Қазақ инновациялық



жүктеу 3.26 Mb.
Pdf просмотр
бет24/41
Дата15.03.2017
өлшемі3.26 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41

Әдебиеттер 
1.
 
Атаманчук Г.В., «Теория государственного управления» Курс лекций.:Юридическая литература, 1997. - 400 
С. 
2.
 
Афанасьев В.С., Боглай М.В., «Социальный менеджмент» Москва ЗАО 
Бизнес школа «Интел – Синтез» 2000.-280 С. 
3.
 
Айтқазиев А. Құрылыс-кешенді дамуымыздың кепілі // Орталық Қазақстан 2009. 8 ақпан 
4.
 
Аябегова Н.М. и др. Государственная экономическая политика. – «Дело и сервис», 1998.- 320 С. 
5.
 
Бораш Қ. Ипотека: Аңыз бен ақиқат//Егемен Қазақстан. – 2004. 10 қаңтар. 
 
 
 
Әлеуметтік саясат түрлері 
Тұрақты әлеуметтік қоғамдағы 
әлеуметтік саясат 
Қоғамдық дағдарыс кезіндегі 
әлеуметтік саясат 
Қоғамдық деформация  
кезіндегі әлеуметтік саясат 
Қоғамдық дағдарыстан революциялық 
реформалар арқылы шыққан әлеуметтік 
саясат, яғни ауыспалы кезеңдегі әлеуметтік 
саясат 
141 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 
 
 
Абиева Г.Б. 
 
жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды 
Мемлекеттік Университеті 
Әлмұханбет Е.Е. 
биология - география факультетінің 4-курс студентті 
 
НҰРА АУДАНЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 
 
Аннотация:  В  данный  статье  рассматривается  современные  экологические  проблемы  Нуринскогорайона 
Карагандинской области, нерациональное использование природных ресурсов привело к разрушению экосистемы, 
вредные отходыкрупной промышленности существенно повлияла на здоровье местного населения. 
Summary:  This article discusses thecurrentenvironmentalissues in Nura district of Karaganda region,  where the 
unsustainable use of natural resources led to the ecosystem destruction, and hazardous waste of a big industry significantly 
affected the health of local population.  
 
Нұра  ауданы  -  Қарағанды  облысының  солтүстік  батысында  орналасқан  үлкен  аудан.  Аудан  жері 
Сарыарқаның  ортасында  орналасқан,  шығыс  жағы  үстірт  болып  келеді,  батысында  Теңіз  көлімен 
шектеседі.Қазіргі  танда  Нұра  ауданының  қоршаған  ортасының  күрт  нашарлауы  байқалады.  Оған  бір 
себеп  осы  өлкеде  болып  жатқан  үлкен  табиғи  апаттар.  Қазіргі  кезде  адамдардың  көбеуінен,олардың 
талаптары да өсіп жатыр. Соның салдарынан табиғи байлықтардыпайдалануы бірнеше есе өсіп, табиғи 
ресурстардың  азаюуына  әкеліп  соғуда.  Ғылым  мен  техниканың  өркендеуі  нәтижесінде,  адамның 
айналадағы  ортаға  ықпалы  артты.Қазіргі  танда  қоршаған  ортаның  жағдайының  нашарлағаны 
соншалықты,енді  адам  денсаулығына  және  экожүйенің  түпкілікті  өзгеруіне  әкеліп  соғып 
жатыр.Ластанған өзен суын пайдалану қауіпті. Өзендерде әр түрлі ауру туғызатын бактериялар көбейіп, 
әр  түрлі  ауру-  дертке  шалдықтырады.Нұра  өзенінің  түбіндегі  сынап,Теміртау  қаласындағы  «Теміртау 
электрометаллургия комбинаты» өндіретін «Кальций карбиді» өндіріс орнының кесірінен пайда болды. 
Яғни,  аталған  кәсіпорынның  өз  жұмысына  салғырт  қарауының  салдарынан,  Нұраға  тасталынған 
сынаптың көп мөлшері алғашында өзеннің, кейін келе оның арналарының ластануы адам денсаулығына 
зиянын  келтіруде.  Осыдан  біраз  жыл  бұрын  мамандар  Нұра  өзеніне  Теміртау  қаласының  өндірістік 
аймақтарынан шыққан сынап қалдықтарының қосылып кеткендігі туралы дабыл қаққан болатын. Бұрын 
өндірістік  сынап қалдықтарын  Нұра  өзенінің  бойындағы  Самарқант және Ынтымақ су  қоймаларының 
түбінде  өскен  сал  ұстап  қалатын.  2004  жылы  болған  қатты  су  тасқыны  кезінде  өзен  суына  қосылған 
сынап  қорық  көлдеріне  дейін  жеткен.Нұра  өзені  бассейніндегі  су  деңгейінің  төмендеуі  мен  ондағы 
сынаппен  ластануға  байланысты  қалыптасқан  экологиялық  жағдай  қашанда  қоғам  назарында[1].  Бұл 
жерде  үлкен  экологиялық  апаттарды  көріп  отырмыз.  Туған  өлкеміздің  экологиялық  мәселелерінің 
туындауы,  еліміздің  экологиялық  апаттың  біреуі:  Нұра  өзенінің  өз  арнасынан  тасуы,Изенді-Соналы 
автожолында орналасқан,Кеңжарық бөлімшесінде болған, Құланөтпес өзеніндегі көпірдің бұзылуы және 
сол  жылы  4  сәуір  күні,Байтуған  ауылында,  қараусыз  жайылып  жүрген  90-ға  жуық  жылқының  су 
тасқыны әсерінен, су астында қалуы.Оның себебі, өзен деңгейінің жоғары болуы мен сең қозғалуының 
салдары.  Ал  Кеңжарық  бөлімшесінде,  түн  ішінде  болған  оқиға,  халықты  дір  сілкіндірді.  Ол  көпір 
ауданмен қарым – қатынас жасайтын жалғыз жол еді. Соның салдарынан халықтың күнделікті тұрмыс-
тіршілігіне  қиындық  туғызды,  оқушылардың  ауданнан  үйіне  қайтуына  бөгет  болды,  азық-түлік  дер 
кезінде жетпей қалды [3]. Бірақ қазіргі халықтың жағдайы бірқалыпты. Көпірді жөндеу жұмыстары тез 
арада  қолға  алынып,  халықтың  жағдайы  жақсарды.  Ауданнан,  көрші  ауылдардан  көмек 
көрсетілді.Техногенді  апаттардың  зардабы,  Нұра  ауданына  ұмытылмас  зиян  әкелді.  Жергілікті 
адамдардың  тұрмыс  тіршілігіне  зиян  келуде.  Осы  Нұра  ауданы  бойынша  зиян  келген  аймақтар, 
Кеңжарық бөлімшесі ғана емес, басқа жерлерде де болды [2]. 
Баршын-Тікенекті  автожолындағы  көпір  қирады.  Астана  –  Қорғалжын-Баршын-Шұбаркөл» 
автожолындағы  көпір  тіректерін  су  шайып  кетті.  Бұдан  басқа,  11-13  сәуірде  ауданда  қардың  күрт  еруі 
салдарынан  тасқын  су  республикалық,  облыстық,  аудандық  маңызы  бар  автожолдардың  18  учаскесін 
зақымдады.Нұра  ауданының  Тассуат,  Қантай,  Қарой,  Киевка  елді  мекенін  су  басты.  Сол  жердегі  жапа 
шеккен  халықты,  әкімшілік  тарапынан  мектеп,  интернаттарға  уақытша  орналастырды.  Сонымен  қатар, 
тұрғындарды  эвакуациялау,  құм  салынған  қаптар  төсеу,  еріген  қар  суын  шығару  жұмыстары,  Нұра 
ауданының Тассауат, Қантай, Қарой, Киевка елді мекендерінде жүргізілуде.Екі жылдан бері, Бүкіләлемдік 
142 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
банктің  қаржысымен,  Теміртау  қаласында,  Нұра  өзенін  тазалау  жөніндегі  жоба  жұмыс  істеп  келеді.  Оған 
ауыл шаруашылығы министрлігінің Су қорлары жөніндегі комитеті бақылау жасайды. Жоба ластанған су 
көздерін  сынаптан  тазартумен  қатар,  Ынтымақ  су  қоймасының  су  бөгеттерін  толық  қалпына 
келтіру.Жергілікті  жерлерде  жолдарды  нығайту,  ескерту  белгілерін  орнату,  қосалқы  жол  қозғалысын 
ұйымдастыру,  жол  төсемін  қалпына  келтіру  жұмыстары  жүргізілуде.  Нұра  өзені  тек  қана  Нұра  ауданына 
ғана емес басқа да Қарағанды облысындағы елді-мекендерде зиянын келтіруде. Ал Астананың Нұра өзені 
қасында орналасқанын ескерсек, бұл жағдай қаланы таза сумен қамтамасыз етуге де кері әсерін тигізетінін 
ұмытпаған жөн. Міне, осындай себеп-салдар  Қорғалжын қорығының басты  мақтанышына айналған Теңіз 
көліне,  ондағы  тіршілік  иелеріне  де  нұқсан  келтіріп  отырған  жайы  бар.  «Теңіз»  көлі  «Тірі  көлдер»  деп 
аталатын халықаралық жүйеге енгізілген, Қазақстандағы бірінші көл. Яғни, ол әлемдегі осындай 24 бірегей 
табиғат  інжу-маржанының  қатарына  кіреді  [3].  Мұның  өзі  бұл  жердің  біз  үшін  қандай  маңызы  барын 
айғақтай  түседі.Яғни,  Нұра  өзенінің  проблемасына  тек  қана  аудан  мәселесі  ретінде  қарамай,  Қарағанды 
облысы бойынша, проблеманы шешу керек. Өзіміз тұрған жердің табиғатын сақтауымыз керек. Әрбір адам 
табиғатты аялап сақтауы тиіс. Нұра ауданының экологиялық зардаптарын азайту үшін, өзен қалдықтарын 
дұрыс  тазарту  керек.  Бұзылған  су  қоймаларды  дер  кезінде  қалпына  келтіру  жұмыстарын  алдын  ала 
ұйымдастыру керек. Ауданның экологиялық сауықтыру шараларын күшейту керек. Өзен арнасы мен алабын 
тазалау  керек.  Өзен  маныңдағы  күл-қоқыстарды  тазалап  отыру  керек.  Суды  дұрыс  пайдалану  мен  су 
ресурстарын қорғау жөнінде табиғатты қорғау шараларын атқару керек. Менің ойымша, дер кезінде Нұра 
ауданының  экологиялық  жағдайына  көңіл  бөлмесек,  тиісті  шаралар  қабылдамасақ,  күн  өткен  сайын  бұл 
мақсатқа арнайтын шығын да молая түсетіні даусыз. Бізкелешекте адамдардың таза экологиялық аймақта 
өмір сүруіне жағдай жасауымыз керек.  
Әдебиеттер 
1. 
Қарағанды.Қарағанды облысы: Энциклопедия. Алматы: Атамұра, 2006. 
2. Ақпамбетова К. Гептилдің зардабы зор: Ғалым көзқарасы. Орталық Қазақстан. 2002,12 қазан, 8б. 
3. Әбеуов И. Экология - өзекті мәселе. Орталық Қазақстан. 2010. 3 маусым. 
 
Акабаева М.О. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 2 курс магистранты  
 
ҚАЗІРГІ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ӘДЕБИ МӘДЕНИ КОНТЕКСТЕ) 
 
Аннотация:  Полученные  выводы  анализа  Алашеведения  как  историко-теоретического  феномена  определяют 
теоретическую  значимость  направления  работы.  Практическая  значимость  исследования  –  результаты 
исследования  могут  быть  использованы  на  занятиях  и  лекциях  по  истории,  литературы,  философии,  на  уроках 
культурологии,  социологии,  политологии,  в  качестве  вспомогательного  материла  могут  применяться  на 
специальных курсах. 
Summary:The received conclusions of the analysis of Alashevedeniya as historical and theoretical phenomenon define 
the theoretical importance of the area of work. The practical importance of research – results of research can be used on 
occupations and lectures on history, literatures, philosophies, at lessons of cultural science, sociology, political science, as 
auxiliary swore can be applied on special courses. 
 
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетi тарихында Алаш құбылыстары ағартушылық жолындағы ұлттық 
қозғалыс  аясында  көрiндi.  Сонымен  қабат  осы  кезеңде  әдеби-рухани  күш  пен  саяси  қайраткерлiктiң 
бiртұтасқанын да байқауға болады. Мұндай процесс әлем тарихына ортақ екенiн ұмытпағанымыз жөн. 
Ендеше, тұстастары мен замандастары «Абайдан кейiнгi әдебиеттiң ұйтқысы Һәм жаңа кезеңнiң басы» 
ретiнде  таныған  Ахмет  Байтұрсынұлының  ұлт-азаттық  күрестiң  жуан  ортасында  жүруi,  ақын-  лирик 
Мағжан Жұмабайұлының 1917 жылы Мәскеуде өткен Мұсылмандар съезiне қатынасуы (1) және өзге де 
өз  шағының  саяси  шараларынан  шет  қалмауы,  тағы  басқа  нақты  тарихи  фактылар  аталған  уақыт 
әдебиетiн  милләттiк  қозғалыстан  тыс  қарастырудың  бiржақты  болатынын  аңғартады.  Сондай-ақ  ХХ 
ғасыр  басындағы  әдеби-эстетикалық  концепцияларда,  көзқарастарда  саяси  сипаттың  айқын  көрiнуi 
“олар таза әдебиеттен жырақ” деген қорытынды жасатпауы тиiс.  
Қазақтағы жәдитшiлдiктiң екiншi кезеңi “Айқап” журналының дүниеге келуiмен және оның “Қазақ” 
сынды  әлеуеттi  газеттiң  жарыққа  шығуын  тездетуiмен,  сөйтiп  осы  екi  басылымның  өркен  жаюымен 
байланысты.  Бұл  кезеңде  жәдитшiлдiк  қазақ  өмiрiнде  сапалық  деңгейге  көтерiлiп,  Алаш  қозғалысына 
ұласты. “Айқап” пен “Қазақ” азаматтық тарихымызда тұңғыш рет жаңа заманға сай ұлтты ұйыстыруды 
түбегейлi  қолға  алды.  Осы  тарихи  миссиясы  орасан  екi  мерзiмдi  басылым  мынандай  нәтижеге  қол 
жеткiздi:  бiрiншi,  ұлт  проблемасын  жалпыхалықтық  сараптауға,  яки  талқылауға  сала  алды;  екiншi, 
жақын  және  алыс  болашақтың  мақсат-мiндеттерiн  анықтап,  оларды  кезең-кезеңмен  орындауға 
143 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
жұмылды; үшiншi, Абай негiздеген жаңа әдеби тiлдi дамытып, өрiстеттi; төртiншi, әдебиет пен халық 
сұранымын, руханият пен ел мүддесiн тоқайластыра алды.  
Танымдық еңбектер мен ғылыми әдебиеттерде ХХ ғасырдың 20-жылдарынан-ақ “Айқап” пен “Қазақ” 
арасындағы заңды пiкiрталасты “қарама-қарсылыққа” балау орын алып келдi.  
Мысалы, Қ. Кемеңгерұлы “Қазақ тарихынан” атты кiтабында: “Мұсылманша оқығандардың күшiмен 
1911-
шi жылы “Айқап” журналы шықты. Басындағы шығарушы ыңғайымен журнал “татар, исламдық” 
рухымен кетiп, “Уақыт”, “Тәржiмән” газеттерiнiң ойын қолданып, “қазақ отырықшы болу керек” дегендi 
қуаттады. Бұған қарсы 1913 жылы “Қазақ” газетi шықты: “Жерге отырықшы болудың керегi жоқ” деп. 
…Бұдан  былай  қазақ  оқығандарының  арасында  екi  ағым  ашық  айырылды:  1)  Әлихан  тобы  күнбатыс 
мәдениетiн  жастанып,  панисламизм  рухынан  аулақ  қазақ  ұлтын  жасамақшы  болды;  2)  Бақытжан, 
Сейдалин  Жаїанша  тобы  ислам  дүниесiнен  қол  үзбей,  қазақты  ислам  туының  астына  жинамақшы 
болды”,-деп жазды [2, 123].  
Осыған ұқсас тұжырымды С. Аспандиярұлының 30-жылдары жазған “Қазақстан тарихы” еңбегiнен 
ұштастырамыз.  Ол:  “Қазақ  оқығандары  екi  негiзгi  топқа  бөлiндi.  “Айқапқа”  топтасқан  алғашқылары 
пантүрiкшiлдiк  позициясын  ұстанып,  татар  буржуазиясымен  қосылып  түрiк  халқын  бiрiктiргiсi  келдi. 
Олар  отырықшылдыққа  және  жәдит  мектебiне  көшудi  қолдады.  Екiншi  топ  “Қазаққа”  жиналды. 
Татармен  ассимиляцияланудан  қорыққан  олар  қазақ  тiлiн  дамытты.  Шұғыл  отырықшылдық  халық 
шаруасын  бүлдiредi  деп  есептедi.  Шын  негiзiнде  бұл  топ  Щербина  бастаған  переселен  мекемесi  мен 
Потанин, Ядринцев жетекшiлiк еткен Сiбiрдiң “областничество” қозғалысының позициясын ұстанды”,- 
деген едi [3, 271].  
Осы  екi  пайымның  да  субъективтi  сипаты  басым.  Қошке  “Айқапты”  бiрыңғай  “түрiкшiл”  ретiнде 
көредi. Тiптi  ол  бұл  журналда  1915 жылы  жарияланған  өз  өлеңдерi  мен  аудармаларының  бағытын  да 
“ұмытқандай”  сыңай  танытады.  Санжар  пiкiрiнен  ақыл-ойға  қарауыл  қойған  30-жылдардың  ызбары 
байқалады.  Сондықтан  бұл  қайраткер  амалсыз  “октябрьге  дейiнгi  интеллигенция  –  халық  мүддесiнен 
алыстаған  интеллигенция”  деген  тұжырым  жасаған  секiлдi.  Сондай-ақ  20-жылдары  таяудағы  тарих 
туралы пiкiр бiлдiргенде, алаш зиялыларының “Қазақ” газетiн “Айқаптан” бөлiп қарауының принциптi 
себебi болса  керек.  Айталық, “Қазақпен”  қазақтың  әдеби  тiлi  қалыптасты”  деушiлер  (М.  Әуезұлы, М. 
Жұмабайұлы, Ж. Аймауытұлы, т.б.) бұл басылымның еңбегiн айрықша атағанда, қаперлерiне “Айқапта” 
негiзi  қаланып,  “Қазақта”  жан-жақты  дамытылған  ұлттық  идеяны  ұстағаны  айқын.  Басқаша  болуы 
қисынға  келмейдi.  Бастау-тұманы  басқа  ұмытса  да  “Қазақ”  ұмытпасы  анық.  Бұған  бiрер  мысал 
келтiрейiк.  
М.  Дулатұлы  “Айқапқа”  3  жыл,  “Қазаққа”  1  жыл  толғанда:  “Бұл  журнал  қазаққа  баспасөздiң  ең 
керектi кезiнде шыққанға, жұрттың бәрi тiлектес һәм көмектес болып жылы шыраймен қарсы алып едi. 
…Қазаққа бiр жақсы газета, бiр жақсы журнал бiрдей керек емес пе”,-деп жазса [4], Ахмет басқарған 
газетте атын көрсетпеген (бәлкiм, редакциялық мақала) бiр “Айқап” жанашыры журналдың жабылуына 
байланысты:  “Қазақтың айналдырған жалғыз журналының бiрнеше жыл шығып  тұрып, ересек  болған 
соң тоқталып қалуына ренжiдiк”, - деген тоқтамға келiптi [5]. Әрине, мұндай жағымды сөздi тiлеулес 
жан, яғни тiлеуқор жан ғана айта алса керек.  
Мерзiмдi басылым болған соң, оның бетiнде түрлi қиғаш пiкiрлер жарияланады. Сол себептi рухтас 
басылымдардағы  пайымдардың  әртектiлiгiне  қарап  оларды  бiр-бiрiне  жау  қылып  көрсету  ақылға  сыя 
қоймайды.  
Рас,  “Айқап”  пен  “Қазақ”  жүзiнде  Әлихан  мен  Бақытжан,  Ахмет  пен  Жаһанша,  т.б.  тұлғалар 
отырықшылық, соған байланысты съезд шақыру жөнiнде бiр тоқтамға келе алмай қатты айтысты.  
Ә. Бөкейхан мен Б. Қаратаев қазақтың мұсылманшылықта қандай бағыт ұстау керек екенi хақында 
Петербор мiнберлерiнде “сөзге келген” жерлерi болды. Бiрақ бұл айтыс қарама-қарсы екi бағытқа, яки 
ағымға негiз болған жоқ. Әлбетте, тұлғалардың кей мәселеде “сөзге келуi” алаш қауымын тiксiндiрдi. 
Ақын Шәкәрiм қажының: 
Дұғай да дұғай сәлем айт, 
“Айқап” пенен “Қазаққа”. 
Кекеу, сөгiс сөзден қайт, 
Кез боларсыз мазаққа,- 
деуi [6, 146] бекер емес.  
“Айқап”  журналы  “Қазақ”  газетiнiң  дүниеге  келуiне  қуанды,  оған  тiлектес  болды.  Осы  журналда 
жарияланған Ғ.Ғабдылрахман есiмдi ақынның “Орынборда шығатын “Қазақ” туралы” атты өлеңiнде: 
Тырысып қайыр iске тату болып, 
Құданың жаңылмалық жолын қосқан. 
Анықтап қазақ халын “Қазақ” бiлер, 
144 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Бұл сөзге құлағың сал, көп туысқан , - деген жолдар [7, 43] бар.  
Бұл  1913  жылы  “Қазақ”  шыға  бастаған  кезде  жазылған  өлең.  “Айқап”  тiлеуқорлығы  бiр  бұл  ғана 
емес,  жоғарыда  Шәкәрiм  өлеңiне  арқау  болған  берекесiз  айтыстан  кейiн  “Ынтымақшыл”  деген 
псевдониммен  мақала  жазған  бұл  журналдың  қайсыбiр  авторы:  “Айқап”  шыққаннан  берi  осы  күнге 
жұрттың қамын қайғырды, сөйледi, жазды, әлi де сөйлемекшi, қазақты iлгерi бастырмақшы. Былтырдан 
берi  “Қазақ”  газетi  шығып,  өзiнiң  алашына  айбарлық  қылды.  Тұңғыш  ұлы  “Айқапты”  сүйген  қазақ 
“Қазақты”  да  сүйе  бастады.  Бұларды  сүю  -  қазақтың  баласына  борыш,  парыз.  Бұларды  сүймеген, 
сүйемеген ел де болмас”,-деп тұжырымдады [8, 145].  
Сонымен  осынау  дәйексөздерден  екi  басылымның  жаулығынан,  немесе  қарама-қарсы  бағыт 
ұстанғанынан  гөрi  тiлектестiгi,  “жұрт  қамы  үшiн”  қатар  iзденгенi,  бұл  жолда  пiкiр  таластырғандығы 
байқалады.  
Осы  орайда қайраткер-қаламгер  Смағұл  Садуақасұлының:  “Бiздiңше,  Қ.  Кемеңгерұлының  1910-шы 
жылдардағы қазақ оқығандарының арасында болған қырғи-қабақты саяси екi ағым деп түсiндiруi, одан 
кейiн “Қазақ” газетiн саясат ауруын қарайтын тамыршы деп ұғындыруы - үлкен қате пiкiр. …10-ыншы 
жылдарда қазақта саяси екi ағым болған жоқ.  
…Айтыстың  бәрiн  саяси  ағым  дей  берсек,  жер  жүзiнде  адамнан  “ағым”  көп  боп  кетер”,  -  деген 
пайымы  [9]  шындыққа  сәйкес  келедi  деп  есептеймiз.  Сонымен  бiрге  С.  Садуақасұлының  1925  жылы 
айтқан осы ойынан ғасыр басында зиялылар бiр бағытта жұмыс жасағаны аңғарылады.  
Ол бағыт – халықты ағарту бағыты едi. Бұл тоқтамды осы екi басылымның “Құрметтi оқушылар!” 
деп  басталатын  бiрiншi  санындағы  кiрiспе  мақалалардағы  пiкiрлер  дәлелдейдi  (Мұны  “Айқапта”  – 
М.Сералин, “Қазақта” – А.Байтұрсынұлы жазған).  
“Айқап”:  “Газет  һәм  журнал  халық  үшiн  екендiгiне  шек  айту  жоқ.  Халықтың  қай  дәрежеде  алға 
кеткендiгi - халық арасында таралған газет-журнал һәм кiтаптардан бiлiнедi”,-десе [10], “Қазақ”: “Әуелi, 
газет – халықтың алдына түсiп жол көрсетiп, жөн сiлтеп, басшылық айтып тұрады”,- деп жазады [11]. 
Мұнымен  қоса  “Айқап”:  “Заман  ғылым  заманы  болған  соң  әрбiр  жұрт  қатарынан  кейiн  қалмас  үшiн 
ақша аямай кiтап-газет һәм журнал бастырып халыққа таратудың әждәһәтiнде. …Жұртқа атақ шығарып 
бiлiм сату үшiн емес, бәлкi дәулет иесi ағалар мұны көрген соң ойға қалмас па екен деген ниетпен”,- деп 
тұжырымдаса, “Қазақ”: “Газет – халыққа бiлiм таратушы. ...Газеттен жұрт естiмегенiн естiп, бiлмегенiн 
бiлiп, бiрте-бiрте бiлiмi молайып, зейiнi өсiп, пiкiрi ашылып, парасаты жетiкпекшi”,- деп түйiндейдi.  
Сөйтiп,  “Айқап”  пен  “Қазақтың”  өмiр  жүзiне  шығуы  алаш  жұртында  қалыптаса  бастаған  негiзгi 
ағартушылықтың өрiсiн кеңейттi. Бұл екi басылым әр жерде, түрлi формада айтылып жүрген елдi ағарту 
идеясын  бiр  жерде  тоғыстырып,  шындалуына  мүмкiндiк  бердi.  Осы  процестi  бытырап  күн  кешкен 
жұрттың  бiр  тудың  астына  жиналып,  тұтас  елдiкке  жұмылу  үрдiсiмен  салыстыруға  келер  едi.  Негiзгi 
ағартушылық  бастапқы  ағартушылықтың  шөкiм-шөкiм  болса  да  аса  құнды  идеясын  дестелеп  жинап, 
қал-қадерiнше жүйелей алды. Аталған ағартушылықтың негiзгi сипаты: там-тұмдап дәстүрдi қисынмен 
жалғай  алуында,  оқыған  атаулыны  бiр  идеяға  топтастыра  бiлуiнде,  ресми  күлбүлте  саясатты  халыққа 
баспасөз  арқылы  түсiндiруге  тырысуында,  қарапайым  жеке  адам  мүддесi  мен  ұлт  мүддесiн 
тоқайластыруында көрiндi.  
Тәуекел деп тұңғыш журнал ашқан М. Сералин басылымның алғашқы сандарының бiрiнде: “Қазақ 
баласының iс басында тұрған бас адамдарының iшiнде жұрт пайдасын қара басының пайдасынан артық 
көретұғын мәрт ерлер шықпайды дегенге көңiлiм нанбайды”,- деп жазған болатын [12, 4].  
Осы Мұхамеджан айтқан ерлер шығып, отаршыл жүйемен газет арқылы текетiресемiн деп абақтыға 
жабылғанда,  Ә.Бөкейхан:  “Бауырым  Ахмет,  Мирякуб!  Сен  екеуiңнiң  абақтың  -  Радищев  пен  Новиков 
абақтысы.  
…18-
ғасырда “ақыл патшасы” атанған француз Вольтер едi. Осы Вольтер, замандасы Толстойға неше 
жол  көрсеткен  француз  Руссо,  тағы  да  осы  екеуiнiң  замандасы  философ  Дидро  абақтыда  жатқан. 
…Бiздiң  Русияда  абақтыға  жатпаған  жақсы  адам  кем.  Жазушы  Достоевский,  Потанин,  Короленко, 
Мельчин,  Чернышевский,  Морозов  абақтыда  жатқан.  Бәрiн  жазып  болмайды.  Салтыков,  Герцен, 
Пушкин, Лермонтов, Тургеневтер айдалған. Түркияда халықты қатарға қосамын деп сарбаздар абақтыға 
жабылған,  айдалған.  Бұрынғы Мадхат-пашалар  1883  жылы  айдауда  жүргенде  өлген,  осы күнгi  Ахмед 
Риза һәм басқалары да абақтыда жатқан. Шырақтарым, сендердi мiнегенде, осылармен бiр салып мiнесе, 
не армандарың бар?”- деген едi [13]. Бұдан Ахмет толқынына берiлген баға аңғарылады. Ә.Бөкейханның 
жоғарыдағы ойымен орайлы пiкiрдi Жұмабайұлы “Жауға түскен жанға” атты өлеңiнде: 
Қиялға ескi бата бер, 
Қайра өзiңдi, дәрмен не? 
Уайымсыз, ойсыз жата бер, 
Жұрт үшiн түстiң, арман не?- 
145 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
деп  жеткiзедi  [14,  61].  Әлихан  саяси  әрiптестерiне  “бiз  –  ағартушылармыз,  Алаш  тарихы  осылай 
болуымызды тiлейдi, әлем тарихы ағартушылардың алдында бас иедi” деп отырғаны анық. Мағжан да 
аға толқынға осындай құрмет көрсетедi. Өзiне дейiнгi қайраткерлерге сынмен және талаппен қараған, 
кеңес билiгi тұсында оларды қолдап-қорғаған С. Садуақасұлы: “Бiздiң оқығандарымызды ең мақтағанда 
сол орыстың просветительдерiне теңеуге болады”,-деген ойы Әлихан пайымымен сабақтас. 20-жылдары 
берiлген Смағұлдың бұл бағасы қаншама объективтi болса да, негiзi дәл сол кезде зиялыларды қорғау 
мақсатында айтылған едi.  
Әдебиеттер 
1. 
Кемеңгерұлы  Қ.  Қазақ  тарихынан.  -  Мәскеу:  Ұлттар  комиссариаты  қарауындағы  Күншығыс 
баспасы, 1924. - 147 б. 
2. 
Асфендиаров С. История Казахстана [с древнейших времени]. Алматы: Қазақ университетi, 1993. 

304 с.  
3. 
М.Д. [Дулатұлы М.]. Айқап журналы//Қазақ, 1914, 21 февраль 
4. 
“Айқап” тоқталуы // Қазақ, 1915, 8 сентябрь.  
5. 
Құдайбердиев Ш. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1988. - 560 б. 
6. 
Ғабдылрахман Ғ. Орынборда шығашақ “Қазақ” туралы// Айқап, 1913, N2. Б. 41-43. 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет