Қазақ тілінің анықТАҒышы


Сөз   мәдениеті,   дұрыс   сөйлеу   мәдениеті,   сауатты   жазу   дағдысы



жүктеу 2.12 Mb.
Pdf просмотр
бет11/47
Дата28.12.2016
өлшемі2.12 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47

Сөз   мәдениеті,   дұрыс   сөйлеу   мәдениеті,   сауатты   жазу   дағдысы

дегендерді тек бөлінген сағаттың бойында ғана үйреніп шығуға болмайды.

Тіл   мәдениетін,   сөзді   дұрыс   қолданып,   дұрыс   дыбыстап,   дұрыс   жазу

дағдысын   мектеп   табалдырығын   аттаған   күннен   бастап,   оны   бітіргенге

дейін   (тіпті   одан   кейін   де)   үзбестен   игертуді  тек  тіл   мен   әдебиет   пәні

мұғалімдері   ғана   емес,   барлық   пәннен   сабақ   берушілер   сезініп,   күш

жұмсағанда ғана ана тіліміздің табиғи қасиетін, ғасырлар бойы жиналған

мол   қазынасын,   бабалар   қалдырған   көркемдік   құдіретін   сақтай   аламыз.

Әсіресе бүгінгі осал тұсымыз – сөйлеу үстінде сөздерді дұрыс айтпау, яғни

орфоэпиялық   нормаларды   білмеу,   оған   мән   бермеу   сияқты   кеселдерден

арылуға ең алдымен мектеп күш салуы керек. Ол үшін сөзді сазына келтіріп

айта білуді мұғалімдердің өздері жақсы меңгерулері қажет болса, әзірге бұл

саладан   олардың   қолдарында   арнаулы   құралдар  да  шамалы.   Ұсынылып

отырған   құрал   мұғалімдердің   осы   қажеттігін   өтейтін   орфоэпиялық

анықтағыш болмақ. Бұл ережелер  тек  қазақ тілі пәнін оқытатындар үшін

ғана   емес,   барлық   пәндердің   мұғалімдері   үшін  де   қолдан  түсірмес

күнделікті көмекші кұралы болуы тиіс.

Адам орфоэпиялық нормаларды, олар жөніндегі ережелерді негізінен

жаттау арқылы емес, құлақпен тыңдап, үйрену арқылы игереді. Бұл ретте

күнде   тыңдайтын  р а д и о н ы ң ,   т е л е д и дар   үнінің   және  с а х н а д а н

естілер  с ө з д е р   м е н   ә н д е р д   і   ң   орны   айрықша.   Бұлар  сөйлеу

барысында  сөздерді   дұрыс   айтуға   үйрететін   нағыз   ұстаздар   болуға   тиіс.

Сахна қайраткерлері мен  радио,  теледидар қызметкерлеріне тілге  келгенде

қойылатын талап – айтылмақ сөздің (бұл жердегі “сөз” деп отырғанымыз –

жеке сөздер емес, жалпы  айтылмақ  ой, хабар т.т.)  анық  және әсем болуы.

Анықтықты  актерлер,  әншілер,  дикторлар,  негізінен,  сөйлеу   техникасын

жетілдіру  мен   сөз   логикасына  көңіл   қою  амалдары  арқылы   қамтамасыз

етсе,  әсемдік  пен  әсерлілік,   негізінен,   сөзді   дұрыс   әрі   көркемдеп   айту

арқылы   жүзеге   асырылады.   Ал   құлаққа   естілер   сөздің  көркем   айтылуы

дегеніміз – оның үнді, әуезділігі (музыкалылығы). Үнділік  сөйлеу  үстінде

дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, тілдің табиғи дыбыс заңдарына бағынып

айтылуы  арқылы пайда  болады. Дыбыстар  әуезін (гармониясын) сақтау –

сахна сөзі  мен радио,  теледидар сөздеріне мамандық тұрғыдан қойылатын

талаптардың бірі.

Тіл жайындағы әңгіме бүгінгідей арнайы көтерілмеген күннің өзінде де

қазақ   сахна   өнері   мен   радиосының   өмірге  келген  алғашқы   кезендерінде

қазақ   сөзі   бұларда,   негізінен,   дұрыс,   көркем   түрде   айтылып   келді.   Қазақ


сахна шеберлерінің алғашқы буындары өз мамандықтары  бойынша  білім-

ғылымның   теориялық   жағын   оқып   білмесе   де,   қазақ   тілінің   ана   сүтімен

кірген   нормаларын   іштей   түсініп,   тілдің   табиғи   үйлесімін   бұзбай   айта

білген, сөз арқылы жететін өнерді көрерменге (тыңдаушыға) жақсы ұсына

білген.   Ал   соңғы   кезеңдерде   бұл   орайда   бірнеше   объективті-субъективті

себептермен   тыңдаушыларды  да,   педагог,  режиссерлёрды   да,   әсіресе   тіл

мәдениетін   қадағалаушы   ғалымдарды  да  алаңдатар   жайттар   пайда   бола

бастады. Олар:

1)  драма  актерлері  мен  опера   және  эстрада  әншілерінің,   сондай-ақ

радио   мен   теледидар  дикторларының,   комментаторларының,   жергілікті

тілшілерінің,   кинодубляж   жасаушылардың   қазақ   тіліндегі  дауысты,

дауыссыз дыбыстардың үндестік заңдары – сингармонизм заңдылықтары

деп аталатын табиғи гармониясын (үйлесімін) сақтамай, бұзып айтулары;

2) сөйлеу үстінде болатын логикалық паузалар, яғни ой екпіні түскен

сөздерді сәл кідіріп, бөліп айтуды  немесе  сөздердің мағыналық топтарына

қарай   қажет   жерінде   оларды   айрықша   бөліп,  я  болмаса   ұластыра   қосып

айту сәттерін біле бермеу;

3) “қос қанаттың сыңары” деп келген орыс тілінің әсеріне байланысты

кейбір   қазақ   тілі   дауыстыларын   сәл   өзгертіп   (орыс   тіліндегіше)   айту

фактісі;


4) әрбір сөйлемнің мағыналық интонациясын тап баса алмағандықтан,

оның ішіндегі сөздерді дұрыс айта алмаушылық;

5) қазақ  сөздеріндегі жіңішке дауысты  дыбыстарды кейбір әншілердің

жуандатып  (айтеуыр,   саулем,  саулем,  саулемсың)  немесе,  керісінше,   жуан

сөздерді жіңішкертіп айтулары (мені сүйген бір әдәм бар) т.т.

Әрине,   бұл   көрсетілген   кемшіліктер   мен   ағаттықтардың   орын   алу

себептері біреу емес, бірнешеу. Ең алдымен, жоғарыда айтылған проблема

алдымыздан тағы шығады, яғни күні бүгінге дейін қазақша тіл мәдениетіне,

орфоэпиялық  норма  дегендерге,   логикалық   екпін,   логикалық   паузаларды

дұрыс   сақтай   білуге   отбасы   мен   балабақшадан   бастап,   тіпті  институт,

университеттерге   дейін   жеткілікті   мән   берілмей   келе   жаткандығының

салдары сахна, радио, теледидардан айтылатын сөзге де кері әсерін тигізіп

отыр.

Екіншіден,   қазіргі   барша   шаруамыз   жазу   арқылы   жүретіні   мәлім.



Актерлар пьесадағы рөлдерін жазылған  текст бойынша  игеріп, жаттайды,

әншілер   де   шырқайтын   өлең   текстерімен   қағаз   арқылы   танысады,

дикторлар  да  жазылған   тексті   алдарына   қойып  немесе  көз   алдында

жылжып өтіп жатқан лентадан оқып отырады, радио хабарлары да көбінесе

жазылған   дүние  бойынша   айтылады  (оқылады).   Осыдан   барып  ауызша

айтылған  тексте   жазба  дүниенің   ізі  сайрап  тұрады.   Бұдан   кейбір

адамдардың орфоэпиялық ережелерді қаншама жақсы біліп тұрса да, оның

көз   жадында   сөздердің   жазылған   түрі   мықты   сақталып,   сол   қалпында

айтуға бейімдеу болатыны байқалады. Оның үстіне әрбір айтушы  (актер,

әнші,  диктор   т.б.)  аузынан   шығатын   сөзін   тындаушыға   неғұрлым   анық,

айқын,   түсінікті   етіп   жеткізуге   тырысады.   Мұндайда   әдеттегі  ауызша


сөйлеуге   тән  и н т у и т и в т і   а в т о м а т и з м г е ,   яғни   сөздің

дыбысталуының   дұрыс-бұрысын   ойламастан,  сөйлеу  дағдысы  бойынша

өзінен-өзі дұрыс шығуына (айтылуына) емес, керісінше, «осылай  айтсам,

сөзім   тыңдаушыға   анығырақ,   түсініктірек   жетеді-ау»  деген  ойға   жол

беріледі. Осыдан барып, әрбір сөзді жеке айтқандағы қалпынша дыбыстап,

колғойұлды,   бірғатар,   Алматығаласы,   күңгүркүрөп,   жаңбыр   жауұп   тұр

деудің  орнына  қол   қойылды,   бірқатар,  Алматы  қаласы,   күн  күркіреп,



жаңбыр жауып  тұр  деп жазылуынша айтатын, оқитын дикторларды күн

сайын тыңдаймыз.

Сахна   қайраткерлерінің   орфоэпиялық   нормаларды   сақтауында   жүк

олардың   өздерімен   қатар,   актерлер   дайындайтын   оқу   орындарының

педагогтеріне,   театрлардың   режиссёрларына,

 эстрада


 нөмірлерін

даярлайтын   көркемдік   жетекшілерге   артылады.  Драма  театрларының

режиссёрлары  тек спектакль  қоюшылар ғана  емес,  сол  пьесадағы  сөздің,

яғни   ойдың,   идеяның   тыңдаушыға   дұрыс,   айқын   жетуін   көздеуші   де

болулары   тиіс,   өйткені  драма  театрының   негізгі   мақсаты   –   спектакльдің

ұсынбақ   идеясын   сөз   арқылы  да  жеткізу.   Сондықтан   сахна   сөзінің

анықтығы,   құлаққа   жағымды   тиюі   –  актерлер   мен  режиссёрларға

қойылатын басты талап, негізгі шарт. Бұл талап, әрине, эстрада әншілеріне

де   кинода   сөйлейтіндерге   де   қойылады.   Өйткені   ән  тек  мелодиясының

әсемдігімен ғана емес, жүрекке жылы тиетін сөзімен де қымбат. Бұларға

сол сөзді анық, бұзбай жеткізетін тамаша дауысты әнші қосылса, ол ән, ол

ария  миллиондардың жүрегіне  жол  табады.  Мысалы,  кезінде атақты әнші

Роза Бағланованы сүйсіне тыңдағандар тек сирек кездесетін әсем үніне ғана

емес, қазақ өлеңінің әрбір сөзін анық етіп, дұрыс дыбыстап айтқаны үшін

де мейлінше тәнті болатын.

Бүгінгі   қазақ   сахна   тілінің   мәдениетін   көтеруде,   ең  алдымен,   сахна

қайраткерлерін дайындайтын оқу орындары мен театрларда жұмыс істейтін

өнер иелерінің қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын жақсы игерулеріне

күш  салу  міндетін   арқалайды.   Ол   үшін   актерлік,   режиссёрлық,   әншілік

мамандықтарына   оқыту,   үйрету   процесінде   қазақ   әдеби   тілінің

заңдылықтарын,   әр   алуан   нормалық   ережелерін   арнайы   пән   ретінде  де,

факультатив  курстар ретінде де оқытуды мықтап қолға алу қажет. Әрине,

бұл үшін арнаулы оқу құралдары, методикалық нұсқаулар мен практикалық

жаттығу   жұмыстары   ұсынылуға   тиіс.   Біздің   бұл   құралымыз   осындай

қажеттіктердің бірін өтеуге арналады.

Сөйтіп,  ауызша  сөйлеудің   өзі   екі   түрлі  болады,  бірі   –   күнделікті

тұрмыста   қолданылатын  а у ы з е к і   с ө й л е с у   т і л і ,   екіншісі   –  т о п

а л д ы н д а   а у ы з ш а   с ө й л е у   (орысша   “публичная   речь”).  Жоғарыда

көрсетілген   салалардың   барлығы   үлкенді-кішілі  топ  алдындағы   сөйлеуге

жатады,  яғни жиын-жиналыстарға қатысушылар  да, мектеп  кластары  мен

студенттер   аудиториялары  да,  мың-мыңдаған  радио  тыңдаушылар  мен

теледидар тамашалаушылар да, сахна өнерін қызықтаушы көрермендер де –

барлығы да “шаршы топ” (публика). Топ алдына ауызша түрде шығатын сөз

қалай болса солай, бейберекет айтыла салмауы керек әрі құлаққа жағымды



болуы шарт. Басқаша айтқанда,  шаршы топқа ауызша  ұсынылатын сөздің

нәрі (мағынасы) мен сазы (жағымды, табиғи үні) болуға тиіс.



СӨЗ САЗЫ, ЯҒНИ СӨЗДІ ДҰРЫС АЙТУ

(ДЫБЫСТАУ) ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

С  ө з   с а з ы   дегеніміз –  сөйлеу  үстінде (актісінде) сөздердің дұрыс

айтылып, құлаққа жағымды естілуі. Ал сөздерді дұрыс айту дегеніміз тілдің

табиғи дыбыс заңдылықтарын сақтау болып табылады.

Қазақ тілінің, өзге де ұлттық әдеби тілдер сияқты, екшеліп, қырланған,

тұрақталған,   жалпыға   ортақ   заңдылықтары,   яғни   нормалары   бар.   Ол

заңдылықтардың   бір   бөлегі   сөздерді   дұрыс   таңдап,   орнымен   жұмсауға

қатысты   болып   келеді,   оны  л е к с и к а л ы қ   н о р м а л а р   деп   атаймыз,

енді   бір   саласы   сөздерді   бір-бірімен   дұрыс   байланыстырып,   сөйлемдерді

құрастыра   білуге   қатысты  болып  келеді,   оны  г р а м м а т и к а л ы қ

н о р м а л а р   дейміз.   Дұрыс   жазу   заңдылықтарын  о р ф о г р а ф и я л ы қ

н о р м а л а р ,   ал  дұрыс  айту  (дыбыстау)   заңдылықтарын  о  р   ф  о  э   п  и

я л ы қ   н о р м а л а р  деп атаймыз. Бұлар – ғылымдағы атаулар.

Соңғы  орфоэпиялық  нормалар  деп  отырғанымыз  жоғарыда  айтылған

“сөз   сазы”  деген   ұғымға   қатысты.   Бұл   нормалардың   барлығының  да  тіл

үшін бір-бірінен артық-кемі жоқ, маңызы бірдей. Сауатты, мәдениетті адам

үшін дұрыс сөйлеп, қатесіз жазу қандай міндет болса, сөздерді дұрыс айтуы

(дыбыстауы) сондай шарт. Бұл нормаларды берік сақтап, іс жүзінде ұстана

білу   “тіл   мәдениеті”   деген   үлкен   бір   әлеуметтік   мәні   бар   құбылысқа,

талапқа   барып   тіреледі.   Осыдан   барып   “тіл   мәдениеті”   дегеннің   ішінен

“ауызша сөйлеу мәдениеті” деген саланы бөліп әңгіме етуге болады.

Алдымен,  а у ы з ш а   с ө й л е у   м ә д е н и е т і   м е н   с ө й л е у

т е х н и к а с ы   дегендер   бір   нәрсе   емес   екенін  ескеру  қажет.   Сөйлеу

техникасы  сөйлеушінің,   яғни   актердің,   диктордың,   мінбеден   сөйлейтін

шешеннің, кафедрадан сөйлейтін мұғалімнің ө з   д а у с ы н   м е ң г е р у і н е

байланысты   сөз   болады.  Адамның   өз   даусын   меңгеруі   оның   тынысына,

сөйлеу   мүшелерінің   қызметіне,   интонацияға,   сөйлеу   шапшаңдығына

(темпоритмге), паузаға,  дикцияға  байланысты болады.  Біздің әңгімеміздің

өзегі сөйлеу техникасы емес, сөз сазы, яғни сөйлеу мәдениеті.

Сөйлеу мәдениеті дегеніміз  ауызша  сөйлеудің жалпы тіл мәдениетіне

қойылатын   талаптармен   қатар,   өзіне   тән  нормаларды  сақтауы   болып

табылады. Бұл нормаларға сөйлеу үстінде сөздерді дұрыс дыбыстау, сөздің

сазын келтіріп айту тәртібі жатады.

Сөздің сазын келтіріп айту әсіресе  шаршы топ алдына  шыққандарға

қойылады.   Шаршы  топ   алдында   сөйлеушілердің   өзі   біркелкі   болмайды.

Жиналыстарда  ойын   ауызша  білдіретіндер   мен   жазып   алып   оқып

беретіндер, спектакльдерде ойнайтын актерлар мен табан аузында репортаж

жүргізетін   журналистер,   комментаторлар,   дикторлар  мен   интервью

берушілер,   әрине,   бірдей   емес.   Бірқатары   жазылғанды   оқитындар   болса,

енді бірқатары – табан аузында ауызша сөйлейтіндер. Бірақ барлығы да топ



алдында  шығатындар болғандықтан, олардың  ауызша  сөйлеу нормаларын,

оның ішінде орфоэпиялық заңдылықтарды сақтаулары қатаң талап етіледі.

Әдетте  актер  жазылған   пьесаның   сөздерін   айтады,  диктор  жазылған

материалды   оқиды,   лекторлар   көбінесе   жазылған   текске   қарап   сөйлейді.

Демек,  олар   әдеби   тілде   дайындалған   сөзді  ауызша  айтып   жеткізушілер

ғана   сияқты.   Сырт қарағанда,   бұларға   тіл  мәдениеті   жөнінен  көп  салмақ

түспейтін тәрізді болып көрінеді. Ал, шындығында, тілге қатысты ең үлкен

талаптың бірі осыларға қойылады. Өйткені сөйлеу мәдениетінің бір шарты

жазылған  материалды   немесе  айтылмақ   ойды   дауыс   ырғағын   дұрыс

келтіріп,   табиғи   түрде   оқып  немесе   айтып   беру,  яғни  сөз  сазын   келтіріп

дыбыстау болса, бұлардан сол талап етіледі.

Сөздің  жеке  тұрғандағы   дыбысталуы   мен   сөйлеу   үстіндегі   айтылуы

әрдайым бірдей  болып  келмейді.  Сол  сияқты сөздердің жазылған түрі мен

оның   оқылуы  да  үнемі   бірдей   түсе   бермейді.   Сөйлеу   үстінде  немесе

жазылғанды   оқып  беру  процесінде   сөздер   бір-бірімен   “тіл   табысып”,

үндесіп, үйлесіп  жатады. Сол  үйлесімдік үшін сөздердің кейбіреулері бір-

екі дыбысын “сындыруға”, өзгертуге, кейде тіпті жоғалтуға дейін барады.

Мұндай   үйлесімдік   –   қазақ   тілінің   ғасырлар   бойы   қалыптасқан   табиғи

заңдылықтары.

Әрбір тілдің өзіне ғана тән дыбысталу ерекшеліктері – сол тілді өзге

туыс   тілдерден   бөлек   дербес   тіл   етіп   тұратын   белгілердің   бірі.   Ол

ерекшеліктер   сақталмаса,   сол   тілдің   табиғатына   нұқсан   келді  деген   сөз.

Мысалы, алдыңғы сөз а, е, ы, і сияқты дауысты дыбыстарға аяқталып тұрса

немесе р, л, з, й, үнді у (тау, бау деген сөздердегі) дыбыстарына аяқталған

болса, дауыс ырғағы жағынан сол сөзбен тұтасып айтылатын келесі сөздің

басқы  қ,  к  дыбыстары  ұяңдап,  ғ,  г  дыбыстарына  алмасады.  Мысалы,  бала



кезде, келе қалды, күні кеше, кез келген, бұл күндері, қол қойды, қаз-қатар, ай

қабақ  деп   жазылған   сөздер  балагезде,   келеғалды,   күнүгеше,   кезгелген,

бұлгүндөрі, қолғойдұ, қазғатар, айғабақ болып айтылуға тиіс.

Біріккен   сөздердің   ішінде   де   аралық  дыбыстары  жоғарыдағы

көрсетілген   түрде   келгендері   осылайша   “сындырылып”,   яғни  қ,  к

дыбыстары  ұяңдап  айтылады.  Сондықтан  Меңдіқыз,   Талдықорған,



Жезқазған, Жаңақорған, өнеркәсіп, бірқатар, қылқалам  түрінде  жазылатын

біріккен  сөздер  Меңдіғыз,   Талдығорған,   Жезғазған,   Жаңағорған,   өнөргәсіп,



бірғатар,қылғалам болып айтылуы керек.

Сөздер  аралығындағы   бұл  дыбыстар  керісінше   орналасқан   жағдайда

да,  яғни   алғашқы   сөз  қ,  к,  п  дыбыстарына  аяқталып,   бір   ырғақпен

айтылатын  келесі  сөз   дауысты  дыбыстардан   басталса,   бұл   дауыстылар

алдыңғы   қатаң   дыбыстарды   “сындырып”,   жұмсартады,   яғни   ұяндатып

жібереді.  Мысалы,  шекара,   көк   ала,   көкөніс,   қарап   отыр,   сатып   алдым

сияқты  сөздер  шегара,   көгала,   көгөнүс,   қаработұр,   сатыбалдым  болып

айтылуы – заңдылық.

Мектепте   қазақ   тілі   бағдарламасының  фонетика,   грамматика

салаларынан “қазақ тілінің үндестік заңдары” деген тақырып өтіледі. Тіл

білімінде “үндестік заңы” дегеннің баламасы ретінде “сингармонизм” деген


термин  қолданылады.   Әдетге  дауысты  дыбыстың   жуан-жіңішкелігі

жағынан қосымшаларды өзіне үйлестіруін “сингармонизм” деп атап келдік.

Ал,   шындығында,  сингармонизм  тек   дауыстылардың   үндесуі   емес,   сөзді

құрап   тұрған   барлық   дыбыстардың   біркелкі  не  жуан,  не  жіңішке   болып

үндесуі екенін соңғы кездердегі зерттеулер  баса  айтады

1

. Оның үстіне бұл



үндестік   қазақтың   төл   сөздеріне   және   ертеректе   енген   кірме   сөздерге,

олардың   бір  буынды  түрлеріне   де,   көп   буындыларына  да  тән   екендігі

көрсетіледі

2

, яғни сөздің қалай таңбаланғанына қарамастан, ішінде жуан-



жіңішке   дауысты   дыбыс   әріптері   жазылғанмен,   тұтасымен  не   жуан,   не

жіңішке дыбысталуы тиіс деп танылуы қажет. Мысалы,  кітап, күмән, кінә

деп жазылған сөздердегі дыбыстар кітәп, күмән, кінә түрінде үндессе, біраз,

бірақ,   қауіп,   қазір  сияқты   сөздер   тұтасымен  жуан   айтылып,   олардағы

дыбыстар быраз, бырақ, қауып, қазыр (немесе кәзір) болып үндеседі.

Міне, осы  сияқты  сингармонизм  заңы жазудың ыңғайымен, яғни  бір

сөз ішінде жуан да, жіңішке де дауыстылардың жазылғанына қарай, өзінің

табиғи   түрде   айтылуын   бұзып   жіберетін   фактісі   байқалады.   Мұндайда

дыбыстау автоматизмінен гөрі, сөзді “ойланып” айту жүзеге асады: қа+зір,



бір+аз, бі+рақ.

Қазақ   тіліндегі  сөздер  сингармониялық   тембріне   қарай   жалпы  төрт

түрде   үндеседі:  олар  ж у а н ,   ж і ң і ш к е ,   е р і н д і к ,   е з у л і к .

Жоғарыда   көрсеткеніміз   –   жуан-жіңішкелікке   қарай   үндесу,   ал   еріндік-

езулік   дыбыстардың   бір-біріне   ықпалына   қарай  болатын   гармония  ерін

үндестігі деп аталады. Сөз басында немесе сөздің бірінші буынында келген

о, о, ұ, ү еріндік дауыстылары сол сөздің ішіндегі өзінен кейінгі буындарда

жазылған  ы, і, е  дауыстыларын өздеріне үндес  етіп айтқызады.  Мысалы:

күмүс  (жазылуы:  күміс),   құлұн  (жазылуы:  құлын),   үйрөнүу  (жазылуы:

үйрену).Үндесудің бұл түрі де жазудың әсерімен бұзылып, еріндік, езулік

дауысты   дыбыстар   аралас   айтылатын  фактілері  бар.  Айталық,  құрұқ,



күлүмгөз, өлөң, өнөр, өсүм деп дыбысталуға тиісті сөздерді құрық, күлімкөз,

өлэң немесе өлең, өнэр, өнер, өсім деп айту жиі кездеседі.

Тек  үндестік   заңдары  бойынша   емес,   қазақ  тілінің  орфоэпиялық

заңдылықтары   өзге   сәттерде  де  орын   алады.  Мысалы,  бір   әуенмен

(ырғақпен)  айтылатын  екі   сөздің   арасындағы   (алдыңғы   сөздің   соңғы

дыбысы мен  келесі сөздің  басқа дыбысы)  дауыстылардың бірі “жұтылып”

кетеді,   дәлірек   айтсақ,   соңғысы   алдыңғысын   “жұтып”   қояды.  Мысалы,



Сары   арқа  деген  екі  сөз  бір   әуенмен,   яғни   қосылып   айтылуға   тиіс,

сондықтан   оның   дұрыс   дыбысталуы   –  сарарқа.  Сол   сияқты  келе  алмады

деген күрделі етістік те бір әуенмен айтылатын сөздерден тұрады, оның да

орфоэпиялық суреті – келалмады болу керек. Бұлардың екеуінде де алдыңғы

сөздің соңғы дауыстысы “түсіп қалып”, аралық тұста соңғы сөздің алғашқы

дауыстысымен екі сөз қосылып айтылады.

1

1

 Строй казахского языка. Фонетика. - Алматы: Наука, 1991. - С. 70.



2

2

 Сонда, 73-бет



Сөздердің   жазылған   түрі   (графема)   мен   дыбысталу   (айтылу)  сазы

бірдей  бола  бермейтіндігі  и  әрпімен  келген  сөздерде  де   көзге  түседі.

Анығында, бұл бір таңбамен  ый, ій  деген дыбыстар  қосындысы (тіркесі)

таңбаланады:  сипат –  айтылуда:  сыйпат, сиыр –  айтылуда:  сыйыр, шикі  –

айтылуда:  шійкі, ақ тиін  –  айтылуда:  ақ тійін.  Жеке  айтқанда  и  таңбасын

жіңішке дыбыстаймыз. Екі-үш (көп) буынды сөздерде келген (жазылған) и

әрпін жуан не жіңішке дыбыстау оңай, ол сол сөздегі өзге дауыстылардың

ыңғайымен айтылады. Мысалы, бір тиын (ақша) дегенде, и-ді сөз ішіндегі



ы-ға   қарай   жуан   айтамыз:  тыйын,   ақ   тиін  дегенде  келесі   буындағы  і

жіңішке  дауыстыға  қарай  ій  етіп айтамыз:  тійін.  Ал бір  буынды  сөздерде

жазылған и әрпін айтуда қиындық тууы мүмкін. Мысалы, ми деп жазылған

сөз мый ма әлде мій ме? Мұндайда осы сөзге іштей қосымша жалғап көріп,

егер ол жуан жалғанса (мыйы+ма қонбайды, мый+ы жоқ дегендер сияқты)

мый  деп айту керек болады.  Сондықтан жазылуына  қарап,  и  дыбысының

жіңішкелігін еске алып,  мій  деп айтуға  болмайды. Сол  сияқты  бидай  деп

жазылған   сөздің   алғашқы   буынын   жіңішке  (бій),  соңғысын  жуан  (дай)

дыбыстау қазақ тілінің дыбыс әуеніне қайшы келеді, бұл сөздегі би буыны

таза  бый  да   емес,   сондықтан  болар,  айтылуда  бұл  сөз  көбінесе  бұйдай

түрінде келеді. Әрине, қазіргі жазуымызда бір әріппен әрі жуан, әрі жіңішке

дыбыстар  қосындысын   таңбалау   ұтымды   болмай   шықты.   Әсіресе   сөзді

буындауда, соған қарай дұрыс тасымалдауда қиындық пайда  болып  отыр.

Қазақ тілінің буындау тәртібі (заңы) бойынша екінші, үшінші буындар еш

уақыт  дауысты  дыбыстан басталмауы  керек, тек  дауыссыздан  немесе  үнді

(сонор)  у, й  дыбыстарынан басталуы тиіс:  қа-ла-лық (қал-ал-ық емес), та-

уық   (тау-ық   емес),   қа-йық   (қай-ық   емес).  Мұны   бұдан   80-90   жыл   бұрын

Ахмет Байтұрсынов жақсы көрсетіп, айтып берген-ді

1

. Ал қазіргі емлеміз



бойынша  сиыр, қиыр, тиын, тиін, тиіс  деген сөздерді қалай буындаймыз?

Дұрыс буындалуы:  сы-йыр, қы-йыр, ты-йын, ті-йін  болуы керек. Ол үшін



сыйыр,   қыйыр,   тыйын,   тійін  деп   жазылуы   керек  еді.  И  дыбысының   бір

буынды  сөздерде  жуан   не  жіңішке   айтылуының   (яғни   бұл   әріптің  ый

немесе  ій  деген   дыбыстар  қосындысын   таңбалауының)   сөз   мағынасын

айыруда үлкен мәні бар. Сол себептен қазіргі емле ережелерімізде ескерту

(ауытқу)   ретінде  тый/ти,   сый/си  деген   сөздерді   осы   көрсетілген   түрінде

жазылады деп  көрсетіп келеміз. Қалған тұлғалардың бәрінде  и  әрпі жуан

дыбыстың да, жіңішке дыбыстың да таңбасы болып жазылатындықтан, бұл

әріппен келген сөздерді дұрыс айтуда ұқыптылық қажет.

Сөз  сазына  келгенде,  мәселе  тек  үндестік   заңдарымен  немесе

дыбыстар кірігуі (жұтылуы) сияқты құбылыстармен шектелмейді. Ғылыми

тұрғыдан келгенде, шешіліп (зерттеліп) жатқан, әлі де қарастырыла түсуге

тиісті  мәселелер  аз  емес.  Әсіресе   тіл-тілдің  дыбыстар  жүйесін  машинаға

салып бақылау барысында оны құлақпен есітіп қана талдау әдісі толымсыз

екендігі   айқындалып   отыр.   Мамандардың   айтуына   қарағанда,

эксперименттік-фонетикалық әдіс дыбыстаудың құлаққа естілмейтін нәзік

1

1



 

Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы, 1992.

сәттерін   тануға   мүмкіндік   береді,  осының  нәтижесінде   құлақпен

тыңдағанда   тұтас   дүние   болып   естілетін   кейбір  дыбыстар   артикуляция

(айтылуы)  жағынан   бірнеше  элементтен  тұратындығы   байқалады   екен

1

.



Сөздің   жеке   тұрғандағы  дыбыстық   құрылымы   мен   фразадағы

құрылымында айтарлықтай өзгешелік бар екендігі  тек қазақ  тілі  бойынша

емес,  өзге   тілдердің   материалдары  бойынша   да  дәлелденуде.   Зерттеуші

Мұхаметжан  Исаев  қазақ   тілінде   сөздердің   сөйлем   ішінде   орналасуы

(айналасы) олардағы дауыстылардың айтылуына әсер етеді дейді

2

.



Қазақ  тілінің   дыбыстық   жүйесін   зерттеуде  дифтонгоидтық  деп

аталатын   құбылысқа   ерекше   назар   аударылады.   Бұл   –  е,   о,   ө  сияқты

дауыстылардың   алдында  й,  у  деген  қосамжар   дыбыстардың   айтылуы

(естілуі). Әдетте мектеп оқулықтары мен орфоэпиялық ережелерімізде е, о,

ө  дауыстыларының қосарланып дыбысталуы, яғни олардың  алдында  й,  у

қосамжар элементгерінің айқын байқалатын жері сөздің басында келуі деп

айтылып   жүр.   Ал   қазақ   фонетикасын   эксперименттік   әдіспен   зерттеуші

маман   Ә.Жүнісбековтің   көрсетуі  бойынша  е  дыбысынын   дифтонгоидтық

сипаты   дауыссыздан   кейін   тұрғанда   едәуір   әлсірейтіндігімен,   мүлде

жойылып кетпейді екен

3

 , яғни бес, бет, бер сияқты сөздердің айтылуында



да  е  дыбысы  э-ге   жуықтап  емес,   алдынан  сәл  й  қосамжар   элементі

қатысатындығы   машинаның   (эксперименттің)   көрсетуінен   ғана

байқалмайды,   тіпті  ауызша   айту   мен  құлақпен   естуде   де   байқалады.

Мысалы, орыс  тіліндегі  бес  (жын, сиқыршы) сөзі  мен қазақ  тіліндегі  бес

(сан)   сөзін   әр   тілдің   өз   орфоэпиялық   заңымен   дұрыс   айтып   көріңіз.

Зерттеушілер   аталған   дыбыстың  дифтонгоидтық   сипаты   орыс  тіліне

қарағанда,   әлдеқайда   күшті   болғандықтан,   қазақ   тіліндегі  е  дыбысымен

келген  кейбір   есімдерді  орысша  таңбалауда   оның   естілуіндегі

дифтонгоидтік  сазы  (йе  болып айтылуы) әсер  етіп,  е-мен жазылуға тиісті

тұстарында  и  әрпі  жазылып  кеткенін   көрсетеді.  Мысалы,   Алматы

маңындағы үстіне тау құлап, жоғалып кеткен Есік көлін Иссык деп, Шелек

деген жер атауын Чилик деп жазылып жүргенін білеміз

1

.

Қосамжар   дыбыстар   көрінісі,   яғни  протеза  құбылысы  ы,   і  қысаң



дауыстыларының жазылу-жазылмау, соған орай айтылу-айтылмау мәселесін

де   қамтиды.   Бұл   мәселеге   арнайы   назар   аударған   зерттеушілер

(Ш.Сарыбаев, Б.Қалиев, С.Кеңесбаев, И.Ұйықбаев т.б.) қолданылып жүрген

емле ережелерімізде сөз ішінде және сөз басында  ы, і әріптерінің жазылу-

жазылмауында   қайшылықтар   бар   екенін   айтады.   Шынында   да   солай.

Әрине,   сөздің  жазылуы,  яғни  орфография  ережелері   –  өз   алдына   бөлек

1

1

 



Зиндер Р.Л. Общая фонетика. - Л., 1961. - С. 70.

2

2



 Исаев М.К. Фразовые модификации гласных в структуре казахского слова. - Сб. 

Вопросы казахской фонетики и фонологии. - Алма-Ата, 1979.  - С. 92-97.

3

3

 Джунисбеков А. Заметки о фонеме (е) в казахском языке. - Сб. Вопросы казахской 



фонетики и фонологии. -  Алма-Ата, 1979. - С. 90.

1

1



 Сонда, 90-бет. 

дүние,   бірақ   біз   әңгіме   өзегі   етіп   отырған   сөз   сазына,   яғни   орфоэпияға

қатысы  зор,  әсері  бар   мәселе.   Сондықтан  емле  заңдылықтарының  бірізді

болып  келуі  сөздерді   дұрыс  дыбыстауға  жәрдемін  тигізеді.   Дегенмен  сөз

сазының, яғни  графема мен  фонеманың әрдайым үйлес келе бермейтіндігі

белгілі, сондықтан қалай жазылса, солай оқу мүмкін  емес болады.  Қазіргі

емле   ережесі  бойынша  сахна,  рахмет,  ресми  сияқты   бес-он   сөздің   екі

буынының   ортасына  ы,   і  әріптерін   кірістірмей   жазып   жүрміз.   Сондай-ақ

ерін, орын, халық, ауыл, әріп, көрік, құлық сияқты сөздерге -ым, -ың, -ы (-ім,

-ің,  -і)  деген   тәуелдік   жалғаулары   жалғанғанда,   екінші   буындағы  ы,  і

дыбыстары   “сусып   түсіп   қалады”   деп,   олардың   таңбаларын   жазбаймыз:

орным, орның, орны, халқы, халқымыз, аулым, аулың, әрпі, көркі, құлқы (мінез-

құлқы)  т.т.   Ал   осыған   ұқсас   екінші   буыны  ы,   і  дыбыстарымен   келетін

сөздердің енді бір тобында тәуелдік жалғаулары жалғанғанда, ы, і әріптерін

түсірмей жазып жүрміз: дауыл – дауылы, қайыс – қайысы, бауыр – бауыры,

ойын – ойыны, құйын – құйыны.  Екінші буыны  ы, і  дыбыстарымен  келетін

сөздер  қ,  к  сияқты   қатаң   дыбыстарға   аяқталған   болса   және   тәуелдік

жалғаулары   жалғанғанда,   бұл   қатаң  дыбыстар  ұяндап   кететін   болса,   ол

күнде ы, і дыбыстары түсірілмейтіндігі тіпті даусыз: қайық – қайығы, түлік



– түлігі, қорық  –  қорығы, көрік  –  ұстаның көрігі, қалып  (форма) –  қалыбы.

Мұндай  сөздерге  тәуелдік жалғаулары жалғанғанда, олардың соңғы қатаң

дыбысы  ұяңдамаса,  ы,   і  әріптерін   түсіріп   жазамыз:   “әдемі   жүз,   шырай”

мағынасындағы  көрік  сөзі   тәуелденгенде,  көркім,   көркің,   көркі  болады,

“мінез-құлық” дегендегі  құлық  сөзі  құлқы  болып тәуелденеді де,  құлақтың

құлығы дегендегі құлық сөзі құлығы болып өзгереді.

Дауысты дыбыстарға аяқталатын сөздерге дауыстыдан тұратын немесе

дауыстыдан  басталатын қосымшалар жалғанғанда,  я болмаса  дауыстыдан

басталатын сөз тіркес құрай ұласа айтылғанда, қысаң ұ, і дыбыстары айтуда

да, кейде жазуда да түсіп қалады: жеті+еу – жетеу, қара+ағаш – қарағаш,

сары+алтын – саралтын (айтылуы).

Осы  реттегі қысаң  ы, і  дыбыстары  түсіріліп  не  сақталып жазылатын

сөздердің қай-қайсысын айтуда да біздің “сусып түсіп қалады” деп жүрген

құбылысымыз абсолюттік емес,  яғни сөздің  айтылуында  ы,  і  дыбыстары

мүлде   “ғайып”  болмайды,  олардың   сарқыншағы   сақталады.   Атап   айтсақ,

ерні,   халқы,  ауру,  уақтылы,   қаупі,   ойна  деп  жазылған   сөздер   (айтылар-

айтылмас,   естілер-естілмес   ілеспе-протезалық  ы,   і  дыбыстарын   жақша

ішіне   алып   таңбаласақ)  ер[і]ні, хал[ы]қы, ау[ы]ру, уақ[ы]тылы, қау[ы]пы,

ой[ы]на  болып   айтылады.  Тіпті  Сарағаш,   Сарөзек,   саралтын  сияқты  ы

дыбысы  мүлде   “жұтылып”   кететін   сөздердің   өзін   дыбыстауда  да  оның

“ілеспе”   түрі   (орысша:  призвук)  сақталады:  Сар[ы]өзек,   Сар[ы]ағаш,

сар[ы]алтын.  Егер (бұл сөздерде  ы, і  қысаң  дыбыстары  мүлде “жұтылып”

(сусып, жоғалып)  кеткен болса,  ер//ні  (осылайша екі бөліп айтып көріңіз),



хал/ /қы, Сар//ағаш, сар//алтын деп айтылуға тиіс болар еді.

Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет