Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі Құрастырғандар: Ш.Құрманбайұлы, С. Исақова,Б. Мизамхан, Г. Әлімбек



Дата24.03.2022
өлшемі1,15 Mb.
#28678

Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі

Құрастырғандар: Ш.Құрманбайұлы, С.Исақова,Б.Мизамхан, Г. Әлімбек,

Г. Мамырбекова, Д. Боранбаев.

Алматы: «Ұлттық аударма бюросы » қоғамдық қоры, 2019.- 596бет.

Кез келген тіл өзінің ішкі мүмкіндігін барынша ұтымды пайдалану арқылы жаңа сөздер тудырумен бірге, өзге тілдерден сөз алмасу арқылы да лексикалық қорын байыта алады.

  • Кез келген тіл өзінің ішкі мүмкіндігін барынша ұтымды пайдалану арқылы жаңа сөздер тудырумен бірге, өзге тілдерден сөз алмасу арқылы да лексикалық қорын байыта алады.
  • Бұл қазақ тіліне де тән. Қазіргі қазақ тілінің жалпы лексикалық және терминологиялық қорындағы араб ,парсы, моңғол, қытай, грек, латын ағылшын,неміс, француз, орыс тілдерінің сөздері мен ғылыми терминдері сан ғасырлық тілдік байланыстар барысында еніп, сөздік құрамды толықтырды. Қазақ тіліне әр кезеңде енген кірме сөздер тілші ғалымдар, шет тілі мамандары тарапынан біршама зерттелді. Әсіресе араб, парсы тілдерінен енген сөздер Н.Оңдасынов, Л.Рүстемов сияқты белгілі ғалымдар зерттелуіне арқау болып, сөздіктер де жарық көрді.

Дегенмен ұлтымыздың тарихи дамуының әр кезеңінде Батыс пен Шығыс тілдерінен қазақ тіліне енген кірме сөздерді барынша мол көлемді сөздік осы уақытқа дейін жарық көрмеді.

  • Дегенмен ұлтымыздың тарихи дамуының әр кезеңінде Батыс пен Шығыс тілдерінен қазақ тіліне енген кірме сөздерді барынша мол көлемді сөздік осы уақытқа дейін жарық көрмеді.
  • Ғылым мен технологияның қарқынды дамуына байланысты қазіргі кезеңде де шет тілдердің сөздері қазақ тілінің лексикалық, терминдік қорын күн сайын толықтырып, толассыз еніп жатыр.

ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап орыс тілі арқылы дыбыстық тұрғыдан ұлт тіліне бейімделмей алынған кірме саны еселеп көбейсе, кейінгі ширек ғасыр көлемінде де осы дәстүр жалғасын тауып келеді. Әсіресе ағылшын сөздері санының күрт өсуі байқалады. Бұлардың ішінде ағылшын тілінен тікелей еніп жатқан сөздер де баршылық. 100 жаңа оқулықтың қазақ тіліне аударылуына байланысты шет тілдерден енген сала терминдерінің қатары тағы да арта түсті. Осы үрдістің өзі кірме сөздер мәселесіне айрықша көңіл бөліп , оларды уақытылы тіркеп, түстеп-түгендеп, мән-мағынасын ашып, пайда-зиянын ғылыми тұрғыдан зерттеп-зерделеп, тілге қабылдаудың қағидаттары мен ереже-тәртіптерін белгілеу керектігін алға тартып,мамандарға міндет артып отыр.

  • ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап орыс тілі арқылы дыбыстық тұрғыдан ұлт тіліне бейімделмей алынған кірме саны еселеп көбейсе, кейінгі ширек ғасыр көлемінде де осы дәстүр жалғасын тауып келеді. Әсіресе ағылшын сөздері санының күрт өсуі байқалады. Бұлардың ішінде ағылшын тілінен тікелей еніп жатқан сөздер де баршылық. 100 жаңа оқулықтың қазақ тіліне аударылуына байланысты шет тілдерден енген сала терминдерінің қатары тағы да арта түсті. Осы үрдістің өзі кірме сөздер мәселесіне айрықша көңіл бөліп , оларды уақытылы тіркеп, түстеп-түгендеп, мән-мағынасын ашып, пайда-зиянын ғылыми тұрғыдан зерттеп-зерделеп, тілге қабылдаудың қағидаттары мен ереже-тәртіптерін белгілеу керектігін алға тартып,мамандарға міндет артып отыр.

Сөздікке тек көпшілікке кең тараған, оқулықтар мен, түрлі басылымдарда жиі қолданылатын, жұртшылық көп іздейтін терминдер алынған.

  • Сөздікке тек көпшілікке кең тараған, оқулықтар мен, түрлі басылымдарда жиі қолданылатын, жұртшылық көп іздейтін терминдер алынған.
  • Жалпы, әдеби тілде қолданылмайтын немесе өте сирек қолданылатын, арнаулы саланың мамандарына ғана таныс терминдер мен номендер бұл сөздікке енгізілмеген.

Сөздіктің құрылымы туралы

  • Сөздік алғысөзден, пайдаланушыға арналған сөздіктің құрылымын таныстыратын қысқаша нұсқаулықтан және мағынасы түсіндірілген реестр сөздерден тұрады.
  • Сөздікке енгізілген сөздер әліпби тәртібімен беріледі.
  • Реестр сөз үлкен әріппен теріліп, жартылай қою қаріптермен жазылады.
  • Мысалы: АБОНЕНТ, КРОССВОРД, РЕФЕРАТ, ЯХТА және т.б.

ФЛЕШМОБ

  • ФЛЕШМОБ [ ағыл. flash- сәт, қас қағым сәт, mob-топ жиылған топ ] – адамдардың үлкен тобы қоғамдық орынға барып, алдын - ала келісілген әрекеттерді ( әрекеттерді сценарийді) орындап болған соң тарайтын жоспарланған көпшілік акциясы. Флешмобқа қатысушылар байланыс құралдары, арқылы (негізінен, интернет) хабарласып, жиналады.

АБСТИНЕНТ

  • АБСТИНЕНТ [лат. abstinens (abstinentis ) -қалыс қалушы, бас тартушы ] – бір нәрсені тұтынудан, қолданудан үзілді кесілді бас тартушы.

БАЖАЙ

  • БАЖАЙ [пар. бажай ]- парсы тіліндегі мағынасы «көңіл аудару» Қазақ тілінде «анықтау, мұқият қарау» , «істің мәнін топшылау бағдарлау»деген ауыспалы мағыналар қолданылады.

ҒИЗЗАТ

  • ҒИЗЗАТ [ ар. ғиззат]- араб тілінде «даңқ ,абырой»,
  • «қымбатшылық» деген мағыналарды білдіреді. Қазақ фольклорлық жырлары мен классикалық шығармаларында «құрмет, сый» және «әдеп, ізет» деген ауыспалы мағыналарда қолданылған. Жырларда «ғиззат той» (құрмет көрсету тойы), «ғиззаттау» (құрметтеу), «ғиззатты» «құрметті» тәрізді нұсқалар жиі кезедеседі.

КЭШБЭК, БАРБЕР

  • кэшбэк (ағыл. cash back – cash "қолма-қол ақша" + back "кері қайтару").
  • барбер (ағыл. barber – "сақал-мұрт және шаш алатын ерлер шаштаразы"); кавер (ағыл. cоver – to cover – "жабу; ауыстыру").

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет