Қазақ мәдениетінің мифологиялық санасы



Pdf көрінісі
Дата17.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#34746


3

. Қазақ 

мәдениетінің

мифологиялық

санасы


Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-санасына, 

рәміздеріне байланысты туған мифологиясы ұлттық

дүниетаныммен, көшпелі өмір салтымен байланысты. 

Қазақ  дүниетанымындағы мифологияға байланысты

түсініктері әу баста халқымыздың мал бағу кәсібі мен 

диқаншылық өміріне байланысты туған




Мифологияға тек қана бір халықтың немесе туысқан

халықтардың шеңберінде ғана дамитын құбылыс ретінде

емес, ареалды құбылыс ретінде қараудың қажеттігі айқын

болып отыр. Әртүрлі халықтар мәдениетінің ұқсастығы

олардың тіршілік ету аймағынан, географиялық ортасынан

туындайды. 




Миф алғашқы адамдар тіршілігінің ажырамас бір бөлігі

болып табылады. Миф дегеніміз ойдан шығарылған

қиял да, ғылыми қағида да, символикалық таңба да, 

діни сенім де емес. Ол – сөз құдіретіне ие болған

мәдени тұлғаның тарихы (уақыты). 



Музыка мен мифті салыстыра келе, К. Леви-Строс

кейінгі еңбектерінде Вагнерді өзінің ізашары ретінде

атап өтеді. С.М. Эйзенштейн Вагнердің «Валькирия» 

операсын 1940 жылы Үлкен театрдың сахнасында

қоюында мифологиялық ойлау стиліне ену мақсатында

«Мифтің жүзеге асуы» деген өз мақаласын жазады. 




Адамзаттың тарихында номадизмнің қалыптасуы

прогрессивтік қадам болды, өйткені оның бірқатар жағымды

және қолайлы жағдайлары шекаралас жерлерде тұратын, жер

шаруашылығымен айналысатын елдердің және қала

мәдениетінің элементтерін тартатын. 



Тарихы оқиғалар аңыздық қосымшалармен тұтасып кеткен. 

Батырлар мен хандар ғажайып өмірге келеді, тез ержетеді, 

тұлпарымен сөйлесе алады, тылсым күштерге иелік етеді, 

Ғайып Ерен Қырық шілтен, Түкті Баба Шашты Әзиз, пірлер

мен аруақтар оларға қолдау көрсетіп отырады. 



М. Әуезов мына бір ойын алға тартады: «Ескілікті

әңгімелердің бірсыпырасы белгілі бір хан мен патша

немесе бір белгілі, асқан бидің айналасында жиналған

болады. Ескілік әңгімелерін кейде бір үлкен тарихи

дәуірге әкеп те жинап қояды. 



Мифтік ұғымның араласпайтын жері жоқ. Құс пен жануарлар

тілін адам тіршілігіне көшіру үшін, әрине, олармен тікелей

байланыс, қарым-қатынас қажет, әр нәрсенің, заттың нақты

қадір-қасиетін білу керек. Жылан әдетте батырға ақылгөйлік, 

даналық дарытады, емшілік, балгерлік ғаламат дарын

сыйлайды.




Өліп, қайта тірілу, жан бітіріп, жан көшіру – ғасырлыр

бойы халық санасында, салт-дәстүрінде ұялап келген

ежелгі наным-сенім қалдықтары. Жануарларға табынуға, 

қоршаған ортаның көзге көрінбейтін құпия қауіп-

қатерімен жасқап, әйелдерді үйден ұзатпай, тұмшалап

ұстауға байланысты туған әр қилы тыйым салу (табу) 

жүйелері бұл.



Көне дүние көшпелілері үшін су – шейіттер патшалығы. 

Оған кеткендер қайтып оралмайды. Жер тіршілігіне ұқсас

құралғанына қарамастан, бұл – қыршын өмірлерді қылғып

жұтып жатқан мүлдем басқаша әлем – су асты әлемі. Көзге

көрінбейтін Албасты осы әлеммен сабақтас, екі қабат

әйелдердің ажалы содан, өкпесін ұрлап алып, суға атып

жібереді.



Күрес ретінде «алғашқы жұмақтық уақытқа оралуды» 

меңзейтін ұстындармен, қимыл-әрекеттермен, яғни

символдық ойлау категорияларымен берілсе, исламдағы

«өліммен күресуң уақытпен алға қарай жарысу, болашақтан

үміт етуге негізделген. 



Өлімді тану — қорқыныш-үрейдің жойылуы деген

сөз. Ал исламда кез келген адам иман арқылы өзінің

«өлімнен қорқу»  сезімін реттеуге қабілетті.



Сақтар мен савроматтардағы отқа табыну ғұрпы о баста 

күнге табынудан шыққан. Күн мен от зұлым, қас

күштерден қорғап, тазартады деген ұғыммен молаларды

өртеп тазарту әдеті савромат, сақтарда көп кездеседі. 

Ғұндар мен үйсіндер, сақтар қабірлерінен жиі шығатын

қызыл бояу сол қасиетті күн мен оттың рәмізі болған. 




Скифтердің де, ғұндардың де өмір салтында

жауынгерлік асқақ рух күшті дәріптелген. Сондықтан

да  наным-сенімдер сақ-ғұн қоғамының тірегі –

жауынгерлердің соғыс қабілетін, соғыстағы женіске

деген сенімін нығайтуға қызмет еткен.



Ежелгі діни нанымдар, мифтер мен аңыздар адамдардың

рухын көтеру үшін, табиғатпен өзара байланысын

қалыптастыру үшін қолданыста болған , әрі халықтың

тарихи тағдырына, дамуына әсер еткен. Олардың мән-

жайын идеялық тегі мен тарихи тұрпатын ашып көрсету аса 

күрделі, себебі сырттай қарағанда кез-келген діннің

болмысы ессіздік сияқты немесе тіпті бір түсініксіз нәрсе

болып көрінеді.




Сенім-нанымдардың тамыры сонау көне заманның

тарихи койнауында жатыр. Ежелгі заманнан бізге там-

тұмдап жеткен тарихи мұрағаттар (ескерткіштер) тас пен 

қола дәуірлер кезеңінде даламызда анимистік (өлі заттар

мен үдерістерді жанды деп пайымдау)  табиғатпен

сырласып, сіңісе білгенінің айғағы.




Төрт-түлік малдың иелеріне деген мадақ-сенімнің белең

алған тұсы да осы кез. Сенім-нанымның түп төркіні, 

діни-идеяларды адамдардың әлеуметтік қарым-

қатнасымен сабақтастыра отырып, қазіргі таңда оған

басқа сипатта қарауды талап етеді.



Қазақ халқы көптеген елдердің өзара әсерлесуі мен 

бірігуінің арқасында пайда болып, олардың әртүрлі мәдени

қырларын мұралап, кезіндегі жетекші өркениеттің – сақ

өркениетінің мұрагері болып табылады. Олар толық қанды



қазақ өркениетін қалыптастырды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет