Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері



жүктеу 6.06 Mb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата22.12.2016
өлшемі6.06 Mb.
1   2   3   4   5
«Қазақ тілі  дыбыстарын үйрету әдістемесі»,  «Қазақ тілін  модельдеу

арқылы үйрету әдістемесі»;  Ф.Оразбаева  «Тілді үйретудің коммуникативтік

әдістемесі»;  Н.Құрман  «Қазақ

тілін  оқытуда  теориялық ойлауды  дамыту

технологиясы», «Қазақ тілін үйретудің интерактивтік технологиясы», «Қазақ тілін

үйретудің интенсивтік  технологиясы»,  «Қазақ тілін  этнолинвомәдени  жүйе

негізінде 

оқыту», 


«Қазақ

тілін


үйретудің

ақпараттық

технологиясы»;

Н.Оразақынова  «Тілді  оқытудың сатылай  комплексті  талдау  технологиясы»;

С.Рахметова,  Т.Әбдікәрімова,

Ә.Жұмабаева  «Бастауышта  мәтінді  меңгерту

арқылы  тіл  дамыту әдістемесі»;  Г.Қосымова, А.Қыдыршаев  «Қазақ шешендігін

үйрету әдістемесі»;  Ж.Сүлейменова  «Қазақ тілін  оқытудың белсенді әдістер

жүйесі» т.б.

Қазақ тілін  оқыту әдістемесі  туралы  сөз  болғанда  бұл  проблеманың ішінен

басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін  оқыту  мәселесін  жеке  бөліп қарастырмаса

болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып



12

отырған  проблема – орыс  аудиториясында қазақ тілін  оқыту  проблемасы.

Сонымен қатар,  бұл  мәселе  тілдік  коммуникацияның тікелей  зерттеу  объектісі

бола  келіп, қазіргі  кезеңде өзекті  мәселе  болып  отырған қазақша  сөйлеуге

үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.

Бүгін  біздің алдымызда  тұрған  мақсат - өзге  тілді  аудиторияны қазақ тіліне

үйрету ғана  емес,  сонымен қатар  алдымызда  отырған  шәкірттердің туған  елінің

қасиетін  сезініп,  оның алдындағы ұлт  жауапкершілігін ұғынып,  ол үшін  басын

бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол сияқты, барлық халықтармен

рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі өсіп- өнген аймаққа деген

сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі.

Қазақ тілді емес аудиторияға мемлекеттік тілді үйрету мәселесімен айналысып

жүрген ұстаздар,  тілшілер, ғалымдар  көптеп саналады.  Олардың  әрқайсысы

әртүрлі  мәселелерді қарастыра  келіп, қазақ тілін  оқыту  саласының дамып,

жетілуіне үлес қосуда.  Бұл  еңбектердің авторлары  Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов,

Ғ.Бегалиев,  С.Жиенбаев,  Т.Аяпова,  Ш.Бектуров,  К.Сариева,  А.Жүнісбеков,

Ф.Р.Ахметжанова, М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б.

Пәннiң


коммуникативтiк  бағытын  арттыру  тiлдiң  қарым-қатынастық

аспектiлерi  мен қызметтерiн  мынадай  жүйеде  беруге  негiзделедi: әлеуметтiк

(оқушы

әлеуметтенедi);  танымдық  (оқушы  тiл  арқылы  дүниенi  таниды);



ақпараттық  (түрлi  мағлұматтарды қабылдап,  түсiнедi); қоғамдық  (ұжымдық

күрделi әрекеттердi орындауға үйренедi); эмоционалдық (оқушы өз сезiмiн, көңiл-

күйiн  бөлiседi).  Мiне,  бұлардың барлығы қазақ тiлiнiң жаңа  бағытының бiлiм

берудiң


жаңа  парадигмасымен  толық

сәйкестенетiнiн  көрсетедi.

Өйткенi

мәдениеттi қатынас жасау, өзгелермен тiл табысу - әрбiр адамның күнделiктi өмiр



тәжiрибесiнде  бетпе-бет  кездесiп  отыратын  және  оның  iшкi  рухани әлемiне,

тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асатын тiршiлiк мұқтаждығы.

Қазақ тілінің басты  компоненті«қызмет  тәсілі»болып  саналатын  пәндерге

жатады.  Бұл  дегеніміз қазақ тілін  оқытудағы  басты  мақсат ғылыми  білім  беру

емес,  оқушылардың  қазақ тілі құралдарын  іс  жүзінде қолдана  алу  дағдысы  мен

білігін қалыптастыру. Бұдан қазақ тілін үйретудегі басым тапсырмаларды анықтау

керектігі айқындалады. Олар мақсатқа жетуге бағытталған қызмет тәсілінің үлгісі,

дағды  мен  білік қалыптастыру  алгоритмі,  репродуктивті  және  продуктивті

жаттығу,материал түрлерімен қамтамасыз ету.

Тілді  оқытудың  ұтымды әдістерін  іздестіру ғылымда қатысым әдісін  алға

шығарды.  «Коммуникация»  сөзінің негізгі  мазмұны  жалпы қарым-қатынас,

араласу,  хабарласу,  байланыс  деген  сияқты  мағыналарды  білдіре  келіп,

адамдардың тіл  арқылы  сөйлесу  процесін,  тілдесу  ерекшеліктерін,  тілдің

әлеуметтік  мәні  мен қоғамдық  қызметін,  адамдар  арасындағы қарым-қатынасты,

өзара түсінушілікті көрсетеді.


13

Сонымен,  «коммуникация» - қарым-қатынас, өзара  байланыс  деген ұғымды

білдіреді.  Тілді үйретуге қатысты әдісті  сөз  еткенде,  арнайы қарастырған  тілші-

әдіскер – Е.И.  Пассов. Ол қатысымдық  әдісті  сөз  етпестен  бұрын,  жалпы  оқыту

әдісіне тән бірнеше белгілерді бөліп шығарды.

Мұндай белгілер мыналар:

әрбір  оқыту әдісі  белгілі  бір  мақсатқа  жетудің  құралы  болып  табылады.

Қатысымдық  әдістің негізгі  мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін  (айтылым,

жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу;

әдіс оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды, сондықтан

да ол (әдіс) оқытудың шартына тәуелді болмайды;

оқыту әдісінің аумағы өте  кең, сондықтан  сөйлеу әрекетінің  қай  түрінде

болсын оқытудың барлық жақтары қамтылады;

әдісте  барлық  қағидалардың басын  біріктіретін  ең басты,  негізгі  идея

болады.  Басты  идея  методологиялық рөл  атқара  келіп, әдістің жүзеге  асуы үшін

барлық мәселелердің басын біріктіреді [14].

Сөз болып  отырған әдіске қатысты негізгі  идея, басты өзек – қатысым болып

табылады. Қазақ тіл  білімінде қатысымдық  әдістің негізін қалаған  профессор  Ф.

Оразбаева берген анықтамаға жүгінсек, «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен

оқытушының тікелей қарым-қатынасы  арқылы  жүзеге  асатын;  белгілі  бір  тілде

сөйлеу  мәнерін қалыптастыратын,  тілдік қатынас  пен қағидалардың жүйесінен

тұратын;  тіл үйретудің тиімді жолдарын  тоғыстыра  келіп,  тілді қарым-қатынас

құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі» [15].

Қазақ тілі  оқушының  қатысымдық біліктілігін  дамытумен қатар,  олардың

қиялын,  есте  сақтауын  жетілдіруге  мүмкіндік  береді, өзіндік  оқу  іс-әрекетін, өз

бетімен білім алу және оны іске асыру дағдыларын қалыптастырады. Ф.Оразбаева

басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін  оқыту  барысында қолданылатын қатысымдық

әдісті өзіндік принциптер арқылы ажыратады. Олар:

тіке байланыс;

адамның жеке қабілетін ескеру;

сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау;

сатылап даму,

динамикалық өзгеру;

өзектілік.

Қатысымдық

технология, 

негізінен: 

а) 


оқу 

материалын 

меңгеруге

бағытталады; ә) оқушы  тұлғасына  бағытталады;  б)  оқытушы  мен  оқушының

ынтымақтастығына  бағытталады,  сол  арқылы  оқу  мақсаты  жүзеге  асырылады.

Қатысымдық  әдістің пайдаланудың тиімді  жолы – оның тіке  байланысқа

негізделіп,  адаммен – адамның тікелей қарым-қатынасы  арқылы  тілді үйретуді

жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен



14

көзбе-көз  кездесу,  ауызба-ауыз  тілдесу,  яғни,  тікелей қатынас  болмаса,  сөйлесім

әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандайбағыт-бағдарды таңдап

алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске

асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап

белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес.

Қазақ тiлi жас  буынның өзiндiк  ойлауын,  жан дүниесiн, дүниенi қабылдауын,

оның дiлiн қалыптастырады.  Бұл  орайда  Е.Д.Божовичтың  «Магистральная

направленность  обучения  русскому  языку  с  1  класса  до  выпускного – не

грамматическая, а речевая» деген пiкiрі де осы жаңарудың басты бағытын, жалпы

тiлдiк  бiлiмдi  оқушының сөйлеу әрекетiне  түпкi  нәтиже  ретiнде  бағыттай

оқытудың негiзгi тенденциясын айқындайды [16].

Осыған байланысты шұғыл түрде жүзеге асырылуы тиiс аса маңызды мәселе –

оқу  жүйесiнде  баланың  өмiрлiк  мүддесiне  сай,  соны қанағаттандыратындай

мотивациялық

технологияларды

қалыптастырудың

жаңа  жүйесiн  анықтау

мәселесi туындайды. Бұл әлемдiк озық тәжiрибеде дәлелденгендей пәндiк-бiлiмдiк

парадигманы  тiлге  деген  сүйiспеншiлiк  парадигмасымен  алмастыру  арқылы

шешiледi. Әлемдiк  тәжiрибеде  ХХ ғасырдың орта  шенiнен  басталған  жаңа

тенденция – ана тiлi сабақтарында оқушылардың өз ойын, өз пiкiрiн еркiн айтуына

қажеттi iскерлiктердi дамыта оқыту мәселесi бұрынғы кеңестiк бiлiм жүйесiнде де

теориялық тұрғыда iшiнара айтылып келген-дi. Бiрақ оған мемлекеттiк идеология

мен  стреотиптiк қалыпқа әбден  көндiккен  оқыту  жүйесi  жол  бермейтiн. Әйтсе де

негiзгi қызметi қарым-қатынас құралы болатын тiл табиғаты демократиялылықтың

алғашқы  жылдарынан  бастап  бүгiнгi  күнге  дейiн  озық ойлы  педагогтар  мен

әдiскерлердiң, тiл  мамандарының назарын өзiне  аударуда.  Олар  тiлдiң  ұлттық

мәдениеттiң бiр бөлiгi ретiнде оқу-тәрбие процесiнiң түп қазығы болатындығына,

оқушының


дара  тұлға  ретiнде  дамытылуының,

яғни  бiлiм  жүйесiндегi

демократиялылықтың,  iзгiлендiрудiң, гуманитарландырудың бiрден-бiр  тетiгi  де

ана  тiлiнiң меңгерiлу  жолдарымен  сабақтастығына  ерекше  мән  бередi. Өйткенi

жалпы бiлiм беретiн мектептiң басты мақсаты – дара тұлғаның дамуына мүмкiндiк

жасау  болса,  сол  тұлғаның басты  көрсеткiшi - сөйлеу әрекетiн  еркiн  меңгеруi, өз

ойын  ашық айта  алуы ғана  емес,  сонымен қатар  оның  өзiндiк  сөйлеу  стилiнiң

болуы. Қазiргi ана тiлi сабақтарында тiлдiк қатынас жасау мәселесiне басымдылық

берiлуi – тiлдiң адам  болмысымен  бiрлiгiне  сүйенiп  жасалған  жаңа қадам.

Мәселен, ресейлiк ғалым Г.В.Колшанский өзiнiң «Теория речевых актов как один

из  вариантов  теории  речевой  деятельности»  атты  еңбегiнде:  «тiлдiк қатынастың

тек ақпараттық қызметпен шектелмейтiнiн, адамдардың өзара түсiнiсуiнiң құралы

екендiгiн оқушыға ұғындыру қажеттiгiн» атап көрсетедi [17].

Бұл, әрине,  оқушының ойлау қабiлеттерiнiң ерекшелiктерiнен  келiп  шығады.

Жоғарыда  айтылған  «сөйлеу  стилiнiң ерекшелiгi»  оқушының тiлдi қолдануынан

көрiнсе, сөздiң қашан да адам ойының айнасы екенi анық. Яғни тiл мен сананың,



15

сөйлеу  мен  ойлаудың бiрлiгi әр  адамның жеке  басы қасиетi  мен қабiлетiнiң де

даралығын танытатын белгi екенi сөзсiз. Олай болса «ойлаусыз тiлдiк қатынас та

жоқ. Ойлау тiлдiк қатынастың тiрегi ғана емес, ол – бүкiл сөйлеу әрекетi өмiрiнiң

өзегi  деп  саналатын  адамзаттың болмысы». Осы  бiрлiктi  оқу үдерісінде  жүзеге

асырудың ең  ұтымды,  ең тиiмдi  жолы - тiл  сабақтарында  көркем  мәтiндермен

кешендi жұмыс жүргiзу. Тiлдiк қатынастың дамуына алғышарт тудырудың басты

факторы  «оқушыға  тiлдiк  орта қалыптастыру»  екендiгi  негiзделген  жаңа  жүйеде

осы  оқу  мәтiндерiнiң коммуникативтiк,  ой  дамытушылық, шығармашылық

сипаттары  айқын  көрсетiлген.  Сонымен қатар жоғарыда  көрсетiлген  басты

тенденциялармен  сабақтасатын  соны  бағыт – ана  тiлiн  мәтiн  арқылы  меңгерту.

Мәтiн  арқылы  оқытудың

артықшылығы  бiлiмдi  күтiлетiн  нәтижеге  сай

ұйымдастыру  болып  табылады. Оны әдiскер ғалым  Ф.Ш.Оразбаева төмендегiдей

тұжырымдайды (1-кесте) [17]:

1-кесте – Бiлiмдi күтiлетiн нәтижеге сай мәтiн арқылы оқытудың артықшылығы

Оқу 

мәтiндерi 



тiл 

мен


әдебиеттi  кiрiктiре  оқытуға

мол мүмкiндiк бередi.

Тiлдiң тек ғылыми  жүйесiн  меңгертуден  арылудың бiр

жолы – оқушының сөйлеу  iскерлiктерiн  дамытатын

жұмыстарға  басымдылық беру.  Бұл, әлбетте,  түрлi

мәтiндермен  кешендi  жұмыс  арқылы

ғана  мүмкiн

болады.  Мәтiн  тiлдiң көркем  сөзде,  яғни  сөз өнерiнде

атқаратын қызметiн  жан-жақты  танытуға  жетелейдi.

Мазмұны  терең, тiлi  көркем  мәтiндер – оқушының

сөйлеу  шеберлiгiн  дамытудың

көзi  деген

қағида

орнықтырылады.



Мәтiн 

арқылы 


оқыту

оқушының


сөйлеудi

ұлттықмәдениеттiң

компонентi 

ретiнде


меңгеруiнiң

маңызды


факторы

тiлдiк  ортаны



қалыптастырады.

Бұл  идея қазiргi  бiлiм  философиясындағы  рефлексия

бағытымен  сабақтасып  жатыр.  Яғни  оқушының  өз

ортасы  арқылы  дамуына  табиғи  жағдай  жасалады.

Мұнда оқушылар бiр мәтiндi талдау барысында өзара ой

бөлiсуге,  пiкiр  таластыруға,  ортақ ой қорытындыларын

жасауға үйренедi.

Мәтiн арқылы сөйлеу әрекетi

компоненттерiн  толық  әрi

бiр-бiрiмен 

тығыз

сабақтастықта  жүргiзуге  жол



ашылады.

Сөйлеу


әрекетiнiң

оқылым,  тыңдалым,  жазылым,

айтылым,  тiлдесiм  секiлдi  бөлiктерi қатар  жүргiзiлетiн

жұмыстар 

оқушының

ауызша, 


жазбаша 

сөйлеу


мәдениеттерiн жетiлдiрудiң қайнар көзi болып саналады.

Бұл  тiлдi  оқыту  сапасының айқын  көрсеткiшi  деп

есептеледi.

Мәтiн – бiлiмдi  дара  тұлғаға

бағдарлап  оқытудыңұтымды

құралы.


Өйткенi қазiргi  таңдағы  саралап,  даралап  бiлiм  беру

мәселелерi 

деңгейлеп 

оқыту 


технологиясымен

байланысты қаралады.  Ал,  мәтiнмен  жұмыстар осы



16

деңгейлiк  тапсырмаларды  бiрiздiлiкпен,  логикалық

жүйелiлiкпен  бiрте-бiрте  күрделендiре  түсуге  ыңғайлы.

Бұл - сапалы бiлiм, саналы тәрбие берудiң тетiгi.

Мәтiнмен  жұмыс  оқушының

субъект 


ретiнде

өзiн


әр

қырынан 


танытуына

мүмкiндiк тудырады.

Мәтiн  мазмұнына  сәйкес  түрлi  тiлдiк  жағдаяттар

тудыруға,  оқушының логикалық ойлауын  мақсатты

түрде 

дамытуға, 



олардың

сөйлеу 


белсендiлiгiн

арттыруға  да қатысты  тапсырмаларды  түрлендiруге

болады. Әрi мұндай бiр бағытқа бағдарланған жұмыстар

жиынтығы 

сабақтағы 

сұрақ-тапсырмалардың

тек

формалық жағынан өзгертiлуiн ғана  емес,  олардың



мазмұндық жағынан  да  тереңдеуiне  жол  ашады.  Бұл  да

оқыту 


сапасын 

күтiлетiн 

нәтиже 

тұрғысынан



жетiлдiруде шешушi рөл атқарады.

Мәтiнмен  жұмыс – тiлдiң

барлық

пәндермен



байланысуын

қамтамасыз

етудiң кепiлi.

Мұнда  тiлдiң дүниетаным құралы  екенiн  танытуға

қажеттi  мүмкiндiктер  мол. Әсiресе,  тiлдiң стильдiк

жүйесiн  таныту  нәтижесiнде  түпкi  мақсатқа

қол

жеткiзiледi.



Мәтiнмен 

жұмыс


оқытудың тәрбиелiк сипатын

күшейтудiң бiр факторы.

Мұнда  мәселе  тек  мәтiн  мазмұнының дидактикалық

қырында ғана  емес,  сонымен қатар  оқушылардың  өзара

пiкiрталасы үстiнде қалыптасатын тыңдау мәдениетi мен

өзгенiң ойын  сыйлай  бiлу  дағдысының  қалыптасуында,

өз ой-тұжырымдарын көпшiлiкке ұғымды  етiп түсiндiре

бiлу  iскерлiктерiн  жетiлдiруге  деген  iшкi  мүдделiлiгiнiң

тууында жатыр.

Жоғарыда аталған мәтiн негiзiнде тұжырымдалған әрбiр бағыт қазiргi әлемнiң

озық елдерi  көтерiп  отырған  оқыту  сапасы  мен  бiлiм  нәтижесiне қатысты

тенденциялармен тығыз ұштасады.

Тіл  меңгерудің  өлшемдерін  белгілі  социолингвист-ғалым  Л.П.Крысин

«Социолингвистические  аспекты  изучение  современного  русского  языка»  атты

еңбегінде төмендегідей түсіндіреді:



І  Дәстүрлі  лингвисткалық  өлшем адамзат қызметінің  қай  саласындағы

қолданылу  сипатына қарамастан  сөйлеушінің ойын  еркін  бейнелеп, құбылтып

айта алу икемдігін, қабілеттілігін қамтиды.

Тілді құбылта қолдана білу қабілеттілігі сөйлеушінің бір ойды әр түрлі айта

алуынан  көрінеді.  Ойды  неғұрлым  көп  түрлі  ете  айта  білсе,  соғұрлым  тілді

меңгеру дәрежесі жоғары болады.

Мысалы:

1.

Кітапты түсініп оқыңыз.



2.

Кітапты түсініп оқуға тырысыңыз.

3.

Сіз кітап оқығанда түсінуге тырысыңыз.



17

4.

Түсініп оқу– кітап оқудағы басты талап.



5.

Кітап оқығанда түсіну (оқырманнан) талап етіледі.



ІІ Ұлттық-мәдени өлшем – тіл құралдарын  пайдалануда ұлттық нақыштағы

ерекшеліктерді меңгеру. Сол немесе өзге тілде сөйлеуші жас кезінен тілдің сөздің

грамматикалық, интонациялық жүйесін  меңгерту  арқылы өздеріне  білінбестен,

көбіне  ойланбастан,  оның  ұлттық мәдени  және  рухани  формаларын  бойына

сіңдіреді.

Әдет-ғұрыптілді

қолданудағы 

айтылу


құралдарының 

өзіндік


ерекшеліктеріне  байланысты  болады.Мысалы,  Венгрияда  шайды қайнатады

(варить) деп айтқан дұрыс болса, Ресейде шайды демдейді (заваривают) деп айту

ұлттық сипатты  көрсетеді.  Сондықтан  орыс  тілінде  шай қайнату (варить  чай)

деген  тіркес  грамматикалық жағынан  дұрыс  болғанымен,  сөйлеу  дәстүріне  жат

көрінеді.  Айталық  қазақтарда қонаққа  бару  және қонақты үйге  шақыру  деген

дағдылы  нәрсе,  ал  французда  бұл  тәртіп  бойынша қонақпен үйден  тысқары

кездеседі.  Соған  байланысты  оларда  мұндай  оралымдар қазақ тіліндегідей

кездеспейді.

Финляндияда  жұмыртқаны  біздегідей  емес,  салмағын өлшеп  сатады,  соған

байланысты  олардағы  «Маған  1  кг  жұмыртқа  беріңізші»  деген  сөйлем  бізге

біртүрлі  жат  естіледі.  Біздегі  сөз  саптауда  бұл:  «Маған  10  дана  жұмыртқа

беріңізші» түрінде айтылады. Ал бұл сөйлем оларға жат естіледі.

Сөйлеудегі ұлттық нышандар  түрлі  жағдаяттарда  да  көрініс  береді.  Мысалы,

орыс  телефон  трубкасын  алғанда  көбінесе  «Алло!», – «Да!»,  «Слушаю  Вас»

дегенді  айтады,  ал  орыс  тілін өте  жақсы  меңгерген  неміс  бұл  жағдаятта

«Пожалуйста!» («Сөйлей беріңіз» деген ұғымда) дейді.

Телефондағы  кісіге өзін  таныстырғанда  орыс: – Это  Петров  (Это  Дмитрий

Иванович) десе, неміс немесе француз өздерінің ұлттық ғұрыптарына байланысты:

– Здесь Гофман, – Здесь Поль деп айтуы мүмкін.

ІІІ Энциклопедиялық өлшем – тек сөздің өзін ғана игеріп қана қоймай, сонымен

қатар  «сөз әлемін»,  яғни  сөз  астарындағы  шындық болмысты  және  осы  шындық

болмыс  пен  сөз  арасындағы  байланыстарда  игеру.  Мысалы,  орыс  тілінде  сағат

сөзін  меңгеру  тек  оның беретін  лексикалық және  грамматикалық  (часы  идут,

стоят, спешат, остановились, тикают, бьют, точные часы) мағыналарын ғана емес,

сондай-ақ сол  сөздің фразеологиялық мағынасында  (точен  как  часы)  және  оның

түрлі құрал  аттары  болуын,  яғни  уақыт өлшемін  білдіруге  (часы  электронные,

наручные, будильникит.б.) қатысты ұғымдарын да қамтиды.



ІҮ Жағдаятты  (әлеуметтік  лингвистикалық)  өлшем – тілдік  білімі  мен

қабілеттілігін  таза  лингвистикалық тұрғыдан,  сондай-ақ  ұлттық-мәдени  және

энциклопедиялық деңгейлерге қатысты әр алуан жағдаятқа сәйкес қолдана білу.

Жағдаятты қарым-қатынаста болу бірнеше компоненттен тұрады:

1) сөйлеуші және оның әлеуметтік рөлі;

2) тыңдаушы және оның әлеуметтік рөлі;



18

3) сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы байланысты қарым-қатынас;

4) қарым-қатынастың түрі (ресми, биресми, достық);

5) мақсаты;

6) қарым-қатынас құралы  (тілдің ішкі  кіші  жүйелері  (әдеби  тіл,  диалекті,

жаргон т.б.) немесе тіл стилі, тілдік емес құралдар (мимика, нышан т.б.);

7) қарым-қатынас тәсілі (ауызша -жазбаша);

8) қарым-қатынас орны.

Осы  айтылғандарды  жинақтай  келсек,  тілді қолдану  мен  оны  игеруде  адам

әлеуметтік

әрекеттегі 

субъект 


ретінде 

жалпы 


және 

коммуникативтік

хабардарлығын дамытады [19].

Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам  дамуының  қарышты қадамына

сәйкестендіріп,  оны  шырқау  биіктерге  көтеруге  бағытталған  тың  әдіс - тәсілдер

жасалуда.  Нәтижесінде  тұтас  педагогикалық  үрдістер өзгертіліп,  білім  берудің

тиісті деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа

технологиялық  әдістерді  пайдалану  шәкірттердің ойлана  білу қабілеттерін

дамытады,  олардың білім  сапасын  жақсартады,  ой өрісін  кеңейтеді,  есте  сақтау

қабілеттерін өсіреді.  Оқыту  мен  дамыту әдістерінің екеуі  де  жеке  тұлғаның

қалыптасуына үлкен  ықпал  ететін  маңызды  айғақтар  болып  саналады.  Дамыта

оқытуда  оқушының ойлау,  ізденушілік,  зерттеушілік қабілеттері  артып,  талдау

арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін

айтуға мүмкіндік беріледі.

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы,  элементі. Кез  келген  оқыту

белгілі 


бір 

мөлшерде 

адамды 

дамытады. 



«Даму»

ұғымы 


сөздікте

«…мөлшерлік

өзгерістердің

белгілі  бір

өлшем  шегінен  шығып,  сапалық

өзгерістерге  айналуы» - деп  түсіндіріледі.«Даму» ұғымының психологиялық

анықтамасы – жаңарту үрдісі,  жаңаның  өмірге  келіп,  ескінің жоғалуы  деген

мағынаны береді.

Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық

жолмен  дамып,

өзгеріп,  бір  деңгейден  екінші  деңгейге

өтіп  отырады.

Ғалымдардың зерттеулері  баланың даму  процесіне  3  түрлі  күш  пен  3  түрлі

фактордың қатысатындығын дәлелдейді. Олар:

1. Биологиялық фактор. Бұл  ата-анадан  ауысқан,  туа  бітті  және өмір  сүру

барысында қабылданған  дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі

құбылысының

ерекшелігін  білдіретін,  бала

организмінің

ортамен


қарым-

қатынасының нәтижесі.

2. Әлеуметтік  фактор. Бұл  бала өмір  сүретін  орта,  ең алдымен  адамдардың

ортасы. Бұл сондай-ақ, баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары,

мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен

сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын орта.



19

3. Баланың өз белсенділігі. Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып

саналады.  Оқитын  пән қандай  да  жаңа,  бағалы  болмасын,  мұғалімнің шеңберлігі

қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса,

оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже

бермейді.  Баланың организм  ретінде  дамуы  мен  жеке  бас  ретінде қалыптасуы

белсенділік арқылы жүзеге асады.

«Баланың даму  процесі,  оның  қоғамның белсенді  де  пайдалы  мүшесі,  азамат

ретінде қалыптасуы  осы үш  фактордың  қатысуымен қамтамасыз  етіледі.  Ең

бастысы  осы  факторлардың бірде-бірі, қандай  да  бір  кемеліне  келген  болса  да

басқа  екеуінен  ерекшеленіп  жеке әсер  ете  алмайды.  Барлық іс  осы үш  басты

күштің өзара әрекет етуінде» деп пайымдайды Б.А.Тұрғынбаева [20].

Дамыта  оқыту  жүйесi  ХVII ғасырдан  бастау  алған.  Шет  ел ғалымдары  мен

Ресей ойшыл педагогтарының солкездегi iрге тасын қалаған дамыта оқыту жүйесi

әр  кезеңде өз  деңгейiнде  дами  отырып, бүгiнгi  күнге  дейiн  жеттi.  Я.А.

Коменскийден бастау алған бұл оқытудың түрi өз тиiмдiлiгiмен жиі қолданылуда.

И.Т.  Песталоцци  баланың ақыл-ойын,  барлық  қабiлет-қасиеттерiн  дамытса,

орыстың  ұлы  ағартушысы  К.Д.  Ушинский  де өз  дидактикалық еңбектерiнде

дамыту мәселесiне ерекше тоқталып, арнайы әдiстеме жасады.

Ал  енді«Дамыта  оқыту»  деген  сөздің мағынасына  тоқталатын  болсақ, бұл

термин  философиялық

сөздіктерде:  «Дамыта  оқыту

-

шынайы


өмірдегі,

болмыстағы дамудың заңдылықтарын  негіз етіп  алатын  процесс.  «Даму - мәңгі,

қажетті қозғалыс,  уақыттағы өзгеріс.  Кеңістіктегі  орын  ауыстырудың даму

болатын  себебі,  онда  уақыттағы өзгерістің түсірілген  түрде  сақталатындығында...

қозғалыс әрқашан  бір  нәрсенің екіншісіне қарай қозғалуы  (бағытталған),  яғни

басталуы  мен  аяқталуы  бар әртүрлі  заттардың, процестердің және  басқалардың

қозғалысы  ретінде

өмір  сүреді...

Органикалық

емес  жүйенің,

жануарлар

дүниесінің,  қоғамның дамуы  диалектиканың жалпы  заңдарына  бағынады.  Даму

спираль  тәрізді, қарама-қайшылықтардың бірлігі  мен  күресінде,  санның сапаға

ауысуы түрінде және керісінше өрбиді» деп айтылады [21].

«Дамыта  оқыту»  деген  термин  психология ғылымының  қойнауында  туып,

баланың дамуын қарастырған  (Ж.  Пиаже),  ойлаудың  әртүрлі  деңгейін,  типтерін

(Л.В.  Выготский,  А.Н.  Леонтьев,  С.Л.  Рубинштейн)  және  басқа  да  психиканың

қызметін 

зерттеген 

(Б.Г. 


Ананьев, 

Г.С. 


Костюк, 

А.А. 


Люблинская,

Н.А.  Менчинская)  және  т.б.  іс-әрекет  ілімінің

психологиясын  жасаған

(А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин) еңбектерінде жан - жақты талданды.

Нәтижеде дамыта оқыту мәселесіне арналған екі іргелі эксперимент жасалып,

оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков басқарады.

Психологтар  оқу  процесіне  оқушының іс-әрекетін  енгізу  керектігін,  оның

маңызын  дәлелдеді.  Дамыта  оқыту  арқылы  оқушыға  берілетін  білім  бұрынғыдай



20

репродуктивтік жолмен емес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-

жақты «теориялық» іс-әрекеті арқылы берілетін болды.

Барлық


табиғат

құбылыстары  сияқты  бала  психикасы  да

үнемі

диалектикалық жолмен  дамып, өзгеріп,  бір  деңгейден  екінші  деңгейге өтіп



отырады.  Оқыту  мен  дамыту  арасында  тығыз  байланыс  бар  екенін  психология

ғылыми  жеткілікті  дәрежеде  дәлелдеп  берді  деп  айтуға  болады.  Бұл  мәселені

түбегейлі  зерттеп,  бала  дамуындағы  оқытудың рөлін,  алар  орнын  анықтаған

көрнекті  психолог  Л.С.  Выготский.  Ол  дамуды  оқытумен  тең, керісінше  оқу  мен

даму  екі  бөлек үрдісдеген  көзқарастарды қатты  сынға  алды.  Ең алғаш  рет  бала

дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы ілім ұсынды:

бала  дамуының жақын  аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі  арқылы

атқара алатын істері.

бала дамуының қол  жеткен  аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз  істей

алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол

жеткен  аймағы  жақын  аймақпен өзара қызметтесе  отырып,  оны  игерген  кезде

дамуға өріс ашылады.

Л.Выготский оқыту  мен  дамудың байланысын  зерттей  келе,  егер  оқыту

баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.

Өзекті  даму  аймағы – баланың  өз  бетімен  істей  алатын  жұмыстары. Ал

ересектермен  ынтымақтаса  істей  алатыны – жақын  даму  аймағы.  Мысалы,

баланың сөйлей  алуы – актуалды  даму  аймағы.  Бұл  жерде  даму  жүрмейді.

Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап «жақын даму аймағында»,

дәлірек  айтсақ, баланың жазба  тілін қалыптастыруға  кірісу  керек.  Ол үшін

алдымен  жеңіл  тапсырмалар  беріледі.  Мысалы,  Ш.  Амонашвили  және  оның

мұғалімдері әріптер  мен  сөздерді  белгілеуге  Д.Б.Эльконин  жасаған  шартты

белгілерді қолданады.  Тақтаға  сөйлем  және  оның астына  шартты  белгісі

жазылады.

«Жақын даму аймағында» жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен

оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап

бере алмайтын сұрақтар қояды.

Сонымен, жақын  даму  аймағы  баланың ақыл-ой  жұмысы  басталар  тұсы.

Мұғалім  мұнда  оқушыға  тапсырма,

әдістемелік  нұсқау  береді,  ізденуге

бағыттайды,  ізденістің

бағдарламасын  береді.  Мұғалімнің

жақын  даму

аймағындағы  жұмысының тиімділігінің көрсеткіші – әр  оқушының мұғалімнің

көмегін алуға өзір тұруы.

Дамыта  оқытуда  мұғалім  жақын  даму  аймағында  жұмыс  істеу  керек.  Ол

оқушыға  ақпараттар  беруші,  ынталандырушы,  бейне  туғызушы,  баланың

кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өз «жақын даму

аймағы» бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.


21

Л.В.Занков жүйесі тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:

оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;

теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді

байланыстарды, заңдылықтарды ашу;

оқушының ізденуі. Мұғалімнің түсіндіруі – дамудың қауіпті жауы;

оқу  процесін  оқушылардың

сезуі.  Оқушы

өзін  оқу  іс-әрекетінің

субъектісімін  деп  сезінеді.  Материал қайткенде  есімде  жақсы қалады,  жаңа  не

нәрсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім

деген сұрақтарға жауап береді;

барлық оқушыларды  дамыту үшін  жүйелі  түрде  жұмыс  істеу. Қабілетке

қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.

Л.В.Занков

өз  экспериментінде  оқушылардың

психологиясын  зерттеу

әдістерін  кең  қолданды.  Дамуда  оқыту  жетекші  рөл  атқаратынын,  ол  балаға

жанама түрде әсер  ететінін,  баланың ішкі  жан  сарайының ерекшелігі  оқытудық

оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты баланы жалпы

дамыту екенін іс жүзінде дәлелдеді.

Занков  жүйесінің басты  міндеті – баланың жалпы  психикасын  дамыту  еді.

Оған ақыл, ой, ерік-жігер, сезіменді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды

түсініп,  есте  саңтаудық сенімді негізі  деп  саналды.  Оның түсінігінде  баланың өзі

қызығатын  нәрсесі,  талап-тілегі  бар,  мектепке  тек  білім  алу үшін ғана  емес,

бақытты өмір сүру үшін келетін жеке тұлға. Олай болса, мақсат – баланың барлық

адами қасиеттерін  дамыту.  Ең маңыздысы,  бала  бойындағы  жағымды  сезімдерді

жоғалтып  алмау.  Сондықтан  дамыта  оқытуды қолданған  мұғалім  оқушыдан

бағдарламадан  тыс  оқыған  кітабынан  түсінгенін  сұрайды. Себебі,  Л.В.Занков

түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізу арқылы үйренеді.

Л.В.Занков  жүйесіндегі  білім  мазмұны  бай.

Ғылым,


әдебиет,

өнер


туындыларынан  білім  беріледі.  Оқу  жоспарында  география,  жаратылыстану

пәндері  бар.  Орыс  тілі,  оқу  кітабы,  математика,  еңбек,  эстетикалық бағыттағы

пәндерінің мазмұны  толықтырылған.  Оқушыларды  дамытатын  дұрыс  жазуға

дағдылану,  санау,  оқу,  бейнелеу өнері, өнер  шығармаларымен  жұмыс, қолмен

жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын білімнің

үлес салмағы көп.

Бала  сабақта өзінің  өмірден  көрген-білгендерін  айтып,  оны  жолдастарымен

бірге  талқылап  отырады. Қарама-қайшы  білімдер  ойды  дамытады.  Мұғалімнің

жұмыс стилі сыныптағы нақты жағдайға байланысты өзгереді. Мұғалімнің сұрағы

мен  тапсырмалары  біржақты  жауаппен  шектелмей,  оқушыны өз  көзқарасын

айтуға, өз бағасын беруге итермелейді.

Занков  жүйесінде  оқытуды ұйымдастырудың жетекші  нысаны – сабақ. Тек

сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді.  Сабақ оқушылардың түсінігіне қиын


22

болып  келеді.  Осыған сәйкес  сабақ жаңа  материалды  оқудан  басталуы  мүмкін.

Дәстүрлі  оқытуда  уақыттың көбінде  мұғалім  сөйлейді.  Дамыта  оқытуда  мүғалім

баланың  өз  ойын, өз  бақылауларын,  танымын  айтуына  жағдай  жасайды.

Сыныптағы «тәртіп» ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында өздерін еркін

ұстайды: шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.

Оқытуды ұйымдастырудың маңызды  нысаны – экскурсия.  Таным  негізі  тек

кітап,  мұғалім  сөзі ғана  емес, қоршаған  орта,  материалдық мәдениет.  Л.В.Занков

түсінігінде  даму  адамның  өзін-өзі  көрсетуінсіз, өз  пікірін,  бағасын  білдірусіз

мүмкін 


емес. 

Оның


жүйесімен

қорытынды 

шығарғанда 

баланың


байқампаздығына,  ойлау  барысына,  тәжірибелік  іс-әрекетіне,  сезіміне,  ері-

жігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға көзқарасына, олардың қаншалықты

деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.

Сөйтіп сабақ үлгерімі жалпы дамумен ұштастырылады. Оқушы бағдарламаны

өте  жақсы  меңгермесе  де,  оқуға  деген  ынтасы  пайда  болып,  сынып ұжымымен

байланысы жаңсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе, онда оқыту

өте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады.

Дәстүрлі  оқытуда  баға  басты  рөл  атқарады.  Л.В.  Занков  сыныптарында

балаларға  баға

қойылмайды.  Баға  жазба  жұмыстарының  қорытындылары

бойынша шығарылады. Нәтижесінде балалар кім «озат», кім «үлгермеуші» екенін

білмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде  шынайы  жағымды  эмоциялар

көп, мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар.

Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының

көзқарасымен  келісу  немесе  оған  күдіктене қарау, өз  пікірі  дұрыс  болмаса  бас

тарту. Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындау кезінде бала қиындықты жеңіп,

табысына қуанады, қанағаттанады.  Баға қойылмауы  сыныпта  жақсы  жағдай

туғызады.  Сонымен  Л.В.Занков  жүйесі  бойынша  оқыту  баланың дамуын

анағұрлым тездететінін көрсетті.

Ғалым Б.А.Тұрғынбаева  «Дамыта  оқыту  технологиялары»  атты  еңбегінде

дамыта  оқыту  жүйесі  жайлы

келесі  жан-жақты

тұжырымдамалар  мен

пайымдаулар жасаған:

Л.В.  Занков  жүйесі  дәстүрлі  оқыту  жүйесінен  басқаша  дидактикалық

принциптерге  негізделеді.  Енді  ерекше  тоқталуды

қажет  ететін  кейбір

принциптердің мәнін аша кетейік.

Жүйедегі  бүгінгі  күннің  өлшемімен қарағанда  айрықша  көкейтестілігімен

ерекшеленетін  принцип - жоғары қиындықта  оқыту  принципі. Бұл қағида

баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкінділігінің бар екеніне көз

жеткізеді.

Шведтік  нейробиолог  Холгер  Хиден өз  зерттеулерінде  баланың миындағы

клеткаларды  бір-бірімен  байланыстыратын  талшықтар  (нейрондар)  тек  ойлау

әрекеті болған жерде ғана молайып, жиілей түсетіндігін, сондықтан өте жас кезде


23

баланың миын  жұмыс  істеуге  ынталандырып  отыру  керектігіне  назар  аударады.

Белсенді  ой қызметінсіз  клеткалар  бай  талшықтар құрай  алмайтындығын,  содан

барып олардың қызметі төмендеп, бара-бара семе беретіндігіне көзімізді жеткізеді.

Ғылымға  белгілі әртүрлі  себептермен  аңдар  арасында қалып қалған  балалардың

қайта адам қалпына келе алмауының басты себебі де осы болар.

Айтылғандарды қорыта  келе,  жас  балалардың  қарқынды  ой  еңбегімен

айналысуға  табиғи  мүмкіндіктерінің бар  екенін  оқыту  процесінде  ескеру қажет

деген тұжырымға келеміз.

Дәстүрлі 

педагогикада 

«қарапайымнан 

күрделіге

қарай, 


нақтыдан

абстрактіге қарай»  деген  принцип  бар. Дамыта оқыту  жүйесінің авторлары бұған

керісінше, бала ойлауын абстактіден қарапайымға қарай жетелейді. Мысалы: «А»

әрпін өткенде,  алманың суретін  көрсетіп  тұрып,  оның не  екенін,  дәмі,  түрі,

формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын

сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады. Екі 

жүйе

арасындағы  тағы  да  бір қарама-қайшылықтардың мәні  мынада.  Дәстүрлі



педагогикадағы «оқыту мазмұны баланың жас ерекшеліктеріне сай жеңіл болғанда

ғана,  оқушылар  білім,  білік,  дағдыны  меңгереді»  деген қағида төңірегінде

Л.В.Занков бұл анықтаманың көнергендігін, тіпті дұрыс еместігін дәлелдейді.

Дамыта  оқыту  жүйесінің маңызды  принциптерінің бірі - теориялық білімнің



жетекші  рөлі  принципі.  Бұл  принципті  балалардың

теорияны  жаттауы,

терминдерді  есте  сақтауы  деп  түсінбеген  жөн.  Керісінше,  оқыту  барысында

қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмір заңдылықтарына көздерін

жеткізу,қорытынды жасауға дағдыландыру.

Дамыта  оқыту  жүйесі  дидактикалық принциптерінің ішінде  «Оқытудың

тәрбиелік  мәнінің болуы»  жайлы  ешнәрсе  айтылмайды. Өйткені  оқушылардың

адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру  арнайы  жарияланбағанымен  тұтас  жүйе,

оның құрамдас бөліктері, әдістері арқылы іске асып жатуы ойластырылған.

Бұл жүйенің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім

өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше-ақ арттыра алары сөзсіз.

Л.В.  Занков  жүйесінде  арнайы,  жаңадан  ойлап  табылған әдіс-тәсіл  жоқ.

Өзіміз қолданып жүрген әдістер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады [20].

Л.В.  Занков  ақыл - ой қызметінің төмендегідей  көрсеткіштері  дамуды  іске

асырады  деп  есептейді.  Олар  байқампаздық,  өз  ойын  еркін  жеткізе  білу,

практикалық іс - әрекеттер атқара білу. Ал В.В. Давыдов ақыл - ойдың дамуының

көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас  алғанда  барлық ғалымдардың даму  туралы  ойлары  оқыту  барысында

баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және

оның басты шарты ретінде әрекет алынады.

Дамыта  оқытуда  баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру  басты

назарда ұсталады.  Ол үшін  бала өзінің бұған  дейінгі  білетін  амалдарының,



24

тәсілдерінің жаңа  мәселені шешуге  жеткіліксіз  екенін  сезетіндей  жағдайға  түсуі

керек.  Содан  барып  оның білім  алуға  деген  ынта-ықыласы  артады,  білім  алуға

әрекеттенеді.  Сабақ мұндай  жағдайда  төмендегідей үш құрамдас  бөліктерден

тұрады:

оқу мақсаттарының қойылуы;



оны шешудің ж

олын бірлесе қарастыру;

шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл – үшеуі  дамыта  оқытудың Д.Б.  Элконин – В.В.  Давыдов  жасаған

жүйесінің негізгі құрылымдары.

Оқушы  алдына  оқу  мақсаттарын қоюда  ешқандай  дайын үлгі  берілмейді.

Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім

сабақ  үрдісін ұйымдастырушы,  бағыттаушы  адам  рөлінде  шешім  табылған  кезде

әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын,

пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық

жағдайда  дұрыс  бола  бермес.  Дегенмен әр  бала  жасаған  еңбегінің нәтижесімен

бөлісіп,  дәлелдеуге  талпыныс  жасайды,  жеке  тәжірибесін қорытындылауға

үйренеді.

Мұндай  көзқарасты ұлы  Абай  да  уағыздап  кеткендігіне  тоқталған  жөн.

Қоршаған  ортаның шындығын  мойындай  отырып,  Абай  ақыл  мен  сана  еңбек

барысында қалыптасатындығын  айтады.  Ол  адамның ішкі  сезімді қуаттарын

біртұтас  етіп  алады.  Оның он  жетінші  сөзіндегі қайрат,  ақыл,  жүректің сөз

таластыруында  тек  бірлесіп  ынтымақтасқан  жағдайда ғана  күш  алатын үш  түрлі

жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан

бұл  мәселенің  ұлттық психологиямыз  бен  философиямызда  да  ежелден  көтеріліп

келе жатқандығын көруге болады.

80-жылдардың аяғында Қазақстанның  қоғамдық-саяси өміріндегі  болған

өзгерістер  оқыту,  тәрбиелеу  ісіне  де  жаңалықтар  енгізіп,  жаңа  леп әкелді.

Республика  мектептеріндегі  оқыту  жаңадан  жазылған  төл  оқулықтар,  жаңа

бағдарламалар  негізінде  жүргізіліп,  білімнің  әлемдік  стандартқа  сай  болуы

қарастырылды.  Оқытудың жаңа  технологиялары  кеңінен  енгізіле  бастады.

Әсіресе, халықтық педагогиканы  пайдаланып, ұлттық  үрдісте  тәрбиелеуде

атқарылған шаруалар ауқымы біраз. Еліміз егемендігін алу арқылы мүмкін болған

жаңа  буын  оқулықтарының да ғылыми  негізі  ретінде  дамыта  оқыту  жүйесі

алынды. Бұл іске педагог – ғалымдар елеулі үлестерін қосты.

Н.Құрманова  «Қазақ тілін  дамыта  оқыту  технологиясы»  атты  зерттеу

еңбегінде  дамыта  оқыту  технологиясында  оқушыға  жаңа ғылыми ұғымды

меңгерту мынадай кезеңдерге бөлінеді:


25

мұғалім  жаңа  лингвистикалық жағдайлар  жасап,  соны  таныстырады,  оған

бағытталған міндеттерді шешу керектігін белгілейді;

берілген  лингвистикалық материалға  түрліше өзгерту, өңдеу  жасалады,

соның негізінде  оқушы  осы лингвистикалық материалдың бойындағы  маңызды,

негізгі белгілерін анықтайды;

танылған жаңа байланыстар мен қатынастарды ерекше таңбалармен (алдын

ала келісілген таңбамен) модельдейді;

алдыңғы  кезекте  алға қойылған  міндетті  шешуге қажетті  болып  тұрған

негізгі  байланыстар  мен қатынастарға  жалпы  сипаттама  беріп,  олардың  қандай

заңдылықтарға бағынатынын анықтайды [22].

Осы  еңбегінде ғалым  дамыта  оқыту  технологиясының жалпы  болмысын

төмендегідей белгілермен танытады:

жалпы педагогикалық қолданысқа негізделген оқыту жүйесі;

мәдениет 

жүйесіндегі,

қоғамның 

өміріндегі

ғылымның

рөлін

абсолюттендіруге негізделген оқыту жүйесі;

антропоцентристік  ,  яғни  адам- субьект,  ал  бүкіл әлем  адам үшін  обьект

деген дүниетанымдық концепцияға негізделген оқыту жүйесі;

психогендік  ,  яғни  адам - өзін-өзі  басқарушы  жүйе,  даму  процесі өзіндік

реттеу  мен өзіндік  басқаруға  мұқтаж  деген  концепцияға  негізделген  оқыту

жүйесі;

дамытушы,  яғни  адамның организмінде,  психикасында,  интеллектінде

және рухани дүниесінде ішкі және сыртқы факторларға, басқаруға келетін және

басқаруға  келмейтін  факторларға  байланысты  болатын  сандық және  сапалық

өзгеру процесі деген концепцияға негізделген оқыту жүйесі;

операциялық ой - машықтары – ақыл - ой  тәсілдері,  яғни  теориялық

ұғымның мағынасын  осы ұғымды қалыптастыру, қолдану  және  тексеру  кезінде

пайдаланатын  операцияларды  сипаттау  арқылы ғана  анықтауға  болады  деген

операционалдық талдау жасауға негізделген оқыту жүйесі;

оқытушы,жалпы білім беруші, ізгіліктендіруші оқыту жүйесі;

Кластық-сабақтық,

топтық,

дифферинциалдық

оқыту 

формасына

негізделген технология;

оқушы  мен  мұғалімнің ынтымақтастығына негізделген  педагогикалық

жүйе;

дамытушы,  яғни  диалектиканың,

логиканың,

таным  теориясының

әдістерін қолдануға негізделген оқыту жүйесі;

альтернативтік оқыту жүйесі [22].

Сонымен, дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе.

Оның нәтижесінде әр  оқушының  өзін-өзі өзгертуші  субъект  дәрежесіне  көтерілуі

көзделіп,  оқыту  барысында  соған  лайық жағдайлар  жасалады.  Дамыта  оқыту –



26

дәстүрлі  оқытуға  мүлдем қарама – қарсы  альтернативті  оқыту  түрі.  Дәстүрлі

оқытудың басты  мақсаты – білім  беру,  оқушының іскерлігі  мен  дағдысын

қалыптастыру  болса,  дамыта  оқытуды  білімді  де,  тәрбиені  де  жеке  тұлғаға

бағыттай  отырып,  оны  жан-жақты  дамытуды  мақсат  етеді,  оқушыны  субъект

ретінде қарастырады,  яғни  айырмашылығы:  көздеген  мақсатында,  мәнінде,

мазмұнында,  дамытудың негізгі  факторларында,  мұғалімнің рөлі  мен  атқаратын

қызметінде, әдіс-тәсілдерінде,  оқушының білім  алу  белсенділігінің түрінде,  оқу

үрдісінің

мүшелерінің  әрекеттестік  ерекшелігінде,  олардың  қарым-қатынас

сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде, т.б.

Бұл  технологияның пәнаралық байланысқа  негізделген  шығармашылық

жұмыстар  арқылы  тіл  дамыту

үрдісіндегі  орны  ерекше.

Дамыта  оқыту

оқушылардың шығармашылық ойлауын  дамытады.  Ал  шығармашылық ойлау -

шығармашылық

табыстарға 

жетудің

кепілі. 


Шығармашылық

ойлаудың


төмендегідей басты белгілерін көрсетуге болады:

бұрын  ешкім  ашпаған, қол  жетпеген  беймәлім  нәрсені  ашу,  оған қол

жеткізу;

нәтижеге жетудің әртүрлі жолдарын іздеу;

нәтижеге әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы жету;

ешкімнің жетелеуінсіз өз беттерімен іс - әрекет жасау.

Дамыта оқыту жүйесі шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте

сақтауға,  тіл  дамытуға  бағытталған.  Бұл  жүйесінің ерекшелігі:  оқығанын

пікірсайысқа  салу;  сабақ  құрылымының оңтайлығы;  дидактикалық ойындар;

өзіндік іс-әрекеттің  қарқындылығы;  сабақта әр оқушыға өзін-өзі  көрсетуге

мүмкіндік беретін педагогикалық жағдаят құру.

Дамыта оқытуда сабақ құрылымында да өзгешеліктер болады. Оқушының оқу-

танымдық  әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне  байланысты  сабақ  үш

кезеңге сай ұйымдастырылады:

мотивациялық-бағдарлау кезең;

операционалдық-орындаушылық кезең;

рефлексиялық-бағалау кезең.

Мотивациялық-бағдарлау  кезеңде  оқу  міндеттері қойылып,  оқушылардың

сабаққа

қызығушылығын  оятатындай  тапсырмалар  мен  жұмыс  түрлері



ұйымдастырылады. 

Операционалдық-орындаушылық

кезеңде 

нақты 


оқу

тапсырмаларын  орындауарқылы  оқушылар  жаңа  теориялық  ұғымды өзара

талқылайды, соның негізінде теориялық білімін бекітеді, оны қолдануға үйренеді.

Ал  рефлексиялық-бағалау  кезеңінде  оқушының теориялық түсініктерді  меңгеруі

тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қайта қорытындыланады.

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.



27

Біріншіден – дамыта  оқытуда  білім  даяр  күйінде  берілмейді,  оған  оқушы өз

оқу әрекеті  арқылы қол  жеткізеді.  Сабақтың алғашқы  ізденіс  кезеңінде  жаңа

ақпарат  жайлы  не  білетіндіктерін  ортаға  салып,  мәселені өз  беттерінше  шешуге

талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін

сезіну  арқылы  сабаққа  деген қызығушылықтары  оянады,  ішкі  түрткілері пайда

болады.

Екіншіден – дамыта  оқытуда  оқушы  жоғары қиындықтағы  мәселелерді  шеше



отырып өзінің санасының саңылауларын  ашады. Әр  оқушының  өзінің деңгейіне

дейін  дамуға қол  жеткізе  алады.  «Жақсы  оқушы»,  «Жаман  оқушы» ұғымының

болмауы,  балаларды  танымдық

әрекеттерге

ұмтылдырады,

құштарлығын

арттырады.

Үшіншіден – оқушының жеке  басын  дамытатын  басты құрал – ол өзінің

әрекеті.  Сол  себепті  дамыта  оқытудағы  оқыту әдістері  оқушыны  белсенді  жұмыс

жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің

арасындағы  жаңаша қарым-қатынасы  арқасында ғана өз  жемісін  береді.  Сол

себепті  дәстүрлі  жүйедегі әміршілдік  стиль  бұл  жерде  тиімсіз,  оқушы –

«орындаушы», «мұғалімнің тасасындағы» объект емес. Ол – өз пікірін ашық айта,

ойын  дәлелдей,  дәйектей  алатын,  сонымен қатар  басқаның да  ойын  тыңдап,

көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы тұлға.

Дамыта  оқыту  технологиясының тұжырымдамасына

сай,  білім  беру

барысындағы оқушылардың даму мазмұны, мүмкіндіктері және даму қарқындары

олардың оқу  іс- әрекеттеріне  байланысты  анықталады. Өйткені  дамыта  оқыту

процесінде  оқушы өзін  мұғалім  дамытуға  міндетті  және  солай болуы  тиіс объект

ретінде емес, өзін- өзі дамытуға,өзгертуге қатысатын субъект ретінде орын алады.

Оқушы өзінің оқу  процесіндегі  белсенді  субъект  ретінде қатысуы ғана  дамыта

оқыту технологиясын басқа технологиядан басты белгі ретінде ажыратып тұрады.

Демек,  дамыта оқыту баланы тікелей (субъекті,объекті) жан-жақты дамыта

отырып (жеке басын, дүниетанымын,  ойлауы,  темпі) оқытуға  негізделеді.  Бұл,

әрине,  оқушының  өзін өзгеріп,  дамуына өзінің ниет қоюы  мектеп  жасындағы

баланың дамуының негізгі  мазмұнын  білдіреді.  Оқушының даму  белсенділігін

теориялық білім  мазмұны  арқылы ұйымдастыру, сол  мақсатқа  оқушымен  бірлесе

отырып бет алу - дамыта оқыту технологиясының мазмұнын құрайды. Ал оқушы

оқу  процесінің мұғалім сияқты  екінші  субьектісі болу үшін өз  бойында қажетті

біршама қасиеттерді  ашу  керек.  Атап  айтқанда,  оқушы өзінің алдына қойылған

міндеттерді  табу  жолын, әдісі,  амалын  мұғалімнен  күтіп  отырмай, өз  бетімен

орындауға қабілеті  барын  көрсетуі,  соны  дамытуы  керек.  Ал  ондай  оқушы

қалыптастыру үшін білім  беру  процесін  сол  мақсатқа  сәйкестендіріп құру  керек.

Дәстүрлі  мектепте  оқушының алдына қойылған  міндеттерді  шешудің дайын

бірнеше  жолын  мұғалім өзі  көрсетіп,  тек  соны  жаттап  алуға үйретеді.  Дамыта


28

оқытуда  оқушыға алға қойылған  міндеттерді  шешудің жалпы  принциптері

үйретіледі.

Мектеп  оқушыларының

танымдық  қызығушылығын  дамытудың

негізгі


факторы  олардың білімі  мен  дағдыларыныңдәрежесі ғана  емес,  сонымен  бірге,

баланың маңызды  психикалық  қызметтерін,  ақыл-ой  жұмысының тәсілдерін

қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  оқу  процесін  жолға қою  керектігі  саналады.

Оқушының шығармашылық  қабілеті  де  оның ойлау  мен  практикалық  әрекеттері

арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп

білеміз.  Дамыта  оқыту  сабақтағы  ерекше  ахуал,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы

ерекше қарым-қатынас.  Мұғалім  бұл  жағдайда  дайын  білімді  түсіндіріп қоюшы,

бағалаушы  емес,  танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің

ұйытқысы.  Тек  осындай  оқыту ғана  баланың интеллектісінің көзін  ашып,

шығармашылығын дамытады.

Әсіресе,  тілді  жүйелі  де  сапалы  меңгертуде  мектеп  мұғалімінің рөлі  орасан.

Яғни,  тілді  мектеп қабырғасында үйрету қолайлы,  артықшылығы  басым.  Бұл

күнделікті  сабақтың жүргізілуіне  тікелей  байланысты.  Ал әр  сабаққа  мұғалім

қалай дайындалады? Немен оқытады? Қалай оқытады? Басты мәселе де осында.

Мұғалімнің сабаққа  дайындығы екі бөлімнен  тұрады – пәнді  оқытуға  жалпы

дайындық және әрбір  сабаққа  дайындық. Пәнді  оқытуға  жалпы  дайындық оқу

жоспарын, 

бағдарламасын 

оқып-үйреніп, 

күнтізбелік-тақырыптық

жоспар

жасаудан  және  сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу  бөлмесін,



көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-жабдықтарды,т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл

дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.

Мұғалімнің  әрбір  сабаққа  дайындығы  күрделі  де  жауапты  жұмыс.  Оқу

материалының

мазмұнын  ойластыру  дайындықтың

алғашқы  бөлігі  болып

табылады.  Мұғалім  бағдарламаның  өткен,  алдағы  және  одан  кейінгі  сабақтарға

қатысты  бөлігін,  олардың арасындағы  байланыс  пен  дәйектілікті  орнату үшін

талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер

мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі

болып  табылады.  Содан  кейін  оқулықтағы  (немесе  бірнеше)  оқу  материалының

жазылуын


қандай  тезистер  мен  негіздемелер  берілгенін,  материалдың

оқушыларға 

түсінікті 

болуын, 

мысалдардың

тақырыпқа 

сай 


болуын,

тақырыптардың

жүйелілігін  мұқият  оқып-үйрену

қажет.  Сұрақтар  мен

тапсырмалардың оқушыларға  түсініктілігін,  олардың орындалу  жүйелілігін,

маңызын  талдау қажет.  Еске  түсерлік  сұрақтарды  танымдық сұрақтармен,

үйреншікті  тапсырмаларды  ізденісті

қажет  ететін,  келелі  тапсырмаларға

алмастыру қажет.  Жеке  және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға  ықпал

ететін  іскер  ойынның элементтерін  (немесе  толығымен  сценарийін), өндірістік

жағдайлардан  мысал  келтіре  отырып,  сүйеніш  білімнің белсенділігін  арттыратын

сұрақтарды  ерекше  ойланып,  дайындауы

қажет.  Мұғалім  сабақ  үстінде


29

оқушылардың

дүниетанымының,

білімге


құштарлығының, 

қисынды


ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі

қажет.


Сабаққа  дайындық негізгі  оқулықпен  танысып қоюмен  шектелмеуі  тиіс.

Мұғалім  материалды  білуі,  кеңінен,  тереңінен  түсінуі қажет.  Бұл  оған  сабақты

басқаруға,  материалды  оқулықтағыдан  басқаша  түсіндіруге,  оқушылардың

танымдық


және  ақыл

қабілеттері  белсенділігін  арттырып,

өз  беттерімен

шығармашылық жұмыс  істеуге үйретуге,  тапсырманы  ілгерілеу әдісімен  беруге

мүмкіндік  береді.  Ал  бұл өз  кезегінде  сабақта қолданылған әдістемелердің

нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Мұғалімнің

шеберлігі,  біріншіден,  сабаққа  дайындығы  мен  жаңашыл

әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және

мақсатты  түрде өз  білімін, өз  тәжірибесін  жұмыстың жаңа  тәсілдерімен

толықтырып отыруы керек.

Мұғалімнің сабаққа  дайындалуы,  педагогикалық еңбегін  Ю.А.Львова  нақты

сипаттап  көрсеткен.  Ол  мұғалімнің

сабаққа  дайындалуына  көмектесетін,

педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар

жасады:


бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқы;

осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біл;

осы  сабақта  неге  жетуім қажет  деген  сұраққа  жауап  бере  отырып,  сабақ

мақсатын жаз;

осы  топтық  ұжымды  көз  алдына  елестетіп,  жеке  оқушыларды  еске  ал.

олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену өнерін қолдана

отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын белгілеуге тырыс;

осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді таңдап ал;

таңдалған әдісті өз  мүмкіншілігіңмен  салыстыр,  сабақтағы өз  іс-әрекетіңді

ойша салмақта;

сабақ  құрылымын  ойластырып,  «тапқаныңның»

барлығын  жоспар-

конспектіге жаз;

көрнекі  және  оқу құралдарын  дайында,  тексеріп,  реттеп, әзірлеп қоюды

ұмытпа,  приборлар  мен  жабдықтарды,  есептеу  техникаларының дұрыстығын

жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету тәртібін ойластыр;

қойылған  мақсатқа  жетуге  көмектесетін  көрнекіліктерді  көзбен  шолу

құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың назары соған

ауады;

жоспардың негізгі тұстарын қайтала (оқу материалының);



өзіңнен сұра: - Сен сабаққа дайынсың ба? [23].

30

Бұл ұсыныстардағы  педагогикалық іс-әрекеттер  тиімді, өйткені  осылардан

сабақ туындайды,  сабақты  ойластырудың  үлкен  шығармашылық еңбек  екендігі

айқындалады. Ал осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі байланысты.

Дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндетіне жататындар:

оқу  материалдарын  оқушыға  дайын  күйінде  көрсету  емес,  оқушымен

бірлесіп,жалпы  іс - әрекетті ұйымдастыра  отырып,  алға қойған  міндеттерді

түсіндіру,  оларды  шешудің тәсілдерін, жолдарын  іздестіру  арқылы өз  іс-

тәжірибесінде қалай қолданатынына көңіл бөлу;

оқу әрекетін қалыптастыру,  айналадағы  дүниемен  белсенді әрекеттестік,

этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік

нормаларын меңгерту;

оқу  барысында  баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды  дағдыға

айналдыру;

оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;

сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;

оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту;

жалпы оқушының жан-дүниесін дамыту;

Дамыта оқытуды негізге алған шығармашылық жұмыстарда оқушы – мұғалім

іс-әрекетін салыстырып көрейік (2-кесте):

2-кесте – Оқушы – мұғалім іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

1. 


Проблеманы 

шешуші.


Өнім

жасаушы.


2. Әртүрлі әдіс – тәсілдер  арқылы

іздеуші, табушы.

3. Өз өнімін  ортаға  салушы, ұжыммен

қарым


қатынасқа  түсуші  (жоба,

модель, ереже, сұрақтар, дайындаушы).

4. Қажетіне қарай  мұғалімді  де  пікір

таласына шақырушы.

5.

Өз



еңбегін

саралаушы,

қорытындылаушы.

1.  Оқушыларды  дербес  таным  іс-

әрекетіне 

кіргізуші, 

оған 

түрткі


жасаушы.

2.  Тапсырмалар,  сұрақтар әзірлеуші.

Ақылшы, 

көмек 


беруші. 

Бірлесіп


іздеуші,

қажетіне


қарай 

олармен


пікірталасына,  диологиялық  әңгімеге

кіруші.


3.  Психологиялық

жағымды  ахуал,

жағдай туғызушы.

4.  Оқушылардың ізденісін қолдаушы,

мақұлдаушы.

5. Қол  жеткен  нәтижені  саралаушы,

түзетулер жасаушы.


31

Кестеде  көрсетілген  мұғалім  мен  оқушының іс-әрекетінен  байқайтынымыз,

бұл

қарым-қатынастар



дәстүрлі  оқытудағы  мұғалім

оқушы



қарым

қатынастарынан  мүлдем  бөлек. Бұл, әрине, мұғалім қызметін  төмендетіп  тұрған



жоқ. Оқытудың  қай  түрі  болмасын  мұғалім – ол  мұғалім.  Бірақ оқытудың бұл

түрінде мұғалім дәстүрлі оқытудағыдай барлық іс - әрекетті өз мойнына алмайды.

Мақсатқа  тек өзінің белсенділігімен  жетпейді.  Белсенділік  оқушыға  жүктеледі.

Дамыта оқытуда да мұғалім – оқушы іс - әрекеті бірлікте, бір бағыт, бір мақсатқа

бағытталады.

Дамыта  оқыту  жүйесіндегі қойылатын  сұрақтар  проблемалы,  ойлауды,

пайымдауды қажет  ететіндей  етіп  беріледі.  Оқушы  да  ондай  сұраққа өз  ойын, өз

пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта болуы

мүмкін  екендігі қарастырылады.Мысалы:  «Әңгіменің кейіпкері  жайлы  не  айта

аласың?» немесе  «Берілген  сөзден  тағы  сөздер қандай  ойлап  табуға  болады?»

Көрнекілік  т.б. әдістер  де  осылайша  жаңа  мақсаттарға сәйкес өзгертіле,

күрделендіре пайдаланылады.

Дамыта  оқыту  сабақтарында  жаңа  материалды  талдауға  зор  көңіл  бөлінеді.

Өйткені, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау –

бірлескен  ізденіс.  Ізденіс  барысында  мұғалім әр  баланың көңіл-күйін  бақылауға,

ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе,

оқу  сабақтарындағы  материалды  талдау  арқылы  шығарманың айтар  ойы,  идеясы

бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б.сияқты

тамаша  адамгершілік қасиеттер  балалар  бойына  жұғысты  болады. Дамыта

оқытудың түпкi  мақсаты әр  пәндi  оқытудың тиiмдi әдiстерiн,  түрлерiн таңдап

пайдалануға үнемi  нысана,  тiрек  болып  отырады.  Мысалы,  пәндердi  дамыта

отырудың түпкi  мақсатының бiрi  оқушыларды  талдап,  одан қорытынды  шығару,

бiр  объектi қызметiнің  әртүрлi қырлары  бар  екенiн  көрiп  ажырату,  объектiнiң

басқалармен  байланысын  анықтау;  мәндi  белгiлерден,  мәнсiздерден  ажырату;

объектiлердi  айырма  белгiлерiне қарап  жiктеу, ұқсас  белгiлерi  арқылы  топтау,

бақыланған құбылыстарды  жалпылау,  белгiлi әрекет  тәсiлдердi  таныс  емес

жағдайларда

қолдану, 

т.б. 

осылар 


жалпы 

интеллектуалдық

бiлiктердi

қалыптастыру  десек,  осы  «тiзiмнiң»  өзiнде-ақ оқу  материалдары  оқытудың

логикалық әдiстерi мен тәсiлдерi анық көрiнедi.

Жалпы  дидактикада  да, әлемдік әдістеме  ілімінде  де қалыптасқан  «деңгейлік

оқыту»

ұғымы  бар. 



Деңгейлік  оқыту 

мәселесінің

негізгі

қағидалары,



заңдылықтары  оны  жүзеге  асыру  жолдары  аталған

ғылым  салаларында

қарастырылған.

«Деңгей»  сөзі  термин  ретінде  алғаш  математика ғылымында  пайда  болған.

Математикада  бұл  термин  «өлшеу құралын»,  «шаманы»  белгілейді.  Деңгейлік

идеясы шет елдерде педагогика ғылымына 1920 жылдың басында енген.



32

Қазақ тілін  оқытудың деңгейлік  жүйесі  дегенде,  алдымен, қазіргі қолданыста

жүрген  «деңгей» ұғымының ара  жігін  ашып  алып,  тілді  деңгейлік  оқытудың

ғылымда қалыптасқан  екі  түріне:  тілді  оқыту  деңгейі  және  тілдік  материалды

меңгерту деңгейі туралы айтылады.

Қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды ізгілікке тәрбиелеуге бағытталған оқу

үдерісін  тану үшін  адамгершілік ұстанымдары  негіз  етіп  алынады», – деп қазақ

тілін 


оқыту

әдістемесінің 

әдіснамалық

негіздері 

ретінде 

жоғарыдағы

ұстанымдарды  көрсете  келе  профессор  Н.Құрман:  «Қазақ тілін  оқытудың

қалыптасқан 

дәстүрінен 

басқа, 


ішкі

әр 


саласына 

байланысты

өзіндік

ерекшеліктері, өз бедері, өз әдіс-тәсілдері бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні –



жалпы  түрде қазақ тілін  оқыту  десек  те,  іштей  оның  әрбір  саласы өзінің нақты

нысанасын  бөліп  алады.  Сондықтан  да қазақ тілін  оқыту үдерісі өзінің даму

жолын,  даму  бағытын,  ішкі  және  сыртқы  даму  мүмкіншіліктерін  арнайы  зерттеу

барысында  анықтап  алуға ұмтылады.  Осы  айтылғандар әдіснамалық негіздердің

болуы қажет екенін дәлелдей алады», - дейді [24].

Деңгейлік  оқыту  тілді  бастапқы  дәрежеде  білу,  ана  тілі  дәрежесінде  білу,

коммуникативтік

қарым-қатынасқа  түсе  алатындай  дәрежеде  білу  деген

ұғымдармен  байланысты.  Деңгейлік  оқытудың негізгі ұстанымы – тілдік

материалдарды өмір  шындығындағы  жағдайлардың негізінде ұйымдастырып

сөйлеу жағдаятында қолдану.

Соңғы  жылдары  Еуропалық елдерде  тілді  деңгейлік  оқытуға  ерекше  көңіл

бөлініп  келеді. Қазақстандық  әдістемеші-ғалымдарымыз  да қазақ тілін өзге ұлт

өкілдеріне  меңгертудің  3 деңгей,  5  деңгей,  6  деңгей,  7  деңгей,  9  деңгей  түрін

ұсынады.  Деңгейлік  оқытудағы  материалдар  тілдік

құзіреті,

әлеуметтік

лингвистикалық құзіреті, дискурсивтік қызметі болады.

Бүгінгі  таңдағы

Қазақстанның  әлемдік  білім  кеңістігіне  енуге  деген

мүдделілігі  осы  салада  халықаралық  әлеуметтік  және  экономикалық тұрғыдан

озық деп  танылған  оқыту  модельдерін өз  мүмкіндігімізге  сай үйлестіре қолдану

үшін  заман  талабына  лайықотандық білім  беру  стратегиясы  мен  тактикасын

жаңалаудың  қажеттілігін  арттырып  отыр. Өйткені  «ұлттың бәсекелестік қабілеті,

бірінші  кезекте,  оның білімділік  деңгейімен  айқындалады. Әлемдік  білім

кеңістігіне  толығымен  кірігу  білім  беру  жүйесін  халықаралық деңгейге  көтеруді

талап ететіні сөзсіз» [25].

Ал  оқушының тұлғалық мәдениетінің бір  арнасын  олардың мемлекеттік  тілді

білу деңгейі құрайтындықтан, бұл пәнді оқытуда инновациялық технологияларды

тиімді қолданудың жолдарын айқындау мәселесін шешу айрықша мәнге ие болып

отыр. Қазақстан  Республикасының Тіл  саясатын,  мемлекеттік  тілді  дамыту

саясатын  басшылыққа  ала  отырып,  мектепте  мемлекеттік  тілді  оқытубарысында

жаңа парадигмаларға сай инновациялық жүйелерді енгізу керек.


33

Жобалай  оқыту  технологиясының ең басты  сипаты  адами  тілдік қатынасқа

негізделуі  болса,  оның адам өміріндегі  мәнін ғалым  Ф.Оразбаева  былай

тұжырымдайды:  «Тілдік қатынас – сөйлеу  тілі  арқылы ұғынысу,  түсінісу  дегенді

нақтылай  келіп,  жай ғана қарым-қатынас  дегеннен  гөрі  тамыры  тереңге  кеткен,

өмірде өзіндік  орны  бар, қоғамның дамуы үшін  ең  қажетті қоғамдық-әлеуметтік

ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алысуы, адамдық

қатынастың түп негізі дегенді білдіреді» [26].

Қазақ тілін өзге тілді  адамдарға  оқытудың ең тиімді  жолы – тілдік қатынас

заңдылықтарын қолдану  екендігін қазақ тілін  оқыту әдістемесінде  алғаш  рет

зерттеп,  дәлелдеген  профессор  Ф.Ш.Оразбаева  болды. Ғалым қатысым әдісін

басшылыққа  ала  отырып,  сөйлесім әрекетінің оқылым,  айтылым,  тыңдалым,

жазылым, тілдесім компоненттерін бір мақсатқа жұмылдыра дамыту арқылы ғана

тілді үйренушінің саналы  білім  алып,  сапалы әрекет  етуіне  мүмкіндік  туатынын

негіздеді.

Қазіргі  таңда

әлемдік  тәжірибеде  екінші  тілді  меңгерту

қатысымдық

тұлғалардың: сөздің, сөз  тіркестерінің, сөйлемнің, мәтіннің  үйренуші  тілін

дамытудағы  орны  анық белгіленген.  Бірақ  әр  тілдің  өзінің табиғи  болмысына

қарай  оларды қолданудың  өзіндік  ерекшеліктері  бар. Қазақ тілін  меңгертуде

оқушылардың әрбір сөздің мағынасына мән беруіне ерекше көңіл бөлінгені дұрыс.

Өйткені сөз – тілдік қатынастың ең маңызды құралы.

Соңғы жылдары мемлекеттік тілді меңгерту оқушылардың тілді білуіне қарай,

деңгейлік оқытуға қарай бұрылуынан көрінеді.

Лексиканы  оқыту  мәселесіне қатысы  бар  барлық авторлар  лексикалық

материалдың 

өзіндік


қиындықтарын 

айтады. 


Жоғарыда 

айтылғандай,

лингвистикада  грамматика  және  фонетикамен  салыстырғанда,  лексика  жүйесі

жеткілікті  ашылмаған.  Осыған  байланысты  лексикада үлкен қиындықтар  бар.

Одан  басқа,  сөз – өте  күрделі  және  көп  түрлі құбылыс. Әр  сөздің, белгілі  нақты

көлемде мағынасы, формасы және қолданылысы бар. Сөздің формасы деп сөздің,

фонетикалық және  орфографикалық жағы,  оның  құрылымы  және  грамматикалық

формасы  түсініледі.  Оқушыларға  екінші  тілді  дыбыстау  және  жазу  жаңа әрекет

болып  табылады,  сондықтан әжептәуір қиындықтар  туындайды. Қиындықтар

сөздің мағыналық көлемдерінде,  көп мағыналығында,  бір  сөздің екінші  сөзбен

үйлесушілігінде,  сөздерді

қолдануда,  мағыналық

көлемінде  және  нақты

жағдаяттарға  байланысты  пікір  айтуда  туындайды.  Лексиканың жалпы  тілдік

материал ретіндегі ерекшеліктерінен бөлек, оқитын тілдің сөздік құрамының жеке

ерекшеліктері  бар.  Сол  себепті,  тілді  оқыту

әдістемесінде  нақты  тілдік

ерекшеліктерді ескеру керек.

Тұлға  мәдениеті – қоғам дамуының көрсеткіші, өркениетінің  өлшемі.

Мемлекеттік тілде сөйлейтін қоғам мүшелеріне қойылатын басты талаптың бірі –

қазақ тілінің сөз әдебі  нормаларын  меңгеруі.  Сол үшін  оқушыларға қазақ тілінен


34

берілетін  білім  мазмұнында ұсынылған  тақырыптарды игеру үшін  сөйлеу әдебі

түрлерін  меңгеріп, қажетті  дағды  мен  білік қалыптастыру  көзделді. Әлеуметтік-

мәдени


құзыреттілік

қалыптастыру  негізінде  оқушы  белгілі  бір  сөйлеу

жағдаятында өз пікірін сыпайы білдіруге, бір нәрсеге объективті түрде баға беруге

төселеді.  Ол мәдениет  жеке  адамның тәрбиесіне, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай

білу қабілеттеріне келіп саяды. Сол себепті соңғы жылдары ғалымдар мемлекеттік

тілде қарапайым ғана тілдесуді емес, сұхбат жасаудың мәдениетін қалыптастыруға

ден қоя бастады.

Сабақта ұйымдастырылатын  дидактикалық ойынның сюжеті, қатысушы

тұлғалары  болады.Ойын  тұлғаның тез  ойлай  білу  дағдысын қалыптастырады.

Ойын  шарты  алдын-ала  белгілі  болғанмен,  ойын  барысындағы  күтпеген

жағдайларда оқушы тез шешім қабылдай білуге жаттығады.

Ондайда  оқыту үдерісіндегі ойын  бірнеше қызметті қатар  орындайды

(1-сурет):

1-сурет – Сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойынның қызметтері

Тіл – мәдениет қаруы.  Тіл өмір  сүріп  отырған  кезде  сол  елдің мәдениеті  де

өмір  сүре береді.  Тілді оқытудың негізгі  мақсаты – тілді  шынайы  да  толыққанды

қарым-қатынас құралы  ретінде үйрету. Әрбір  тіл үйрену  сабағы  мәдениеттер

тоғысуы,  мәдениетаралық  қарым-қатынас  тәжірибесі,  себебі әрбір  сөз  сол  елдің

өмірі  мен  мәдениетін, қоғамдық ой-пікірін, өзіндік  ерекшеліктерін  көрсетеді.

Демек өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, тіл үйренушілердің қазақ тілін оқып,

жазу және мұғалімнен, оқулықтан алған білімдері қазақ елі жайлы жарнама емес,

керісінше қазақ халқының көзімен қарау қабілетін дамыту негізі болып табылады.

Ол қазақ тілін үйрету  сабақтарында  елтанымдық мәліметтерді  енгізе  отырып

жүргізгенде жүзеге асады.

Ойын қызметінің функциялары

қарым-қатынастық

сергіту

тәрбие


оқыту

релаксациялық

психологиялық

дамытушылық


1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет