Қазақ Ұлттық костюмнің КӨркемдік жобалауындағЫ ҚҰрылымын талдау



жүктеу 208.75 Kb.
Pdf просмотр
Дата30.12.2016
өлшемі208.75 Kb.

307 

 

ƏОЖ 391:7.048.38 

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОСТЮМНІҢ КӨРКЕМДІК ЖОБАЛАУЫНДАҒЫ 

ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ  

  

Уалиев Н.Б., Уалиев Б.М. 

(М.Х.Дулати атындағы Тараз МУ)

 

 

 

 

Көркем  жобалау  тəсілінің  нəтижесінде  өндіріске  енгізілген  жаңа  жобалаудың 

түрлері,  өзара  ерекше  болып  келеді.  Бұл  ерекшелік,  техникалық  жəне  көркем 

жобалаулардың  біріктіруі  арқылы  анықталады.  Біріккен  кезеңінде  біркелкі,  тиімді 

өндіріс  бұйымдарының  жобалау  процесі  пайда  болады.  Бұл  кезеңде,  ғылыми  түрде 

анықталған  көркем  жобалаудың  əдістерін  қолдана  отырып,  түрлі  ғылымдардың 

жетістіктеріне  сүйене,  біріншіден  өндіріс  өнерінің  теориясына,  жобалаушы,  əр 

бұйымды, əр затты ерекше түрде кеңістіктік тұтасты элемент секілді орындауға тырысу 

қажет.  Нəтижеде  пайда  болған  бұйым-заттар  қазіргі  мəдениет  даму  күйін  қамтып 

көрсетеді. 

Киімнің  көркемдік  жобалауының  қазіргі  теориясы,  бұрыннан  келе  жатса  да, 

шамалы  дəрежеде  қарастырылған.  Костюм  мен  оның  аксессуарларының  эволюциясы 

пайда болғанна бастап жобалау кезеңдерінде, тиімді түрде киім пішінінің шешімдерін, 

құрылыстық  шешімдерін  функционалдық  қасиетке  ие  болу  үшін  пайдаланған. 

Қоғамның  өзгеруіне  байланысты,  өндірістің  тəсілдеріне,  экономикалық  жағдайлардың 

алмасуына  байланысты  бұйымдардың  жобалау  процесі  күрделене  басталды.  Костюм 

адамның  нақтылы  бейнесімен  тығыз  байланыстылығымен,  киімнің  көркемдік 

жобалауы машиналармен қоршаған ортаның көркемдік жобалауына қарағанда одан да 

күрделі  болып  келеді.  Сондықтан,  қазіргі  уақытта  костюмнің  зерттеуі  өте  маңызды 

болып келеді. 

Қазіргі  уақытта  тұтынушының  киімге  талабының  ұсынуы,  əлеуметтік-

экономикалық сəйкестігімен жəне адамның анатомия физиологиялық ерекшеліктерімен 

мəжбүр  етеді.  Киім  қазіргі  заманға  сай  көркемді,  əдемі  болуы  керек.  Киімнің  пішіні 

атқаратын міндетімен жəне костюмнің басқа элементтерімен сəйкес болуы керек.  

Қазіргі заманға байланысты жеңіл өнеркəсіп өндірісінде жасы келген адамдарға, 

əсіресе  жастарға,  олардың  жоғарғы  эстетикалық  талаптарына  байланысты  киімді  кең 

ассортимент шығаруға ұсыныс болып тұр. 

Костюм  сəнінде  киімнің  классикалық,  сəнге  оңайлықпен  берілмейтін 

құрастырушылармен,  қазіргі  заманның  бетке  тұтар  стильдерінің  жаңа  үлгілері  пайда 

болуда.  Бұл  үлгілердің  ассортименттері,  түрлері  конструктивтік  жəне  стильдік 

шешімімен ерекшеленеді.  

Қазіргі  егемендік  алған  заманымызда,  ұлттық  дəстүр,  ұлттық  киім  кеңінен 

қолданылатын  болды.  Əр  ұлттың  күнделікті  тұрмысында,  киімінде,  бүкіл  өмірінде 

өзіне тəн ерекшеліктері болады. Сол ұлттық мотивтер бұйымдардың сыртқы түрін, бет-

əлпетін  өзгертетін,  жаңартатын  негізі.  Ұлттық  костюм  халықтардың  қарым-

қатынастарын,  ырымдарын,  əдет-ғұрыптарын,  жораларын,  дəстүрлерін  бір-бірінен 

айырып  көрсетеді.  Айырмашылықтары  киімнің  пішінінде,  өңдеуінде,  ою-өрнек 

əшекейлеуінде жəне кестелегенінде байқауға болады.  

Қазақстан мен Орта Азия халықтарының өзгеше ұлттық ерекшеліктерін байқауға 

болады.  Ал  қазіргі  жастардың  қазіргі  заманға  сəйкес  қолданатын  киім,  аяқ  киім  жəне 

басқа  бұйымдардың  түрлері,  жылдар  бойы,  ғасырлар  бойы,  халықтың  іріктеп  алған 


308 

 

əдет,  дəстүр  ғұрыптарын  жоққа  шығаруы  мүмкін.  Сондықтан,    қазіргі  көркемдік 



жобалау  кезеңінде,  халық  мотивтеріне  көңіл  аудару,  қайнар  көзін  табу,  оны  зерттеу 

жəне қолдануы өте  маңызды, ерекше болып  келеді. Бұл  ерекшелік: біріншіден, халық 

дəстүріне,  халық  өнеріне  бет  бұру,  əдеттегідей,  киімде  қоршаған  ортаның  көркемдік 

композициялық  шешімі  арқылы,  қазіргі  уақытқа  сай,  жаңа  пішіндерді  іздестіру  емес, 

мəдени мұраны сақтап қалу; екіншіден, əр халықтың ұлттық дəстүрі, қазіргі қоғамдық 

мəдени дəстүрлерді нығайта молайтып, сапасын арттырады.  

Ұлттық костюмге айқын көрінісін беру үшін, оның қажетті ерекшелігін, дəстүрлі 

ұлттық  конструкцияларының  талаптарына  назар  аударып,  істің  барлық  жағдайларын 

еске  ала  отыру  керек.  Сондықтан,  бұл  мəселеге  ғылыми  шаралар  жинағын 

ұйымдастырып,  осы  салада  қолданатын  көркемдік  жобалаудың  дəстүрлік  əдістерін 

айқындап,  технологиялық,  функционалдық  жəне  эстетикалық  шараларға  сүйене 

отырып, осы қойылған мақсаттың негізінде тиісті қорытынды жасап, оларды теориялық 

жəне тəжірибелік көзқарас арқылы шешу керек деп ойлаймыз. 

Киім  үлгілері  мен  ұлттық  сəндік  элементтерінің  қарым-қатынастарына  назар 

аударсақ,  осы  қатынастар  пішіннің композициялық құрылымына  бағынышты.  Ұлттық 

элементтер функционалдық жəне эстетикалық рөль атқарады да бұйымдардың сапасын 

жоғарлатып,  оларға  ең  ықтималы  көркемдік  айқындық  түр  береді,  себебі,  ұлттық 

дəстүр-ғұрыптар сəнге əсер ететін негізгі факторлардың бірі. Бұл факторлар əрқашанда 

да қолдануда, себебі, ұлттық салт-дəстүрлер киімдердің үлгілерін «тірілтіп» жаңартады, 

халықтың тұрмыстық өмірінің шағылысы болып, ерекшеліктерін көрсетеді. Костюмнің 

көркемдік жобалауының жүйесін дамыту, функционалдық жəне эстетикалық сапаларын 

ұлттық  дəстүрлер  арқылы  жоғарлату  жəне  жақсарту,  бұйымдардың  түрлерін  кеңейте 

өндіреді. 

Костюмнің  пішін  құруына  зерттеу  жүргізу  көркемдік  жобалаудың  көзқарасы 

бойынша  киімнің  сапасын  жоғарылату,  утилитарлық  жəне  эстетикалық  қасиеттерін 

жақсарту, дəлелдік зерттеу жұмыстарының кейбір негізгі бағыттарын анықтай отырып, 

киімдегі  даму  саласында  эстетикалық  сапалы  бұйымдардың  əзірлеу  процесін 

айқындайды. 

Бұйымның  композициясымен  жұмыс  істеу  аяғында,  оның  қолайлы  пішінін 

анықтап  алу  керек.  Ол  пішін  атқаратын  міндетіне,  адам  дене  бітімімен  бұйымның 

құрамына, өндірістің технологиясына лайық жəне эстетикалық талаптарға жауап беру 

керек. 


Киімнің  пішіні  өте  күрделі  болып  келеді  де,  ал  мүшелеу  сызықтары,  яғни, 

құрастыру жəне сəндік тігістері көп жəне күрделі түрде кездеседі. Бұлардың пішін құру 

əдістерін,  заңдылықтарын,  композициялық  талдауын,  ішкі  структурасын  үйлестіру 

мақсатымен  талдап  игеру,  үлгілердің  элементтерін  жазық  бөлшектер  арқылы  пішіп, 

осылардың көлемді пішінді құру əдістерін байқауға жəне өндірісті осы айтып отырған 

өнімді  шығаруға  техникалық  дайындық  жасауға  мүмкіндік  беріп  отырады.  Киімнің 

бөлшектерінің көркемдік жобалауы жұмыстың өте бір күрделі жəне жауапты кезеңдері 

болып  келеді,  себебі,  бұл  жерде  барлық  құрастырулық,  сəндік  жəне  үлгілердің 

көркемдік элементтері нағыз дəлəлдікпен орындалу керек [1]. 

Костюм  пішінінің  пайда  болуын  зерттеу,  оның  ішкі  мүшелену  структурасын 

анықтау  жəне  үлгілердің  элементтерін  үйлестіру,  киімнің  дəстүрлі  құралына,  сыртқы 

көрінісін өзгерту үшін айтарлықтай өзгерістер ендіруге мүмкіндік береді. 

Көркемдік  жобалауындағы  костюм  пішінінің  көлем  құру  тəсілдеріне  арналған 

сұрақтар  аз  зерттелген.  Костюмнің  пішін  құруына  зерттеу  жүргізу  көркемдік 

жобалаудың  көзқарасы  бойынша  киімнің  сапасын  жоғарылату,  утилитарлық  жəне 

эстетикалық  қасиеттерін  жақсарту,  дəлелдік  зерттеу  жұмыстарының  кейбір  негізгі 

бағыттарын  анықтай  отырып,  киімдегі  даму  саласында  эстетикалық  сапалы 

бұйымдардың əзірлеу процесін айқындайды. 



309 

 

Бұйымның  композициясымен  жұмыс  істеу  аяғында,  оның  қолайлы  пішінін 



анықтап  алу  керек.  Ол  пішін  атқаратын  міндетіне,  адам  дене  бітімімен  бұйымның 

құрамына, өндірістің технологиясына лайық жəне эстетикалық талаптарға жауап беру 

керек. 

Киімнің  пішіні  өте  күрделі  болып  келеді  де,  ал  мүшелеу  сызықтары,  яғни, 



құрастыру жəне сəндік тігістері көп жəне күрделі түрде кездеседі. Бұлардың пішін құру 

əдістерін,  заңдылықтарын,  композициялық  талдауын,  ішкі  структурасын  үйлестіру 

мақсатымен  талдап  игеру,  үлгілердің  элементтерін  жазық  бөлшектер  арқылы  пішіп, 

осылардың көлемді пішінді құру əдістерін байқауға жəне өндірісті осы айтып отырған 

өнімді  шығаруға  техникалық  дайындық  жасауға  мүмкіндік  беріп  отырады.  Киімнің 

бөлшектерінің көркемдік жобалауы жұмыстың өте бір күрделі жəне жауапты кезеңдері 

болып  келеді,  себебі,  бұл  жерде  барлық  құрастырулық,  сəндік  жəне  үлгілердің 

көркемдік элементтері нағыз дəлəлдікпен орындалу керек. 

Тігістер  үш  түрге  бөлінеді  –  құрастыру,  сəнді  жəне  құрастыру-сəнді  болып. 

Бұлардың  барлығын  костюмнің  көркем  жобалауында  мүшелеу  сызықтар  дейді. 

Мүшелеу сызықтарға безендіру элементтерде (ою-өрнек, кесте, жапсырма) жатады. 

Құрастыру  мүшелеу  сызықтарға  киімнің  жазықтық  бөлшектерін  тігу  арқылы 

біріктіріп, көлемді тұйық пішінді тудыру жатады. Бұның негізгі мағынасы, құрастыру 

мүшелеулердің  пішін  құрылымы  бұйымның  адам  тұлғасындағы  ыңғайлығына  əсер 

етеді.  

Сəндік мүшелеу сызықтар бұйымның сыртқы көрінісіне эстетикалық əсер береді. 

Эстетикалық  əсер  əр  түрлі  киімдердің  бөлшектерінің  бетін  көркемдеу,  бір  тегісті, 

немесе  жарым-жартылай  əшекейлеу,  оны  геометриялық,  өсімдік  т.б.  элементтермен 

толтыру, жазықтықтың шетін кестелеу, оюлау арқылы пайда болады  [2]. 

Құрастыру-сəнді мүшелеу сызықтар екі қызмет атқарады. Біріншіден, ол киімнің, 

бұйымдардың пішінін біріктіріп тігіс арқылы қарастырып тұрса,  екінші жағынан атап 

кеткен бұйымдардың бетін əшекей элементтермен безендіріп отырады.  

Жүргізілген  талдау  костюмдерді  көркемдік-композициялық  сипаттама  арқылы 

пішіндердің  құрастыру  жəне  сəнді  мүшелену  түрлерін  анықтайды.  Ішкі  мүшелеу 

сызықтардың  салыстырмалы  дəрежелі  белгілері,  олардың  маңыздылығы  жəне 

костюмнің  пішінінің  аппроксимациясы  үш  баздық  пішіндерді  –  тік  төртбұрышты, 

трапециялық,  овалды  түрлерге  бөлуге  мүмкіндік  береді.  Осы  пішіндердің  элементтері 

түрлі геометриялық денелер, кластар, топтар болып бөлінеді. 

Талдаудың  нəтижесінде,  талдамалық  костюмдердің  ассортименттері  киімдерді 

толтыратын  мүшелеу  сызықтары  арқылы  көп  түрге  бөлінеді.  Осы  жағдайда  пішінді 

толтыру  негізгі  тəсілдері  мен  əдістерін  байқау  қажеттілігі  пайда  болады  да,  сонымен 

бірге  костюмнің  ішкі  пішінінің  толтыру  заңдылықтарын  анықтай  отырып,  үлгілердің 

эстетикалық  жəне  техникалық  толық  сипаттамаларына  анықтама  беру  қажет  болады. 

Графикалық  салыстыру  əдісін  қолдана  отырып  белгіленген  мүшелерді  бір  масштабқа 

келтірдік.  Бұл  бізге  əр  конструктивті  негізіне  қорытылған  құрастыру  жəне  сəнді 

мүшелеулерді,  өздеріне  белгілі  тəн  сипаттамалармен  ұымдастыруға  мүмкіндік 

туғызады. 

Қазіргі уақытта əлеуметтік бағдарламаны іске асыру үшін, ең үлкен негізгі сұрақ 

болып  халықты  қалай  өндіріс  тауарларымен,  сəнді  киіммен,  мəдени  тұрмыстық  зат-

бұйымдармен, шаруашылыққа арналған жəне т.б. көпшіліктің талап ететін заттарымен 

қамтамасыз ету. 

Костюмнің көркемдік жобалау тəсілін дамыту үшін, сапасын жоғарлату жолдарын 

қарастырып, халық өнері арқылы ізденіс салып зерттеу жүргізілуде. 

 


310 

 

Жүргізілген зерттеу жұмыстың нəтижесіндегі жасалған қорытындылар: 



–  көркемдік  жобалаудағы  костюмнің  пішін  құруы  қоғамдық-экономикалық  даму 

күйін қамтып көрсетеді, өнердің тенденциясын, технологиялық процестерді дамытады 

жəне жаңа материалдар түрлерін шығартады; 

–  көркемдік жобалау тəсілін ендіру өндіріс бұйымдарға аса жоғары ақпараттылық, 

барынша  үптелгенділік,  пішіннің  маңыздылығын  жəне  тұтастығын,  эстетикалық 

мүлтіксіздік, бір уақыттылықта жоғарғы техникалық, экономикалық жəне эстетикалық 

талаптарға жауапкершілік қамтамасыз етеді; 

–  графикалық  талдау  тəсілі  арқылы  орындалған  киімнің  құрастыру  негіздерінің 

сəндік  мүшеленуінің  талдап  қорытылған  схемасын,  көркемдік  жобалаудың 

этаптарында  киімнің  құрылымын  тұрғызу  заңдылықтарын  бағалай  отырып,  жаңа 

үлгілерді қойылған мақсатқа сəйкес шешуге мүмкіндік береді; 

–  құрастыру  –  сəндік  мүшелеу  сызықтар  киім  негізінде  пішіннің  көркемдік 

композиция шешімдерінің ережелері мен заңдылықтары арқылы құрастырылады; 

–  қазақ  халық  костюмі  мен  элементтерінің  композициялық  көрінісі,  эстетикалық 

идеясы,  көркемдік  образы,  геометриялық  түрімен  оюдың  сипаттамасы  өзара 

байланысын айқындайды; 

–  қазақ  халық  оюының  классикалық  симметрия  арқылы  өзгеруі  костюмнің 

құрылымында  оюдың  түрлі  комбинацияларын  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Қазіргі 

уақыттағы  киімде  оюлардың  элементтерін  қолдана  отырып,  сəндік  тенденцияларға 

сəйкес түрлі үлгілерді ұсынуға болады; 

–  ою-өрнектердің түрлерін костюмде, бас жəне аяқ киімдерде, тұрмыстық заттарда 

қолдануы  бұйымдардың  көркемдік  образды  маңызын  сапаландырып  жəне  олардың 

жалпы эмоционалдық айқындылығының шешімдерін анықтайды; 

–  костюмнің  құрастыру  негізінде  ұлттық  мотивтерді  пішін  жазықтығында 

композициялық  заңдылықтары  арқылы  орналастыруы,  үлгінің  сапасы  мен  көркемдік 

шешімін, қазіргі уақытқа сай сəннің стилін анықтай отырып арттырады.  

Сонымен, сəндік элементтердің орналасу ережелері мен заңдылықтары бұйымның 

өзіне  тəн  көркемдік  айқындық,  композициялық  шындыққа  жəне  қойылған  мақсатқа 

бағыныштылық,  сол  бағыныштылық  келісімділік  арқылы  пішін  мен  сəндік  элементі, 

сəндік  элемент  пен  бөлшектердің  пішінін  байланыстырып,  жалпы  бұйымның  пішінін 

құруға əсер етеді.  

Оюлардың  кейбір  элементтерін  үлгі  бөлшектеріне  қолдана  отырып  түрлі  сəндік 

шешімдерді іздестіруге болады.  

Қазіргі  уақыттағы  киім  пішіндеріне  əшекей  элемент  ретінде  ұлттық  оюдың 

өрнегін  орналастыра  салсақ,  ол  қойылған  мақсатқа  жəне  уақыт  талабына  жауап  бере 

қоймас.  Сондықтан,  үлгі  конструкциялары  ұлттық  элементтерді  қолданғанда  тұрақты 

болу  үшін  сəндік  мотивтердің  трансформациялық  тəсілін  қолдану  жөн.  Өндіріс 

бұйымдарының ассортиментінде сəндік мотивтердің трансформациясы үлгінің құрылу 

негізін өзгертпей, сыртқы көрінісіне айтарлықтай өзгеріс ендіріп отырады. Сол арқылы 

бұйымның эстетикалық сапасы  өзгереді. 

 

 

 



Əдебиет: 

1.  Козлова Т.В. «Основы теории проектирования костюма». М: ЛЕГПРОМБЫТИЗДАТ, 1988. 

2.  Уалиев  Б.М.  «Костюмнің  құрастыру  мүшелеу  сипаттамаларын  талдау»,  Ғылыми  журнал 

«Дизайн жəне технология индустриясы», Алматы, 2009, 60-64б. 



 

 

 




Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет