Қазақ тілі және әлем тілдері институты



бет2/8
Дата25.10.2022
өлшемі391,86 Kb.
#45311
1   2   3   4   5   6   7   8

Есік жазуы


Есік жазба ескерткіші – Қазақстандағы сақ дәуірінен сақталған жазба ескерткіш.
1970 жылы Іле өңірінің тау бөктеріндегі Есік қаласы іргесінен сақ дәуірінде (б.з.б. 5–4 ғасырларда) салынған үлкен қорым қазылды. Қазу жұмысына жетекшілік еткен – К.Ақышев.
Мазардың ішінен алтынға бөленген жауынгердің мәйіті, дулығасы, алтын сапты қанжары мен семсері, түрлі ыдыс-аяқ және жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылды. Күміс тостағаншаның сыртқы жағына ойылған 26 таңба екі жолға жазылған. Үстіңгі жол тостағаншаның тура түп ортасына, ал астыңғы жол бүйір тұсына жиектей ойылған. Үстіңгі жолда 9 таңба, астыңғы жолда 17 таңба бар (оқшау тұрған таңбаны қоса есептегенде). Күміс тостағаншадағы осы таңбалар, біріншіден, көне түркі сына жазулары таңбаларына ұқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне әліпбилік таңбаларға (әсіресе, көне грек пен арамей әріптеріне) үйлеседі.
Есік жазба ескерткішінің көне түркі тілінде оңнан солға қарай оқылуы:« Аға, саңа очкуқ! Без чөк! Букун ічре (р?) азуқ і [аудармасы: Аға саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы), тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!).
Сақ дәуіріндегі бұл көне түркі жазуы, біріншіден, адам о дүниеге барғанда өмір сүреді, азық-түлік керек етеді деген сенімді білдірсе, екіншіден, халықтың сыртқы дұшпандарды жеңуге бел байлағанын көрсетеді, үшіншіден, халықтың қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болуға ұмтылған тілегін білдіреді.
Бұл жазудың аса бір құндылығы – ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі болғандығын тағы да нақты дәлелдей түседі.
Сондай-ақ Қазақстан жеріндегі алғашқы көшпелілерде жазу-сызу болмады-мыс деген пікірдің ешбір негізсіз екенін айқындап, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес тайпалардың жаза білгендігін және оның кең түрде пайдаланылғандығын куәландырады

Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы


Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б.з.д V-IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай "Ақ сықын" - "Ақ марал" деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған "Алтын адамның" қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларында ұқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, әсіресе грек, арамей әріптеріне ұқсас. Оны да А.Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет