Қазақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары



Дата09.05.2022
өлшемі18,08 Kb.
#33723

Эссе
Қазақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары

Шоқан Уәлиханов - XIX ғасырдағы қазақ философиясының көрнекті өкілі. Тарихшы, саяхатшы, аз болса да өте мәнді өмір сүріп, қазақ халқының тарихында ерекше із қалдырды. Оның негізгі еңбектерінің ішінде «Бақсылық туралы», «Сот реформасы туралы», «Даладағы мұсылмандық туралы» деген дүниетанымдық, қоғамдық мәселелерді зерттейтін еңбектері бар.

Уәлиханов саяси және құқықтық теорияларды жақсы білді. Оның пікірінше, саясат – бұл билік және оны орнату тәсілдері. Билік мемлекеттің негізгі функциясы, оның құрылымы және іс - әрекетінің мағынасы үстемдік ететін күштерге байланысты.

Шоқанның Құлжаға сапары ғылыми ерлікпен барабар. Оның ерлігі мен ғылыми табыстары бүкіл Европа жұршылығының жоғары бағасына ие болған.

Шоқанның ғылыми зерттеулерінің негізгі тақыптары халқының тарихы, тұрмысы және адамгершілік мәселелері.

Ш.Уәлиханов орыс мәдениеті мен ғылымының қазақ халқының тағдырында маңызды роль атқарғандығына көңіл бөледі. Алдыңғы қатарлы гуманист орыс ғалымдары мен жазушылары халықтың рухани өркендеуіне, өсуіне өз үлесін қосты. Біз оны Шоқанмен байланысты болған адамдардың іс - әрекетінен айқын көреміз.

Ш.Уәлиханов ағартушы – ғалым ретінде халықтың білімді және еркін болғандығын армандады. «Тек білім өмірді бағалауға үйретеді, адам өміріне жайлы тұрмыс құруға жағдай жасайды. Халықтың рухани өсіп – жетілуі үшін еркіндік пен білім өте қажет» деп жазды Ш.Уәлиханов.

Экономикалық және саяси реформалар халықтың дәстүрі мен қажеттіліктеріне сүйенуі керек.

Қоғамды саяси реформалардың көмегімен өзгертуге болады деп ойлады. Бірақ XIX ғасырдың 60 жылдарында патша өкімет іске асырған саяси – экономикалық реформалар Шоқанның идеалына сай келмеді.

«Сот реформалары туралы хат» деген еңбегінде Шоқан әлеуметтік – саяси реформаның мәнін ашып көрсетті, қазақ даласында тарихи тамыры терең, халықтың қолдауына ие болған билер сотының қажеттілігін негіздеді.

Қазақстанның округтарға бөлініп, оны басқарудың жаңа түрі енгізілгенде қазақтардың басқару жүйесіне қатыстырылуы олардың өмірін жеңілдетеді деп ойлады.

2. Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты.

Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды.

Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол күнделікті ісіне араласпайды. Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты.

Абай дүниетанымының өзегі, күре тамыры – адам. Адам Абай үшін оның организмін, іс - әрекетінің мақсатын және үйлесімділігін, талап – тілегі мен қызығушылығын зерттегенде физиологиялық – психологиялық нысан, ал таным процесінің мәнін түсіндіргенде – философиялық нысан, жақсылық пен жамандықтың мағынасын алып, «Адам бол» этикалық принципін негіздеген уақытта этикалық нысан болып табылады.

Таным, Абайдың пікірінше, - адам тіршілігінің маңызды мақсаты, адам жанының бірден – бір қажеттілігі.

Табиғат пен қоғам ұдайы өзгерісте, дамуда. Қоғам дегеніміз – ұрпақтың үнемі ауысып отыруы.

«Адам бол» деген Абай принципінің мәні адамды, оның ролін жоғары бағалауында. Ойшылдың пікірінше, әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды, адал, мейірімді болуы керек.

«Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң, арқалаң.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан», - деп жазды Абай.

3. Қазақ философиясының көрнекті өкілі – Шәкәрім Құдайбердиев. Ол арнайы философиялық трактат «Үш анықты» жазған. Өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Абай, Ыбырайға қарағанда грек, европа философиясының тарихын тереңірек біліп, оған баға беріп, өзіндік ой қорытты. Шәкәрім өте білімді адам. Ол Батыс пен Шығыстың мәдениетін жетік білген.

«Үш анықта» белгілі, белгісіз көптеген ғалымдардың аттары келтірілген. Бұл ғалымның іздену аясының кеңдігін дәлелдейді.

Шәкәрім философия тарихында маңызды екі бағыт, екі түрлі дүниетанымдық ұстаным бар екенін дұрыс түсінген. Мұның өзі үлкен жетістік.

«Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсаматын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет - өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді»1 – деп жазды Шәкәрім «Үш анықта».

Ғалым идеализм, материализм демесе де соларды анықтап отырғаны түсінікті. Осы екі ұстанымды түсіндіре отырып, ақыр аяғында Шәкәрім өзінідік концепция ұсынады.

Оның пікірінше, бірінші ақиқатты жаратушы мен жанның мәңгілігін мойындайтын сенім, яғни діни ақиқат құрайды.



Екінші ақиқат – сезімдік қабылдаулар мен рационалдық ойлауға сүйенетін ғылыми ақиқат.

Үшінші ақиқат – бұл жан ақиқаты, оның субстанциалдық негізі -  ұждан. Адам жақсы өмір сүру үшін таза еңбекке, ұждан ақылға, шын жүрекке сүйенуі тиіс

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет