Қазақ тілінің анықТАҒышы



жүктеу 2.12 Mb.
Pdf просмотр
бет6/47
Дата28.12.2016
өлшемі2.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Е  с к  е р т у.  Белгілі бір республиканын ресми атауы емес, жалпы атағанда, бұл  сөздер

кіші әріппен жазылады. Мысалы: Әрбір тәуелсіз республиканың өнеркәсібі өркендетілуі керек.



Ал   облыс,   автономиялы   облыс,   өлке,   аудан,   ауылкеңесі   аттарының

бірінші   сөзі   ғана   бас   әріппен  жазылады:  Алтай өлкесі, Ненец ұлт округі,



Қарағанды облысы, Кеген ауданы, Жарқамыс ауылкеңесі.

§ 102. Мемлекеттердің аттары бас әріппен жазылады: Қытай, Жапония,



Франция, Бразилия, Польша.

Кейбір   мемлекеттердің   күрделі   атауларының   әрбір   сөзі   бас   әріппен

жазылады: Америка Құрама Штаттары.

§  103.  Агенттіктердің,  радио,  телекомпаниялардың  аттары   бас

әріппен басталып жазылады: “Би-би-си (радиосы)”, “Азаттық (радиосы)”,

“Америка дауысы (радиосы)”, “Қазақ радиосы”.

§ 104. Көше, алаң, парк, шоссе, көпір, канал, жол, тарихи ғимарат т.б.

аттарының бірінші сөзі бас әріппен  жазылады:  Жібек жолы көшесі, Қызыл

алаң,   Мәдениет   паркі,   Панфиловшылар   паркі,   Гүл   алаңы,   Бейбітшілік

бульвары, Эйфель мұнарасы, Милан соборы, Түрксіб темір жолы, Үлкен Памир

трактісі (соңғы атауда екінші сөздің бас әріппен жазылуы ол сөздің өзінің

жалқы есім болуынан).

Орыс   және   шетел   қалалары   көшелерінің,   алаңдарының,   парктерінің

т.б.   аттары   орыс  тіліндегі   түрінде,   бірақ   орыс   тіліндегі  сын  есім

көрсеткішінсіз жазылады: Садово-Кудринск көшесі, Уолл-стрит, Гайд-парк.

Ал   кейбір   үлкен   алаңдардың,   кісі   атына   қойылған   парктердің,

“демалыс   және   мәдениет”   деген   сияқты   жалпы   қойылатын   аттардың

қазақша аударылып берілуі де мүмкін, бұл күнде ондай аттардың бірінші

сөзі бас әріппен жазылады. Мысалы: Қызыл алаң (Красная площадь дегеннің

қазақшаға аударылып берілген түрі).

§ 105. Кейбір мемлекеттік мекемелердің, жоғарғы ұйымдардың күрделі

атауларының   әрбір   сөзі   бас   әріппен  жазылады  (бұл   әдетте   емленің

дәстүрлік   принципіне   бағындырылған  жазу   болады):  Жоғарғы   Кеңес,

Министрлер Кабинеті.

§

 106. 



Мемлекеттік   біркелкі   мекемелердің,   ұйымдардың,

академиялардың, институттардың, музейлердің, арнаулы үйлердің күрделі

аттарының бірінші сөзі бас әріппен жазылады. Сондықтан олардың орысша

атауларындағы   бірінші   сөз   бен   (яғни   бас   әріппен   таңбаланған   сөз   бен)

қазақшасындағы бас әріппен  жазылатын  бірінші сөз әрдайым бірдей (сай)

келмеуі   мүмкін.  Мысалы:  Ғылым академиясы –  Академия   наук,  Тіл   білімі



институты   –   Институт   языкознания,   Шоқан  Уәлиханов   музейі   –  Музей

Чокана Валиханова, Халық шығармашылық үйі – Дом народного творчества.

Ал кей  жағдайларда екі тілде  де бас  әріппен  жазылатын  бірінші сөз  бір-

біріне дәл келуі мүмкін: Мемлекеттік банк – Государственный банк, Үлкен

театр – Большой театр.

Осындай  атаулардың  алдында  солардың   қосалқы   анықтауыштары

болуы  ықтимал, бірақ  оларды  түсіріп айтқаннан  атау  өзгермейді. Ондайда

қосалқы   анықтауыштардың   бірінші   сөзі   де   (ол   жалқы  болсын,   жалпы

болсын)   бас  әріппен  жазылады:  Мемлекеттік   академиялық  Үлкен   театр

(Үлкен   театр);  Мемлекеттік  Тарихи   музей   (Тарихи   музей);  Ғылым

академиясының   Ахмет   Байтұрсынов   атындағы  Тіл білімі  институты (Тіл



білімі институты), Мемлекеттік Опера және балет театры (Опера және

балет театры).

Мекемелердің,   ұйымдардың  т.б.   жеке  бөлімдерінің,  секторларының,

институт пен университет факультеттерінің аттары кіші әріппен жазылады:

Тіл   білімі   институтының   тіл   мәдениеті   бөлімі,   Қазақстан  Республикасы

Білім   министрлігінің   мектептер   бөлімі,

 Алматы


 мемлекеттік

университетінің филология факультеті.

Институт,   университет,  зауыт,   шаруашылық,  театр   т.б.  атауларының

ішіндегі   “мынадай   адам”   атындағы  деген   сөздер   келсе,   адам   аты   бас

әріппен, атындағы деген сөз кіші әріппен жазылады: Әл-Фараби атындағы

Қазақ   мемлекеттік   университеті,  Абай   атындағы  Опера   және   балет

театры,М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.

§   107.  Халықаралық   және   шетелдік   орталық   ұйымдардың

(кәсіподақтық,   қоғамдық   т.б.)   атауларының   бірінші   сөзі   бас   әріппен

жазылады:  Бүкіл   дүниежүзілік   кәсіподақ   федерациясы;   Әйелдердің

халықаралық   демократиялық  федерациясы;  Демократиялық   жастардың

бүкіл дүниежүзілік федерациясы.

§ 108. Тырнақшаға алынып жазылған зауыт, фабрика, трест, комбинат,

спорт  қоғамдары,   кәсіпорын,  шахта,   кинотеатр   т.б.   аттары   бас  әріппен

жазылады. Егер олар күрделі атаулар болса (бірнеше сөзден тұрған болса),

бірінші сөзі ғана (және солардың ішіне кіретін жалқы есімдер) бас әріппен

жазылады:  “Жеңіс”   шағын   кәсіпорны,   “Қарағанды   З-бис”шахтасы,



“Запорожсталь”зауыты, “Жетісу”аяқ киім фирмасы, “Арман”кинотеатры,

“Еңбек”спорт қоғамы.

§ 109.  Кітап,  газет, журнал аттары бас  әріппен  жазылады. Егер олар

бірнеше  сөзден  тұрған күрделі  аттар болса,  бірінші сөзі ғана  (және  ішіне

енген жалқы есім) бас әріппен жазылады. Кітап, газет, журнал, шығарма т.б.

аттары текст  ішінде қолданылғанда тырнақшаға  алынып жазылады:  “Абай

”романы, “Оянған өлке” романы, “Асауға тұсау” пьесасы, “Ана тілі”газеті,

“Жұлдыз” журналы, “Қазақстан мектебі” журналы, “Атамекен” суреті.

§   110.  Аса  маңызды   тарихи   дәуірлердің,   революциялардың;

уақиғалардың, мерекелердің  аттары бас  әріппен  жазылады. Егер ол аттар

күрделі болса, бірінші сөзі және кейбір атаулардың алдынан айтылатын ұлы

деген  сөз   бас   әріппен  жазылады:  Отан  соғысы   және   Ұлы   Отан   соғысы,

Бірінші мамыр, Жаңа жыл, Халықаралық бейбітшілік жылы.

Е с к е р т у л е р .  1. Бірінші мамыр, Сегізінші наурыз дегендердің алғашқы сөзі цифрмен

таңбаланса, мамыр, наурыз деген сөздер бас әріппен жазылады: 1 Мамыр, 8 Наурыз.

2.  Тарихи  оқиғалардың,   соғыстардың  т.б.  кез   келгенінің   аталуы   бас   әріппен  жазыла

бермейді: француз буржуазиялық революциясы, орыс-жапон соғысы, крестілер жорығы.

§   111.  Кейбір  аса  маңызды   құжаттардың  (конституция,  келіссөз  т.б.)

аттары   бас  әріппен  жазылады.   Олар  күрделі  болса,  бірінші   сөзі,

қайсыбіреулерінде екіншісі  де  бас әріппен  жазылады:  Тіл комитетін құру

туралы жарлық, Қазақстан-Ресей келіссөзі, Хельсинки мәслихаты.

§  112.  Бұрынғы  ордендердің  аттары  тырнақшаға  алынбай,  әрбір  сөзі



бас әріппен жазылады (орден деген сөзден басқасы). Мысалы: Еңбек Қызыл

Ту ордені, Қызыл Жұлдыз ордені, Халықтар Достығы ордені. Кейбір ордендер

мен медаль аттары  және құрметті атақтар тырнақшаға алынып  жазылады,

мұндайда олардың бірінші сөзі ғана бас әріппен беріледі:“Еңбектегі ерлігі

үшін”   медалі,   “Ардақты   ана”   ордені.  Қазақстан   Республикасының

мемлекеттік   наградалары   мен   құрметті   атақтары  да   осы  тәртіппен

жазылады: Отан ордені, Данқ ордені, Парасат ордені, Құрмет ордені, “Ерлігі

үшін” медалі, “Ерен еңбегі үшін”медалі, “Шапағат” медалі, “Алтын алқа”,

“Күміс   алқа”  (көп   балалы   аналарға   берілетін   наградалардың  аттары),

Казақстанның халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және

техника қайраткері.

§   113.  Ресми   құжаттардағы   шартты   атаулар   бас   әріппен  жазылады.

Мысалы: Жоғарғы мәртебелі Президент мырза.

§ 114.  Жалқы есім болып тұрған астрономиялық  атаулар бас әріппен

жазылады:  Сатурн,  Шолпан,  Марс,   Ай,   Жер   (планета),  Құсжолы,   Үркер,

Жетіқарақшы.

Ай,   жер,   күн  деген   сөздер  планеталардың  аттары  ретінде

қолданылмаса, кіші әріппен  жазылады:  Бүгін  күннің  көзі ашық. Көктемде



жер жыртылады. Қараңғы түнде жарық ай Сәулесі суда дірілдеп (Абай).

§ 115. Жоғары дәрежелі қызмет аттары мен құрметті атақтардың әрбір

сөзі   бас   әріппен  жазылады:  Кеңес   Одағы   Батыры,   Халық   Қаһарманы,

Қазақстан Республикасының Президенті.

§ 116. Өлеңнің әрбір жолы, көбінесе, бас әріппен жазылады. Бұл тілдік

заңдылықтарға  байланысты   емес,   тек  дәстүр  бойынша   жазу   болып

саналады:



Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз (Абай).

Сонымен   қатар   көптеген   жағдайларда   өлеңінің   бір   жолында

аяқталмаған   сөйлемнің   жалғасы   келесі   жолдарда   айтылғанда,   ол   жолдар

кіші әріптен басталып та жазыла береді. Мысалы:



Мен жалындап өтемін

қариялардың қимайтын жас шағы болып,

балапандардың талпынар асқары болып,

ару қыздардың аңсаған арманы болып,

асқақ жандардың алаулы таңдары болып,

жиырмада жесір қалғандардың аңсары болып,

сүйіскендерге көз ілер таң сәрі болып (Ф.Оңғарсынова).

§ 117.  Бас әріптерден қысқарған  сөздер  бас әріппен  жазылады:  АҚШ,



БҮҰ, ҒА, ЮНЕСКО, ЭЕМ.

12. ТАСЫМАЛ

§   118.  Жазып  келе   жатқанда  жолға сыймаған  сөздер  буын жігімен

тасымалданады: қа-лалық, қала-лық (қал-алық, қалал-ық емес), Ота-нымыз,

Отаны-мыз   (Отан-ымыз,   Отаным-ыз  емес),   баян-дауыш,   ба-янда-уыш

(баяндау-ыш емес).

Е с к е р т у. Газет-журналдар бетінде жолға, әсіресе тар бағандардағы жолдарға сыймай

қалған не асып кететін сәттерде кейде сөздер буын жігін таңдамай тасымалданатын болады. Бұл

– ережеден себепті түрде ауытқу болғанмен, мұны әрдайым қолдана беруге болмайды. Көпшілік

қауым күнде оқитын баспасөздің жазуы мүмкіндігінше емле ережелеріне сай болуға тиіс.

§ 119. Сөз ішінде дауыстылардан кейін келген у, й дыбыстары сол сөзді

буындағанда, өзінен кейінгі дауыстымен бірігеді де, буынның бірінші әрпі

болады. Мысалы:  та-уық (тау-ық  емес),  қа-йық (қай-ық емес),  баянда-уыш

(баяндау-ыш емес). Бұл сөздерді осы жікпен тасымалдағанда,  у, й  әріптері

келесі жолда ғана жазылады.

§ 120. Екі (кейде үш) дауыссызға аяқталатын сөздерді оларға қосымша

жалғанып тұрған жерден тасымалдағанда, түбірдегі дауыссыздарды бөліп

жіберуге   болмайды:  қарт-тар   (қар-ттар  емес),  театр-лар   (теат-рлар

емес), маркс-тік (мар-кстік емес).

§ 121. Түбір сөзде үш дауыссыз қатар келгенде, алдыңғы екі дауыссыз

дыбыс алғашқы буын құрамына кіреді де, үшінші дауыссыз келесі буынның

басқы дыбысы болады: құ-мырс-қа (құмыр-сқа емес), жұ-мырт-қа (жұмыр-

тқа  емес).   Екі   дауыссызға   аяқталатын   сөздерге   дауыссыздан   басталатын

қосымша   жалғанғанда  да   осы  үлгімен   буындалады:  абонент-тік (абонен-



ттік емес), парк-ке (пар- кке емес).

§  122.  Біріккен  сөздер  буын   жігімен   де,   түбірлер   жігімен   де

тасымалдана береді:  бі-рыңғай  немесе  бір-ыңғай, өза-ра  немесе  өз-ара, де-

малыс немесе дем-алыс.

§  123.  Орыс   тілінен   енген   сөздерге   қазақ   тілінің   қосымшалары

жалғанғанда,  олар  буын   жігіне   қарай   тасымалданады:  ро-лінде   (рол-інде

емес), съез-дің (съезд-ің емес).

§  124.  Сөздің  дара  дыбыстан тұратын бір буынын жазып келе жатқан

жолда қалдыруға  немесе  келесі жолға шығаруға  болмайды:  а-лақан  емес,



ала-қан,   е-леуіш  емес,  еле-уіш,   арми-я  емес,  ар-мия,   оюлы  емес,  ою-лы.

Алғашқы   буыны   бір   ғана   дауыстыдан   тұратын   екі  буынды   сөздер

тасымалданбайды: атом, эмаль, ақыр, ақыл, отын, отыр.

§ 125. Ұу, ый, ій қосар әріптерінің орнына жазылған у, и әріптері бар

сөздер буындалғанда, келесі буын дауысты дыбыстан басталады және солай

тасымалданады: су-ық, қу-ақы, ту-ынды, бу-ын, қи-ын, ки-ім, қи-ық.

§  126.  Орыс   тілінен  енген   сөздер   де  буын   жігі   бойынша

тасымалданады.  Бұлардың   ішінде   екінші,   үшінші   буындардың  дауысты

дыбыстардан басталатындары кездесе береді: про-ект, ро-яль, по-эма.

Екі, үш, кейде төрт-бес дыбыстардан тұратын бір буынды (яғни ішінде

бір   ғана  дауысты   дыбысы   бар)   сөздер   тасымалданбайды:  төрт   (тө-рт


емес), жалт (жа-лт емес), пункт (пун-кт емес), взвод (вз-вод емес).

§ 127. Тыныс белгілері жазып келе жатқан жолда қалдырылады.

§  128.  Сан  есіммен   келетін   қысқарған  шартты  белгілерді  цифрдан

бөліп тасымалдауға болмайды: 25 га, 15 см, 1987 ж.

§  129.  Әріптерден   қысқарған   сөздерді  өз  ішінен   бөліп   тасымалдауға

болмайды: ЮНЕС-КО деп бөлуге болмайды.



ІІ тарау

ПУНКТУАЦИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. СӨЙЛЕМ СОҢЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ

§ 1. Хабарлы сөйлемдерден кейін нүкте қойылады. Хабарлы сөйлемдер

толымды, толымсыз, атаулы, жай, құрмалас болып келе береді.

1)  Жүгіріп   басып   Күләнда   келеді.   Артынан   дауыс   шықты.   Бұрылып

қарады  (С. Ерубаев).  2)  Аспанда алақандай бұлт жоқ. Қазір тал түс. Жер

беті аппақ  (Ғ.Мұстафин).  3)  Жалма-жан  тура  сала  далаға шықсам, түс

болып, күн ыси бастаған екен (Б.Майлин).

§ 2. Әрі қарай кең түрде баяндауды ескертетін сөйлемдерден кейін қос

нүкте   қойылмай,   нүкте   қойылады.   Бұл   баяндаудың   өзі   бірнеше

сөйлемдерден   құралады,   көбінесе   жаңа   жолдан  басталып   жазылады.

Мысалы:

Мен іркіліп қалдым. Оның себебі төмендегі еді. Адамқұлды мен бірінші

рет... көтерілістің алғашқы күндерінде көрдім. О кезде таныса қоюға уақыт

болған жоқ  (“Адамқұл   дегеніміз   осы”   дегенге   дейін   әрі   қарай   бір   бетке

жуық созылады) (С.Мұқанов).

§ 3. Цифр немесе әріптер арқылы санамаланып айтылған сөйлемдерден

кейін   нүкте,   нүктелі   үтір,   кейде   үтір   қойылады.   Санамалап   айтылған

бірыңғай сөйлемдердің әрқайсысынан кейін нүкте қойылса, әрқайсысы бас

әріптен басталып жазылады. 

Мысалы: Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ. химиялық қасиеттері



болады:

1)  Олардың   концентрациялы   ерітіндісі   жануарлар   мен   өсімдіктер



тканін бұзады.

2) Сілтілер майларды сабынға айналдырады.

3)   Сілтілер   ертінділерінде   лакмустың   және   фенолфталеиннің   түсі

өзгереді (“Химия” оқулығынан).

Санамалап  айтылған   бірыңғай   құрылымдардың   (конструкциялардың)

арасына  нүктелі   үтір  (немесе  үтір)   қойылса,   олардың   әрқайсысы   кіші

әріптен басталып жазылады. 

Мысалы:  Жалпы жанрлар теориясынан фольклорлық  проза  жанрлары

теориясын бөліп алатын болсақ,  оның мынадай басты-басты  (түбегейлі)

міндеттерін атап көрсетуге  болады. Олар:  а) прозалық фольклорды  басқа

қара  сөздерден,   күнделікті   жай   әңгіме   және   әдеби   көркем   прозадан

ажыратудың   ғылыми   негізделген   критерийлерін   анықтау;   ә)   прозалық

фольклордың   өлең   үлгісіндегі   фольклордан   айырмасын   белгілеу;  б)   халық

прозасының   өз   ішіндегі   жанрлық   топтар   мен   бөлшектерді   айырудың

принциптерін айқындау (С.Қасқабасов).

Санамаланып   келетін   конструкциялар   бір-бірінен   әріптер  немесе

цифрлар арқылы дараланып көрсетілмеуі де мүмкін. 

Мысалы:  Шешім  (орысша развязка) –  шығарма сюжетінің де шешуші



кезеңдерінің   бірі;   суреткердің   өзі   суреттеп   отырған   өмір   шындығына

шығарған   “үкімі”;   адамдар   арасындағы   қарама-қарсы   тайталастардың,

күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты

нәтиже;   оқиғаға   қатысушылардың   ең   ақырғы   хал-күйі;   күллі   құбылыс-

көріністердің соңғы сахнасы (З.Қабдолов).

Практикада   санамалап   айтылған   құрылымдардың   араларына   нүктелі

үтір қойылып, келесілері бас әріптен басталып жазылатындары да болады.

Санамаланып  айтылған конструкциялардың алдында қос нүкте тұрса,

одан   кейінгі   сөйлем   екі   түрлі   басталады:   егер  араларына  нүктелі   үтір

(немесе үтір) қойылып, әрқайсысы кіші әріптен басталатын болса, біріншісі

де   кіші   әріптен  басталады,   ал   араларына  нүкте   (кейде   нүктелі   үтір)

қойылып, әрқайсысы бас әріптен басталатын болса, біріншісі де бас әріптен

басталады (жоғарыдағы мысалдарды қараңыз).

§   4.  Мазмұны   әуендес   болып   келетін   бірыңғай   сөйлемдердің

әрқайсысынан кейін нүктелі үтір қойылады:

1) Біз Алатаудай ел едік, –



Теңемек болды ойға жау;

2) Біз тасыған теңіз сел едік,–



Теңемек болды шөлге жау;

3) Біз атып болған таң едік, –



Түн етпекші болды жау;

4) Біз әлемге жарық күн едік, –



Өшірмекші болды жау.

Жау ма бізді бөгейтін?!

Жау ма бізді жеңетін?! (Жамбыл)

§  5.  Мынадай  жолдармен жасалған сұраулы сөйлемдерден соң сұрау

белгісі қойылады:

а) Ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылауларының қатысуы арқылы:



Балтабек деген жігіттің үйін білесіз бе? (С.Мұқанов).

ә) Сұрау есімдіктерінің қатысуы арқылы:



–  Күйігің не?  О  не  деген сөзің? Сенде  қандай  күйік болушы еді? – деп,

Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады (М.Әуезов).

б)  Ғой,   ә,   ше  шылауларының,  шығар,   болар  деген   сөздердің   және

сұраулық интонациясының қатысуы арқылы:

Балалар пойызы осы  ғой, ә?  Балалар пойызы осы,  ә?  Балалар пойызы

осы  шығар?  Балалар   пойызы   осы  болар?  Асан  үйінде  екен,   –  деді   біреу

жүгіріп кеп. – Қалима ше? – Ол да үйінде (С.Мұқанов).

Е с к е р т у. Ғой, шығар, болар сөздері арқылы жасалған сөйлемдер сұраулы да, хабарлы

да болуы мүмкін. Сондықтан тыныс белгісі олардың қандай сөйлем екеніне қарай қойылады: –



Қарағым   Қамқа,   бүгін   күн   жұма   ғой?   –   Қарағым   Қамқа,   бүгін   күн   жұма   ғой.   Пойыз   бүгін

кешікпей келетін болар? – Пойыз бүгін кешікпей келетін болар. Мұндай сөйлемдердің сұраулы не

хабарлы екендігі жалпы контекске қарай және интонацияға қарай ажыратылады.

Кейде,   көбінесе   диалогтерде,   сұраулы   сөйлем  контекске   қарай   таза  интонациямен

жасалады, бірақ бұл өте сирек кездеседі:



– Бер деймін саған! – деді урядник, оппа қарға сүріне-қабына Амантайға

жақындап.

– Себеп? – деді Амантай, урядникке тізгінді бермей (С.Мұқанов).

Сіз, Пелагея Ниловна, саудагер Корсуновамен таныссыз ғой? – деді.

– Таныспын. Я? (М.Горький).

§  6.  Құрмаласқан жай сөйлемдердің соңғысы  сұраулы болса,  сөйлем

соңына сұрау белгісі қойылды. Мысалы:



(1) Мен қазір кітап оқимын,(2) сіз ше?

(1) Біреу есік қаққандай болды,(2) естисіз бе?

§  7.  Құрмаласқан   жай   сөйлемдердің   алғашқылары   сұраулы  сөйлем

болса, олардан кейін де, сөйлемнің ең соңына да сұрау белгісі қойылмайды,

тұтас сөйлемнің типіне қарай не нүкте, не леп белгісі қойылады. Мұндайда

сөйлем көбінесе хабарлы болады да, нүкте қойылады:

Бүгін қойды кеш сауып болған ба, немене, ымырт жабылып қалыпты

(М.Әуезов).  Қорыққаның  көріп   үрейлендіре   түскісі   келді   ме,   болмаса  шын

тістеуге   ниет   етті   ме   –   қаз   қанатын   жазып   жіберіп,   жүгіре   ұшып

Ботагөзге жетуге айналды (С.Мұқанов). Тура келем бе, жоқ па – оны біліп

боларлық емес (С.Мұқанов).

§  8.  Бірыңғай  жеке   сөздер   не   сөз  тіркестері   ерекше   сұрау

интонациясымен  баса айтылса,  олардың әрқайсысынан кейін сұрау белгісі

қойылады, сұрау белгісінен кейінгі сөз бас әріппен жазылады:



Адам  пішіні әрдайым бұған (Абайға) бір тамаша, өзгеше қызық сурет

тәрізденетін. Ол кей адамнын айғыз-айғыз әжімінен, салбыраған ұртынан,

қыртыстанған маңдайынан, бояуы оңған көздерінен, алуан сақал-мұртынан

өзінше неше түрлі жанды-жансыз дүние сипаттарын көргендей  болатын.

Қына басқан сызаты көп тас па  ? Я  селдір тоғай ма? Не көде, көкпек пе?

Кейде   мал   мен  аң   бейнесі   ме?   Бәріне  де  ұқсап   кетіп   отыратын   адам

мүсіндері болады (М.Әуезов). Жел ме? Аттың жал-құйрығы ма? Жылан ба?

Әйтеуір бірдемелер айнала ысылдайды (С.Мұқанов).

Сұраулық мағынасы бар бірыңғай сөз тіркестері ерекше интонациямен

айтылмаса, араларына үтір ғана қойылады:

Желдің суылы ма, оқтың зуылы ма – құлағымды жанай әлдене ысқырып

өтіп жатады (С.Мұқанов).

§ 9. Ішінде сұраулы сөйлем жасайтын элементгері (ма, ме, ба, бе, па, пе

шылаулары)   бар,   сәлемдескенде   айтылатын   сөйлемдерден   кейін   сұрау

белгісі   қойылмай,   леп   белгісі   қойылады.   Олар   тікелей   жауап   қайтаруды

тілемейді,   сол   сияқты   сөздермен   қайыра   сәлемдесуді   ғана   қажет   етеді.

Мысалы:


Сау ма, князь! Жаным, неге

Тұрсың ұқсап бұлтты күнге? (А.С.Пушкин).

Армысыз, ардақты ата! (Ғ.Мүсірепов).

Есенсіз бе! – деді Асқар Айбалаға кеп, кім екенін танымай. (С.Мұқанов)

Ал   жауап   қайыруды   тілейтін,  таза  сұраулық   мәні   бар,   бірақ

амандасқанда  айтылатын  толық   сөйлемдерден   кейін   сұрау   белгісі

қойылады.



– Е, Жұмеке, мал-жан, бала-шағаңыз түгел аман ба?

– Шүкір Аллаға, аман. Өз үй ішіңіз де есен бе түгел?

– Тегіс есен.

– Өзіңіздің жүрген жерлеріңіз де, аманшылықта ма екен?



– Шүкір, Жұмеке, шүкір. Көпей бәйбішенің дені-қарны сау ма?

 Сау... (Ғ.Мүсірепов)

§ 10. Бір нәрсені істеуді біреуден сұрауды, өтінуді білдіретін сөйлемдер

сұраулы сөйлем болмайды. Олардан кейін көбінесе нүкте, кейде леп белгісі

қойылады:



Есікті   жауып   жіберші.  (Есікті   жауып   жібердің   бе?  дегенмен

салыстыр).  Кітабыңды   маған   бере   тұршы  (Кітабыңды   маған   бере

тұрасың  ба?  дегенмен   салыстыр).   –  Асқар  үйдемісің?   –   деді   Кенжетай

сырттан.   –   Үйдемін.  –  Шығып   кетші.   –  Қазір  (С.Мұқанов).  “Шықшы

іркілмей, бұқпашы баяу. Мені де еліктір, өзің де желпінші! Мынау нәзік назды

қара  көздің астына іркіліп, қорғалап тұрған көкшіл қоңыр сәулелі көлеңке

сияқты қорғалақ асыл өнеріңді ашшы!”– дейді. (М.Әуезов).

§ 11. Сөйлем ішінде ма (ме, ба, бе, па, пе) және соған жалғас деп (деген)

сөздерімен  келген  сұрау мағыналы тіркестерден (күрделі пысықтауыштан)

кейін   сұрау   белгісі   қойылмайды,   сөйлемнің   соңына   тұтас   сол   сөйлемге

тиісті тыныс белгісі қойылады:

Абай   Оспанды   мерт   бола   ма   деп  қорықты.  (М.Әуезов)  Бүркітбаи

екеуміздің   оқамыз  жок,  сіз   барған   соң   ұялып  қала  ма   деп   ойлап   ем.

(С.Мұқанов).

§ 12. Лепті сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады:

Маңайда егіннен ине шаншар жер жоқ екен-ау! (С.Мұқанов).

Арыстаным келеді – астында қалма! Жолбарысым келеді – жолында

тұрма! Қыраным келеді – көзіне түспе!  (Ғ.Мүсірепов).  –  Шіркін, айтушы

мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай! (М. Әуезов).

§ 13.  Бұйыру, өтіну мәнінде айтылып, баяндауышы  II, III  жақ бұйрық

раймен жасалған сөйлемдердің соңынан автордың қолдануына қарай не леп

белгісі,  не  нүкте   қойылады.   Ондай   сөйлемдер   ерекше   бір   көңіл   күйіне

байланысты көтеріңкі дауыспен айтылса, лепті болады:

Құнанбай таң атар-атпастан бұйрық беріп:

–  Малтықпай   тез   көшсін!   Шұбалмасын!   Қатар   қозғалсын!   Қауырт

жөнелсін!  –  деп,  қысқа-қысқа   әмірді   ауыл  басы  сайын   кісі   шаптырып



айтқызып   жатқан  (М.Әуезов).  Абай   айыптап,   кінәлағандай   боп,   ақырып

жауап берді:

– Ақырмаңыз! Тоқтатыңыз қазір мынау бассыздықты! (М.Әуезов).

Бұйрық, тілек мәнді сөйлем екпінсіз айтылса, нүкте қойылады:

– Сендер үйге бара беріңдер. Ол да үйге тез келсін.

§ 14.  Ішінде сұраулы сөйлем жасайтын элементтері бар, бірақ ерекше

бір   сезіммен   (сүйсіну,   таңдану,   мақтан   ету,   тіксіну   т.б.)   айтылған

сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады:



Жамбылдың аты ақын ба,

Жылғадай жыры ақпаса! (Жамбыл)

Бірақ   “жанды”аталатын   Есілдің   суында  тек  аяғың   мен   қолыңды

қимылдата   білсең   болғаны.  Көтеріп   ала   жөнеледі!   Тәттілігі   қандай   сол

судың! Салқындығы қандай! Мөлдірлігі қандай! (С.Мұқанов).

Электрге, одан атомға жетсе қайтер еді! – деді Жомарт (Ғ.Мұстафин).

§  15.  Ұран,   үндеу   мәнді  сөйлемдерден  кейін   әрдайым   леп   белгісі

қойылады:

Біз   қазақ   ежелден   еркіндік   аңсаған!   Қазақстан  Республикасы

ғылымын жетілдіре түсіңдер!

§  16.  Айтып   отырған   ой  желісі  түрлі   себептермен   (қысылып  сөйлей

алмаушылық, логикалық ойдың бөлінуі, сөйлеушінің ойын аяқтатпай, бөліп

жіберу   т.б.   сияқты)   үзіліп   қалған   жағдайда,   аяқталған  не  аяқталмаған

сөйлемнен кейін көп нүкте (үш нүкте) қойылады:

Жоқ,  ешкім   де   ұрған   жоқ,   кейін   айтам...   Апа,   төсек   салып   берші,

жатқызшы! (М.Әуезов). – Он жетіге шықты ғой, – деді шешем. – Петруша

біздің Настасья Герасимовна бәйбішенің беті қисайып кеткен жылы туған,

одан соң әлгі...

– Жарайды, – деді әкей шешемнің сөзін түгел айтқызбай, – мұны әскер

қызметіне   жіберуіміз  керек  (А.С.Пушкин).  Жиренше   атты   байлай  сала

топқа   қарай  жүгіргенде,   Абай   көзін   басып   отыра   кетті...   Бітті,   өлді...

(М.Әуезов).

Сөйлем   ішіндегі   сөздер  арасына  қойылатын   көп   нүкте   туралы

қосымшалардағы § 21-24-ты қараңыз.

§  17.  Алынған цитаттың (дәйексөздің) ара-арасына сөйлем  не сөздер

қалдырған жағдайда, сол жерге көп нүкте қойылады:



Ф.Энгельс   тайпа   мен   оның   диалектісі   жайында:   “...тайпаның   өзіне

ғана   тән   ерекше   диалектісі  болады.  Шындығында,   тайпа   мен   оның

диалектісі   бір   жерден  шығып   отырады”   десе,   тайпаның  бөліну   процесін

“бөліну   арқылы   жаңа   тайпалар   мен   жаңа   тілдердің   жасалуы”  деп

сипаттайды (К.Аханов).

Дәйексөзге   алынған  сөйлем   не  бірыңғай   ой   желісі   аяқталмай   қалса,

дәйексөздің соңына көп нүкте қойылады.

Өнер   тудырушылардың   ең   негізгі   қасиетін   Л.Н.Толстой  оның

реализмінде деп білді. “Өзіңіз суреттеп отырған адамдардың өмірімен өмір

сүріңіз,   –  деп   жазды   Толстой,   –  әр   образда   оның   ішкі   түйсінулерін

суреттеңіз; сонда олардың өздері өз мінездеріне лайық қимыл-әрекеттерді

өздері жасайды...”(З.Қабдолов).

Е  с к  е р т у.  Сөйлем ішіне оның бір мүшесі ретіңде кіргізілген дәйексөзге  (олар  толық

алынбаса да) көп нүкте қойылмайды:

Қазірде де кейбір талантты жазушылар қаламынан шыққан “тілге жеңіл, жүрекке жылы

тиерліктей” сөз түйдектерін кездестіруге болады (К.Аханов).

§ 18. Көп нүкте қойылуға тиісті сөйлем лепті не сұраулы болып келсе,

әуелі леп белгісі (сондай-ақ сұрау белгісі), одан кейін қатарынан екі нүкте

қойылады:


Ой, тәйір алғыр!.. Бұл кім өзі? – деп ашумен сырт айнала беріп Абайды

көрді де: – Ой, Абай, сенбісің?.. Ай, шырағым-ай, бір тыныш жерде отырсаң

етті!.. – деді (М.Әуезов).

Кейде көп нүкте қойылуға тиісті  сөйлем  әрі лепті, әрі сұраулы  болып

келсе, әуелі мағынасына қарай  не леп, не  сұрау белгілері, олардан соң бір

нүкте қойылады:



Ән салған жылқышының дауыстары  да кейде  шырқала,  кейде  баяулай

естіліп   жатады...  Ол   да  маған   таныс   түндер...   Көл   ше?!.   Алуа   ше?!

(С.Мұқанов).

§  19.  Лептік  те,  сұраулық  та  мәні   бар   сөйлемдерден   кейін   екі  белгі

қабат   қойылады.   Сұраулық   мәні  басым  болса,   әуелі   сұрау   белгісі   және

керісінше қойылады:

Кешіре көр, тақсыр балық,

Не кылмақсың бұл ессізге ?! (А.С.Пушкин).

Отаным, еркелегем өзге кімге?

Өзіңмен нені болсын көргем бірге!

Қалайша қабырғама батпас менің

Басыңа қатер бұлты төнген күнде!?(Ғ.Орманов).

2. БАСТАУЫШ ПЕН БАЯНДАУЫШТЫҢ АРАСЫНА

ҚОЙЫЛАТЫН СЫЗЫҚША

§  20.  Бастауыш   зат   есімнен  немесе  заттанған   (зат   есімдік   мәнге   ие

болған) басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш  та атау  тұлғадағы зат

есімнен  не  заттанған   басқа   сөз  таптарынан  болғанда,   бастауыштан   кейін

сызықша қойылады:

Тіл  –  қоғамдық  құбылыс.  Қаһарлы суық  Мұзды мұхит  –  үстінен құс



ұшпаған қырқасын, жан баспаған жапан түз. Жастар – біздің болашағымыз.

Соңғы  келген  үшеудің  ортасындағы  –  Құнанбайдың   тағы   бір   тоқал

шешесінен   туған  Жақып  (М.Әуезов).  Бүгін  –  сапарға   аттанатын  күн

(Бүгінгі  күн  –  сапарға аттанатын  күн).  “Ойпырмай”  –  өкінуді білдіретін

одағай. “Кейін” – демеулік шылау. “Тарақ” деген сөздегі “рақ” – бітеу буын.

“А” – ашық дауысты дыбыс.

Атау тұлғадағы  бастауыш не баяндауыш, не  екеуі  де  тәуелдік, көптік

жалғаулы   болуы   мүмкін.   Ол   күнде   де   бастауыштан   кейін   сызықша

қойылады:



Монолог   –  бір   адамның   пікір   түйе   сөйлеген  сөзі.  Әкесінің  баласы  –

адамның  дұшпаны,  адамның  баласы   –   бауырың  (Абай).  Адамның   ішкі

сезімінің айнасы – көз (С.Мұқанов).

Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін,

бұл жағдайда  да бастауыштан  кейін сызықша қойылады:  Ар  жазасы –  бар

жазадан ауыр жаза (М.Әуезов).

Ғашықтың тілі – тілсіз тіл (Абай). Әлі де беделі – бедел (Ғ.Мұстафин).

Күлкі – қыздың күлкісі (С.Ерубаев).



Баяндауыштың   алдында  не  артында  ғана,   ғой  т.б.   сияқты   шылаулар

тұрса, сызықша қойыла береді:



Қаланың қасында көз толатын табиғат – шалқар көл ғана (С.Мұқанов).

Даланы билеп алған жалғыз үн –  күн сайын қатая түскен күзгі желдің уілі

ғана (М.Әуезов). Адамды бақытты ететін – тек қана азат еңбек.



Е с к е р т у л е р . 1.  Бастауыш атау тұлғадағы  зат  есімнен,  баяндауыш жатыс  септіктегі

зат  есімнен   болғанда,  бастауыштан  кейін  сызықша   қойылмайды:  Бүркітші  тау  басында,



қағушы ойда (Абай). Мектеп үйі қалашыктың қақ ортасында.

2.  Бастауыш  зат  есімнен,  баяндауыш  сын  есімнен болғанда,  екеуінін  арасына сызықша

қойылмайды: Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл (Абай). Күз түні ызғарлы, суық.

3.  Бастауыш   зат  есімнен,  баяндауыш   атау  не   жатыс  тұлғадағы  сан  есімнен   болғанда,

бастауыштан  кейін сызықша  қойылмайды:  1936 жылы Жамбылдан жазылып алынған жырдың

саны он алты.  Ағайынды бұл үшеуінің  жас  мөлшерлері бір-біріне жақын:  Балтабек жиырма

алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде (С.Мұқанов).

4.  Бастауыштан  кейін   оған   жалғас   сұрау  есімдігі  келген  сөйлемдерде,  баяндауыш   атау

тұлғадағы зат есім болғанмен, сызықша қойылмайды: Жилин қандай адам? Қала мен селоның

арасы қанша километрБүгінгі күн қай күн?

§   21.  Бастауыш  І,   ІІ   жақтық   жекеше  я  көпше   тұлғадағы   есімдіктен,

баяндауыш  жіктік   жалғауы   түсірілген   есімдердің   біреуінен  болғанда,

бастауыштан кейін сызықша қойылады:



Мен  –  тауда ойнаған қарт  марал  (Махамбет).  Біз – қырғауыл, сіз –

тұйғын (Абай). Семья – шағын мемлекет, мен – президент, сен – премьер

(Қ.Аманжолов). Сен – тоты құс бақта жүрген (Абай).



Е  с к  е р т у.  Мұндайда  баяндауыш  жіктік жалғаулы  болса, сызықша  қойылмайды:  Мен

осы үйдің баласымын. Сіздер тәжірибелі мамансыздар. Мен көмірмін қалған өрттен (Абай).

§  22.  Бастауыш   та,   баяндауыш   та   атау  тұлғадағы  сын  есімнен

жасалғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады:

Жақсы – ісімен жақсы. Сұлу – сұлу емес, сүйген – сұлу.

§  23.  Бастауыш   та,   баяндауыш   та   сан  есімнен   болғанда,   екеуінің

арасына сызықша қойылды: Үш жердегі үш – тоғыз. Екі бесіміз – он.

§  24.  Бастауыш  ол, бұл, мынау, сонау, анау  деген  сілтеу есімдіктерінен

жасалып,  баяндауыш   атау  тұлғадағы  зат  есім  немесе   зат  есім

мағынасындағы   басқа   сөз   табы   болғанда,   сілтеу   есімдіктерінен   кейін

сызықша қойылады:

Бұл – адам көз сүйегі, – деді ханға (Абай). Сонау – біздің бие. Анау –

емен ағашы.  Бірақ  бұл – қайтқаны емес,  толғанып қалып, бірнеше  тәсіл

тапқаны  (Ғ.Мұстафин).  Соғысты   біз   сүймейміз   ел   жылатқан.  Ол  –  ісі

қанқұмардың қарғыс атқан (Жамбыл).

§  25.  Ол, бұл  деген сілтеу есімдіктерінен болған бастауыштар өзінен

кейінгі сөздің анықтауышына ұқсап, шатасып кететін жағдайда, бастауышы

қай  сөз  табынан   жасалса  да,   одан  кейін  сызықша  қойылады:   Мұндай

бастауыштары  бар   сөйлем  өзінің   алдындағы   сөйлемдермен   логикалық

байланыста болады, сондықтан олар контекске қарай ажыратылады:



Тіл-тілдің   қайсысында  болсын  сөз   мағынасы   көбіне  осы  метафора

арқылы   ауысады.   Сөйтіп,   бұл   –   сөз   мағыналарының   ауысу   тәсілдерінің

ішіндегі метафораның айрықша орын алатындығын көрсетеді (К.Аханов).

Е с к е р т у л е р .   1.  Бұл ережені  орынсыз  қолдана  беруге  болмайды.  Анықтауыш   деп

танылып   кететін   қаупі   жоқ   жерде  ол,   бұл  деген   есімдіктерден   жасалған   бастауыштан   кейін

сызықша   қойылмайды:  Ол  біздің   үйге   келді.  Ол  кітап   оқып   отыр.  Сол  әңгімелерді  ол   аса

шеберлікпен айтып береді (С.Мұқанов).

2.  Ол, бұл  деген есімдіктерден  болған  бастауыштар  көпше  тұлғада  (олар, бұлар)  тұрса,

олардан кейін сызықша қойылмайды:  Бұлар  өндіріс  озаттары  (Бұл – өндіріс озаты  дегенмен

салыстыр).  Олар  би-старшын, бай-бағылан  емес, сын  кезеңдерде ел салмағын тәуекелшіл сом



иықпен берік көтеретін өжет жандар (М.Әуезов).

§   26.  Бастауыш  -у  жұрнақты   етістіктен  не  ол   араласқан   тіркестен

жасалса,   баяндауыш   атау   тұлғадағы   зат   есімнен  немесе  -у  жұрнақты

етістіктен және керісінше болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады:



Елдің   шетін  күзету   –  ең   ардақты  правоң  (Жамбыл).  Көргеннен,

білгеннен аспау, барды қанағат қылу – ой мешеулігі (Ғ.Мұстафин). Аз сөзді,

көп мағыналы болу – мақал-мәтелдерге тән құбылыс. Мектептің міндеті –



оқушыларға жан-жақты білім беру және тәрбиелеу.

§ 27. Бастауыш -ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағымен жасалған есімшеден

(не  есімше  аралас  тіркестен)  болса, баяндауыш не зат  есім,  не  есімше,  не

есімдіктен жасалғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады:



Бұған таяу отырған – Ыбырайдың Ысқағы (М.Әуезов). Көпір біткен –

соғыс   тұмсығының   қатты   қадалатын  жері  (Ғ.Мұстафин).  Алтын   орден

алғаным – терең жырдың тиегі (Жамбыл). Менің жазып отырғаным – теңіз



үстінде   кездескен   көріністерден,   жолыққан   адамдардан  білгендерім

(С.Мұқанов).  Абайды  таң еткен  –  сол екі  жігіт  (М.Әуезов).  Ән шырқаған –

сол. Станцияға ең кеш келген – осы.

§   28.  Бастауыш   зат  есімнен  не  сілтеу   есімдігінен,  баяндауыш

есімшеден   болғанда,   екеуінің  арасына  сызықша   қойылмайды,   өйткені

мұнда есімше өзінің етістік қызметінде қолданылады:



Мектеп үйі жаңадан салынған. Сол екі жігіт Абайды таңдандырған.

Ал   баяндауыш   болып  тұрған   есімше   зат   есім   мағынасында

қолданылған болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады:

Осы  кездік  –  саған  тартқаным  (соңғы есімше тұлға “тартқан сыйым”

деген   заттық   мағынада   қолданылып   тұр).  Енді  осы   –   тоқтатқаны

(Ғ.Мүсірепов).

§ 29. Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі, екіншісі, алдыңғысы, соңғысы деген

заттанған сан есім, сын есімдерден және көбі деген сөзден, баяндауыш атау

тұлғадағы зат есімнен не  жұрнақты етістіктен (және керісінше) болғанда,

бастауыштан кейін сызықша қойылады:

Пьесада (“Шыңырау түбінде”) бір-біріне қарсы екі түрлі идея түйіседі:

оның  бірі  –  көнбістікті, төзе берушілікті уағыздайтын  аяушылық идеясы,

екіншісі – адам күшіне сену, оны өмір үшін күреске шақыру идеясы (“Қазақ

әдебиеті”).  Жаяу   Мұса  –  Біржан   бастаған  Арқадағы   әншілер   тобының

көрнектілерінің  бірі  (М.Әуезов).  Горькийдің   реалистік   шығармаларында


суреттелетін  образдардың  көбі   –  өмірдің  азабын  шеккен,   қорлық,   зорлық

көрген таптың өкілдері (“Қазақ әдебиеті”).

Е  с к  е р т  у.  Бастауыш  бірі, біреуі, екіниіісі, біріншісі, көбі  деген сөздерден,  баяндауыш

атау  тұлғадағы  зат  есім  мен  -у  жұрнақты   етістіктен  басқа  сөз   таптарының   бірінен  болса,

бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: Ойыл екеу: бірі ащы, бірі тұщы (Ғ.Мұстафин).

§  30.  Бастауыш  өз ішінен сөйлем мүшелеріне ажыратылатын күрделі

тіркестер  болып  келсе,  бастауыштан  кейін   сызықша   қойылады   (жазу

тәжірибесінде көбінесе шатасып, қос нүкте қойылып жүр, ол дұрыс емес):



Біздің   жауабымыз  –  Оралбайды   білмейміз  (М.Әуезов).   Мұндағы

баяндауыш –  (біз)  Оралбайды білмейміз; оның өз ішінде бастауышы  (біз),

толықтауышы   (Оралбайды),  баяндауышы   (білмейміз)  бар,   сондықтан   бұл

күрделі  баяндауыш  сөйлемнің   бастауышынан  сызықша  арқылы   бөлінеді.

Келесі  мына  мысалдарда  да  баяндауыштар   осылайша   өз   ішінен   сөйлем

мүшелеріне ажыратылатын күрделі болып келген: Бар ойы – өлең айтып, ән

салалық  (Абай).  “Сор”   дейтінім   –  сабақ   оқытатын   молданы   мен   жақсы

білемін  (С.Мұқанов).  Сенің білмегенің  –  мен жаңа кеп қосылып отырмын

(М.Әуезов).  Бір ескертетін нәрсе  –  оқушылар   айтқан   сөзге   көңіл   қойып,

зерек   отыру   үшін   күн   ілгері   ескерту   жолын  да  қолданады  (Әдістеме

құралынан). Өсиетім – шындықты, адалды сүй (Жамбыл).

Сөйлемнің бір бөлігі  мұның себебі, оған себеп  деген сияқты сөздерден

жасалып,   екінші   бөлігі   тұтас   сөйлем   болып   келетін   жағдайлар  да   осы

ережеге   бағынады.   Мұнда  да  сөйлемнің   екі   бөлігі   бір-бірінен   сызықша

арқылы айырылады:

 Кесіп айтайын, ашық шахтаға рұқсат берілмейді.

– Себеп?

–  Бірінші  себеп  – Қарағанды жағдайында ашық шахта бола алмайды.

Екінші  себеп  –  бола   алған   күнде   оны   біз   емес,   жергілікті   отын   өндірісі

министерствосы ашу керек (Ғ.Мұстафин). 

§  31.  Бастауыш  өзінен   кейінгі   сөзбен   тіркесіп,   сөйлемнің   басқа   бір

мүшесімен   шатасып   кететін  болса,  одан   кейін   сызықша   қойылады

(мұндайда  баяндауыш  қай сөз табынан, қандай тұлғадан жасалғаны шарт

емес).  Айтуда  бастауыштан  кейін  пауза болады. Мысалы:  Отыз –  алтыға

қалдықсыз   бөлінеді.  Бұл   сөйлемде   сызықша   қойылмаса,   әңгіме   30  саны

туралы   емес,   36  саны  туралы   деп   ұғынылар   еді.  Мен   білмейтін   –  жер



астында  дегенде  білмейтін  сөзінен   кейін   сызықша   тұрмаса,   бұл   сөз

бастауыш емес,  жер  сөзінің анықтауышы  деп  ұғынылар еді, ал сөйлемнің

сызықша   қойылғанда   беретін   мағынасы   “мен   білмейтін   нәрсе   жердің

астында жатады” деген сияқты.

§  32.  Бастауыш   зат  есім  не  заттанған   басқа   сөз  табынан  болып,

баяндауыш  болымсыздықты   білдіретін  емес  сөзі   тіркескен   есімдердің

бірінен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады:

Туысым  – аталасым емес,  өзіммен мұңы бір, бейнеті бір жатақтар

(М.Әуезов). Сұлу – сұлу емес, сүйген – сұлу (Мақал). Эпопеядағыдай бұларда


үстем   болып  отырған   –   оқиға   емес,  драмадағы   тәрізді,   адам  (“Қазақ

әдебиеті”). Жатақтарды қосып отырған – ру ұраны емес (М.Әуезов).

§  33.  Бастауыш  алды   (алдым,   алдың),   арты   (артым,   артың),   қасым



(қасы, қасың), үсті (үстім, үстің),  асты  сияқты көмекші есімдердің жалаң

өзінен  болып,   баяндауыш   та  есім   сөзден   болғанда,  бастауыштан  кейін

сызықша қойылады:

Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ (Абай).

Үстім – көк, астым – теңіз, атым – кеме

Арқырап ту толқынмен арпалысқан (Т.Жароков).

§  34.  Бастауыштан  кейін   сызықша   қойылуға   тиісті   сөйлемдердегі

баяндауышқа  еді,   екен,   болды,   болады,   болатын,   болып   табылады  сияқты

көмекші   етістіктердің   бірі   тіркессе,  бастауыштан  кейін  сызықша

қойылмайды:

Тіл  коғамдық  құбылыс  болып   табылады  (Тіл  –  қоғамдық   құбылыс

дегенмен салыстыр). Орысша киінген жігіт Досанов Асқар еді (ал: Орысша

киінген жігіт – Досанов Асқар). Туысым өзіммен мұңы бір жатақтар екен.

Елімізді жаудан  қорғау  Жамбыл өлеңдерінің негізгі тақырыптарының  бірі

болды.

§  35.  Бастауыштан  кейін   сызықша   қойылуға   тиісті   сөйлемдерде

бастауыштан кейін қыстырма сөздер тұрса, сызықша қойылмайды.

Пьесадағы  жағымды  және   жағымсыз  кейіпкерлер  арасындағы  күрес,

дұрысында,  ескі   дүние   мен   жаңа   дүниенің   арасындағы   болып   жатқан

таптық күрес. Челкаш та, сайып келгенде, Гаврила секілді, жеке меншіктің

құрбаны   болған   адам  (“Қазақ   әдебиеті”).   Бөжей   де,  Құнанбай   сияқты,

феодалдық-рушылдық   қоғамның   мықты   болғанын   тілейтін  феодал

(М.Әуезов).

§  36.  Мақал-мәтелдерде,   афоризмдерде,   өлеңдерде   сөйлемнің

баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылады. Мұндай сөйлемдер түсінікті

болу үшін, бастауыштан кейін сызықша қоюға болады.



Ер – егесте  (сыналады),  нар – кешуде  (сыналады) (М.Әуезов).  Асыл  –

тастан  (шығады),  ақыл  –  жастан  (шығады).  Қой   –   қозыдан  (өреді)

(Мақалдар). Біреуі – көк (тағысы), біреуі – жер тағысы (Абай).



§ 37. Ол – ол ма, бұрынғы – бұрынғы ма, бұл – бұл ма сияқты қыстырма

сөз   тіркестері   араларына   сызықша   қойылып  жазылады:  Бұрынғы   –

бұрынғы ма, оның салтанаты тіпті артып кетті. Ол – ол ма, әңгіме одан

сайын күшейе түсті.

§  38.  Бастауыш   пен  баяндауышты   байланыстырушы  дегеніміз,   деген



(дегенім,   дегенің,   дегені)  деген   сөз   тұрса,  бастауыштан  кейін   сызықша

қойылады:



Сөйлем  дегеніміз   –  тиянақты ойды білдіретін бір сөз  я  бірнеше сөз

тіркесі  (“Грамматика”).  Мия   дегеніміз   –  қоймалжың   қорыс   батпақ.

Гипотеза  дегеніміз –  ғылыми жорамалдар.  Қарағанды деген  –  байлық қой

жатқан  (Ғ.Мұстафин).  (Қарағанды деген жер – жатқан байлық).  Көрдім

деген – көп сөз (Көрдім деген сөз – көп сөз).

§  39.  Де  етістігінің алдында келетін, бірақ төл сөз емес  құрылым өз



алдына   сөйлем   болса,   оның   бастауышы   мен   баяндауышының  арасына

қойылуға тиісті сызықша сақталады:



Жазушы өз шығармаларында қоғамдағы зұлымдықты жоя алатын күш

– адамның өзі деп, еңбекші халықтың күшіне сенім білдірді.

§  40.  Суреттеме   мазмұнды   атаулы   сөйлемдердің   ішіне   сызықша

қойылмайды,   өйткені  олар   бастауыш,  баяндауышқа   бөлінбейді:  Ортада

үстел. Сол жақта диван. Диван үстінде кішкене жастықтар. Орман. Бірінің

соңынан   бірі   келе   жатқан   адамдар.   Әркімнің   арқасына   таңылған   бір-бір

рюкзак  (соңғы   сөйлемдегі  таңылған  деген  сөз   –  бастауыш   емес,

анықтауыш).

§  41.  Сөйлем  мүшелерінің әдеттегі орны ауысып  келген  сөйлемдерде

(көбінесе өлеңдерде) орынсыз сызықша қойылмайды. Мысалы: Сенсің жан



ләззаты, Сенсің тән шәрбаты  (Абай)  деген өлең жолдарының қара сөзбен

айтқандағы   құрылысы:  Жан  ләззаты  сенсің,   тән  шәрбаты   сенсің  немесе:



Сен   жан   ләззатысың,   сен   тән   шәрбатысың  болар   еді.   Сондықтан   бұл

құрылымдардың қай-қай түрінде де сызықша қолданылмайды.



Өзімдей өскен бірге кұрбыларым:

Бірі – әнші, бірі – малшы, бірі – ғалым...

Осылар батырлары бай еңбектің,

Осылар сақтаушысы жер мен көктің (Ә. Тәжібаев). 

Бұл сөйлемнің қара сөздік құрылысы: Бай еңбектің батырлары осылар,



жер   мен   көктің   сақтаушысы   осылар  болар   еді,   сондықтан   мұнда  да

ешқандай сызықшаның қажеті жоқ.

§ 42. Бастауыш болып тұрған сөз баяндауыштың құрамында қайталап,

бастауышқа жалғас тұрса, бастауыштан кейін сызықша қойылады:



Физикалық, денелерден құралған заттар сол қалпында: шыны – шыны

қалпында  (қалады),  парафин – парафин  қалпында  (қалады),  мыс  – мыс

қалпында   қалады  (“Химия  оқулығы”).  Жамбыл   –   Жамбыл  болғалы,

Есіткен талай батырды (Жамбыл).

3. ҚАРАТПА СӨЗДЕРДІҢ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ

§   43.  Жанды,   жансыз   заттарға   қарата   айтылған  сөздер  (қаратпалар)

сөйлем   ішіндегі   басқа   сөздерден   үтірмен   ажыратылады.  Қаратпа  сөз

сөйлемнің   басында   тұрса,   үтір   оның   соңынан,   ортасында   тұрса,   екі

жағынан, соңында тұрса, одан бұрын қойылады:

Жігіттер,  ойын   арзан,   күлкі   қымбат.  Жүрегім,  нені   сезесің!   Сөз

түзелді,  тыңдаушы,  сен   де   түзел  (Абай).  Тыңда,  дала,  Жамбылды

(Жамбыл). Тыныштал! Тынышталшы, Абайжан! (М.Әуезов).

§ 44.  Қаратпа сөздің алдында өз анықтауыштары  болса,  олар қаратпа

сөзден   тыныс   белгісімен   бөлінбейді.   Қаратпа   сөз   анықтауыштарымен

тұтасып, сөйлемнің басқа мүшелерінен үтірмен ажыратылады:



Қарағанды шахтёрлеріұр еңбектің дабылын! (И.Байзақов)

Пернеге бауыр басқан кәрі бармақ,

Арынын домбыраның шыңға самғат! (Жамбыл)

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл (Абай)

§   45.  Алдынан  не  соңынан  келген   эпитет  сөздері  бар  қаратпалар  да

тұтас тізбек құрайды, эпитет пен қаратпа сөз бір-бірінен тыныс белгісімен

ажыратылмайды:



Жарайды,  Абай  аға,  қаршыға  жайында  ма?  Әй,  шырағым  балам,  ар

жағыңда әкең тұр.  Қарағым Қамқа,  бүгін күн жұма ғой осы?  (М.Әуезов).

Жолдас  командир,  қасында мың шақты адамы  бар Павел Громов  келіп тқр

(Ә.Әбішев). Оның рас шығар, жан анам! (Ғ.Мүсірепов).

§ 46. Қаратпа сөзбен қатар келген одағайдан кейін үтір қойылады:

Уа,  Горький,  халық ырысы – күнді сүйдің  (Жамбыл).  Уәу,  жігіттер!

Сендердін өлең жазамын деп қырқысқан таласың тіпті жақсы (М.Әуезов).

Күннен күнге, уа, халқым, құлаш жаздың өріске (Жамбыл).

Қаратпа сөзбен қатар келген о деген одағайдан кейін де үтір қойылады:



О,   күн-ау,  төге   түсші   сәулеңді   сен  (Жамбыл).  О,   Жасаған!   –  деді

Савельич күңірене сөйлеп  (А.С.Пушкин).  О,  жалғыз сенерім – Жантығым!

О, сиқыр, тағы келдің бе қасыма? (Ғ.Мүсірепов). Есіл өлкесінің құнарлылығы

туралы талай әңгімелер естіп ем, рас екен!.. О, Есіл!.. (С.Мұқанов)

§ 47.  Қаратпамен қоса айтылған  шылаулар да  күрделі қаратпа сөздің

құрамына енеді де, екеуінің арасына дефис қойылады:

Жеңеше-ау,  Абай   ағамның   мысқылына   ажалды   кісі   тап  болсын   да.

Қаражан-ай, сенен де мырза бай болар ма екен? (М.Әуезов).

Қаратпа   сөздер   (әсіресе   жалаң   түрлері)   екі   рет   қайталанып  та  келуі

мүмкін.   Мұндайда   қайталап   тұрған   қаратпа   сөздердің   өз  араларына  үтір

қойылады:



Ер Төстік жақындай түсіп: “Шеше, шеше, артыңдағы қыздардың бәрі

өзіңдікі ме?” – дейді (“Ер Төстік” ертегісі). – Қош, қалқам, қалқам! – деді

Шұға (Б. Майлин).

§ 48.  Қаратпа сөз сөйлем  басында  келіп, көтеріңкі дауыспен  айтылса,

одан кейін леп белгісі қойылып, келесі сөз бас әріппен жазылады:

Тоғжан! Япырмай, жақсы айттыңыз-ау! (М.Әуезов). Павел! Естисің бе?

(М.Горький)



§ 49. Қаратпа сөз сияқты, бірақ нақты біреуге арналып айтылмаған,

жалпылық-белгісіздік немесе одағайлық мағынасы бар сөздер сөйлем ішінде

үтірмен бөлінеді. Олар да күрделі, шылаулы болып келе береді:

Менің   айтқаным  да,  естігенім  де  осы   ғана   емес   пе   еді,  сығыр-ау!

Жандарым-ау,  не  білгендерің   бар?  Әй,   кәпір,  содан  қосылған  жау  болды.

Айналайын   құдай-ау,  айнымаған  Тоғжан!   Жә,   әлгі   қайда   жоқ   боп   кетті,

батыр-ау!  (М.Әуезов).  Солай   ма   еді,  аңқау   басым?  (С.Мұқанов).  Бар

болғыр, жай болушы ма еді? (Ғ.Мүсірепов). Көптен ұйқы көрмей сергелдең

болып жүрген байғұс басым, сол мезгілде ұйқы қысып қалғымаймын ба? Таң

атқан соң қарасам, көзін ашпағыр,  май  жағылмаған етігім өкпелеп қашып

кетіпті (Ертегіден).

4. ҚЫСТЫРМА СӨЗДІҢ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ

§   50.  Қыстырма  сөздер  (жалаң   және   күрделі)  сөйлем  ішіндегі   басқа

сөздерден үтірмен бөлінеді. Қыстырма сөз сөйлемнің  басында келсе,  үтір

одан  кейін,   ортасында   келсе,   екі   жағынан,   соңында  келсе,   алдынан

қойылады:

Менің   білуімше,  ел   бір   заманда  қой   сияқты  болған  (М.Әуезов).

Ұмытпасам,  курста   бізге   берілетін   сабақтардың  саны   он  (С.Мұқанов).

Түнеугүні,  әлі есімде,  ауылдағы құс фермасына бардық.  Жалған  шығар бұл,

кім біледі.

§ 51. Қыстырма болатын сөздер мен сөз тіркестері көбінесе мыналар:



а)   Автордың   түрліше   сезімін:   қуанышын,   қайғырғанын,   өкінішін,

сенімін, күмәндануын т.б. білдіретін  сөздер:  амал қанша, несін айтасың,

бәсе,   әрине,  рас,   сірә,   тегі,   тегінде,   асылы,   бәлкім,   шамасы,   айтпақшы,

мүмкін, бақытымызға қарай, соры қайнағанда т.б.:

Дүниеде,  сірә,  сендей   маған  жар   жоқ  (Абай).  Бәсе,  осы  сөз   менің

құлағыма   бір   тиген   еді  (М.Әуезов).  Көл,  тегі,  “Дос”   болып   сол   кісінің

ныспымен аталып кеткен болу керек. Амал нешік, келдім (С.Мұқанов).

ә)   Айтылған   ойдың   кімнің   тарапынан   шыққанын   білдіретін  сөздер:

...айтуынша, ...айтқандай,  жұрт айтқандай, меніңше,  менің байқауымша,

менің аңғаруымша, біздінше, сеніңше, оныңша, оларша, ...ойынша, әлі есімде,

шынымды   айтайын,   ұмытпасам  т.б.   Мысалдар:  Менің   аңғаруымша,  сіз

тарихқа   көп   ат   салысқан   сияқтысыз  (М.Әуезов).  Горькийше,  бүкіл

азаматтық ақыл-ой мен көркемдікке жол салушы да, мәдениетті құрушы да,

әлемді жаңғыртушы да – еңбек.

б)   Ойдың   желісін,   ретін   (бастамасын,   түйінін)   білдіретін  сөздер:

біріншіден, екіншіден,... әуелі, алдымен, демек, сөйтіп, қысқасы, ақырында,

әйтеуір, керісінше, мысалы, негізінен, негізінде, сонсын, сосын, бір жағынан,

екінші жағынан,..., бір сөзбен айтқанда, былайша айтқанда, сайып келгенде

т.б. 

Мысалдар:  Ең   әуелі,  жайдақ   суға   теңгердіңіз...  Екінші,  ел   алатын

тәсілді айттыңыз... Үшінші, орысты айттыңыз (М.Әуезов). Өз балаларына

сонша қатал ол мені кісі баласы көре ме, әлде әке-шешесі жоқ жетім деп аяй

ма,  әйтеуір,  бұған   дейін   жекіп   көрген   жоқ   еді.  Мысалы,  Омбының   сол

кездегі   зор   үйі   –   Омбы   темір   жолының   басқармасы  –  Қызылжарда   жоқ

(С.Мұқанов). Сөйтіп, ол Кішкене Кентай атанып кетті (М.Ғабдуллин).

в) Тыңдаушының назарын аудару үшін  айтылатын сөздер:  айталық,

өздеріңізге   мәлім,   көріп   отырсыз,   шынында,   міне,   әне,   қане,   байқаймын,

байқайсыз ба т.б. 

Мысалдар:  Шынында,  бүгін  болмаса ертең,  ертең  болмаса бүрсігүні

айырылуға тура келетіні анық сезілуші еді (М.Горький). Байқаймын, ол мені

танитын  адамға  ұқсайды  (М.Иманжанов).  Бұған,  айталық,  тағы  да  екі

литр су құямыз. Қасыңдамын, міне, келдім.

§  52.  Не, немесе, қалай, ендеше, осы  сияқты  сөздер де сөйлем  мүшесі

болмай,   айтушының   (автордың)   белгілі   бір   сезіміне   байланысты

қолданылғанда, қыстырма сөз ретінде үтірмен бөлінеді. 

Мысалы: Не, бәрің осы баланы мүйіздей бересіңдері (Ғ.Сыланов). Осы,

солдатқа жалғыз өзім-ақ кете берсем қайтеді! (Л.Толстой). Бүгін қойды кеш

сауып болған ба,  немене,  ымырт жабылып қалыпты. Арысыңды,  ендеше,

арыстан жеді. Қалай, құлағың ашылды ма? (М.Әуезов)

Қыстырма   бола   алатын   бірқатар   сөздерді   олардың   сөйлем   мүшесі

болып,   немесе  күрделі   мүшенің   құрамында   келіп,   басқа   сөздермен

синтаксистік   байланыста   тұратын   түрлерімен   шатастырмау   керек.   Сол

жақта   берілген   қыстырма   сөздері   бар   мысалдар   мен   оң   жақта   берілген

қыстырма сөздері жоқ мысалдарды салыстырыңыз:



Рас,  мен  сізді   бір   рет   көрдім

(М.Әуезов).

Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз.

Айтпақшы,  бүгін   мен   Асқарды

көрдім.

Немене, шабыныңды басар

деп қорқамысың?

Несін   айтасың,  бұл   ат   –   осы

ауылдың әйгілі жүйрігі.

Екінші,  ел  алатын   тәсілді

айттыңыз (М.Әуезов).

Әлі есімде, бір күні тауға 

шықтық.

Оның айтқаны рас екен.

Оның   кешігіп   жүруі  мүмкін

емес.

Мен   саған   бірдеңе  айтпақшы

едім.

Немене айтып отырғаныңды

өзің түсінемісің!

Бұл сөзді бұрын мен естігем,

қайталап оның несін айтасың.

Екінші

 күні

 

жолдың

жартысына келдік.

Бала  кезде   естіген   ертегілерім

әлі  есімде.

§  53.  Сөйлемдегі   сөздермен   синтаксистік   байланысы   жоқ   қыстырма

сөйлемдер көбінесе үтірмен бөлінеді:

Ұмытып   барады   екем,  жуырда   елінен   Әміржан   келіп   қалды.   Сол

ниетпен   кірсем,  неге  екенін   кім   білсін,  мені   елеген   адам   болған   жоқ

(С.Мұқанов).  Осы   кезде,  Құнанбайға   Жексен   шаққан  болу   керек,  әкесі

Абайға айғайлады (М.Әуезов).

§  54.  Сөйлемдегі   негізгі   ойды,  не  бір   сөзді   айқындау,   дәлелдеу,

түсіндіру   үшін   қолданылған   қыстырма   сөйлемдер  не  сөз   тіркестері   екі

жағынан жақшаға  алынады (бірінші сөзі жалпы есім болса,  кіші әріппен

жазылады):

Салжігіттен (Темірбекті ол Салжігіт дейтін еді) неге қалдым? Иесі –

Әбіл  (әйелге бұлайша  еркек  атын  қоюды  бірінші   естуім)  дейтін жесір

әйел  (С.Мұқанов).  Бірақ   менімен   Раушанның  (Рауза   деп   бірге   оқитын

жолдастары   атап   кеткен   көрінеді)  оқысында   үлкен   айырма   бар   екенін

сезгендеймін (М.Иманжанов).

Қыстырма   сөйлем   лепті  не  сұраулы   болса,   екі   жағынан   жақшаға

алынады да, леп не сұрау белгісі жабылатын жақшаның алдынан қойылады,

жақша ішіне алынған қыстырма сөйлем кіші әріптеп басталып жазылады:



Еміс-еміс   естуімше,   қыздың   бір  дұшпаны  (неге  дұшпан   болатыны

айтпай-ақ   мәлім!)  қызға мен жіберетін өлеңдердің біреуін түсіріп алады

(С.Мұқанов).

Жақшаға   алынған   қыстырмамен   аяқталып   тұрған   сөйлемдерде   леп,

сұрау   белгілері   жалпы   сөйлемге   тиісті  болса,  олар   жақшаның   сыртына

қойылады:



–  Астапыралда  (солай  дейтін оның кейде әдеті болушы еді)!  –  деді

Итбай (С.Мұқанов).

Жақшаға алынған қыстырма сөз не сөз тіркестері бөліп кететін жердегі

басқа тыныс белгілері де (үтір, сызықша, қос  нүкте) жақшаның сыртына

қойылады:



Шыңғыстан Жақып, Шокан (жұртқа мәлім Шоқан Уәлиханов), Мақы,

Махмет туады. Үлкендердің айтуынша, Қазақтың әкесі (атын ұмыттым) –

ноғайлы деген жұрт (С.Мұқанов).

§ 55. Екі қыстырма сөз қатар келгенде, араларына үтір қойылады:



Рас,  менің байқауымша,  сіздің халық – ақын халық.  Қысқасы, мүмкін,

осы дұрыс та болар.

§  56.  Оңашаланған   мүшемен   келетін  мысалы,   айталық,   шынында

сияқты   қыстырма   сөзден   кейін   үтір   қойылмайды   (бұл   жөнінде   §   70-ты

қараңыз):



Көктемде   жыл   құстарының  алды,  мысалы  қаз   бен   үйрек,  келе

бастайды.   Географиялық  атаулар,  айталық   тау  аттары,  бас  әріппен

жазылады.

Қыстырма   сөзбен  келген  оңашаланған   мүше   жақша   ішінде   тұрса,

қыстырмадан кейін үтір қойылады:

Көктемде   жыл   құстарының  алды  (мысалы,  қаз   бен   үйрек)  келе

бастайды.  Географиялык  атаулар  (айталық,  тау  аттары)  бас   әріппен

жазылады.

§  57.   Мағынасы   жағынан   қыстырма   сөздерге   ұқсас   келетін,   дауыс

кідірісімен айтылатын мынадай сөздер сөйлемнің  басында не жай  сөйлем

ішінде үтір арқылы бөлінбейді:  ал, тіпті, дегенмен, алайда, бірақ, сонымен



қатар, сондай-ақ, әсіресе, тек. 

Мысалдар: Ырғызбай ішінде әсіресе осы Қарашоқыға қызығушылар көп



болатын.  Тек  не  бұйырсаң  да,  тезінен бұйырғайсың. Абай  бірақ  қайындап

кетті  (М.Әуезов).  Дегенмен  мен  жаңылмаппын.  Мен  оған   күлімсірей

қараймын.  Ал  ол өзінің келешегіне күлімсірей қарайды  (М.Иманжанов).  Ал

Әмір  болса, сол балалар  ішіндегі әнші, өнерлісі болып келеді  (М.Әуезов).  Ол

тіпті көшелі кісі боп қапты (С.Мұқанов).



Ал,   бірақ,   алайда,   дегенмен,   сонымен   қатар,   сондай-ақ  деген  сөздер

жалғаулық шылау ретінде екі бірыңғай мүшенің немесе  екі жай сөйлемнің

арасында келсе, алдарынан үтір қойылады (§105-ты қараңыз).

Е с к е р т у. Бұл сөздер сөйлем басында келіп, олардан кейін қаратпа, қыстырма сөздер

тұрса,   екеуінің  араларына  үтір   қойылады,   бірақ   ол   үтір   бұл   сөздерге  байланысты  қойылған

тыныс белгісі  емес,  қаратпа  не қыстырма  сөздің екі жағынан койылған үтірдің біреуі  болып

саналады:  Ал,  Абай   аға,  осы билік  байлау  ғой  (М.Әуезов).  Дегенмен,  шынымды   айтайын,



сізді танымай тұрмын. Бірақ, апа, осы екі балаңды адам етем (М.Әуезов).
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет