Қазақ тілі пәні бойынша емтихан тестері



Дата19.06.2022
өлшемі41,58 Kb.
#37067

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының


«Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Бекітемін
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары:______________
Адильбаев А.А.
«___» ___________20__ж.
Қазақ тілі пәні бойынша емтихан тестері


Мамандық: 1108000 – «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»;

Біліктілік :1108072 –Электровоз машинисінің көмекшісі;

Курс: 1 Топ (-тар): ЭРТ-21-1
Дайындаған оқытушы: Қожағали Асель Нурдаулетқызы



Оқу-әдістемелік комиссияның отырысында қаралды


Хаттама №_______ "__" ____________20_ ж.

Төраға:Айнакулова Г.Б.
(Т.А.Ә.)

Тараз қаласы – 2022 жыл


1. Буын талғайтын дауыстыларды белгілеңдер.


A) ә
B) ы
C) ө
D) ұ
E) о
2. Екін ші буын да ө дыбысы естілетін сөздерді белгілеңдер.
A) өнер
B) үде ріс
C) көрме
D) өлең
E) орақ
3. Төл сөздерімізде сөз соңын да кездеспейтін, тек орыс
тілінен енген сөздердің соңын да жазылатын әріптерді
белгілеңдер.
A) б
B) ш
C) к
D) ф
E) д
4. Бірге жазылатын сөздерді белгілеңдер.
A) ақ (бикеш)
B) ақ (жалбыз)
C) ақ (балта)
D) ақ (қоян)
E) ақ (киіз)
5. Дефис арқылы жазылатын сөздерді белгілеңдер.
A) ХХІ ғасыр
B) 2014 жыл
C) 25 мамыр
D) 95 үй
E) 11 сынып
6. Қосымша дұрыс жалғанған сөздерді белгілеңдер.
A) съезд ге
B) Гримм ге
C) штаб та
D) металлдың
E) Куз бассқа
7. Емле ережесі бойынша жазылған сөздерді белгілеңдер.
A) Тұрсын-Заде
B) Қамбарата
C) ЕрТарғын
D) Біржан сал
E) Фон Бис марк
8. Тарихи-дәстүрлік принцип бойынша жазылған сөздерді белгілеңдер.
A) орыс
B) жаһан
C) кисель
D) кириллица
E) шауып
9. Фонетикалық принцип бойынша жазылған сөздерді белгілеңдер.
A) зауыт
B) ирек гүл
C) кинес коп
D) көпене
E) үстел
10. Морфология лық принцип бойынша жазылған сөздерді белгілеңдер.
A) жал-құйрық
B) тасжүрек
C) Ботагөз
D) ендігәрі
E) жанпида
11. Адамның кішіпейілділігін білдіретін сөзді көрсетіңдер.
A) Тоқтаңыз, қараңыз
B) Маған қажет
C) Рұқсат етсеңіз
D) Саған ыңғайлы
E) Менің ойымша
12. Үлкеннің кішіге ілтипатын білдіретін сөзді көрсетіңдер.
A) Дос
B) Туысқан
C) Інішек
D) Сен
E) Адамзат
13. Сөз дәлдігін анықтаңдар: Қоғамдық көлікке мінген адам – ...
A) Жүргізуші
B) Сатып алушы
C) Маман
D) Қызметкер
E) Жолаушы
14. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңдар: Ұшақ ұшу жолағынан ... көтерілді.
A) Ауаға
B) Кеңістікке
C) Аспанға
D) Әуеге
E) Биіктікке
15. Қате нұсқаны табыңдар.
A) Зерделенген ер-тоқым
B) Зерлі жіппен көмкеру
C) Өңіріне зер салған қамзол
D) Заттарға зер салып қарадық
E) Зерленген әшекейлер көздің жауын алады
16. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңдар: Мен емтихан нан ... баға алдым.
A) Бес
B) Жоғары
C) Күшті
D) Үздік
E) Қызыл
17. «Қарт» сөзінің синонимдік қатарын көрсетіңдер.
A) Кәрі, егде
B) Ұзын, бойшаң
C) Қиқар, қырт
D) Жас, балғын
E) Ер, жігіт
18. Мақалды толықтырыңдар: Айтушы ақылды болса, ... дана болады.
A) Жігіт
B) Оқушы
C) Тыңдаушы
D) Мақұлдаушы
E) Білімді
19. Сөз дәлдігіне қайшы келетін тіркестерді көрсетіңдер:
Берекелі күздің алтын күрек жылы желі есті.
A) Берекелі күз
B) Жел есті
C) Күздің алтын күрек жылы желі
D) Күздің желі
E) Алтын күрек
20. Мал төлдеген кезде, оны күтуге көмектесетін адам.
A) Қойшы
B) Қой төлдетуші
C) Қой өсіруші
D) Қозы өсіруші
E) Сақпаншы
21. Қайсысы стиль түріне жатпайды?
A) Коммуникативтік
B) Көркем әдебиет
C) Ғылыми
D) Ресми
E) Публицистикалық
22. Техникалық әдебиет тілі қай стильге жатады?
A) Ауызекі сөйлеу стилі
B) Көркем әдебиет стилі
C) Ғылыми стиль
D) Ресми стиль
E) Публицистикалық стиль
23. Бейнелегіш, көркемдегіш сөздерді қолданып, автордың
өз сезі мін қоса суреттеуі қай стильге тән?
A) Ауызекі сөйлеу стилі
B) Көркем әдебиет стилі
C) Ғылыми стиль
D) Ресми стиль
E) Публицистикалық стиль
24. Баспасөзде қай стиль қолданылады?
A) Ауызекі сөйлеу стилі
B) Көркем әдебиет стилі
C) Ғылыми стиль
D) Ресми стиль
E) Публицистикалық стиль
25. Ғылыми стильде қандай сөздер көп қолданылады?
A) Термин сөздер
B) Диалект сөздер
C) Кәсіби сөздер
D) Көнерген сөздер
E) Қа рат па сөздер
26. Көркем әдебиет стилін көрсетіңдер.
A) Олардан титтей де пайда жоқ.
B) Гипербола – бір нәрсені әсірелеп айту.
С) Тәуелсіз Қазақстан өз дамуында тарихи кезеңді бастан
өткеріп келеді.
D) Египетте құл иеленуші құрылыс қалыптаса бастады.
E) Биылғы қыс сықырлаған аязсыз, құтырынған боран -
сыз жұмсақ басталып еді.
27. Әлеумет тік-тұр мыстық саладағы қарым-қатынас қандай
ортада жүзеге асады?
A) Ресми ортада
B) Еларалық қатынаста
C) Қызмет орнында
D) Әріптестер, серіктестер, сыныптастар т.б. арасында
E) Үй-іші, ағайын туыс, жора-жолдас т.б. арасында
28. Үзінді әлеуметтік-тұрмыстық қатынастың қай үлгісіне
жатады?
Тұлпар бар ма тұяғы майырылмаған,
Сұңқар бар ма қияғы қайырылмаған.
Қашан да тағдыр ажал жет кен күні
Кімдерден кімдер жылап айырылмаған.
A) Амандасу
B) Құттықтау
C) Көңіл айту
D) Бата беру
E) Қаратпа сөз
29. Үзіндіде әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөздердің қай түрі келтірілген?
– Тілің шешен, ойың көсем болсын, – деп маған әжем тіл
берді.
A) Амандасу
B) Құттықтау
C) Көңіл айту
D) Бата беру
E) Тілек айту
30. М.Әуезовтің «Абай жолы» романында мына үзінді амандасу дың қай көрінісіне жатады?
Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша бір
тағзыммен төсін басып, қат ты дауыс тап:
– Ассалаумағалей күм!.. – деп сәлем берді... Бөжей оң
назарын салып:
– Уағалейкүмасса лам, балам! – деп тоқтай қалды...
A) Кішінің үлкенге берген сәлемі
B) Мектеп шәкіртінің ұстазына берген сәлемі
C) Үлкеннің кішіге берген сәлемі
D) Таныс не бейтанысқа берген сәлемі
E) Ресми жағдайда берген сәлемі
31. Леп белгісі қойылатын сөйлемдерді белгілеңдер.
A) Арада екі ай өтпей малшылар да келіп қалды
B) Елі жөнді болыстар мақтанып жүр тарқылдап, күлк сі
бөлек қарқылдап
C) – Тоқтат, жаным Ашуыңды аулақ әкет Болды Бар –
деп жай ғана бітірді
D) Жасасын бірлік бейбітшілік
E) Менің кім екенімді әкесі айтып берді, сондықтан ол
менен қымсынбай сөйледі
32. Көп нүкте қойылатын орындарды табың дар.
A) Қарсылықты салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер арасына
B) Бірыңғай сөй лем мүшелерінің арасына
C) Жазушы оқиғаны аяқтамай, тоқтатқан жағдайда
D) Рет-реті мен цифрлар арқылы санамаланып айтылатын
сөйлемдерден кейін
E) Сөйлеуші белгілі бір себептермен (ентігу, асып-сасу т.б.) сөздерін бөліп айтқанда
33. Тыныс белгілері қабаттаса келетін орындарды табың дар.
A) Сұраулы сөйлем лептік интонация мен айтылғанда
B) Жалғаулықсыз ыңғайлас, себеп мәнді салалас құрмаластың арасына
C) Жалғаулықсыз қарсы лықты салалас құрмаластың
жай сөйлемдері арасына
D) Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдердегі оқиға бір мезгілде , бірыңғай да, шұғыл түрде өткен болса
E) Шартты бағыныңқылы сабақтастың баяндауышы шартты райдан жасалып, бағыныңқы сөй лемге мән бере айтылса
34. Нүктелі үтір қойылатын сөйлемдерді белгілеңдер.
A) Сахара жұрты естен кетпес бұрын-соңды естіп білмеген көрініске куә болатынын Қажымұқан шапанын шеше бастаған да-ақ сезді.
B) Оттың жалыны әзір көрін бейді жаңа тұтанды.
C) Марқа көлдің суын ішіп отын жеген сары қарын жануардың бауырынан сүт сорғалап сүт емес-ау құт сорғалап көнек-көнеклы қылдайды қара саба еміздік теп қою салқын сары қымыз, бажылдаған дәрі қымыз шара-шарашыпылдайды.
D) Сөздер тұлғасына қарай беске бөлінеді
1) түбір сөз
2) туынды сөз
3) қос сөз
4) қосалқы сөз
5) қосымшалар.
E) Жаңағы әңгімеден соң Әсияның реңі мүлде өзгеше: жүзінен шуақ есіп, мойнынан ғаламат бір ауыр жүк түскендей жеңілденгені сезіледі үлкен кісіге тән ұстамдылық та мұнар шалған жанарынан байқалады.
35. Үтір қойыла тын сөйлемдерді белгілеңдер.
A) Олжа бектің қатты күлгені сонша арбадан ауып түсіп қала жаздады.
B) Еселі далаға шықса таң құлан иектеніп атып келеді екен.
C) Дәмештің дауысы шықты-ақ Жүніс алдын ала керегін даярлата беретін.
D) Бұл уақыттың ішінде елде өзгеріп кетті адамдар да өзгерді.
E) Алғашқы бетте-ақ Жомарт аудан басшыларының кейбіреуінің көңіліне ылғал салды.
36. Сызықша қойылатын құрмалас сөйлемдерді белгілеңдер.
A) Тұманның қалыңдығы сонша түк те көрінбейді.
B) Қостың ар жағынан қара кер аттың басын дағы жүген сылдырлады шөп суылдады.
C) Шатырлап тұрған қурай лап етті қара түтін бұрқ етті.
D) Жастардың қолы қырықтықта аузы әнде.
E) Күн батты тауды қара көлеңке басты.
37. Қос нүкте қойылатын құрмалас сөйлемдерді белгілеңдер.
A) Қарт әкенің перзентін жоқтаған ащы зарын тыңдаған да көзімізден жаспарлады.
B) Басым шың ете түсті жер қатты еді.
C) Айгүл аттан түсіп еді су қайта таязданып қалғандай екен.
D) Айбала мен Ботагөздің қандары қазандай қайнайды бірақ қолдарынан келері жоқ.
E) Қойдың күзетінде тұрған Әндіжан екеуіміз таң білінгенше кірпік қаққанымыз жоқ аузымыз кеңесте құлағы мыз дыбыста.
38. Жақша қойылатын сөйлемдерді белгілеңдер.
A) Амантай Серғазыларға ақылдасып еді Жамантайдың науқасының түрі жаман болғандықтан олар ырық бере қоймады.
B) Қорған кезін де топырақ араластыра тастан қалаған екен де бұл кезде қор ғанның үсті не жыңғыл мен шеңгел араласа шығып өзін ше олда бір сән беріп тұр.
C) Бірақ мені мен Раушанның Рауза деп бірге оқитын жолдастары атап кеткен көрінеді оқысында үлкен айырма бар екенін сезген деймін.
D) Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп көзі шатынап тұра бергенде Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді ат етпетінен түсті.
E) Еміс-еміс естуімше қыздың бір дұшпаны неге дұшпан болатыны айтпай-ақ мәлім қызға мен жіберетін өлеңдердің біреуін қолға түсір ді.
39. Қос нүкте қойылатын сөйлемдерді белгілеңдер.
A) Жуық арада екінің бірі болу ға тиісті не стансының жерін кеңіту керек, не стансыны осы аудандағы ұжымның біреуінің қарамағына беру керек.
B) Күн шығып ел тұра бастады Нұрлан әлі жоқ.
C) Ол ойланып барып былай деді Биыл асығыстау емес пе? Келесі жылы барайық.
D) Кеген ауданына келгенше мен де аңшы емес едім мұнда келген соң еріксіз үйрендім.
E) Білмегенін білсем деп оқушыларын тығар.
40. Тырнақша қойылатын сөйлемдерді белгілеңдер.
A) Менің пірім – Сүйінбай деген екен Жыр алыбы Жамбыл.
B) Абай мен Әйгерімнің бұл кезде тіккен үйлері қоңыр үй деп аталады.
C) Ол әсемдеп тұрып, Абайдың өлеңі Айттым сәлем, қаламқасты созады.
D) Семіз бұйра торы аттың ауыздығын алып, оттата жүріп, орақшыларын өкшелеп жағалайды.
E) Әзімбай ақырған да, бұдан жас қанып тоқтамай ора берген жуан жоталы қарасақал жылқы шығана болды.
41. Сөйлемнің стилін ажыратыңдар. Керей хан (туған жылы белгісіз – 1473) – қазақ хандығының негізін қалаушы екі ұлы тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы.
A) Көркем әдебиет стилі
B) Ресми ісқағаздар стилі
C) Публицистикалық стиль
D) Ғылыми стиль
E) Ауызекі сөйлеу стилі
42. Орфографиялық нормаға сай жазылған тіркесті көрсетіңдер.
A) 1465-жыл
B) Жәнібекхан
C) жетісу өңірі
D) Өзбек-ұлысы
E. Екі жүз мыңнан астам
43) Ойталқыға кемінде қанша адам қатысады?
A)3-тен астам
B. 4-тен астам
C. 5-тен астам
D. 6-дан астам
E. 7-ден астам
44. Сөйлемдегі терминді анықтаңдар. Айқастың 5-раундында Г.Головкин 36-жеңісіне қол жеткізді.
A. 36-жеңісіне
B. 5-раундында
C. Қол жеткізді
D. Айқастың
E. Г.Головкин
45. Ғылыми стильдің мақсатын көрсетіңдер.
A. Әсер ету
B. Хабарлау
C. Заттың, құбылыстың жалпы ерекшелігін ашып мәлімет беру
D. Баға беру
E. Қоғамдық пікір білдіру
46. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңдар.
A. Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама».
B. 1723-жылдың көктемінде қазақ еліне жоңғарлар жеті түменәскерімен басып кірген еді.
C. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып азық-түлік мал-мүлкін тартып алуды көздеді.
D. Барлық қазақ жан-жаққа тарап кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға – Қарақұмға өтеді.
E. Сөйтіп, бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атауға ие болады.
47. «Ел іші – өнер кеніші» сөйлемінде сызықшаның қойылу себебін анықтаңдар.
A. Оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылған.
B. Бастауыш та, баяндауыш та ілік тұлғалы зат есім болғандықтан қойылған.
C. Бастауыш атау септігіндегі сөзден, баяндауыш жіктік жалғауының 3-жағындағы атау тұлғалы сөзден болғандықтан
қойылған.
D. Құрмалас сөйлемге байланысты қойылған.
E. Төл сөз бен автор сөзіне байланысты қойылған.
48. «Риторика» сөзі қай тілден алынған?
A. Көне грек
B. Латын
C. Француз
D. Ағылшын
E. Испан
49. Қосымшасы дұрыс жалғанған нұсқасын көрсетіңдер.
A. Кубоктің
B. Кубогі
C. Кубоктер
D. Кубогы
E. Кубокті
50. «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткен еліміздегі
ауқымды іс-шараны анықтаңдар.
A. Қысқы Азия ойындары
B. «ЭКСПО-2017»
C. Қысқы универсиада
D. Саммит
51. Сөйлемнің стилін ажыратыңдар. Өзендердің нитраттармен,
фосфаттармен ластануы артуда.
A. Көркем әдебиет стилі
B. Ресми ісқағаздар стилі
C. Публицистикалық стиль
D. Ғылыми стиль
E. Ауызекі сөйлеу стилі
52. Айтыс дегеніміз не?
А. Сөзталас
B. Пікірталастың өнер деңгейіне көтерілген ерекше түрі
C. Ойталқы
D. Жер дауы
E. Шешендік сөз
53. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар. Суды ысырапсыз пайдаланудың нәтижесінде Арал теңізінің ... төмендеп, ... 30–200 км-ге дейін қусырылды.
A. Деңгейі, су айдыны
B. Биіктігі, кеңдігі
C. Көлемі, ені
D. Суы, қамысы
E. Тереңдігі, жалпақтығы
54. Шешендік сөзге қойылатын талаптар:
А. Шытырман оқиғаға құрылуы
B. Өз пікірінің дұрыстығына көз жеткізуді мақсат етуі
C. Мәнді, мағыналы, мазмұнды болуы; ұтқыр шешімге, тапқыр
қисынға, суырыпсалмалыққа құрылуы
D. Қарсыластың кемшілігін таба білу
E. Психологиялық дайындық
55. Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі:
A. Жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені зерттеп, қо­рытып, өз ойын еркін жеткізе алуы
B. Нақты сөзге дайындық
C. Бірнеше адамның жиынтық ойы
D. Терең ойлау
E. Жұмыстың қысқаша мазмұны мен өзектілігін, артықшылығы мен кемшілігін көрсету, сыни талдау жасау
56. Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңдар.
A. Арал теңізі Қазақстанның інжу-маржаны.
B. Қойнауы бағалы балықтарға бай, жағасы қамысты теңіз еді.
C. 1960-жылдардан бастап Арал теңізін игеру қолға алынды.
D. Халық санының, өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты.
E. Апатқа ұшырағанға дейінгі тұздылығы – 10–12‰ болған.
57. Ахмет Байтұрсынұлының сынға берген анықтамасы:
A. Адам ісінен шыққан нәрсені тексеріп, баға беру
B. Шешендік нақыл, мақал, мысал, жұмбақ, жауап
C. Бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл, бата
D. Күнделікті дайындық
E. Тезис
58. Жұрт алдында сөйлеудің дайындық жолдары:
A. Тыңдаушылармен жиі сұхбаттасу
B. Шығармашылығын дамыту
C. Жиналыс, конференция, съездерге көп қатысу
D. Өз бетінше дайындық
E. Психологиялық дайындық, нақты сөзге дайындық, күнделікті дайындық
59. Төле бидің нақыл сөзін табыңдар.
A. Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
B. Ақыл деген – дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
C. Сөз анасы – құлақ,
Су анасы – бұлақ,
Жол анасы – тұяқ.
D. Шешендіктен не пайда,
Артында сөзі қалмаса?
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қылмаса?
E. Өсиетке терең бол,
Өсек сөзге керең бол!
60. Сөйлемнің берілу формасын анықтаңдар. Еркіндігіңе қамыт
түссе, елдігіңнен не қайыр?
A. Мақал
B. Мәтел
C. Нақыл сөз
D. Проблемалық сұрақ
E. СілтемE. ЕҚЫҰ-ның жиыны
61. Сөйлемнің стилін анықтаңдар. Миграция – адамдардың қандай
да бір аумақ шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі.
A. Ғылыми стиль
B. Ауызекі сөйлеу стилі
C. Публицистикалық стиль
D. Көркем әдебиет стилі
E. Ресми ісқағаздар стилі
62. «Өзіңе-өзің кәміл бол, халқыңа әділ бол!» шешендік сөзінің
авторы кім?
А. Қазыбек би
B. Келдібек би
C. Керей хан
D. Ақтамберді жырау
E. Төле би
63. Шешендік сөздің жанрлық мазмұнына қарай бір түрі –
A. Тума талант
B. Шешендік толғау
C. Айтыс-даулар
D. Жер дауы
E. Пернелі сөз
64. Руаралық не еларалық қылмыстық, азаматтық істерді шешу
барысында айтылатын шешендік сөз –
A. Шешендік арнау
B. Шешендік толғау
C. Шешендік дау
D. Термелі сөзі
E. Бата
65. Шешендік дауға қойылатын негізгі талаптар:
A. Өмір, дүние сыры, адамдар қатынаcының түйінін шешу
B. Қоғамдық-әлеуметтік жайға алаңдаушылық; саясатқа
күмән; философиялық талдау
C. Көп дерек жинау
D. Айтылар ойдың мазмұны терең, мәнді, шындықпен астасқан,
дәлелді болуы
E. Сырт келбеті
66. Құрдастардың, нағашы мен жиеннің, жезде мен балдыздың
арасындағы өткір қалжың, қағытпа сөздер пікірталастың қай
түріне жатады?
A. Ойталқы
B. Ойкөкпар
C. Сөзталас
D. Айтыс
E. Пікір алмасу
67. Асты сызылған тіркестің лексикалық қатарын анықтаңдар.
Зияткерлік миграция – белгілі бір себептерге (жұмыс бабы
немесе оқу орнының ауысуы) байланысты басқа мемлекетке
қоныс аудару.
A. Термин
B. Кәсіби сөз
C. Диалект сөз
D. Неологизм
E. Эвфемизм
68. «Реэмиграция» терминінің білдіретін мағынасын анықтаңдар.
A. Әскери тұтқындарды босату
B. Сыртқы миграция
C. Босқындарды туған еліне қайтару
D. Ішкі миграция
E. Көшіп кеткендердің қайта оралуы
69. Ресми ісқағаздардың түрлерін табыңдар.
A. Өтініш, түйіндеме, миграциялық саясат
B. Бұйрық, ереже, сенімхат, тілхат, қолхат
C. Келісімшарт, репатриант
D. Бейресми дерек, хабарландыру, мінездеме
E. Интонация, хаттама
70. «Орындау міндеттелсін, баса көңіл бөлінсін, қамтамасыз
етілсін» тіркестерінің қай стильге жататынын ажыратыңдар.
A. Ғылыми стиль
B. Көркем әдебиет стилі
C. Публицистикалық стиль
D. Ресми ісқағаздар стилі
E. Ауызекі сөйлеу стилі
71. «Публицистика» термині қандай ұғымда жұмсалады?
A. Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер
B. Қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау
C. Діни бағыттағы мәселелер
D. Соттағы сөздер
E. Шешендік сөздер
72. Стиль түрін көрсетіңдер. Бұл шара жол-көлік ережесін сақтай бермейтін көлік жүргізушілерін қауіптен сақтауға септігін тигізбек.
A. Ғылыми стиль
B. Ауызекі сөйлеу стилі
C. Публицистикалық стиль
D. Көркем әдебиет стилі
E. Ресми ісқағаздар стилі
73. Публицистикалық үндеудің мақсаты:
A. Жаңалықтардан хабардар ету
B. Шығарманың мазмұнымен таныстыру
C. Газет-журналдар тарату
D. Жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету
E. Халықты бір жерге жинау
74. Шешендік сөздің құрылысына қарай түрлері:
А. Шешендік арнау, шешендік толғау
В. Шешендік толғау, шешендік дау
С. Айтыстар, даулар
D. Жер дауы, құн дауы
Е. Термелі сөз, пернелі сөз
75. «Өнертабыс» сөзіне сәйкес келетін қатарды көрсетіңдер.
A. Қоғам айнасы
B. Демократиялық процесс
C. Электронды бесік
D. Ғылыми шолу
E. Публицистикалық шығарма
76. «Өнер – ризық, несібе таусылмайтын…» шешендік сөзінің
авторы –
А. Сыздық төре
B. Олжабай батыр
C. Байғозы батыр
D. Ағыбай батыр
E. Шойынбет би
77. Пікір алмасуға жатпайтын форманы ажыратыңдар.
A. Іскерлік сессия
B. Ғылыми хабарлама
C. Семинар
D. Арнайы комиссияның мәжілісі
E. Көпшілік қатысатын митинг
78. Орфографиялық нормаға сай жазылған қатарды табыңдар.
A. Балмұздақ, жемісті мұз
B. Батут, көлік-жай
C. Тұс қағаз, өнертабыс
D. Секіру қондырғысы, қойлым
E. Кино театр, сериал
79. Шешендік сөз құрылымына қарай бірнеше бөліктен тұрады:
А. Басы, ортасы, аяғы
В. Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
С. 1-бөлім, 2-бөлім, 3-бөлім
D. Хабарлау, түсіндіру, қорытындылау
Е. Толғау, арнау, дау
80. Публицистикалық стильдің жанрлары:
А. Әңгіме, повесть, роман
В. Өлең, поэма, дастан
С. Репортаж, мақала, очерк
D. Драма, комедия
Е. Арнау, толғау, дау
81. Стиль түрін көрсетіңдер. Дүниежүзінде туризм экономикалық
маңызы зор сала болып есептеледі.
A. Ғылыми стиль
B. Ауызекі сөйлеу стилі
C. Публицистикалық стиль
D. Көркем әдебиет стилі
E. Ресми ісқағаздар стилі
82. Орфографиялық нормаға сай жазылған сөзді анықтаңдар.
A. Рафтинк
B. Мульти спорт
C. Альпенизм
D. Шыңға-шығу
E. Спорттық-бағдарлау
83. Қорғаушының сөзі шешендіктің қай түріне жататынын анықтаңдар.
A. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздер
B. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздер
C. Академиялық шешендік сөздер
D. Діни шешендік сөздер
E. Соттағы шешендік сөздер
84. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендік сөздер:
A. Мерейтойларда, салтанатты жиындарда, қаралы жиындар
мен астарда, елшіліктер қабылдауында айтылатын сөздер
B. Ғылыми хабарлама
C. Қорғаушының сөзі
D. Шешендік арнау
E. Уағыз
85. Білім-ғылымдық мазмұндағы шешендіктің түрін көрсетіңдер.
A. Қорғаушының сөзі
B. Патриоттық тақырыптағы сөз
C. Шешендік толғау
D. Уағыз
E. Баяндама
86. Дәріс шешендіктің қай түріне жататынын табыңдар.
A. Соттағы шешендік сөздер
B. Діни шешендік сөздер
C. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздер
D. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздер
E. Білім-ғылымдық мазмұндағы шешендік сөздер
87. Мәдени-танымдық туризмнің белгісін ажыратыңдар.
A. Байдаркамен жүзу
B. Рухани құндылықтармен таныстыру
C. Шаңғы спорты
D. Альпинизм
E. Джип-тур
88. Туризмге қатысты терминдер қатарын ажыратыңдар.
A. Симпозиум, мәжіліс
B. Ғылыми кеңес, сурет көрмесі
C. Тренинг, шолу
D. Маунтинбайк, рафтинг
E. Бұғымен серуендеу, сот процесі
89. Қазақстандағы ең танымал туристік нысанды белгілеңдер.
A. Бурабай
B. Қаратау
C. Сарысу
D. Марқакөл
E. Балқаш
90. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді ажыратыңдар.
A. Туризм өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді: әлеуметтік,
спорттық, емдік-­сауықтыру, мәдени-танымдық және т.б.
B. Туризм өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді, әлеуметтік,
спорттық, емдік-­сауықтыру, мәдени-танымдық және т.б.
C. Туризм өз ішінен: бірнеше түрге бөлінеді – әлеуметтік,
спорттық, емдік-­сауықтыру, мәдени-танымдық және т.б.
D. Туризм – өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді: әлеуметтік,
спорттық, емдік-­сауықтыру, мәдени-танымдық және т.б.
E. Туризм өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді – әлеуметтік,
спорттық, емдік-­сауықтыру, мәдени-танымдық және т.б
91.Диалект болатын сөздер: А) Шалбар, көйлек
В) Жөткіру, сым.
С) Нарық, делдал.
D) Киім, малта.
Е) Бекіре, шортан
92. Есім сөз бен септеуліктен жасалған тіркесті табыңыз.
А) Қонақ болу.
В) Ыдыс-аяқ
С) Қолдан-қолға.
D) Оқып отыр.
Е) Аң туралы
93. Ауыспалы осы шақта тұрған сөзді табыңыз.
А) Өсірген.
В) Өсіріпті
С) Өсіреміз.
Е) Өспекші.
94. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Ел сүйсе, ер де сүйеді.
В) Бала өссе, әке тынығады.
С) Ыстық асқа үрлеме.
D) Үлкен келсе, барың бер.
Е) Дос табу оңай, сақтау қиын
95. Езулік дауыстылардан жасалған сөзді көрсетіңіз.
А) Құлақ
В) Күндізгі
С) Әсемпаз
D) Орынбасар
Е) Үндемейтін
96. Қосымша қанша болатынын көрсетіңіз.
А) 1
В) 2
С) 3
D) 4
Е) 5
97. Кімім? Нем? – қай сөйлем мүшесінің сұрағы, табыңыз
А) Пысықтауыш
В) Анықтауыш
С) Толықтауыш
D) Баяндауыш
Е) Бастауыш
98. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді табыңыз.
А) Он, жетеу.
В) Сарт-сұрт, дүрс-дүрс.
С) Көз, көрік.
D) Мен, анау.
Е) Біз, сіз.
99. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз.
А) О-юлы.
В) Үміт-сіз.
С) 25-кг.
D) Кітаб-ымыз.
Е) Қазақс-тан
100. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Оның жақсы оқығысы келеді.
В) Не ексең, соны орасың.
С) Қызарып атқан таң
D) Өнер алды- қызыл тіл.
Е) Ата, ауылмен сөйлесіп тұрсың ба?
101. Ілгерінді ықпалды табыңыз.
А) Құндыз.
В) Жай қалмау
С) Өлке
D) Бүгін
Е) Күлдіргі
102. Нүктелі үтір қойылатын орынды көрсетіңіз.
А) Төл сөзге байланысты
В) Оңашаланған айқындауышқа байланысты.
С) Санамалап айтылған, мағыналары ыңғайлас сөйлемдер арасына
D) Дәйек сөздің қайдан алынғанын көрсететін жерде
Е) Ой ерекше дауыспен көтеріңкі айтылса
103. Шылауды табыңыз
А) Қатар, гөрі, оһ.
В) Ғана, сайын, әрі.
С) Шамалы, қысқасы.
Д) Сықылды, әлі.
Е) Жөнінде, беу.
104. Мақалдағы көркемдік тәсілдердің бірі қайсы?
А) Лирика
В) Романтика
С) Гипербола
Д) Литота
Е) Әсірелеу
105. Етістіктің мақсатты келер шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Баратын еді.
В) Барғысы келді.
С) Барған болатын.
Д) Бармақшымын.
Е) Баратын болды.
106. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
А) Өршелене соқты.
В) Біркүні келер.
С) Қасақана.
Д) Одан әрі отыр.
Е) Ілгері кетті.
107. Қарсылықты салалас сөйлемді қөрсетіңіз.
А) Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырлады, шөп суылдады.
В) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.
С) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қырдың суы секілді тез суалар.
Д) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын. Е) Ең тәттісі – тіл.
108. Тәуелдік жалғауының екінші жағындағы зат есім сөзді табыңыз.
А) Сөзіңді ұқтым.
В) Сөзімді тыңда.
С) Сөзін түсіндің бе?
Д) Сөзімді қайтала.
Е) Сөз бер.
109. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.
А) Көңілсіз.
В) Дүниеқор.
С) Талапты.
Д) Тағала.
Е) Ғажайып.
110. Заттың жалпы атауын білдіретін жалпы сөзді белгілеңіз.
А) Қаратау.
В) Ақсүйек.
С) Жетісу.
Д) Қасым.
Е) Бала.
111. Жай сөйлемді ажыратыңыз.
А) Ауыл іші.
В) Дала тастай қараңғы.
С) Абайдың шәкірті.
Д) Ұрыншақ жігіт.
Е) Төбе шашы тік тұру.
112. Күрделі сөзді табыңыз.
А) Арқаннан ұстау.
В) Жайылымды аралау.
С) Көрер таңды көзімен атырды.
Д) Ал қара көк.
Е) Үшеуінің арманы.
113. Еміле ережесіне сай сөзді қөрсетіңіз.
А) Сила.
В) Басүу.
С) Кейиді.
Д) Жуу.
Е) Қойу.
114. Тіркес түрін анықтаңыз.
Жұқа тақтай.
А) Күрделі сөз
В) Еркін тіркес
С) Мәтел
Д) Тұрақты тіркес
Е) Мақал
115. Бірыңғай бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.
А) Ауру, емдеу.
В) Сырқат, арзан.
С) Әрқашан, кем.
Д) Дерт, сау.
Е) Бұрын, шапшаң.
116. Қосарлама қос сөз белгі сұрайды.
А) әлдекім
В) сөйтіп
С) әлсіздік
Д) бүгін
Е) алды артына
117. Тұйық етістік - сөйлемнің қандай мүшесі, белгілеңіз.
Жақсының қасиеті – жарыстыру,
Жаманның қасиеті – таластыру.
А) Бастауыш.
В) Баяндауыш.
С) Анықтауыш.
Д) Толықтауыш.
Е) Пысықтауыш.
118. Сөздердің орнын тәртібі арқылы байланысты қөрсетіңіз.
А) Темір күрек.
В) Білімге ұмтылу.
С) Сенімді ақта.
Д) Біздің таласымыз.
Е) Жұмыстың пайдасы.
119. Аралас құрмаласты табыңыз.
А) Сонау төменде Әкімнің шамы жарқылдады, қайласы шарқылдады.
В) Қуанышым қойныма сыймай, үйге асығыс жүгірдім.
С) Қуыршақ шап беріп ұстады да, белбеуімді бұрап жібергенде, жаным ышқынып кетті.
Д) Зал тынған соң, Естай Сырбайға сөз береді.
Е) Ақыл жастан шығады,
Асыл тастан шығады.
120. Көп нүктенің орнына керекті дыбысты белгілеңіз. Құнд...з
А) и
В) ы
С) і
Д) ғ
Е) о
121. Көмектес септікте тұрған тұйық етістікті көрсетіңіз.
А) Айтуы.
В) Келуімнің.
С) Сөйлеуден.
Д) Баруға.
Е) Келуіңмен.
122. Бастауыш та, баяндауыш та тұлғадағы зат есімнен болған сөйлем.
А) Жидебай – Шығыс елі мен жерінің кіндігі.
В) Ертеңгі арман.
С) Көп түкірсе - көл.
Д) Ерлік күші.
Е) Көзімнің оты шықты.
123. Жай сөйлемдер ішіндегі жайылма сөйлемді табыңыз.
А) Қоңырау соғылды.
В) Қар еріді.
С) Жаңбыр көп жауды.
Д) Сағат жүріп тұр.
Е) Күз түсті.
124. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) Кенет тоқтау.
В) Қатты таңдану.
С) Ақ боран.
Д) Мал суару.
Е) Астына көпшік қою.
125. «Дүрс» сөзінен қандай сөз табын жасауға болатынын табыңыз.
А) шылау
В) етіс
С) зат есім
Д) одағай
Е) қаратпа
226. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасы.
А) Күшейткіш.
В) Сұраулық.
С) Шектік.
Д) Болжалдық.
Е) Лептік.
127. Омонимді көрсетіңіз.
А) Жалғыз түйе бақырауық, жалғыз бала жылауық.
В) Жер қабатының әр түрлі жыныстары бар.
С) Балалар жыбырламай, жүгірмей жым болды.
Д) Нүриланың жүзінде әлдебір мысқыл жүзіп жүр.
Е) Көрші қарт жүдеулеу, арықтау көрінді.
128. Есімшелі сөзді көрсетіңіз.
А) Оқып-тоқып.
В) Оқығалы-тоқығалы.
С) Сөйлей-сөйлей.
Д) Айтар-айтпас.
Е) Желе-жортып.
129. Етістіктен болған баяндауышты анықтаңыз.
А) Абай кітапқа үңілді.
В) Біз жиырма төртпіз.
С) Айтпағым – осы.
Д) Заман жастардікі.
Е) Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп-тік.
130. Ыңғайлас салалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар қайсы?
А) Себебі, сондықтан.
В) Сонша, сондай.
С) Я, яки, не.
Д) Да, де, әрі.
Е) Бірақ, дегенмен.
131. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз.
А) Әкеме.
В) Әкесін.
С) Әкені.
Д) Әкемнің.
Е) Әкеміз.
132. Тұлғасына қарай одағай түрін анықтаңыз. Мәссаған.
А) негізгі одағай
В) дара одағай
С) біріккен одағай
Д) қос сөз
Е) қысқарған түрдегі одағай
133 Бейнелеуіш сөзден жасалған етістікті табыңыз.
А) Күлдір, орғыз
В) Күзде, бүгін
С) Селтеңде, ербеңде
Д) Күліп, барды
Е) Жаңа, таза
134. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз
А) Жартас
В) Әпербақан
С) Қоғамтану
Д) Ұлбосын
Е) Өнеркәсіп
135. Қатыстық сын есімді табыңыз
А) Өте көңілді
В) Үлкен
С) Қалпақты
Д) Орта жаста
Е) Ақ көңіл
136. Көп нүктенің орнына қажетті әріпті қойыңыз: ...үрбі
А) г
В) з
С) п
Д) с
Е) д
137. Еркін тіркестің бағыныңқысы – көптік жалғауы жалғанбайтын сөз, дұрысын белгілеңіз.
А) адамдар келді
В) үй салынды
С) гүл суарылды
Д) шаш өсті
Е) жүк жиылды
138. Ашық буынды сөздерді табыңыз.
А) Көзіме басылды
В) Кітап оқу
С) Намысы күшті
Д) Су жылы
Е) Кәсіпкер болу
139. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз
А) Білім іздеген өсер
В) шіркін, не керек, естімеді.
С) Телі мен тентек қайда да бар болатын
Д) Шалдың мазасын алдық білем.
Е) Құрғақ қасық ауыз жыртады
140. Мына сөздердің ішінен жалпылау есімдігін табыңыз
А) Түгел, бүкіл
В) Әр, біраз
С) Өз, өздері
Д) Дәнеңе, ештеме
Е) ешкім, ешбір.
141. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Сұлу, керек, ақ
В) Ер, шырайлы, тез
С) Шыдам, сабыр, төзім
Д) Бақ, айла, жер
Е) Көрік, сөз, әдемі
142. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз
А) Мақсаттың үйі
В) Арбада отыр
С) Жазғы науқан
Д) Ауылды байыту
Е) Тас диірмені
143. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны белгілеңіз
А) Адамдық
В) Бейімбет
С) Гүлді
Д) Әкетай
Е) Адуынды
144. Орфографиялық принципке сай келетін сөз қайсысы?
А) Айыналысу
В) Айзу қану
С) Айақсыз
Д) Айуан
Е) Аюан
145. Орыс тілінен енген сөздерде жазылатын әріппен келген қатар көрсетіңіз
А) Алтыншаш
В) Ұрыс
С) Үрдіс
Д) Вазелин
Е) Ілдірім
146. Күрделі сөзді көрсетіңіз.
А) Көгілдір
В) Өңіржиек
С) Миллион
Д) Таласты
Е) Оқушылық
147. Есептік сан есімді көрсетіңіз.
А) Оныншы
В) Бес-алты
С) Жиырма бес
Д) Елулерде
Е) Жиырма шақты
148. Көмектес септікте тұрған өздік есімдігін табыңыз
А) Өзгеде
В) Өзіммен
С) Өздеріңізді
Д) Өзіміздің
Е) Өзінен
149. Қатаң дауыссыз дыбысты табыңыз
А) ц, ш, й, һ.
В) ф, щ, ч, т.
С) ү, х, р, л.
Д) т, с, б, в.
Е) с, б, в, н.
150. Орал қаласы – қандай сөйлем?
А) Жақты
В) Жақсыз
С) Толымды
Д) Толымсыз
Е) Атаулы
151. Ілгерінді ықпалды табыңыз
А) Көре кел
В) Класпен
С) Штабта
Д) Асхана
Е) Ашудас
152. Сын есімнің салыстырмалы шырай түрін көрсетіңіз
А) Үлкендеу
В) Әп-әдемі
С) Қызыл
Д) Жақсы
Е) Ең әдемі
153. «Демеулік», «септеулік», «жалғаулық» деген сөздер неге тән?
А) Зат есім
В) Есімдер
С) Есімше
Д) Оқшау сөздер
Е) Шылау
154. Синоним сөздерді көрсетіңіз
А) Соң, кейін, үнемі.
В) Қырағы, көреген.
С) Құпия, жария.
Д) Елу, езіл, езуші
Е) Әтеш, тауық
155. Болымсыз етістіктің жұрнағын көрсетіңіз
А) Шөп шабылды(ма).
В) Ол келіп(пе)
С) Жамандыққа жуы(ма)
Д) Жақсылықтан қаша(па)
Е) Өтірікке жол жоқ
156. Мақсат пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Басқыштан түсіп келе жатып кілт тоқтады.
В) Осы мінезің үшін дос болғым келеді.
С) Сіз маған бола келдіңіз бе?
Д) Ол төмен қарады.
Е) Сізді кейін ауылға жіберем
157. Одағай сөзді табыңыз.
А) Жігіттер, сыналар кезің келді.
В) Үйге кіргізу түгіл, жақындатуға тыйым салынған.
С) Мысалы, таза мыс электр тоғын жақсы өткізеді
Д) Әттеген-ай, атын сұрамаппын ғой.
Е) Бірнеше киім, көйлек-көншек шашылып жатыр.
158. Тәуелдік жалғаудың 3-інші жағында тұратын сөз.
А) Дәптерім
В) Дәптері
С) Дәптерің
Д) Дәптеріміз
Е) Дәптеріңіз
159. Астанадан келген қыз - байланысу тәсілін табыңыз
А) Жатыс септік
В) Шығыс септік
С) Шылау
Д) Орын тәртібі
Е) Айтылу ырғағы
160. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз
А) Кейуана
В) Кеюана
С) Кеюна
Д) Кеиуана
Е) Кейюана
161. Сауатты жазуды ретке келтіретін сөздік
А) Орфоэпиялық сөздік
В) Терминологиялық сөздік
С) Синонимдік сөздік
Д) Аударма сөздік
Е) Орфографиялық сөздік
162. Күрделі сөзді табыңыз.
А) Жүрегі алып ұшты
В) Көктемгі демалыс
С) Боранмен айқас
Д) Көзін ала береді
Е) Қызылды-жасылды
163. Сын- бейне үстеулі тіркесті көрсетіңіз
А) Шалқасынан жату
В) Соншама олжалану
С) Кешке қарай
Д) Амалсыздан күлу
Е) Тым жалығу
164. Сөз тіркесінің байланысу түрін белгілеңіз
Барлаушылар кеңесті
А) Қабысу
В) Меңгеру
С) Жанасу
Д) Матасу
Е) Қиысу
165. Бір буынды сөз
А) Проект
В) Қуақы
С) Жалт
Д) Еңілік
Е) Түлік
166. Омоним сөздерді табыңыз
А) Ел үмітін ер ақтар
В) Алма, өзіңе керегі жоқ затты алма.
С) Баусыз оймақ қолда тұрмас.
Д) Қарақұс – жыртқыш құс.
Е) Көңілі бұлақтай таза.
167. Ырықсыз етісті табыңыз.
А) Қуынды.
В) Қуғызды
С) Қуылды
Д) Қуысты
Е) Қудым
168. Күрделі сан есімдер қалай жазылуын белгілеіңіз
А) Бірге
В) Бөлек
С) Қосарлана түрінде
Д) Біріккен түрінде
Е) Қысқарған түрінде
169. Сәлем саған, Астана! Үтір қайсысынікі?
А) Қыстырма
В) Одағай
С) Қаратпа
Д) Бірыңғай мүше
Е) Төл сөз
170. Жіңішке дауыстылардан жасалған сөз.
А) Әлдеқайда
В) Қауіп-қатер
С) Басқарма
Д) Мәжіліс
Е) Күләнда
171. Көмектес септігіндегі сөз.
А) Келін(мен) бірге
В) Есік(пен) төр
С) Бала((мен) қыз
Д) Қаз(бен) үйрек
Е) Тіл(мен) жақ
172. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
А) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін!
В) Ауылға ақындар келді.
С) Сен нешедесін?
Д) Осы жағдай сенің де есіңде болсын.
Е) Мәселесі шешілді.
173. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Тыңдауға тура келді
В) Көктем келді.
С) Нұрғали Жұманға қарады.
Д) Бүгін – бесінші қазан.
Е) Жеңіл машина.
174. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөз.
А) Төбешік
В) Қосаяқ
С) Жансүгір
Д) Сенімді
Е) Жайылым
175. Біздер, жастар ел сенімінен шыға білейік.
Бастауышты дәлелдеп түсіндіруші мүше.
А) Бірыңғай мүше
В) Оңашаланған айқындауыш
С) Қаратпа
Д) Қыстырма
Е) Одағай
176. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасы.
А) Күшейткіш.
В) Сұраулық.
С) Шектік.
Д) Болжалдық.
Е) Лептік.
177. Омоним бола алмайтын сөз.
А) Шап
В) Үгіт
С) Сөк
Д) Сақал
Е) Хор
178. Келер шақтағы етістікті табыңыз
А) Құс ұшады, адам сөйлейді.
В) Ол бізге жиі келіп тұрады.
С) Жас өседі, жарлы байиды
Д) Балаңыз оқудан ертең келеді.
Е) Қанатты ұшады, аяқты жүгіреді.
179. Төл сөз автор сөзінің екі жағында орналасқандағы тыныс белгісінің дұрыс қойылуын белгілеңіз.
Білімділік, парасаттылық, еңбекқорлық деді атасы қай сәтте де өміріңнің бұзылмас заңы болсын.
А)Төл сөз, автор сөзі, төл сөз
В)Төл сөз,- автор сөзі,- төл сөз.
С)Төл сөз: автор сөзі,төл сөз
Д) «Төл сөз,- автор сөзі,- төл сөз»
Е) «Төл сөз», автор сөзі «төл сөз»
180. Шартты бағыныңқылы сөйлемді табыңыз.
А) Биылғы қыс суық болды.
В) Жақсы ұстаздық етсең, еңбегіңнің жемісін көресін
С) Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлеген дұрыс.
Д) Бұның дұрыс болмады,- деп әкесі ренжіді
Е) Ұйықтап жатқан адамның тынышын алма
181. Жасырын тұрған табыс жалғаулы тіркесті тап.
А) Адам ету
В) Қызмет ету
С) Әнұран айту
Д) Наурыз айы
Е) Ала жіп
182. Сөз тіркесіне лайықты бағыныңқы
... оқырынады
А) Ит
В) Мысық
С) Түйе
Д) Жылқы
Е) Қасқыр
183. Орыс әліпбиіне көшкен мезгіл.
А) 1937 жыл
В) 1941 жыл
С) 1938 жыл
Д) 1940 жыл
Е) 1936 жыл
184. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөз.
А) Текті
В) Тәрбие
С) Тәрбиелі
Д) Өрелі
Е) Баспасөз
185. «Байшұбар» қандай жалқы есімге жататынын көрсет
А) кісі аты
В) ит аты
С) шығарма аты
Д) түйе аты
Е) мінетін ат
186. Бірыңғай үнді дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз.
А) Рақымды.
В) Жүздеген.
С) Дауылпаз.
Д) Емен.
Е) Қанағат.
187. Тыныштықты сақтаймыз – тіркесінің байланысу тәсілін көрсетіңіз.
А) шылау
В) орын тәртібі
С) дауыс ырғағы
Д) жалғау
Е) септеулік шылау
188. Мөлшер үстеулі тіркесті табыңыз.
А) Құлаққа ұрған танадай.
В) Жата – жастана білу.
С) Кешке дейін.
Д) Қаннен-қаперсіз отыр.
Е) Соншама үрейлену.
189. Шылауды табыңыз.
А) Аһ, бір өкініш, бір үміт.
В) Е, оны қайдан білдің.
С) Дүние қалай еді?
Д) Мен он төрттемін, ал сен ше?
Е) Мынау – тау, мынау – төбе.
190. Есімдіктен болып тұрған бастауышты көрсетіңіз.
А) Маған сыйлық әкелді.
В) Мен еңбекті бағалаймын.
С) Ана сүтін ардақта.
Д) Оның төрттен бірін ал.
Е) Сыйлық бәріне жетті.
191.Антоним сөздерді табыңыз.
А) Үбірлі-шүбірлі.
В) Тұнық – лай.
С) Ұялу – имену.
Д) Асты – жаны.
Е) Үлкендік – ағалық.
192. Дыбыстық еліктеуіш сөзді табыңыз.
А) Кілт.
В) Селт.
С) Жалт.
Д) Шолп.
Е) Жылт.
193. Тұйық етістікті көрсетіңіз.
Ашық күндерде кір жуу жақсы.
А) Ашық.
В) Күндерде.
С) Кір.
Д) Жуу.
Е) Жақсы.
194. Айтылу ережесі бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) Қыс.
В) Жүйрік.
С) Жүксүз.
Д) Түнгі .
Е) Сөздік.
195. Қай сөзде дефис қойылу керек?
А) 9 сынып
В) 1998 жыл
С) 80 метр
Д) 200 процент
Е) 30 наурыз
196. Морфологияға тән атау.
А) Синоним.
В) Екпін.
С) Сатылы бағыныңқы.
Д) Термин
Е) Жалпы есім.
197.Сөйлемді табыңыз.
А) Тепсе темір үзетін.
В) Ақ шағала.
С) Қызыл күрең шай.
Д) Суға жүзу жарысы.
Е) Біз жидек тердік.
198.Өзіндік есімдігінің түрлену жолын көрсетіңіз.
Осының барлығына кінәлі - өзіміз.
А) Септелді.
В) Көптелді
С) Жіктелді
Д) Тәуелденді
Е) Ортақ тәуелдеу
199. Дұрыс тасымалданған сөзді табыңыз.
А) О-юлы.
В) Үміт-сіз.
С) 25-кг.
D) Кітаб-ымыз.
Е) Қазақс-тан
200. Қыстырма сөзді көрсетіңіз.
А) Қазір жоспар құрып алайық, достар.
В) Керісінше, ойлағанымыз жүзеге асты.
С) Арғы тегім – ақ бидай.
Д) Асан, көмектесіп жіберші.
Е) Күніне жүз толғанып, мың ойланам.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет