«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан (эссе) тақырыптары



Дата08.04.2022
өлшемі18.4 Kb.
#30376

«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы

11-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан (эссе) тақырыптары

Еркін тақырыптар

1. Сенің болашақ мамандығыңның адам өмірін сақтаудағы маңызы қандай деп ойлайсың?

2. Ұлттық индустрияны өркендетуге қандай үлес қоса аласың?

3. «Ұлы Даланың жеті қыры» – тарих пен болашақтың алтын көпірі». Ойыңды талдап жаз.

4. «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өз ұстанымыңды дәлелдеп жаз.



5. Әлемдік жаһандану мен «Рухани жаңғыру» идеясындағы өзара үйлесімділік.
Әдеби тақырыптар

1. Әбунасыр әл-Фарабидің: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін» деген пікірінің өмірмен байланысы қандай?

2. «Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы бас кейіпкер Демежанның кісілік келбетін талдап жаз.

3. Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма?



4. М. Әуезовтің «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні» деген пікірін бүгінгі күнмен байланыстырып жаз.

5. М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы ғалымның қазақ ғылымын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін талдап жаз.



«Қазақ тілі» пәнінен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
11-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан (эссе) тақырыптары

Еркін тақырыптар

1. Тарихи жәдігерлердің ұлттық құндылық екенін дәлелдеп жаз.

2. «Ұлттық құндылықтар – қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көздері» деген пікірге қатысты ойыңды дәлелдеп жаз.

3. Жаһандану процесінің әлем үшін әсері.



4. Туған жеріңнің туын көтеруге сен қандай үлес қосар едің?

5. «Ұлы Даланың жеті қыры» – тарих пен болашақтың алтын көпірі». Ойыңды талдап жаз.



Әдеби тақырыптар

1. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңды дәлелдеп жаз.

2. Т.Молдағалиевтың «Бауырлар» өлеңіндегі көтерілген мәселенің ғаламдық деңгейдегі өзектілігін дәлелдеп жаз.

3. «Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы бас кейіпкер Демежанның кісілік келбетін талдап жаз.

4. І. Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары бейнесінің тарихи маңызын талдап жаз.

5. Абайдың «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос» деген өлең жолдарын ұлттық мүдде тұрғысынан талдап жаз.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет