Қазақ тілінен тест жұмысы 3 сынып «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз



Дата05.04.2022
өлшемі18,78 Kb.
#29940

Қазақ тілінен тест жұмысы 3 сынып

1. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Әдепті. В) Әдемі. С) Сыпайы. D) Мықты.

2. - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.

А) Септік. В) Жіктік. D) Көптік. C) Тәуелдік.

3. Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.

А) Сен дегенде сөз бар ма?

B) "Келешек - өткен тарихты қорғау", - дейді Олжас Сүлейменов.

С) Балалардың соңғы ермегі -"Ақсүйек", "Соқыр теке".

D) Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.

4. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан -...

А) Ынтымақ күні. В) Конституция күні С) Тәуелсіздік күні. D) Республика күні.

5. Қазақстанның көне қаласын белгілеңіз.

А) Астана. В) Орал. С) Отырар. D) Атбасар.

6. Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз.

А) Алаша, көрпе, төсеніш. В) Кесе, қасық, пышақ. С) Кітап, дәптер, қалам. D) Шолпы, білезік, сырға, қапсырма.

7. Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз.

А) Шахмат. В) Дойбы. С) Баскетбол. D) Тоғызқұмалақ.

8. Күзден кейін келетін жыл мезгілін көрсетіңіз.

А) Апта. B) Қыс. С) Жаз. D) Күз.

9. «Қоян жүрек» сөзінің антонимін табыңыз.

A) Қорқақ. В) Әлсіз. С) Салмақты. D) Батыр.

10. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Іс, сапар. B) Кінәлі, айыпты. С) Апару, әкелу. D) Жүмысшы, оқушы.

11. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз:

А) Оқушылар. В) Көйлектер. С) Қонақтар. D) Қайындар.

12. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.

А) Сапар. В) Айман. С) Алпыс. D) Азат.

13. Баяндауышты табыңыз.

Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.

А) Күзде. В) Жыл құстары. С) Жылы. D) Ұшып кетеді.

14. «Бала» сөзіне қосылатын қосымшаны анықтаңыз.

А) - шы. B) - лық. С) - тың. В) - лік.

15. Үнді дауыссыздарды көрсетіңіз.

А) Ң, Р, Л, М... В) С, У, Ш, Ң... C) K, Л, М, Н... D) И, Ң, В, Г...

16. Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды?

A) 1995 ж. В) 1998 ж. С) 2001 ж. D) 2003 ж.

17.Дауыссыз дыбыс түрлерін ата:

А) жуан,ұяң,қысаң В) қатаң,ашық,үнді С)қатаң,ұяң,үнді D) жіңішке, ұяң, қатаң

18. Мәтін дегеніміз не?

А) Екі не одан көп өзара байланысқан сөйлемді мәтін дейміз

В) Ұзақ бір сөйлемді мәтін дейміз

С) Бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегін мәтін дейміз

D) Қысқартылған немесе қосарланған сөздер

19.Берілген сөйлемнің қайсысы хабарлы сөйлем?

А) Көшеге кім шықты?

В) Ертең демалыс.

С) Мерекелеріңізбен достар!

D) Үйіңді тез жина!

20. Қосымша нешеге бөлінеді?

А) 3

В) 2


С)Қосымша бөлінбейді

D) Дұрыс жауап жоқ

21. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап.
А)  өрм-екш-і
B ) ө-рмек-ші
C)  өр-мек-ші

D) ө-рме-кші

22. Жалғауы бар сөзді тап.
А) үйшік
B) далада
C) биші

D) қыз


23. Сан есімдердің қайсысы дұрыс жазылған?
А)  онекі
B) он алты
C) онсегіз

D) онбесінші

24. Күрделі етістікті тап
А) қызыл гүл
B) әдемі гүл
C) гүлдеп тұр

D) бұрынғы гүл

25. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбысы бар сөзді белгіле
А) қырман
B) орман
C) егістік

D) жайылым

26. Төрт буынды сөзді тап
А) емшілер
B) жұмысшылар
C)  көршілер

D) бұзаулар

27. Қай сөзде у дауысты?
А) ту
B) қауын
C) уақыт

D) уық


28. Түбір сөзді тап
А) теңізші
B) сурет
C) орындық

D) білімді

29. Заттың санын білдіретін сөзді тап.
А) қойшы
B) берші
C)  жетінші

D) өзімшіл

30. Заттың сынын білдіретін сөзге қойылатын сұрақты тап.
А)  Не?
B)  Неше?  
C) Қандай?  

D) Не істеді?


Жауаптары:

1 B 8 B 15 А 22 B 29 C

2 D 9 A 16 А 23 B 30 C

3 B 10 B 17 С 24 C

4 D 11 D 18 A 25 C



5 C 12 B 19 B 26 B

6 D 13 D 20 B 27 A

7 D 14 B 21 C 28 B

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет