Қазақ инновациялық



жүктеу 3.26 Mb.
Pdf просмотр
бет5/41
Дата15.03.2017
өлшемі3.26 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

 
Қорғаныс  ең  алдымен  антивирус  дестелерін,  проактивті  қорғаныс  жүйелері  мен  брандмауэрлерді 
қолдануға  қиыстырылады.  Сыншыл  ақпаратты  енгізу  кезінде,  қорғалған  қосылыс  (мысалы,  HTTPS 
протоколы)  қолданып  жатқандығына  көз  жеткізген  жөн.  Одан  басқа,  көпшіліктің  кіруге  рұқсаты  бар 
компьютерге құпия ақпарат енгізуден қалыс қалған жөн.   Сайттарды  бұзу  және DDoS-шабуылдар.Бұл 
бағыт  таза  түрдегі  қылмыс  болып  табылады  және  зиянкестер  түрлі  интернет-ресурстардың  жұмыс 
істеуін  бұзып,  шабуылды  тоқтату  үшін,  анықталған  осалдық  туралы  ақпарат  немесе  белгілі  уақыт 
аралығында сайт бұзылмайтындығы жайлы ақпарат үшін ақшаны қорқытып алуға негізделген. 
Қорғаныс. DDoS-шабуылдан қорғану аса қиын үрдіс – DDoS-қа қарсы тұру үшін трафикті сараптауға 
22 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
арналған  мамандандырылған  бағдарлама  өнімдері  және  жылдам  интернет-каналға  қосылып  тұрған 
бөлінген  сервердің  жалдамасын  (тәріздес  серверді  қайта  қосу  аса  қиын)  болжайтын  қымбат  тарифтік 
жоспарлар қолданылады.  
 
Компьютерді  және  қолданушы  мәліметтерін  блоктау.Қорқытып  алудың  мұндай  әдістемесі 
келесілерге  негізделген:  компьютер  жұмысының  қайтымды  блоктауына.  Типтік  мысалдар  – 
Trojan.Win32.A
gent.il  (ол  Trojan.Griven  болып  табылады),  Trojan.Win32.Krotten;  шифрлеуге  немесе 
қолданушы мәліметтерінің қайтымды бұрмалануына [4]. 
Атап  өтілген  операциялар  трояндық  бағдарламамен  зақымданған  компьютерде  орындалады,  содан 
соң  қайта  қалпына  келтіру  үшін,  қолданушының  зиянкеске  «у  қайтарғыш»  үшін  біршама  сома  төлеуі 
ұсынылады. Операциялық жүйені күйге келтірулері зақымданған жағдайда, әдетте, компьютер жұмысын 
оңайша  қалыпқа  келтіруге  болады,  ал  симметриялы  шифрлеуді  қолданған  жағдайда  дешифрлеу-
утилитасын  құру  және  файлды  дешифрлеу  үшін  кілтті  таңдауды  қажет  етіледі.Интернеттегі  қазіргі 
кездегі  алаяқтықтың  танымал  әдістемелері  көрсетілген,  алайда  мұның  барлық  әдістемелер  еместігі 
екендігін ескерген жөн – қазіргі алаяқтардың қиялы шынында да, шексіз. Интернеттегі және жоғарғы 
технология  саласындағы  алаяқтықтан  қорғанудың  тиімді  техникалық  шаралары  жоқ,  сондықтан  да, 
қорғаныстың  негізгі  шарасы  –  ол  қолданушының  қырағылығы,  сонымен  қатар,  алдау 
технологияларының  негізі  мен  одан  қорғанудың  негізгі  тәсілдерін  білу.  Идеалды  түрде,  ұйымның 
жүйелік  әкімшілігі  қолданушыларға  ақпараттық  қорғаныс  ережелерін  оқытуды  жүргізудің  мәні  бар. 
Ұқсас  шаралар  интернет-провайдерлерімен  өткізілуі  тиіс,  мысалы  ол  Интернет  клиенттеріне 
қосылғандарға арналған, танысу брошюра басылымы болуы мүмкін. 
Әдебиттер 
1
 
В.В.Крылов «Информационные компьютерные преступления». Москва-97 – 128 б. 
2
 
В.Б.Вехов «Компьютерные преступления». Москва-96 – 128 б. 
3
 
Мошенничество в Интернете // WMZ-portal, URL: http://www.wmz-portal.ru/page-al-
moshennichestvo_v_internete.html (дата просмотра 05.01.2013). 
4
 
Лямин,  Л.  В.  Управление  противодействием  компьютерным  мошенничествам  Л.  В.  ЛяминУправление  в 
кредитной организации. 2011. № 1. 87 – 97б. 
 
Аманғали Х.А. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 1-курс магистранты 
 
АДАМ САУДАСЫ МЕН ҚҰЛДЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫН АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ 
 
Аннотация: Данная статья посвящена проблеме предупреждения рабства и торговли людьми. В статье автором 
были  предприняты  попытки  решения  этих  проблем,  и  рекомендованы  пути  предупреждения  данного  вида 
преступления. 
Summary:This article is devoted to a problem of the prevention of slavery of human traffieking. In article there were 
undertaken of attempt of the solution of these problems and were recommended ways of the prevention of this type of a 
crime. 
 
XX ғасырдың басынан бастап осы күнге дейін адамды саудаға салу күннен-күнге дамып келе жатқан 
қылмыс  түрі  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  қылмыстың  бұл  түрін  ауқымды  трансұлттық 
проблемалардың қатарына жатқызсақ та қателеспейміз. Криминология көзқарасынан алатын болсақ,бұл 
қылмыстың жасалуынан көптеген мемлекеттерге залал келіп отыр,сол себепті бұны осындай көлемдегі 
проблема ретінде қарастырамыз. 
Сол  уақыттан  бері  адамды  саудаға  салу  әрдайым  сараптаманы  қажет  ететін  болды,  сонымен  қатар 
көптеген  даулар  мен  дискуссиялардың  пәні  болып  табылады.  Бірақ,  көптеген  ресми  құжаттарға, 
публикацияларға, және бұл мәселе бойынша ғылыми еңбектерді қарастырсақ, жалпы алғанда «адамды 
саудаға  салу»  деген  терминді  қозғағанда  ол  бірден  «әйелді  саудаға  салу»  мағынасымен 
ассоциацияланады.  Және  бұл  жерде  әйелдерді  жезөкшелікке,  порнобизнеске,  сексуалдық  саладағы 
әрекеттерге жұмылдыру үшін саудаға салынатындығын атап өткен орынды [1]. 
«Адамды  саудаға  салу»  ұғымы  бұдан  да  кеңірек  мағынада  қарастырылғаны  жөн:  бұл  қылмыстың 
жәбірленушісі  ретінде  жасына,  жынысына  қарамастан  кез-келген  тұлға  бола  алады.  Саудаға  салудың 
мақсаты  ретінде  зорлы  неке,  зорлы  еңбек,  үй  шаруасында  пайдалану,  өндіріс  пен  агросекторларға 
пайдалану,  тапсырыс  бойынша  немесе  зорлап  бала  тапқызу,  сексуалдық  бизнесте  пайдалану  сияқты 
бағыттарды  көрсетуге  болады.  Ер  адамдарды  әйелдерге  қарғанда  жиі  құрылыс  салу,  өндіріс,  ауыл 
шаруашылығы  салаларында;  ал  балаларды  –  қайыршылыққа,  тіленшілікке  (попрошайничество)  салу 
салаларында пайдаланады; ал кез келген жынысты және кез-келген жастағы тұлғаларды — олардың ішкі 
23 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
мүшелерін трансплантация пайдаланады [2]. 
Біздің  мемлекетімізде  бұл  мәселе  он  шақты  жылдар  бұрын  етек  ала  бастады.  Бұл  мәселені  өзге 
мемлекеттерге  қарағанда  тежеп  тұрған  құбылыстардың  қатарына  мемлекеттік  идеологияны,  ұлттық 
менталитетті,  экономикалық  тұрақтылықты  және  құқық  қорғау  органдарының  қызметін  жатқызуға 
болады. 
Қазіргі  таңда  адамды  саудаға  салуға  толық  анықтаманы  2008  жылдың  4  маусымында  Қазақстан 
Республикасымен ратификацияланған «Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа 
қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе, әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен 
жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттама» бере алады. Осы құжат бойынша «адам саудасы» 
күш қолданамын деп қорқыту және оны қолдану немесе мәжбүрлеудің басқа да нысандарын қолдану, 
ұрлау,  алаяқтық,  алдау,  билікті  асыра  пайдалану,  пайда  табу  жолымен  адамдарды  қанау  мақсатында 
арбауды, әкетуді, жасыруды, сатуды жүзеге асыруды білдіреді. 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  Кодексінде  осы  санатқа  байланысты  бірнеше  баптарда 
қарастырылған. 
 
Олар: 

адамның дене мүшелері мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу (113 бап); 

адамды ұрлау (125 бап); 

бас бостандығынан заңсыз айыру (126 бап); 

саудаға салу (128 бап); 

кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту (132 бап); 

адамды  оның  тұрақты  немесе  уақытша  тұратын  жерінен  алыстатуға  және  оны  –  ата  –  аналары, 
таныстары  мен  құқық  қорғау  органдары  үшін  белгісіз  жерде  ұстауға  бағытталған  қасақана  ұрлау, 
пайдалану болып табылады. 
Адамды саудаға салу әлем бойынша өте кең ауқымды қылмыс болып табылады, ж»не ол қылмыстық 
әрекеттердің  өте  жылдам  дамитын  түріне  жатқызылады,  және  ол  есірткі  мен  қару  сатуға  қарағанда 
әлеуметтік  бақылауды  айналып  өтетін  қылмыс  болып  табылады.  Есірткі  мен  қару  сатуды  сөз  қылған 
екенбіз,  онда  адамды  саудаға  салу  осы  екі  қылмыс  түрінен  кейін  әкелетін  пайдасы  бойынша  үшінші 
кезектегі қылмыс екенін атап кеткен жөн [3]. 
Адамды саудаға салу айтусыз мөлшерге дейін дамып жатыр: жылына 800 000 адам, әсіресе әйелдер 
және  балалар  шекаралар  арқылы  сатылып  және  сатып  алынып  жатыр,  және  бұл  қылмыстың  көлемі 
тоқтамай  етек  алуда.  Европол  (Еуроодақтың  полициялық  одағы)  мәліметтері  бойынша,  адамдарды 
саудаға салудан түсетін жылдағы пайда 19 миллиард АҚШ долларына дейін жетеді. 
Адамды  саудаға  салу  өте  терең  криминализацияланған  құбылыс  болып  табылады,  ол  әлемдегі 
мемлекеттердің  басым  бөлігінде  таралған,  және олардың жағдайында көрініс  тапқан.  Қылмыстың бұл 
түрі  әлеуметтік  теңсіздікті  тудырады,  еңбек  нарығына  кері  әсер  етеді,  адамдар  «қорын»  азайтады, 
адамдар ресурсына зардаптар әкеледі. 
Адамды  саудаға  салу  саласындағы  қылмыстық  әрекеттердің  нысанынының  кейбір  түрлерін  атап 
өтуге болады: ол қарапайым фотоконкурстардан бастау алып, адамды ұрлау немесе «тірі тауар» ретінде 
оларды туған-туыстарынан сатып алумен ұщтасады. Бұл – бірінші тәсілі. Екінші бір тісілі – ол қыздарды 
фотосуреттері бойынша таңдау, тапсырыс беруші таңдағаннан соң сол қыз соларға сатылады. Үшінші, 
дамып келе жатқан түрі – ол «екінші толқын». Бұнда осыған дейін сатылған әйелдер, туған жерлеріне 
қайтып  келіп,  өзі  сияқты  басқа  қыздарды  осындай  сауда-саттыққа  түсіреді,  алайда,  екінші  толқын 
ретіндегі әйелдер ерекше сұрыптаудан өткізіледі. Төртінші бір түрі – қарапайым жеке тұлғалар арқылы. 
Отандық  немесе шетелдік  серіктестеріне  қарыз болып қалу  сияқты  өзге де  себептер  негізінде,  қыздар 
мен  әйелдерді,  балаларды  сату  арқылы  борышын  өтеу.  Бесінші  –  сұлулық  конкурстарын  жариялау, 
фотосуреттер  конкурсын  жариялау,  фотомодельдер  мен  манекеньщицалар  ретінде  жұмысқа  қабылдау 
туралы конкурстар жариялау. Ал алтыншы тәсілі - бұл ең көп таралған түрі, зорлыққа немесе қылмысқа 
душар  болушылар  алдын-ала  білуі  де  мүмкін  –  қайда  бара  жатқандығын,  не  істеу  үшін  екендігін. 
Жетінші  кең  тараған  түрі  –  «неке  агенттіктері»,  яғни  шетел  мемлекеттерінде  жақсы  жігіттермен 
таныстырып, дәулетті үйге әйелдік ету сияқты, т.с.с. 
Бұл  тәсілдер  туралы  сөз  қылғанда,  біз  газет  беттеріндегі  қарапайым,  еш  заңбұзушылығы  жоқ 
хабарландырулар  да  осы  қылмыстың  бастауы  екенін  атап  өткеніміз  дұрыс.  Көптеген  агенттіктер  мен 
фирмалар 18 бен 30 аралығындағы қыздар мен әйелдерді шетелдік жақсы беделді фирмаларға жұмысқа 
тұрғызу  мақсатында  барлығын  ресми  түрде  рәсімдеп  ,  жөнелтіп  жатады.  Кейін,  олардың  қайда  жоқ 
болып кеткенін, неліктен хабарсыз кеткенін — ешкім білмей қалады. Бұл — адамды саудаға салудың 
құрбаны болғандығының басты белгісі [4]. 
Енді күресу мәселесіне келетін болсақ. Бұл қылмыспен күресу ретінде Қазақстан Республикасының 
24 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
көптеген  шетелдік  ұйымдармен  біріге  қызмет  етуін  атап  өтуге  болады.  Ең  қомақты  әрекеттердің  бірі 
ретінде  АҚШ  пен  Қазақстанның  ұйымдасқан  қызметін  атауға  болады.  Бірнеше  қылмыстық  істер 
бойынша  қылмыскерлер  ұсталып,  олардың  барлық  жасалған  әрекеттері  ашылып,  құрбандары 
мүмкіндігінше табылып, отандарына қайтарылып, ал қылмыскерлердің өздері жазаларын өтеуде. 
Адамды  саудаға  салудың  құрбаны  болғандарға  көмек  және  қорғау  көрсету  мақсатында  құрылған 
арнайы  ұйымдар  мен  мекемелер  бар,  сол  сияқты  арнайы  орталықтар  да  көмек  көрсетіп  жатыр. 
Бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен де бұл мәселе туралы аз ескертіп жатқан жоқ. 
Көптеген  күресу  және  алдын  алу  жұмыстарын  мемлекеттік  емес  ұйымдар  атқарып  жатыр.  Олар 
ақпараттық  кампаниялар  жүргізуде,  қатер  қаупі  туындағандар  үшін  тренингтер  өткізуде,  шетелге 
шығушы азаматтар үшін ақпараттық ескертпелер жасау, т.с.с. Олардың оң әрекеттері пайдасын тигізіп 
жатыр. 
Жалпы  әлемді  шырмаған  бұл  мәселенің  алдын  алу  үшін  біздің  елімізде  де  барлық  шаралар  қолға 
алынуда.Бірақ, ең бастысы, қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жер-жерде ақпараттық қамтамасыз етуді, 
халыққа  сақтық  мәселесін  кеңінен  түсіндіруді  қолға  алған  жөн.  Сондықтан,  әлемдік  ауқымды  бұл 
проблеманы алдын алуда, тым болмаса, мынадай шараларын жүзеге асыру қажет: 
 - 
кез  келген  құлдық  көріністеріне  және  құлдық  саудасына  қатаң  тыйым  салу,  егер  кей  жерлерде 
болсын құлдыққа сату байқалған жағдайда, оған қатаң жаза шараларын қолдану; 
 - 
жоспарланған  құлдық  және  құлдыққа  сатуды  жасауға  дайындалғандарды,  яғни  зорлау  сияқты 
әрекеттерге жазалау шараларын барынша қатаңдату; 
 - 
жоспарланған құл саудасын жасаған адамдарға жеткілікті түрде жазалау шараларын белгілеу; 
 - 
мемлекеттің  құлдық  және  құлдыққа  сатудың  алдын  алу  мен  болдырмау  шараларын  қатаң 
қадағалануы [5]. 
 
Сондықтан, адам саудасына жаппай тосқауыл қою мәселесіне біздің ел азаматтары да барынша көңіл 
бөліп, осы бір келеңсіз құбылыстың жолын кесуге өз үлестерімізді қоссақ екен дейміз. 
Тәуелсіз  еліміздің  ертеңінің  бүгінгіден  нұрлы  болуының  өзі  осыған  байланысты  екенін  әсте  естен 
шығармаған дұрыс. 
Әдебиеттер 
1.  Адам  саудасымен  күресу:  стратегиялық  шұғыл  істерді  әзірлеу,  әріптестікті  нығайту,  тәжірибе  алмастыру. 
Алматы: “Дағдарыстық орталықтар Одағы“ ЗТБ, Алматы, 2009. 228б.  
2. 
«Стоп  -  трафик»  оперативті  алдын  алу  шарасының  аясындағы  «Адам  саудасының  құрбаны  болма» 
акциясының нәтижелерінен.  
3. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі 
4. Алауханов Е.О. Криминология ( Қылмыстану): Оқулық. - Алматы: -Жеті жарғы, 2005. 
5. Алмас Жұмағали Криминолоия ( Жалпы бөлім ) дәрістер. Алматы -2004. 
 
Аргингазин Р.К. 
 
магистрант 1 курса Казахского гуманитарно-юридического инновационного университета 
 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ КЕЗЕҢІНДЕ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР 
ТЕОРИЯСЫНДА СЕНІМДІЛІК МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ 
ҚЫЗМЕТІНДЕГІ РОЛІ 
 
Аннотация:  В  настоящей  статье  раскрыта  содержание  достоверности  в  теории  доказательств  и  ее 
роль в правоприменительной практике на современном этапе развития уголовно-процессуальной науки. 
Summary: This article deals with the reliability of the content in the theory of evidence and its role in law 
enforcement at the present stage of development of criminal procedure science. 
 
Дәлелдемелердің  сенімділігі  -  бұл  жауап  алынған  адам  хабарлаған  фактілер  туралы  мәліметтерді 
қабылдау,  түсіріп  алу,  беру  және  белгілеу  шарты;  материалдық  іздердің  пайда  болуы,  сақталуы  және 
көшіріп алу шарты; сараптамалық зерттеудің барысы мен оны қорытындыда дұрыс бейнелеудің шарты; 
тергеушіге  (сотқа)  берілген  құжаттардың  шығу  тегі  мен  жай-күйінің  шартты  көзқарасы  тұрғысынан 
дәлелдемелерді қалыптастыру процесін талдау. 
Дәлелдемелерді  бағалау  олардың  сенімділігі  көзқарасы  тұршсынан  тергеу  іс-қимылы  барысында, 
тергеу  жорамалдарын  ұсынған  кезде,  процессуаддық  шешімдер  қабылдаған  кезде  жүргізіледі. 
Дәлелдемелердің дұрыстығын бағалау мыналардан тұрады: 
1)
 
мәліметтері  бар  адам  (куәгер,  жәбірленуші,  сарапшы  және  т.б.)  шынайы  және  толық  жауап 
(қорытынды) бере алу қабілеттілігі тұрғысында зерттеледі; 
2)
 
ақпараты  бар  материалды  (зат,  құжат,  өзге  де  материалдар)  табудың  сипаты  мен  жағдайлары 
25 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
зерттеледі; 
3)
 
мәліметтердің мазмұны талданады (баяңдаудың дәйектілігі мен толықтығы қарама-қайшылықтың, 
сәйкессіздіктің,  ақтайдақтардың  болуы,  ғылымның  деректері  мен  тұжырымдалған  қорытындылардың 
негізділігі және т.т.); 
4)
 
осы процессуалдық көзден алынған ақпарат басқа да процессуалдық көздерден алынған ақпаратпен 
салыстырылады. 
Біз  бұрын  дәлелдемелерді  бағалауға  тән  сипаттарды  келтіре  отырып,  бұл  қызмет  қылмыстық  іс 
жүргізу құқығы принциптеріне кұрылады деп көрсеттік. Мұндай принциптерге мыналар жатады: 
1)
 
заң  күні  бұрын  іс  бойынша  қорытындыларды  негіздеу  үшін  дәлелдемелердің  бағалылығы  мен 
жеткіліктігін белгілемейді деген ережені негізге алып дәлелдемелерді еркін бағалау; 
2)
 
дәлелдемелерді  бағалаудан  туындайтын  тергеушінің,  прокурордың  және  сот  қорытындыларының 
мазмұны адамдардың нұсқауларымен алдын ала белгілене алмайды; 
3)
 
қылмыстық  іс  бойынша  тергеушінің,  прокурордың,  соттың  қорытындыларының  негізіне  бір 
дәлелдеме емес, дәлелдемелер жиынтығы алынуға тиіс; 
4)
 
тергеуші, судья дәлелдемені өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бірақ ол заңға қайшы келмеуге 
тиіс. 
Дәлелдемелер фактілерінің болуының сенімділігін тексеру және дәлелдемелердің сәйкес келетіндігін 
анықтау  өзара  тығыз  байланысты  және  оларды  саралаудың  шартты  сипаты  бар  және  әдістемелік 
мақсаты болады, сондықтан оларды жеке алып қарау орынсыз. Аталған элементтердің мәні мыналардан 
көрінеді: 
а)  мазмұны  және  онда  бар  мәліметтердің  сенімділігі  көзқарасы  тұрғысынан  дәлелдемелер  көздерін 
талдаудан, зерттеуден; 
ә)  дәлелдемелердің  сәйкес  келетіндігін,  жиынтығын  анықтау  мақсатында  басқа  да  дәлелдеме 
көздерімен және дәлелдемелермен салыстырудан; 
б) белгілі көздердің сенімділігін растайтын жаңа дәлелдемелерді табудан. 
Дәлелдемелерді зерттеу ұтымды және эмоционалдық бастамаларды бөлудің негізінде құрылуға тиіс. 
Субъективтік, эмоционалдық бастама логика мен заңға бағынатын ұтымдылықтан үстем тұрмауға тиіс. 
Осыған сүйенсек, дәлелдемелерді тексерудің нысаны ретінде ойша құру, эмпиризмдік және тәжірибелік 
тәсілдер  танылады  (бұл  орайда  эмпиризмдік  тәсілдер  құбылыстың  сандық  сипатын,  ал  тәжірибелік 
сапалық сипатын бейнелейді). Келтірілген нысандар танымды философиялық саралаудың эмпиризмдік 
және  теориялық  деңгейлерін  түсіндірудің  мәнісі.  Осыған  байланысты  А.А.  Давлетовтың  пікірімен 
келіскен  орынды,  ол былай  деп  атай  өткен  болатын:  «Танымның  эмпиризмдік деңгейі  -  білім  алудың 
тәжірибелік тәсілдерімен сипатталады. Бұл деңгейде объект сезіммен қабылдауға болатын сипаттар мен 
қатынастарда  бейнеленеді.  Танымның  теориялық  деңгейінің  ерекшелігі  мынада:  бұл  деңгейде  білім 
абстрактілі  ойлау  жолымен  қабылданады.  Бұл  жерде  объект  тікелей  сезіммен  зерттеуге  болмайтын 
тұстарымен  және  байланыстарымен  көрінеді.  Алайда,  эмпиризмдік  деңгейге  сезім  ғана  тән,  ал 
теориялық  деңгейге  танымның  ұтамды  нысаны  тән  деп  ойлауға  болмайды.  Сезім  барлық  уақытта  ой 
жүзіндегі операциялармен қатар жүреді, ал ұтымдылық болса тәжірибеге негізделеді. Эмпиризмдік және 
теориялық  таным  туралы  айта  отырып,  біз  білім  алудың  негізгі,  жетекші  тәсілдері  тәжірибе  немесе 
абстрактілі ойлау болып табылатынын есте ұстаймыз». 
Дәлелдемелердің сенімділігі күмән туғызған жағдайда практикада сот шығарылған шешімді заңсыз 
деп таба алады. 
 
Атабаева А.З. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 2 курс магистранты 
 
КРИМИНАЛДЫ ҚҰЛДЫҚ ЖӘНЕ АДАМДАРДЫ САУДАҒА САЛУ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ 
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ 
 
Аннотация: В настоящей статье раскрыты меры по профилактике криминального рабства и торговле 
людьми. 
Summary: In this article the measures to prevent the crime of slavery and human trafficking. 
 
Адамдарды  әсіресе,  әйелдер  мен  балаларды  сату  Қазақстан  мен  басқа  да  бірқатар  елдер  үшін  аса 
маңызды  құбылыс  болып  отырғандығы  соншалық,  ол  қауіпсіздік  пен  ұлттық  генофондқа  қауіп 
төндіруде.  Адам  саудасына  ұлты  мен  азаматтығына  қарамастан  қылмыскерлердің  ұйымдасқан  желісі 
жағдай  жасап  отыр.  Адам  саудасының  өсіп  келе  жатқан  жағдайында  біздің  елімізде  қолданыстағы 
26 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
қылмыстық заңнамаға аталған құқыққа қарсы әрекет түрі үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 
арнайы  құқықтық  нормалар  енгізілген.  Қазір  еліміздің  аумағында  адам  саудасы  саласындағы 
қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. 
Мыңдаған адам жұмыс табу мақсатында заңсыз қоныс аударады. Тіпті, елімізде шетел азаматтарын 
әртүрлі жұмыстарға пайдалану үшін алдап әкеліп, құлдыққа салу ахуалы қалыптасты. Соңғы жылдары 
адамдарды  сату  деректері  күрт  өскен.  Жыл  сайын  оның  құрбандарының  саны  төрт  миллионға 
жуықтайды.  Әсіресе,  қазақ  қыздарын  шетелде  жақсы  әрі  табысты  жұмысқа  алдап  шақырып, 
жезөкшелікке  салу  деректері  де  біршама  артқан.  Биші,  фотомодель  ретінде  алдап  әкелінген  жас 
қыздарды  тәнін  саудалауға  мәжбүрлейді.  Сондай-ақ,  ер  адамдарды  құлдыққа  сату  фактілері  де  едәуір 
өскен. Объективті факторларға сәйкес, еліміз адам саудасы құрбандары келетін, тұратын және транзит 
елдердің  қатарына  жатады.  Адамдарды  сату,  пайдалану,  азғырып-көндіру,  тасу,  жасыру  әрекеттеріне 
байланысты  қылмыстармен  күрес  қатаң  сипатта  жүргізіледі.  Бұл  –  адамдардың  өмір  сүруге, 
бостандығына, денсаулығын қорғауға деген конституциялық құқығын қорғау мәселесі болып табылады. 
Сарапшылардың зерттеуі бойынша, әлемде 2-4 млн. адамдар адам саудасының құрбаны болып келген. 
Ондай  адамдар  қатарында  кедей  отбасынан  шыққандар,  басқа  елге  барып  еңбек  етіп,  табыс  тапқысы 
келетіндер, баспанасыз жандар, қараусыз қалған балалар, жетімдерді жатқызуға болады. 
Құлдықтан  аулақ  болу  үшін  не  істеу  керек?  Ол  үшін:  миграция  қызметіне  тіркелу,  келісім-шарт 
жасасу,  жұмысқа  қабылдаушы  ұйым  мен  тұлғалар  жайлы  хабардар  болу,  бөтен  тұлғаларға  ешқашан 
паспорт және өзге де жеке құжаттарды бермеу керек. Адам құқықтары бұзылуының әртүрлі нысандары 
пайда  болуда,  олар  –  адамның  өмір  сүруге  құқығының  бұзылуынан  бастап  еркін  сөзге  құқықтың 
шектелуіне дейінгі нысандары. Соның ішінде, қазіргі кездегі адам құқықтары бұзылу нысандарының ең 
қауіптілерінің бірі – адам саудасы. 
Қай  заманда  болмасын  адамды  қанау,  зорлық-зомбылық  жасау  ең  сорақы  көрініс  және  үрей 
тудыратын  құбылыс  болып  саналады.  Адам  саудасы  дегенде,  әрбір  кісінің  жеке  заңды  құқығын 
ескерместен оларға зорлық-зомбылық жасау, азапты жұмыстарға жегу, адами еркін аяққа таптау арқылы 
белгілі  бір  топтардың,  яғни  оңай  олжаға  кенеліп,  пайда  табудың  көзіне  айналдыру  секілді  теріс 
сипатында көз алдымызға келеді. Алдап-арбау жолымен өз Отандарынан сырт мемлекеттерге әкетіліп, 
тегін жұмыс күші ретінде немесе жезөкшелікпен айналысуға итермелеу жағдайларын қазіргі заманның 
құлдығы  дегеннен  басқаша  атау  мүмкін  емес.  Ішкі  мазмұны,  орындалу  механизмдері  жұртшылыққа 
тіптен түсініксіз – сәби саудасы, шетелдерге жұмысқа жалдану, т.б. адам саудасының кеңінен жайылған 
түрлері.  Өкінішке  орай,  уақыт  сілкінісінен  түсініксіз  күй  кешкен  кез  келген  мемлекет  ХХІ  ғасырдың 
құлдығына  қарсы  тұра  алмады.  Мұның  көрінісін  мынадан  байқауға  болады:  біріншіден,  адам 
саудалаушылар  өздерінің  қылмыстық  қызметтерін  сырт  көзге  байқалмайтындай  етіп,  ұйымдастыра 
алады. Екіншіден, экономикасы тұрақсыз, әлеуметтік жағдайы төмен елдің халқы құл иеленушілердің 
құрбандығына  бірінші  болып  шалынады.  Үшіншіден,  соғыс  өрті  тұтанған  немесе  тұтануға  жақын 
жанжалды  аймақ  –  «қарабазардың»  қызған  орталығы  деуге  болады.  Адам  саудалау,  жеңгетайлық, 
жезөкшелікпен  айналысуға  тарту,  адамдарды  ұрлау  фактілері  күн  өткен  сайын  жиілеп  келеді.  Адам 
саудасы  криминогендік  бизнестің  алуан  түрлілігі  сияқты  адамзаттың  күрделі  проблемаларының  бірі 
болып табылады. Ол әлдеқашан жекелеген мемлекеттерден тысқары шығып, әлемдік ауқымға ие болды. 
Елімізде  өзінің  экономикалық  және  географиялық  орналасу  жағдайына  байланысты,  өкінішке  қарай, 
адам саудасы құрбандары азаймай отыр. Әрбір жанашыр тұлға, қоғам мен мемлекет болып осы бағытта 
күш  біріктірген  жөн.  Сондықтан  да  жиырма  бірінші  ғасырдың  кеселіне  айналып  отырған  осы  өзекті 
мәселе күн тәртібінен түспеуге тиісті деп есептеймін. 
 
Бүгінгі  таңда  адам  саудасы  алдыңғы  орында  тұрған  қылмыстардың  бірі.  Халықаралық 
сарапшылардың пайымдауынша, адам сату есірткі мен қару саудасынан кейінгі үшінші орында көрінеді. 
Ол бүгінде әлемді толғандырып отырған мәселе Қазақстан Әділет Министірлігі әлемдік ауқымдағы адам 
саудасы  мәселесі  мен  күресте  ұлттық  деңгейде  үйлестіруші  болып  табылады.  Әлемді  шырмаған  бұл 
шырғалаңның  алдын  алу  үшін  бізде  де  барлық  шаралар  қолға  алынуда.  Ең  бастысы  қауіпсіздік 
шараларын  күшейтіп,  жер-жерде  ақпараттық  қамтамасыз  етуді,  халыққа  сақтық мәселесін  кеңінен 
түсіндіруді қолға алған жөн [1,б.75]. 
 
Адамдарды сату жолымен пайдалану, пайда көру мақсатында оларды күш қолдана отырып қорқыту, 
мәжбүрлеу,  ұрлау  немесе  жағдайының  осалдығын  пайдалану  арқылы  жүзеге  асырылатынын  арбауды, 
тасымалдауды, тапсыру әрекеттері болып табылады. Бұл орайда кем дегенде адамдардың жезөкшелігін 
пайдалану немесе нәпсіқұмарлық пайдаланудың басқа нысандары, құлдық немесе құлдыққа ұқсас әдет-
ғұрыптар, бағынышты жағдай немесе адам органдарын кесіп алу кіреді. 
 
Адам сату жолдарын пайдалану бағыттары: 
 
Адамды жезөкшелік жолымен пайдалану; балаларды сату жолымен донорлыққа пайдалану; адамды 
27 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
құлшылыққа пайдалану. 
 
Қазіргі  уақытта  осыған  байланысты,  БҰҰ-на  мүше  болған  мемлекеттер  сауда  нысанына  айналған 
құрбандарды қорғау іс-шараларын кеңінен жүргізіп жатыр. 
Яғни, біріншіден, әрбір  қатысушы  мемлекет  тиісінше  жағдайларда  және  оның  ішкі  заңнамасына 
сәйкес  мүмкін  болатын  шамада  адам  сатудың  құрбандарының  жеке  өмірін,  жеке  басын,  оның  ішінде 
басқалардың арасында осындай саудаға жататын істің құпия сипатын қорғауды қамтамасыз етеді. 
 
Екіншіден, әрбір қатысушы  мемлекет оның  ішкі құқықтық  немесе  әкімшілік жүйесі  тиісінше адам 
сату құрбандарына: 
а) тиісті сот және әкімшілік талқылау туралы ақпарат беруге; 
б) қылмыс  жасаған  адамдарға  қатысты  қылмыстық  істің  тиісті  кезеңдерінде  олардың  пікірлері  мен 
қауіптенулерін  айтуға,  оны  қарауға  мүмкіндік  беретін  қорғану  құқықтарына  зиян  келтірмейтін  көмек 
көрсетуге мүмкіндік беретін шараларды көздеуін талап етеді. 
 
Үшіншіден, адамдарды сату құрбандарының дене бітімін, психологиялық және әлеуметтік оңалтуды 
қамтамасыз  ету  жөніндегі шараларды  іске  асыру  мүмкіндігінен,  оның  ішінде  тиісінше  жағдайларда 
үкіметтік  емес  ұйымдармен,  басқа  да  тиісті  ұйымдар  және  азаматтық  қоғамның  элементтерімен 
ынтымақтаса  отырып,  соларды  атап  айтқанда:  а) тиісті  пана;  б) адамдарды  сатудың  құрбандарына 
консультативтік  көмек  және  оларға  заңды  құқықтарына  қатысты  ақпарат  беруді;  в) медициналық, 
психологиялық материалдық көмекті; г) жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіби даярлық саласында 
мүмкіндіктер беруді көздейтін шараларды қарастырады. 
 
Төртіншіден, осы  баптың  ережелерін  қолдану  кезінде  адамдар  сату  құрбандарының  жасын, 
жынысын және ерекше қажеттіліктерін, атап айтқанда, балалардың ерекше қажеттіліктерін, оның ішінде 
тиісті пана, білім беру және күтіміне қатысты ескереді. 
 
Бесіншіден, атылмыш мемлекеттер осындай құрбандар оның аумағында болған кезеңде адамдарды 
сату құрбандарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылады. 
 
Алтыншыдан, оның  ішкі  құқықтық  жүйесі  адамдарды  сату  құрбандарына  келтірілген  зиян  үшін 
өтемақы алу мүмкіндігін беретін шараларды көздеуді қамтамасыз етеді [1,б.75]. 
 
Алдын  алу,  ынтымақтастық  және  басқа  да  шараларын  негізге  алатын  болсақ,  адамдарды  сатудың 
алдын-алу: 
 
БҰҰ-на қатысушы мемлекеттер: 
а) адамдарды сатудың алдын алу мен онымен күресу; 
б)  адамдарды  сату  құрбандарын,  әсіресе  әйелдер  мен  балаларды  ревиктимизациялаудан  қорғау 
мақсатында кешенді негізде саясат, бағдарламалар мен басқа да шараларды әзірлейді және қабылдайды. 
 
Сонымен бірге, қатысушы мемлекеттер зерттеулер, ақпараттық науқандар, оның ішінде бұқаралық 
ақпарат  құралдарында  өткізу  сияқты  шаралар  қабылдауға,  сондай-ақ  адамдарды  сатудың алдын  алуға 
және онымен күресуге бағытталған әлеуметтік экономикалық бастамаларды жүзеге асыруға ұмтылады. 
 
Заңдарға сәйкес әзірленетін және қабылданатын саясат, бағдарламалар мен басқа да шаралар тиісті 
ұйымдар мен азаматтық қоғамның басқа да элементтерімен ынтымақтастықты қамтиды. 
 
Адамдарды сату, оны құлдыққа салумен күрес бүгінгі құқық қорғау органдарының басты қызметі. 
Мұндай  әрекеттермен  әрбір  азамат  белсене  күресуі,  құқық  қорғау  органдарына  көмекші  болуы 
тиіс [2,б.26].  
Адам саудасына қарсы іс-қимыл үшін Қазақстан жан-жақты қадам жасауда, оның ішінде мынадай іс-
шаралар  жүзеге  асырылуда:  адам  саудасын  болдырмау  мақсатында  кең  ауқымды  ақпараттық 
компаниялар; адам саудасы заңсыз әрекеттерінің жолын кесу мақсатында құқық қорғау органдарымен 
бірлесіп,  жедел  сипаттағы  іс-шаралар;  адам  саудасының  құрбандарына  олардың  құқықтарын  қорғау 
көзделетін көмектер көрсету, т.б. 
Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі бөліністер үшін құл саудасына байланысты қылмыстардың 
алдын алу және анықтау жөнінде ұсынымдар әзірленген. Ішкі істер органдарының қызметкерлері осы 
саладағы біліктіліктерін арттыру үшін арнайы курстарға тұрақты қатысады. 
 
2012  жылдың  жеті  айында  163  қылмыстық  іс  қозғалған,  мұнда  адам  саудасымен  күрес  жүргізіп 
отырған үкіметтік емес ұйымдардың үлесі мол деп атап көрсетті. ҚР ӘДМ және ҮЕҰ тегін 1409 қызу 
желісін құрды, оған адамдар хабарласып, адам саудасы туралы ақпараттар қалдыра алады. 2012 жылдың 
бірінші жарты жылдығында қызу желіге 632 қоңырау түсті. 
Алайда,  адам  саудасына  қарсы  күресте  қатаң  шаралар  қолданыла  бастағанымен,  қылмыскерлердің 
әдістері барынша тұрпайыланып, қаныпезерлене түсуде.  
Елімізде  дамыған  ұйымдастырушылық  әлеуетке  ие  және  оның  қатысушы  мемлекеттерге  адам 
саудасының жолын кесу жөніндегі олар қабылдаған міндеттемелерді орындауға тиімді көмек көрсетуге 
қатысты  жақсы  «қызмет  тізімі»  бар.  Бұл  нақты  қызметке  ұлттық  деңгейде  істерді  тапсырудың  және 
28 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
қараудың тиімді әрі жан-жақты қамтитын тетіктерін жасауға жәрдемдесу, сондай-ақ құрбан болғандар-
ды анықтаудың және оларға көрсетілетін кепілдендірілген қолдау мен қорғау жүйесін жетілдіру кіреді 
[2,б.26]. 
Жуырда еліміздің Ішкі істер министрлігі Криминалды полиция комитетінің ұйымдасқан қылмыспен 
күрес басқармасының өкілдері адам саудасына қатысты қылмыстың өршіп тұрғанын мәлімдеді.  
Құзырлы орын таратқан деректерге сүйенсек, еліміз бойынша жылдан жылға адам саудалағандардың 
қатары  көбейе  түсуде.  Осы  қылмыстың  алдын  алу  үшін  қолданыстағы  заңға  бірнеше  өзгертулер  мен 
толықтыру енгізу қажет. 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет