Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогикалыќ институты



бет1/8
Дата01.02.2023
өлшемі334 Kb.
#64456
  1   2   3   4   5   6   7   8

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Қазақтан Республикасы қалаларының атмосферасының жалпы ластануы
1.1 Шет елдер және Қазақстан қалаларының атмосферасының
ластануы
1.2 Республика қалалары ауасының әр түрлі заттармен ластану деңгейі
1.3 Алматы қаласы топырағының ауыр металдармен ластануы
ІІ. Алматы қаласы атмосфералық ауасының ластану жағдайы
2.1 Алматы қаласы атмосфералық ауасының әртүрлі заттармен ластануы
2.2 Қала атмосферасын ластайтын негізгі көз болып саналатын – автокөлік шығарындылары


Қорытынды


Тұжырымдар


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


КІРІСПЕ
Атмосфераның зиянды заттектермен ластану салдарынан климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, парниктік эффектісі, қышқылдық жаңбыр пайда болуда. Ластану нәтижесінде атмосфераға тасталынатын шығарындыларға қатты бөлшектер, шаң, түтін, күйе, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.
Өнеркәсіпте және көлік отыны жанған кезде түзілетін азот оксидтері, N2O, NO, NO2 атмосфераны ластайтын көздердің бірі.
Атмосфераның ластануына өнеркәсіп орындары, жылу электрстанциялары, ауыл шаруашылығы, құрылыс орындары, автокөлік шығарындылары себеп болып отыр.
Жоғарыда айтылған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды.
Алматы қаласынан шығатын зиянды заттектердің негізгі көзі болып автокөлік шығарындылары табылады. Автокөліктерден шығатын зиянды заттектерге көмірқышқыл газы, көміртек оксиді, көмірсутектер, сутек, альдегидтер, т.б. яғни барлығы 200 - ге жақын компоненттер бар.
Бұл шығарынды заттектер адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Тыныс алу жолдарының қабынуына, жүйке жүйесіне, өкпенің қатерлі ісік ауруына душар етеді. Канцерогенді, теротогенді, мутагенді аурулар туғызады.
Сондай-ақ, өсімдіктер үшін де улы болып саналатын күкірт, фтор, хлордың қосылыстары мен көмірсутектер. Егер ауада 0,2- 0,5 мг/м3 зиянды заттар болса өсімдіктің жапырағында жүретін фотосинтезді тежейді және хлороз кеселімен зақымдалуына ықпалын тигізеді. Өсімдіктің өсіп дамуына зиянды әсер етеді. Автокөліктерден шығарылатын зиянды заттектермен, Алматы ауасының ластануы бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет