Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс



Pdf көрінісі
бет4/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
3. Алғы деректемелер:
1.
Қазақ тілі – А1 деңгейі
4. Кейінгі деректемелер:
1. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
2. Кəсіби қазақ тілі
5. Пəннің қысқаша мазмұны
Курстың құрылымы
Мемлекеттік білім беру стандартына сай «Қазақ тілі» пəнін
кредиттік жүйе бойынша оқытуға 10 кредит бөлінген. Қазақ
тілін оқыту осы көлем аясында қарастырып, тілді тереңірек
үйрену СОӨЖ, СӨЖ материалдары сағаттарында меңгертіледі.
Практикалық сабақтары мен СОӨЖ, СӨЖ материалдары бір-
бірімен сабақтастырылып қарастырылады.
Пəннің негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл болып
табылатын қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру.
Қазақ тілін оқытудың қарастырылып отырған А2 деңгейіне
сəйкес лингводидактикалық үлгі негізінде, бірыңғай əдістемені
жүйелі жетілдіру ЖОО-да қазақ тілін қарым-қатынас құралы
деңгейіне айналдыру дағдыларын қалыптастыру. ЖОО
түлектерінің еңбек нарығында бəсекеге қабілетті, тілдік
біліктілігі жоғары маман ретінде қалыптасуына алғашқы
мүмкіндіктерді жасау.
Пəннің негізгі міндеті қамтылған тілдік А2 деңгейі
аясында қатысымдық (коммуникативтік) жəне танымдық
(когнитивтік) міндеттердің орындалуы барысында жүзеге
асырылады. Атап айтқанда:
• студенттің қазақ тілі бойынша қалыптасқан тілдік
дағдыларын дамыту, əрі қарай жетілдіру, керек жерде қайта
қарау;
• айтылым іскерлігі бойынша деңгей түріне сай қарапайым
ақпарат алу/беру, сұхбат түрлерін меңгерту;
• жазылым əрекеті бойынша қарапайым хат-хабар түрін


жазудан бастау;
• оқылым іскерлігі бойынша шағын мəтіндердегі негізгі
ақпарат жəне көмекші ақпарат түрлерін анықтау;
• тыңдалым сөйлеу іскерлігі бойынша қарапайым ақпарат,
сұхбат түрлерін тыңдаудан бастап, тақырыпқа сай ақпараттарды
тыңдап, түсіну;
• орта көлемді жəне көлемді мəтіндерді жатық əрі шапшаң
түсініп оқу;
• қазақ тілінің функционалдық грамматикасы аясында
тілдік дағдыларды шыңдай отырып, тілдік тұлғаның қазақ
тілінде жүйелі талдау жасауға, өз ойын еркін жеткізуге жəне
ұсынылған 
материалдар 
боынша 
қарапайым 
тілдік
біліктіліктерін жетілдіре дамыту.
Оқылым:
- мəтіннен баяндау мəнді сөздерді табу;
- негізгі, қосымша ақпаратты табу;
- мəтіннен тірек сөздерді табу, ұқсас заттарды салыстыра
сипаттау;
- тірек сөздер арқылы негізгі ақпаратты табу;
- мəтіннен тақырыпқа байланысты мəліметтерді табу;
- мəтіндегі сипаттау мəніндегі сөздерді анықтау;
- мəтіннен əңгімелеудің ретін табу;
- ақпаратта берілген айғақтарды табу;
- мəтіннен суреттеу мəнді сөздерді табу;
- ақпараттың тақырыбын, шынайылығын табу;
- сұхбаттан негізгі, қосымша ақпаратты табу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет