Қазақ тілі пәнінен



бет5/39
Дата05.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#90237
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут

І нұсқа
1-тапсырма

Мәтінді оқып,тапсырмаларды орындаңыз.
Бүгін Досанның әжесі ауырып қалды.Досан әжесін қатты уайымдады.Ол әжесінің бөлмесін желдетті.Беті қолын жууға көмектесті. «Әже шай ішіңіз.Әже дәрі ішіңіз.Әже абайлап жүріңіз.Әже жастықты түзейін, басыңызды көтеріңіз»-деп қамқор болды.
Әжесі: «Балам,үлкен азамат бол,арманыңа жет!»-деп алғыс айтты. «Мен бақытты әжемін. Менің сен сияқты тірегім,көмекшім бар»,- деп Досанды мақтады.Досан жымиып:
«Әже,бұл менің борышым.Сізде маған қамқорсыз,менің тірегімсіз»,-деп әжесін құшақтады.

1) Сөйлемдерді сәйкестендіріңіз
Әжесі борышым.
Мен бақытты ауырып қалды.
Менің әжемін.
2) Сұрақтарға жауап беріңіз
а)Досанға кім алғыс айтты?
А) досы
В)әжесі
С) анасы
D) атасы
b) Алғыс-батаға Досан не деп жауап берді ?
___________________________________________________________________________
с) Бұл мәтіндегі оқиға неге үйретеді?
___________________________________________________________________________
2-тапсырма
Суретке сүйеніп, сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

«Әже шай ішіңіз,___________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________

Әжесі:____________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________


ІІ нұсқа

1- тапсырма


Мәтінді оқып,тапсырмаларды орындаңыз.
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: —Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала әкесіне: — Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, әкесі тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға шие сатып алды.Шиені орамалына түйіп, өзі алып жеп, баласына қарамай, жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан баласы қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жерден алып, аузына салды. Біраздан соң бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты: — Көрдің бе, жаңа тағаны жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет