Қазақ поэзиясындағы көне түркілік сарын және оны оқыту ұстанымдары



Pdf көрінісі
Дата28.02.2017
өлшемі294,37 Kb.
#5039

 

Алиева Жанат Абилжановнаның 

«6D011700-Қaзaқ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия 

докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Қазақ поэзиясындағы 

көне түркілік сарын және оны оқыту ұстанымдары»   

атты диссертациясының  



 

АҢДАТПАСЫ  

 

Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі.  Тәуелсіздігімізді  жариялап,  саяси, 

экономикалық  дербестігімізді  барша  әлем  мойындап,  руханиятымыздың 

зерттеу аясы да кеңейген сайын бүгінгі күні ұлттық сөз өнері құндылықтарын 

жаңаша  зерттеу,  оның  ғылыми-әдістемелік  жүйесін  жасаудың  қажеттілігі 

артып  отыр.  Бұл  қажеттілікті  өтеу  мақсатында  ұлттық  әдебиетке,  оны 

оқытудың  әдістемесіне  бірнеше  ірі  міндеттер  жүктелді.  Әсіресе  ұлттық 

әдебиеттің  арғы  тегін,  алғашқы  бастауларын  тарихи  тұрғыдан  айқындап, 

ежелгі әдеби мұралардың бүгінгі әдебиеттің өсіп, өркендеуіне тигізген әсері 

мен  көркемдік  ықпалын  саралау  және  де  аталған  мәселені  білім  беру 

ұйымдарында  оқыту  мәселесі  айрықша  маңызға  ие  болды.  Сондықтан  да 

ұлттық әдебиеттің ежелгі нұсқаларын ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан талдап, 

зерттеу,  жүйелеу  –  тәуелсіздік  кезеңіндегі  қазақ  әдістеме  ғылымының  ең 

басты міндеті болып табылуда.  

Қазіргі  таңдағы  әдістеме  ғылымының  басты  мәселесі –  қазақ  жастарын 

ақпараттандыру  қоғамының  талабына  сай  білімді  де  білікті,  тәрбиелі  де 

мәдениетті  азаматтар  етіп  қалыптастыру.  Бұл  –  оқыту  мен  тәрбиелеудің 

барлық  саласында  қарастырылатын  өзекті  мәселе.  Осындай  ғылымдағы 

мәселелерді  шешудің  ұтымды  жолдарын  табу  үшін  қазақ  халқының  ұлттық 

асыл мұралары мен құндылықтарын, мұрат-мүдделері мен философиялық ой-

тұжырымдарын  қарастыру  арқылы    жастарды  оқыту  мен  тәрбиелеуге  күш 

салу керек.  

Бүгінгі  қазақ  әдебиетіндегі  ежелгі  мұралардың  белгісін  айқындау  үшін 

сол  есте  жоқ  ерте  замандардағы  әдеби  жәдігерліктердің  өзін  жан-жақты,  әр 

қырынан  зерттеу,  әдістемелік  жүйесін  қалыптастыру  міндеті  тұр.  Көне 

замандардағы  ата-бабаларымыздың  рухани  өмірінің  сәулелі  көрінісінен, 

тәлім-тәрбиелік  ойларынан  ақпарат  беретін  бұл  мұралардың  өзі  біздің 

заманымызға  түгел  жете  қойған  жоқ.  Қолымызда  барының  өзі  уақыт 

сынынан сыры кетпесе де, кенеуі кетіңкіреген, кейбірінің мәтіні үзік-жұлық 

кейіпте болды. 

Халқымыздың өзіндік келбеті мен рухани әлеміне зор өзгерістер әкелген 

Кеңес өкіметі тұсындағы әдебиеттану қазақ әдебиеті тек кеңес кезінен бастау 

алады  деген  кереғар  пікірді  ұстанды.  Дегенмен,  белгілі  ғалым  Б.Кенжебаев 

пен  оның  шәкірттері  М.Мағауин,  М.Жолдасбеков,  Н.Келімбетов, 

А.Қыраубаевалардың  ерлікке  пара-пар  еңбектері  мен  нақты  ғылыми 

зерттеулері  ежелгі  қазақ  әдебиеті  және  оның  арналары  деген  ұғымды 

қалыптастырды.  Бұл  әдебиеттанушы  ғалымдардың  ғылыми  еңбектерінде 



қазақ  әдебиетінің  бастауы  қайда,  ежелгі  қазақ  әдебиеті  тарихтың  қай 

кезеңінінен басталады, ол қандай жәдігерлерден тұрады, онда қандай тәлім-

тәрбиелік ойлар айтылғаны туралы түсінік, ұғым қалыптасты. 

Қазіргі Қазақстан, Орта Азия, Еділ бойында ҮIII-XIV ғасырларда аралас 

өмір  сүрген  көптеген  ежелгі  тайпалар  түркі  тілінде  сөйлеген.  Ол  түркі 

тайпаларының  ешбірі  ол  кезде  жеке  халық  болып  қалыптаспаған  еді. 

Сондықтан  олардан  қалған  әдеби  ескерткіштер  бүгінгі  түркі  тілдес 

халықтардың барлығына ортақ мұра деп санау заңдылық. Жоғарыда аталған 

ғалымдардың  ұстанған  басты  тұжырымы  да  осы  еді.  Қазақтың  ежелгі 

дәуірдегі  әдебиетін  терең  зерттеген  әдебиеттанушы  Н.Келімбетовтің 

еңбектері де (Ежелгі дәуір әдебиеті. –Алматы: Атамұра, 2005. –336 б.; Түркі 

халықтарының  ежелгі  әдеби  жәдігерліктері.  –  Алматы:  Раритет, 2011.  – 432 

б.) осы тұжырымның ғылыми дәйектемесі болды. 

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан, яғни тәуелсіздіктің алғашқы 

жылдарынан  бастап  әдебиеттанушылар  ежелгі  дәуір  әдебиетінің  мұраларын 

зерттеуді, оның ғылыми-әдіснамалық жүйесін жасауды шындап қолға алды. 

Әдебиет  тарихына  қатысы  бар  деген  кез  келген  жәдігер  мәтінтанымдық, 

көркемдік  жағынан  түбегейлі  сараптауға  алынды.  «Қазақ  қолжазбалары» 

(б.д.д. Х ғ. бастап ХХ ғ. дейінгі аралықты қамтыған) сериясымен он томдық 

басылым  жарыққа  шыға  бастады.  Бұған  ежелгі  көшпенділер  өркениеті  мен 

көне түріктердің әлемі туралы әр түрлі үлгіде хатқа түскен (тасқа қашалған) 

көне грек, қытай жазбаларындағы тарихи деректер, мифтер мен аңыздардағы 

әдеби  үлгілер,  көне  түркі  жазба  ескерткіштерінің  толық  мәтіндері  енді.

 

Байырғы  түріктердің  мұралары  түгелге  жуық  қамтылған



 

«Орхон 


ескерткіштерінің толық Атласы» да бүгінгі түркологияға қосылған мол үлес 

болды.  Осыған  дейін  ғылыми  айналымда  әр  басылымда  шашырап  жүрген 

көне мұралар осылайша топтастырылды. Бұл осы бағыттағы ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын оңтайландыруға үлкен сеп болғаны сөзсіз. 

Сонымен  бірге,  қазақ  поэзиясындағы  түркілік  сарынның  көрініс  табуы 

біршама  ғалымдардың  зерттеу  нысанына  алынды.  Ғылыми  диссертациялар 

жазылып,  ұжымдық  зерттеулер  жарық  көрді.  Қазіргі  әдебиеттанудағы  бұл 

бағытта  жүргізілген  осындай  зерттеу  жұмыстары  үлкен  ғылыми  жетістік 

болғанымен,  көне  түркі  әдебиетінің  қазақ  поэзиясында  көрініс  табуын 

жоғары  мектепте  оқыту,  оның  ғылыми-әдістемелік  жүйесін  жасау  –  қазіргі 

кездегі  кезек  күттірмес  мәселелердің  бірі.  Сол  себепті  әдебиеттің  тарихи 

кезеңдерінің  өзіндік  даму  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  қазақ 

поэзиясындағы  көне  түркілік  сарын  көріністерін  әдістемелік  тұрғыдан 

кешенді  талдау  қажет.  Сол  себепті  қазақ  поэзиясының  даму  үрдісіндегі 

көркемдік  дәстүр  жалғастығы  мен  дәуірлік  жаңашылдықтың  негізінде  көне 

түркі  әдебиетінің  көркемдік  белгілерінің  болуы,  оны  оқыту  мәселелері 

зерттеу тақырыбының өзектілігін, әрі маңыздылығын айқындайды.  

Қазақ поэзиясындағы көне түркілік сарынның көрініс табуының тарихи, 

көркемдік  негіздерін  талдап,  зерделеуге  арналған  бұл  зерттеуде  қазақ 

поэзиясындағы  дәстүр  мен  жаңашылдықтың,  ұлттық  көркем  ойлау 

үрдістерінің түрікшілдік мұраттармен астарлас келіп, ұлттық танымға ұласуы 


әдебиет  тарихының  кезеңдеріндегі  әдеби-көркемдік  ерекшеліктермен 

салыстыра  қарастырылды. 



Зерттеу  нысаны.  Қазақ  поэзиясындағы  көне  түркілік  сарынды  оқыту 

мәселесі.  



Зерттеу пәні:  Қазақ поэзиясындағы көне түркілік сарын. 

Зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттері.  Қазақ  поэзиясындағы  көне 

түркілік сарын көрінісін айқындап жүйелеу және білім беру үдерісіне ендіру 

мүмкіндіктерін  қарастыру.  Осы  мақсат  үрдісінен  шығу  үшін  жұмыстың 

алдына мынадай міндеттер қойылды:  

-

 

қазақ поэзиясының нәр алар бастау бұлақтарын айқындау; 



-

 

қазақ  поэзиясындағы  көне  түркілік  сарындарды  оқытудың  ғылыми-



әдістемелік негіздерін айқындап,  әдіснамалық тұрғыдан жіктеу;  

-

 



әдебиеттің әр кезеңіндегі ақын-жыраулар поэзиясындағы көне түркілік 

ықпалдастық  негіздерін  айқындау  және  оның  көрінісін  оқыту  үдерісіне 

енгізу; 

-

 



ЖОО қазақ поэзиясындағы көне түркілік сарынды оқытудың ғылыми 

теориялық, әдіснамалық негізін анықтау

-

 

қазақ поэзиясындағы көне түркілік сарынды оқытудың негізгі 



ұстанымдары мен әдістерін анықтау; 

-

 



қазақ поэзиясындағы көне түркілік сарынды оқытуда қолдануға 

болатын тиімді технологияларды  саралау; 

-

 

 қазақ  поэзиясындағы  көне  түркілік  сарындар  көрінісін  оқу  үдерісінде 



пайдалану үшін таңдау курсының мазмұны мен әдістемесін ұсыну; 

-

 



қазақ поэзиясындағы көне түркілік сарынды оқытудың ғылыми- 

әдістемелік жүйесін ұсыну және оның тиімділігін эксперимент нәтижелеріне 

сүйене отырып дәлелдеу. 

Зерттеу  болжамы:  Егер  «Қазақ  поэзиясындағы  көне  түркілік  сарын» 

пәнін  оқыту  негізінде  студенттердің  пәндік  құзіреттілігі  қалыптасып,  оның 

ғылыми-әдістемелік жүйесі айқындалса, онда студенттер қазақ әдебиетіндегі 

дәстүр  жалғастығын  сипаттай  отырып,  өзіндік  ой-пікірін  қорғауға 

дағдыланады,  ұлттық  құндылықтар  мен  асыл  мұраларды  құрметтеуге, 

қадірлей білуге үйренеді, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде танылады. 

Өйткені  теориялық  білімге  негізделген  пәндік  құзіреттіліктер  өзінің  оң 

нәтижесін береді.  



Жетекші  идея:

 

Қазақ  поэзиясындағы  көне  түркілік  сарын  көрінісін  

ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеп, оның нәтижесін білім беру үдерісінде 

пайдалану болашақ тіл мен әдебиеті мамандарын даярлауда және жастардың 

бойында патриоттық, отаншылдық сезімін оятуда септігін тигізеді.

 

Зерттеудің  теориялық  және  әдіснамалық  негізі.  Зерттеудің 

әдіснамалық  және  теориялық  негіздері  ретінде  философиядағы  тұлға  мен 

әлеуметтік  қоғам,  таным  мен  мәдениет,  мұрат  пен  мүдде  мәселелері; 

психологиядағы жас ерекшелік қағидалары, негізгі психологиялық ұғымдар; 

педагогикадағы  антропоөзектік  бағыттар,  дидактикалық  ұстанымдар, 

оқытудың  заманауи  талаптары,  инновациялық  технологиялар  туралы  ойлар 

басшылыққа  алынды.  Сол  секілді  жұмыста  әдебиеттану,  филология,  қазақ 


әдеби  тілі,  әдеби  байланыс  пен  дәстүр  және  жаңашылдық,  қазақ  әдебиетін 

оқыту мәселелеріне орай жазылған ғылыми еңбектер қарастырылды.  



Зерттеу жұмысының дереккөздері.  

Ұлт  поэзиясы,  қазақ  әдебиетінің  ежелгі  дәуірі,  түркі  тектес  халықтар 

әдебиетінің поэзиясы және қазіргі қазақ поэзиясын талдауға арналған әдеби 

сын,  әдеби  зерттеу  еңбектер  жұмыстың  негізгі  әдіснамалық  әрі  теориялық 

тірегі  болды.  А.Байтұрсынұлы,  М.Әуезов,  Ә.Марғұлан,  Е.Ысмайылов, 

Б.Кенжебаев,  Н.Келімбетов,  С.Қасқабасов,  М.Мағауин,  А.Ж.  Жақсылықов, 

С.Б.  Ержанова  т.б.  ғылыми  зерттеу  еңбектері  мен  фольклор  мұралары, 

Қазтуған  жырау,  Доспамбет  жырау,  Асан  Қайғы,  т.б.  толғаулары, 

Қ.Мырзалиев, Ж.Әскербекқызы, Т.Әбдікәкімов, Т.Медетбек т.б. ақындардың 

поэзиялық  жинақтары  негізге  алынды.  Зерттеу  жұмысымыздың  әдістемелік 

негіздерін  анықтауда  қазақстандық  әдіскер-ғалымдардың,  атап  айтқанда, 

Ә.Қоңыратбаев,  Т.Ақшолақов,  С.Тілешова,  Б.Сманов,  Т.Жұмажанова, 

А.Әлімов,  Т.Сабыров,  Б.Жұмақаева,  т.б.  зерттеулері  мен  еңбектері 

басшылыққа  алынды. 



 Зерттеу  әдістері.

 

Зерттеудің  ғылыми-теориялық  және  әдіснамалық 



негіздерін  айқындау  барысында 

салыстырмалы-тарихи,  объективті-

аналитикалық  және  жинақтау,  даралау,  ой  қорыту,  жалпылау  әдістері; 

экспериментті  ұйымдастыру  кезеңінде  бақылау,  сауалнама,  әңгіме, 

диагностикалық  әдістер;  зерттеу  нәтижелерін  қорытындылау  барысында 

аналитикалық  әдістер:  талдау,  қорыту  мен  ақпаратты  өңдеу  әдістері: 

эксперименттік  мәліметтерді  сапалық  және  сандық  тұрғыда  сараптау, 

жинақтау әдістері қолданылды.



   

 

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.  

-

 

қазақ  поэзиясындағы  көне  түркілік  сарынды  оқытудың  ғылыми-



теориялық  және  әдіснамалық  негіздері  айқындалып,    оның  қалыптасуына 

ықпал еткен алғышарттарына сипаттама берілді;   

-

 

қазақ 



поэзиясындағы 

көне 


түркілік 

сарынды 


оқытудың 

педагогикалық-психологиялық негіздері анықталып, ғылыми жүйеленді; 

-

 

қазақ поэзиясындағы көне түркілік сарынды оқытудың философиялық 



негіздері анықталып, ұлттық құндылық тұрғысынан талданды; 

-

 



болашақ  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандарын  даярлауда  пайдалану 

үшін «Қазақ поэзиясындағы көне түркілік сарын» курсының оқу-әдістемелік 

кешені дайындалып, ұсынылды;  

қазақ  поэзиясындағы  көне  түркілік  сарындарды  оқытудың 



әдістемелік жүйесін саралау  арқылы  оны оқытудың  негізгі  ұстанымдары 

ғылыми негізделді; 

ұлттық  поэзиядағы  түркілік  сарындарды  жоғары  мектепте 



оқытудың мазмұндық-құрылымдық жүйесі жасалды; 

-  инновациялық әдіс-тәсілдердің тиімділігі тәжірибе арқылы көрсетілді. 



Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. 

Зерттеу  жұмысында  көне  түркілік  сарындардың  қазақ  поэзиясында 

көрініс  табу  үрдісі  әдебиет  тарихының  кезеңдері  бойынша  жүйелі,  сатылай 

қарастырылғандықтан,  оның  ғылым  мен  білім  берудегі  теориялық  және 



практикалық маңызы арта түспек. Жұмыстың нәтижелерін қазақ поэзиясына 

қатысты  оқытушымен  бірге  студенттің  өздік  жұмысы  (ОБСӨЖ)  және 

студенттің  өздік  жұмысы  (СӨЖ)  сабақтарындағы  жазба  жұмыстарына, 

семинар  сабақтарына  пайдалануға  болады.    Сондай-ақ  жұмыстың  ғылыми 

мазмұны мен тұжырымдарының жалпы әдеби поэтикалық мәні де бар.  

Эксперименттік  база  ретінде

 

зерттеу  жұмысын  жүргізу,  нәтижелері 

бойынша таңдау курсты дайындау мен сыннан өткізу үшін Қазақ мемлекеттік 

қыздар  педагогикалық  университеті  белгіленді.  Зерттеу  нәтижелері  осы  оқу 

орнының «Қазақ әдебиеті» кафедрасында жүзеге асырылды. 

Зерттеу үш кезеңде жүргiзiлдi: 

1.  Бiрiншi  кезеңде  (2014-2015  жж.)  зерттеу  жұмысының  тақырыбы, 

бағыттары  анықталды,  білім  философиясы,  педагогика,  психология,  

әдебиеттану,  әдiстеме  салалары  бойынша  еңбектер  зерделенді.  Нәтижесінде 

зерттеу  жұмысының  ғылыми-әдіснамалық  негіздері  айқындалып,  мақсат-

міндеттері мен болжамы, пәні анықталды.  

2. Екiншi кезеңде (2015-2016 жж.) әдебиетті оқытудың қазіргі жайы, оны 

оқытудың  жаңа  бағыттарын  анықтау  мақсатында  белгілі  әдіскер-ғалымдар 

мен  әдебиетанушылардың  сүбелі  зерттеулері  мен  еңбектеріне  талдау 

жасалды.  Студенттердің  пәндік  құзіреттілігін  қалыптастырудың  жолдары 

сараланды.    Жоғары  мектепте  эксперимент  жүргізудің  материалдары 

дайындалды.   

3.  Үшiншi    кезеңде  (2016-2017    жж.)    қорытынды    эксперимент  

сатысында    экспериментке  жинастырылған  оқу  материалдарының  негізінде 

студенттердің  білім  деңгейінің  көрсеткіші  анықталып,  сапасы  тексерілді, 

эксперимент  және  бақылау  топтарының  нәтижесі  салыстырылды. 

Эксперимент  қорытындысы  жасалды.  Ғылыми-зерттеу  жұмысы  бойынша 

нәтиже  тұжырымдалып,  қорытындылар  жүйеленіп,  диссертация  түрінде 

рәсімделді. 

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: 

1.  Қазақ  поэзиясындағы  көне  түркілік  сарын  элементтері  ұлттық 

құндылығымен  ерекшеленеді,  қазіргі  жастардың  бойында  адамгершілік 

қасиетерін қалыптастырады. 

2.  Жоғары  мектептің  филология  факультеті  студенттеріне  қазақ 

поэзиясындағы  көне  түркілік  сарындарды  оқыту  болашақ  маманды  жан-

жақты  дамытуға,  білімнің  сапасын  арттыруға  мүмкіндік  береді;  ұлттық 

құндылықтар мен асыл мұраларды бағалауға үйретеді; сол арқылы олардың 

интеллектуалдық әлеуеті дамиды.  

3.  Қазақ  поэзиясындағы  көне  түркілік  сарындарды  білім  беру 

технологиялары арқылы меңгерту студенттің болашақ мамандығына қажетті 

теориялық ақпараттарды талдап, саралауына, жеке тұлғаның шығармашылық 

қабілетінің шыңдалуына әкеледі.  

4.

 



Студенттің  кәсіби-танымдық  қабілеттерін  дамытуға  бағытталған 

ғылыми-әдістемелік  жүйе  қазақ  поэзиясындағы  көне  түркілік  сарындарды 

оқытудың  арнайы  ұстанымдары  негізінде  жүзеге  асырылып,  оң  нәтиже 

береді. 


5.  Қазақ  поэзиясындағы  көне  түркілік  сарындарды  практикалық 

тұрғыдан  меңгертудің  деңгейі  студенттердің  қалыптасқан  дағдылары  мен 

іскерліктерінің 

көрсеткішімен 

анықталады. 

Нәтижесінде 

пәндік 

құзіреттіліктері қалыптасады.  



6.  «Қазақ  поэзиясындағы  көне  түркілік  сарын»  курсының  оқу-

әдістемелік кешені мен бағдарламасы.   



Зерттеу нәтижесінің дәлелдігі мен негізділігі:  

Зерттеу  жұмыcының  нәтижелері  әдіcнaмaлық  тұрғыдa  дәлелденуімен, 

зерттеу  әдіcтерінің  тиімділігімен,  зерттеу  еңбектеріне  тaлдaу  жacaлуымен, 

Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті  Қазақ  әдебиеті 

кафедрасында бакалавр «5B011700 – қaзaқ тілі мен әдебиеті» мaмaндығында 

«Қазақ поэзиясындағы көне түркілік сарын» тaңдaу курcының oқу үдеріcіне 

енгізілуімен қaмтaмacыз етілді.  

Зерттеу 

нәтижелерінің 

жарияланымдары: 

Ғылыми 


зерттеу 

жұмысының  негізгі  мазмұны  ғылыми  басылымдарда,  атап  айтқанда,  АҚШ 

шығатын  SCOPUS  тізіміне  енген  «Life  science  jurnal»  импактфакторлы 

журналына  -1,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  саласындағы 

бақылау  комитеті  бекіткен  М.  Өтемісов  атындағы  БҚМУ,  Абай  атындағы 

ҚҰПУ    хабаршысында  -3,  шетелдік  жарияланымдарда,  түрлі  халықаралық 

және  республикалық  ғылыми-теориялық  конференцияларда  -  7  жасалған 

баяндамаларда  көрініс  тапты.  Сонымен  бірге  «Ежелгі  дәуір  әдебиетіндегі 

көне түркілік сарын» атты 1 оқу құралы жарық көрген. 

Жұмыс  ҚазМемҚызПУ-дің  қазақ  әдебиеті  кафедрасы  мәжілісінде 

талқыланып, қорғауға ұсынылды. 

Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш негізгі тараудан, 

қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 



Кіріспеде  зерттеудің  өзектілігі  дәлелденіп,  зерттеудің  алдына  қойған 

мақсаты  мен  міндеттері,  зерттеу  нысаны  мен  пәні,  жетекші  идеялары  және 

ғылыми жаңалықтары және т.б. ғылыми аппарат айқындалған.

 

 



        

Қазақ  өлеңінің  тарихындағы  көне  түркілік  ықпалдастық  негіздері  атты 

бірінші  тарауда  қазақ  поэзиясындағы  көне  түркілік  сарындардың 

қалыптасуына  ықпал  еткен  алғышарттар  айқындалып,  қазақ  поэзиясындағы 

көне түркілік сарынның қалыптасуының алғашқы кезеңінен қазіргі қазақ поэзиясына 

дейінгі аралықтағы көзқарастар талданып, мысалдармен дәйектелді. 

Қазақ  поэзиясындағы  көне  түркілік  сарындарды  оқытудың 

ғылыми-әдіснамалық  негіздері  атты  екінші  тарауда  оны  оқытудың 

ғылыми-әдіснамалық  негіздеріне  талдау  жасалынды.  Қазақ  поэзиясындағы 

көне  түркілік  сарындарды  оқытудың  философиялық,  педагогикалық  және 

психологиялық негіздері айқындалып, жүйеленді. 



Қазақ  поэзиясындағы  көне  түркілік  сарындарды  оқытудың 

әдістемелік  жүйесі  деген  үшінші  тарауда  білім  беру  жүйесіне  енгізілетін 

«Қазақ поэзиясындағы көне түркілік сарын» таңдау курсының мазмұны мен 

әдістемесі  баяндалып,  оны  пайдаланудың  жолдары  көрсетілді.  Зерттеу 

барысында 

қол 

жеткен 


нәтижелер 

кестелермен 

және 

арнайы 


диаграммалармен рәсімделді. 

 Қорытынды  бөлімде  зерттеу  нәтижелері  бойынша  жүйеленген  ой-

пікірлер  мен  көзқарастар  қорытындыланып,  тұжырымдалды  және  ғылыми 



ұсыныстар берілді.  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет