Қазақстан 12-жылдық мектептің құрылымы



бет11/11
Дата26.04.2022
өлшемі45.29 Kb.
#32353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Құзыреттілік тәсіл 12 жылдық мектепте жаңа тәсіл болып табылады және мектеп түлегінің өзгермелі жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда болатын оқушылардың сапалық кешенін дамытуды көздейді.

Оқытудағы тұлғаның психологиялық және физиологиялық денсаулығын дамытудың міндеттерін білім беру процесін ұйымдастыруда біртұтас қарастырылатын денсаулық сақтаудың пәндік-кеңістік ортасын құрудың маңызы зор.

Дәстүрлі қатынастармен қатар білім беру процесін ұйымдастыруда оқыту процесінің жалғасу циклдарының түрлі нұсқаларының мүмкіндігін қарастыратын оқу-тәрбие процесінің топтамаблокты жүйесі қолданылады: апталық, екі апталық, айлық, тоқсандық, жартыжылдық.

Осы ретте білім беру процесінде күтілетін нәтижеге сәйкес бақылау жасау және түзету енгізуге мүмкіндігі болатын педагогтардың қызметі жеткізіледі.



Жаңа педагогикалық технологияларда педагогтың ақпарат беруші қызметімен бірге үйлестіруші, кеңесші, оқушының шығармашылық белсенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы қызметіне көшіріледі.
Нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде негізгі қызметті оқушының оқыту кезеңдерінде тұлғалық ішкі ресурстарын дамытуды қадағалау болып табылатын психологиялық қызметтің рөлі артады.

Тұлғалық-бағдарлық оқытудың міндеттерін табысты іске асыру үшін ұйымдар жұмыс аптасының бес күндік ұйымдастыру тәртібін тиімді қолдануды қарастырады. Сенбі – оқушының жеке бағдарлы білімін қамтамасыз ететін сабақтарды ұйымдастыруға бағытталған дамыту күні болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет