Қазақ тіліндегі ингрессивтік етістіктер және оларды оқыту мәселесі



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі469,64 Kb.
#6048

 

103 


 

ӘОЖ 669.415.611 



 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ИНГРЕССИВТІК ЕТІСТІКТЕР  

ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ 

 

Н.А. АБДИКАРИМ 



(Теміртау қ., Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті) 

 

Етістіктердің  жасалу  жолдары  мен 



олардың  семантика-грамматикалық  мағына-

ларын ой елегінен ӛткізіп, ана тіліндегі ұқсас 

құрылымдармен 

салғастыра 

отырып, 

түйсініп 

оқымайынша, 

оқу 


үдерісінің 

нәтижесіз  болатындығын  тәжірибе  кӛрсетіп 

отыр.  Себебі  сӛйлемдегі  ең  маңызды  қаты-

нас  –  предикативтік  қатынастың  түп 

негізінде  етістік  категориясы  жатады.  Кез 

келген  тілде  сӛз  тіркесін  құрастыру,  сӛйлем 

құраудағы 

басты 


қызметті 

етістіктер 

атқаратыны  белгілі.  Қазақ  тілінің  етістіктер 

категориясы: 1) қимыл атауы (тұйық етістік), 

2)  салттылық  және  сабақтылық;  3)  етіс;  4) 

болымдылық және болымсыздық; 5) есімше; 

6)  кӛсемше;  7)  рай  формалары;  8)  шақ 

формалары;  9)  жақтық,  сандық  формалар 

деген  семантикалық  топтарға  бӛлініп, 

құрамы  жағынан  дара,  күрделі,  құранды 

етістіктер, ал лексикалық мағынасы жағынан 

негізгі  және  көмекші  етістіктер,  сондай-ақ 

семантика-грамматикалық  белгісі  жағынан 



тек  қана  негізгі  етістік  қызметіндегі

негізгі  және  көмекші  етістік  қызметіндегі 

толымды  етістіктер,  тек  қана  көмекші 

етістік  қызметінде  жұмсалатын  толымсыз 

етістіктер  [1]  деген  топтарға  бӛлінеді.  Бұл 

аталмыш  тілдің  етістік  категориясының 

күрделі,  сонымен  қатар  құрылымы  басқа 

тілді  тұтынушылардың  жалғамалы  қазақ 

тілін 


үйренуіне 

қиындық 


келтіретін 

мәселелердің  бірі  екендігін  кӛрсетеді. 

Сондықтан  етістік  категориясының  табиға-

тын 


жан-жақты, 

нақты 


семантикалық 

мағынасын ашып, олардың қолданыс  аясын, 

қызметіне  талдау  жасау  барысында  тіл 

үйренушінің 

түйсігінде 

қазақ 


тілінің 

ерекшілігін ӛздерінің бірінші тілімен саналы 

түрде салғастыру әрекеті шешімін табады. 

Етістіктің  құрамына  талдау  жасауда 

негізгі  және  кӛмекші  етістік  қызметіндегі 

етістіктер айрықша маңызға ие болады. Ӛйт- 

кені олар, біріншіден, күрделі етістіктердің – 

жасалуында  бірден  бір  құрал  болып 

табылады,  екіншіден,  сол  күрделі  етістіктер 

арқылы  берілетін  іс-әрекеттердің  мәні  сан 

алуан  түрге  енеді,  үшіншіден,  олар  арнайы 

семантика-грамматикалық 

модельдерді 

құрайды,  тӛртіншіден,  олардың  білдіретін 

мағынасы  тіл  үйренушілер  үшін  тосын 

құбылыс,  себебі  мұндай  құрылымдағы 

конструкциялар  орыс  тілінде  жоқ  екенін 

білеміз.  Мысалы,  Студенттер  лекция 



жазып  жатыр  деген  сӛйлемдегі  жазып 

жатыр  деген  күрделі  етістік  орыстілді 

үйренушілер  үшін  түсініксіз,  яғни  олардың 

прагматикалық ойлау тұрғысынан жазу мен 

жату  әрекеті  үйлесім  таппайды,  бірақ 

мұнда  етістіктің  шағы  ӛзінің  лексикалық 

мағынасынан  толықтай  ажыраған  жатыр 

етістігімен беріліп тұрғаны белгілі.  

Күрделі 

етістіктердің 

құрамындағы 

«кӛмекші  етістіктердің  астарлы  граммати-

калық  белгілеріне  тән  қызметі  мен  түрлі 

грамматикалық 

мағыналары 

олардың 


функциональды  грамматика  элементтері 

(белгілері)  екендігін  танытады»  [2].  Олай 

болса,  тӛл  тілімізді  орыс  тілді  аудито-

рияларда  оқыту  барысында  етістіктерді 

мәтіннен  «танып»,  олардың  құрамына 

талдау  жасап,  оны  мақсатқа  сәйкес  қолдана 

білу  дағдысын  қалыптастыру  үшін  күрделі 

етістіктердің  мән-мағынасын  толық  ашып, 

түсіндіру  маңызды  міндеттердің  бірі  болып 

табылады. 

Етістіктер сӛйлемнің предикативтік ұйы-

сымында маңызды қызмет атқаратындықтан, 

олардың  нақты  мағынасын  білмей,  ары  қа-

рай  жұмыс  істеу  жүйесіздікке  ұрындырады. 

Осы  мәселені  шешу  үшін  біз  ӛз  тәжірибе-

мізде  ЖОО-да  орыстілді  аудиторияларда 

оқытылатын  қазақ  тілі  пәнінің  мазмұнында 

етістіктерді меңгертуге басымдық бердік жә-

не олардың коммуникативтік ұйысым аясын-

дағы қызметін анықтау үшін тӛменде сӛз бо-

латын жұмыстарды ұдайы жүргізіп келеміз. 

Раздел 6.

 

«Экономика. Общеобразовательные и фундаментальные

 

 

дисциплины» 

 


 

104 


 

Бұл студенттердің мектепте алған білім-

дерін  жинақтап,  ой  елегінен  ӛткізе  білуіне 

және  мәтінмен  жұмыс  жасау  әрекетін  бір-

шама  жүйеге  келтіруіне  септігін  тигізетін-

дігін байқадық.  Ол үшін мына мәселелердің 

мәнін  ашып  алған  дұрыс:  1)  күрделі 

етістіктер  2-6  етістікке  дейін  тіркесіп 

жасалады  және  олардың  біріншісі  негізгі 

мәнді  білдіріп,  басқалары  оған  модальдық, 

шақтық  т.б.  тұлғалық  мән  үстеп  тұрады;  2) 

олардың  тіркесу ретінде қалыптасқан жүйе, 

ӛзіндік  тұлғалық  кӛрсеткіштер  болады;  3) 

күрделі  етістіктер  шақтық  мағынамен  қатар 

іс-қимылдың  ӛту  сипатын,  белгілі  бір 

оқиғаның  іске  асу  кезеңін,  іс-әрекеттің 

жасандылығын,  істің  қалаусыз  болып 

жатқандығын,  істің  басталуын,  нәтижесін, 

субъектінің  қарқынын  т.б.  алуан  түрлі 

мағына  білдіреді;  3)  тіркескен  етістіктер 

арқылы берілетін мағына орыс тілінде қалай 

берілетіндігін.  Аталған  мәселелерді  мына 

кестеден кӛруге болады: 

 

 Жұрнақ 



 

 

 



 

Етістік саны  

Кӛсемше 

Есімш


е 

ша

қ форма



сы +

 жік


тік

 жа


лға

у 

 



Мысалы 

-ып, 

-іп,  

-п 

-а,  

-е, 

 -й. 

-ғалы, -

гелі, 

-қалы, -

келі 

-ған,  

-ген,  

-қан,  

-кен 

Екі 


етістіктен  

 



 

 

Айтып тұр, келіп жатыр, сұрап 



қойдық, айтқалы отыр  

 



 

 

 



 

 



Айта салды, бере қойды 

 

 



 

Айтқан екен, берген болды 



Үш 

етістіктен 



 



 

Айтып бере салды 

 



 

Айтып бергелі тұр  

Тӛрт 

етістіктен  



 



Кешігіп қала жаздаған еді 





Айтып бере салғалы жүрген 

Бес 

етістіктен 





Кӛм. 


ет. 

Айтып бере салғалы жүрген еді 

Алты 

етістіктен 



 



+

  



+  Айтып бере салмақшы болып жүр 

еді 


 

Жалпы  алғанда,  қазақ  тілінде  күрделі 

етістіктің  құрамында  жұмсалатын  толымды 

етістіктер  мыналар:  қалып  етістіктері 

((отыр(сидит), 

тұр  (стоит),  жатыр 

(лежит),  жүр  (ходит))  және  ӛздерінің 

лексикалық  мағынасынан  жартылай  немесе 

толықтай  ажыраған  баста  (начинай),  кел 

(подойди),  көр  (посмотри),  бар  (иди),  бер 

(дай,  отдай),  ал  (возьми,  бери),  шық 

(выходи),  біл  (знай),  қал  (оставайся),  жібер 

(посылай,  отпускай),  түс  (слезай),  айнал 

(вращайся,  превращайся),  сал  (клади),  бол 

(будь),  біту  (закончиться),  жөнелу  (отпра-

виться,  направиться),  қою  (положить, 

прекратить),  өту  (переходить),  тастау 

(бросить,  оставить,  покинуть)  т.б.  Бұл 

етістіктердің  негізгі-мағыналық  етістікке 

тіркесу  амалы  кӛсемше  және  есімше 

тұлғалары  болып  табылады және олардың  

белгілі  бір  тіркесу  жүйесі  бар  екендігін 

кӛреміз. Айталық, -ып, -іп, -п (-ып



3

) тұлғалы 

етістіктен соң салу, беру, өту, тастау, өту, 



біту,  шығу,  кету,  қалу,  болу,  қою,  алу 

етістіктері  тіркесіп,  іс-әрекеттің  аяқталған-

дығын; қалып етістіктері тіркесіп, іс-қимыл-

дың  жалғасып  жатқандығын,  кӛру  етістігі 

тіркесіп,  субъектінің  әрекеті,  талпынысы 

кӛрініс  тапса,  мұндай  формалы  етістіктен 

соң  түсу,  бастау,  жӛнелу  т.б.  етістіктер 

тіркеспейді.  Ал  негізгі  етістік  формасы 

кӛсемшенің –а, -е, -й (-а

3

тұлғасында болса, 

тастау,  өту,  біту,  шығу  т.б.  етістіктері 

тіркеспейтіндігі,  бірінші  тұлғаға  тіркескен 

кейбір  кӛмекші  етістіктер  екінші  тұлғадан 

соң  келсе,  басқа  мағынаны  білдіретіндігін 

байқауға болады. Мысалы, айтып алу – істің 

аяқталғандығын,  айта  алу  –  субъектінің 

дағдылық қасиетін білдіреді. 

Раздел 6.

 

«Экономика. Общеобразовательные и фундаментальные

 

 

дисциплины» 

 


 

105 


 

Күрделі 


етістіктер, 

жоғарыда 

сӛз 

еткеніміздей, 



сан 

алуан 


мағынаны 

білдіретіндіктен, біз мақала кӛлеміне бағына 

отырып, аталғандардың ішінен істің басталу 

әрекетін білдіретін күрделі етістіктерді және 

олардың  орыс  тіліндегі  сәйкестіктері  мен 

оны 


үйрету, 

түсіндіру 

барысында 

орындалатын  жаттығулар  мен  тапсырмалар 

түрін қарастырмақпыз. 

Лингвистикалық  әдебиеттерде  ингрес-



сивті  немесе  инхоативті  деген  термин  «Іс-

әрекеттің  басы  немесе  басталуын  білдіретін 

совершенный  вид  етістігі»  [3]  ретінде 

түсіндіріледі.  Етістіктер  жүйесін  зерттеген 

қазақ  ғалымдарының  еңбектеріне  жүгінер 

болсақ,  «Қазақ  тілінде  орыс  тіліндегідей 

сараланған  видтік  категория  жоқ.  Бірақ 

күрделі  етістіктерден  болған  баяндауыштар 

әр  түрлі  құрамда  айтылып,  әр  түрлі  қимыл 

кезеңдерін  білдіреді»  [4]  деген  түсініктеме 

беріледі.  Алайда  орыс  тіліндегі  совершен-

ный  вид  істің  аяқталу,  аяқталмауына 

қатысты  екендігін  ескерсек,  ингрессивтік 

етістіктердің  табиғаты  орыстілді  студент-

терге  мүлдем  түсініксіз  болып  кӛрінеді. 

Себебі  қазақ  тілінің  мұндай  етістіктеріне 

сәйкес  келетін  формалар  орыс  тілінде 

заиграть,  застучать,  заторописться,  за-

ждаться,  заинтересоваться  тәрізді  префик-

стен  жасалған  етістіктер  арқылы  беріледі. 

Басқаша  айтқанда,  қазақ  тіліндегі  етістіктің 

қимыл  процестері  сан  алуан  және  олар  вид 

категориясының  аясына  сыймайды  [5]. 

Сондықтан  бірінші  курс  студенттері  жүгіре 



жөнелді, қуып кеп берді, айтуға кірісті т.б. 

етістіктердің  әрқайсысын  сӛздіктен  іздеп, 

олардың  арасынан  мағыналық  бірлік  таба 

алмай  қиналып  отыратындығын  байқадық. 

Мысалға  алынған  етістіктер  тіркескен 

тобымен 


қимылдың 

басталу 


кезеңін 

білдіретіндігі мәлім.  



Істің басталуы, бұл, болмыстың аяқта-

лып, болудың басталар кезеңі дейтін болсақ, 

ондағы  жай-күй  біртіндеп  немесе  кенеттен, 

шұғыл  басталып  кететіндігін  елестетуге 

болады.  Ондай  жай-күйді  білдіруге  қазақ 

тілінің  әлеуеті  жетеді.  Мысалы,  Айналаға 

тұман  түсе  бастады  немесе  Айналаға 

тұман  түсіп  кетті  деген  сӛйлемдердің 

біріншісінде,  іс-әрекет  жайлап,  ал  екінші-

сінде әп сәтте, дереу іске асырылғандығын  

аңғарамыз. 

Ингрессивтік күрделі етістіктердің тірке-

сімінде  негізгі  етістік  кӛсемшенің  –а,  -е,  -й 

немесе  –ып,  -іп,  -п  жұрнақтарымен  тұлға-

ланып,  кӛмекші  ретінде  жөнелу,  бастау



жіберу, кету етістіктерді жұмсалып, ӛзіндік 

модель  құрайды.  Біздің  байқауымызша, 

қазақ  тіліндегі  ингрессивтік  етістіктердің 

модельдері тӛмендегідей болмақ:  

1.

 

«–а,  -е,  -й  +бастау»  моделі.  Мысалы: 



Жауын  тағы  саябырсып,  сіркірей  бастады. 

(Д. Досжанов) 

2.

 

«–а, -е, -й  +жөнелу» моделі. Мысалы: 



Тұлымшағы желбіреп, бұзауларды тырқыра-

тып қуа жӛнелді. (Ауызекі сӛйлеу тілі) 

3.

 

«–а,  -е,  -й  +түсу»  моделі.  Әрине, 



бірталай  кӛпшілік  бұрынғыдан  да  жоқшы-

лыққа ұшырай түсті. (М. Әуезов)  

4.

 

«–а,  -е,  -й  +  беру»  моделі.  Әкесінен 



сӛз  естіп  қалудың  қамымен  ебек  қағып, 

қорапты қолына ұстата берді. (О. Бӛкей) 

5.

 

«–ып,  -іп,  -п  +жіберу»  моделі. 



Мысалы:  Тапқыр  жеңгенің  татымды  үй  іші 

түгел күліп жіберді. (Қ. Жұмаділов) 

6.

 

«–ып, -іп, -п + кету» моделі. Мысалы: 



Дәмежанның  осы  сәт  алым-салық  тӛресіне 

жаны ашып кетті. (Қ. Жұмаділов) 

7.

 

«–ып,  -іп,  -п  +беру»  моделі.  Мысалы: 



Жиналып  отырған  жұрт  тұс-тұсынан  шулап 

берді (Ғ. Мүсірепов). 

Сонымен қатар «–ып, -іп, -п + кеп беру»

«–ып,  -іп,  -п  +  қоя  беру»,  «–ып,  -іп,  -п  + 

жүре  беру»,  «–ып,  -іп,  -п  +  жадырап  сала 

берді»  тәрізді  үш  етістіктен  жасалған 

модельдер  де  бар.  Мысалы:  Қабыланды 

кӛрген  бетте  белін  бүкірейтіп  ұрсып  кеп 

берді.  (Қ.  Жұмаділов)  Мұның  жон  арқасы 

қайта мұздап қоя берді. (Ә. Кекілбаев)  

Егер  кӛрсетілген  модельдер  бір-біріне 

синоним  бола  алатын  болса,  олар  осы  аяға 

жатады,  ал  ондай  қасиет  жоқ  болса,  басқа 

семантикалық  топқа  қатысты  болып  табы-

лады. Мысалы, Жиналып отырған жұрт тұс-

тұсынан  шулап  берді  (Ғ.  Мүсірепов)  шулап 

берді  ~  шулап  қоя  берді.  Мұндай  модель-

дердің  мағынасын  тек  сӛйлем  немесе 

контекстен айқындауға болады.  

Байқауымызша,  қимыл  есімінің  барыс 

септігіндегі  тұлғасы  мен  кірісу  етістігі 

тіркесіп  «+уға  кірісу»  деген  модель  де  істің 

басталу фазасын білдіреді. Мысалы: Осы ра- 

Раздел 6.

 

«Экономика. Общеобразовательные и фундаментальные

 

 

дисциплины» 

 


 

106 


 

манын  1933  жылы  қырық  жасында  іске 

асыруға кіріседі. (Оқулықтан) 

Жоғарыда  сӛз  еткеніміздей,  күрделі 

етістіктердің  негізгі  тұлғасы  мен  тірке-

сімділік  жүйесін  түсіндіргеннен  кейін,  әр 

түрлі  құрамда  берілген  бір  ғана  күрделі 

етістіктермен  жұмыс  жасалады.  Ол  үшін 

етістік  құрамында  етіс  формалары  бар 

мысалдарға  кӛбірек  кӛңіл  бӛлген  жӛн. 

Себебі,  қазақ  және  орыс  тілдерінің  етіс 

категориясында  (ырықсыз  етіс,  ӛзгелік  етіс) 

біршама  айырмашылық  бар.  Мысалы, 

Студенттер  сұраққа  жауап  бере  бастады. 

(Сұраққа  жауап  беріле  бастады).  Мұнда 

субъект  мен  агенстің  айырмашылығын 

ажырату  кӛзделеді.  Сол  арқылы  сӛйлемнің 

негізгі  қаңқасы  анықталып,  баяндауыш 

құрамындағы  етіс  формаларының  қызметі 

түсіндіріледі.  Етістік-баяндауыштың  құра-

мына  талдау  жасалады.  Тӛменде  біз  ӛз 

тәжірибемізде  жиі  қолданатын  тапсырма 

түрлерін ұсынып отырмыз. 

Құрылымдық-грамматикалық  тапсы-

рмалар. Мұндай тапсырмалар студенттердің 

морфология 

саласы 

бойынша 


алған 

білімдерін  бекітіп,  әрекеттегі  тілдік  факті-

лерді тани білуге үйретеді және тілді саналы 

түрде  меңгеруге  септігін  тигізеді.  Сту-

денттер  белгілі  бір  мәтінді  аудармас  бұрын 

одан  күрделі  етістіктерді  теріп  жазу 

тапсырылады.  Одан  кейін  істің  басталуын 

білдіретін  етістіктерді  табу,  оны  аудару, 

құрамына талдау жасау, жасалу модельдерін 

анықтау т.б. жұмыстарын жасауға болады. 



Лингвистикалық эксперимент.  Мақсаты 

–  студенттерді  қарапайым  гипотезаны  қоя 

білуі  және  күрделі  етістіктерді  құрастыру, 

қайта  құрастыру  арқылы  ӛз  білімдерін 

тексере  білуге  дағдыландыру.  Айталық, 

ингрессивтік 

етістіктерді 

меңгерту 

барысында  мынандай  гипотезаны  қоюға 

болады:  барлық  күрделі  етістіктер  істің 



басталу  фазасын  білдіре  ала  ма?  қазақ 

тіліндегі  күрделі  етістіктер  орыс  тіліндегі 

вид категориясының аясына сия ма? т.б. Ол 

үшін  студенттер  тӛмендегідей  сұрақтарға 

жауап  іздейді:  1)  етістіктердің  тіркесінде 

белгілі  бір  қалыптасқан  жүйе  бар  ма,  жоқ 

па?  2)  орыс  тіліндегі  вид  категориясының 

қазақ  тіліндегі  кӛрінісі  қандай?  3)  вид  кате-

гориясының  аясынан шығып кететін етістік- 

тердің  мәнінде  қандай  себеп  жатыр  (тұл-

ғалық  па,  семантикалық  па,  әлде  праг-

матикалық  па  т.б.);  4)  мағыналық  жағынан 

сәйкес  келетін  етістіктердің  құрылымдық 

жағынан айырмашылықта болуының қандай 

модельдері 

түзіледі 

т.б. 

Нәтижесінде 



студенттер  оқытушының  кӛмегімен  ингрес-

сивтік етістіктер іс-әрекеттің басталу кезеңін 

және  оның  шұғыл  немесе  жайлап  басталу 

қарқыны  да  қазақ  тілінде  әр  түрлі  екендігі 

жайында  және  олардың  қалыптасқан  моделі 

бар деген қорытындыға келуі керек.  



Лингвистикалық  ізденістер.  Студент-

терді  ӛз  бетімен  ізденуге  итермелеу  үшін 

шешуді  қажет  ететін  сұрақтар  жүйесі 

жасалады.  Мысалы,  өндірілу,  жатыр; 



қызмет  көрсету,  бастау;  жүгіру,  жөнелу 

тәрізді  сӛздердің  қатары  беріліп,  осы 

сӛздерді  пайдаланып  мынадай  тапсырма 

жасатуға  болады:  1)  негізгі  етістікті  –ып

3

 

жұрнақтарымен  тұлғаландырып,  2)  негізгі 



етістікті  –а

3

  жұрнақтарымен  тұлғаландырып 



күрделі  етістіуктер  жасаңыздар;  3)  күрделі 

етістік  жасалуы  мүмкін  емес  болса,  мәнін 

түсіндіріңіздер;  4)  жасалған  етістіктердің 

білдіретін  мағынасын  айтыңыздар;  5)  бір 

ғана  формада  тұлғаланған  негізгі  етістік 

беріліп,  оған  кӛмекші  етістік  тіркестіру; 

мысалы:  ойлай  –  жаздау,  біту,  түсу,  салу, 

беру, жӛнелу, бастау, кӛтеру, алу, қою. 



оқып  –  біту,  алу,  бастау,  жіберу,  шығу, 

кӛру, сұрау, есту, тұру, жату, жаздау. 



Лингвистикалық 

конструкциялау 

жаттығулары.  Қазіргі  оқыту  техноло-

гиясында  меңгерілген  материалдарды  түрлі 

диаграммаларға  толтыру,  кестеге  орналас-

тыру,  сұлбасын  салу  тәрізді  тапсырмалар 

жиі  орындалады.  Ингрессивтік  етістіктерді 

меңгерту  барысында  жоғарыда  анықталған 

модельдерді  ұсынып,  сол  бойынша  күрделі 

етістіктер құрастыртуға болады. 



Грамматикалық 

ойындар. 

Сұрақ-


жауап 

түрінде 


құрылған 

ойындарды 

студенттердің 

білімін 


бекітіп, 

жүйеге 


келтіру  барысында  қолдануға  болады. 

Оқытушы  топты  екіге  бӛледі:  бірінші  топ 

істің  басталғандығын,  екінші  топ  істің 

аяқталғандығын 

анықтайды. 

Ол 


үшін 

мынадай  ойын  ұсынуға  болады:  1.  кӛсем-

шенің  –а

3

 

немесе  –ып



3

 

жұрнақтарын 



кӛрсетіп, оған кӛмекші етістік табу; 2. дұрыс  

Раздел 6.

 

«Экономика. Общеобразовательные и фундаментальные

 

 

дисциплины» 

 

 

107 


 

және  бұрыс  тіркескен  етістіктер  кӛрсетіп, 

дұрыс  болса,  бас  бармақты  кӛрсету,  бұрыс 

болса,  алақанды  қусыру;  3)  топтардың  бір-

біріне «шабул жасауы», яғни топтар ӛздеріне 

тиесілі етістік мағыналары бойынша күрделі 

етістіктер құрастырады; 2 минут үшінде қай 

топ  кӛп  етістік  құрастырса,  сол  топ  жеңіске 

жетеді.  

 

ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗБЕСІ



 

 

1.



 

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі: Оқулық. – 2 басылым. Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б.  

2.

 

Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Білім, 2004. – 224 б. 



3.

 

Розенталь  Д.Э.,  Теленкова  М.А.  Словарь-справочник  лингвистических терминов.  – 



М.: «Издательство АСТ, 2001. – 624 с.  

4.

 



Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы: Санат, 1997. – 

224 б. 


5.

 

Жұбанов  Қ.  Қазақ  тілі  жӛніндегі  зерттеулер.  –  ӛғд.,  3-бас.  –  Алматы:  Мемлекеттік 



тілді дамыту институты, 2010. – 608 б.  

 

 



УДК 005 

 

КРЕДИТТІК ЖҮЙЕДЕГІ ОҚУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 



ӘРЕКЕТТЕСУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ 

 

С.Р. МИНБАЕВА, Н.Е.ПОПОВА 



(Темиртау қ., Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті) 

 

Қазіргі  заманда  ЖОО-ның  функциясы 



жеке  тұлғаны  ӛмір  ӛзгерістерін  ӛз  бетімен 

таңдауды  үйрету.  Білім  беруінің  рухани 

міндетінің  мағынасы  арта  түсуде.  Бұл  жеке 

тұлғаның  жаңа  типте  құрылғанын,  яғни, 

қызмет  пен  ӛмірдің  мәнін,  ӛзіндік  талғамы 

бойынша  ӛмірдегі  орнын  табу,  жеке  адам 

даралығын жетілдіруін талап етеді. [1]. 

Қазіргі  замандағы  жоғарғы  оқудың 

ӛркендеуі  бірталай  ӛзгерістерімен  сипат-

талады,  ал  бұл  оқудың  субъектілеріне  оқу 

процессінің  әр  қилы  түрлерін,  әдістерін, 

құралдар  мен  оқу  технологиясын  пайдалану 

арқылы  кәсіпқой  нұсқауларына  еркіндік 

дәрережелерін қосты. Академиялық еркіндік 

бұл  –  білім  беру  үрдісінің  субъектілеріне 

оларды  таңдау  бойынша  жиынтық  пәндер-

ден,  оқытудың  қосымша  түрлерінен  білім 

мазмұнын  дербес  анықтау  үшін  және  білім 

алушылардың,  оқытушылардың  шығарма-

ылық  дамуына  және  оқытудың  иннова-

иялық  технологиялары  мен  әдістерін  қол-

ануға  жағдай  жасау  мақсатында  білім  беру 

қызметін  ұйымдастыру  үшін  ұсынылатын 

білім  беру  процесі  субъектілерінің  ӛкілет-

іктер  жиынтығы [2].  Қазақстан республика- 

сының  Мемлекеттік  білімді  дамыту  бағдар-

ламасына және "Білім туралы заңмен" сәйкес 

кӛп  деңгейлі  білім  жүйесі  модерниза-

циясының негізгі бағыттарының бірі ұлттық 

білім  мазмұны  біліктілікке  негізделеді. 

Дәстүлі оқу жүйесінің орнына кредиттік оқу 

жүйесі енгізу оқушының, яғни, бакалаврлар, 

магистранттар  мен  докторанттардың  жеке 

жұмысын  ынталандырады,  икемдетеді,  ака-

демиялық  еркіндік  дәрежесін  арттырады, 

құжаттарын  бүкіл  әлем  бойынша  майын-

датады.  Оқытудың  білім  беру  принциптері 

мен оның ішіндегі оқушының ролі ӛзерді, ол 

пассивті «алушыдан» білім беру процессінің 

активті субъектісіне айналды [1].    

Бүгінгі  күнде  Қазақстанның  жоғарғы 

мектебінің  алдында  жаңа  тұлғаны  құру, 

оның шығармашылық белсенділігін арттыру 

мақсаты қойылған. Дәстүрлі жоғарғы мектеп 

сапалы  білімнің  шарттарын  қанағаттан-

дыраты  бәсекелестікке  қабілетті  түлектерді 

шығаруға  бағытталмаған,  ӛйткені,  негізінен 

репродуктивті  оқытуға  ғана  бейімделген. 

«Жоғырыда»  реттелген  нормалық  оқыту 

үлгісі  икемсіз  болғандықтан  жан-жақты 

маманды құрай алмайды. 

Раздел 6.

 

«Экономика. Общеобразовательные и фундаментальные

 

 

дисциплины» 

 


 

108 


 

Осымен байланысты дәстүрлі «сызықты» 

оқу  жүйесінің  орнына  «сызықты  емес» 

жүйесіне  ӛту  ӛте  ӛзекті  болғалы  жатыр, 

мұнда  оқушылар  жеке  білім  алу  траек-

ториясын,  процессін  ӛз  бетімен  жоспарлай 

алады, 

бұл 


ЖОО-ның 

студенттерінің 

ізденушілік  әрекеттерін  белсендідіретеді. 

«Сызықты емес» жүйелерінің бірі – кредитті 

жүйе 

болып 


табылады. 

Бұл 


оқыту 

процессінінің ережеліне сәйкес жекеше білім 

алу  бағытын  таңдап,  ӛз  бетімен  оқу  және 

білімді 


шығармашылық 

түрде 


игеру 

деңгейін  жоғарылытатын  оқыту  техноло-

гиясы.  Кредиттік  оқу  жүйесінде  студенттер 

жоғарғы  оқу  орнының  негізгі  бӛлігі  болып 

табылады.  Кредиттік  технология  студенттің 

қалауы  бойынша  жеке  оқу  бағытын 

ӛзгертуге мүмкіндік береді. 

Кредиттік  оқу  жүесі  шарттарында 

оқытушы  студенттің  жеке  таным  әрекет-

тернің  ұйымдастырушысы  болып  табылады, 

сондықтан,  ол  қазіргі  заманғы  оқыту 

әдістерін  пайдалану,  силлабусты  толықтай 

құра алу, сабақтың түрін тиімді түрде таңдай 

білу, 


студенттің 

жұмыстарын 

тиімді 

ұйымдастыра    алуы  қажет.  Кредиттік  оқыту 



жүйесін  енгізу  ЖОО-дағы  оқыту  тәрбиелеу 

процессін 

принципиалды 

түрде 


қайта 

қарастыруды,  ізденушілік  белсенділіктеріне 

аса  назар  аударып,  оқыту  технология 

әдістемесінің ӛзін ӛзгертуін  қажет етеді.  

Кредиттік  жүйесінің  жүзеге  асырудың 

мақсаты  ӛзін  ӛзі  жетілдіре  алатын  жеке 

тұлғаны  тәрбиелеу.  Осы  мақсатқа  жету 

жолында  оқыту  процессі  жеке  тұлғаның 

репродуктивті  білім  алуына  ӛту  керек. 

Оқыту  кезінде  оқушы  тек  қана  білім  алып, 

білімнің  құрылу  ережелерін  біліп  қоймай, 

сонымен  бірге  ӛзіндік  жеке  тұлғалығын 

бірінші орынға қойып ӛзінің жаңа білімдерін 

құруға жол кӛрсетілуі тиіс. 

Осылайша  оқыту  процессі  жеке  тұлғаға 

бағытталған, және оқытушы әр бір студентке 

оның 

жеке 


қабілетіне, 

бейімділігіне, 

бағдарланудың  құндылықтарына,  қызығу-

шылықтарына  сай  ӛзін  дамытуға  мүмкіндік 

беруі  керек.  Тьюторлық  идея  кӛп  таралып 

жатыр,  бұл  оқытушы  студенттің  алдында 

даналықтың  кӛзі  емес,  білм  алу  жолында 

оның  жетекшісі,  досы,  кураторы  ретінде 

кӛрінуі.  Оқытушы  студенттің тәжірибелік  

әрекеттерінің 

кеңесшісі, 

координаторы 

ретінде қабылдануы керек. 

Кредиттік  жүйе  шарттарындағы  оқыту-

дың  берілген  үдерісте  бірнеше  айырым 

ерекшеліктері  бар,  осылардың  қатарына 

оқытушы мен студенттердің бірлесіп жасай-

тын  жұмыстарын  жатқызуға  болады,  бұл 

әрекеттестік  пен  қарым-қатынастың  негізін-

де  құрылатын  ерекше  түрі,  ол  қызметтің 

мақсаты  мен  ойының  бірігуінің  негізінде 

құралған,  жеке  кӛрсеткіштердің  маңызды 

алғышарттары ретінде шығады [1,3]. 

Кредиттік  оқу  жүйесінің  шарттарын-

дағы  ЖОО-дағы  оқыту  тәрбиелеу  процессі 

студенттерге  пәндерге,  ұйымдастыру  түрле-

ріне  және  оқыту  әдістеріне  деген  талғам-

дықты кӛрсетуге мүмкіндік береді. 

Оқу  әр  бір  студентке  жеке  маңыз-

дылығының  сезімін  береді,  ӛйткені,  оқу 

бағыты  оқушының  идеалдарына,  құндылық-

тар  жүйесіне  сүйеніп  құрылады.  Егер 

оқудың  мақсаты  оқушы  үшін  түсінікті  және 

оның  қызығушылықтырына  сәйкес  болса, 

осы  мақсат  студенттің  оқуға  деген  ішкі 

ынталандырмасы,  түрткісі  бала  алады. 

Мақсат  жеткілікті  маңызды  субъективті 

мағынаға  ие  болғанда,  адамның  да  іс-

әрекеттеріндегі  мінез  құлықтары  ӛзгереді. 

Оқушы 


оқытудың 

объектісінен 

оқу 

процесіне  белсенді  қосылып,  мақсатқа  жету 



үшін  интеллект  пен  жігерлігіннің  күшін  ӛз 

бетімен  жұмсайтын  субъектісіне  айналады. 

Оны әрекеттендіру үшін сыртқы түркілердің 

болуын қажет етпейді. 

Қазіргі  заманда  адамның  тек  қана 

кәсіпқойлығы  ғана  емес,  сонымен  бірге 

оның  жеке  бастың  қасиеттері  де  үлкен  роль 

атқаратын    қазіргі  замандағы  білім  беру 

шарттарында 

педагогикалық 

процессті 

тиімді  түрде  ұйымдастыра  алатын  муғалім-

дерге  деген  қажеттілік  туады.  Осының 

нәтижесінде  әр  бір  оқытушы  студенттермен 

қарым-қатынас  жүйесін  және  бірге  істетін 

жұмысын ЖОО-дағы кредиттік жүйеге сәйкес 

жаңа  деңгейде  құруды  мақсат  етуі  қажет. 

Кредиттік  оқу  жүйесіндегі  педаго-гикалық 

әрекеттесуін ұйымдастырғанда, жаңа қарым-

қатынас  жүйесін  енгізілуіне  байланысты 

оқытушының ролі күрт ӛзгереді. 

ЖОО-дағы  кредиттік  оқу  жүйесі  оқыту-

шының  студенттік  оқу-танымдылық әрекет- 

Раздел 6.

 

«Экономика. Общеобразовательные и фундаментальные

 

 

дисциплины» 

 


 

109 


 

терінің заңдылықтарын терең түсінуін талап 

етеді.  Кредиттік  жүйені  зерттеу  мен  анализ 

нәтижелері  ол  дүние  жүзіндегі  әр  түрлі 

мемлекеттерде  әр  түрлі  әсер  етіп,  әр  түрлі 

ерекшеліктеріне  ие  болатынын  кӛрсетеді. 

Әйткенмен,  кредиттік  жүйесінің  эффек-

тивтілігі 

мен 

мақсаттылығы 



әлемнің 

кӛптеген  мемлекеттерінің  оқу  жүйесінде 

таралғанымен расталады, ӛйткені, білім беру 

бағдарламаларының  бағыттары  студенттер-

дің  ӛз  бетінше  жұмыс  істеу  дағдыларын, 

оқуға  деген  құштарлықтарын  жоғарылатуға 

кӛзделген [1,2].  

Қазіргі  кезде  ӛздігінен  білім  алу 

процессіне,  адамның  білім  алу  қызметінің 

жеке  бастың  жағдайына  аса  назар  бӛлінуде. 

Оқытушы  студенттердің  жеке  тұлғасының 

қалыптастыруына кӛмектесуі керек. Кредит-

тік жүесінің шеңберіндегі ӛзіндік жұмыстың 

кӛмегімен  оқытушы  студенттің  ӛзіндік 

жұмысын  ұйымдастырып,  жүргізіп  басқа-

рады.  


Мамандық  бойынша  немесе  ӛмірдегі 

мәселерді  шешуге  кӛмектесетін  басқа, 

маңыздылығы  жағынан  кем  емес  аспектісі 

студенттердің  шығармашылық  дағдыларын 

дамыту,  таным  белсенділігін,  ойлаудың 

жүйелігін дамыту болып табылады. Студент-

тердің  алдында  шығармашылық  қасиетін 

пайдаланып,  ӛз  бетімен  тапсырманы  таңдап 

оны  орындау  мақсаты  қойылған  кезде,  олар 

ӛздерін  белсенді  субъектілері  ретінде  кӛр-

сетеді.  Берілген  процессте  студенттің  жеке 

қасиеттері  мен  шығармашылық  ұмтылды-

рулары 

құрылады. 



Студент 

әрекеттің 

субъектісі  болуы  оның  ӛмірдегі  активті 

ұстанымын қамтамасыздандырады.  

А.В.  Петров  жұмыстарында  субъектінің 

жеке 


жұмысы 

оқытушының 

жанында 

болмағанымен,  ӛз  бетінше  жұмысты  атқара 

алуымен  шектелмейді.  Оның  құрамына 

маңызды  қабілеттілік  кіреді:  еш  қандай 

кӛмегінсіз  ӛз  алдына  саналы  түрде  мақсат, 

мәселе  қойып,  ӛз  қызметін  жоспарлап,  оны 

жүзеге асыра алу. 

Ӛзіндік  жұмыс  студенттерге  ӛздерін 

шығармашылық  тұрғыдан  дамуға;  ӛзін 

оқытушы  ретінде  сынауға;  ойлау  қабілетін 

дамытуға;  материалды  тереңірек  меңгеруге; 

ӛзінің  жеке  басының  қасиеттерін  дамытуға; 

саралап  отырған сұрақтар бойынша ӛз ойын 

жеткізе алуға мүмкіндік береді. Яғни, ӛзіндік 

жұмысты  орындау,  ой  ӛрісі  тұрғыдан,  жеке 

бастың  жүзеге  асыруы  және  педагогикалық 

қанағаттандырылуы  жағынан  жақсы  жақ-

тары кӛп. 

Оқытушы  мен  студенттің  арасындағы 

әрекеттесу  «педагогикалық  диалог»  ретінде 

жүргізіледі,  оның  мәні  оқытушы  мен 

студенттің  арасындағы  бірге  жұмыс  істеу 

процессіндегі  қарым-қатынастың  ӛзгеруінің 

арқасында  жүзеге  асырылады.  Осымен 

байланысты ұстаздардың алдарында оқушы-

ның  шығармашылығын  максималды  түрде 

ашуға  талап  ететін  педагогикалық  техно-

логияларға  ӛту  мәселесі  тұрғалы  жатыр. 

Осыны мақсат етіп, оқыту процессінде жеке 

бастың  жүзеге  асыру  жағдайларын  құру 

қажет.  Осындай  жағдайларды  құру  диалог-

тық  оқыту  моделі  шарттарында  орындалуы 

мүмкін.  

Педагогикалық  мәнді  құруының  ортасы 

ретінде жеке тұлғалық арасындағы байланыс 

құрып  қатынасуына  бағытталуын  талап 

етеді.  Бірақ,  осындай  бағдар  оқыту  про-

цессінен  жаңа  амалдарын  қажет  етеді. 

«Дәстүрлі  оқыту  монологиялық  модель 

спонтанды,  белсенді,  түп  нұсқалықтың 

құндылықтарына  негізделген  дамытушы 

оқыту  моделімен  алмастырылады.  Мысалы, 

шетел тілді үйрету әдісінің мақсаты – тілдік 

коммуникацияға  еліктіру,  оған  бүкіл  қаты-

сушылардың  сӛйлеу  жүріс  тұрысына  бел-

сендіру  болып  табылады.  Сабақтың  үстінде 

әр  бір  қатысушының  жеке  бастың  қасиет-

терін дамытуға ӛте ыңғайлы коммуникативті 

кеңістік  орнатылады.  Осындай  педагогика-

ның түрінің фундаменталды гносеологиялық 

идеясы бірігіп шығармашылықпен айналысу 

арқылы  білім  алу,  құрастыру,  белгілі  бір 

тілдік  қиындықтар  пайда  бола  алатын  және 

оқытушы  мен  бүкіл  топпен  бірігіп  шешетін 

шынайы  жағдайларды  модельдеу.  Диалогты 

модель  оқытушы  мен  студенттерге  белгілі 

бір  талаптар  қояды.  Әр  бір  тұлға  ӛзін  ӛзі 

еркін ұстап,  «Мен  мұнда қажеттімін», деген 

сезіммен  отыра  алатындай,  жағдайды  құру 

қажет.  


Диалогты педагогикалық технологияның 

нәтижесі ретінде тек қана тілді меңгеру ғана 

емес,  сонымен  бірге  әр  түрлі  идентифи-

кациялауларға,  басқаны  түсінуге,  диалогқа  



Раздел 6.

 

«Экономика. Общеобразовательные и фундаментальные

 

 

дисциплины» 

 

 

110 


 

деген  мотивацияның  құрылуы  болып  табы-

лады.  Осындай  оқыту  әдісі  осылайша  тек 

қана  педагогикалық  емес,  сонымен  бірге 

тарихи  мәселені  шешуге  кӛмектеседі. 

Студенттерде  партнерлық  бірлесіп  жұмыс 

істеу,  қарым  қатынастың  тиімдірек  және 

нәтижелі  түріне  ӛту  қажеттілігі  туады. 

Осылайша,  индивид  немесе  жалпы  қоғам-

ның психикалық денсаулығына әсер ететін 

қаболжу,  тұйықталу,  қастаңдық  сезімінің 

деңгейі тӛмендейді [1,2]. 

Жоғарыда  айтылғанның  бәрін  түйінде-

сек,  студенттерді  оқыту  мамандырылған 

әрекеттерін  ұйымдасырған  кезде  ЖОО-да 

олардың  жеке  тұлға  ретінде  дамуына 

негізделуі қажет, бұл мамандырылған оқыту-

дың  тиімділігі  мен  сапасының  айқындауы-

шысы болып табылады. 

 

ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗБЕСІ



 

 

1.



 

Завалко Н.А., Энгель Ю. О. Вестник КАСУ №1 - 2009. 

2.

 

ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2011  жылғы  «20»  сәуірдегі  №  152  бұйрығымен 



бетілген  «Кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың 

ережесінің» 4 тармағы. 



3.

 

Дьяченко В.К. Новая дидактика. – М., 2000. 



 

Раздел 6.

 

«Экономика. Общеобразовательные и фундаментальные

 

 

дисциплины» 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет