Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс


ЖАЗЫЛЫМ. Əңгімелеу жазылым жұмысы. 2-тапсырма



Pdf көрінісі
бет9/83
Дата23.09.2022
өлшемі20.14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83
ЖАЗЫЛЫМ. Əңгімелеу жазылым жұмысы.
2-тапсырма. Лексикалық минимумдармен жұмыс: Түсініп
оқыңыз, сөз тіркесі мен сөйлемдер құрастырыңыз.
ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМ: 
сабақ, дəріс, жаттығу, топ, орта,
бүгін, ертең, кеше, қажет, қасиеттер, мінез, арман, қалаймын,
ұнайды, ұнамайды, қаламаймын, зат, көркем, жүйрік, сөз тіркесі,
мəтін, қосымша, өздік жұмысы, нашар, орташа.
«Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мəтін»
Лексикалық минимумның ішінен бір-біріне мағыналық
жағынан қабыспайтын 3 сөз алынады. Мысалы, «сабақ,
топ, қажет». Осы үш сөзді кіріктіре отырып сөйлемдер
құрастыру керек.
Үлгі: «Мен сабақта қажетті жұмыс жасадым» немесе
«Топқа қажетті сабақ өтті».
(Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдап алып, тақтаға
жазып қояды да, келесі 3 сөзді суырып, сөйлем құрайды.
Одан да бір сөйлем жазып қояды. Соңында тақтада
жазылған сөйлемдерді құрастырып, мəтін жазу керек.)
 
ТЫҢДАЛЫМ. Негізгі ақпаратты түсіну.
3-тапсырма. «Жүйрік ой» жаттығуы (оқытушы оқып
тұрады).
Оқылған сауалдарды тыңдап, ойша, іштей жауап беріп
көріңіз (музыка ақырын ойнап тұрады):
- Маған қажетті қасиеттер …, …, …, …
- Сол қасиеттердің кейбірі менің бойымда бар, олар: …,
- Менің мінезімнің мына тұстары өзіме ұнайды …
- Менің мінезімнің мына тұстары маған ұнамайды …
- Мен ортамның мынадай болғанын қалаймын …
- Маған адамдардың мынадай қасиеттері қатты ұнайды …
- Кейбір ортада болғанда мен өзімді өте нашар сезінемін …
- Мен жанымда мынадай адамдардың болғанын қалаймын
…, себебі …,
- Менің армандарым …, …, … .
АЙТЫЛЫМ
А
қпаратты баяндау.
4-тапсырма. «Авторға сұрақ» стратегиясы бойынша
ауыспалы келер шақтың
болымды жəне болымсыз түрлерін
келтіріп, авторға сұрақ қойылады.
Үлгі: - Сіз қандай ортада жүргенді қалайсыз?
- Жақсы ортада жүру үшін қандай болу керек? т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет