Қазақ тілінің анықТАҒышы


§ 1.  Қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне  әсер  етіп, өзара үйлесетін



жүктеу 2.12 Mb.
Pdf просмотр
бет14/47
Дата28.12.2016
өлшемі2.12 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
    Навигация по данной странице:
  • -ов, -ев
§ 1.  Қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне  әсер  етіп, өзара үйлесетін,

үндесетін тұстарының бірі – қатаң дыбыстардың ұяңдайтын жерлері.

Ырғақтық топ құрайтын сөздердің алғашқысы дауысты а, е, ы, і, у (ұу,

үу),  и  (ый,   ій)  дыбыстарының   біріне   аяқталса,   екінші   сөз  қ,  к

дыбыстарынан басталса, соңғылар ұяңдап, ғ, г болып айтылады.

Мысалдар: 1) Сөйлеу үстінде ырғақтық топ құрайтын анықтауыш пен

анықталғыштардың қатаң қ, к дыбыстарының ұяңдауы:



жазылуы:

айтылуы:

бала кезде

ала көлеңке

ата қоныс

жаңа қала

ескі киім

қысқы киім

қыли көз

балагезде

алагөлеңке

атағоныс


жаңағала

ескігійім

қысқыгійім

қылигөз


Мәтінмен келтірілген мысалдың айтылуы (оқылуы):

Білектей / арқасында / өргенбұрұм /

Шолпұсұ / сылдырғағып / жүрсақырын //

Кәмшәтбөрүк / ақтамақ / қарағасты /

Сұлұуғыздың / көрүппең / мұндайтүрүн // (Абай)

Мұнда  өрген бұрым, кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, сұлу қыз,



мұндай түр  деген   сөздер   –   анықтауышты   тіркестер,   бұлар   бір   ырғақпен

айтылады.  Осылардың   ішінде   жоғарғы   ережеге   мысал   болатындары



сұлуғыз, қарағасты болып айтылады.

2)  Қатар   келіп   ырғақтық   топ   құрайтын  т о л ы қ т а у ы ш   п е н

б а я н д а у ы ш ,   п ы с ы қ т а у ы ш   п е н   б а я н д а у ы ш ,   б а с т а у ы ш

п е н   б а я н д а у ы ш т а р д ы ң   араларындағы   қатаң  дыбыстар  ұяңдап

айтылады.   Мысалы:   мен  киноға   бармай,  үйге   келдім;  ол   кітап   оқығанды

жақсы   көреді;   ол   шақыртпай  өзі   келді  деген   сөйлемдердегі   курсивпен

көрсетілген сөйлем мүшелері бір ырғақтық топ құрайды, сондықтан олар



үйгөгелдім, жақсыгөрөд, өзүгелд(і) болып айтылады.

3)  Біріккен   сөздердің   бөліктері   (компоненттері)   де   бір   ырғақпен

айтылады,  сондықтан   бұлардың   екінші   бөлігінің   басындағы  қ,  к

дыбыстары  алдыңғы   компоненттің   соңы  дауысты  дыбыстарға   аяқталып

тұрса, ұяңдап айтылады:

жазылуы:

Талдықорған

қаракүйе

қарақұрт


алакөз (құс атауы)

Меңдіқыз


Сарыкөл

айтылуы:

Талдығорған

қарагүйө

қарағұрт


алагөз

Мендіғыз


Сарыгөл

4) Қос с ө з д е р д і ң сыңарлары да осы заңға бағынады:



жазылуы:

айтылуы:

баса-көктеп

қара-құра

келе-келе

қора-қопсық

басагөктеп

қарағұра


келегеле

қорағопсұ

5)   Сөйлем   ішінде   сөз  дауысты  дыбыстарға   аяқгалып,   оған   қатысты

шылаулар қ дыбысынан басталса, шылаудың басқы дыбысы ұяң айтылады:



жазылуы:

желге қарсы

үйге қарай

елу қаралы

екі қайтара

үй қасында



айтылуы:

желгеғарсы

үйгөғарай

елүуғаралы

екіғайтара немесе

екқайтара

үйғасында

1-баптағы (параграфтағы) ережеге қарап мына өлең шумағының дұрыс

айтылуын   (оқылуын)   көрсетіндер,   ол   үшін,   әрине,   мұндағы   сөздерді

ырғақтық топтарға бөліңдер; бұл мәтінде ырғақтық топтардың қайсысының

айтылуы берілген ережеге қатысты екенін айтыңдар.

Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген,

Қыз қайда құдашадай көзі күлген.

Алыстан ат арытып келгенімде,

Шақыртпай еш адамға өзі келген.

§ 2. Ырғақтық топ құрайтын екі сөздің алдыңғысы з, ж, р, л, м, н, ң, й,

үнді  у  (тау,  бау  деген   сөздердегі)   дыбыстарына   аяқталса,   келесі   сөздің

басындағы қ, к дыбыстары ұяңдап, ғ, г болып айтылады.



Ырғақтық

жазылуы:

айтылуы:

топтар: 

жез қазған

Жезқазған

Жезғазған

өнер кәсіп

өнеркәсіп

өнөргәсіп

бал қаймақ

бал қаймақ

балғаймақ

тай келтір

Тайкелтір

Тайгелтір

аман келді

Амангелді

Амаңгелді

қаз қатар

қаз-қатар

қазғатар

азан қазан

азан-қазан

азаңғазан

жылан көз

жылан көз

жылаңгөз

сонымен қатар

сонымен қатар

сонұмеңғатар

қой көз

қой көз


қойгөз

қай қайдағы

қай-қайдағы

қайғайдағы



Бұл  ережеге   мысал  ретінде  мына  үзінділердің   дұрыс   айтылу   түріне

назар аударыңыз:



Қарағым / айналайын / келдіңғайдан //

Алүйрек / алмамойұн / ұшарсайдан //

Ейғалқа / мекеніңді / айтыпқойшұ //

Адамның / жатполмағы / осұндайдан // (Халық өлеңі)

Мына   шумақтарды   ырғақтық   топтарға   ажыратып,   дұрыс  айтылуын

көрсетіңдер, жоғарғы ережеге сай келетін сөздерді табыңдар:

Салмасам, Айнамкөзге ән болмайды,

Кимесем екі бешпент сән болмайды,

Ойнасаң, өзің теңдес жаспен ойна,

О дағы алғаныңнан кем болмайды,

Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы,

Біреудің мен де өзіңдей боз тайлағы.

Есіме, беу қарағым, сен түскенде,

Қайнайды зығырданым қай-қайдағы (Мұхит)

§   3.  Ырғақтық   топқа   енетін   сөздердің   бірінші  сыңары  қ,  к,  п  деген

қатаң   дыбыстарға   аяқталса,   келесі  сөз   дауысты  дыбыстардың   біреуінен

немесе ж, з сияқты ұяң дыбыстардан және р, л, м, н, й, у деген сонорлардан

басталып тұрса, алдыңғы қатаң дауыссыздар ұяңдап ғ, г, б болып айтылады.

Мысалы,  шекара, сатып алды, қонақ үйі, кәсіподақ, келіп еді, қашық жер,

бекзат,  көк орамал  деген   сөздер   айтылуда:  шегара, сатыбалды, қонағұйү,

кәсібодақ, келібеді, қашығжер, бегзат, көгорамал болып дыбысталады.

Бұл ережеге мысал ретінде мына шумақтардың дұрыс оқылуына назар

аударыңыздар және жазылуын көрсетіңіздер:

Атеді / бұләнімнің / Жонұбалды //

Алғандай / сұлужонұп / ерімталды //

Жасымнан / сүйібайтқан / ән болған соң //

Жаңылмай / әлігүнге / естеғалды //

Жанедім / әсемәнді / сүйүбайтқан //

Жағымды / көпкебірдей / жұрт ұнатқан //

Келетін / нақысына / жүзғұбұлұп //

Кейдөрлеп кейдешалқып / баяулатқан //  (Біржан)

§   4.  Бір   ырғақпен   айтылатын   сөздердің   алдыңғы   сыңары  с,   ш

дыбыстарына   аяқталса,   келесі   сөз  ж,   ш  дыбыстарынан   басталса,   екі   сөз

аралығында   қос  шш  дыбысы   айтылады.   Мысалы,  Досжан,   сөзшең,   бос

шылбыр,   жас   жаным  деген  сөздердің  айтылуы:  Дошшан,   сөшшең,

бошшылбыр, жашшаным. Сол сияқты алдыңғы сыңар з дыбысына аяқталса,

келесі   сыңар  ж  дыбысынан  басталса,  қос  жж  айтылады.   Мысалы,  ғазиз



жан, тоғыз жерде дегендердің айтылуы: ғазижжан, тоғұжжерде.

Осы   ережеге   байланыстырып,   “Абай”  операсындағы  Абай   мен

Ажардың  арияларынан  алынған  мына  шумақтардың  орфоэпиясын   талдап

көрелік:


жазылуы:

Бауырым жара, сөзім нала,

Дертпен келем мен бүгін.

Аямас жау мені айнала

Салды салмақ сұмдығын.

Қараңғыда жалғыз жарық

Әлсіз қолда өшер ме?

Айдарым жоқ, жеке қалып,

Зұлмат жаншып өтер ме?

айтылуы:

Бауұрұмжара / сөзүмнала/

Дертпеңгелем / мембүгүн/

Айамашшау / менайнала //

Салдысалмақ / сұмдұғұн //

Қараңғыда / жалғыжжарық /

Әлсізғолда / өшерме //

Айдарымжоқ / жекеғалып

Зұлматжаншып / өтөрме //

Бұл   заң   екі   сөздің   аралығында   ғана   емес,   түбір   мен   қосымшаның

түйіскен   жерінде  де   болады.   Мысалы,  жұмысшы,   қосшы,   басшы  деген

сөздер айтылуда жұмұшшы, қошшұ, башшы болып естіледі.

Осы   ережені   ескеріп,   мына   сөздердің   дұрыс   айтылуын   жазып   және

оқып көрсетіңдер.



Қыз Жібек, Бозжігіт, ауызша, орысша, көзсіз (батыр), құшсаң, көшсін,

қас жақсы, қас жаман, жас жарым, Көзжақсым, еш жұмысы  (жоқ), бес

жылдық  (оқу),  үш   жылдық   жоспар,   қазша  (мамырлаған),  қасша

(дұшпанша), жазшы, тас жер.



§ 5. Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алғашқысы з деген ұяң дыбысқа

аяқталса,   келесі  сөз  с  деген  қатаң   дыбыстан   басталса,  айтылуда  қос  сс

болып   естіледі.   Бұл   заң   түбір   мен   қосымшаның   аралығына  да  тән.

Мысалдар:  жүз   сом,   жаз   сайын,   сөзсіз,  бұлардың  айтылуы:  жүссом,



жассайын, сөссүз.

Бұл ережеге жаттығу ретінде “Айман-Шолпан” пъесасынан Жарастың

мына сөзін келтірейік:

жазылуы:

Құдаға кел, жамағат, көз 

салайық,

Жарасқан сән-тұрманын

біз санайық.

Маржаны құмалақтан,

құрымжелек,

Қамшыны жібек бауға

шамалайық.

айтылуы:

Құдағагел / жамағат / көссалайық

/

Жарасқан / сәнтұрманын /



біссанайық //

Маржаны / құмалақтан /

құрұмжелек

Қамшыны / жібекпауға /

шамалайық //

§ 6.  Бір ырғақпен  айтылатын  сөздердің алдыңғы сыңары  н  дыбысына


аяқталса,   келесі   сыңары  қ,   к,   ғ,   г  дыбыстарының   бірінен   басталса,  н

өзгеріп,  ң  болып айтылады. Мысалы:  Аман+келді,  айтылуы  Амаңгелді  (бұл

жерде   ілгерінді-кейінді   ықпал   болып   тұр:   ілгергі  н  дыбысы  кейінгі  к

дыбысын г дыбысына айналдырса, г дыбысы н дыбысын ң-ға айналдырып

тұр).   Осы   сияқты  бөкен   қабақ,   жан   қалқа,   Айманкүл,   Боранғали  деген

сөздердің айтылуы: бөкеңғабақ, жаңғалқа, Аймаңгүл (бұл Аймаңкүл болып та

айтылады), Бораңғали.

Бұл ереже түбір мен қосымшаның арасындағы дыбыстар өзгерісіне де

жатады.  Мысалы:  қашанғы (қашан+ғы), түнгі (түн+гі), зиянкес (зиян+кес),

құйынға (құйын+ға)  сияқты   қосымшалы   сөздер  қашаңғы, түңгі, зыйаңкес,

құйұңға болып айтылады.

Мына мәтінді дұрыс оқып көрелік:



жазылуы:

Ішім өлген, сыртым сау,

Көрінгенге деймін-ау.

Бүгінгі дос – ертең жау,

Мен не қылдым, япырмау?!

Жан қысылса, жайтаңдап,

Жанды еріткен жайдары-ау.

Жан жай тапса, сен неге

Жат мінезсің, жабырқау.

айтылуы:

Ішімөлген / сыртымсау /

Көрүңгеңге / деймінау //

Бүгүңгүдос   /   ертеңжау   //

Меннеғылдым / йапырмау //

Жаңғысылса / жайтаңдап /

Жандеріткен / жайдарау //

Жанжайтапса сеннеге //

Жатмінессің / жабырқау //

(Абай)


Бірінші сөз н дыбысына аяқталып, келесі сөз қ, к, ғ, г дыбыстарынан

басталып  тұрған сәттің кез келгенінде мүндай өзгеріс бола бермейді, яғни

олар   бір   топқа   енбей,   екі  бөлек  топта   тұрса,   бір-біріне  әсер  етпейді.

Мысалы,  “Қарақыпшақ Қобыланды” пьесасынан Қобыландының мына бір

сөзінің дұрыс айтылуын көрелік:

жазылуы:

Ұлын құл ғып, қызын күң, 

Қақсатып болған қызылбас.

айтылуы:

Ұлын / құлғып / қызын / күң/

Қақсатыпполған / қызылбас//

Мұнда н - қ, н - к дыбыстары қатар келгенмен, бір-біріне әсер етпейді,

өйткені қатар тұрған сөздер екі бөлек ырғақта тұр, сондықтан бұл жерде қ

дыбысы ғ-ға, н дыбысы ң-ға айналмайды.

Осы   ережеге   сай  етіп,   әрі   алдыңғы   қағидаларды   ескеріп,   мына

мәтіндерді дұрыс айтып көріңдер. Ол үшін топтарға бөліп алыңдар.



Анталаған жауың көп

Қас қамауда біз қалсақ,

Жан көке, кімге тапсырдың?

Тоғай толған жылқың бар,

Қора толған қойың бар,

Жан көке, кімге тапсырдың? (М. Әуезов)

Жаңа жыл мың тоғыз жүз қырық бесінші,

Құйшы, дос! Қыран көңіл, бір желпінші!

Қан қырғын, қызыл соқта толастар ма?

Жаңа жыл, айт та маған, ал сүйінші! (Қ. Аманжолов)

§ 7.  Бір ырғақты топқа енетін сыңарлардың алдыңғысы  н  дыбысына

аяқталса,   келесісі  б,  п  дыбыстарынан   басталса,  н  дыбысы  м  болып

айтылады. Бұл заң түбір мен қосымшаның аралығында да болады.



Мысалы,  сен   бе  едің,   Құрманбек,   Дүйсенбай,   Жанпейіс,   күнбатыс,

күнбағар,   жылан   бауыр  (трактор)   деген   сөздер  сембедің,   Құрмамбек,

Дүйсембай, Жампейіс, күмбатыс, күмбағар, жыламбауыр болып айтылады.

Кейбір адам аттары айтылуынша жазылып жүр: Жампейіс, Бейсембай.

§ 8. Бір ырғақтық топтағы компоненттердің алғашқысы с, т, қ, к, п, ш

деген қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталса, келесісі б дыбысынан басталса,

б  дыбысы  қатаң  п-ға   жуықтау  болып   айтылады:  тас   бұлақ  (айтылуы:



таспұлақ), Сәтбай (Сәтпай), ақ берен (ақперен), айтып берді (айтыпперді),

кеш бойы (кешпойұ).

Осы   ережені   және   алдыңғыларын   ескеріп,   мына   халық   өлеңдерін

дұрыс   айтып   көріңдер.   Ырғақтық   топтарға   бөліңдер   және   дыбыстары

өзгеріп айтылған сөздерді көрсетіңдер.



Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген,

Қыз қайда құдашадай көзі күлген?

Алыстан ат арытып келгеніңде,

Шақыртпай еш адамға өзі келген.

Баянауыл басында балалы құр,

Бір сөз айтам, қалқатай, мойныңды бұр.

Аулыңның тұсынан аттанғанда,

Ақ боз үйге сүйеніп қара да тұр.

§   9.  Орыс  тілінен  енген  сөздердің   соңында   келетін   ұяң  б,   в,   г,  д

дыбыстары айтылуда  қатаң  п, ф,  к,  т болып естіледі.  Фамилия  соңындағы



-ов, -ев жұрнақтары да оф, еф, ыф, іф болып айтылады.

Мысалы: клуп (клуб), педагок (педагог), устаф (устав), Иваноф (Иванов),



Жұмашыф   (Жұмашев).  Бұл   сөздердің  дыбыстары  қатаң   естілетін

болғандықтан,   қатаң   дауыссыздан  басталатын  қосымшалар   жалғанады.

Мысалы:  наградтау  (айтылуы:  награттау),   клубқа   (клупқа),   Ивановтар


(Иванофтар).  Араб, парсы  тілдерінен  енген  жад, араб тәрізді  бірен-саран

сөздер  де  жат,   арап  болып   айтылады,  бұларға  да  қатаң   дыбыстан

басталатын  қосымшалар жалғанады:  жадқа айтты (жазылуы да, айтылуы

да: жатқа), арабтар (айтылуда: араптар).



§10.  Сөздің   басындағы  немесе  бірінші   ашық   буындағы  ұ,   ү,   о,   ө

дыбыстары  және   екі   дауыстының   ортасында  келген  у  дыбысы  (тауық,



бауыр  сияқты сөздерде) келесі буындағы  ы, і  дыбыстарын өзгертіп,  ұ, ү-

лерге жуықтатып естіртеді (ашық буын дегеніміз кұ-, кү-, қо-, бұ, бү- сияқты

дауысты дыбысқа бітетін буындар). Мысалы, құ-лын, бү-гін, о-рын, кү-ліп, ө-

мір  деген сөздер  кұлұн, бүгүн, орұн, күлүп, өмүр  болып айтылады.  Еріндік

дыбыстардың   ықпалы   үшінші,   төртінші   буындарда   біртіндеп   әлсірей

береді. Мысалы, күмістің деген сөздің екінші буыны ү-ге ұқсап, соған жуық

айтылса, үшінші буында і-ге жуықтау айтылады: күмүстің.

Сол   сияқты   сөздің   басындағы  немесе  бірінші   ашық   буындағы  ө,   ү

дыбыстары  келесі буындағы  е  дыбысын  өзіне жуықтатыңқырап естіртеді,

бұл әсердің де күші үшінші, төртінші  буындарда  әлсірей түседі.  Мысалы:

өнер,   кө-ре-ді,   ө-сер,   кө-бе-лек,   жү-рек,   кү-рек  деген   сөздер  өнөр,   көрөді,

көбөлек, жүрөк, күрөк болып айтылады.

Қазіргі   кезде   бұл   сияқты   ерін   үндестігі   байқалатын   сөздерді

жазылуынша оқу орын алып барады, әсіресе екінші буындағы е дыбысын э

етіп, өнэр, үлэс, өрэн түрінде айтушылық байқалады, бұл, әрине, қате.

Осы ережеге сай етіп, мына шумақтарды дұрыс айтып көрелік:

Жігітке / өлеңдөнөр / өнөрдөнөр //

Шынжүйрүк / өргөшапса / өршөлөнер //  (Халық өлеңі)

Қазақтың / өзгөжұрттан / сөзү / ұзұн /

Бірінің / бірішапшаң / ұқпассөзүн //

Көздүңжасы / жүрөктің / қаныменен /

Ерітуге / болмайды / ішкімұзұн // (Абай)

Бірінші  буын  бітеу  не  тұйық  болса  (тұйық  буын   дауысты   мен

дауыссыздан тұрады: өр, ұр, ұл, үс, өс деген сияқты, ал бітеу буынның алды-

арты бірдей дауыссызға бітеді: қол, көр, көз, түн дегендей) келесі буындағы

ы,   і,   е  дыбыстарының  ұ,   ү,  ө-ге   қарай   бейімделуі   сәл   бәсеңдеу  болады,

дегенмен  таза  өздерінің   дыбысталуын  да  сақтамайды.  Мысалы,  қолтық,



қойдыр,   құлдық,   көркем,   көзде,   бөрте  сияқты  сөздердің   екінші

буындарындағы ы, і, е дыбыстарының езулік болып айтылуы сәл солғындау

(күмүсөнөр дегендерге қарағанда).

Осы ережелерге және бұдан басқа көрсетілгендеріне орай етіп, мына

үзінділерді   дұрыс   оқып   және   жазып   көріңдер.   Соңғы  ережеге   сай

дыбыстары үндесіп айтылатын сөздердің астын сызыңдар не атаңдар.



...Өсер...өсер...не өсер? Тек зұлымдық өсер нөсер болып сенен!

Сор өсер, ар өшер!... Өскенде  тек зар  өсер сенің лағынет табаның

астында! (М. Әуезов).

Қ  а  р  а  б а й.  Құтылдым ба, құтылмадым ба? Көзім көрмес, қолым



жетпес жерге кеттің бе, кетпедің бе?! Қараң батып болды ма, болмады

ма?   Уа,   қайда   әлгі   қатын-баласы?   Жық   үйді,   арт   жүкті!   Айдат

жылқыны! (Ғ. Мүсірепов).

Бүгін сүйсем, сені алсам – ертең жалқып,

Суып қайтар көңілім желше шалқып,

Қуантып, қайғыменен суалтамын

Біреудің қызыл гүлін тұрған балқып. 

Құдайдың толып жатыр күні бүгін,

Жігіттің тани алмай кемшілігін.

Бір алып қадірлемей, тастап кеткен

Тартып жүр қиянатшыл ер күйігін  (Абай).

§11.  Қазіргі   қазақ   орфографиясы  бойынша  жіңішке   буыннан

басталатын сөздердің екінші, үшінші буындарында ә әрпі сирек жазылады.



Сірә, ірә, кінә, күнә, куә, жүдә, шүбә деген сияқты бірқатар сөздерде болмаса,

қалған сөздерде ә естілгенмен, а әрпі жазылады. Мысалы: ләззат, тәкаппар,



рәсуа, діндар, Сәбира, Жәмила. Мұндай сөздерде алдыңғы жіңішке буынның

әсерімен   келесі   буындар  да  жіңішке  айтылады:  ләззәт,   тәкәппар,   рәсуә,



діндәр, Сәбирә, Жәмилә.

Бірақ   бұл   сөздердің   алдыңғы   тобына  да  (екінші  буынында  ә

жазылатын),  соңғы  тобына да  қосымшалар жуан түрде жалғанады:  күнәға

(күнәге  емес),  Күләшқа  (Күләшке  емес),  Жәмиләға  (Жәмилеге  емес),

діндарлық (діндәрлік емес). Айтылуда да қосымша жуан айтылады.

Осы ережеге сай  етіп және өзге ережелерді  де ескере отырып, мына

үзінділерді дұрыс айтып (оқып) көріңдер:

Талақ етіп бұл ғаламды

Болды мәлім кеткенің.

Кінәсы жоқ жас адамды

Қатты соққан не еткенің...

Ғашық-ақпын еш күмәнсыз,

Ырыс емес, сор үшін.

Көрісуге шыдамаспыз,

Айрылалық сол үшін... (Абай)

§12.  Қазақ   тілінде  жай,   шай  сияқты   сөздер   қосымшасыз   тұрғанда,

жіңішке  айтылады:  жәй, жәйт, шәй.  Бірақ бұл сөздерге де қосымша  жуан

болып   жалғанады  да,  сөз   тұтасымен  жуан   болып   айтылады.   Мысалы:

жайсыз (жәйсіз емес), шайға кел (шәйге кел емес). Бірінші буыны жай, шай

болып   келетін   өзге   сөздер   де   осындай.   Қысқасы,  ж,  ш  дыбысы   мен  й

дыбысының ортасында  келген  а  дыбысы  сәл жіңішке  айтылады. Мысалы,

жайылым,   жайлау,   жайнау,   шайпау,   шайлығу,   шайы  (жібек)   сөздері


жәйылым, жәйлау, жәйнау, шәйпау, шәйлығу, шәйы болып айтылады.

Ж,  ш  дыбыстары   мен   өзге   дауыссыздардың  ортасында   келген  а

дыбысы жуан болып айтылады (және а жазылады): жарғақ (жәрғақ емес),



жануар (жәнуар емес), жақтау (жәқтау емес) т.т.

Осы ережеге сай  етіп айтсақ, Абайдың “Оспанға”  деген  өлеңі  былай

оқылар еді:

Жәйнағантұуұң / жығылмай /

Жасқаныбжаудан / тығылмай/

Жасаулұжаудан / бұрұлмай /

Жаужүрөк / жомарт / құбұлмай /

Жақсөмүрүң / бұзұлмай /

Жасқұуатың / тозұлмай /

Жалынжүрек / сұуұмай /

Жамбіткеннен / түңүлмөй /

Жағалайжәйлау / дәулетің /

Жарқырабжатқан /өзөнің /

Жасылшөбү / құуармай /

Жайдақтартып / сұуалмай /

Жәйдарыжүзүң / жабылмай /

Жәйдақтапқашып /сабылмай /

Жақсөлүпсің / йапырмай //

Бұл өлеңнің барлық жолы жа деген дыбыс тіркесінен басталады және

барлығы  да  а  әрпі арқылы  жазылады, ал айтылуда  бірінші буыны жіңішке

естілетін сөздер: жәйнаған, жәйдақ, жәйдары, жәйдақтап, өйткені бұларда

а дыбысы ж мен й дыбыстарының ортасында келген.

Өздеріңіз мына үзіндінің дұрыс оқылуын жазып көрсетіңдер.



Жан қысылса / жайтаңдап /,

Жанды еріткен / жайдары-ау.

Жан жай тапса, / сен неге /

Жат мінезсің / жабырқау? (Абай)

Ойландым да / толғандым,

Ойландым / ойға толмадым.

Жанды қидым / жалындым,

Жайланып, сірә, қоймадым.  (Бернияз Күлеев)

§13. Кейбір екі буынды сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанған кезде,

екінші   буындағы  ы,   і  дыбыстары   сусып  түсіп   қалады.   Бұл   құбылыс

сөздердің   айтылуында  да,  жазылуында  да  ескеріліп,   түсіп   қалған   дыбыс

түсіріліп  айтылады   және  солай  жазылады.   Мысалы,  халық,   ерін,   ауыл,



нарық,   бөрік  деген   сөздерге   I,   II,   III   жақтық   тәуелдік   жалғауларын

жалғағанда, екінші буындағы  ы, і  дыбыстары сусып  түсіп қалады:  халқы



(халықы  емес),  халқым,   халқың,   халқымыз,   ернім,   аулым,   нарқы,   бөркі.

Мұндайда қ, к дыбыстары ұяңдамайды: бөркі (бөрігі емес).

Ал  жалпы заңдылық бойынша  қ,  к  дыбыстарына  аяқталған сөздерге

дауысты дыбыстардан басталатын қосымшалар жалғанғанда, олар ұяңдауға

тиісті: балық+ы – балығы, күрек+ім – күрегім.

Кейбір   сөздерде  ы,   і  дыбыстарының   түсу-түспеуі   сөз   мағынасын



ажыратуға қатысады.  Мысалы,  жоғарғы  көрік  сөзі екі түрлі мағынаға ие,

егер “адамның көркі” болса, тәуелдік жалғауы жалғанғанда, і дыбысы түсіп

қалады (көркім, көркің, көркі), ал «ұстаның темір балқытатын көрігі” болса,

түспейді де соңғы  к  дыбысы  ұяңдап кетеді. Сол сияқты  “көпшілік, қауым,

жұрт”   мағынасындағы  халық  сөзі   тәуелденгенде,  халқым,   халқың,   халқы,

халқымыз  болып, соңғы  к  дыбысы  ұяңдамайды,  ал  Халық  сөзі жалқы есім

болса, Сәрсенбайдың Халығы болып, ұяңдап айтылады.

Соңғы буынындағы қысаң ы, і дыбыстары сусып қалатын сөздер кейде

өлең ішінде буын санына орай түсірілмей айтылуы да мүмкін.

Тіпті о баста құрамында ы, і дыбыстары жоқ бұлт, кілт, жалт сияқты

сөздер   де   өлеңде  буын   саны  жетпей   тұрса,  бұлұт,   кіліт,   жалыт  болып

айтыла   береді.  Мысалы,  ауыл,   бауыр  сөздері   тәуелдік   жалғаулармен

құбылған  кезде,  мына шумақтардың біреуінде қысаң дыбыстарын түсіріп,

екіншісінде түсірмей айтылады:

Аулұмқоңған / Сырымбет / саласына – 11 буын

Болдұмғашық / ақсұңқар / баласына – 11 буын

Егер мұнда ауұлұм болып айтылса, өлең жолы бір буынға артып кетер

еді.  Ал  мына өлеңде  буын саны  11  болу  үшін, керісінше,  ы,  і  дыбыстары

түсірілмей айтылуға тиіс болып тұр:



Атымның / қақтұрады / сауұрұна – 11 буын

Қостепкі / салыпкелем / бауұрұна – 11 буын

Қолұнан / шәйғұйдұрұп / ішейіндеп – 11 буын

Келемін / Айтпайсұлұу / ауұлұна – 11 буын

Осы ережені сақтай отырып және берілген басқа  да  ережелерді еске

алып, мына үзінділерді дұрыс айтып көріңдер (кей сөздерде емле ережесі

әдейі   бұзылып   жазылды,   оларды   көрсетіңдер).   Өлеңнің   буын   санын

көрсетіп,   түсіріліп   айтылатын   дыбыстарды   түсіріп,   түсірілмейтіндерін

қосып жазыңдар.



Созады Біржан дауысын қоңыр қаздай,

Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай.

Жиылысы жандаралдың болады деп,

Жанбота, тынышымды алдың ала жаздай. (Біржан)

Қамшы бастым асыға буырылтайға,

Өткел бермей тоқтатқан терең сай ма?

Жұрт жаңғыртып орынынан бір күн түнде

Қалқатайдың ауылы кетті қайда? (Біржан)

Қонады бір күн жас бұлыт

Жастастың төсін құшақтап.

Жөнелді ертең, қалды ұмыт

Көк жүзіне ойнақтап. (Абай)

Суырып көкте қылышын

Нөсерлі қара төнді бұлыт.

Тарылтып жердің тынысын

Тапа-тал түс болды ымырыт.

Өрістен қашты төрт түлік,

Асыға үйге енді жұрыт.

Салатындай бір бүлік.

Ақырды бейне долы бұлыт. (Қасым Аманжолов)

§14.  Қысаң  ы,   і  дыбыстары  көптеген   үш  буынды  сөздердің   ортаңғы

буындарында  көмескілеу   естіледі,   бірақ   олардың   түсірілмей   сақталып

айтылғаны   жөн   (емледе   де   көбінесе  ы,   і  әріптері   сақталып  жазылады).

Мысалы: ықылас, жапырақ, топырақ, тебіренді, күңіренді.

Ал өлеңдерде буын санына қарай мұндай сөздерде дыбыстарды түсіріп

те айтуға болады. Мысалы:

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай,

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп.

Жапырағынан айырылған ағаш, қурай, –

деген Абайдың шумағында соңғы тармақтағы жапырақ, айырылған, сөздері



жапрағынан, айрылған болып айтылуы керек, өйткені өлең жолы 11 буынды

болу үшін жап-ра-ғы-нан 4 буын болып, ай-рыл-ған 3 буын, а-ғаш, қу-рай 4

буын болып айтылуы қажет.

Мына   өлең   шумақтарындағы   курсивпен   терілген   сөздердің   дұрыс

оқылуын (айтылуын) көрсетіңдер және себебін айтыңдар.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі. (Абай)

Уа дариға, алтын бесік – туған жер,

Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр.

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей

Ақын болмай, тасың болсам мен егер. (Қасым Аманжолов)

Әлі есімде бұлтсыз әлем аспаны,

Арман бізді алға апарып тастады.

Қара шашың мойныма оралып,

Жерге тамған мөлдір көздің жастары. (Н. Әлімқұлов)

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет