Қазақ тілі тест сұрақтары Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз



Дата24.05.2023
өлшемі19,82 Kb.
#96798

Қазақ тілі тест сұрақтары

1. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.


А) Өң, аса, тым. В) Ақ, ет, от. С) Әсем, мысал, көп. Д) Әл, тай, көр. Е) Ет, жет, ас.

2. Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсетіңіз.


А) Оқушы. В) Орман. С) Ғарышкер. Д) Мектеп. Е) Дәптер.

3. Түбір сөзді табыңыз.


А) Кісі. В) Апам. С) Дастарханға. Д) Бауырының. Е) Үйде.

4.Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы есімді көрсетіңіз.


А) Абай, Балбырауын. В) Іле, Лепсі.
С) Амангелді,Ақбота. Д) Қарағанды, Жетісу. Е) Балқаш, Зайсан.
5. Тек қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын септік жалғауларын көрсетіңіз.
А)–мен,-пен,-ын В)–ты, -ті, -ды, -ді С)–на, -не, -де
Д)–тар, -тер, -лар, -лер Е)–пен, -қа, -ке,-та
6. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
А) Ынталы. В) Киелі. С) Тамаша. Д) Білімді. Е) Атақты.

7. Күшейткіш буын арқылы жасалған күшейтпелі шырайды табыңыз.


А) Өте әдемі. В) Ең әдемі. С) Тым әдемі. Д) Әп-әдемі. Е) Аса әдемі.

8. Күрделі есептік сан есімді көрсетіңіз.


А) Отыз бесінші. В) Екі кітап. С) Жүз алты. Д) Жиырма. Е) Оннан төрт.

9.Жинақтық сан есімді анықтаңыз.


А) Он бес. В) Бестік. С) Төрт. Д) Үшеу. Е) Үштен екі.

10.Еш сөзі арқылы жасалатын есімдіктің түрін табыңыз.


А) Болымсыздық. В) Жалпылау. С) Сілтеу. Д) Сұрау. Е) Жіктеу.

11. Күрделі етістікті табыңыз.


А) Айтуды. В) Бастады. С) Барды. Д) Береді. Е) Ойланып қалды.

12. Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз.


А) Қарармын. В) Келмекші. С) Естіген болатын. Д) Бара жатыр. Е) Ұғыпты.

13. Зат есімнен жасалған туынды етістікті белгілеңіз.


А) Елпілде. В) Бағала. С) Қалашыл. Д) Тақ . Е) Есім.

14. Көңіл-күй одағайын табыңыз.


А) Құру-құру. В) Тек. С) Жә. Д) Әттең. Е) Тәйт.

15. Синонимдік қатарды табыңыз.


А) Қабанбай, Ерасыл. В) Арлы-берлі, ойын-сауық. С) Жабайы, тым-тырақай. Д) Жүйрік, қара, қалың. Е) Әйгілі, атақты, белгілі.

16. Антоним сөзді табыңыз.


А) Қағаз-көмір. В) Ту-жалау. С) Оқушы-шәкірт. Д) Биік-аласа. Е) Ақ-ағаш.

17.Фраезологиялық тіркесті көрсетіңіз.


А. түймедейді түйедей ету В. әдемі қыз С. қалың кітап
Д. қызыл көйлек Е. адал дос
18.Диалект сөзді табыңыз.
А) Нағашы. B) Құдағай. C) Бөле. D) Абысын. E) Құдаша.

19. Кәсіби сөзді қатарды табыңыз.


А) Қауын, қала. B) Есік, қақпа. C) Көзілдірік, дәрі-дәрмек.
D) Компьютер, монитор. E) Әңгелек, торлама.
20. Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
А) Оңтүстікте қыс тез өтеді.
B) Кәрі тарих – кәрі шежіре.
C) Болыс сайлауы болады деген лақап жұртқа тез тарады.
D) Үйдің іші ала-көлеңке.
E) Біраздан кейін көзден біржола ғайып болды.

21.Термин сөзді табыңыз.


А) Қарлығаш. B) Бұлақ. C) Аспан. D) Жер серігі. E) Болашақ.

22.Әріптің анықтамасын көрсетіңіз.


A) Үннен ғана тұратын дыбыстар. B) Дыбыстық жақты зерттейтін.
C) Дыбыстың жазудағы таңбасы. D) Алиф пен би атауларының бірігуі.
E) Кедергісіз шығатын дыбыстар.

23.Ашық дауысты дыбыстар қатарын табыңыз.


А) А, ә, о, ө, е, э. B) А, ә, ұ, ү, у. C) Ы, і, и, ұ, ү, у. D) О. ө, а, ә, е, у. E) А, ә, е, о, ө, ұ, ү.

24. Бірыңғай еріндік дауыстылардан құралған сөздерді табыңыз.


А) Отан, ел. B) Бұлбұл, құс. C) Ұрпақ, жәдігер. D) Төзім, молшылық. E) Уақиға, толқын.

25. Қай дауыссыз дыбыс сөздiң cоңында кездеспейдi?


А) П В) Қ С) С D) Ғ Е) Т

26. Тура мағыналы сөз(-дер)


A) Көңілдің кілті
B) Білімді мұғалім
C) Денсаулық көзі
D) Досына тіл қатты
E) Жаңбырсыз жаз
F) Ұйқысы ашылды

27. Анықтауыш қызметіндегі сан есім(-дер)


A) Жұмбақтың шешуі біреуінің де ойына келмеді.
B) Туысқандармен 1 мамырда жиналатын болдық.
C) Атасы тоқсанында шөбере сүйді.
D) Біз екі-екіден партаға жайғастық.
E) Бұл төрт әнді бүкіл ауыл біледі.
F) Келгендер он бес күннен соң тарқады.

28. Қосарлы айқындауышты тіркес(-тер) қатары


A) Кең көше, әкелі-балалы
B) Жас мұғалім, жаңа пікір
C) Мейрам кемнір, сексен сом
D) Мұражай-пәтер, Ұмай-ана
E) Ақбоз ат, жарық жұлдыз
F) Шынқожа батыр, биші Шұғыла

29. Сөйлемде бастауыш қызметін атқарып тұрған жинақтық сан есім(-дер)


A) Жарысқа жүздеген адам қатысты.
B) Ер бала - он үште отау иссі.
C) Тура жігіт - елге тіреу
D) Әнді екеуі сызылта шырқады.
E) Біреуінің жазуы ап-анық
F) Ер жііт сегіз қырлы болсын.

30. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем(-дер)


A) Аққулар салған керуен жолына түсіп ап, оңтүстікке қарай бұлар да самғай тартты.
B) Көшедегі ағаштар тегіс жапырақ жамыла қойғанымен, қою ағаш арасы алуан үнге толы.
C) Бұрын қайтып жатқан ешкім болмағандықтан, пойызды тоспаушы едік.
D) Осы төрт айдың ішінде Қаблан көз алдымызда жүрсе де, бәрімізден ұрланып ер жеткен секілді.
E) Үй іші суи бастаған соң, пешке жағатын отын жару керек болды.
F) Одан арғы жағы қараңғы, бірақ бір жақсылық қала жақтан келетінін біліп қалған сияқты.

31. Мәтелдерге тән белгі(-лер)


A) Жаңа мағыналар жасауға негіз болады.
B) Бірінші бөлімде шарт немесе себеп-салдары айтылады.
C) Көбінесе құрмалас сөйлем күйінде келеді.
D) Тыйым салынган сөздер негізінде жасалады.
E) Істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.
F) Көбінесе жай сөйлем күйінде келеді.

32. Фонетиканың қарастыратын мәселесі (мәселелері)


A) Біріктіру
B) Түрлендіру
C) Сөйлеу
D) Екпін
E) Буын
F) Интонация

33. Күрделі етістік қатысқан сөйлем(-дер)


A) Мен бүгін үй күзетемін.
B) Оң аяқтың бәтеңкесі шыдамады.
C) Қонақтың бас-аяғы жиналды.
D) Мұз бірте-бірте еріп бара жатты.
E) Марат екеуіміз шекарада тұрамыз.
F) Асқар кідірместен тез шығып кетті.

34. Қыстырма сөздер қатары


A) шынында, тұрлаулы
B) сойтіп, басқа
C) яғни, сондай
D) сірә, мүмкін
E) меніңше, ілгері
F) бәсе, бәлкім

35. Нүкте дұрыс қойылған сөйлем(-дер)


A) Бұл ғимарат б.з.д. Х ғасырда салыныпты.
B) М.О. Әуезов заңғар жазушы.
C) Ақан, Біржан, Мәди т.б. сал-серілер қазақ музыкасын дамытқан.
D) Ғылым таппай, мақтанба (Абай.).
E) К Өскенбайұлының мешіт салдырғанын білеміз.
F) 25 03 2018 күні үлкен кеш өтетінін айтты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет