Қазақстан 12-жылдық мектептің құрылымы


Ауылдық жер жағдайында шалғай ауылдан келетін оқушылардың тұруына мынадай жағдайлар жасалады



бет9/11
Дата26.04.2022
өлшемі45,29 Kb.
#32353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ауылдық жер жағдайында шалғай ауылдан келетін оқушылардың тұруына мынадай жағдайлар жасалады:
  • ауыл оқушыларына арналған бейіндік оқытудың барлық түрі ұсынылған мектеп-интернат;


  • интернат типіндегі пансионат – шағын комплектілі ауыл мектептерінен келген оқушыларды таңдаған бейіндеріне немесе ресурстық орталықтарына қарай аудан орталықтарындағы орта мектептерде жүзеге асырылады.





ІV. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары

Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары мыналар:



  • білім беру мазмұнын қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысына сәйкестендіру;


  • білім беру мазмұнын ізгілендіруді, оның вариативтілігін қамтамасыз ету;


  • өз бетімен білім алуға, оны практикада қолдана білуге және қажеттілікке тәрбиелеуге бағытталған, негізгі құзырлылық қалыптастыруға ықпал ететін білім беру мазмұнымен қамтамасыз ету;


  • танымдық уәждемелерін қалыптастыруға бағытталған білім беру мазмұнын іріктеу;


  • білім беру мазмұнын оқушының ғылыми тәсілмен тануына, өз бетімен ізденуіне мақсатты және жүйелі тартуға бағдарлау;


  • білім мазмұнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларға ашық болуға тәрбиелеуге бағдарлау.


Отандық және халықаралық мектептердің орта білім беру мазмұнын ұйымдастырудағы тәжрибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының білім беру мазмұны құрамына 8 білім саласы енгізілді: “Тіл және әдебиет”, “Математика”, “Жаратылыстану”, “Қоғамтану”, “Технология”, “Өнер”, “Дене шынықтыру”, “Адамтану”.

Білім беру саласының мазмұны Мемлекеттік базистік оқу жоспарында қарастырылған пәндер арқылы іске асырылады.

Білім мазмұнына инварианттық компонент (өзінің мазмұны мен жүйесі бойынша мемлекеттік базалық білім беру стандарттарының талаптарына жауап беретін оқу бағдарламасының жалпы міндетті бөлігі) және вариативтік компонент ( оқушылар мектеп ұсынған арнаулы курстардан өздерінің қалауы және таңдауы бойынша игерілетін оқу жоспарының вариативті бөлігі. Мұнда оқушының өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға арналған “Зерттеу мәдениетінің негіздері” атты арнаулы курсы беріледі), жоғары сатыға (11-12 сыныптар) бейіндік компонент (таңдауы бойынша тереңдетіліп оқытылатын, өзінің мазмұны мен жүйесі бойынша бейінді білім стандарттарына жауап беретін оқу пәндерінің, модулдердің, курстардың жиынтығы) қосылады.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет