Қазақ тілі оқытушысының күнтізбелік-тақырыптық жоспары



Дата29.11.2022
өлшемі50,66 Kb.
#53374

Қазақ тілі оқытушысының күнтізбелік-тақырыптық жоспары


Білім беру ұйымы (балабақша / шағын орталық, мектепалды сыныбы)____________________________________
Топ: ересек топ
Балалардың жасы: 4-5 жас.
Жоспардың құрылу кезеңі: 2022-2023 оқу жылы.





ҰОҚ тақырыбы

ҰОҚ мақсаты

Сөйлеуді дамыту тараптары

Cөздік жұмыс

Құрал-жабдықтар

Ойын мен жаттығулар

Сағат саны

Күні

1

"Мен және менің балабақшам. Ойыншықтар".

Балаларға сәлемдесу мен қоштасу ережелері туралы түсінік беру, ересектермен және құрдастарымен сыпайы қарым-қатынас жасаудың негізгі қағидаларымен таныстыру; өздері жайлы жалпы мәлімет беруді меңгерту; дауысты дыбыстар туралы түсініктерін қалыптастыру, ойыншықтар мен балабақша туралы білімдерін бекіту. Балаларды қазақша сөйлеуге, ересектердің сәлемдесу мен қоштасу үлгісін білдіретін сөздерді түсіну және қолдануды, өздерін атауды үйрету; сөздегі дауысты дыбыстарды дұрыс дыбыстауға жаттықтыру.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "сәлеметсіз бе", "сәлеметсің бе", "сау бол", "Менің атым...", "менде...бар", "сенде не бар?" сөздері мен сөз тіркестерін еңгізу; ойыншық атауларын дыбыстау оларды еркелету мәнерінде атау арқылы сөздік қорларын молайту.

Әртүрлі көңілді, ырғақты әуендер аудиотаспалары
Интерактивті тақта немесе көрнекіліктерге арналған тақта, көрсеткіш.
Демонстрациялық сурет: Еркежан әже мен Дана.
Сәлемдесу жаттығуына арналған суретті карточкалар.
Демонстрациялық сурет: балабақша.
Заттық суреттер: текше, доп, қуыршақ, машина, пирамида, смартфон, қол сағат, аю, қоян.
Демонстрациялық сурет, "Ойыншықтар": құлын, бота, қозы, бұзау.

Таратпалы заттық суреттер: текше, доп, қуыршақ, машина, пирамида, смартфон, қол сағат, аю, қоян.



"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
"Егер адам" тіл ұстарту жаттығуы.
Лексикалық жаттығу. "Менің атым...".
Топтау мен жалпылау бойынша әңгімелесу-тапсырмасы: "Ойыншықтар".
Сөйлеу қабілетін қалыптастыруға арналған жаттығулар: "Иә, мынау ойыншық", "Жоқ. Ойнамаймыз, ойыншықтар емес".
Фонетикалық ырғақ. "Ойыншықтар билейді".
Сөзді түрлендіруге арналған сөздік жаттығу. "Еркелет".
Диалог ойыны "Менде мынау бар".
Тақпақты жаттауға арналған тапсырма. "Ойыншықтар"".

1




2

"Менің жанұям мен туыстарым".

Балаларға отбасы, отбасы мүшелері туралы түсінік беру; адам өміріндегі құндылықтар ретінде туыстық жақындықты білдіретін "аға", "әпке" туралы түсініктерін, отбасы, туыстық қатынас туралы түсініктерін дамыту.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Сөздіктеріне "отбасы", "туыс", "аға", "әпке" деген сөздерді еңгізу; отбасы мүшелерін білдіретін сөздердің көмегімен; "ата-бата, әже - көже", "шұлық тоқиды", "газет оқиды", "мысықпен ойнайды", "ас әзірлейді", "машина жүргізеді", "боксқа барады", "гитара шертеді" деген сөз тіркестерінің,сондай-ақ "Менің отбасым - менің байлығым" мақалы арқылы сөздік қорларын арттыру.

Көңілді, ырғақты әуен аудиотаспасы
Интерактивті тақта немесе көрнекіліктерге арналған тақта,көрсеткіш.
Аланның демонстрациялық суреті.
Суретті -карточкалар: балабақша; отбасы; ата; әже; әке; ана; аға; бауыры,інісі; қарындасы, сіңілі.
Мнемокарточкалар: әке, ана, ата, әже, аға, апай (әпке); отбасы;
Демонстрациялық сурет: отбасы мүшелері спорттық киімде: қолдары белде, аяқтары иық көлемінде алшақ қойылған, бастары бір жаққа қарай бұрылған.
Сергіту сәтіне арналған ырғақты әуен аудиотаспасы
Мнемокарточкалар: "шұлық тоқиды", "газет оқиды", "мысықпен ойнайды", "ас әзірлейді", "машина жүргізеді", "боксқа барады", "гитара шертеді".
Алты бос торкөзден тұратын көрнекі мнемокесте"
Таратпалы мнемокарточка жиынтықтары: әке, ана, ата, әже, аға, әпке; "шұлық тоқиды", "газет оқиды", "мысықпен ойнайды", "ас әзірлейді", "машина жүргізеді", "боксқа барады", "гитара шертеді"; үш бос торкөзден тұратын мнемокестелер

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Сюжеттік сурет көрсету. "Отбасы".
Көркем сөз. "Менің жанұям".
Лексикалық жаттығу. "Отбасында кімдер бар?" ("сиқырлы" сақина арқылы).
Сергіту сәті. "Бой жазу".
Тіл ұстарту негізінде сөздік жаттығу "Отбасы".
Мнемокестеге негізделген лексикалық жаттығу. "Менің отбасым туралы..." (отбасы мүшелерінің іс-қимылдары).
Есте сақтауға арналған сөздік жаттығу. "Есте сақта": "Менің отбасым - менің байлығым".

1




3

"Уақыт. Тәулік бөліктері. Күн тәртібі".

Балалардың тәулік бөліктері туралы білімдерін, уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру, күн тәртібін құру қағидасын түсіндіру; "ереже", "күн тәртібі" туралы түсініктерін дамытуға ықпал ету.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "уақыт", "тәулік бөліктері", "таңертен", "күндіз", "кеш", "түн" - деген сөздерді енгізу; күн тәртібі бойынша істелетін әрекеттерді білдіретін сөз және сөз тіркестердің көмегімен, сондай-ақ "Уақыт - керуен көші" мақалы арқылы сөздік қорларын молайту.

Ырғақты, көңілді әуендер аудиотаспасы.
Бірнеше демонстрациялық тақта, интерактивті тақта, көрсеткіш.
Демонстрациялық сурет анасы мен Дана: біреуінде кейіпкерлер көңілді,ал келесінде көңілсіз.
Дананың күн тәртібін ұстанбайтыны жайындағы суреттер:
1. Дана төсекте ұйықтап жатыр, далада күн жарқырап сәулесін шашып тұр.
2. Дана көжеден бас тартып, конфет сұрайды.
3. Дана компьютер қарап отыр, далада кеш.
4. Дана ойнап жүр, далада түн.
5. Дананың анасы Дананы тәртіпке шақыруда.
Тәулік бөліктеріндегі уақыттың жылжуы туралы бейнеролик.
Суретті-карточкалар тәулік бөліктері: таңертең, күндіз, кеш, түн.
Іс-әрекет бейнеленген суреттер.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөзді суреттер негізінде мәнерлеп айту.
Бейнеролик көрсету.
Көркем сөз. "Уақыт".
"Тәулік" ұғымын, жаңа сөздерді игеруге арналған сөздік жаттығу.
Фонемалық ырғақты санамақ. "Таңертең, күндіз, кеш, түн".
Іс-әрекетер бейнеленген суреттер негізінде лексикалық жаттығу "Күн тәртібін құрау".
Дидактикалық ойын: "Күн тәртібі" (топшалардың қатысуымен).
Есте сақтауға арналған сөздік жаттығу. "Есте сақта": "Уақыт - көшкен керуен".

1




4

"Қазақстан - менің Отаным. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері".

Балалардың Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы түсініктерін дамыту; Қазақстан туралы өлеңмен таныстыру; кіші отан туралы түсініктерінің қалыптасуына ықпал ету.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "елтаңба", "әнұран" сөздерін енгізу; "жазық дала", "биік таулар", "реки длинные", "көк теңіз", "ыстық шөл", "шуақты күн", "орман мен тоғай" сөз тіркестерінің көмегімен сөздік қорларын арттыру.

Аудиотаспа: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны.
Ырғақты, көңілді әуендер аудиотаспасы.
Демонстрациялық сурет: Алан достарымен.
Қазақстан оның рәміздері, ландшафты туралы бейнеролик.
Демонстрациялық суреттер: Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы, Қазақстанның мемлекеттік Туы.
Қазақстанның рәміздерінде кездесетін бейнелердің мнемокарточкалары.
Қазақстанның табиғат ландшафты бойынша суреттер бөлімі: жазық дала,шыңын қар басқан таулар, биік жағалы өзендер, толқынды теңіз, шөл дала, аспандағы күн, орман мен тоғай, төсбелгі-үлкен жүрек.
Таратпалы мнемокарточкалар: Қазақстан туындағы күн; Қазақстан туындағы бүркіт; Қазақстан туындағы ою-өрнектер; Қазақстан елтаңбасындағы пырақ; Қазақстан елтаңбасындағы шаңырақ; таңба тектес аю; таңба тектес садақ пен жебе; таңба тектес теңіздегі шағала;таңба тектес түйет

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Республикасының Мемлекеттік Әнұраны.
Таңғажайып сәт.
Көркем сөз. "Қазақстан - Республикам менің".
Сурет бойынша әңгімелесу.
Мнемокарточкалар негізінде сөздік жұмыс. "Қазақстан жайында...".
Мәтінді мәнерлеп оқу. "Көрікті Қазақстан".
Мәнерлеп оқуға арналған сөзді-ырғақты жаттығу "Көрікті Қазақстан".
Есте сақтауға арналған сөздік жаттығу. "Есте сақта": "Өз елің - алтын бесігің".

1




5

"Күз мезгілі. Алтын күз".

Балалардың "күз" жайлы түсініктерін дамыту; "алтын күз" сөзінің мағынасын түсіндіру; "Кім? Не?" сұрақтарына жауап беретін зат есімді сөздер, "Не істейді?" сұрақтарына жауап беретін етістікті сөздер жайлы негізгі түсініктерін қалыптастыру, күз мезгіліндегі табиғи құбылыстар туралы білімдерін кеңейту.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "жапырақтардың түсуі", "алтын күз"; сонымен қатар "күртешелерін киді", "етіктерін киді", "қолшатырларды алды", "бұлтты ауа-райы", "жаңбыр себелеп тұр", "саңырауқұлақтар жинау", "көлшіктерден секіру" сөздік тіркестері арқылы сөздік қорларын арттыру.

Баяу ырғақты аудиотаспалар.
Күз туралы әңгіме құрастыру үшін мнемокарточкалар.
Демонстрациялық сурет "Күз келді".
Күз мезгілі бейнеленген демонстрациялық сурет: балалар орман ішінде серуендеп келеді; көлшіктермен рәзеңке етікте, күртеше киіп алған, қолдарында қолшатыр мен саңырауқұлақтар салынған себет; бұлтты аспан, жаңбыр себелеп тұр; жапырақтар түсіп жатыр, орман сап-сары.
Мнемокестелер.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Жұмбақ. "Күз".
Мнемокарточкаларға негізделген сөздік жұмыс ("Күз" ұғымы).
"Күз"тақырыбына мнемокесте бойынша әңгіме құрау.
Фонемо-ырғақты жаттығу. "Бұлтқа".
Өлеңді мәнерлеп оқу "Алтын күз".

1




6

"Көкөністер мен жемістерді жинаймыз Геометриялық пішіндер".

Балалардың "күзгі астық", "қысқы дайындық" туралы түсініктерін қалыптастыру; жемістер мен көкөністердің ерекшеліктері бойынша топтастыру туралы білімдерін пысықтау; геометриялық пішіндер мен олардың қасиеттері туралы білімдерін бекіту.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Сөздіктеріне "көкөністер", "жемістер", "астық" сөздерін енгізу; "шеңбер - дөңгелек", "сопақша - сопақ", "үшбүрыш- үшбұрышты", "көкөністер бақшада өседі", "жемістер бақта өседі" сөз тіркестері арқылы сөздік қорларын молайту.

Гүрілі мен мотор дыбысының аудиотаспасы.
Көкөністер мен жемістер тиелген ойыншық жүк көлігі немесе суреті.
Көрнекіліктерге арналған тақта, көрсеткіш, интерактивті тақта .
Көкөністер мен жемістердің муляждары салынған үлкен мескей.
Қызыл және көк түсті көлемі бірдей екі мескей.
Интеллектуалды картаның сызбасы: "Жемістер мен көкөністер".
Таңбалы-карточкалар "бақша" мен "бақ" интеллектуалды картаға орналастыру үшін.
Демонстрациялық сурет: "бақша", "бақ".
Логоырғаққа арналған суретті-карточкалар: жемістер мен көкөністер.
Ырғақты, орташа қарқынды әуендердің аудиотаспасы.
Демонстрациялық геометриялық пішіндер: шеңбер, сопақша, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш.
Суреттер мен пішіндер жұптарының сызбасы.
Пішіндері геометриялық пішіндерге ұқсайтын жемістер мен көкөністердің таратпалы заттық суреттер.
Таратпалы жиынтықтар: геометриялық пішіндердің моделдері.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөзді мәнерлеп оқу.
Ойын-эстафета. "Көкөністер мен жемістер".
Интеллектуалды карта негізінде сөздік жұмыс: "Жемістер мен көкөністер".
Суретті-карточкалардың қолданылуымен логоырғақ. «Жемістер-көкөністер».
Сөздік жаттығу. "Не жасырылған? Бұл не?".
Грамматикалық дұрыс сөйлеуге арналған зерттеушілік негізде сөздік жаттығу. "Айналамыздағы геометриялық пішіндер".

1




7

"Сиқырлы" бауырсақтар". Ыдыстар".

Балаларды "Сиқырлы бауырсақтар" әңгімесімен, бауырсақтың дайындалу реттілігімен таныстыру; нан туралы түсініктерін дамыту; ыдыстың жана түрлерімен олардың қолданысымен таныстыру; халық ауыз әдебиет үлгілерімен таныстыруды жалғастыр.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "диірмен", "ұн", "бидай", "комбайн", "дән" сөздерін енгізу және "дәнді жерге егу", "астық жинау", "ұнды тарту", сондай-ақ "қант сауыты", "нан сауыты", "сүт құйғыш", "май сауыты", "конфет сауыты" сөз тіркестері арқылы сөздік қорларын арттыру.

Баяу ырғақты әуеннің аудиотаспасы.
Демонстрациялық суреттер: Алан Мен Дананың нанның үстелге қандай жолмен келетінімен танысу.
- Алан мен Дана Еркежан әженің алдында тұр. Үстелде піскен бауырсақтар.
Орташа қарқынды әуен қосылып тұр.
Әңгіме бойынша көлеңкелі иллюстрация модельдері: "Сиқырлы" бауырсақтар.
Дидактикалық ойынға арналған суретті-карточкалар "Дастархан әзірлеу": қант сауыты, нан сауыты, сүт құйғыш, май сауыты, конфет салғыш, шәугім, бауырсақ салынған ыдыс.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Таңғажайып сәт
Көркем сөзді мәнерлеп оқу. "Нандай жоқ қой асыл зат".
Сюжетті тірек суреттер бойынша мәнерлеп әңгімелеу "Сиқырлы бауырсақтар".
Сергіту сәті. "Астық егемін".
Көлеңкелі көрнекіліктер бойынша әңгіме құрастыру.
Дидактикалық ойын. "Дастархан әзірлеу".
Есте сақтауға арналған сөздік жаттығу. "Есте сақта": "Ас атасы - нан".

1




8

"Үй құстары. Жыл құстары".

Балалардың құстар жайлы, жыл мезгілдері жайлы түсініктерін кеңейту, "үй құстары" мен "жыл құстар" - деп аталудың себептерін түсіндіру; олардың ерекшеліктері жайлы түсінік беру; дауыстарын ажыратуды меңгерту.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "күркетауық", "үй құстары", "жыл құстары", "тырна" сөздерін еңгізу; "қытқылдайды", "қаңқылдайды", "күркілдейді", "барқылдайды", "тырна", "аққу", "қарлығаш", "көкек", "Құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды", "адамның жанында өмір сүреді", "жылы жаққа ұшып кетеді" сөз тіркестері арқылы сөздік қорларын арттыру.

Вальс әуендерінің аудиотаспасы.
Жыл құстары дауысының аудиотаспасы: тырналар.
Үй құстары дауыстарының аудиотаспасы: тауық, әтеш, күркетауық, қаз, үйрек.
Үй құстарының демонстрациялық заттық суреттері: тауық, әтеш,
Үй құстарының демонстрациялық сюжетті суреттері: тауық, қаз, үйрек, күркетауық, әтеш.
Интерактивті тақта, көрнекіліктерге арналған тақта, көрсеткіш.
Жылы жаққа ұшып бара жатқан тырналар бейнеленген демонстрациялық сурет.
Жыл құстарының демонстрациялық заттық суреттері: тырна, аққу, қарлығаш, көкек.
Құстардың орналасуы өзгертілген көрнекі нұсқасы:
1. Тырна, аққу, қарлығаш, көкек.
2. Қарлығаш, тырна, көкек, аққу.
3. Аққу, қарлығаш, көкек, тырна.
4. Көкек, қарлығаш, аққу, тырна.
Жиынтығы үй құстарының бетпердесі: қаз, тауық, үйрек, күркетауық, әтеш.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөз, жұмбақты мәнерлеп оқу. "Үй құстары".
Драматизация негізінде логоырғақ. "Не қалай дыбыстайды?".
Өлеңді мәнерлеп оқу. "Жыл құстары". (А.Асылбек)
Көру зейінділігіне арналған жаттығу. "Не бірінші? Не соңғы?".
Есте сақтауға арналған сөздік жаттығу. "Есте сақта": "Құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды".

1




9

"Не қалай дыбыстайды? Үй жануарлары мен төлдері. Ақырын - қатты".

Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, үй жануарларының төлдерінің атауларымен таныстыру; "қатты - ақырын" қимыл-әрекетінің белгілері жайлы түсініктерін қалыптастыру; жыл мезгілдері туралы білімдерін пысықтау.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Сөздіктеріне "жылқы", "бұзау", "торай", "қозы", "лақ" сөздерін енгізу; "кісінейді", "мөңірейді", "маңырайды", "қорсылдайды", "адамның жанында өмір сүреді", "сүт береді", "жүн береді" сөз бен сөз тіркестері арқылы сөздік қорларын арттыру.

Үй жануарлары туралы бейнеролик.
Үй жануарларының демонстрациялық заттық суреттері: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ешкі.
Үй жануарларының төлдерірінің демонстрациялық заттық суреттері: бұзау, құлын, торай, қозы, лақ.
Демонстрациялық суреттер:
- сиыр, қаз, жылқы, шошқа, қой, тиін, лақ;
- сиыр, жылқы, шошқа, қой, лақ.
Белгілі ретпен бейнеленген демонстрациялық көрнекіліктер:
- бір сызық бойымен үй жануарлары - сиыр, жылқы, қой, шошқа, ешкі;
- бір сызық бойымен үй жануарларының төлдері - бұзау, құлын, қозы, торай, лақ.
Үй жануарлары мен төлдері жұптарының демонстрациялық бейнелері.
Сөйлем құрастыруға суретті-нұсқалары.
Үй жануарларының төлдерінің тақия-маскаларының таратпалы жиынтықтары: құлын, лақ, бұзау, торай, қозы.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөзді мәнерлеп оқу. "Қозы бар, құлын бар" (Қ.Мырзалиев)
Көру мен есту зейінділігіне арналған сөздік жаттығу. "Үй жануарларын ата, есіне сақта".
Сахналау негізінде логоырғақ "Төлдер".
Фонемо-түзетушілік жаттығу. "Ақырын - қатты".
Сөйлем модельдеу бойынша тізбекті суреттер тірегі негізінде сөздік жаттығу: "Не береді?".

1




10

"Көліктер. Қала мен ауыл. Көп - аз".

Балалардың көлік түрлері, олардың ерекшеліктері мен қозғалыс ортасы туралы білімдерін кеңейту; "қала", "ауыл", сондай-ақ, "аз" и "көп" мөлшерлік ұғыдарын, "тез - баяу" әрекет белгілерін, қарт адамдарға деген құрмет пен қамқорлық түсініктерін дамыту.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "әуе көліктері", "жер үсті көліктері", "су жолы көліктері", "қала, ауыл" сөздері мен сөз тіркестерін еңгізу; "қалада көп", "ауылда аз", "Ата, отырыңыз.., біз қалаға тез барамыз" сөз тіркестері мен сөйлем арқылы сөздіктерін арттыру.

Интерактивті тақта, көрнекіліктерге арналған тақта, көрсеткіш.
Демонстрациялық сурет: ата, Алан мен Дана.
Демонстрациялық сурет тех. орта: жер, әуе, су.
Көлік түрлерінің демонстрациялық заттық суреттері: жеңіл машина, мотоцикл, велосипед, автобус, ұшақ, тікұшақ, кеме, қайық.
Көлік түрлерін ерекшеліктері мен қозғалыс ортасына қарай, топтастыруға арналған сызбалық суреттер.
Ауыл мен қала бейнеленген демонстрациялық суреттер.
Орташа қарқынды, ырғақты әуен аудиотаспа.
Көлік түрлері бейнеленген таратпалы заттық-суреттер:жеңіл машина, мотоцикл, велосипед, автобус, ұшақ, тікұшақ, кеме, қайық.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Ғажайып сәт. Тақпақты мәнерлеп оқу.
Заттарды ортақ қасиеттері бойынша топтастыруға арналған сөздік жаттығу. "Жер үсті, су жолы, әуе көліктері".
Ым-ишара негізінде сөзді-ырғақты жаттығу. "Қане, көрсет".
Сәйкестендіру негізінде сөйлем модельдеу жаттығуы "Қалада көп, ауылда аз".
Ойын-жағдайят негізінде "Біз қалаға тез жетеміз" сөйлем модельдеу жаттығуы.



1




11

"Жабайы аңдар және балалары. Жылдам-баяу".

Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту; жабайы аңдардың балаларының атауларымен таныстыру; "тез - баяу" қимыл-әрекеті жайлы түсініктерін қалыптастыру; ормандағы жабайы аңдардың тіршілігі жайлы білімдерін бекіту.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "көжек", "жәудір", "бөлтірік", "қонжық", "тез", "баяу" сөздерін еңгізу; "жабайы аңдар", "орманда тұрады", "түлкіде-жәудір", "аюда-қонжық", "қоянда-көжек", "қасқырда-бөлтірік" сөз тіркестері арқылы сөздік қорларын молайту ). Сөздіктеріне "үш аю", "адасып кету", "мескей", "тербелу", "ақыру", "шыңғыру"; сөздерін еңгізу. "Қонжық", "Кім менің орындығымды орнынан жылжытты?", "Кім менің төсегіме шықты?", "ботқаны жеп қойды", "ұйықтап қалды", "өзіңді әдепті ұста" сөз тіркестері арқылы сөздік қорларын арттыру.

Қала көшелері, ауыл, орман атмосферасын бейнелейтін аудиотаспалар.
Көлеңкелі суретті суреттер: қасқыр, түлкі, аю, кірпі, тиін, қоян
Түрлі-түсті заттық суреттер: қасқыр, түлкі, аю, кірпі, тиін, қоян.
Демонстрациялық сурет "Жабайы аңдар" (қасқыр, түлкі, аю, кірпі, тиін, қоян).
Сурет-сызба: жабайы аңдар бір сызықта - қасқыр, түлкі, аю, кірпі, тиін, қоян.
Сурет-сызба: жабайы аңдардың балалары бір сызықта - бөлтірік, жәудір, қонжық, кірпі, тиін, көжек.
Аңдар мен төлдері жұптарының демонстрациялық суреттері.
Жабайы аңдардың қозғалысына сәйкес тез, баяу қарқынынды әртүрлі аудиотаспалар"
Балаларға арналған таратпалы тақия-маскалар жиынтығы: бөлтірік, жәудір, қонжық, кірпі, тиін, көжек.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөз. Жұмбақты мәнерлеп оқу (мномокарточкаларды қолдану).
Педагог мнемокарточкалар қолданады.
Көлеңкелі театр негізінде сәйкестендіруге арналған сөздік жаттығу. "Жабайы аңдар".
Рөлдік атау мен ым-ишара негізінде диалогтық жаттығу: "Не қандай?".
Сәйкестендіруге арналған сөзді-логикалық жаттығу. "Неде не бар?".
Қимылл жаттығуы "Не қалай қимылдайды?".

1




12

""Үш аю" ертегісін оқу. Үлкен, орташа, кішкентай".

Белгілі "Үш аю" ертегісінің сюжетін еске түсіру; үш көлем жайлы "үлкен", "орташа", "кішкентай" түсініктерін бекіту; адамдардың қонақтағы әдептілік мінез-құлқы жайлы білімдерін кеңейту.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "үш аю", "адасып кету", "мескей", "тербелу", "ақыру", "шыңғыру"; сөздерін еңгізу. "Қонжық", "Кім менің орындығымды орнынан жылжытты?", "Кім менің төсегіме шықты?", "ботқаны жеп қойды", "ұйықтап қалды", "өзіңді әдепті ұста" сөз тіркестері арқылы сөздік қорларын арттыру.

Ертегі тақырыбын елестететін "сиқырлы" әуен аудиотаспасы.
Демонстрациялық суреттер: үш мескей; үш орындық; үш төсек; үш бәтіңке.
Ертегі мазмұны бойынша сюжетті суреттер бөлімі: "Үш аю".
Ертегінің бірінші бөлімінің эпизодтары бойынша мнемокестелер.
Музыкалық-ырғақты жаттығуға орташа қарқынды әуен аудиотаспасы.
Кейіпкерлерге арналған маска-суреттер: әке-аю, ана-аю, қонжық.



"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Сурет көрсету.
Ертегіні мәнерлеп оқу. "Үш аю".
Мнемокесте негізінде диалогтық жаттығу. "Қыз үш аюдың үйінде".
Музыкалық-ырғақты сөздік жаттығу. "Үлкен", "орташа", "кішкентай" туралы ән".
Драматизациялау арқылы сюжетті тәжірибелік модельдеу бойынша сөздік жаттығу ."Үш аю өз үйлерін қалай көрді".

1




13

"Қыс мезгілі. Қысқы табиғат құбылыстары".

Балалардың қыз мезгілі жайлы түсініктерін кеңейту; педагогтің артынан қайталау арқылы тақпақ сөздерін естеріне сақтауды үйрету, мнемокесте және сызбалық суреттер негізінде "қыс", "қысқы табиғат құбылыстары" туралы түсініктерін, сөйлеу мәнерін, ырғақты сезіну дағдысын қалыптастыру; "қыс" пен "жаз" мезгілдеріне байланысты антоним сөздерді дұрыс дыбыстауды жаттықтыру; есту зейіндерін, қиялдарын дамыту; сөздік шығармашылыққа қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Сөздіктеріне "әппақ", "жып-жылтыр"сөздерін еңгізу; сөздіктерін "жаз - қыс", "ыстық - суық" мағынасы қарама-қарсы сөздермен арттыру.

Баяу қарқынды әуеннің аудиотаспасы
Демонстрациялық сурет: "Қыс келді".
Қыс туралы тақпақтың мазмұны бойынша мнемокестелер:.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Өлеңді мәнерлеп оқу. "Ну орманды қар жауып".
(Д. Қ Бұланбаева)
Тірек мнемокарточкалармен мазмұны бойынша әңгімелесу.
Мнемокесте арқылы өлеңді топпен мәнерлеп қайталау.
Сөзді-ырғақты жаттығу. "Ну орманда қар жауып".
Сәйкестендіруге арналған сөздік жаттығу. "Жазда, қыста".

1




14

"Қазақстан байлықтары. 5 дейін санау, кері санау".

Балалардың еліміздің негізгі байлықтары туралы білімдерін кеңейту; "байлықты" дұрыс атауды қолданылу аясы туралы түсініктерін нақтылау.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "байлық", "мұнай", "көмір", "кен" сөздерін еңгізу; сөздіктерін "Суды ішеді, құяды, суғарады", "Бидайды себеді, шабады, тартады", "Көмірді өңдіреді, жағады, жылу береді", "Мұнайды өңдіреді, бензин шығарады, пластикалық ойыншықтар жасайды", "Кенді өңдіреді, балқытады, үй, көпір тұрғызады" сөйлемдері арқылы сөздік қорларын молайту; 5 дейін тура, кері санауға жаттықтыру.

ҚР Мемлекеттік Әнұран аудиотаспасы.
Слайд-шоуға суреттер: Қазақстан картасы, таулар, өзен, дала, орман, шөл, теңіз, Нур-Сұлтан, Бәйтерек, Ханшатыр, Ақорда.
Қазақстанның байлықтарын бейнелейтін суретті-фишкалар: "су", "бидай", "көмір", "мұнай", "кен".
Қазақстан туралы әңгімеге қосымша суреттер.
Сөздік жұмыс үшін мнемокарточкалар.
Баяу қарқынды әуеннің аудиотаспасы.
Қазақстанның байлықтары жайлы сөйлем құрауға мнемокестелер;
Тура және кері санау үшін сызба-суреттер:
- солдан оңға қарай қатар, Қазақстанның бес байлығы: су - бидай - көмір - мұнай - кен;
- екі қатар: Қазақстанның бес байлығы бейнеленген әр фишканың астында 1 ден 5 дейінгі цифрлар.
Таратпалы пішінді фишкалар: "су", "бидай", "көмір", "мұнай", "кен".

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Сурет бойынша әңгіме. "Қазақстанның бес байлығы".
Пішінді фишкалар мен мнемокарточкаларға негізделген сөздік жұмыс. "Қазақстанның бес байлығы".
Топшаларда немокестеге негізделген сөйлем модельдеуге арналған жаттығу. "Көрме "Қазақстан байлықтары".
Есте сақтауға арналған сөздік жаттығу "5 дейін тура және кері санау".

1




15

"Кимдер, аяқ киім, бас киім".

Балалардың киімдер, бас киім мен аяқ киімі туралы түсініктерін дамыту; ұл бала мен қыз балаға арналған киімдер, мезгілдік киімдер туралы білімдерін қалыптастыру; тазалық пен ұқыптылық жайлы түсініктерін дамыту; киімдерді негізгі ерекшеліктері бойынша заттарды жіктеу, қатынастық топтық ойындар мен жағдаяттарға қосылу дағдыларын дамыту; әдептілікке, ұйымшылдыққа, ертегілерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "бас киім", "пима", "ұл баға арналған киім", "қыз балаға арналған киім" сөздері мен сөз тіркестерін еңгізу; сөздіктерін киімдермен, аяқ киім мен бас киім түрлерін білдіретін сөздермен және "қыста киеді", "жазда киеді", "қыздар киеді", "ұлдар киеді", "басқа киеді", "денеге киеді", "аяққа киеді" сөз тіркестері арқылы сөздіктерін арттыру.

Жаңа жылдық мерекені елестететін әуеннің аудиотаспасы.
Алан мен Дана бейнеленген демонстрациялық суреттер.
Демонстрациялық суреттер (шкафтағы қыз бала мен ұл баланың киімдері).
Интеллектуалды картаға суретті-сызбалар, қыз бала мен ұл балаға арналған киімдер, бас киімдер мен аяқ киімдер бейнеленген фишкалардың екі тобы қарастырылған: бастапқы және аяқталған түрі.
Демонстрациялық фишкалар интеллектуалды картаның шеңберіне жапсыру үшін: "ұл", "қыз"; ұл балаға - "бас киімдер", "киім", "аяқ киім"; қыз балаға -"бас киімдер", "киім", "аяқ киім".
Жұмбақтарға арналған фишкалар: көйлек, кепка, шалбар, шляпа, кроссовки.
Демонстрациялық суреттер: ертегілер кейіпкерлері мен киім үлгілерінің сұлбалары.
Демонстрациялық суреттер: Аяз ата, Алдар-Көсе, Күлше қыз, Кішкентай Мук, Мыстан кемпір, Дымбілмес.
Демонстрациялық сұлбасы: Аяз атаның пимасыз, тон мен шапкасыз (шұлық, жейдемен).
Қыз бала мен ұл балаға арналған киім мен аяқ киімнің таратпалы карточкалар.
Аяз ата, тон, шапка, пима сұлбаларының жиынтығы.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөзді мәнерлеп оқу. "Кел, Жаңа жыл! (С. Жиенбаев).
Заттарды жіктеу бойынша интеллектуалды карта негізінде сөздік жаттығу. "Қыз балаға арналған киімдер, ұл балаға арналған киімдер".
Жұмбақ жасыру арқылы интеллектуалды карта негізінде сөздік жұмыс. "Мен...таңдаймын".
Көрнекі фишкалар негізінде ым-ишара жаттығуы. "Не екенін-біз айтпаймыз, не істейміз-көрсетеміз".
Сәйкестендіру негізінде көруге арналған сөздік-логикалық дамытушылық тапсырма. "Аяз ата не киеді?".

1




16

"Жаңа жылды қарсы алайық".

Балалардың қыстық мерекелер жайлы білімдерін кеңейту; жаңа жылдық мереке туралы түсініктерін дамыту; сөз таптарын білдіретін сын есім, үстеу сөздер жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Сөздіктеріне "мереке", "мұрт", "тез", "баяу", "жеңіл", "ауыр" сөздерін еңгізу; жаңа жылдық әндердің жолдарын айту арқылы сөздіктерін арттыру.

Жаңа жылдық мерекелердің жақындағаның білдіретін әуеннің аудиотаспасы.
Демонстрациялық безендірілмеген (шарларсыз) шырша сұлбасы.
Демонстрациялық безендірілген шырша сұлбасы.
Биіктігі бала бойынан ұзын шырша макеті .
Әуен ырғақтары бір-біріне қарама-қарсы екі аудиотаспа.
Демонстрациялық суреттер: орналасуы әртүрлі аңдардың көлеңкесі - тиін, сауысқан, түлкі, кірпі, аю, мысық, қоян, бақа, қасқыр.
Шыршаға арналған ойыншық-шарлар.
Әртүрлі кейіпкер аңдардың жаңа жылдық бетперделері.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
"Күтеміз сені, Жаңа жыл!"
Сөз тудыруға арналған сөздік жаттығу. "Шыршаны жаңа ойыншық-сөздермен безендірейік".
Лексикалық-ырғақты жаттығу. "Жеңіл - ауыр, баяу - тез".
Есте сақтауға арналған сөздік-дамытушылық жаттығу. "Мерекеде нелер болды?".
Сөзді-ырғақты музыкалық жаттығу. "Күтеміз сені, Жаңа жыл!"

1




17

"Әңгімені мәнерлеп оқу "Біз қармен қалай ойнадық". Биік - аласа. Тар - жіңішке".

Балаларды "Біз қармен қалай ойнадық" әңгімесімен таныстыру; әңгіме жанры туралы түсінік беру; қысқы өзгерістер туралы білімдерін кеңейту, қысқы қызықтар жайлы түсініктерін қалыптастыру; "биік - аласа", "тар - кең" шамалары туралы түсініктерін бекіту; "биік - аласа", "тар - кең" шамаларын сөйлеу барысында қолдануға жаттықтыру; көргенімен естігенің сәйкестендіре білу біліктілігін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу; қысқы ойындарға қызығышылықтарын арттыру.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "қызықтар", "кең", "тар", "биік", "аласа", "аула сыпырушы", "шана", "шаңғы" сөздерін еңгізу; "таудан сырғанады", "шананы сүйрейді", "күшікті сырғанатты", "коньки тепті", "шаңғы тепті", "қар ұшқының ұстады", "аққала жасайды", "қар лақтырды", "қар тазалайды" сөз тіркестері арқылы сөздік қорларын арттыру.

Баяу қарқынды әуен.
Демонстрациялық сурет: биіктіктері әртүрлі екі ағаш бейнеленген, ағаш басында, жерде көп қар, әр ағаштың алдында қардан тазаланған еңдері әртүрлі екі жол жатыр.
Көру арқылы әңгімені модельдеу "Балалар қармен қалай ойнады".
- таудан сырғиды;
- шана сүйреп,күшікті сырғанатады;
- конькимен келеді.
- қарды лақтыру.
- екі бала құшақтасып, жымияды;
- қолғаппен қар ұшқының ұстап алу;
- аққалаға қардан шар жасап жүр;
- шаңғымен келеді;
Сондай-ақ бөлек сондай суретті-сызбалар.
Түрлі қарқындағы ырғақтағы әуен аудиотаспалары.
Әңгіменің желісін бейнелейтін демонстрациялық сюжетті сурет.
Суретті-сызба - аула сыпырушы қар тазалап жүр.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Қарама-қарсы мағыналы сөздер жұптарын құрауға арналған сөздік жаттығу. "Биік - аласа. Тар - кең".
Ым-ишара мен тақпақтау негізінде сөздік жұмыс. "Мынаумен не істейміз?".
Суретті-сызба негізінде елестету арқылы әңгімені оқу. "Балалар қармен қалай ойнады".
Көру арқылы әңгімені модельдеу "Балалар қармен қалай ойнады".
Естуге және артикуляцияға арналған жаттығу. "Сөзді тап".
Сюжетті суретті қорытындылау негізінде сәйкестендіру мен бөліктерді тұтастандыруға жаттығу.

1




18

"Қар жауады. Қатты - жұмсақ. Суық - ыстық".



Балалардың қардың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту; заттардың қасиетің білдіретін "суық- ыстық", "жұмсақ - қатты" ұғымдарын бекіту; қар және олардың ерекшеліктері жайлы тақпақтарды түсініп, дұрыс айтуды үйрету; қардың калпын айқындайтын сын есімді сөздерді дұрыс қолдануға жаттықтыру.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Сөздіктеріне "қонақтайды", "тегістейді", "жасырыпты", "қатты", "жұмсақ", "суық", "ыстық" сөздерін еңгізу; "шатырда қар", "жерде қар", "көшеде қар", "аулада қар", "ағаштарда қар", "орындықта қар", "машинада қар", "қақпада қар", "қар ериді" сөз тіркестері арқылы сөйлеу тілдерін молайту.

Қар үстінде жүрген дыбыстың аудиотаспасы.
Қалада жауған қардың бейнеролигі.
Тақпақ мазмұны бойынша суретті-сызбалар.
Қар туралы сөз тіркестерін құрауға арналған жаттығу үшін мнемокарточкалар:
* қарсыз нысандар: шатыр; жер; көше (жаяу жүргінші жолы, жол қиылысы); аула (балалар алаңқайы); ағаштар (біреу, алшақтау жерде екеу); орындық; машиналар; қақпа; саябақ.
* қарлы нысандар: шатырда; жерде; көшеде; аулада; ағаштарда; орындықта; машинада; қар қапада.
Сергіту сәтіне арналған көңілді, ырғақты әуен аудиотаспасы.
Бақылау жүргізу үшін заттар немесе заттардың суреттері:
- шыны ыдыстағы қар;
- қары бар ыдысты ұстаған алақан;
- қары бар ыдысқа салынған қасық, қуыс болып қалады;
- алақандағы қар-шар;
- саусақ қар-шарға тиіп тұр;
- шүмегінен бу шығып тұрған шәйнек;
- қар салуға ыдыс, қасық, сүлгі.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Суретті сызба бойынша есту зейінділігіне негізделген сөздік жұмыс.
Көркем сөз. "Суретші қыс". (К. Нүсіпжан)
Мнемокарточка бойынша сөз тіркесін құрауға негізделген сөзді ойын-жаттығуы. "Қар қайда?".
Сергіту сәті. «Қар» (Т. Шопашов)
Қарама-қарсы мағыналы сөздер жұбын құрау негізінде сөздік-тәжірибелік жаттығу. "Биік - аласа. Тар - кең".
Мәнерлеп оқуға сөздік жаттығу. "Суретші қыс".

1




19

""Үш торай" ертігісін оқу".

Балаларды "Үш торай" ертегісімен таныстыру; сөздердің түрленуі, зат есім, сын есім, негізгі және туынды сөздер жайлы білімдерін дамыту; мезгілдік өзгерістер туралы, адамдар мен жан-жануарлар өміріндегі әртүрлі жыл мезгіліндегі ерекшеліктер жайлы түсініктерін дамыту; еңбектің маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "алақай", "қыстау", "сабан", "кірпіш", "шыбық", "берік" сөздерін еңгізу; "үш торай", "жазда-ыстық, ал қыста-суық", "қане, үй салайық", "Қысқа дейін алыс! Үлгереміз!", "тез салды", "ұзақ салды". "Қыс арбаңды сайла. Жаз шанаңды сайла" сөз тіркестері арқылы сөйлеу қорларын арттыру.

Көңілді, ырғақты әуен аудиотаспасы.
Орман жиегіндегі алаңқайдағы үш торайдың үйі бейнеленген демонстрациялық сурет.
"Үш торай"" ертегісінің мазмұны бойынша демонстрациялық суреттер:
Санамақ үшін орташа қарқындағы ырғақтың әуен аудиотаспасы.
Ертегі мазмұнын модельдеуге арналған суретті-сызбалар.
Мақалдың мағынасын ашатын сурет: шөп үстінде шана, күн; қар үстінде арба.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Ертегіні мәнерлеп оқу. "Үш торай".
Сөзді ойын-санамақ. "Үш торай".
Суретті-сызба бойынша ертегі мазмұның модельдеуге арналған жаттығу. "Үш торай".
Лексикалық-ырғақты жаттығу. "Үйлер неден жасалған?"
Есте сақтауға сөздік жаттығу. "Есте сақта": "Қыс арбаңды сайла. Жаз шанаңды сайла".

1




20

"Қыстайтын құстар. Көп, аз, тең".

Балалардың қыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту, түбірлес сөздер туралы білімдерін мысал негізінде "қыс - қыстау - қыстайтын" қалыптастыру; құстардың дыбыстауын айқындайтын (шіп-шіп, шыр-шыр, шырылдайды) сөздері арқылы артикуляциялық аппараттарын дамыту; заттар тобының санын анықтау ұғымдарын білдіретін "артық", "кем", "тең" сөздерін дыбыстауға жаттықтыру; есте сақтау, ойлау қабілеттерін, қатынастық дағдыларын дамыту.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Сөздіктеріне "қыстайтын құстар", "жемшашар", "жем", "шымшық", "артық", "кем", "тең" сөздерін еңгізу; "қыстайды", "шырылдайды" сөздері, "жем шошиды", "торғай шоқиды", "жемшашардағы торғай" сөз тіркестері арқылы тіл байлықтарын арттыру.

Құстардың жемді шоқыған дыбыстарының аудио жазбасы.
Қыстайтын құстар бейнеленген демонстрациялық заттық суреттер: торғай, шымшық, қарға, сауысқан, тоқылдақ.
Қыстайтын құстардың демонстрациялық суреттері.
Артикуляциялық жаттығу арналған ырғақты әуен аудиотаспасы.
Қыстайтын құстар дыбыстарының аудиотаспасы: торғай, шымшық, қарға, сауысқан, тоқылдақ.
Жемшашардағы құстардың демонстрациялық суреті.
Заттар санын салыстыруға арналған суреттер.
Құстардың суретті-сұлбалары: торғай, қарға, сауысқан, шымшық; фломастердың көмегімен дәннің суреті салынған пластикалық тарелкелер.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөз. "Қыстайтын құстар". (Д. Қ. Бұланбаева)
Сурет бойынша сөздік жұмыс. "Қыстайтын құстар".
Артикуляциялық жаттығу. "Торғайдың әні".
Екі ақпарат көзін сәйкестендіріп бір түсінікке біріктіруге арналған сөздік жаттығу. "Нені естідің тап, көрсет және ата".
"Заттар тобын салыстыру бойынша сөздік есеп модельдеуге арналған жаттығу. "Артық, кем, тең".
Ойын әрекетінің негізінде сөйлем құрауға арналған сөзді-ойынды жаттығу. "Қандай құс, не шоқиды?".

1




21

"Жиһаз. Балықты бақылау".

Жиһаз түрлері мен қолданысы, адам өміріндегі орны туралы түсініктерін нақтылау; "жайлылық" сөзінің мағынасын түсіндіру; әңгімені зейін қойып тыңдауды, мәтіннен таныс сөздерді тауып айтуды үйрету айналасындағы заттарға деген қызығушылықтарын арттыру; көру мен тәжірибені қортындылау арқылы заттарды сәйкестендіру мен жіктеу барысында (киімдер мен ыдыстар) логикалық шешім табуға үйрету.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "киім шкафы", "ас үй шкафы", "жайлылық" сөз тіркестерін еңгізу; үстел", "орындық", "диван", "төсек", "жиһаз", "үстелде тамақ ішеді", "орындықта отырады", "диванда демалады", "киім шкафына киім жинайды", "ас үй шкафына ыдыстарды қояды", "төсекте ұйықтайды" сөздері мен сөз тіркестері арқылы сөздіктерін арттыру.

Демонстрациялық сурет: Еркежан әже.
Демонстрациялық сурет "Жиһаз".
Демонстрациялық заттық суреттер людей профессий: үстел, орындық, диван, кресло, киім шкафы, ас үй шкафы, төсек.
Жайлылық түсінігін бейнелейтін сурет.
Демонстрациялық суреттер: есіктері ашық шкафтардың (ас үй, киім) сұлбасы.
Сурет-сызбалар: киімге және ыдысқа толып тұрған шкафтар.
Баяу ырғақты әуеннің аудиотаспасы.
Аквариумдағы балық.
Аквариумдағы балықтың суреті немесе видеосы.

Балалар санына сәйкес заттық суретті-карточкалар: киім түрлері, ыдыстар түрі.



"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Суреттер негізінде сөздік жұмыс. "Жиһаз".
Әңгімені мәнерлеп айту "Үйде не бар?".
Сюжетных суреттер бойынша әңгімелесу.
Заттарды жіктеу бойынша дамытушылық сөзді-ойынды жаттығу. "Ретке келтір".
Нысанды бақылау. "Балық қалай жүзеді".
Қимылды жаттығу "Балық қалай жүзеді".

1




22

"Мамандықтар. Диалогтар".

Балалардың мамандықтар олардың кәсіптік ерекшеліктері мен қызметі түсініктерін кеңейту; бірнеше мамандық иелерін қолданатын құрал-жабдықтары арқылы ажыратып, атауды үйрету; диалогтық сөйлеуді жаттықтыру; есте сақтау, ойлау қабілеттерін, көру және есту арқылы қабылдауларын, қатынастық дағылырын дамыту.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "мамандықтар", "мамандық иесі", "көмекке жүгінуші" сөздерін еңгізу; "дәрігер емдейді", "аспаз салат дайындайды", "шаштараз шаш қияды", "мұғалім балаларды оқытады", "құрылысшы үй салады", "суретші сурет салады", "тамақтанғым келеді", "емделгім келеді", "шаш қидыртқым келеді", "оқығым келеді", "келіп тұрыңыз", "Не қалайсыз?" сөз тіркестері арқылы сөздік қорларын молайту.

Демонстрациялық сурет: Алан.
Демонстрациялық сурет: "Мамандықтар".
Мамандық иелерінің демонстрациялық заттық суреттер: дәрігер, мұғалім, суретші, құрылысшы, шаштаразшы, аспаз.
Мамандықтар туралы сөйлем құрастыру үшін мнемокесте сызбасы.
Мамандықтар туралы сөйлем құрастыру үшін мнемокарточкалар.
Мамандарының еңбегіне қатысты мнемокестелер: аспаз, дәрігер, шаштараз, мұғалім, құрылысшы, суретші.
Сөзді-ырғақты, музыкалық жаттығу үшін ырғақты, көңілді әуен аудиотаспасы.
"Дәрігер", "аспаз", "шаштараз", "мұғалім" карточкалары және олардың бетперделері мен құралдары.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Жұмбақ. "Мамандықтар".
Суреттер бойынша сөздік жұмыс. "Мамандықтар".
Мнемокесте негізінде әртүрлі құрылымды сөйлем модельдеу жаттығуы. "Кім не істейді?".
Диалогқа негізделген сөзді-рөлдік жаттығу. "Не істейді?".
Жұптарда диалогтарға арналған бос уақыт.

1




23

"Тұрмыстық техника. Жеңіл - ауыр. Суық - ыстық".

Тұрмыстық техника жайлы түсініктерін кеңейту, тұрмыстық техниканың адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру; "жеңіл - ауыр", "суық - ыстық" заттардың қасиеті жайлы түсініктерін бекіту; тұрмыстық техника туралы тақпақты мұқият тыңдап, таныс сөздерді тауып атауды үйрету; сөз тіркестеріндегі тұрмыстық техниканың қызметін бейнелейтін етістіктерді дұрыс айтуға жаттықтыру; сөз тіркестерін, антонимдық жұптар құрауға үйрету.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "тұрмыстық техника", "көмекші" сөздерін еңгізу; "тоңазытқыш", "шәйнек", "шаңсорғыш", "тоқ пеш", "кір жуғыш машина", "суытады", "жуады", "үтіктейді", "шаң сорады", "қайнатады", " адамға көмектеседі" сөздері мен сөз тіркестері арқылы сөздік қорларын арттыру.

Робототехника тақырыбына ырғақты әуен аудиотаспасы.
Кейбір тұрмыстық техникаларының дыбысы білдіретін аудиотаспа .
Демонстрациялық сурет: "Тұрмыстық техника".
Тұрмыстық техника түрлерінің демонстрациялық заттық суреттері: тоңазытқыш, шәйнек, шаңсорғыш, тоқ пеш, кір жуғыш машина.
Заттың қасиеті мен қалыбын сәйкестендіру үшін сөзді-практикалық жаттығуға арналған суретті-сызбалар.
- жартылай суға толған, шыны стақан: біреуі тұтас шыны, екіншісінің қабырғалары терлеген;
- қол саусақтары стақанның астынғы бөлігін, үстел деңгейінде жақын ұстау;
- үстелдің үстінде екі текше: бірдей көлемді пластикалық және ағаш екі текше;
- бір қолда пластик текше жоғары көтерілген, екінші қолда ағаш текше төмен орналасқан;
Заттардың орналасуын бағдарлау үшін оң, сол жаққа бөлінген жұп суреттер.
Үстел үстінде суық және жылы су құйылған екі стақан, пластик және ағаш екі жұп текше.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Ырғақты сәт.
Сурет бойынша сөздік жұмыс. "Тұрмыстық техника".
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Есте сақтауға арналған сөздік-дамытушылық жаттығу. "Таныс сөзді тап".
Ым-ишара негізінде сөзді-ырғақты жаттығу. "Біздің үйдегі көмекшілер".
Антонимдық жұп құрау негізінде сөзді-практикалық жаттығу. "Жеңіл - ауыр. Суық - ыстық".

1




24

"Кел, жаттығайық! Адамның дене мүшелері. Оң - сол".

Балалардың адамның дене мүшелері туралы түсініктерін дамыту;салауатты өмір салты, жаттығудың маңызы жайлы, түсініктерін қалыптастыру; дәрумендердің пайдасы, "сол", "оң" жақ туралы түсініктерін бекіту; сызбадағы дене мүшелерінің бейнеленуін өз денесімен сәйкестендіре білуге үйрету; дене мүшелерін атауды үйрету; артикуляциялық аппараттарын, оң және сол қолдарын ажырату біліктіліктерін, жағымды эмоция білдіре білуді дамыту.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "дене мүшелері", "спортшы", "дене", "бас", "сол", "оң" сөздерін еңгізу; "бас", "қол", "аяқ", "дене", "мықты", "көкөністер", "жемістер", "дәрумендер" сөздері арқылы сөздік қорларын молайту.

Демонстрациялық сурет: Аланның спорттық киімдегі бейнесі.
Сурет-сызба: адам денесінің құрылысы.
Тақпақты айтып отырып, дене шынықтыру жаттығуларын орындауға арналған түрлі қарқындағы аудиотаспалар.
Заттық суретті-карточкалар: жемістер мен көкөністер.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Ырғақты жаттығу. "Кім спортшы?"
"Дене" сызба-суреттер негізінде "дене мүшелері" түсінігін модельдеу жаттығуы.
Ым-ишара мен жарыс элементтері негізінде тақпақ жаттауға арналған жаттығу. "Нағыз спортшылар".
Аталынған жақпен әрекетті сәйкестендіруге арналған сөздік жаттығу. "Сол - оң".
Тапқырлық пен ойлауға арналған жаттығу. "Ойлан, тап".

1




25

"Көктем мезгілі. Көктемгі табиғат құбылыстары".

Балалардың көктем мезгілі, 8 наурыз-әйелдер мерекесі жайлы түсініктерін дамыту; қазақша көктем жайлы тақпақ жаттауға жаттықтыру; жыл мезгілі жайлы кішігірім, тұтас әңгіме модельдеу біліктіліктерін, көктемгі құбылыстар жайлы жай сөйлем құрастыруды дамыту; есте сақтау, көру, ойлау қабілеттерін, жағымды эмоция таныту біліктіліктерін дамыту.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "көктем мезгілі", "аналар мерекесі", "жаңбыр жауды" сөздерін еңгізу; "тарс-тұрс", "тырс-тырс" еліктеуіш сөздері мен "көктем келді", "құстар ән салады", "қар ериді", "жылғалар ағады" сөз тіркестерінің көмегімен сөйлеу қорларын арттыру.

"Көктем" тақырыбын айқындайтын көңілді әуен аудиотаспасы.
Демонстрациялық сурет "Көктем келді!".
Суретті қарастыруға арналған "сиқырлы сақина" моделі.
"Көктем келді!" тақырыбына әңгіме модельдеуге арналған мнемокестелер.
Орташа қарқындаға ырғақты әуен аудиотаспасы.
"Көктем" тақырыбының мазмұны бойынша суретті-сызбалар:
Көктем жайлы тақпақты сүйемелдеу үшін көңілді, ырғақты әуен аудиотаспасы.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Сурет көрсету «Көктем келді».
Көркем сөз."Көктем". (Б. Жақып)
"Сиқырлы сақина" моделі негізінде суретті сипаттауға арналған сөздік жаттығу.
Мнемокесте негізінде көктем жайлы әңгіме модельдеуге арналған жаттығу. "Көктем келді!".
Логоырғақ. «Жаңбыр жауғанда».
Өлеңді мәнерлеп, қайталап оқу.
Суретті-сызба негізінде өлең жаттатыруға арналған жаттығу. "Көктем".

1




26

"Ертегі оқу: "Торғай мен тышқан". Алдымен, кейін".

Балаларды "Торғай мен тышқан" ертегісімен таныстыру; қазақ тіліндегі сөздердің алуан түрлілігі туралы білімдерін дамыту, мезгілдік өзгерістер, табиғат арасындағы байланыс туралы түсініктерін дамыту; құбылыстар тізбегін түсініп, "алдымен","кейін" ұғымына сәйкес орналастыру біліктіліктерін дамыту; логикалық ойлауларын, есту зейінділіктерін, есте сақтауларын, сөйлеу тілдерін, қиялдарын дамыту. Байқампаздыққа, әдептілікке, жаңашырлыққа, ертегілерге деген сүйспеншілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Сөздіктеріне "жортады", "қап", "жарды", "дән", "алдымен", "кейін" сөздерін еңгізу; "егін екті", "көмек сұрады", "жылғалар ақты", "сылдыр-сылдыр", "қар еріді" сөз тіркестері арқылы сөздік қорларын арттыру.

Ертегі тақырыбын айқындайтын "сиқырлы" әуен аудиотаспасы.
Суреттер: торғай, тышқан.
Сөздік жұмысқа арналған суреттер:
- торғай қоймада жүгіріп, иіскеп бірдене іздеп жүр ;
- қап толы бидай, бір жағынан тесіктен бидай жерге төгіліп жатыр;
- қап толы бидай, бір жағынан тесіктен бидай жерге төгіліп жатыр, жанында тышқан дән кеміріп отыр;
- мысық білдірмей келе жатыр, қорыққан тышқан қашуға тырысады.
Ертегі мазмұны бойынша демонстрациялық суреттер бөлімі: "Торғай мен тышқан".
Ырғақты жаттығуға аудиотаспа.
Ертегі желісінен тыс суреттер.
Сөзді-логикалық жаттығуға арналған суреттер тізбегі.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Ертегі тақырыбын айқындайтын "сиқырлы" әуен естіледі.
Сурет бойынша сөздік жұмыс.
Ертегіні мәнерлеп оқу. "Торғай мен тышқан".
Ертегі мазмұның модельдеуге арналған сөздік жаттығу.
Ым-ишараға сүйеніп, сөзді-ырғақты музыкалық жаттығу. "Торғай ағаш қорғайды".
Өлең негізінде артикуляциялық жаттығу. "Жылғалар ағады".
Сөзді-логикалық жаттығу. "Алдымен? Одан кейін?".

1




27

"Азық-түліктер. Наурыз көже дайындаймыз".

Балалардың Наурыз мерекесі, азық-түлік түрлері туралы түсініктерін кеңейту; наурыз көженің құрамымен оған қасылатын жеті тағаммен таныстыру; азық-түліктерді ортақ белгілері (сүт, ет, ұн) бойынша үш топқа жіктеу дағдыларын дамыту; құрдастарымен топта жұмыс жасау, өз орнын табу, сұрақтарға еркін жауап беру біліктіліктерін дамыту; логикалық ойлауларын, есту зейінділігін, қатынастық дағдыларын дамыту.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "наурыз-көже", "сүт өнімдері", "ет тағамдары", "ұн тағамдары", "қазы", "құрт" сөздерін еңгізу; сондай-ақ азық-түліктің үш түрі мен наурыз көжеге қосылатын азық-түліктерді атау арқылы тіл байлықтарын арттыру.

Қазақтың ұлттық әуендерінің аудиотаспасы.
Демонстрациялық суреттер:
- Алан мен Дана ұлттық киімдерде, көңілсіз;
- Алан мен Дана ұлттық киімдерде, билеп, көңіл көтеруде.
Демонстрациялық сурет: Наурыз мерекесі.
"Азық-түліктер" тақырыбы үшін интеллектуалды карта. Негізгі азық-түліктер үшін, үш басты суретті-фишкалар.
Бастапқы интеллектуалды карта сызбасы.
Суретті-сызба: беттің жоғарғы бөлігінде үш үлкен сопақша орналасқан, әрқайсысынан төмен қарай бірнеше сәуле тарайды, бос дөңгелектермен аяқталады.
Сурет: Мерекелік дастарханда наурыз көже.
Суреттер жолағы: су, ет, тұз, дәнді дақыл, құрт, сүт пен ұн.
Орташа қарқындағы ырғақты әуен аудиотаспасы
Суретті-сызба: шыңын қар басқан тау, бұлақ, жасыл шөп.
Заттық суретті-фишки: айран, қаймақ, май, ірімшік, сыр; шұжық, сосиска, қазы, кәуап, котлет; ұн тағамдары - нан, шелпек, тоқаш, бауырсақ, блины.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Жаттығу "Кел, сәлемдесейік".
Көркем сөз. "Жарқырап тұр күніміз" (Ә. Табылдиев) өлеңін мәнерлеп оқу.
Интеллектуалды карта негізінде заттарды топтастыруға арналған сөздік жаттығу. "Азық-түліктер".
Сөздік жаттығу "Жаңғырық".
Жаттығу "Қандай сөзге ұқсас?".
Жаттығу "Фишкаға орын тап".
Көркем сөз. "Тәттісін-ай, мына жеміс-жидектің..." (Д. Қ Бұланбаева)
Санамақ негізінде сөздік жаттығу. "Наурыз көже".
Есте сақтауға сөздік жұмыс. "Есте сақта": "Әке - асқар тау, ана - бұлақ, бала - жағадағы құрақ".

1




28

"Музыкалық аспаптар шеберханасы. Наурыз мерекесі".

Балалардың Наурыз мерекесі, Қазақстан халықтарының ұлттық музыкалық аспаптары туралы түсініктерін қалыптастыру; қазақтың ұлттық аспаптары, музыкалық аспаптар шеберінің еңбегі жайлы білімдерін қалыптастыру. Қазақтың ұлттық аспаптары мен Қазақстанда тұратын өзге ұлт аспаптарының атауларын еске сақтауды үйрету; артикуляцияларын дамыту; есте сақтау мен ой-өрістерін дамыту.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "шебер", "шеберхана", "күй", "дутар", "қобыз", "балалайка", "сырнай" сөздерін еңгізу; "тынды-брынды", "тенди-ленди", "тинди-блинди", "тю-лю-лю", "ты-ды-дым" теңеулері арқылы сөйлеу тілдерін молайту.

Орташа қарқынды ырғақта домбырада шертілген күй әуенінің аудиотаспасы
Наурыз мерекесі тойланған демонстрациялық сурет.
Музыкалық аспап домбыра.
Демонстрациялық заттық суреттер: домбыра, сырнай, қобыз, дутар, балалайка.
Суретті қарастыру үшін көрсеткіш немесе "сиқырлы сақина".
Музыкалық аспаптарды дайындайтын шеберхананың демонстрациялық суреті
Баяу қарқынды, ырғақты әуеннің аудиотаспасы.
Құрманғазының "Адай" күйінің аудиотаспасы."
Музыкалық аспаптардың сұлбалары: дутар, домбыра, балалайка, қобыз, сырнай.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөз. "Тарт күйіңді, домбыра!" (І. Жансүгіров)
Сурет бойынша мәнерлеп әңгімелеу. "Шеберхана мен музыкалық аспаптар".
Артикуляциялық жаттығу. "Музыкалық аспаптарда қалай ойнайды?".
Байланыстыра сөйлеуді дамытуға арналған сөздік жаттығу. "Ұлттық аспаптардың музыкалық оркестрі".
Есте сақтауға сөздік жаттығу. "Есте сақта": "Жарқырап тұр күніміз...".

1




29

"Ғарышкер боламыз. Адамның дене мүшелері. 10 дейін тура және кері санау".

Балаларда ғарыш жайлы, ғарышкерлер киімдерінің ерекшеліктері жайлы түсінік беру; сан қатары, тура және кері санау жайлы түсініктерін бекіту; адамның дене мүшелері мен бет әлпет бөліктері туралы білімдерін нақтылау; қазақ тілінде сөйлеуді мұқият тыңдауды үйрету; зат есімді сөздерге көптік, тәуелдік жалғауларды дұрыс қосып айтуды үйрету; сөз ішінде [Ғ] дыбысын дұрыс дыбыстауды жаттықтыру; ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "ғарышкер", "ғаламшар", "бет әлпет" "дұлыға" сөздерін еңгізу; 10 дейін тура және кері санау арқылы сөздік қорларын арттыру.

Ғарыш атмосферасын айқындайтын аудиотаспа дыбысы.
Демонстрациялық суреттер:
- ғаламшарлар әртүрлі орналасқан ғарыш суреті;
- күн жүйесінің ғаламшарлары бір қатарда орналасқан ғарыш суреті;
- 1-ден 10-ға дейін нөмірленген күн жүйесінің ғаламшарлары бір қатарда орналасқан ғарыш суреті;
Демонстрациялық суреттер: Алан, Вики және Дана ғарышта.
Орташа қарқындағы ырғақты әуен аудиотаспа.
Тынышталдыратын, ғарыш кеңістігін елестететін әуен аудиотаспасы.
Топтарға арналған екі нұсқадағы таратпалы фишкалар жиынтығы: қызыл, көк, сары, тоқсары жұлдыздар; Күн, Сатурн, Жер, Юпитер.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Сурет негізінде ғарыш туралы кіріспе әңгімелесу
Сызба мен өз денелерін сәйкестендіру негізінде сөздік жұмыс. "Бет бөліктері".
Суретті қарастыру негізінде сөздерге дұрыс жалғау қосуға сөзді-логикалық жаттығу. "Нелер көрінбейді?".
Сөздерді есту негізінде ым-ишара жаттығуы."Скафандрды киеміз".
Жиі қайталанатын сөздерді дыбыстау негізінде сөзді-ырғақты жаттығу. "Біз ғарышкерміз". (Т. Молдағалиев)
Тура және кері санау негізінде логикалық жүйелікті нақтылауға арналған сөздік жаттығу.
Есту зейінділігі мен босансуға арналған жаттығу.

1




30

"М. Төрежановтың "Адал дос" әңгімесін оқу. Батыл, ержүрек, қайсар".

Балаларда "туған жер" түсінігін дамыту; М.Төрежановтың "Адал дос" әңгімесінің мазмұнымен таныстыру; қазақ тілінде мәтінді тыңдау мен оқиға тізбегін байқау біліктіліктерінің дамуына әсер ету; қорқыныш, қайсарлық, әлсізге қамқорлық сияқты аспектілерді түсіндіру; берілген сөздерге қарама-қарсы мағынала сөз табуға, сұрақтарға еркін жауап беруге жаттықтыру; жақсы әдеттерге дағдыландыру.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "ержүрек", "қайсар", "батыл", "адал" сөздерін еңгізу; "адал дос", "ашулы ит", "көше бойы", "ит адамның досы" сөз тіркестері, "Жақсы дос үшін жан пида" мақалы арқылы сөздік қорларын молайту.

Көңілді әуен аудиотаспасы.
"Туған жер" тақарыбына сәйкес демонстрациялық сюжетті суреттер бөлімі және тақырыпқа жанаспайтын суреттер.
Ойын ауласындағы шудың аудиотаспасы.
Демонстрациялық суреттер бөлімі: М. Төрежановтың "Адал дос".
Әңгіме желісі бойынша әңгімелесуге арналған пиктограммалар бөлімі:
- қорыққан бет әлпет;
- үлкен қорқыныш бет әлпеті;
- қуанған әл петі;
- езу тартқан бет әлпет;
- жымиған бет әлпет.



"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көше көлігі жайында кіріспе әңгімелесу.
М. Төрежановтың "Адал дос" әңгімесін мәнерлеп оқу.
Ым-ишара негізінде сөзді-ырғақты жаттығу "Итімай".
Пиктограммаларды қолдану негізінде әңгіме желісі бойынша әңгімелесуге арналған сөздік жаттығу.
Қарама-қарсы мағыналы сөздер жұбын құрауға арналған сөздік жаттығу. "Керісінше айт".
Сурет негізінде есте сақтауға арналған сөздік жаттығу. "Есте сақта": "Жақсы дос үшін жан пида".

1




31

"Ағаш түрлері. Тақпақты мәнерлеп оқу "Аққайын".

Ағаштың құрылымы туралы түсініктерін дамытуды жалғастыру; "шырынды ағын" сияқты табиғи құбылыспен, таныстыру; қазақ тілін қабылдауды, қазақ тілінде өлең сөздерін нақты, дұрыс дыбыстауды, ағаштардың атауын еске сақтауды, аққайың құрылымының өзіндік ерекшеліктерін байқауды үйрету; Ізденімпаздылыққа, байқампаздылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Сөздіктеріне "тамыры", "діңі", "бұтағы", "шырынды ағын", "емен", "терек", "қарағай" сөздерін еңгізу; тақпақ жаттау арқылы сөздік қорларын арттыру.

Көктемгі ормандағы құстар әнінің аудиотаспасы.
Заттық демонстрациялық суреттер: терек, шырша, аққайың, қарағай, емен.
Демонстрациялық сурет ""Ағаштар"".
Ағаш құрылымының демонстрациялық суретті-сызбасы.
Орамал сыңайлы бүктелген, төртбұрышты қағаз беттің сурет-сызбасы.
Сурет негізінде есте сақтауға арналған сөздік жаттығуға қажет көңілді шеңбер ырғақты әуен аудиотаспасы.
Есте сақтауға арналған жаттығуға қажет сызбалы суреттер бөлімі: "Аққайыңдар сырғаларын тағынды ..."



"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөз. "Қар еріді, су ақты,.." (Қ. Аманисалов) өлеңін мәнерлеп оқу.
Сурет бойынша сөздік жұмыс.
"Ағаштың құрылымы" суретті-сызба негізінде "ағаш" түсінігін модельдеуге арналған жаттығу .
Сөзді-ырғақты жаттығу. "Жау, жау, жаңбыр!".
Есту зейінділігіне арналған жаттығу. "Аққайың неге жылайды".
Мәтін мен сызбаны сәйкестендіруге негізделген сөйлеу тілін дамытуға арналған сөздік жаттығу. "Аққайың неге "жылайды"?".
Суретке негізделген есте сақтауға арналған сөздік жаттығу. "Есте сақта": "Аққайыңдар сырғаларын тағынды ..."

1




32

"Достық жайлы ән. Жазықтықта бағдарлау: оң жақта, сол жақта, жоғары, төмен, ортасы".

"Достық" түсінігін қалыптастыру; достық ұғымын қалыптастыратын жақсы әдеттер жайлы түсініктерін нақтылау; заттардың жазықтықтағы орналасу (сол жақта, оң жақта, жоғары, төмен, ортасы) орны туралы білімдерін дамыту; тақпақ жолдарынан достықты айқындайтын сөз тіркестерін дұрыс дыбыстап, айтуға жаттықтыру.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "достық", "сол жаққа", "оң жаққа", "жоғары", "төмен", "ортасы" сөздерін еңгізу; "ойыншықпен бөлісу", "әуен тыңдау", "жақсылықпен бөлісу", "мұнара салу", "жүрегін тыңдау", "қол ұстасып" сөз тіркестері арқылы тіл байлықтарын арттыру.

Достық атмосферасын елестететін әуен аудиотаспасы.
Алан бейнесінің демонстрациялық суреттері.
Демонстрациялық суретті-карточкалар: ойыншық, құлақ, ән, қуаныш, мұң, бұлттар, мұнара, жүрек, қолдар.
"Достық" тақырыбына арналған интеллектуалды картаның бастапқы демонстрациялық сыбасы: беттің ортасында қол алысқан белгісі бар шеңбер орналасады, одан яғни орталық шеңберден жан-жаққа сәулелер тарайды да, он екі бос шеңберлермен аяқталады.
"достық" түсінігін айқындайтын интеллектуалды картаға арналған суретті-фишкалар.
Сондай-ақ "достық" түсінігіне сәйкес келмейтін фишкалар: төбелесу; ренжу; ұрысу; алдау; т.б.
Он екі қажет фишкалармен толыққан интеллектуалды картаның сызба-суреті.
Жерге дейін көгілдір аспан мен көк шөп бейнеленген аяқталмаған демонстрациялық.
Суретті-сұлбалар - ортақ суретке арналған бөліктер: екі бұлт, күн, бірнеше гүл талы, Алан, досы, үй, Вики күшік.
Жерге дейін көгілдір аспан мен көк шөп бейнеленген және балалар орналастырған барлық бөліктері бар аяқталған суреттің суретті-сызбасы.



"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөз."Достық деген не?". (Д. Қ Бұланбаева)
Таныс, жиі қайталанатын сөздерді есте жаңғыртуға арналған сөздік жұмыс.
Мәтіннен мысал келтіру негізінде есту зейінділігіне арналған сөздік жаттығу.
Интеллектуалды картаны құрастыру негізінде "достық" түсінігі модельдеуге арналған жаттығу.
"Достық" түсігіне сәйкесін картадағы бос шеңберге жапсырасыңдар.
Заттың жазықтықтағы орнын айқындауға арналған сөздік жаттығу.
Есте сақтауға арналған сөздік жаттығу "Есте сақта": "Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты."

1




33

"Сарбаздар! Адымда! Өзіне қатысты кеңістікті бағдарлау: алға, артқа, оңға, солға".

Балалардың әскери қызмет туралы жалпы түсініктерін, "Отан" туралы түсініктерін дамыту; сарбаздың кім екенін түсіндіру; "алдыға", "артқа", "оңға", "солға" ұғымдары жайлы түсініктерін нақтылау; марш ырғағында саптық әндерді айтуды, адымдап қозғалуды, қарапайым бұйрықты орындауды үйрету; сарбаздардың негізгі қимыл-қозғалыстарын айқындайтын етістіктерді айтуды меңгерту; коммуникативті біліктіліктерін дамыту; Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Сөздіктеріне "сарбаз", "дауылпаз", "сап" сөздерін еңгізу; "Отанды қорғау", "адымдау", "еңбектеу", "секіру", "жүгіру"; "оңға", "солға", "алға", "артқа", "адым бас", сөздері арқылы сөздік қорларын арттыру.

Марш ырғағындағы аудиотаспа.
Әскери сарбаздар маршының бейнеролигі.
Сөздік жұмысқа суреттер:
- сарбаз автомат ұстап тұр;
- сарбаздар адымдайды;
- сарбаздар еңбектейді;
- сарбаздар жүгіреді.
Сәйкестендіру бойынша сөйлем құрауға мнемокарточкалар:
- түзу - қисық;
- қатты - ақырын;
- жылдам - баяу;
- алас - биік.
Адымдау жаттығуына әскери қалпақтар.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөз. "Желбіретті көк туды,.." (Д.Қ Бұланбаева)
Сурет бойынша сөздік жұмыс. "Сарбаздар не істейді?".
Қарама-қарсы мағыналы мнемокарточкаларды салыстыру негізінде сөйлем құрауға арналған сөздік жаттығу. "Сарбаздар не істейді?".
Адымдау негізінде сөздік-ырғақты жаттығу. "Сарбаздар! Адымда!".
Есту зейінділігі мен өзіндік бағдарлауға арналған саптық бұйрық негізінде сөздік жаттығу. "Алға, артқа, оңға, солға".
Есте сақтауға арналған сөздік жаттығу. "Есте сақта":
Отан туған үйіміз,
Отан туған жеріміз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.

1




34

"Гүлдер. Алыс-жақын".

Балалардың гүлдердің түрлерімен таныстыру; нысанның орналасуын "жақын", "алыс" бақылау жайлы түсініктерін дамыту; гүлдердің атауын анықтамалық сөз тіркестерін қайталау, жұмбақ шешу арқылы есте сақтауды үйрету; суреттегі нысанның орнын, алыс немесе жақын орналасуын айтуды жаттықтыру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін, қиялдарын дамыту.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Сөздіктеріне "түймедақ", "меруертгүл", "сәлдегүл", "шегіргүл" сөздерін еңгізу; "ақ көйлек", "ақ моншақ", "үлпілдек", "қып-қызыл", "күлгін көйлек" сөз тіркестері арқылы сөздік қорларын молайту.

Көтеріңкі көңіл-күйге жетелейтін әуен аудиотаспасы.
Хатқалта немесе хат бейнеленген демонстрациялық сурет.
Демонстрациялық сурет: үй ауласында өсіп тұрған, көктемгі гүлдер.
Демонстрациялық заттық суреттер: түймедақ, меруертгүл, сәлдегүл, қызғалдақ, тағы басқа.
Демонстрациялық сурет: "Гүлдер".
Гүлдердің көлеңке сұлбаларының демонстрациялық суреттері: түймедақ, меруертгүл, сәлдегүл, қызғалдақ, шегіргүл.
Бес жұп суретті-сызба: ортасынан сызықпен бөлінген парақ, сол жақта гүлдің көлеңке, оң жақта гүл.
Көңілді, ырғақты әуен аудиотаспасы.
Бақалар шығаратын дыбыс аудиотаспасы.
Демонстрациялық сурет: тоғандағы бақа.
Ауыл аймағында алыс, жақын орналасқан түрлі жанды, жансыз табиғат нысандары бейнеленген демонстрациялық сурет.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөз. "Гүлдер". (А. Меңжанова) өлеңін мәнерлеп оқу.
Сурет бойынша сөздік жұмыс. "Гүлдер".
Пішінді қабылдау негізінде нысанды елестетуге арналған сөздік жұмыс. "Қандай гүл жасырынған?".
Логоырғақ. "Бақ-бақ бақа".
Заттың жазықтықтағы орналасу дәрежесін айқындауға арналған сөздік жаттығу. "Алыс - жақын".

1




35

"Егістікке арбамен барамыз. Еркелетіп ата".

Балаларды қазақ тілінде қарлығаш туралы ән айтуды, олардың қимыл-қозғалыс ерекшеліктерін ым-ишара арқылы жеткізуді үйрету; үй жануарларының дауыстарын есту арқылы ажырату біліктіліктерін дамыту; үй жануарларының төлдерін еркелету сөздерімен атау барысында артикуляцияларын, көру және есту зейінділігін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "маса","қоңыз", "шегіртке" сөздерін еңгізу; үй жануарларының төлдерін еркелету сөздері "бұзауқан", "құлыншақ", "қошақан", "ботақан" арқылы тіл байлықтарын арттыру.

Үй жануарлары мен құстардың дауыстарының аудиотаспасы.
Қарлығаштың дыбыстауын бейнелейтін аудиотаспасы.
Айқын ырғақты әуен аудиотаспасы.
Ауыл аймағында жақын, алыс орналасқан түрлі жанды және жансыз табиғат нысандары бейнеленген демонстрациялық суреттер.
Демонстрациялық сурет "Үй жануарлары", "Үй құстары".
Қарлығаш тірлшілігінің ерекшелігін бейнелейтін демонстрациялық сурет.
Қарлығаш тірлшілігінің ерекшелігін бейнелейтін сурет бөліктері.
Мнемокарточка: "Қарлығаш!".
Қарлығаш турыла тақпақтың мазмұны бойынша мнемокарточкалар.
Үй жануарларының төлдері (құлын, бұзау, қозы, бота) бейнеленген фишкалар.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Ауыл туралы кіріспе әңгімелесу.
"Не қалай дыбыстайды?" сөздік ойыны.
Бейнеленген бөліктер мен сұрақ-жауап негізінде суреттің тұтастық түсінігін модельдеуге арналған жаттығу. "Қарлығаш - жыл құсы".
Мнемокарточка негізінде есте сақтау мен есту зейінділігіне арналған сөздік жаттығу. "Қарлығаш-ау, қарлығаш!".
Ым-ишара мен музыкалық сүйемелдеу негізінде сөзді-ырғақты жаттығу. "Қарлығаш-ау, қарлығаш!".
Логикалық сәйкестендіру мен есту зейінділігіне арналған сөздік жаттығу. "Еркелетіп ата".
"Үй жануарлары" демонстрациялық суретін көрсету.
Есте сақтауға арналған жаттығу. "Есте сақта": "Қарлығаш жоғары ұшса, ауа - райы жақсарады. Ал төмен, жер бауырлай ұшса, ауа - райы бұзылады".

1




36

"Жыл мезгілдері. Жаз. Кемпірқосақ түстері".

Балаларды қазақ тілінде әуен ырғағына сәйкес мәнерлеп тақпақ айтуды үйрету; өз бетінше сөз тіркестерін құрап, еркін жауап беруге жаттықтыру; "Жаз" тақырыбы бойынша көру және есту арқылы сөйлеуді қабылдау, ырғақты сезіну сезімдірін, сондай-ақ есте сақтау, ойлау қабілеттерін, жағымды эмоцияларын, эстетикалық талғамдарын дамыту.

Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.

Сөздіктеріне "арба", "есек", "бүлдірген", "ара", "көбелек" сөздерін еңгізу; "жаз" тақырыбын айқындайтын сөз тіркестері мен спектрдің жеті түсін атау арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.

Жаз мезгілі келгенін айқындайтын әуен аудиотаспасы.
Жаздың келуін бейнелейтін демонстрациялық сурет.
Жұпты мнемокарточкалар:
- суық - ыстық;
- қар - жаңбыр;
- қарша - кемпірқосақ;
- коньки тебу - өзенде шомылу;
- қармен ойнау - доппен ойнау.
Жаздың ерекшеліктерін білдіретін суретті-карточкалар.
Есекке жегілген арба, арба үстінде балалар бейнеленген демонстрациялық сурет.
Жүрген арба мен жылқы тұяғының дүбірін білдіретін ырғақты әуен аудиотаспасы.
Шөп арасында піскен бүлдірген бейнеленген демонстрациялық сурет.
Заттық суреттер: түймедақ, ара, көбелек, бүлдірген.
Кемпірқосақ бейнеленген демонстрациялық сурет.

Бетперделер: аралар, көбелектер,түймедақ, бүлдірген. Түймедақ пен бүлдіргеннің бетперделері жәндіктердікіне қарағанда екі есе артық.


Жеті түстің карточкалары.

"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Жаз мезгілі жайында кіріспе әңгімелесу.
Мнемокарточкаларды сәйкестендіру негізінде сөздік жаттығу. "Дұрысын таңда".
Музыкалық сүйемелдеуге негізделген сөзді-ырғақты жаттығу. "Көңілді арба".
Сурет бойынша өлеңді мәнерлеп оқу. "Жаз келіпті жадырап,.." (Д. Қ Бұланбаева).
Драматизациялауға арналған сөздік жаттығу. "Жаз келіпті жадырап,.."
Түстерді қайталау мен сәйкестендіруге арналған сөздік жаттығу. "Сиқырлы кемпірқосақ".
Есте сақтауға арналған жаттығу. "Мен нені есіме сақтадым?"

1

























36 сағат





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет