Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер, қазақ мәдениеттің басталуы Қазақстан жеріндегі ежелгі өркениетті мәдениет



бет1/7
Дата11.11.2022
өлшемі140,33 Kb.
#49287
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер, қазақ мәдениеттің басталуы

1. ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ЕЖЕЛГІ ӨРКЕНИЕТТІ МӘДЕНИЕТ.

  • 1.Ежелгіқалалар: Отырар, Тараз, “Ақтөбе”, (VII-XIIғ) қалалар мен қоныстардың түрлері, қаладағы халықтың құрамы,сәулет өнері және жайластырушылық.
  • 2.Алматы өңіріндгі Есік обасындағы “Алтын адам” ,сақтардың мәдениеті мен көркем өнері,оюдың стилі және мотиві,үй киімі.
  • 3.Арабтар жаулап алу кезіндегі Қазақстан мен Жетісу: араб тілі мәдениетінің әсер етуі, Әл-Фараби, исыламның таралуы.

2.Қазақстан жеріндегі өркениетті мәдениет

  • 1.Отырар 8-ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі болды.Бұл атауКүлтегін” және Білге қаған ” құрметіне арналған көне түрік руна жазбаларында кездеседі. VIII ғасырдағы араб графигі Якут Тарбант, Түрар,Тұрарбанд пен Отырар-бір қала деп жазған. Отырар IX ғасырдың өзінде –ақ ірі қала болған. X ғасырдың географиялық жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аймағы аталды. Бас қаласы аймақ есімімен Фараб аталған. X ғасырдан Кедердің орнына астана де,аймақ та Фараб делінген. Кедер отырардың солтүстік немесе солтүстік батысында V-XV ғасырларда отырар арал бойндағы көшпелілер тайпалармен сауда жасайтын орталық , Иран мен Орта азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. XVI ғасырдың 2-жартысынан қала қазақтардың биілігіне біржолата кошіп,XVIII ғасырдың басына дейін өмір сүрген.
  • Тараз. Қазақстанның оңтүстігінде қолөнершілер тұрақтары біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың аяғында-ақ пайда бола бастады.Көне “Жібек жолында ” қанат жайып өркендеген осындай қалалардың бірі-қазіргі Жамбылдың бастамасы-ежелгі Тараз (Талас) болып табылады.


Бұл жайындағы алғашқы тарихи жазба грек емшісі Зерамхтың хабарнамасында айтылады,ал 630 жылы Сюань Цзанның жазбасында Тараз (қытайша Далосе) ірі сауда қаласы ретінде сипатталады.

Махмұд Қашқаридың лұғатында Баласағұн тәрізді Тараздың тұрғындары соғды түрік тілінде сөилеген делінеді.VII-VIII ғасырларда ол “Ұлы жібек жолында” орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған.

Тараздың ең өркендеп өскен кзеңі Қарақан әулиеті билік жүргізген X-XII ғасырлармен тұтас. Бұл кезде қайтадан салынып, теңге соққан ұстаханасымен, сауда-саттығымен, қолөнерімен әлемге әйгілі болған. Қала ішінде су құбірі жүргізіледі, моншалар салынады.Сәулет өнерініңтамаша туындылары бой түзейді. Бұлардың ішіндегі аса көрнектілері-ежелгі Тараз рабадына(қолөнершілер тұрағы) орналасқан Қарахан бейіті, қала сыртындағы Бабаша қатын, қазақ ұлттық сәулет өнерінің тамаша үлгісі болып табылатын Айша-бибі күмбездері.

Бүл дәуірде Тараз әуелде қытайлардың,одан кейін Хорезм шахы Мұхаммедтің, ал 1219 жылы Шыңғысхан шапқыншылығына тап болды да тонауға түседі, қиратылады.Бірақ ол мұнан кейін де өз сәулетімен байлығы арқасында саяхатшыларды таңдандырып, тағы да екі ғасыр өмір сүреді.

Қаланың құлдырауы-XV ғасырдан, яғни ежелгі Қазақстанның қалалары арқылы өттін “Көне Жібек жолы” ұлы географиялық жаңа жерлер ашылуына байланысты өз маңызын жойған кезеңнен басталады. Кезінде әлемге әйгілі үлкен қала орнында XV-XVIIғасырларда шағын ғана елді мекен қалған.Ол XVII ғасырдан бастап Әулие ата деп атала басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет