Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық



Дата02.02.2023
өлшемі13,29 Kb.
#64750

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық
университетінің Филология институтының
«5B011700» - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының
4-курс студенті
Тныштыбаева Аружан Қайнарқызына

Мінездеме
Тныштыбаева Аружан Қайнарқызы Алматы қаласы М.Мақатаев атындағы № 140 гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 05.10.2020 ж. - 05.12.2020 ж. аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үздіксіз педагогикалық іс - тәжірибеден өтті. Практикадан өту барысында Аружан өзінің тек жағымды жақтарын көрсете білді. Бастапқы күндерден бастап сабақ жүйесімен тез танысып, оқушылармен тез тіл табысып кетті. Қашықтықтан оқыту жүйесіне қарамастан, сабаққа тыңғылықты дайындалып, өз алған білімінің жоғары дәрежеде екенін таныта білді. Үнемі сабақты қызықты әрі көңілді өткізіп, оқушылармен арада берік көпір орната білді. Аружан тығырықтан тез жол тауып, жылдам шешім шығара біледі. Сабақ барысында ерекше әдіс-тәсілдерді қолданып, әр сабақ сайын жаңаша видео-роликтер,оқушыларға қызықты тапсырмаларды ұсынуымен таң қалдырды. Аружанның мінезі өте жайдары. Әрқашан жымиып жүреді, оқушыларды да қуантуға тырысады. Әр істі бастамас бұрын бір жүйеге келтіріп, тиянақты орындауды мақсат тұтады. Аружанның бойынан ұстазға тән ерік-жігер, байсалдылық пен асқан жанашырлық қасиеті байқалады. Болашақта білікті, жаңашыл, ұшқыр ойлы маман боларына сеніміміз мол.
Аружан секілді өз ісінің майталманы болуға сай студенттер көп болса екен деймін. Осы орайда, білікті маман даярлап жатқан Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университетінің ұстаздарына алғыс білдіремін.

Жетекші бағасы:


Мектеп директоры: Тілеубай С.Ө

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет