Қазақ тілінің анықТАҒышы


§ 58. Ол – ол ма, бұл – бұл ма, ол –



жүктеу 2.12 Mb.
Pdf просмотр
бет7/47
Дата28.12.2016
өлшемі2.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
§ 58. Ол – ол ма, бұл – бұл ма, ол – ол болмасын деген сияқты тіркестер,

қыстырма ретінде үтірмен бөлінеді: Ол – ол ма, әңгіме одан да ұлғая түсті.

§  59.  Сөйлем   мүшелерімен   синтаксистік   байланысы   жоқ,   өз   алдына

жеке   сөйлем   сияқты   қыстырма   конструкциялардың  да  екі   жағынан   үтір

қойылады. Ол конструкциялар көбінесе қасында, ішінде, басы ... болып деген

тәрізді сөздердің қатысуымен жасалады, оларды алып тастағаннан сөйлем

мағынасы ойсырамайды. 

Мысалы:  Бір  топ адам,  басы  Жомарт   болып,  егінге  қарай  беттеді.



Газиктің рулін өзі ұстап, қасында Жақып бар, Жомарт келеді (Ғ.Мұстафин).

Осы   мақсатпен   1913   жылы   патша   әкімдері   ел  ішіндегі   бір   топ   ақынды,

ішінде Жамбыл да бар, Алматыға айдап әкелді (“Қазақ әдебиеті”).

§  60.  Жақшаға   алынған   қыстырма сөзді  не  сөйлемдерді   енгізген   кім

екенін   білдіру   үшін  редакция  деген  сөз  немесе  автордың   әріптерден

қысқартылып   көрсетілген   аты-жөні  (инициалы)  қойылады.   Ондайда

қыстырмадан кейін нүкте мен сызықша қойылып, автордың қысқартылған

аты-жөні  немесе  редакция  деген  сөз  бас  әріппен  жазылады   да,  жақша

жабылады:

Шоқан  Уәлиханов   Қашқарда  қалай  тұруы  туралы   былай  дейді:

“Қашқардың және Алты шаһардың ғұрпы бойынша, шет мемлекеттен бұл

елге келгендер үйленуге міндетті. (Кейін анықтасам, бұл әдет мұсылмандар

үшін   ғана  екен.   –  С.М.).  Кіші   Бұхара   (Қашқария   –  С.М.)  имам   Ханифке

(мұсылмандар   дүниесіндегі   төрт   мәзһәптің,  орысша  сектаның   біреуі.  –

С.М.) бағынғанмен, ...бұл арада уақытша үйлену толық күшінде екен”.

Бұл мысалдардағы С.М. дегендер – Сәбит Мұқановтың инициалы.

5. ОДАҒАЙЛАРДЫҢ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ

§ 61. Одағайлар көбінесе сөйлем басында келеді де, үтірмен бөлінеді.



Е,  Ойке апаны білмеуші ме ең?  Өй,  Жиренше, жаңағы осы Қодар кім?

(М.Әуезов).  Тәй,  қылжақты   қоя   тұр  (С.Мұқанов).  Апырау,  сіздің   ауыл

Майқұдыққа қонбаушы еді ғой (Ғ.Мүсірепов). Уа, ата, мына таудың басын

қырау шалғалы неше жыл болды. Әй, сен не айтып келесің!

Егер одағайлар сөйлем ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады,

соңында тұрса, үтір одан бұрын қойылады:

Жүрегім, ойбай соқпа енді...

Бүгінгі дос – ертең жау,

Мен не қылдым, япырмау?! (Абай)

§  62.  О  деген  одағайдан   кейін   үтір   қойылады:  О,  жауыз Қодар!  О ,



шіркін,   шіркін!  (Ғ.Мүсірепов).  О  деген   одағайды   ықшамдалған  о   (ол)

есімдігімен шатастырмау керек:  әңгіменің о  жақ, бұл жағы; о  не дегенің; о



заман да, бұ заман.

§  63.  Одағай   сөйлемнің   басында   келіп,   көтеріңкі   дауыспен   айтылса,



одан кейін леп белгісі қойылып, келесі сөз бас әріптен басталады:  Пәләй!

Мақұл-ақ! Ал ендеше мен нені айттым!?  (М.Әуезов).  Еһе!  Сен өзің біздің

қақпанға бұрын да түскен кәрі қасқыр екенсің ғой (А.С.Пушкин).

§  64.  Одағай   тәріздес  бәсе, жә, қош, қой, құп  (болады),  жай, бәлем,



жарайды  (осы мағынадағы  жақсы), мақұл, болды, дұрыс, бәрекелді  сияқты

сөздер сөйлем ішінде жұмсалған орны мен мағынасына қарай оқшауланып

келсе, өзге сөздерден үтірмен бөлінеді. 

Мысалдар: Қой, не де болса қалмайық енді. Жә, тоқтат, ақсақал! Бәсе,



Телқара   ғой...  Бәлем,  Бөжей  де  осыны   сезген   болар.  Бәрекелді,  мына

қызықты қара. – Мырза, мына аттылар не? – Жай, мына жылқыға отарға

шығар   алдында   таңба   бастырайын   деп   ем.   Соған   жиылған   ел,   –   деді

Құнанбай  (М.Әуезов).  Жарайды,  айтам деп әкелгенің екен.  Жақсы,  сынап

берейін (“Аяз би” ертегісінен). – Болады, оқиын, – деп мен уәде бердім.

§  65.  Иә   (я),   жоқ,   мә,   мәңіз  сөздері   де   сөйлем   ішінде   үтірмен

ажыратылады:

Ақтағаны   ма?  Жоқ,  жай   шошығаны   ма?  Иә,  етің   ыстық,   ауырған

жерің бар ма? (М.Әуезов). Павлуша, сен ауырып жүрген шығарсың ? – Жоқ,

денім сау. – Сен жатып ұйықтасаң етті. – Иә, қазір жатам (М.Горький). –

Мә, мынаны қарай тұр (С.Шәймерденов).

Иә,   жоқ  дегендер  сөйлем  басында  келіп,  ерекше  екпінмен  айтылса,

олардан  кейін  леп  белгісі   қойылады  да,  келесі   сөз  бас  әріптен   басталып

жазылады:

Жоқ, жоқ! Жалғыз емес, мен болармын қасында (Ғ.Мүсірепов). Кісілер

тарап кеткеннен  кейін,  ол  Павелға  қарап: – Павлуша, сен социалиспісің? –

деп  сұрады.  Павел   анасының   қарсы   алдында   тура  қарап  тұрып:   –  Иә!

Қайтеді? – деді (М.Горький). 

Иә,   жоқ  дегендер  оқта-текте  сөйлем   ортасында   да  келеді,  ондайда

бұлар екі жағынан үтірге алынады:



Осы, ілім дегенің кітаптың бетінде ғана ма, жоқ, мына жер бетінде де

бірдеңе қалды ма? – деді Шығанақ  (Ғ.Мұстафин).  Мен осыны,  иә,  осыны

айтып отырмын.

Иә  деген сөз  я, ие  түрінде  де,  жоқ  деген сөз  жо  түрінде де айылады

және солай жазылады: Жо, бізге барады (М.Әуезов).



Е  с к  е р т  у.  Сөйлем  басында, кейде ортасында  оқшауланып келетін  жоқ деген сөз  бен

осы   сөздің   сөйлем   мүшесі   болып   келетін   түрін   шатастырмау  керек.   Әдетте  жоқ  деген   сөз

сөйлем   мүшесі   болып   келгенде,   сөйлемнің   соңында   тұрады:  Бұл  үйде  балалар  жоқ.  Сөйлем

мүшесі ретіндегі  жоқ  сөзі өлеңдерде және инверсиялы  сөйлемдерде сөйлем  басында да  келуі

мүмкін, бірақ ол үтірмен не леп белгісімен бөлінбейді.

§ 66. Одағайлар көбінесе қаратпа сөзбен қатар қолданылады. Мұндайда

одағай мен қаратпаның өз араларына да үтір қойылады:

Ей,  аққу,  сәлем   деші   жолыққанда  (С.Сейфуллин).  Пай-пай,   бала-ай,

сабырың-ақ соңымнан қалмады-ау  (Ғ.Мұстафин).  Сыналар,  ей,  жігіттер,

келді кезің (Абай).

§ 67. Бірнеше одағай қатар келгенде әрқайсысы үтірмен бөлінеді:



Уа,  шіркін,  ән  деп осыны  айт!  А,  астапыралда,  солай ма еді? – деп

Балбалаға  қарай   қалды.  Япырау,   әттегенай,  атын   сұрамаппын   ғой!

(М.Әуезов).

§ 68. Ә деген одағай мен ә дегенше, ә дегенмен тіркестерін, әй, әу деген

одағайлар   мен  әй   (ай)   дер   ажа,   әудем   жер  деген   сияқты   тіркестерді

(олардағы  ә,   әй,   әу  деген  форматтарды)  шатастырмау   керек:  тіркес

құрамындағы ә, әй, әу дегендер өзінен кейінгі сөзден үтірмен бөлінбейді:

Ә  дегенше жетіп келді. Оның даусы  әудем жерге  естіліп тұрды. Мен

оны ә дегеннен тани кеттім.

6. АЙҚЫНДАУЫШ МҮШЕЛЕРДІҢ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ

§  69.  Оңашаланған   айқындауыш   мүшелер   сөйлемнің   басқа

мүшелерінен көбінесе үтірмен бөлінеді. Мысалы: Абай былтыр боқырауда,

күзем   үстінде,  қалаға   оқуға   кеткенде,   дәл   осы   қоныстан,  Есенбайдан,



кеткен болатын. Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды

айтқан (М.Әуезов).

Өз  ішінде   үтірлері  бар   жайылма оңашаланған  айқындауыш  мүшелер

екі   жағынан   сызықша   алынып  жазылады.  Оңашаланған   мүше   үтірмен

бөлінгенде,   бірыңғай   мүшеге   ұқсап   кететін  жерде   де   сызықша  қоюға

болады:

Біз  – Мұстафаның екі кіші баласы Ғаббас пен Шәкен, мен үшеуміз –

үйден   шықтық  (С.Мұқанов).  Біраз   жүрген   соң   Асан  –  күндіз   көп   жүріп,

шаршаған бала – ұйықтап қалды (Ы.Алтынсарин). Ұлы орыс халқының бай

мәдени   мұрасының   бір   саласы  –  оның   тамаша   мақалдары,   мәтелдері   –

қазақ  халқына   аудармалар   арқылы   таныс  болып,  халық   игілігіне   айналып

келеді (“Қазақ әдебиеті”).

§ 70. Оңашаланған айқындауыш мүше болатындар:

а)   Өзінен   бұрынғы   сөздің   мәнін   айқындап,   дәлдеп   беретін   және

сонымен септік жалғаулары жағынан тұлғалас келетін бір сөз не сөз тіркесі:



Осы үйдің ер жетіп қалған екі баласын, Нұржан мен Нұрланды, жұрт

көп  мақтайды.   Тобықты   ішіне   ең   алғаш  келген   арба   осы  Зеренің,

Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады (М.Әуезов).

ә)  Яғни,   әсіресе,   мысалы,   яки,   немесе,   болмаса,   басқаша   айтқанда,



“әсіресе”  деген  мағынадағы  көбінесе, оның ішінде, тіпті деген  сөздермен

басталатын   тіркестер   өзінің   алдындағы   сөздің   мағынасын   дәлдеп   тұрса

оңашаланған   мүше  болады.  Жоғарыдағы   сөздердің   өздері   жеке   үтірмен

бөлінбейді. Үтір тұтас тіркестің екі жағынан қойылады:



Ылғалды   жерлерде,  көбінесе   өзен   бойларында,  шөп   қалың   өседі.

Реакцияға   түскен   заттардың   салмағы  реакция  нәтижесінде   шығатын

заттардың   салмағына   әрдайым   тең  болады;  бұл   заңды   заттар   сақталу

заңы, немесе Ломоносов заңы, деп атайды. Әңгімемізді шығармашылықтың

бір түрі, мысалы музыка, туралы бастайық.

Е с к е р т у .  Мысалы деген сөз оңашаланған мүшенің кұрамында болмай, жеке кыстырма

сөз   ретінде  келгенде,  үтірмен   жалғыз   өзі   ғана   белінеді:  Мысалы,  таза   мыс  электр   тогын



жақсы өткізеді. Әрқайсымыз өз шаруамызбен болдық. Мен, мысалы, кітап оқып отырмын.

Мысалы деген сөзден кейін қос нүкте қойылуы туралы §95-ты қараңыз.

2. Әсіресе, көбінесе, тіпті, оның ішінде деген сөздер оңашаланған мүше

болатын   сөз   тіркестеріне  емес,  жалпы   сөйлемге   қатысты  болып  келуі

мүмкін.   Ондайда   бұл  сөздер  ешқандай   тыныс   белгісімен   бөлінбейді:

Ырғызбай   ішінен  әсіресе  осы   Қарашоқыға   қызығушылар   көп   болатын

(М.Әуезов).  Алматылықтар   жазда  көбінесе  тауға   шығады.  Олардың

ішінде үй іштерімен шығатындар да көп.

б) Есімдіктен кейін келген айқындауыштар оңашаланады:



Олар,  жас   жігіттер   мен   жас   қыздар,  қиын   жұмыстардан   бас

тартпады.   Мен,  Олег   Кошевой,  Жас   гвардия  мүшелерінің  қатарына

кірерде...  ант   етем  (А.Фадеев).  Айтып  тұрған  мына   мен,  Бақбергенмін

(М.Әуезов).

Кейде  керісінше   құрылған   түрлері  де   болады,  яғни   есімдік

оңашаланады, бірақ бұл сирек қолданылады. Мысалы:



Балалары, біз, тірі тұрғанда, апам кедейшілікті ойлайтын кісі емес еді

(С.Мұқанов).

в)   Жалпы   мезгілді,   мекенді   білдіретін  пысықтауыштардан   кейін,   сол

мезгілдің дәл қай кезі, сол мекеннің дәл қай жері екенін ашып көрсететін

анықтауыштар оңашаланады. Мысалы:



Түнде, сағат 12-де,  поезд келді  (түннің басқа кезі емес, дәл сағат 12-де

деп айқындап тұр).  Қазақстан Республикасында,  Астанада,  білім ордасына



арналып   зәулім   үй   салынады  (білім   ордасына   арналған   зәулім   үйдің

Қазақстан   Республикасының   басқа   жерінде  емес,   Астана  қаласында

салынғанын дәлдеп тұр).

§ 71. Сияқты, ретінде, қатар, емес (емей), түгіл деген сөздермен келген

және  -дай,   -дей,   -тай,   -тей  жұрнақты  сөздермен   келген  тіркестер   де,

оңашаланған мүше сияқты, сөйлем ішінде үтірмен бөлінеді:



Жамбыл 70-80 жылдарда, ұсақ өлеңдермен қатар,  көлемді жырлар да

шығарады. Мен Әлти ғана емес, Сәдуақасқа да іштей қайран қап отырмын

(С.Мұқанов). Үйге кіргізу түгіл, жақындасуға рұқсат жоқ (Ғ.Мүсірепов).

Е  с к  е р т у.  Бұл сөздердің белгілі бір сөйлем мүшесінін құрамында тұрғандағысымен

шатастырмау   керек.   Ондайда   бұлар   үтірмен   ажыратылмайды:  Музгарко   сияқты  жан



жолдасынан шал дәл қазір үмітін үзе бастаған еді (Мамин-Сибиряк) (Қандай жан жолдасынан?

– Музгарко сияқты – анықтауыш). М.Әуезов сияқты талант бүкіл дүние жүзіне ортақ (қандай

талант?   –  М.Әуезов  сияқты   –  анықтауыш).  Екеуі  қатар  отыр.  (Қалай   отыр?   –  қатар   –

пысықтауыш).

§ 72. Қарамастан, қоспағанда, есептемегенде деген сөздерге аяқталатын

тіркестер де үтірмен бөлінеді:



Аяғының ауырғанына қарамастан, ол шапшаң жүріп отырды. Кешігіп

қалған екеуді қоспағанда, жорыққа аттанатын шаңғышылар саны он алты.

Жорыққа аттанатын шаңғышылар саны, кешігіп қалған екеуді қоспағанда,

он алты.

§ 73. Оңашаланған мүше инверсияланып (әдеттегі орны ауысып) келуі



мүмкін,   ол   күнде   де   сөйлем   ішінде   үтірмен   ажыратылады:  Мұқанның

баласы   ғой,  менің   былтыр   өлген   ағамның  (С.Мұқанов).   Бұл   сөйлемнің

әдеттегі орын тәртібі: Мұқанның, менің былтыр өлген ағамның, баласы ғой

болу керек.

§ 74. Оңашаланған айқындауыш мүше өзінің алдындағы айқындайтын

сөзімен   септік,   тәуелдік   жалғаулары   жағынан   қиыспай   тұрса,   яғни

айқындалушы   сөз   атау  тұлғада  келсе,  араларына  сызықша  қойылады  да,

айқындауыштан кейін ешқандай тыныс белгісі қойылмайды:

Күлкінің  иесі   –   қызды  біз   енді   жақсылап   көрдік  (С.Ерубаев).   Осы

сөйлемдегі айқындауыш пен айқындалушы сөздер бірдей тұлғада (екеуі де

табыс септікте) берілсе, тыныс белгісі басқаша қойылады:  Күлкінің  иесін,

қызды, біз енді жақсылап көрдік.

Ал   айқындалатын   сөзімен   морфологиялық   тұлға   жағынан   қиыспай

(бірдей болмай) тұрса, не екеуі де атау тұлғада келсе, жалқы есімнен болған

айқындауыш ешқандай тыныс белгісімен ажыратылмайды:

Менің  інім  Марат  биыл  мектеп  бітіреді.   Оның   бұл   тұрған   қалпын

ағасы Балтабектің әйелі Айбаладан  басқа  ешкім көрген жоқ  (С.Мұқанов).

Шойын кеуделі, аю жоталы...қара кісі Игілік би  паң  да,  тәкаппар  да емес

(Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлемдердегі Марат, Балтабай, Игілік би, Айбала деген

жалқы есімдер өздерінен бұрынғы інім, ағасы, қара кісі, әйелі деген сөздерді

дәлдеп атап айтып, айқындап тұр.

7. БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕР МЕН ЖАЛПЫЛАУЫШ

СӨЗДЕРДІҢ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ

Тыныс белгілерін қоюға келгенде, бірыңғай мүшелерді үш топқа беліп

қарауға  болады:  а)   араларында   жалғаулық   жоқ   бірыңғай   мүшелер,

араларында жалғаулық бар бірыңғай мүшелер және б) жалпылауыш сөзбен

қатар келетін бірыңғай мүшелер.

§  75.  Жалғаулықсыз  келген дара  бірыңғай мүшелердің  араларына  үтір

қойылады. Бірыңғай мүшелердің санынан үтір санының біреуі кем болады.

Әр   ел  тұс-тұсындағы  Ақбайтал,   Көлденең,   Жігітек,   Шатқалаң,

Бөкенші  сияқты   асу-асуларға  қарай  беттеді.   Абай  қажымай,   жалықпай

ылғи ғана ынтыға тыңдайтын  (М.Әуезов).  Оля Иванцова  салмақты, ауыр

мінезді, үндемейтін қыз еді (А.Фадеев).

§ 76. Жалғаулықсыз келген күрделі (жайылмалы) бірыңғай мүшелердің

араларына да үтір қойылады:

Боржабай орта ғана бойлы, жуантық денелі, дөңгелек бетті, қалың

ерінді,   жасаураған   кішірек   қоңыр   көзді,   ұйысқан   қысқа   қара  жирен

сақалды, таңқита  басқан сирек мұртты, домалақтау мұрынды, қоңыр

өңді  кісі   еді  (С.Мұқанов).  Бірнеше   орындық,   көйлек-көншек   салатын

комод,   оның   үстінде   кішкентай   айна,   киім-кешек   салынған   сандық,

қабырғада   ілулі   сағат,   бұрышта   екі   бұрқан   –  міне,   бар   мүлік  осы

(М.Горький).  Осы  кезде  дөңгелек   жүзді,   қызыл   шырайлы,   сарғылт



жылтыр   шашын   құлағынан   асыра   қайырған,   жасы  он  сегіздерге  не

жетіп, не жетпеген жас кыз келіп кірді (А.С.Пушкин).

§ 77. Жайылма (күрделі) бірыңғай мүшелердің әрқайсысының (немесе

бірқатарының)   өз   іштерінде   үтір   кездесетін   болса,   бірыңғай   мүшелердің

жігіне нүктелі үтір қойылады. Мысалы:



Қала   деген   аты   ғана  болмаса,  Н...   қаласы  екі   қабат   үлкен   үйлер

көшелерінде ғана бірен-саран кездесетін; өзге үйлерінің көбі бір қабат

қана қарағай үйлер болатын; шет жақтарында ағаш үйден шым үй көп

кездесетін;   азғана   жаңбыр   себелеп   өтсе,   көшелерінен   адам   батпақтап

жүре   алмайтын;   бірақ   етек-жеңі   мол;   таусымақтау   жерге   жалпая

салынған; Сібірде көп кездесетін үлкен бір деревня еді (С.Мұқанов).

§  78.  Бірыңғай мүшелердің алдыңғыларының жалғаулары түсіп қалып

айтылуы мүмкін. Ол күнде де араларына үтір қойылады:

Бөкенші, Борсақ Қызықшоқы, Қыдыр, Көлқайнарға жаппа тігіп қонды

да,  көшпей   отырып   алды  (М.Әуезов).  Жамбыл  айтыс,   жырларында  өз

заманындағы ақындардың көбінен озық екенін танытады. Ақын, драматург,

жазушылар өз шығармаларында шындық өмірді суреттейді.

Е  с   к  е   р   т   у.   Алдыңғысының   жалғауы   түсіріліп  айтылатын   екі   бірыңғай  мүшені  сол

типтес қос сөздермен шатастырмау керек. Мұндай сөздер жалпылық мағынада айтылған болса,

қос сөз  болады. Мысалы:  Мектебіміздің ән-күй үйірмесі бар  (мұнда әңгіме бір үйірме  туралы,

сондықтан ән-күй – жинақтаушы атау). Мектебімізде ән, күй үйірмелері құрылды деп үтір қойып

жазсақ,   ән   үйірмесі   бір   бөлек,   одан   басқа   күй   (домбырашылар)   үйірмесі   құрылғандығы

көрінеді.

§  79.  Егер   алдыңғы  сын  есім   тікелей   зат   есімнің   сынын   білдірмей,

өзінен   кейінгі   тұтас   тіркестің   сынын   білдіретін  болса,   араларына  үтір

қойылмайды. Мысалы:

Мен жап-жаңа  алтын  сағат  сатып алдым.  Мұнда  жап-жаңа деген сын

есім алтын сағат деген тіркесті анықтап тұр. Ауылымызда қуатты су электр



станциясы   салынды.  Мұнда  да  әңгіме   жалпы  станция   емес,  электр

станциясы туралы. Электр станциясы дегеннің анықтауышы – су.

Мұндайда   бірыңғай  емес  анықтауыштардың   алдыңғылары   өзі

анықтайтын сөздің  сыны емес,  келесі анықтауыштың құрамындағы басқа

сөздің сыны болып кететін қауіп болса, араларына үтір қойылады. Мысалы:



Төңіректің   бәрі   де  бірінен-бірі   биік,   қарағай   жамылған   ақ   бас

шыңдар  (Ғ.Сыланов).   Мұнда   үтір   қойылмаса,   бірінен-бірі   биік  болып

тұрған   шыңдар   емес,   қарағай   болып   шығады.   Ал   дұрысында   шыңдар

бірінен бірі биік және олар қарағай жамылған. Кейде жазушы (не сөйлеуші)

инверсия  жасап,  анықтауыш  пен  анықталушы  сөздердің  араларына  басқа

сөздерді қосып жібереді. Ол анықтауыштардың өзіне жалғас тұрған сөздің

анықтауышы   емес   екені  жазуда  үтірмен,   айтуда   дауыс   кідірісімен

көрсетіледі. Мысалы:

Барлық,  үйге   сатырлап   тиген  қамшы,   шоқпар  уық,   керегені

шатырлата   сындырып   барады  (М.Әуезов).   Мұндағы   анықтауыш   пен

анықталушылар  барлық үй  дегендер  емес,   бір   үйге   тиген  барлық қамшы,



шоқпардеген сөздер. Егер  барлық  деген сөзден  кейін үтір қойылмаса және

айтуда  дауыс   кідірісі  болмаса,  барлық  деген  анықтауыш  үй  деген  сөзді

анықтайтын  болады.  Екінші  мысал: Ана,  төренің Кертаңдағын мін де бар.

(Р.Амангелдин).  Мұнда  ана  деген  анықтауыш  төре  деген   сөзге   емес,



Кертаңдақ  деген   сөзге  қатысты.  Ана  деген   сөзден  кейін   үтір   қойылмаса,

“мына төре” емес, “ана төре” деген мағына шығар еді.Тағы бір мысал:

–  Неғып   тұрсың!  –   Шабайын  деп  ем  –  Кімді?  –  Әлгі,  Кенжетайды

ұратын  төрені  (С.Мұқанов).   Мұнда  да  әлгі  деген   сөзден  кейін   қойылған

үтір   ол   сөздің  Кенжетай  деген  емес,  төре  деген  сөзге   қатысты   екенін

көрсетеді.

§  80.  Бір  деген   белгісіздік   есімдігі   мен   соған   жалғас  келген

анықтауыштың арасына үтір қойылмайды. Мысалы:

Жиренше   таңертең   Құнанбай   аулына  бір   әдемі  тарғыл  тазы  ертіп

келді (М.Әуезов). Осы, саған бір айтатын сөзім бар.

Егер бір деген есімдік екі бірыңғай анықтауыштың арасында тұрса, ол

өзінен кейінгі анықтауыштың құрамына енеді де, үтір алдынан қойылады:

Баяғыда айлакер, бір қу түлкі болыпты (Ертегіден).

§  81.  Бірыңғай мүшелердің  арасында  қайталамайтын  мен, және  деген

жалғаулықтар   тұрса,   үтір   қойылмайды.   Бұлар   екі   бірыңғай   мүшенің

арасында   немесе  бірнеше   бірыңғай   мүшенің   ең   соңғысының  алдынан,   я

болмаса  жұп-жұп  болып  тұрған   екі   бірыңғай   мүшенің  арасында

қолданылады:



Бұлардың   артында  Ербол   мен   Баймағамбет  бір   бөлек   келеді

(М.Әуезов).  Махаббат,   қызық,  мал   мен  бақ,  Көрінуші   еді  досқа  ортақ

(Абай).  Ол  да  Байжанға  ауданның  қазіргі   және   болашақтағы  шаруасын

білетін адам боп көрінеді (С.Мұқанов). Ырғақ – ой мен сезімнің, жан мен

тәннің қосылып салар әні (Ғ. Мүсірепов).

§  82.  Да  шылауы  қайталамай,   екі   бірыңғай  сын  есім,   үстеулерден

болған мүшенің арасында келсе, үтір қойылмайды. Мысалы: Тәжік – қатал

да  тағы  табиғаттың бермесін еңбегімен еріксіз алып өскен ел. Дененің бар

қозғалысы   белгілі   бір   еңбек   ырғағын   тауып,  тез   де   өнімді  қимылдайды

(Ғ.Мүсірепов).  Қызғанышқа   жеңгізген   жас   жүрек  кінәшыл  да  әділетсіз

(М.Әуезов). Даусы ащы да қатал, зілді де кекті шығады (Ғ.Мүсірепов).

§  83.  Да  шылауы  етістіктен   болған   екі   бірыңғай   баяндауыштың

арасында қайталамай келсе, да-дан кейін үтір қойылады. Мысалы: Таныды

да,  таң   болды.  Жабыларсың,  таларсың  да,  жерсің!  Бұның   балдызына

үйленген   жандарал   төрені  сүйетін   де,   сүйейтін  (М.Әуезов).  Сайра   да,

зарла, қызыл тіл (Абай).

Е  с к  е р т  у. Құрмаласқа енген жай сөйлемдерді байланыстырып тұрған  да шылауынан

кейін де үтір қойылады.  Мысалы:  Бұл жерлерге  келгенде, Биденко мен Горбунов  ескі тамның



түбіне бой тасалап отыра қалады да, Ваня ілгері барып жер шолып келеді (В.Катаев).

§  84.  Бір   мағынаны   беретін,   бірақ   екеуі   де   ашық   райда   айтылатын

күрделі етістіктің  арасында келген  да шылауынан кейін үтір қойылмайды.


Ол етістіктер бірыңғай мүшелер болып табылмайды: олардың соңғысы өз

алдына лексикалық мағынасы жоқ көмекші етістік болады да, алғашқысын

көсемше тұлғасына салып айтуға келеді. Мысалы:

Сол кезде сен  егеуді  ал да  жөнел.  –  Сен сол кезде  егеуді  ала жөнел.

Жат   та  қой,  бар  болғаны  сол.  –  Жатып   ал,  бар  болғаны  сол.   Шал

шанасынан  секіріп түсіп, жүгіре  басып, жаяу  жүрді  де  отырды.  –  Шал

шанасынан секіріп түсіп, жүгіре басып жаяу жүріп отырды. Мың жылқым

қатар  тұрып  су  ішетін  суат  ойылды   да  қалды.   –  Мың  жылқым  қатар

тұрып  су  ішетін  суат  ойыла  қалды  (барлық   сөйлемдер  “Ертегіден”).

Дауыл  көтерілді  де,  төңірек   ұйытқыған   қалың  қар  болды   да  кетті

(С.Мұқанов).   –  Дауыл көтерілді де, төңірек ұйытқыған қалың  қар  болып

кетті.

§  85.  Да жалғаулығы әр бірыңғай мүшеден кейін қайталап келсе, үтір

қойылады:

Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да (Абай). Жер де, көк те тұп-

тұнық,   қап-қара  (С.Мұқанов).  Бала   қыран  алғыр  да  келеді,  албырт   та

келеді (Ғ.Мүсірепов).

§  86.  Не, немесе, я, яки, әрі, әлде  жалғаулықтары  әр  бірыңғай мүшенің

алдынан  қайталап  келгенде,  бірыңғай   мүшелердің  араларына  үтір

қойылады. Мысалы:



Теріскейден  соққан  желдің екпіні  әрі күшті, әрі суық  (С.Мұқанов).  Я

алшымнан,  я  тәйкемнен  түсетін   күннің   есігі   бүгін   ашылғандай

(Ғ.Мүсірепов).  Айтып тұрғаның  әлде шын, әлде өтірік.  Ендеше  әрі сұлу,



әрі ірі, әрі жорға бурыл атты мініп жүру қандай тамаша! (С. Мұқанов).

§  87.  Не,   немесе,   я,   яки,   әрі,   әлде  жалғаулықтары   қайталанбай,   екі

бірыңғай мүшенің арасында тұрса, үтір қойылмайды. Мысалы:

Есін жиғанын не оянғанын Асқардың өзі де білмейді (С.Мұқанов). Бұл

жердің топырағы  –  құнарлы әрі қара топырақ.  Бүгін біз  киноға  немесе

театрға  барамыз. Ол жолдасының сөзін  қорқынышпен   әрі   құмарланып

тыңдады.

Е с к е р т у л е р .   1. Бұл ережені  немесе, яки  жалғаулықтарының оңашаланған мүшенің

құрамына  келген  жағдайындағы   тыныс   белгісімен  шатастырмау   керек.   Ол   туралы   §70-ты

қараныз.

2.   Бұл   жалғаулықтар   қайталанбай,   құрмалас   сөйлемдегі   екі   жай   сөйлемнің  арасында

тұрса,   алдарынан   үтір   қойылады.  Мысалы:  Мұндағылар   егін   басына   барады,  немесе  егіс

басындағылар мұнда келеді.

§  88.  Бір сөз бірдей  не  әр түрлі тұлғада қайталап  айтылса, араларына

үтір қойылады. Олар қатар да, араларына сөз салып та келе береді.

Лаула,  жан, костёрден от,  лаула, лаула! Келіңдер, кел,  балалар, от

жағуға! Жүйткиді поезд, жүйткиді! (Н.Байғанин). Жантық-ай, бері келші,

бері  (Ғ.Мүсірепов).  Малға   апарып   салсам,  сиыр   екеш,   сиыр  да  мұрнын

шүйіріп   жемейтін  (“Аяз   би”   ертегісінен).  Ол   үйінде  отырса,   отырсын.

Солай  болса, болсыншы.  Молдадан  оқымасаң, оқымай-ақ  қой, шырағым

(С.Мұқанов).   Бұларды  дефиспен   жазылатын   қос  сөздермен  шатастырмау



керек.

§  89.  Екі бірыңғай мүшенің  арасында  келетін  бірақ, дегенмен, алайда,



сонда   да  деген  жалғаулықтар  мен  сондай-ақ,   сонымен   бірге  деген

тіркестердің алдынан үтір қойылады. Мысалы:



Абай  өлеңдерінде,   сондай-ақ  публицистикалық   әңгімелерінде   баланы

тәрбиелеу деген мәселеге үлкен мән берді.

§ 90. Бірыңғай мүшелердің әрқайсысынан кейін сұраулық шылаулары,



болсын  деген  сияқты  сөздер  қайталап  келе  береді,   мұндайда   бірыңғай

мүшелердің араларына үтір қойылады:



Тал-терегі  болсын,  тау   қайыңы  –  қисықша   қызылқайың  болсын   –

барлығы да көктеп жайнап тұр (М.Әуезов). Желдің бе, қасқырлардың ба –

әлдененің ұлыған үні жер-көкке сыймай тұрған сияқтанады (С.Мұқанов).

§ 91. Үн жоқ, түн жоқ; ұзын арқан, кең тұсау; бір сырлы, сегіз қырлы;

апы кіріп, күпі шығып; алты аласы, бес бересі; күн демей, түн демей; о жак,

бұ   жағы  сияқты   күрделі  қос  сөздердің   арасына,   бірыңғай   мүшелерге

қойылғандай, үтір қойылады. Мысалы:

Ол бір сырлы, сегіз қырлы жігіт еді. Қос салт атты үн жоқ, түн жоқ

жүріп келеді. Ол әңгіменің о жақ, бұ жағынан бір шығып отыр.

§  92.  Жалпылауыш  сөз   бірыңғай   мүшелерден   бұрын   тұрса,

жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады. Бірыңғай мүшелерден кейін

сөйлем   аяқталмаса,   бірыңғай   мүшенің   ең   соңғысынан   кейін   сызықша

қойылады:

Үш-ақ   нәрсе   –  адамның   қасиеті:  ыстық   қайрат,  нұрлы   ақыл,   жылы

жүрек  (Абай).   Бұл   өлең   жолдарының   қара   сөзбен  айтылатын  құрылымы

мынадай болар еді:  Адамның қасиеті  –  үш-ақ нәрсе:  ыстық қайрат, нұрлы



ақыл, жылы жүрек.  Мұнда  жалпылауыш  сөз –  үш-ақ нәрсе  (баяндауыш).

Бұл сөйлем бірыңғай баяндауыштармен аяқталып тұр.



–  Бұл   үйдің   жаны   нешеу?   –   деді   Итбай   сөз   бастау   үшін.  –  Үшеу:

Балтабек,   қатыны,   қарындасы,  –  деді   Бүркітбай  (С.Мұқанов).  Бұл

сөйлемнің   толық   түрі:  Бұл   үйдің   жаны   үшеу:   Балтабек,   қатыны,

қарындасы болар еді.

Сөйледі Жамбыл бәріңе:

Жасың менен кәріңе (Жамбыл).

Е  с   к  е   р   т  у.  Жалпылауыш  сөзді   бірынғай   баяндауыштардың   алдынан  келген

бастауышпен  шатастырмау  керек.  Сырт қарағанда,  жалпылауыш  сөз  сияқты  болып көрінетін

бастауыштан  кейін  қос  нүкте   қоюға  болмайды.  Ол   үшін   сөйлемнің   бастауышы   мен

баяндауышын іздестіру керек. Мысалы, Көмірдің көп шығатын жерлері – Украинадағы Донбасс,



Шығыс   Сібірдегі  Кузбасс,  Қазақстандағы  Қарағанды  деген   сөйлемде   бастауыш   –  жерлері,

одан кейінгі сөздер – бірыңғай баяндауыштар. Ал осы сөйлемді Көмірдің көп шығатын жерлері:



Украинадағы  Донбасс,  Шығыс   Сібірдегі  Кузбасс,  Қазақстандағы   Қарағанды   –   ТМД   елдерінің

байлығы   болып   табылады  деп   өзгертсек,   бұл  сөйлемде  жерлері   –  жалпылауыш   сөз,  одан

кейінгілер бірыңғай бастауыштар,  баяндауыш –  байлығы  болып табылады  деген  сөздер  болып

шығар   еді.   Сондықтан   алғашқы   мысалда   баяндауыштары  да   атау  тұлғадағы  зат  есімнен

жасалғандықтан, жерлері деген атау тұлғадағы бастауыштан кейін сызықша қойылады. Екінші

мысалда жерлері деген жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте, ал бірыңғай мүшелердің аяқталған

жеріне сызықша қойылады

.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет