Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы және оның қалыптасу тарихы Бақжан



Дата17.03.2022
өлшемі17,34 Kb.
#28251

7.4 Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы және оның қалыптасу тарихы



  1. Бақжан: Дайындалыңыздар, дайындалыңыздар! Тікелей көрсетілімнің басталуына 10 секунд қалды. Орындарыңызға тез тез жайғаса қойсаңыздар. Микрофондарыңыз жалғанып тұр, аха, бәрі істеп тұр. 3, 2, 1, басталды!

  2. Кәмшат: Қайырлы күн, құрметті көрермен! Сіздермен әр сәрсенбі сайын жүздесетін, мен бірінші жүргізуші Берікқызы Кәмшат.

  3. Аяна: Армысыздар! Және де мен екінші жүргізуші Берікбай Аяна.

  4. Кәмшат: Бүгінгі қарастырылатын тақырыбымыз халқымыздың басым тұсын білдіреді, яғни ана тіліміз – қазақ тілі жайлы болмақ. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі демекші ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы жайлы біраз ақпаратпен бөліспекпіз.

  5. Аяна: Қазақ тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесін алуы еліміздің тәуелсіздік жылдары шынымен де еркін екенін дәлелдеп берген болатын. Бізді қызықтыратын бұл ғана емес. Тіліміздің қалыптасу тарихы да үлкен қызығушылық тудыруда. Ал баршаңыз білетіндей бізбен құнды ақпараттарды әрдайым тұрақты сарапшыларымыз бөлісіп келеді. Бұл жолы да сарапшыларымыз өздерін таныстырып, ақпараттарымен бөлісе кетсе.

  6. Бағлан: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермен. Бүгінгі шығарылымда мен Ғалымқызы Бағлан, мемлекеттік тіліміздің қысқаша шығу тарихына тоқталсам. Сонау 15 ғасырдан 20 сыншы ғасырға дейін Араб әліпбиі негізіндегі қазақтың ескі жазба тілі
    еңбек етіп келді. Ескі қазақ жазба тілінің үлгілеріне Махамбет Өтемісұлы, Әбілқайыр ханның Ресей патшасы Елизаветаға жолдаған дипломатиялық жазбалары, Ш. Уәлихановтың хат-қағаздарының тілі, т.б. жатады. Мүрсейіт қағазға түсірген Абайдың қара сөз түріндегі шығармаларының тілін ескі қазақ жазба тілінің үлгілері деп тануға болады. Ескі қазақ жазба тілі – әдеби тілдің негізін қалап, жаңа тұрғыда дамуына жол салды. Ыбырай Алтынсарин жалпыхалықтық тіл мен ауызша қызмет өткен төл әдеби тілдің нормаларын арқау ете отырып, проза жанрының, ғылыми стильдің, ал Абай өз қарасөздері мен поэзиясында публицистика мен көркем әдебиет стилінің негізін салды. Сөйтіп, олар әдеби тілдің жанр жағынан түрлене түсуіне зор үлес қосты.

  7. Айбек: Армысыздар құрметті көрермен мен Әбжалиев Айбек, әріптесім Бағланның сөзін жалғастыра кетсем. Кеңестік дәуірдің өзінде әдеби тіл халыққа білім берудің, мәдени, рухани мұраларды жасаудың қуатты құралына айналды. Қоғамдық өмірдің барлық саласында дерлік қызмет етті. Көркем сөз зергерлерімен қатар ғылым, мәдениет қоғам қайраткерлері де әдеби тіл нормасының тұрақталуы, қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне белсене атсалысты. Әдеби тілдің жазбаша түріне сәйкес шаршы топ алдына (жиналыста, радио мен теледидар алдында, сахнада т. б.) сөйленетін ауызша түрінің де қызметі кеңейе түсті. Әдеби тілдің бірсыпыра нормалары кодификациялау арқылы тұрақты сипат алды: қазақ тілінің грамматика жазылып, емле ережелері белгіленді, орфографиялық, орфоэпиялық және түсіндірме сөздіктері құрастырылды. Сөйтіп, әдеби тіл нормаларының тұрақталуына саналы түрде араласу жан-жақты сипат алды. Қазіргі таңда да өз тілімізді көркем түрде жеткізе білеміз деп те санаймын.

  8. Кәмшат: Айбек және Бағлан, тілдің қалыптасу тарихы жайлы айта кеткендеріңізге рахмет! Берген ақпараттарыңыз өте құнды. Ал Мадияр мырзаның сөзін жарнамадан соң тыңдасақ.

  9. Бақжан: Stop! Түсірілді. Тамаша, ешбір қателіксіз түсірілді, қазір жарнамадан соң қобалжымай көрсетілімімізді жалғастырсақ.

  10. Бақжан: Жарнаманың аяқталуына 5 секунд қалды. Дайын болыңыздар. 3, 2, 1, бастадық.

  11. Аяна: Құрметті көрермен, міне біз қысқаша жарнамадан соң оралдық. Сөз кезегін енді соңғы сарапшымыз Мадиярға берсек.

  12. Мадияр: Қайырлы күн, құрметті көрермен. Мен Әитікеш Мадияр ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесін алу жолы туралы айтпақпын. Қазақ тілінің мемле­кеттік тіл мәртебесіне ие болғанына биыл 31 жыл толады. 1989 жылы Тіл­дер туралы заң қабыл­да­нып, қазақ тіліне ме­м­ле­­кеттік тіл мәртебесі беріл­генде әлі тәуелсіздік алмаған едік. Сірескен саяси жүйенің көбесін сөккендей болған сол күні қуанбаған қазақ қалмаған шығар. Тіл азаттығы ұлт азаттығына ұласты. Екі жылдан соң тәуелсіз­дігімізді алдық. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін 1993 жылғы Конс­титуцияда бекітіп, 1997 жылы тәуелсіз Қазақстанның Тілдер туралы заңы қабылданды. Десе де, әр қазақ үшін отыз жыл бұрын қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берген заңның орны бөлек. Себебі, мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында барлық салада қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шы­ғару, сот ісін жүргізу, іс қағаз­дарын жүргізу тілі саналады. Ұлтаралық тіл орыс тілі болғанымен де, көпшілік сол тілге үйреніп кеткенімен де бүгінгі таңда тіліміздің мәртебесі күннен күнге жоғарылауда.

  13. Кәмшат: Жақсы, Мадияр. Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болғаны жайлы қысқаша айтып өттіңіз, дегенмен де ішінен есте сақтап жүру керек біршама ақпарат алдық десек те болады.

  14. Аяна: Міне, тікелей көрсетіліміміз аяқталуға шақ қалды. Бүгін өте маңызды ақпарат алғандарыңызға сенімдімін, құрметті көрермен)

  15. Кәмшат: Тіл жоқ жерде ұлт жоқ демекші, тілімізді қастерлеп ұлтымызды мәңгі сақтайық, көрермен. Осымен эфиріміз тәмам, келесі кездескенше.

  16. Бақжан: Өте тамаша, түсірілді.( Телефонды бір жаққа қоя тұрып) Тікелей көрсетілім қиын әрине, бірақ біз керемет жұмыс атқардық дегім келеді. Назарларыңызға рахмет!




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет