Қазақ инновациялық



жүктеу 3.26 Mb.
Pdf просмотр
бет36/41
Дата15.03.2017
өлшемі3.26 Mb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

 
Джанбубекова М.З. 
п.ғ.д., Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің профессоры 
Нурланова Ж.Н.
 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистранты 
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ 
 
Оқушылардың  экологиялық  мәдениетін  қалыптастыру  мәселесінің  теориялық  негізін  айқындау 
«мәдениет»,  «экологиялық  мәдениет»,  «қарым-қатынас»  ұғымдарының  бірлігі  мен  ерекшеліктерін 
қарастырумен  тығыз  байланысты.  Бұл  ұғымдардың  сипаттамасының  маңызын  белгілеу  мақсатында 
оның  ғылыми  әдебиеттерде  кездесетін  қайнар  көздерін,  түпкі  нәтижелерін  анықтауға  назар аудардық. 
Осыған  байланысты  психологиялық,  педагогикалық  тұрғысынан  экологиялық  мәдениеттің  мәні, 
құрылымы және қызметінің мазмұны ашып көрсетіледі. 
Жеке тұлғаны қалыптастыру процесін ұйымдастыру үшін оның үнемі мәдениетке кіруіне зер салу, 
бүгінгі  мәдени  жетістіктер  дәрежесінде  әлемдік  мәдениетпен  қарым-қатынас  жасауы  арқылы  оның 
әлеуметтік өмірдің мағынасына енуін қарастыру көзделеді. Олай болса, біздер жан-жақты дамыған жеке 
тұлғаның  тәрбиесінің  негізіне  адамзаттық  мәдениеттің  бүкіл  дүние  жүзілік  қоры:  ақыл-ой  мәдениеті, 
тұлғаның  кәсіби  бағдары  мен  политехникалық  және  еңбек  мәдениеті,  адамгершілік  мәдениеті,  саяси 
жөне  құқықтық  мәдениеті,  эстетикалық  және  дене  даму  мәдениеті,  экологиялық  және  экономикалық 
мөдениеті алыну керек деп есептейміз. 
Әдетте,  мәдениетті  адамдардың  өмірі  мен  іс-әрекетін  ұйымдастыру  тәсілінен,  сондай-ақ  олардың 
материалдық  және  рухани  байлықты  жасауынан  көрінетін  қоғам  мен  адамның  белгілі  тарихи  даму 
дәрежесі деп түсінеміз. Қоғамның оқу-білім, ғылым мен өнер салаларындағы жеткен жетістігі десек те 
болады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  рухани  байлықтың  көзі-мәдениетте.  Адам  өзінің  даму  барысында 
қоғамдағы  өз  мүмкіншілігіне  сай  айналаны  жиған  рухани  байлығымен  көрсетеді.Ол  әр  ғасырға, 
әлеуметтік-экономикалық формацияға сәйкес келуі мүмкін. Сондықтан мәдениетті қатып-семіп қалған 
және аяқталмаған, қандай болмасын ықпалға берілмейтін нәрсе деп қарауға болмайды. 
Мәдениет-халықтың  өз  топырағында  шыңдалып,  тумалас  ұрпақтың  ғасырлар  бойы  қалыптасып 
жинақталған  өмір  тәжірибесінің  жиынтығы.  Ұлт  қанша  өмір  сүрсе,  мәдениетте  соншалық  болмақ. 
Сондықтан мәдениеттің негізі ұлттық калыптасу, оның даму, өсу сатыларына байланысты. 
Евразия даласында үш мың жыл бойы көшпелі өмір салтын бастан кешіп, сол өмір салтына лайық 
төлтума  мәдениетін  қалыптастырған  көшпелілер  феноменінің  жалпы  адамзаттық  өркениетте  алар 
өзіндік орны бар. 
Қазақтың ойшылдары мен ағартушылары және ұлы зиялылары адам мен табиғаттың біртұтастығы, 
жеке тұлғаның мәдениеті туралы құнды ой-пікірлер айтқан. 
Қазақ  ұлтының  болмысы  өмір  салтымен  және  онымен  кіндіктес  төлтума  мәдениетімен  де 
дараланады. Осы орайда Шоқан Уөлиханов «Көшпелі елдерді аң тәрізді жауыз тобыр санап, бет алды 
жүрген  тағылардың  есебінде  түсінетін  жалған  ұғым  қазірдің  өзінде  де  Европада  үстем  болып  келеді. 
Олар көшпелі монгол немесе қазақтар дегенді тұрпайы, мал төрізді тағылар деп үғады. Ал шындығына 
келгенде,  сол  тағылардың  көбінің  жазба  түрінде  немесе  ауыз  әдебиеті,  аңыз  әңгімелері  бар.  Өлеңге, 
әсіресе суырып салма өлеңге бейімділік барлық кошпелі елдердің өздеріне тән ерекшелік деуге болады»- 
деп сипаттай келіп, Шоқан кошпелі елдердің мәдениеті жоқ деп санайтын және оны менсінбейтін кейбір 
Европа ғылымдарының пікіріне дау айтады. 
"Көшпелі  елдердің  қай-қайсысының  болсын  бір  озгешілігі  -олар  өлең  -  жырға  бай,  шебер  келеді 
213 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
 
мұндай қасиеттердіңболуына алаңсыз көшпелі өмірі әсер етті ме, әлде ұшы-қиыры жоқ жасыл 
дала мен моншақтай тізілген жүлдыздары коп ашық аспанды сұлу табиғат әсер етті ме кім білсін", - деп 
жазды . 
Ойшыл  ретінде  тек  шығыс  мәдениетінің  бесігінде  қалыптасып  қана  қоймаған,  дүниетанымында 
Батые  пен  Шығысты  бірдей  сіңірген  Абайдың  көзқарастарының  маңызы  зор.  Ол  қазақтың  қоғамдық 
ойында алғаш рет әлемге үдемелі даму мен өзгеру, диалектика тұрғысынан зер салуға ұмтылыс жасады. 
Егерде  адам  мәдениетін  дүниежүзілік  мұхитқа  құятын  үлкен  озенге  теңесек,  онда  дөстүрлер 
сабақтастығын қуатты тетікпен салыстыруға болады. Оны ойшыл ақынның: 
Дүние - үлкен көл, 
Заман — соққан жел. 
Алдыңғы толқын - ағалар, 
Артқы толқын - інілер, 
Кезекпенен өлінер, 
Баяғыдай көрінер, - деген олең жолдарынан коруге болады. 
Тұтас  дүние  туралы  ол  былай  деді:  "Дүние  бірқалыпты  тұрмайды,  адамның  қуаты,  ғұмыры 
бірқалыпты тұрмайды". Абай үшін басты нәрсе адам мен табиғаттың бірлігі жөніндегі парық: адам ол 
үшін  табиғаттың  ең  мәнді  бөлшегі.  Абай  философиясы  туының  этикалық  мәні,  айналып  келгенде, 
адамның өмірде алатын орны мен рөлін жоғары бағалау. Оның ұғымынша, адамның тұла бойы парасат 
пен  иманға,  еңбеккерлік пен  білімге,  достық  пен  сүйіспеншілікке  толы  болмаққа  керек.  Күн  мен  ай  - 
аспан шатырының, ағаш пен жеміс - тау-тастың өңіріне тағылған алтын болса, піл сауырлы қара жердің 
құты мен өшекейі - адам. 
Абай ілімін одан әрі жалғастырган қазақ халқының рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із 
қалдырған алып тұлғаның бірі- Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер 
қатарына қосамын деп талпынды. Оның ойынша, бұл адам азаматтық етудің басты шарты - туған елдің 
бүкіл тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сай қолдану . 
Сонымен, қазақтың ұлы зиялыларының медениет туралы көзқарастарын негізге ала отырып, ғылыми 
әдебиеттердегі мәдениетке берілген анықтамаларга назар аударылды. 
"Мәдениет" - cultura - латын тілінен аударғанда өсіру, өңдеу деген мағынаны білдіреді. 
Мәдениет  сөзін  ең  алғашқы  рет  теориялық  термин  ретінде  рим  философы  Марк  Туллий  Цицерон 
"Тускулан  пікір  сайыстары"  (б.т.д.  45  ж)  еңбегінде  қолданды.  Ол  кезде  бүл  агротехникалық  термин 
"жерді, топырақты оңцеу" деген ұғымды білдірген. Ал Цицерон оны адамның ақыл-ойына әсер ететін 
ауыспалы мағынада қолданды. 
Мәдениет тарихына арналған еңбекте американдық антропологтар Кребер және Клакхон мәдениеттің 
табиғатын,  оны  қорғайтын  элементтер  мен  қасиеттерді,  психологиямен,  тілмен  және  қоғаммен  өзара 
қарым-қатынасын  талдай  отырып,  оны  үш  аспектіде:  адамның  табиғатпен,  құндылықтарымен  және 
басқа адамдармен өзара қарым-қатынастары негізінде қарастырады. 
Қазіргі  танда  республикамызда  зерттеліп  отырған  проблемага  философтар  Ғ.Ғ.Ақмамбетов, 
Ж.М.Әбділдин, Қ.Ә.Әбішев, М.Баймаханов, А.Н.Нысанбаев, К.Ш.Нүрланова, А.Қасабеков, Д.Кішібеков, 
Қ.Шүленбаев,  Г.К.  Шалабаева  және  т.б.  айрықша  мән  берген.  Олар  еңбектерінде  адамның  қоғамдық 
мәнін,  рухани  жан  дүниесіндегі  сезімдік  қасиеттерін,  олардың  мақсаты  мен  мүратын,  қажеттілігі  мен 
мүддесін,  адамгершілік  айқындамалары  мен  қағидасын,  "қоғам  -  табиғат  -  адам"  жүйесіндегі  қарым-
қатынастарды, мәдениетті ұлттық, әдет-ғұрыппен, дәстүрлермен байланыстырып ашып корсетеді. 
Оның  ішінде,  Ж.М.Әбділдин  мен  Қ.Ә.Әбішев  философиялық  еңбектерінде:  "Табиғаттың  сыртқы 
бейнесін өзгерту, жаңа әлеуметтікортаны құру адам қызметінің принципіболып табылады, ол табиғатты 
емес,  өзінің  әлеуметтік  жаратылысын  жетілдіреді.  Оның  қызметі  жан-жақты,  өзінің  принциггі, 
зандылығы бойынша шексіз" деп сипаттайды . 
Ал, А. Қасабеков: "Қазақ мәдениеті тарихтың әрқилы кезендерінде басқа елдердің мәдениеттерімен 
біршама  байланыста  болып,  олардан  тікелей  немесе  жартылай  импульстер  алып  отырды.  Сыртқы 
әсерлер негізінен қазақ мәдениетінің ішкі мүдделеріне, оның тарихи қажеттілігіне, қандай мәселелерге 
зәру  болуына  байланысты,  өз  пайдасын  тигізді.  Осындай  ерекшеліктер  қазақ  философиялық  ойлау 
жағдайын қалыптастырып, ұлттық дәстүрлер мен бағыт-бағдарларын құрды", - деп тұжырымдайды . 
Г.К.Шалабаева  мәдениет  құрылымының  әлеуметтік-мәдени  аспектісі  еңбек  мәдениетінен,  тұрмыс 
мәдениетінен,  дене  мәдени-етінен,  білім,  ғылым,  мораль,  тәрбие,  сонымен  бірге  экономикалық  және 
экологиялық мәдениеттен тұратындығын атап корсетеді . 
Көп  ғасырлық  тарихы  бар  қазақ  халқының  философиясында  табиғатқа,  қоршаған  ортаға,  жерге 
қатысты экологиялық мәдениеттің алғашқы бастамасы қалыптасып, ұлттық менталитетте көрініс алып 
отырған. 
214 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Менталитет  халықтардың  тұрмыс  жағдайынан,  қоршаған  ортасынан  туындап,  бірте-бірте 
қалыптасқан мінез-құлқын, әдет-ғұрыпын, ойлау жүйесін, салт-санасын бейнелейтін рухани келбетінің 
сомдалған жиынтығы . 
Осы  орайда,  Нұрланова  Қ.  халқымыздың  экологиялық  тұжырымдамасының  төмендегідей  үш 
деңгейден тұратындығын айқындайды: 
-
 
адамның әлеммен үйлесімді қарым-қатынасы, яғни адам мен әлем біртұтас; 
-
 
жермен  өзара  байланыс, ел  мен  жер  егіз  немесе  "Жерге  жетер  ештеңе  жоқ,  жерден  өтер  байлық 
жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады"; 
-
 
барлық тіршіліктің арасындағы табиғи біртұтастықтағы өзара байланыс . 
Қорыта  келгенде,  философтардың  көзқарастарынан  адам  мен  әлемнің  өзара  ажырамас  бірлікте, 
біртұтастықта болуы қажет екендігі байқалады.
 
Әдебиеттер 
1.
Гирусов  Э.  В.  Природные  основы  экологической  культуры  //Экология,  культура,  образование  /  Под  ред. 
Мамедова Н. М. и др. - М., 1989. - 427 с. 
2
.3ахлебный А. Н., Зверев И. Д., Суравегина И. Т. Отношение школьников к природе. - М.: Педагогика, 1998. - 
127 с. 
3
.Зверев И. Д. Формирование ответственного отношения к природе // Советская педагогика. - 1983. - № 12 - С. 
12-19. 
Домбаланова Р.А. 
№35 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  
 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ БОЙЫНША А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МЫСАЛДАРЫН ОҚЫТУ 
 
А. Байтұрсынұлы ақындығының бір қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр. Ол орыс ақындарын беріле 
мол оқыған. Ауыл мүғалімі боп істеген жылдарьшан бастап шәкірттеріне И.А.Крылов мысалдарын оқытқан 
А.Байтұрсынұлытың  мысал  жанрына ден қоюының үлкен мәні бар  еді.  Оңдағы моральдық,  адамгершілік 
тағылымын  ол  казақ  қоғамы  үшін  аса  қажет  үлгі  деп  түсінді.  Мысалдарының  негізгі  тақырыбы: 
мейірімділік, ақылдылық, еңбек, адамгершілік. 
Адам  бойында  кездесетін  намыссыздық,  жігерсіздік,  алауыздық,  жалқаулық  пен  жағымпаздық, 
қулық пен зорлық сияқты келеңсіз мінездерді сынау, шенеуге келгеңде, ақын мысал жанрьш тандады. Әр 
түрлі аңдардың аллегориялык бейнесін беріп, олардың арасындағы түрлі қарым-қатынас арқылы ғибратты 
тұжырымдар жасады[1,56]. 
Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып 
келгенде,  ұлы  Абай  тапқан  соқпақ,  орыс  әдебиеті  үлгілерін  пайдалану,  аударма  жасау  дәстүріне 
мойынсынады.  Бұрынғы  ескі-ертегі,  химия  үлгілері  емес,  енді  жаңа  өлеңдік  форма  мысал  арқылы, 
көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы - жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік 
ойға  ықпал  ету  мақсатымен  Иван  Андреевич  Крылов  туындыларын  аударып,  «Қырық  мысал»  деген 
атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды[2,123]. 
Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-
жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді. 
Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн, 
Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін, 
Тартады аққу көкке, шаян кейін 
Жұлқиды суға қарай шортан шіркін. 
Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа 
ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады. 
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас. 
Әуелі бірлік керек болса жолдас. 
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей 
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, - деп елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады. 
Алуан-алуан  ойға  жетелейтін  «Қайырымды  түлкі»,  «Ала  қойлар»,  «Үлес»,  «Қартайған  арыстан», 
«Өгіз  бен  бақа»,  «Қайыршы  мен  қыдыр»,  «Ат  пен  есек»  мысалдарында  әлеуметтік-қоғамдық 
жағдайларды  мегзейтін  оқиғалар,  адамдар  психологиясымен  сарындас  әуездер,  тағылымды,  ғибратты 
тұжырымдар  мол  орын  алған.  Аудармашы  негізгі  түпнұсқа  тексіне  орайластырып,  көркем  ойға  ой, 
суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын - әуез қосып отырады.  
Мысалдарындағы 
негізгі 
тартыстар:  жақсылық  пен  жамандық,  іскерлі  пен  әділеттілік,  қарапайымдылық.  Мысалдарында  халық 
даналығын  негізге  ала  отырып  табиғи  қазақы  сипаттың  көрініс  табуы  Ахмет  мысалдарының  негізгі 
өзіндік ерекшелігі.  
215 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын» мысал өлеңі[3,78]. 
Сабақтың мақсаты: білімділік 
Білімділік:  Ахмет  Байтұрсынұлы  өміріне  шолу  жасай  отырып,ақынның  мысал  өлеңінің 
идеясын,мақсатын ұғындыру, талдау.мазмұны мен идеясын ашады. 
Дамытушылық:  Шығармашылық  ізденіске  жетелеу  барысында  өз  беттерімен  іскерлік  дағдыларын 
дамытады, Дүниетанымы кеңейеді, талдау жасай алады.  
Тәрбиелік: Оқушыларға мысал өлеңін оқуда ынтымақ-бірлік, көпшілдікке баулып,адамгершілік пен 
жақсылық, парасаттылық қасиеттерге тәрбиелеу. 
Міндеттері:а)  Оқушылар  бірін-бірі  оқытады.ә)  Тақырыптың  түсініксіз  жерлерін  айқындайды.  б) 
Топтастарының  сұрақтарына  жауап  береді.  в)  Қорытынды  шығарады.  д)  Жұмыс  нәтижелерін  көрсете 
біледі. ж) Бірін-бірі бағалайды. 
Сабақтың  көрнекілігі: оқулық,  ақынның  портреті,  үлестірмелі  қағаздар,  ақынның  өлеңдер  жинағы, 
үнтаспа, слайд, интерактивтік тақтамен жұмыс. 
Сабақтың әдісі: Мысал жанрымен жұмыс, сұрақ-жауап, өздік, эвристикалық , шығармашылық ізденіс. 
Пән аралық байланыс: тарих, қазақ тілі, ән-күй, сурет 
Стратегиялар: болжау, ой толғау, топтастыру, ББҮстратегиялар, слайд 
Қызығушылығын ояту: 
І.Үй тапсырмасын тексеру. 
1.Ақын шығармаларын ата? 
2
.А.Байтұрсынұлы кім? 
3
. «Ақын ініме» өлеңі жайлы: а) өлеңнің тақырыбы не? ә) идеясы .б) өлең кімге арналған ондай өлең 
қалай аталады? в) ирония деген не? г) өлеңнің тәрбиелік мәні қандай? 
 
Болжау ст-сы 
4. 
«Ахаң  ашқан  қазақ  мектебі,  Ахаң  түрлеген  ана  тілі,  Ахаң  салған  әдебиеттегі  «Елшілдік  ұран», 
«Қырық мысал», «Маса» , «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, 
өнер-  білім,  саясат  жолындағы  қажымаған  қайратын  біз  ұмытсақ  та  тарих  ұмытпайтын  істер 
болатын...»[1,48]. 
Мұхтар Әуезов 
5.«Екі шыбын» мысал өлеңін мәнерлеп оқыту: мазмұнын ашқызуШыбын қандай?. Мысалдың негізгі 
түйінін тап. Мысал мазмұны бізді қандай болуға шақырады? Шыбын сияқты адамдар өмірде кездесе ме? 
6.
Мағынасын ашу: 

Мұрнын көкке көтеру- менсінбеу 

Өз әддін өзі білген адам- өз шамасын 

Біреудің шылауында жүру- жетегінде жүру 
Жеке, жұппен, топпен, ортаға сөздермен айтқызу: Мысалы: Мұрнын көкке шүйіру, өзімшіл т.б. 
Мысал- оқиғалы,  адамға  сабақ  боларлық  өсиеті  бар  шығарма.  Мысалда  әрбір  кейіпкер  белгілі  бір 
қасиеттің немесе бейненің ретінде алынады.Мысалы: есек- топас, қасқыр- жауыз, қой- момын, түлкі-қу 
бейнесін  көрсетеді.  Осындай  астарлы,  тұспалдау  арқылы  суреттеуді  әдебиетте  аллегория  деп  атайды. 
Мысал дегеніміз-тәрбиелік мәндегі шағын аллегориялық шығарма.  
5-6-
сыныптарда өтілген мысалдарды еске түсіру. Қысқаша видео- фильм.  
7. 
Мысал өлеңді сатылай кешенді талдау: 
Кейбіреу көтереді мұрнын көкке, / 11 буын/ /а / 
Өз әдін өзі білген адам көп пе? /11 / / а / қара өлең ұйқасы 
Мақтанып ,бәрін де өзім айттым дейді, / 12 / / б / 
Біреудің шылауында жүріп текке . /11 / /а / 
 
Тақырыбы- Екі шыбын, Жанр түрі- Мысал жанры, Шумақ саны- 5, Тармақ саны-20, Ұйқас түрі- қара 
өлең, Буын саны -11-12, Бунақ саны- 3. 
Мысал идеясы- адамгершілікке, ынтымақ- бірлікке, жаман әдеттерден аулақ болуды дәріптейді. 
 
Мысал кейіпкерлері- екі шыбын, өгіз, Мұрнын көкке көтеру- өзімшіл, менсінбеу, Өз әддін өзі білген 
адам- өз шамасын, Біреудің шылауында жүру- жетегінде болу. 
8.«Айна мен маймыл» мысалынанкөрініс 
9.Шығармашылық ізденіс: Ойтолғау немесе эссе 
Қыран тобы: «Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан»  
Тұлпар тобы: «Ақын-аударма шебері» 
Сұңқар тобы: «Өзімшіл шыбын» 
10.Сурет салу: топпен 
11.
Проблемалық жағдаят: Сенің досың Қарашыбын бейнесінде болса сен не істередің? 
216 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Қыран тобы: «Дос болып қаламын». Тұлпар тобы: «Досымнан сырт айналамын» Сұңқар тобы: «Сол 
уақытында досымды жазалаймын» 
Ойтолғаныс: 
12.Тағылым, мысал, тарих, ақын-түйіндеу 
13. 
Бес жолдыөлең: АхметБайтұрсынұлы 
14. 
Бағалау 14. Үйге тапсырма. Ақынға хат жазу. Бір мысал өлеңін оқу. 
Әдебиеттер 
1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. Алматы: Мектеп, 2003.-213 б. 
2. ӘбдиманұлыӨ. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. Алматы: Қазақ университеті, 2002.-155 б. 
3. Байтұрсынұлы А. Өлеңдері мен поэмалары. Құрастырған: М.Мағауин. Алматы: Жалын, 1988. -169 б. 
 
Жалмагамбетова К.К. 
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Қостанай қ. 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ МӘДЕНИЕТІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ 
 
Аннотация:  В  данной  статье  определены  цели,  задачи,  основные  критерии  и  уровни  сформированности 
научно-исследовательской культуры студентов. 
Summary: In this article definite purposes, tasks, main criteria and levels of formation of research culture of students. 
 
Зерттеудің  алғашқы  кезеңінде  педагогикалық  білім  берудегі  студенттердің  ғылыми−  зерттеу 
мәдениетін  қалыптастыру  мәселесінің  теориялық  жағы  қарастырылған  болатын.  Мәселені  теориялық 
талдау негізінде студенттердің ғылыми−зерттеу мәдениетін қалыптастыру үрдісі нәтижелі болуы үшін 
келесі педагогикалық шарттар орындалуы тиіс деген қорытындыға келдік: 
а)  жүйелілік,  жеке−қызметтік  бағыттардың  негізінде  педагогикалық  білім  берудегі  студенттердің 
ғылыми− зерттеу мәдениетін қалыптастыру моделін құрып, жүзеге асыру; 
ә) модельдің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарды жүзеге асырғанда: 
1. Студенттерді ақпараттық−зерттеушілік ортаға енгізгенде; 
2. Оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы студенттерді зерттеушілік қызметін бастауына 
негіз болу. 
Теориялық  тұжырымдаманың  ақиқаттығын  ғылыми  тексеру  үшін  оны  практикалық  қолданып, 
тексеру  шарт.  Бұл  міндет  эксперимент  барысында  шешімін  таба  алады  деп  есептейміз.  Ю.К. 
Бабанскийдің  пікірінше,  «зерттелетін  құбылысты  басқалардан  бөліп  алуға,  сыналушыларға  арнайы 
педагогикалық  әсер  етудің  жағдайларын  өзгертуге,  әр  түрлі  педагогикалық  құбылыстарды  бірдей 
жағдайларда зерттеу» [1, 124 б.]. 
 
Зерттеудегі  эксперименттің  мақсаты  студентеттердің  ғылыми−зерттеу  мәдениетін  қалыптастыру 
моделі мен ұсынылған педагогикалық шарттардың тиімділігін саралау. Моделдің тиімді қызмет етуінің 
шарттарына  онсыз  модель  жүзеге  асуы  мүмкін  емес  болатын  жағдайларды  алдық.  Біздің  анықтаған 
шарттарымыз  ғылыми  әдебиеттерді  талдау  және  анықтауыш  эксперименттің  нәтижелеріне  негізделді. 
Моделдің жүзеге асуы үшін қажетті шарттарға моделдің барынша толық қанды қызмет ететін жағдайды 
айтамыз.  
Студенттердің  ғылыми−зерттеу  мәдениетінің  қалыптасу  деңгейін  анықтау  үшін  қажетті  үш 
көрсеткіш (К
1

2,
К
3
)анықталып, таңдап алынды: 
1)
 
К
1

зерттеу қызметіне мотивациялық− құндылықты қатынас; 
2)
 
К
2

зерттеушілік білім мен біліктердің жиынтығы; 
3)
 
К
3
 –
тұлғалық қасиеттер.  
Әр көрсеткіштің көрініс табу деңгейін оның өзіне тән ерекшеліктерін сипаттайтын белгілер жүйесін 
анықтағанда  ғана  мүмкін  болады.  Сондықтан  кесте  4студенттердің  зерттеу  қызметіне  дайындық 
деңгейін көрсететін белгілер жүйесі берілген. 
 
Кесте 1- Студенттердің ғылыми−зерттеу мәдениетінің қалыптасуының көрсеткіштері мен белгілері 
Көрсеткіштер 
Сипаттайтын белгілер 
Диагностикалау әдістері 
Зерттеу 
қызметіне 
мотивациялық− 
құндылықты қатынас 

кәсіби  құнды,  әлеуметтік  маңызды,  жеке 
мотивтердің болуы; 

Студенттің  жүргізген  зерттеу  жұмысының 
нәтижесіне қанағаттану деңгейі; 

Зерттеу  жұмысын  магистратурада  жалғастыру 
талабы 
Бақылау,  анкеталау,  тестілеу, 
әңгімелесу 
217 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Зерттеушілік  білім  мен 
біліктердің жиынтығы 

Әдіснамалық  білім  және  оның  беріктігі  мен 
ұтымды қолдану мүмкіндігі. 
-
Зерттеу 
дағдыларын 
құратын 
әрекеттерді 
орындаудың  сапасы,  саналылығы,  толықтығы, 
сатылылығы 
Бақылау,  әңгімелесу,  оқу 
сабақтарындағы  жауаптарына 
сапалық 
және 
сандық,орындаған 
зерттеу 
тапсырмаларына талдау 
Жеке тұлғалық қасиеттер 
-
өзін өзі ұйымдастыру,өзін өзі басқару;  

Өз беттілік деңгейі; 

Студенттердің зертту қызметіндегі өзіндік зерттеу 
әрекеттері  мен  кәсіби  маңызды  тұлғалық 
сапалардың рефлексиясы 
Бақылау,  анкеттеу,  тестлеу, 
өзін  өзі  бағалау,  орындаған 
ғылыми−зерттеу  жұмысына 
талдау 
Біздің анықтаған көрсеткіштер мен белгілер негізінде студенттердің ғылыми− зерттеу мәдениетінің 
қалыптасуының үш деңгейі белгіленді: жоғары, орташа және төмен. Кәсіби қызметке дайындық деңгейі 
мәселесі  З.М.  Большакова,  Н.А.Завалко,  Ю.А.  Конаржевский,  Н.П.  Рябинина,  В.А.  Сластенин, 
Н.Н.Тулькибаева, Н.Д. Хмель, Н.М. Яковлева және тағы басқа зерттеушілердің назарында болды.Белгілі 
бір  объекті  мен  үрдістің  дамуының  «жоғарғы»  және  «төменгі»  сатыларының  қатынасын  деңгей  деп 
атайды. Студенттердің ғылыми− зерттеу қызметіне дайындығын күрделі, көп деңгейлі құрылым ретінде 
қарастыруда біз, Н.Д. Хмельдің мұғалімнің кәсіби дайындығын анықтауға ұсынған деңгейлік бағытын 
ұстанамыз.[2, 196-200 б.].Осы бағытта біз ұсынған деңгейлердің мазмұны мынадай: 
Студенттердің ғылыми −зерттеу мәдениетінің қалыптасу деңгейінің сипаттамасы 
Студенттердің 
ғылыми  −зерттеу 
мәдениетінің 
қалыптасу деңгейі 
Зеріттеу  қызметіне 
мотивациялық 
– 
құндылықты 
қатынастың 
сипаттамасы 
Зерттеушілік 
білім 
мен 
дағдыларының 
сипаттамалары 
Тұлғалық 
сапалардың 
сипаттамасы 
Төмен деңгей 
Сыртқы  мотивтер 
басым 
болады. 
Студенттер зерттеу 
қызметінің 
маңыздылығын 
түсінбейді, 
қызығушылығы 
төмен. 
Әдіснамалық 
білімнің 
фраменталдылығы 
тән, 
зерттеу 
қызметіне 
қызығушылығы төмен. 
Зерттеу 
қызметінің 
логикасын  өз  бетімен  құра 
алмайды.  Зерттеушілік  білік, 
дағдылары 
қалыптаспаған. 
Зерттеу 
тапсырмаларын 
орындауда қиындықтарға тап 
болады.  
Сдуденттер  төмен  белсенділік 
танытады.Өздерін  ұйымдастыра 
алмайды.  Өзін-  өзі  бағалауы 
төмен дәрежеде. 
Студенттер  өз  бетімен  білім 
игеруге  ынтасы  жоқ.  Өзін  өзі 
түзетуге ынтасы төмен. 
Орташа деңгей 
Студенттер зерттеу 
қызметінің 
маңыздылығын 
түсінеді,  дегенмен 
бұл 
қызметті 
қажетсінуі  тұқсыз. 
Жетістікке 
жету 
мотиві 
басым 
болады. 
Студенттер 
базалық 
әдіснамалық 
білімдерді 
меңгерген, 
зерттеушілік 
білімдерін 
толықтыру 
керектігін түсінеді.  
Студенттердің  зерттеушілік 
біліктері болғанымен, зерттеу 
қызметін 
толық 
қанды 
орындай 
алмайды.Зерттеу 
қызметін белгілі бір алгоритм 
бойынша ғана жүргізе алады. 
Студенттердің 
белсенділігі 
орташа,өзін  өзі  ұйымдастыру, 
түзетуіде орташа деңгейде.  
Өз  бетімен  білім  алуға  ынтасы 
бар  болғанымен,  ол  тұрақты 
емес. 
Рефлексивті 
дағдыларының 
қажетілігін 
түсінгенімен,  ұстанымы  толық 
дамымаған.  
 
 
Жоғары деңгей 
Студентер  зерттеу 
қызметінің 
маңыздылығын 
түсінеді.  Зерттеу 
қызметімен 
тұрақты 
айналысады.  Ішкі 
мотивтері басым. 
Студенттердің  әдіснамалық, 
зерттеушілік  білімдері  терең, 
оларды  практикада  белсенді 
түрде 
қолданады. 
Зерттеушілік 
дағдылары 
қалыптасқан: 
зеріттеу 
әрекеттерінің  саналылығы, 
толықтығы, тізбектілігі. 
Зерттеу  міндеттерін  шешу 
терең  теориялық  білімдерге 
негізделеді. 
Мәселенің 
шешімі 
жаңашылдығымен 
ерекшеленеді. 
Студенттердіңбелсенділігі,  өзін 
өзі  ұйымдастыруы,  өзін  өзі 
басқаруы 
жоғары, 
зерттеу 
қызметін 
орындаудың, 
өз 
бетімен  білім  алудың  нақты 
бағдарламасы  бар.  Және  сол 
бағдарлама 
бойынша 
үнемі 
жұмыс 
істеп 
отырады. 
Рефлексивті  ұстанымы  айқын 
көрінеді.  
Сөйтіп, тәжірибелік-эксперименталды жұмыстың айқындаушы бөлігінің нәтижесі төмендегідей: 
1)  Экспериментті  жүргізуге  таңдалған  топтар  ғылыми-зерттеу  мәдениетінің  қалыптасу  деңгейі 
218 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
бойынша  бірдей,  яғни  статистикалық  мардымсыз  айырмашылықтары  бар,  сәйкесінше,  дайындық 
нәтижелерінің  өзгерісі  зерттеушілік  қызметке  дайындықты  құру  моделінің  түрлі  жүзеге  асыру 
шарттарымен түсіндіріледі; 
2)  студенттердің  зерттеушілік  мәдениетінің  деңгейі  жеткіліксіз  ұйымдастырылған,  бұл  көбінесе 
дәстүрлі оқытудың тиімсіздігінің салдары, сондықтан студенттерді кәсіби дайындау процесінде белгілі 
жағдайлар  кезінде  ғылыми−зерттеу  мәдениетін  қалыптастырудың  құрылымды-функционалды  моделін 
қолдану керек деп есептейміз. 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет