Қазақ және орыс тіліндегі зат есімдер Көпжасаров Нұрәділ 6- сынып, Сәбей Перизат 9-сынып, Жылыбұлақ ом. Жылыбұлақ ауылы, жет.: Г. Б. Тұрсынбекова



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#20978
түріСабақ
  1   2   3

Қазақ және орыс тіліндегі зат есімдер

Көпжасаров Нұрәділ 6- сынып, Сәбей Перизат 9-сынып,

Жылыбұлақ ОМ. Жылыбұлақ ауылы,

жет.: Г.Б.Тұрсынбекова

 

Гипотеза: Қазақ және орыс тіліндегі зат есімдердің жасалуы бірдей бола ала ма.

Өзектілігі: Зат есім екі тілді пәнді байланыстырушы болып табылады.

Мақсаттары: жоба 1 жылға есептелген.

Зат есімнің шығуы мен дамуын зерттеу

Қазақ және орыс тілі сабақтарында зат есімді пайдалануды зерттеу.

Қазақ және орыс тіліндегі зат есімнің түрлері мен құрылысын қарастыру.



Зерттеу әдістері:

Зат есім бойынша ғылыми әдебиетті зерттеу және талдау.

Мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізу, пән мұғалімдерімен әңгімелесу.

Зат есім категориясын өткенде орыс тілінде де, қазақ тілінде де кім? (кто?), не? (что?) деген сұрақтарға жауап беретін сөздер зат есім болады.Айырмашылығы, қазақ тілінде кім? (кто?) сұрағы тек адамға және оның мамандығына байланысты қойылады. Ал не? (что?) сұрағы қалған барлықтарына жанды және жансыз заттарға қойылады.

Мысалы: Айман (кім?), мұғалім (учитель) (кім?), торғай (воробей) (не?), ағаш (дерево) (не?). қазақ тілінде бұл сұрақтармен қатар кімдер? Нелер? деген сұрақтары бар, олар заттың көпше түріне қойылады. Мысалы, кім? оқушы (ученик), кімдер? Оқушылар (ученики). Мұндай көпше түрдің сұрақтары орыс тілінде жоқ. Мысалы: ученик (кто?), ученики (кто?).

Екі тілде де зат есім (существительное) жалқы есім (собственное) және жалпы есім (нарицательное) болады. Зат есімнің жасалу жолдары, жекеше, көпше түрлері, жіктелуі-барлығы орыс тілімен салыстырмалы түрде беріледі. Орыс тілінде тек категориясы деген бар, ал қазақ тілінде мұндай категориясы жоқ. Адамның және жануардың тектік айырмашылығы қазақ тілінде жеке сөздің семантикасында жатады. Мысалы: қыз, ұл, тауық, әтеш, немесе сөз тіркесімен беріледі, мысалы ауру әйел (больная женщина), ауру еркек (больной мужчина). Бірақ мұндай айырмашылық грамматикалық категорияға жатпайды. Екі тілде де жекеше түр (ед.число) және көпше түр (мн.число) бар. Орыс тілінде –и, -ы, -а жалғаулары арқылы, ал қазақ тілінде көпше түр көптік жалғаулары -лар, -лер; -тар, -тер; -дар, -дер арқылы жасалады. Мысалы, книга-книги, кітап-кітаптар. Қазақ тілінде орыс тілімен салыстырғанда зат есім және де есімдік, сын есім, сан есім, етістік  жіктік жалғауларын жалғайды.

Қазақ тілінде тәуелдік категориясы бар, мұндай құбылыс орыс тілінде жоқ. Орыс тілінде жоқ болғандықтан, бұл тақырыпты меңгеруде қиындық туады. Тәуелдік тұлға ( притяжательная форма) заттың меншіктігін білдіреді, ол қазақ тілінде тәуелдік жалғаулары (притяжательные окончания) арқылы беріледі.Мысалы, менің қаламым, сенің қаламың, сіздің қаламыңыз, оның қаламы, біздің қаламымыз, сендердің қаламдарың, сіздердің қаламдарыңыз, олардың қаламдары. Ал орыс тілінде заттың тәуелдігі тәуелдік есімдіктері арқылы беріледі. Мысалы, моя ручка, твоя ручка, его ручка. Егер біз орыс тілінде тәуелдік есімдіктерін қолданбасақ, онда заттың кімге меншікті екенін біле алмаймыз. Ал қазақ тілінде Ілік септіктегі жіктеу есімдіктерін қолданбасақ та заттың кімге меншікті екенін тәуелдік жалғаулары арқылы білеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет