Қазақ инновациялық



жүктеу 3.26 Mb.
Pdf просмотр
бет23/41
Дата15.03.2017
өлшемі3.26 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41

 
Рамазанова Ж. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистранты 
Экономикаға әсер 
ету сипаты бойынша 
Құқықтық 
Әкімшілік 
Экономикалық 
Тура 
Жанама 
 
 
 
Экономиканыме
млекеттік 
реттеудің 
әдістері 
Бағыттары бойынша 
133 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Кайкен Ж.Б. 
э.ғ.к., Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің профессоры 
 
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АӨК-ДІ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АЙМАҚТАРДЫ 
ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 
 
Агроөнеркәсіптік  кешенде  қызмет  ететін  мамандар  мен  ғалымдардың  көптен  айтып,  жүзеге  асыра 
алмай  келе  жатқан  «Агроөнеркәсіптік  кешенді  және  ауылдық  аумақтарды  дамытуды  мемлекеттік 
реттеу»  туралы  заңды  қабылдау  жайлы  ұсынысы  жүзеге  асты.  Бұл  заң  2005  жылы  8  шілдеде 
қабылданып, 12 шілдеде ресми ақпарат көздерінде жарық көрді. 
Соңғы  жылдары  түрлі  мерзімдерге  арналған  әр  салаларға  жеке-жеке  бағдарламалар  дайындап 
қабылдау  әдетке  айналған  еді.  Агроөнеркәсіптік  кешен  де  бұл  үрдістен  тыс  қалған  жоқ,  елімізде 
алдымен  «Қазақстан  Республикасының  2010-2012  жылдарға  арналған  азық-түлік  бағдарламасы» 
қабылданды.  Содан  соң  «Ауылдық  аумақтарды  дамыту  жөніндегі  Қазақстан  Республикасының  2006-
2012  жылдарға  арналған  бағдарламасы»  жасалды.  Бұл  бағдарламалар  сөз  жоқ,  өз  міндетін  ойдағыдай 
атқарып  жатыр,  ауылды  дамытуға  жыл  санап  көбейтіліп  жатқан  үлкен  қаражаттар  бөлінді.  Өйткені 
осындай  бағдарламаларды  қаржылай  қамтамасыз  ету  үшін  бюджеттік  қаржылар  бөлінетін.  Жаңа 
Бюджет кодексі алдағы мерзімдерде мұндай еркіндікке жіберілмек емес. 
Қазірге  дейін  қолданыста  болған  «Қазақстан  Республикасында  ауылды,  селоны  және 
агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14 жыл 
бұрын  қабылданған  және  бүгінгі  таңда  нарықтық  экономика  шындығына,  өндіріс  құралдарына  және 
жерге  жеке  меншік  енгізілуіне  байланысты  өндірістік  қатынастардағы  өзгерістерге,  сондай-ақ 
агроөнеркәсіптік  кешен  мен  ауылдық  аумақтарды  дамыту  жөніндегі  мемлекеттік  саясаттың  басым 
бағыттарына сәйкес келмейді. Әртүрлі бюджеттік бағдарламалар қаржыландыратын жекеленген салалық 
заңдар бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешенді толық қамтымайды. 
Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялау мына бағыттарда жүзеге асырылмақ: 
1) 
агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несие беру және ауыл шаруашылығы техникасымен және 
құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету көзіндегі проценттік ставкаларды арзандату; 
2)  өсімдіктердің  жоғары  бағалы  сорттары  мен  ауыл  шаруашылығы  малының,  құстардың  және 
балықтардың жоғары бағалы тұқымдарының тектік қорларын сақтау және дамыту; 
3) тұқым шаруашылығын дамыту, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру; 
4) 
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру; 
5) 
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басым дақылдар бойынша көктемгі егіс және 
егін  жинау  жұмыстары  басталғанға  дейін  аталған  жұмыстарды  жүргізу  үшін  қажетті  жанар-жағармай 
материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату; 
6) 
ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін және нарығын басқару жүйесін дамыту; 
7) 
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;   
8) 
жеміс-жидек  дақылдарының  және  жүзімнің  көп  жылдық  көшеттерін  отырғызу  және  көшеттік 
материалын өсіру; 
9) 
агроөнеркәсіптік  кешенді  субсидиялаудың  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық  актілеріне, 
мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға сәйкес, орташа мерзімдік фискальды  
Аудандастырылған  және  жергілікті  жағдайларға  бейімделген  сұрыптар  өндірісін  дамыту  және 
өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді көбейту үшін мыналар қажет: 

жарма дақылдары мен көп жылдық шөптер тұқым шаруашылығы бойынша; 

өндірісті республикалық бюджеттен субсидиялау арқылы асыл тұқымы өндірісін ұлғайтуды ынталандыру; 

әр ауданда асыл тұқым шаруашылықтарын құру; 
картоп пен көкөніс-бақша дақылдары тұқым шаруашылығы бойынша 

заманауи биотехнологиялық әдістерді қолданып, картоптың зиянкестер мен ауруларға төзімді жаңа 
аудандастырылған сұрыптарының тұқымдарын көбейтуді жалғастыру; 

картоп  бойынша  тұқым  шаруашылығын  ұйымдастыру,  бұл  жұмыс  істейтін  асыл  тұқым 
шаруашылығы – «Биосем» агрофирмасы АӨК қатар бәсекелік ортаны қалыптастырады және аймақ үшін 
аудандастырылған сұрыптардың кең түрі мен өндірісін кеңейтуге мүмкіндік береді; 
-
тиісті  материалдық-техникалық  базасы  бар  облыстың  мамандандырылған  көкөніс-бақша 
шаруашылықтары негізінде көкөніс-бақша дақылдары тұқымы өндірісін ұйымдастыруға жәрдемдесу. 
Саланы дамытудың “өсім нүктелерін” таңдау кезінде келесі негізгі факторлар ескеріледі: 

өңірлік-географиялық ерекшеліктері; 

жемшөп базасының жағдайы; 
134 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 

ауылшаруашылығы малының тұқымдық-өнімділік сапасы; 

жаңа технологиялар енгізу; 

өткізу нарығының бар болуы. 
Осылайша,  облыс  аумағында  арзан  жемшөппен  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  бірегей 
жайылмасы (200 мың га) бар ұзындығы 700 км Ертіс өзені ағып өтеді. Облыс кең жайылым (1974,9 мың 
га) және шабындық (112,7 мың га) жерлерге ие, олар малды жыл бойы жайылымда ұстауға ыңғайлы. 
Суармалы  егіншілікте  жемдік  азық  өндірісін  дамытуға  әлеуетті  мүмкіншілік  бар:  73,3  мың  га 
көлтабан және 59530 га жүйелі суарылатын жерлер есепке алынған, бүгінгі күні олардың тиісінше 12,3 
және 14,3 мың га ғана пайдаланылады. 
Ірі  қалалардың  жақындығы  (Астана,  Қарағанды  және  облыстың  3  қаласы)  өнімдерді  өткізудің 
тұрақты нарығын қамтамасыз етеді. 
Шығыс  Қазақстан  облысының  табиғи-климаттық  және  географиялық  ерекшеліктерін  есепке  алып, 
сондай-ақ  жануарлардың  генетикасы  мен  селекциясы  бойынша  инновациялық-ғылыми  жетістіктерін 
пайдаланып, аудандардың дәстүрлі қалыптасқан мамандануын қарқынды дамыту керек: 

сүтті  ірі  қара  мал  шаруашылығы  –  ірі  қайта  өңдеу  кәсіпорындары  шоғырланған  облыстың  3  қаласы 
төңірегінде 80-100 км радиусында орналасқан аймақтар (қалалардың а.а., Павлодар, Қашыр, Шарбақты, Успен 
аудандары), қалған Ақтоғай, Железин және Ертіс аудандарында – өзінің қайта өңдеу өндірісі болған жағдайда. 

етті ірі қара мал шаруашылығы – іс жүзінде әр ауданда жемдеу алаңшалардың саны біреуден кем 
болмауы  керек,  ол  үшін  төлді  сатып  алуды  субсидиялау  түрінде  малды  жемдеуді  ынталандыру  талап 
етіледі (АШМ ұсыныс жасалады), малдың рентабелді, тез өтелетін түрлері есебінен ет өндірісінің өсімі 
жүзеге асырылады, басымдық – қазақтың ақ бас тұқымды ІҚМ, әулиекөл тұқымы; 

қой  шаруашылығы  және  табынды  жылқы  шаруашылығы  –  жыл  бойы  жайылымда  бағып-күту 
мүмкіндіктері  бар  кең  жайылым  жерлерге  бай  аймақтарда  одан  әрі  дамиды,  сондай-ақ  негізгі  емес 
салалар  –  басқа  аудандарда.  Аз  шығындылығын  ескерсек,  өтім  нарығы  мен  өнеркәсіптік  сою  болған 
жағдайда  барлық  аудандарда  дамуы  керек.  Жергілікті  жағдайларға  бейімделген  басымдықтар:  қой 
бойынша – етті-майлы бағытты еділбай тұқымы және қазақтың құйрықты тұрпатты қойы және қылшық 
жүнді бағытты тұқымды қой, жылқы бойынша – қазақтың Жабы тұрпатты жылқысы тұқымы; 

шошқа шаруашылығы негізінен астық егетін аудандарда шоғырланады, сондай-ақ өзіндік жемшөп базасы 
болса және өтім нарықтарына жақын болған жағдайда, басқа аудандарда, басымдық – орыстың ақ бас тұқымы; 

құс  шаруашылығы  -  Ақсу  қаласының  ауылдық  аймағы  мен  Шарбақты  ауданында  жұмыртқа 
бағытты өнеркәсіптік құс шаруашылығы және астық өсіретін аудандарда негізінен құсханалар. Облыс 
халқының өзіндік өндірістің құс етіне қажеттілігін қамтамасыз ету үшін облыста, инвестициялар тарту 
есебінен, бройлер бағытты құсханасын салу керек. 
 
 
135 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Турымбекова А. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистранты 
Тахтаева Р.Ш. 
к.э.н., Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТРЕДІҢ 
ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ МЕХАНИЗІМДЕРІ 
 
Барлық  әлемде  ғылыми-техникалық  жұмыстарды  зерттеу  тек  қана  мемлекеттік  мақсаттар  мен 
мемлекеттік стратегияны дамыту үшін жеке сектор мен мемлекеттік сектордың бір-бірімен өзара жүйелі 
серіктесе  жұмыс  істеінде  ғана  табысты  бола  алады.  Нақты  идеяның  жүзеге  асуының  шешуші  рол 
тауарөндірушілердің өзінде. Десекте, тек мемлекет қана  инновациялық үрдістерді ынталандыру жүйесін 
арттыру немесе қысқартудың негізгі алғы шарттарын қалыптастырады. Инновациялық сфера «нарықтың 
ыдырауы» деген атпен белгілі экномикалық аймақта қалып қояды, себебі инновация көп жағдайда нақты 
корпорацияның  (фирманың)  қызметінің  экономикалық  тиімділігіне  тек  қана  жанама  әсер  етеді. 
Сондықтан инновациялық үрдістерді ынталандыруда мемлекет үлкен мәнге ие болады.[1] 
Амортизациялық  нормалар  саясат.  Еліміздің  халықаралық  экономикаға  интеграциялану  кезіндегі 
негізгі құрылымдық мәселелердің бірі болып өндірістің техникалық және технологиялық жағынан тозуы 
саналады. Өңдеу индустриасында орташа тозу деңгейі машина жасауда – 55%, соның ішінде белсенді 
бөлігінде 90%-ға дейін болып отыр. Әрине мұндай құрал жабдықтармен өндірілген өнімнің өзіндік құны 
жоғары және жарамсыз. Мысалы, бізде ЖІӨ-нің 1 доллары үшін 2,8 киловат/сағат жұмсалатын болса, 
Ұлыбритания, Германия, Италия мен Жапонияда небәрі 0,2-0,3 киловат/сағ. жұмсалады екен. АҚШ-да 
салалар мен сфералар қызметтеріне әртүрлі амортизациялық нормаларды мемлекет бекітеді. Осылайша 
мемлекет  кәсіпорындарға  амортизациялық  нормалар  негізінде  өндірістегі  негізгі  құрал-жабдықтарды 
жаңартуға деген күшті стимул жасайды. Басқаша айтқанда кәсіпкерлер мен менеджерлерге инновация 
енгізу маңызды ынтасын береді.  
Өкінішке  орай  елімізде  кәсіпорындардың  жаңа  техника  немесе  технология  енгізе  қоятындай 
мемлекет  тарапынан  ешқандай  талаптар  мен  міндеттер  қойылмаған.  Оның  себебі  отандық 
кәсіпкерлерімізді демеу саясатынан болар, десек те, түбінде амортизациялық нормалар енгізбесек біздің 
техникамыз мен технологиялық артта қалушылымыз өсе түспек. Десек те, еліміздің бірнеше саласына, 
мысалы  мұнай,  тау-кен,  уран  өндіру  сияқты  ірі  және  жаңа  техникалар  мен  технологиялар  енгізуге 
мүмкіншілігі бар кәсіпорындарға мемлекет тарапынан арнайы зерттеулер жүргізіп, мұндай кісіпорындар 
үшін амортизациялық нормалар енгізу қажет. Ал енді ғана дамып келе жатқан шағын, орта және жаңа 
техникалар мен технологиялар енгізуге мүмкіншілігі жоқ кәсіпорындар үшін жеңілдіктер қарастырылуы 
қажет.  
 
Кесте 1 - Ғылыми зерттеу жұмыстарының ішкі қаржыландыру көздері құрылымы. (млн.тг) 
 
2007ж 
2008ж 
2009ж 
2013ж 
2014ж 
2015ж 
Барлығы 
7154,1 
9633,0 
11643,5 
14579,8 
21527,4 
22637,1 
Соның  ішінде: 
 
 
 
 
 
 
Бюджет қаржысы 
2847,8 
3974,0 
4875,0 
7283,9 
11015,6 
15220,3 
Тапсырыс берушілер қаржысы 
2515,6 
2989,9 
4495,8 
4223,7 
5688 
5765 
Жеке сектор қаржылары 
1592,7 
2539,5 
1616,9 
2673,5 
4392,7 
5151,4 
Шетел инвесторлары қаржысы 
196,9 
80,1 
653,2 
553,8 
331,4 
423,1 
Даму институттарының қаржылары 
 
 
 
665 
997 
1223 
Ескертпе: Бұл деректер Статистический ежегодник  Казахстана.  Статистический сборник. /Под  ред. 
Б.Т. Султанова /Агентство Республики Казахстан по статистике – Алматы, 2015. 
 
Инновациялық  үрдістерді  қаржылық  қамтамасыз  ету.  Қазіргі  таңда  әлемде  ұлттық  шаруашылық 
жүйесі стратегиялық болашаққа экономикалық бәсекеқабілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында ҒЗТКЖ-
ды қаржыландыруға қабілетті болуы шарт. Ал елімізде ҒЗТКЖ-ға ЖІӨ-нің небәрі 0,9%-ы ғана бөлініп 
136 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
отыр. Дамыған мемлекеттерде ол орташа 2,9%-ды құрайды. Сонымен қатар ҒЗТКЖ-ды қаржыландыру 
мемлекеттік бюджет  есебінен  емес  көп жағдайда  жеке  секторлардың  үлесінде  болуы  шарт.  Еліміздегі 
ғылыми  зерттеу  жұмыстарының  ішкі  қаржыландыру  көздерін  төмендегі  4  кестеден  және  5  суреттен 
көруге  болады. 
Көріп отырғанымыздай инновациялық жобаларды ынталандыруда жеке сектордың үлесі айтарлықтай 
көп  емес.  Себебі  жеке  кәсіпорындар  үшін  инновациялық  зерттеу  жұмыстары  үлкен  тәуекел 
болғандықтан мемлекет олардың тәуекелдіктерін сақтандыру сияқты іс-шаралар жүргізу қажет. 
Ал қазіргі салықтық жүйе жаңа технологиялармен өндірілген өнімнің пайдасына айтарлықтай салық 
салады.  Ал  АҚШ-да  кәсіпкерлердің  инновациялық  тәуекелділігі  үшін  сақтандыру  институттары 
құрылған. 
 
Сурет 4 - Ғылыми зерттеу жұмыстарының ішкі қаржыландыру көздері құрылымы. (% есебімен). 
 
Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында ҒЗТКЖ-ға жыл сайын 1,2 
млрд. АҚШ доллары бөлініп отырмақ, ал бұл көрсеткіш 2003 жылы 260 млн. АҚШ  доллары болатын. 
Сонымен  қатар  2015  жылы  ЖІӨ-нің  ғылыми  зерттеу  жұмыстарына  деген  шығыны  5%-ға  жеткізу 
көзделініп отыр.  
Инновациялық институттардың тиімділігінің мәселелері. Берілген мәселенің маңызды аспектілерінің 
бірі – бәсекелі шаруашылық жағдайында инновациялық үрдіске тиімді және мүмкіншілігі мол қозғаушы 
күш  қажет.  Осы  орайда  табысты  шетел  тәжірибесіне  сүйенсек.  1980  жылдары  АҚШ-да  ғылыми-
технологиялық  саясаттың  стратегиялық  шешімдері  президент  деңгейінде  қабылданған.  Осындай 
шешімдерді  қабылдау  барысында  арнайы  мемлекеттік  ұйымдар:  ғылым  мен  технология  бойынша 
ұлттық кеңес; экономикалық конституциялық кеңестер; ұлттық экономикалық кеңес және тұрақты даму 
кеңесі  құрылған  болатын.  Инновацияларды  өңдеу  мен  енгізуді  сауда  министрлігі  үйлестіріп  бақылап 
отырады. 
«Медиаторлық  компания»  жоғары  маманданған  жұмысшылар  мен  эксперттердің    интеграциясын 
жасап, жалпы және бөлшектенген жаңа идеялар мен жаңа өнімге перспективалы сұраныспен қамтамасыз 
ету мақсатында корпорациялар мен компаниялармен келісім шарттарға отырады. 
Осы  сияқты  бағдарламалар  жүйесі  Францияда  да  кездеседі.  Мысалы  Францияда  «Зерттеу  және 
инновациялық технологиялар схемасы» деген бағдарлама жүзеге асырылады. 
Ал  Израильде  1990  жылдары  экономикадағы  жаңа  технологиялардың  активтілігі  айтарлықтай 
болмайтын.  Тек 1993 жылы инновациялық дамуды қолдау туралы мемлекеттік бағдарлама «YOZMA» 
қабылданды.  Осы  бағдарламаның  негізінде  бағдарламамен  аттас  инвестициялық  қор  «YOZMA» 
құрылды. Оны кейде «Қордағы қор» деп те атады. Бұл инвестициялық қор бірінші кезеңінде венчурлық 
сипаттағы он инвестициялық қорға 100 млн. АҚШ доллар құйды, оның 30-40%-ы мемлекеттік және 60-
70%-
ы корпоративтік капилатболды. 
Құрылған  қорларды  израильдік  тәуелсіз  жеке  компаниялар  басқарды,  сонымен  қатар  шетелдің  ірі 
венчурлық бизнесте тәжірбиелі компаниялары тартылды. Ал бұл орайда мемлекеттік міндеді қорлардың 
директорлары кеңесі арқылы инновациялық үрдістердің жүру барысын бақылап отырды.  
Осы сиқты мемлекет пен жеке корпорациялардың бірлескен қызметі Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде 
өте  тиімді,  жүйелі  үйлестірілген.  Мысалы  Оңтүстік  Кореа  инновациялық  экономикаға  негізгі  төрт 
бағдарламаға демеушілік көрсетіліп, алдағы жоспарлары мемлекет тарапынан бағыт бағдар жасалынып 
отырады.  Ол  бағдарламалар:  инновациялық  жүйе;  адам  ресурстарының  дамуы;    ақпараттық  және 
коммуникациялық технологиялар; кәсіптік орта.  
 
Кесте 2- Зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдар саны бірлік 
137 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Көрсеткіштер 
2013 
2014 
2015 
Барлығы 
Республикалық 
министірліктердің, 
ведомстволардың 
ұйымдары 
Білім және ғылым министірлігі жүйесінің ұйымдары 
Республиканың, 
облыстардың 
қалалардың 
басқару 
органдарының ұйымдары 
Жергілікті басқару органдарының ұйымдары  
Университеттер мен басқа жоғары оқу орындары 
Жоғары 
оқу 
орындарының 
ведомстволық 
бағыныстағығылыми-зерттеу институттары (орталықтары) 
Жоғары білім секторы бойынша өзгелері 
Салалық ғылыми-зерттеу институттары 
Конструкторлық,  жобалау-конструкторлық,  технологиялық 
ұйымдар 
Құрылыстың жобалау және жобалау-іздеуұйымдары  
Өнеркәсіп кәсіпорындары  
Кәсіпкерлік сектор бойынша өзгелері 
Жеке коммерциялық емес сектор бойынша өзгелері 
 
295 
 
91 

 

 
50 
 
 
32 

33 
 
16 


25 
11 
390 
 
123 

 

 
78 
 
 
34 

27 
 
19 


54 
15 
437 
 
128 

 

 
92 
 
 
30 

34 
 
20 
11 
10 
77 
11 
Ескертпе  Бұл  деректер  Қ.Р  2015  жылғы  ғылыми  және  инновациялық  қызметі  статистикалық 
жинақтан алынған 
 
Өкінішке  орай  ауыз  толтырып  айтатын  жайттар  көп.  Мысалы    ғылыми-техникалық  зерттеу 
жұмыстарымен айналысатын ұйымдар саны артуда. 2002 жылы мұндай ұйымдар саны 260 болса, 2015 
жылдары  450-ге  жуық  көтерілген,  8  венчурлы  қорымыз,  оның  3-уі  халықаралық  дәрежеде.  Десекте 
олардың істеген жұмыстарын ақпарат құралдары дұрыс бермейді немесе ауызға тиек ететін жұмыстары 
жоқ  болса  керек.  Төменгі  кестеде  ғылыми-техникалық  қызметті  жүзеге  асыратын  ұйымдар  саны 
көрсетілген.  
 
Умирова А.С. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің магистранты 
 
ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН РЕТТЕУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ 
РОЛІ 
 
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің 
бір  бағыты.  Ол  елдегі  жалпы  экономикалық  жағдаймен  тығыз  байланысты  және  екі  жақты  қызмет 
атқарады.  Бір  жағынан,  әлеуметтік  саясатта  тікелей  және  жанама  түрде  экономикалық  дамудың 
мақсаттары көрініс алады, өйткені экономикалық іс-әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай 
жасау мақсатында жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып 
келеді.  Егер  экономикалық  даму  халықтың  әлеуметтік  жағдайын  жақсартпаса,  онда  еңбек  өнімділігі 
төмендеп,  жұмыс  күшінің  сапасы  кемиді;  қоғамда  әлеуметтік  тұрақсыздық  пен  қарама-қайшылық 
артады.  Әлеуметтік  саясат  әр  елде  әр  түрлі  әдіспен  қалыптасады.  Әлеуметтік  саясат  қоғамның  әрбір 
мүшесіне  заңды  түрде  анықталып  бекітілетін  жұмыс  деңгейін  қамтамасыз  ететін  табыс  көлемін  алу 
туралы  кепілдік  береді.  Нарық  жағдайында  мемлекет  қоғамның  әрбір  мүшесіне  өз  мүмкіншілігін  іске 
асырып,  табыс  табуына  жағдай  жасауға  міндетті  болады.  Әлеуметтік  саясатта  халықты  әлеуметтік 
қорғау  механизімінің  орны  ерекше.  Өтпелі  кезеңде  экономика  дағдарысқа  ұшырап,  қоғамда 
жұмыссыздық пен кедейшілік қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай қаржыландыру 
мүмкіншілігі қысқарады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізу тәжрибесінде бірнеше бағыттар 
қалыптасқан:  әлеуметтік  сақтандыру;  жұмыскерлерді  әлеуметтік  қорғау;  еңбекақы  саясаты;  еңбек 
нарығындағы  әлеуметтік  шаралар;  тұрғын  үй  саясаты  т.б.  Әлеуметтік  сақтандыру  –  мемлекеттің 
әлеуметтік  саясатының  ең  бір  маңызды  бөлігі  әртүрлі  себептерге  байланысты,  мысалы,  өндірісте 
жарақат алған, жұмыскер жұмыс істеуге жарамсыз болып қалуы мүмкін. Бұл жағдайда ол табыс табу 
мүмкіндігінен  айрылады.  Осындай  жағдайда  қалыптасқан  мәселені  екі  жолмен  шешуге  болады. 
Біріншісі - жұмыскер денсаулығынан келтірілген зақымға қарай белгілі салада көмек көрсетеледі. Бірақ 
бір жолғы жәрдем ұзақ уақытқа жеткіліксіз. Демек, екінші жолды - әлеуметтік сақтандыруды таңдаған 
дұрыс болады. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы - еңбекке қабілетсіз азаматтарға материалдық және 
әлеуметтік  қызмет  көрсету  саласындағы  қатынастарды,  сондай-ақ  олармен  тығыз  байланысты  заңдық 
138 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
фактілерін  анықтау  және  дауларды  шешу  жөніндегі  іс  жүргізу  қатынастарын  реттейтін  құқықтық 
саласы.  Зейнетақылар,  жәрдемақылар,  жеңілдіктер  және  алуан  түрлі  қызметтер  көрсету  мен  бағып 
күтудің  нақты  түрлері  болып  табылады.  Әлеуметтік  қамсыздандыру  түрлерінің  алуан  түрлілігі 
әлеуметтік қамсыздандыру құқығын мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы бөлу есебінен мемлекеттік 
органдардың қарттар мен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету ретінде ғана сипатталып қоймайды. 
Кең мағынасында әлеуметтік қамсыздандыру азаматтарды қартайғанша және еңбекке қабілетсіз болған 
жағдайда қамсыздандырумен, аналар мен балаларға қамқорлық жасаумен, азаматтарды сауықтырудың 
профилактикадан өткізудің және олардың еңбек қабілеттілігін қалпына келтірудің маңызды құралдары 
ретінде  медициналық  қызмет  көрсетумен  және  емдеумен  байланысты  мемлекет  жүргізіп  және  қолдап 
отырғаны белгілі бір әлеуметтік-экономикалық шаралардың жиынтығын сипаттайды.  
Сонымен,  бүгінгі  күндері  Қазақстанда  халықты  әлеуметтік  қорғаудың  және  халыққа  әлеуметтік 
кепілдік  берудің  жаңа  мехенизмдері  қалыптасуда.  Республикалық  және  аймақтық  деңгейде,  өндіріс 
ұжымдары  мен  жеке  адам  деңгейінде  әлеуметтік  қорғау  мен  әлеуметтік  кепілдіктер  түрлері  мен 
нормаларын  анықтау,  олардың  есептеу-жоспарлау  әдістемелерін  жетілдіру,  заң  жүзінде  бекіту 
жұмыстары  жүргізілуде. Әлеуметтік  нормативтер жалпы  мемлекет,  өндірісі  әртүрлі  әлеуметтік  топтар 
мен  еңбек  ұжымдары  деңгейінде  анықталып,  бекітіледі.  Әлеуметтік  нормативтер  жүйесін  үш  салаға 
бөліп қарастыруға болады: 1) тұрғындардың барлығына ортақ әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер мен 
әлеуметтік  қорғаулар;  2)  қоғамның  экономикалық  белсенді  мүшелеріне,  яғни  еңбекпен  қамтылғандар 
мен  уақытша  жұмыссыздарға  арналған  әлеуметтік  кепілдіктер  мен  қорғау  шаралары;  3)  қоғамның 
еңбекке жарамсыз мүшелерінің мүддесін қорғайтын және оларға белгілі мөлшерде әлеуметтік кепілдік 
беретін  мемлекет  шаралары.  Нақты  алғанда,  бұлар:  мемлекет  тарапынан  кепілдік  беретін  және 
анықталып, заң жүзінде бекітілетін жалақының, окладтар мен ставкалардың, зейнетақы мен әлеуметтік 
жәрдем-төлемдердің шекті (ең төменгі) мөлшерлері.  
Әлеуметтік мәселелерді реттеу ең алдымен әлеуметтік саясатты қажет етеді. Әлеуметтік саясат – бұл 
барлық  азаматтардың  жан-жақты  дамуы,  тұрмыс  жағдайы,  әл-ауқатын  жоғары  деңгейде  қамтамасыз 
етуге  бағытталған  экономиканы  мемлекеттік  реттеудің  маңызды  бағыттарының  бірі  болып  табылады. 
Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, 
еңбек  ресурсының  білім  және  мамандық  деңгейін  көтеруге,  өндіргіш  күштердің  ғылыми-техникалық 
деңгейіне,  қоғамның  мәдени  және  рухани  өміріне  байланысты  анықталады.  Әлеуметтік  саясат 
адамдардың ауруға шалдығу деңгейін төмендететіп өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. 
Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй 
шаруашылығы  салаларынан  босатып,  қоғамдық  өндірістегі  жұмысбастылықты  көтеруге  мүмкіндік 
туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани 
қажеттіліктерін қамтамассыз ету. 
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары: 

қоғамдық  қатынасты  үйлесімді  дамыту,  халықтың  әртүлі  топтарының  мүдделері  мен 
қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру. 

халықтың  материалдық  тұрмыс  жағдайын  көтеруге  жағдайлар  жасау,  қоғамдық  өндіріске  қатысу 
үшін экономикалық ынталандыру, әлеуметтік мүдделерді теңестіру. 

халықты  әлеуметтік  қорғау  мен  мемлекеттік  кепілдік  беретін  әлеуметтік  экономикалық  құқықты 
қамтамассыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету. 

қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету. 

қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету. 

әлеуметтік салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, тұрмыстық үй т.б.) дамыту. 

еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету. 
«Әлеуметтік  саясат»  ұғымын  теориялық-методологиялық  талдау  бұл  саланың  ғылыми  негіздемесін 
орнықтырады.  
«Әлеуметтік  саясат»  ұғымы  ежелден  бастау  алады.  Адамзат  дамуының  тарихында  бұл  ұғым  түрлі 
қоғам  мүшелерінің  қажеттіліктеріне  байланысты  өзінің  негізгі  функциясын  орындап  отырды.  Оның 
астарында қоғам мәдениеті мен дініне негізделген әлеуметтік әділеттілік жатады. 
 
«Әлеуметтік  ұғымы»  біздің  әдебиетімізде  ХХ  ғасырдың  ортасында  пайда  болды.  Бұл  ұғымды 
зерттеумен айналысқан неміс ғалымдары еді. 
Әлеуметтiк  мәселелер  мемлекет  үшiн  ең  басты  мәселе  болып  табылады  және  солай  бола  бермек. 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясының  24-ші  бабының  2-тармағына  сәйкес  «әркімнің  еңбек 
шартын қорғауға, еңбек ақысын алуға және жұмыстың гигиеналық талаптар мен қауіпсіздікке» жауап 
беруіне  құқығы  бар.  Қазақстан  Республикасында  соңғы  жылдары  экономиканың  тұрақтануы  және 
жоспарланған экономикалық өсу тиiмдi әлеуметтiк реформаларды өткiзу үшiн алғышарттар жасалынды. 
139 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең басты басымдылығы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін әбден 
жетілдіру.  Осыған  байланысты  негізгі  жағдай  жасайтын  еңбек  белсенділігін  арттыру  және  еңбекке 
жарамсыз халықты қолдау, тұрмысы төмен әлеуметтік топтарды қамтамасыздандыру.  
Осы  тапсырманың  шешiмі  халықты  әлеуметтiк  қорғауды  басқару  және  барлық  жүйе  өзгертiлуінің 
төңiрегiдегi жаңа мемлекеттiң алдыңда тұрған мәселелерді ұғынудың әдiстерi жетiлдiрілген. Әлеуметтiк 
қорғауды  басқару  бұл  мемлекеттi  макроэкономикалық  реттеу  процесстердiң  қатысынсыз  шешiлуі 
мүмкiн  емес.  Әлеуметтiк  қорғау  -  бұл  қажеттi  игiлiктерге,  нақтылы  тiршiлiк  деңгейiне  және 
экономикалық белсендi болатын азаматтардың сенiмдi ақы төленетiн еңбектегi қатысу табыстары мен 
өзi  жолымен  (қарттық,  денсаулық  жағдайы,  асыраушыдан  айырылу  немесе  жұмыс  және  басқа  заңды 
негiздер) жағдайлар нәтижесiнде қамтамасыз ете алмаған азаматтардың әл-ауқатының нақтылы деңгейi 
қамтамасыз етуге шақырылған жүйе.  
Нарықтық  өзгерiстердiң  анықталуы,  халықты  әлеуметтiк  қорғауды  басқару  жүйесiнiң  қалыптасу 
ерекшелiгі,  осы  процесс  негiзінде  экономика  салаларына  әлеуметтiк  қайшылықтардың  асқынуына 
себепшi болатын терең дағдарыстың келуімен сипатталады. Бұл өзекті мәселенің туындауы нақты уақыт 
аралығында  табыстар  деңгейін  түбегейлi  төмендетуiне,  негiзгi  тұрғындардың  бiр  бөлiгiнiң  тұрмыс 
жағдайының  сапасы  нашарлауына  әкеп  соғады.  Кең  мағынада  әлеуметтiк  саясаттың  бұл 
макроэкономикалық  реттеу  бағыттарының  бiрi  қоғамның  әлеуметтiк  тұрақтылығын  қамтамасыз  етуге 
және  қаншалықты  жүзеге  асыруға  мүмкiн  болатын  елдiң  азаматтары  үшiн  бiрдей  алғашқы  шарт. 
«Қазақстан  азаматтарының  денсаулық  сақтау,  бiлiм  беру  және  халықтың  әл-ауқаты»  бiздiң  мемлекет 
үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң ары қарай дамуы үшiн ұзақ мерзiмдi басымдылық ретiнде 
анықталды. 
Кез  келген  шаруашылық  жүйеде  қоғам  үш  мәселелердiң  шешiмi  қажеттiлiкпен  қағылысады:  «не», 
«қалай» және «кім үшiн» өндiру керек деген. Сонымен бiрге мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты қоғамның 
әр  түрлi  мүшелер  және  топтар  табыстарының  бөлісуін  үйлестiреді  және  үкiметтердің  басқаруымен 
бағытталған.  Осылай  сөздiң  тар  мағынасындағы  әлеуметтiк  саясатты  анықтауға  болады.  Әлеуметтiк 
саясаттың  кең  мағынасында  -  бұл  макроэкономикалық  реттеудiң  бағыттарының  бiрi  қоғамның 
әлеуметтiк тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жасалуға шақырылған қаншалықты бұл болуы мүмкiн, 
елдiң азаматтары үшiн бiрдей алғашқы шарттар. 
Әлеуметтiк саясаттың маңызын ашу үшiн бiрнеше ең маңызды тұрғылар мен әлеуметтiк топтардың 
өзара әрекеттесу процессін сипаттау керек:  

мемлекеттік  әлеуметтiк  саясатқа  шын  мәнінде  қатысатын  олардың  шеңберлерін  және  енжар 
қатысатын әлеуметтік субъектілерін анықтау;  

ықпал етiлген (класстар, әлеуметтiк топтар) субъектілердiң құрамы; 

олардың әлеуметтiк жағдайларын шешушi параметрлерi;  

олардың қазіргі кездегі ең маңызды әлеуметтiк мәселелерi; 

әлеуметтiк саясаттағы мемлекеттiң орны;  

әлеуметтiк  саясат,  олардың  стратегиясына  ықпал  етiлген  субъектілерiнiң  мақсаты  және 
бағдарламалық басымдылықтары; 

әлеуметтiк күштердiң айқын-тарихы мен байланыстары;  

пайда болатын орнықты тенденциялар мен әлеуметтiк даму векторлары; 

қоғамның әлеуметтiк орнықтылық дәрежесi, оның тұрақтылығы мен тұрақсыздықтың ең маңызды 
факторы ретінде. 
Мемлекеттiк  әлеуметтiк  саясат  –  бұл  мемлекеттің  қандай  да  бір  нақты-тарихи  жағдайлар, 
пропагандалық  үгіт-насихат,  қаржылық  ресурстар  және  белгілі  бір  әлеуметтік  нәтиже  кезеңімен 
есептелген қандай да бір мақсаттағы әлеуметтік сфераға әрекеті. 
Әлеуметтiк  бағдардағы  нарықтық  экономика  әлеуметтiк  мәселелердiң  шешiмiндегi  мемлекеттiң 
түбегейлi  қызметiн  ойлайды.  Бұл  нарықтық  экономикада  еңбек  құқығына  еңбекшiмен  кепiлдiк 
бермейтiн,  үйреншiктi  бiлiммен  байланған,  жарым-жандардың  әлеуметтiк  қорғауы,  тұрмысы  төмен 
халықты, зейнеткерлердi қамтамасыз етпейдi. Тұтас жүйе ретіндегі қоғам түрлерін әлеуметтік саясаттың 
түрлері негізінде оның келесі түрлерін анықтауға мүмкіндік береді (1 сурет). 
 
140 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
 
 
Әлеуметтiк саясат түрлерi 
Мемлекеттік  әлеуметтiк  саясаттың  экономикалық  базасын,  халық  табыстарын  қайта  бөлу 
мемлекеттiк бюджет арқылы құрылады. Әртүрлi әлеуметтiк бағдарламалар бойынша қосымша ақшалай 
төлемдер  түрінде,  мемлекетпен  алып  қояр  салықтар  түрiнде  тұрғындарға  жартылай  қайтарылады. 
Сонымен  бiрге  келесi  ұстаным,  салық  өндiру  ретiндегі  сол  сияқты  тұрмыс  жағдайы әр  түрлi болатын 
тұлғаларға әлеуметтiк төлемдерге үйреніп көрінеді 
Әлеуметтiк  саясаттың  қайта  құрылуы  бiрнеше  бағыттар  бойынша  жүредi.  Әлеуметтiк 
мұқтаждықтарға шығындарды қысқартады, әлеуметтiк қызмет түрлерiнiң ақылы болғандығы үлкейедi, 
әлеуметтiк  жәрдемақыларды  алу  үшiн  талаптар  жоғарылайды.  Жұмыстан  айырылуға  өтем  ақылық 
төлемдер  барлық  жұмысшы  күштiң  кәсiби  әзiрлiктерiмен  көбiрек  ауыстырылады,  әлеуметтiк 
инфрақұрылым  салаларындағы  мемлекеттiк  меншiктiң  жолымен  жартылай  сату  және  сектор 
бөлiндiсiнiң  дамытуының  қызметтерi  әлеуметтiк  сала  кәсiпорындарының  мемлекет  меншiгiнен 
шығаруында болады. 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет