Қазақ тілінің анықТАҒышы



Pdf көрінісі
бет3/47
Дата28.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Ескерту.  Көркем   әдебиетте   белгілі   бір  заманды  суреттегенде   немесе   ертеректегі  ақын-

жыраулар   мен  жазушылардың   шығармаларында  осы  күнгі  орысша  тұлғасы  сақталып

жазылатын  бірқатар   сөздер  өзгерген  түрде   берілуі   мүмкін.  Мысалы:  майыр  (майор),  ояз

(уездный начальник), жандарал (генерал-губернатор), сияз (съезд), старшын (старшина), бексіл

(вексель) т.б.

§  23.  Араб,   парсы  тілдерінен,   соңдай-ақ  туыстас   татар,   өзбек   т.б.

тілдерден енген сөздер қазақша айтылуынша жазылады, яғни сол тілдердегі

тұлғасы   сақталмайды:  бұқара  (фуқара),  пікір  (фикр),  әкім  (хаким),  әзір

(хазир),  пайда  (файдә),  наурыз  (ноуруз),  қате  (хата),  мақта  (пақта),  жүзім

(йүзүм) т.б.

§  24.  Жазу тәжірибесінде кейбір түбір сөздер екі түрлі дыбысталуына

(айтылуына) қарай екі (кейде тіпті үш) нұсқада беріліп жүр. Бұларды бөліп-

бөліп тану қажет. Бірқатар түбір сөздердің екі, кейде үш вариантының  да

жазылуы заңды түрде орын алады. Олардың бір тобының (сан жағынан өте

шағын тобының) екі нұсқасын қатар қолдана беруге болады: айғай – айқай,

бұндай   –   мұндай,   балуан   –   палуан,   ертегі   –   ертек,   пәле   –   бәле,   гауһар   –

жауһар, заңғар – зеңгір, байымдау – пайымдау – бағамдау, айдаһар – аждаһа,

сықылды – секілді, өзге  –  өңге, уәде – уағда, жәбір – зәбір, жаһан – жиһан,

айуан – хайуан т.б.

Сонымен   қатар  тек  бір   нұсқасын   (вариантын)   қабылдап,   соның

жазылуын  қалыптастыратын   қатарлар  да   бар.  Соңғылар   көбінесе

“фонетикалық дублеттер” деп аталатын, яғни кейбір дыбыстары ғана өзгеше

келетін  сөздер   болады.  Мұндайда   орфографиялық  норма   болып

есептелетіндері сөздікке енеді де, өзге нұсқалары жақша ішіне “емес” деп

көрсетіледі. Мысалы: қазір (кәзір, қазыр, хазір емес), міне (міні емес), ерегіс

(ерегес  емес),  жіті   (жыты  емес).   Бұл   күнде  жазылуы  едәуір   орнығып

қалған кейбір сөздердің өзге қатарлары “емес” деген белгімен көрсетілмеуі

де мүмкін.


4. ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ

§  25.  Қосымшалар,   негізінен,   сөздің   соңғы   буынындағы  дауысты

дыбыстың   әуеніне   қарай   буын   үндестігі  бойынша   я   жуан,   я  жіңішке

жалғанады да, естілуінше жазылады: ең-бек + ші + лер + іміз + дің, жұ-мыс



+ шы + лар + ымыз + дың, кі-тап + тың, мұға- лім + нің, га-зет + ке, ки-но +

ға, ко-нус + ты.

Соңғы буынында (бір буынды сөздің өзінде) у дыбысы бар орыс тілінен

енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жуан жалғанады:  курс-қа, авто-бус

+қа, инсти-тут +қа, кани-кул +ға, тай-фун ның, шу-руп + ты. Бұл ережеге

г  дыбысына   аяқталатын   сөздер   мен   жіңішкелік   белгісіне   аяқталатын   бір

буынды сөздер және  бль, ль дыбыстарына  аяқталатын сөздер бағынбайды,

оларға   қосымша   жіңішке   жалғанады:  ок-руг-ке,   руль-ге,  пат-руль+ге,

ансамбль+ге, ансамблі.

Соңғы  буынында   (не  бір  буынды  сөздің   өзінде)  и  дыбысы   бар   орыс

тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жіңішке жалғанады: кас-сир

+   ге,  синтак-сис+тік,   маг-нит+тік,   каль-ций+дің,  маг-ний+ге,   Горький+ге,

Маяков-ский+ге.

§ 26. Фамилия жасайтын -ев (-ева), -ов (-ова), -ин (-ина) қосымшалары

буын үндестігіне бағынбайды: ев (-ева) қосымшасы сөздің соңғы буынының

жуан-жіңішкелігіне   қарамастан  й  және  ш  дыбысына  аяқталған   жалқы

есімдерге жалғанады. Бұл қосымша жалғанғанда, түбірдегі й әрпі түсіріліп

жазылады:  Тәжібай+ев – Тәжібаев, Жабай+ев – Жабаев, Имашев, Рашев,



Мұқашев,   Мұқашева,   Жақашева.  Дауысты   дыбыстарға   аяқталған   кісі

аттарына  да  -ев (-ева)  қосымшасы   жалғануы   мүмкін.  Мұса+ев – Мұсаев,



Абдолла + ев, Бөке + ев – Бөкеев. Түбір сөздің соңғы дыбысы ы, і болса, -ев (-

ева)  қосымшасы жалғанғанда, ол дыбыстардың орнына  и  әрпі  жазылады:

Сары+ев – Сариев, Жұмалі+ев – Жұмалиев, Аққозы+ев – Аққозиев. Й  мен  ш

дыбыстарынан басқа барлық дауыссыздардан кейін  -ов (-ова)  қосымшасы

жалғанады,   мұнда  да  сөздің   соңғы   буынының   жуан-жіңішкелігі   есепке

алынбайды:  Мұ-рат+ов,   Ме-дет+ов,   Сұл-тан+ов,   Жү-ніс+ов,   Сейіт+ов.

Дауысты   дыбысқа   аяқталған   кісі   аттарынан,   әдетте  фамилия  -ин   (-ина)

қосымшасы   арқылы   жасалады,   мұндайда   соңғы   дауыстылар   түсіріліп,

түбірге  -ин   (-ина)  қосымшасы   тікелей   жалғанады   және   сөздің   соңғы

буынының   жуан-жіңішкелігі   есепке  алынбайды:  Нұралы+ин  –  Нұралин,



Алтынсары+ин   –   Алтынсарин,   Дербісалы+ин   –   Дербісалин,   Ғайса+ин   –

Ғайсин.  -ин   (-ина)  жұрнақтары   жалғанғанда,   кейде   түбірдегі  ұ,   ү,  о,   о

дыбыстары  у  болып  өзгеріп  айтылуы және солай жазылуы  мүмкін  (ал  -ов,



-ова жұрнақтарымен жасалғандарында түбір өзгермейді). Мысалы: Мұса+ин

– Мусин (ал Мұса+ев – Мұсаев), Жұма+ин – Жумин (ал Жұма+ев – Жұмаев),

(Абдолла+ин  –  Абдуллин)  (ал  Абдолла+ев),  Бөке+ин  – Бөкин  (ал  Бөке+ев –

Бөкеев). Сонымен қатар Абдоллин деп түбірін сақтап жазу да орын ала алады.

-ов,   -ев  жұрнақтары   арқылы   жасалған   фамилияларға   қосымша

бастапқы түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады:



Аймановқа,   Тәжібаевқа  дегенде  Ай-ман,   Тәжі-бай  түбірлерінің   соңғы

буындары   жуан   болғандықтан,   қосымша  да   жуан  жалғанып   тұр.   Ал

Жүнісовке,   Әйтиевке  дегендерде   түбірдің   соңғы  буындарында  жіңішке

дауысты   дыбыс  болғандықтан   (Жү-ніс,   Әй-ти),  қосымшаның  да  жіңішке

варианты жалғанып тұр.

Е с к е р т у л е р .   1.  -мен  (-бен,  -пен),  -паз, -қор, -қой, -нікі, -тікі, -гер, -кеш, -гөй,-

хана,   -тал,  -дар  қосымшалары   сөздің   соңғы   буынының   жуан-жіңішкелігіне   қарамай,   осы

көрсетілген   түрлерінде   ғана  жазылады:  кесемен,   қасықпен,   мақтампаз,   өнерпаз,   әсемпаз,



жеңімпаз,   пайдақор,   әзілқой,   саудагер,   жүлдегер,   арбакеш,   әзілкеш,   ақылгөй,   шайхана,

шеберхана, ұғымтал, сезімтал, өсімтал, хабардар, діндар, ауылдікі, мемлекеттікі.

2. Ә әрпіне аяқталған немесе сонғы буынында ә әрпі жазылған сөздерге қосымшалар жуан

жалғанады: кінә+лау (кінәлеу емес), күнә+сыз (күнәсіз емес), күнә+ға (күнәге емес), күмән+дану



(күмәндену емес), Күлән+ға (Күләнге емес).

§  27.  Орыс тілінен  енген  к,  г  дыбыстарына аяқталған сөздерге қазақ

тілінің   қосымшалары   буын   үндестігіне   қарай,   яғни   сөздің   соңғы

буынындағы  дауысты  дыбыстың   әуеніне   қарай   жалғанады:  фи-зик+тер,



лак+тың, га-мак+тың, по-ляк+тар, ма-як+қа, бам-бук+тың.

Е  с   к  е   р   т  у.  ог,  уг  дыбыстарына  аяқталған   сөздерге   қосымша   жіңішке   жалғанады:

педагогке, педагогі, педагогтік, округке, округі, округтік.

§  28.  Орыс   тілінен   енген  рк,   рг,  ск,   кт,  кс,   нк,   нг,  лк,   нкт  деген

дыбыстар   тізбегіне   аяқталған   сөздерге   қазақ   тілінің   қосымшалары

жіңішке жалғанады:  паркке, парктер, Омскіге, Омскіден, киоскіге,  киоскісі,

фактіге, фактісі, танкіге, танкілер, полкке, полктер, полкі, пунктке, пункті.

§  29.  Жіңішкелік белгісіне аяқталған көп  буынды  сөздерге қазақ тілі

қосымшалары   буын   үндестігі   бойынша   жалғанады,   яғни   сөздің   соңғы

буыны  жуан  болса, қосымша жуан, соңғы буында жіңішке  дауысты дыбыс

болса, қосымша да жіңішке жалғанады: ла-герь+ге, ла-гер+і, банде-роль+ға,

фести-валь+ға.

Е  с   к  е   р   т   у.  Жіңішке  ль  дыбысына   аяқталатын   сөздерге   тәуелдік   жалғаулары   (яғни

дауыстыдан басталатын қосымшалар) сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай, тек

қана   жіңішке   жалғанады:  дизель+і   –   дизелі,   дизеліміз,   фестиваль+і   –   фестивалі  (бірақ:

фестивальга, фестивальдан, фестивальдық), магистраль+і – магистралі  (бірақ:  магистральға,

магистральдық). 

Соңғы екі дауыссыздың арасында жіңішкелік белгісі  бар сөздерге де

қазақ   тілі   қосымшалары   буын   үндестігі   бойынша   жалғанады.  Мысалы:

вальс+қа, вальс+ты, вальс+ы, асфальт+қа, асфальт+ы, рельс- +ке, рельс+і.

кль,   брь,   бль  тәрізді  дауыссыз   дыбыстар   мен  жіңішкелік  белгісіне

аяқталған   сөздерге   және   жіңішкелік   белгісіне   аяқталатын   бір  буынды

сөздерге қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанады: ансамбльге,



тюльді, тюлі, оське, осінің, ткань (биология термині), тканьге, ткані, княздік,

князі, верфьке.

Орыс тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі л әрпінен кейін

жазылатын сөздерге қазақ тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі

жазылмайды:  материальный   –   материалдық,  феодальный   –  феодалдық,



коммунальный – коммуналдық, патриархальный – патриархалдық.

Ал   жұрнақтар   жалғанбай-ақ   түбірдің   өзінде  л-дан   кейін   жіңішкелік

белгісі   келетін   сөздерде   бұл   белгі   сақталады:  моральный   –  моральдық,

артельный – артельдік, акварельный – акварельді.

§ 30. Соңғы буынында ю, ё, э дауысты дыбыстар келетін орыс тілінен

енген  сөздерге  қазақ   тілі   қосымшалары   жіңішке   жалғанады:  полюс-ті,

полюс-ке; шлюз-ді, шлюз-ге; дюйм-ге, дюйм-і, велюр-ге, велюр-ді, парашют-ке,

парашют-тер,   парашют-і,   актёр+лер,   актёр-ге,   дуэль-ге,   дуэль-і,   дуэт-ке,

дуэт-і.

§ 31. Қосымшалар дыбыс үндестігі бойынша не қатаң, не ұяң, не үнді

дауыссыздан басталып жалғанады:

а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді (м, н, р, л, ң, у, й) я ұяң

(ж, з) дауыссыз дыбыс болса, қосымша үнді не ұяң дауыссыздан басталады:

терезе+ге, терезе+нің, терезе+ден, шам+ды, шам +нан, шам+ға, шам+ның,

қаз+ды, қаз+ға, қаз+бен, мұқтаж+дық.

Е с к е р т у. Бұл ережеге с, ш қатаң дыбыстарынан басталатын қосымшалар: -сыз, -сіз,

-са, -се, -сың, -сің, -шы, -ші, -шыл, -шіл, -ша, -ше, -шаң, -шең, -шық, -шік  т.б. бағынбайды.

Мысалы: бала+сыз, бала+сың, көйлек+шең, сөз+шең, көп+шіл, ұран+ шыл.

ә)   Сөздің   соңғы  дыбысы  қатаң   дауыссыздардың   және  в,   б,  г,  д  ұяң

дауыссыздарының бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші

дыбысы  қатаң  болады:  кітап+тар,   кітап+қа,   хат+ты,  клуб+қа,

педагог+тер, араб+тар.

б)   Сөздің   соңғы  дыбысы  с,  з  болып,  оған  с,  ш  дыбыстарынан

басталатын  қосымша   жалғанғанда,   оның   соңғы  дыбысы  өзгертілмей

жазылады:  жұмыс+шы  (айтылуы   –  жұмышшы),   бас+шылық  (айтылуы   –



башшылық),   ауыз+ша  (айтылуы   –  ауұшша),   жаз+саң  (айтылуы  жассаң),

сөз+сіз (атылуы – сөссүз), орыс+ша (айтылуы – орұшша).

в)  ш  дыбысына   бітетін  сөздерге  с  дыбысынан  басталатын  қосымша

жалғанғанда,   қосымшаның   басқа  дыбысы  өзгеше   айтылуына   қарамастан,

өзгертілмей  жазылады:  іш+сең  (айтылуы   –  ішшең),  ұш+саң  (айтылуы   –



ұшшаң), күш+сіз (айтылуы – күшшүз), көш+сін (айтылуы – көшшін).

г) Сөздің соңғы  дыбысы  қатаң  п, қ, к  болса, жалғанатын қосымшалар

дауыстыдан басталғанда,  қ,  к  дыбыстары  ұяңдап,  ғ,  г  дыбыстарына, ал  п

дыбысы б, кейде у (қосымшада тағы бір п дыбысы болған күнде) дыбысына

айналады  да,  естілуінше  жазылады:  күрек+і – күрегі, тарақ+ы – тарағы,

тік+у – тігу, тап+у –  табу, тап+ып – тауып, кеп+у – кебу, кеп+іп – кеуіп,

блок+ы – блогы, ток+ы – тогы, бак+ы – багы.

Е с к е р т у л е р .   1.  П,   х  дыбыстарына  аяқталатын   орыс   тілінен   енген   сөздерге

дауыстыдан  басталатын   қосымша   жалғанғанда,  п,   х  дыбыстары  ұяңдамайды:  принцип+і   –



принципі, тип+і – типі, окоп+ы –  окопы,  грипп+і – грипі  (жұқты),  телескоп+ы –  телескопы,

цех+ы – цехы, алманах+ы – алманахы, шах+ы – шахы.

2.   “Қатар”   мағынасындағы  сап  сөзі   мен  тарап  сөзі   де   тәуелдік   жалғауын   жалғағанда,

соңғы   қатаң   дыбысын   сақтайды:  сап+ында   –   сапында,   сап+ымызға   +   сапымызға  (тұрды),

тарап+ында – тарапында, өз тарап+ымыздан – өз тарапымыздан.


3.  Қазақ,   қалмақ  деген   сөздерге  сын  есім   жасайтын    жұрнағы   жалғанғанда,   сөз

соңындағы дыбыстар ұяңдамайды: қазақы ер, қалмақы ат. Ал бұл сөздерге тәуелдік жалғаулары

жалғанғанда, сөз соңындағы  қатаң дыбыстар  жалпы заңға бағынып, ұяндайды:  Ол кісі – Сыр

бойының қазағы. Менің жолдасым – Еділ бойының қалмағы.

ғ) Сөздің соңғы дыбысы н болса, оған жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г,



б  дыбыстарынан басталғанда,  н  дыбысы  өзгеріліп,  ң, м  болып айтылады.

Бірақ бұл өзгеріс еске алынбай, н әрпі жазылады: түн+гі – түнгі (айтылуы –



түңгү),   бұрын+ғы  –  бұрынғы  (айтылуы   –  бұрұнғы),   сән+қой  –  сәнқой

(айтылуы –  сәңқой), көн+беді – көнбеді  (айтылуы –  көмбеді), көрін+беді –



көрінбеді (айтылуы – көрүмбеді).

§  32. нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт, фт,  пт  дыбыстарына

аяқталатын   орыс   тілінен   енген   сөздерге   қазақ   тілі   қосымшалары  ы,   і

дәнекер  дыбыстары  (әріптері)   арқылы   жалғанады:  фонд+ы+сы,

фонд+ы+ны,   ценз+і+ге,   ценз+і+сі,   штамп+ы+ны,   штамп+ы+лау,

танк+і+ге, танк+і+лер, франк+і+сі, митинг+і+ге, митинг+і+сі, шланг+і+ге,

шланг+і+сі, ромб+ы+ға, ромб+ы+сы, объект+і+ге, объект+і+сі, киоск+і+ге,

киоск+і+сі, киоск+і+лер, Омск+і+ден, Омск+і+ге,  лифт+і+мен, факт+і+сі,

факт+і+лер,

  рецепт+і+нің,   рецепт+ті+ге,   манускрипт+і+ге,

почтамп+ы+ға, экспромт+ы+ны, фармацевт+і+ге, ямб+ы+ны.

Қатар  келген  дауыссыз  дыбыстар  тіркесінің қалған түрлеріне (нс, рс, рт,



рш, нт, рд, рм, фр т.б.) аяқталған кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары ы, і

дәнекерінсіз,   буын   үндестігі   бойынша   тікелей   жалғанады:  финанс+қа,



финанс+ы, аванс+ы (авансысы емес), цемент+ке, цемент+ті, фермент+тік,

цифр+ға,   цифр+ы   (цифрысы  емес);  хлороформ+ға,   хлороформ+нан,

хлороформ+ы, фунт+қа, фунт+ы, формант+тар, формант+ы.

§ 33. сс,  лл,  тт, пп, ст, кст, сть,  зд,  кк  дыбыстарына біткен орыс

тілінен енген жалпы есімдер атау күйінде өзгеріссіз жазылады да, оларға

қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда соңғы дауыссыз  дыбысы  түсіріліп

жазылады:  кросс,  кросқа,   кросы,  класс,  класқа,   кластар,   класы,  металл,

металды, металы, грамм, грамм +ға – грамға, грам м+дық – грамдық, грамм

+ы – грамы, киловатт+қа  – киловатта, грипп +і  – грипі, съезд+ге – съезге,

съезд +і – съезі, ведомость+ка – ведомосқа. 

Бірдей   қос   дыбыстарға   аяқталған   жалқы   есімдерге   қазақ   тілі

қосымшалары   жалғанғанда,   қос   әріп   сақталып  жазылады,   тек

қосымшаның   басқы  дауыссыз   дыбысы  түбірдегі  қос  дыбыспен   бірдей

болғанда  ғана,  үш  біркелкі  әріп  жазылмай,  екеуі  жазылады:  Гримм+ге  –

Гриммге,   Гримм+ді   –   Гриммді,   Гримм+мен  –  Гриммен   (Гримммен  емес),

Покрасс+тың  –  Покрасстың,   Покрасс+қа   –   Покрассқа,   Кирилл+ге   –

Кириллге,  Филипп+тің,   Филипп+пен  –  Филиппен   (Филипппен  емес),

Кузбасс+тың  –  Кузбасстың, Донбасс+қа – Донбассқа, Порккала-Удд+тан –

Порккала-Уддан, Лакснесс+ке – Лакснесске.

§ 34. Әріптерден қысқарған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары соңғы

әріптің  немесе  соңғы   цифрдың   айтылу   әуеніне   қарай,  ал   олардың   ішінде

дауысты дыбыс болса, сол дыбыстың айтылу әуеніне қарай жуан не жіңішке

жалғанады да, дефис арқылы жазылады: АҚШ-қа, БАМ-ға, ЮНЕСКО-ның,


МТЗ-82-ге (сексен екіге).

§ 35. Цифрмен жазылған есептік, бөлшек сан есімдерге дефис арқылы

жалғанатын қосымшалардың жуан-жіңішкелігі цифрмен белгіленген санның

айтылуына қарай болады: 10-ды 2-ге көбейт (онды екіге). Оқушылардың 20-



сы  экскурсияға   кетті   (жиырмасы).   Жолдың  1/5-іне  келіп   қалдық   (бестен

біріне).

§  36.  Процентті (%), градусты (°) белгілейтін таңбалары бар  сөздерге

қосымша пайыз (процент), градус деген сөздердің соңғы буынының әуенімен

(процент  сөзіне   жіңішке,  пайыз,   градус  сөздеріне   жуан)   жалғанады:



жұмыстың  90%-ы  (тоқсан   пайызы)  немесе  90%-ті  істелді   (тоқсан

проценті). Суықтық 20°-қа дейін барды (жиырма градусқа).

§  37.  см,   мм,   км,   га  сияқты   қысқарған   белгілерге   жалғанатын

қосымшалар  да   дефис  арқылы   жазылып,   осы   белгілер   таңбалайтын

сөздердің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: Ұзындығы



10   см-ге  (он  сантиметрге)   жуық   сызық   сызыңдар.  20   км-ден  (жиырма

километрден)   астам   жер   жүрдік.  500   га-ға  жуық   жер   жыртылды   (500

гектарға).

§  38.  Жеке  әріптер,  жеке  сөздер  объект   болып,  оларға   қосымшалар

жалғанғанда,  сол  объектілердің  айтылу  әуеніне  қарай   жуан   не  жіңішке

болып,   дефис  арқылы  жазылады:  а-ның  артикуляциясы  ә-ге  қарағанда

өзгеше.  “Жаз шықты” және “хат жаз” дегендердегі жаз-дың  мағыналары

бір  емес.  Жомарт   Жақыптың  “дұрыс”-ын  осымен  екі   рет   естіді

(Ғ.Мұсатфин).

Е  с   к  е  р  т  у:  см, мм, км, га  сияқты кысқарған таңбалар  өзге  шрифтімен  (курсивпен)

терілуі мүмкін. Бірақ барлық жағдайда да қосымша дефис арқылы жазылады. Сондай-ақ объект

болып тұрған жеке әріптер, буындар, сөздер тырнақшаға алынып жазылуы да мүмкін, бірақ ол

күнде   де   қосымшамен   екі   араға  дефис  қойылады:  “а”-ның  артикуляциясы  “ә”-ге  қарағанда

өзгеше.

§  39.  -ша,   -ше  жұрнақтарынан   кейін   -ла,   -ле  жұрнағы   жалғанғанда,



алдыңғылары  -шы,   -ші  түріне   айналып   айтылады   және   солай  жазылады:

орыс+ша+ла 

 орысшылап 



(айтқанда),

 қазақ+ша+ла+ғанда   –



қазақшылағанда, өзім+ше+леп – өзімшілеп.

§  40.  Әдетге   шылау   жалғаулардан   кейін   тұрады.   Мұндайда   олардың

көпшілігі   бөлек,   ал   бірқатары  дефис  арқылы  жазылады  (83-88-

параграфтарды   қараңыз):  Біз   әншіміз  де,  бишіміз  де.  Әнгімені   келістіріп



айтасың-ақ. Бүгін киноға барасың ба?

Ауызекі сөйлеуде, кейде әдеби тілде де, кейбір шылаулар жалғау мен

түбірдің арасына түсіп кетеді. Бұл жағдайда:

а) II жақтық жіктік жалғауы мен түбірдің арасына түскен ма, ме, ба, бе,



па, пе  сұраулық шылаулары  мы,  мі,  бы,  бі, пы,  пі  тұлғаларына айналып,

түбірге қосылып жазылады: барамысың (барасың ба), келемісің (келесің бе),



үлкенбісің (үлкенсің бе), жаспысың (жассың ба);

ә) басқа шылаулар тұлғалары өзгерілмей, түбірге қосылып жазылады:

Біз әншідеміз, бишідеміз. Әңгімені келістіріп айтады-ақсың. Онда отырған

біздер   ебетейсізақпыз  (С.Мұқанов).  Күн   болса,   ондай   антты   берерақпын

(“Қозы   Көрпеш-Баян  сұлу”).  Досыңақпын,   тағдыр   араз,   толғанамын,

кайтемін. Ғашықақпын еш күмәнсыз (Абай).

§  41.  II   жақ   жіктік   жалғау  -сың,   -сің  түрінде  (-сын,  -сін  емес)

жазылады:  сен  барасың (барасын  емес),  сен отырсың (отырсын  емес). III

жақ бұйрық райдың жұрнағы -сын, -сін түрінде жалғанады: ол барсын, ол

келсін, балалар жиналсын, олар отырсын.

§  42.  -сымақ  тұлғасы   және  -шы,   -ші  жұрнақтарымен   мағыналас

қолданылатын  -дағы,   -тағы  тұлғалары   сөзге   қосылып  жазылады:

төресымақ,  әкімсымақ,  айттағы  (Әңгімеңді  қайталап айттағы  – Әңгімеңді

қайталап айтшы), барайықтағы (“Орманға барайықтағы”, – деп өтінетін едім.



“ Орманға барайықшы”, – деп өтінетін едім).

Етістіктерге   жалғанатын

 -дағы,   -тағы 

жұрнағын   есімдермен

қолданылатын  дағы, тағы  (да, де, та, те)  шылауымен шатастырмау керек.

Дағы шылауы алдындағы сөзден бөлек жазылады:

1) Кәрі жырау мен дағы

Москваға өрлеген (Жамбыл).

Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі

О дағы осал жау емес қыран паңға (Абай).



5. БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

§  43.  Екі   (кейде   одан  да  көп)   сөз   қатар   айтылып,   бір   ғана   ұғымды

білдіретін,   яғни   бір   ғана   затты,   құбылысты,   қимылды,   түр-түсті,   санды

атайтын к ү р д е л і   с ө з д е р д і ң  әрбір компоненті бөлек жазылады. Олар

мыналар:

Екі   зат   есім  қатар  айтылып,   бір   ғана   затты   атап,   алдыңғысы

соңғысының   тегін   (неден   жасалғанын),  неге  арналғанын,   немен   жұмыс

істейтінін   және   өзгелерінен   ажыратылатын   белгілерін   білдірсе,   олар   бір-

бірінен  бөлек жазылады. Мысалы:  ағаш шот  (ағаштан жасалған  шот),  ат

қора  (атқа арналған қора),  жел диірмен  (желмен жұмыс істейтін диірмен),

жол азық  (жолда жеуге арналған азық),  май  шам  (маймен жанатын шам),

шай қасық (шай ішкенде жұмсалатын қасық) т.б.

Бұлардың қатарына екінші компоненті бау, айыл, жіп, сап, киім, қалта,



май,  қағаз,   ағаш  (“өсімдік”   деген   мағынада   емес,   зат,   бұйым   жасайтын

материал – “древесина”  мағынасындағы) сияқты зат есімдер мен олардың

түрлерін   (яғни   сол   сөз   атап   тұрған   заттың   түрлерін)  айырып   атайтын

сапалық  не  қатыстық сынды білдіретін есім сөздер жатады.  Мысалы,  бау

сөзімен келетін: аяқ бау, балақ бау, жел бау, қарғы бау, қармақ бау, тамақ бау

деген күрделі сөздердің барлығында да алдыңғы компонент баудың түрлерін

атайды (бұл қатарға  шашбау, белбеу  сөздері кірмейді, олар – кірігіп барып,

бірігіп кеткен  сөздер,  яғни осылайша жазылуы дәстүрге айналғандар). Сол

сияқты: құр айыл, төс айыл, шап айыл; бас жіп, күзеу жіп, мойын жіп, өрмек

жіп  дегендерде   алдыңғы  сөздер   –  айыл   мен   жіптердің   түрлерін  айырып


атайтын анықтауыш сөздер, сондықтан бөлек жазылады.

Екінші   компоненті  қағаз  сөзі  болып   келген  күрделі   атаулардың

бірқатары   бір   ұғымның   (кейде   бір   кұжаттың)   атын   білдіреді:  арыз қағаз,

жолдама   қағаз,   куәлік   қағаз,   қатынас   қағаз,   мақтау   қағаз,   рұқсат   қағаз,

талақ қағаз, шақыру қағаз. Бұлардағы алдыңғы сөздер “қағаздың” (жазылған

дүниенің)  неге  байланысты,  не  үшін   берілетін  (жолданатын,   жазылатын)

құжат екендігін білдіреді: рұқсат қағаз – бір нәрсеге (іс-әрекетке, затқа т.б.)

рұқсат   ететін   құжат,  талақ   қағаз   –  көне   атау,   әйелін   талақ   еткенін

куәландыратын қағаз т.т. Бұлардың көпшілігінің бірінші сөзі осы мағынада

қағаз компонентінсіз-ақ қолданыла береді: жолдама, куәлік, шақыру, арыз т.т.

Енді   бірқатар   тіркестерде   алдыңғы  компонент  қағаздың   сапалық  не

қатыстық   сынын   білдіретін   анықтауыштар   болып   келеді:  ватман  қағаз,

көшірме қағаз, қатырма қағаз.  Бұл көрсетілген екі жағдайдың екеуінде де

қағаз сөзімен келген тіркестердің әрбір сөзі бөлек жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет