  без  отрыва  от  производства.  В  рамках  университетских  курсов  студентам 
читаются  лишь  отдельные  курсы  по  менеджменту,  нацеленные  скорее  на  общее  интеллектуальное 
развитие слушателя, нежели на подготовку соответствующего специалиста. 
Отнесение  системы  управленческого  образования  отдельной  страны  к  одной  из  трех  указанных 
моделей достаточно условно, т.к. в каждой стране имеются существенные неповторимые особенности. 
Например, в Нидерландах специальное управленческое образование можно получить исключительно в 
высших  профессиональных  учебных  заведениях  соответствующего  профиля.  В  рамках 
университетского  образования  управленческих  специальностей  не  предусмотрено,  хотя  допускается 
изучение  отдельных  дисциплин  такого  профиля.  Общепризнанно,  что  наиболее  продвинутой  сегодня 
является  англо-американская  модель  подготовки  управленческих  кадров.  Ее  отличительными 
особенностями  является  двухступенчатость  основного  (управленческого)  образования,  непрерывность 
обучения, гибкость и практическая направленность учебных программ. 
Внешне двухступенчатость основного управленческого образования выглядит как существование в 
учебных заведениях двух типов программ: 
·  программы  подготовки  специалистов  по  управленческим  специальностям  (чаще  всего  это 
специальности "Менеджмент" или "Деловое администрирование") до уровня бакалавра; 
·  программы  повышения  квалификации  бакалавров  до  уровня  магистров  по  соответствующей 
специальности. 
На  базе  школ  бизнеса  и  управления  осуществляются  разнообразные  программы  дополнительного 
обучения  менеджеров  всех  уровней  -  от  младших  администраторов  (administrator)  до  старших 
управляющих  (seniorexecutive).  Особое  положение  занимают  здесь  программы  подготовки  резерва 
старших управляющих (seniorexecutivedevelopmentprograms), поскольку они являются следующей после 
магистратуры логической ступенью управленческого образования. 
Учебные  программы  подготовки  бакалавров,  магистров  и  резерва  старших  управляющих  имеют 
существенные различия в методиках и условиях обучения. Если при подготовке бакалавров основной 
130 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
упор  делается  на  широкие  управленческие  знания,  а  при  подготовке  магистров  -  на  их  углубление  и 
специализацию, то программы подготовки резерва старших управляющих преследуют цель развития у 
слушателей навыков принятия управленческих решений. 
Одной  из  важных  тенденций  развития  менеджмент-образования  в  Казахстане  является  повышение 
внимания  к  преподавательскому  корпусу,  его  возможностям  использовать  современные  методические 
приемы  подготовки  бизнесменов  и  менеджеров,  такие  как  деловые  игры,  кейс-стади,  тестирование, 
проблемно-образовательные  семинары,  компьютерные  тренинговые  программы,  самостоятельные 
проектно-аналитические  работы  и  пр.  Резко  увеличилось  количество  стажировок  преподавателей  в 
зарубежных  образовательных  центрах,  университетах  и  бизнес-школах.  Это  определило  заметное 
движение опыта и идей менеджмент-образования в нашу страну. 
Одной  из  тенденций  развития  менеджмент-образования  в  Казахстане  является  открытие 
образовательных организаций по подготовке бизнесменов в технических вузах и университетах страны. 
Тенденция  развития  менеджмент-образования  в  Казахстане  сопровождается  его  резкой 
коммерциализацией. Не только негосударственные образовательные структуры, но и государственные 
вузы  осуществляют  подготовку  по  экономическим  специальностям  на  коммерческой  основе.  Вообще 
большая  часть  специалистов  в  Казахстане  по  экономике,  предпринимательству,  менеджменту, 
маркетингу и т.д. готовятся на коммерческой основе, где бы их ни обучали. При этом цены на такую 
подготовку  постоянно  растут.  Сегодня  они  достигают  от  1000  долларов  в  год  до  5000.  Наиболее 
прибыльными  оказываются  краткосрочные  виды  подготовки.  Поэтому  большинство  школ  бизнеса 
стремится  к  сокращению  сроков  подготовки.  А  это  в  некоторых  случаях  сказывается  на  качестве 
специалистов. 
Множество  образовательных  учреждений  сегодня  организует  свою  работу  по  краткосрочным 
образовательным  программам.Образовательные  программы  школ  бизнеса  весьма  разнообразны  по 
срокам  обучения  от  двух  недель  до  десяти  месяцев.  Но  наибольшим  спросом  пользуются  все-таки 
программы продолжительностью не более двух-трех месяцев. В случае получения второго образования 
эти  программы  рассчитаны  на  1-2  года  обучения  с  учетом  государственного  стандарта  по  составу 
дисциплин  и  требований  к  специалисту.  Содержание  образовательных  программ  при  всем  их 
разнообразии  сводится  к  известным  концепциям  программы  МВА  и  различным  ее  модификациям. 
Наиболее распространенными дисциплинами, входящими в эти образовательные программы, являются 
менеджмент,  маркетинг,  микроэкономика,  бухгалтерский  учет,  финансы  и  кредит,  банковское  дело, 
предпринимательство,  бизнес-планирование,  страхование,  налогообложение,  ценообразование, 
психология  управления,  хозяйственное  право.Тем  не  менее  различия  образовательных  программ 
проявляются в следующих факторах: 
Объем  учебных  часов,  рассчитанных  в  соответствии  с  продолжительностью  обучения.  Многие 
образовательные  программы  ориентированы  на  интенсивную  подготовку  по  своим  объемным 
характеристикам.  Правда  при  этом  нередко  приходится  наблюдать,  что  методики  преподавания 
остаются прежними. 
Литература 
Управление  организацией:  Учебник  /  Под  ред.  А.  Г.  Поршнева,  З.  П.  Румянцевой,  Н.  А.  Саломатина,  М., 
ИНФРА-М, 1999 
Исабеков Б.Н. Индустриально-инновационные основы развития науки и образования. - Туркистан: изд. Туран, 
2009. 
Профессиональное образование на смене эпох/ А.М Новиков//-Специалист.-1997. –№5 
Интернет ресурс: http://articlekz.com/article/8798 
Интернет  ресурс:  http://group-global.org/ru/publication/32909-nekotorye-aspekty-razvitiya-biznes-obrazovaniya-v-
kazahstane 
 
Рамазанова Ж. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистранты 
Кайкен Ж.Б. 
э.ғ.к., Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің профессоры 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК 
РЕТТЕУДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 
 
Аграрлық  сектор  мемлекеттік  реттеуді  аса  қажет  етеді.  Нарық  жағдайында  мемлекет  нарықты 
реттеуші, экономиканың мүмкін конъюнктуралық құлдырауы мен көтерілуіне түзету енгізіп отыратын 
делдал ретінде жүреді. 
131 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Баға белгілеудің мемлекеттік реттеу міндеті баға инфляциясының жоғары деңгейін болдырмау мен 
ауыл  шаруашылығы  өндірушілерінің  қажетті  табыстылығын  қамтамасыз  етуде  болып  отыр.  Бағаны 
мемлекеттік реттеу мемлекеттік органдар жүргізетін және жекелеген тауарлар бағасының әрекет етуші 
деңгейі мен экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды жою үшін бағаның жалпы деңгейін 
сақтау немесе өзгертуге бағытталған шаралар жүйесі ретінде жүреді. Бағаны реттеу дегеніміз бағаға кез-
келген әсер ету емес (ол мемлекеттік оргаңдардың қандай да бір шараларының нәтижесі болуы мүмкін), 
ал бағаға, оның деңгейіне, жүйесіне және динамикасына мақсатты, сапалы түрде әсер ету. 
Экономиканың аграрлық секторын мемлекеттік реттеудің жалпы тұжырымдамасынан шыға отырып, 
баға белгілеудің нысандары мен әдістерін анықтау кезіңде ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түлік 
рыногын,  сонымен  қатар,  келісім-шарт  негізінде  орталықтандырылған  қорларға  жеткізудің  бірнеше 
деңгейін бөліп көрсетуге болатын оның ұйымдастыру құрылымын, тікелей байланыстарды, биржалық 
сауданы,  сауда  желісі  арқылы  сатуды  қалыптастыру  мен  дамытудың  ерекшелігін  ескеру  қажет.  Баға 
белгілеу  нарықтық  экономика  дамуының  объективті  заңдарына  қайшы  келмейтін,  рұқсат  етілетін 
ауытқулар  шеңберінде  ғана  мемлекет  саясатының  жөні  бола  алады.  Егер  оны  өндірістің  тепе-тең 
дамуының басқа жағдайларынан оқшаулап қолдансақ ол экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығара 
алмайды. Бағаны босату экономиканың онсыз да тұйық жағдайын тереңдете түседі. 
Мемлекеттің  ауыл  шаруашылығы  экономикасына  араласуы  нарықтық  қатынастар  дамуымен 
анықталады.  Реттеу  қағидаларын  бұзу  өндірістік  процестің  әр  қатысушысының  монополиялануына 
әкеліп, экономиканы қиратады. Директивті түрде бағаны орнату сұраныс пен ұсыныс, тепе-теңдігі заңын 
мойындамайды.  Бағаны  мемлекеттік  реттеуді  реттеудің  жалпы  құн  қағидаларын  пайдалана  отырып 
құрған  дұрысырақ  яғни  бағдарламалық,  тұрақтандыру  және  төмендету.  Бағдарламалык  механизмдер 
тауар нарықтарында бағалар өңдіріс басталғанға дейін белгілі болуы үшін қажет. 
Өтпелі  кезендегі  аграрлық  сектор  экономикасын  мемлекеттік  реттеу  жүйесін  қалыптастыру  мен 
дамытудың алғы шарттарына келесілер жатады: 

табиғи-климаттық жағдайлардың сан алуандығы; 

табиғи факторлармен қатар нарық конъюнктурасына байланысты болатын бағалар тұрақсыздығы; 

ауыл шаруашылығындағы монополизацияның төмен дәрежесі және ресурс қамтамасыз етуші және 
қызмет көрсетуші сфералардағы монополизацияның жоғары дәрежесі; 

ұдайы  өңдіру  процесінің  ерекшелігіне  қарай  ауыл  шаруашылығын  инвестициялаудың  әлсіз 
тартымдылығы; 

ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын қалыптастыру ерекшелігі; 

ауыл шаруашылығығындағы өндірісті экологиялау қажеттігі. 
Өтпелі  кезең  проблемалар  кешенінен  шыға  отырьш,  экономикалық  әдебиеттерде  мемлекеттік 
реттеудің негізгі кағидалары қалыптастырылған. 
Бағдарламалық реттеу. Ауыл шаруашылығы мен оған қатысты салаларды реттеу жүйесінің маңызды 
элементі мемлекеттік бағдарламалар болып табылады.  
Мемлекеттік  бағдарлама  АӨК  дамытудың 
жалпы  ұлттық  міндеттеріне  қол  жеткізуге  бағытталған  мемлекеттің  өзара  байланысқан  шаралары  мен 
істері жүйесін көрсетеді. Бағдарламалар өз мазмұны бойынша сан түрлі болуы мүмкін: 

АӨК  жекелеген  салалары  мен  сфераларының  проблемаларын  шешуге  бағытталған  салалық  және 
азық-түліктік; 

АӨК-і  мемлекеттік  реттеудің  негізгі  қызметтерін  іске  асыруға  бағытталған  функционалды 
(инвестициялық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және т.б.); 

мемлекеттің жекелеген облыстар мен аймақтардың агроөнеркәсіптік өндірісі дамуына әсер етуінің 
кешендері шараларын сақтайтын аймақтық. 
Бағдарламалар кешенді сипатта болуы мүмкін. Мемлекеттік бағдарламаларды жасау мен орындауды 
ұйымдастыру  Қазақстан  Республикасының  ауыл  шаруашылығы  министрлігі  мен  ауыл 
шаруашылығының  облыстық  басқармасына  жүктеледі.  Бағдарламаға  қатысушылардың  экономикалық 
мүддесі оларды іске асыруда қамтамасыз етіледі: 

бағдарлама шараларын мақсатты бюджеттік қаржылаңдыру; 

бағдарламаға қатысушыларға жеңілдетілген салық салу; 

жеңілдетілген мемлекеттік несие беру; 

еркін және бекітілген бағалар бойынша белгілі бір қағидаларда ауыл шаруашылығы шикізаты мен 
оның өңделген өнімдерін мақсатты сатып алудың кепілін енгізу; 

ауыл  шаруашылығы  тауар  өнірушілерінің  нарықтық  конъюкктурасына  әсер  ету  үшін  бекітілген 
немесе  реттелетін  кепілдік  бағалар  бойынша  тұрақты  немесе  маусымдық  мемлекеттік  кепілдік 
опеарцияларды іске асыру; 

тауар  өндірушілердің  басымды  категорияларына  мақсатты  орнын  толтыру  төлемдерін  төлеуді, 
132 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
сонымен қатар бағдарлама жағдайларын бұзбағаны үшін бағаларға үстеме баға қоюды іске асыру үшін 
есептік кепілдетілген мемлекеттік бағаларды орнату. 
Қалыптасқан  проблемаларды  шешуге  мемлекеттік  субсидиялар  есебінен  бағаларды  реттеу 
көмектеседі. 
Мемлекет  экономиканы, соның  ішінде  ауыл  шаруашылығын  реттеуді  әртүрлі  әдістердің  көмегімен 
жүзеге асырады: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
*Автормен құрастырылған 
 
Сурет 1 - Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізігі әдістері 
 
Құқықтық  әдістер  мемлекеттің  экономиканың  белгілі  бір  саласын  экономикалық  нормативтер  мен 
ережелер арқылы реттеумен сипатталады. 
Әкімшілік әдістерде реттеу әкімшілік шаралар (рұқсат беру, тыйым салу, мәжбүрлеу түрінде) арқылы 
жүзеге асырылады. 
Ал  экономикалық  әдістерде  реттеу  нарықтық  жағдайларға,  яғни  жиынтық  сұраныс  пен  жиынтық 
сұранымға  капитал  жағдайына,  экономикалық  құрылымға,  әлеуметтік  жағдайларға  және  т.б.  белсенді 
әсер ету арқылы жүргізіледі. Реттеудің бұл әдісі несиелік саясат, бюджеттік саясат, фискалдық саясат, 
әлеуметтік саясат, сыртқы экономикалық саясат арқылы ұйымдастырылады. 
Ауыл  шаруашылығын  мемлекеттік  реттеудің  тұжырымдамасы  –  бұл  макроэкономикалық, 
құрылымдық – инвестициялық және қоғамның шаруашылық қызметін үйлестірудің нарықтық моделін 
және  жоспарлы  басымдылығын  оңтайлы  пайдалану  кезіндегі  сыртқы  экономикалық  саясатын  жүзеге 
асыру бойынша тиімді және практикалық бағытын әзірлеу.  
Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру кезінде төмендегілерді анықтау қажет:  

 
басымдық мәсәлелері; 

 
мемлекеттік реттеудің сипаты мен деңгейіне сәйкес келетін, құралдардың жиынтығы. 
Нарық экономикасының басты қозғаушы күші – тауар өндірушілердің бәсекелестігі. 
Бәсекелестік өндірушілердің (сатушылардың) тауарлар мен қызметті тұтынушылар (сатып алушылар) 
үшін күресі ретінде көрінеді. 
Егер  жалпы  бәсекелестік  қатынастар  туралы  айтылса,  онда  бәсекелестік  қатынастары  кез  келген 
экономикалық  жүйеге  тән.  Олар  ресурстардың  шектеулігінің  болмай  қоймайтын  салдарлары  болып 
табылады. Ресурстар шектеулі болғандықтан, шарушылық жүргізуші субъектілер оларға ие болу үшін 
күресуге мәжбір болады. 
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары сыртқы сауда бағасына мемлекеттік 
ықпал  жасау  болып  табылады.  Экспортты  мемлекеттік  көтермелеу,  экспорттаушыларды  салықтан 
босату, кейбір елдерде-экспорттық демеу қаржы, жеңілдетілген көліктік тарифтер мен кредиттер белу 
әлемдік нарықта бағалық бәсекелестік жағдайында елеулі түрде көрінеді. 
Агроөнеркәсіптік  кешен  салаларының  экономикалық  өсуіне  және  бәсекеге  қабілеттілігінің  сапалы 
жаңа  деңгейіне  жетуіне  жәрдемдесу  мақсатында  агроөнеркәсіптік  кешенді,  су,  орман,  аңшылық  және 
балық  шаруашылығын,  ауылдық  аумақтар  мен  аграрлық  ғылымды  дамыту  саласындағы  мемлекеттің 
аграрлық саясатын қалыптастыру және іске асыру. 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет