Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



бет1/45
Дата04.05.2023
өлшемі357,75 Kb.
#89960
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

1-сұрақ
Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.Қазақстан аумағындағы тас ғасырының ескерткіштері
Алғашқы қауымды құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы ең алғашқы кезеңі. Зерттеулерге қарағанды алғашқы қауымдық құрылыстың дамуы барлық жерде бірдей болған. Елімізде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары өткен өмірдің даму тарихының алғашқы кезеңдерін ашып, дүние жүзілік адам қоғамның зерттелуіне өз үлестерін қосуда. Қазақстан жерінде алғашқы адамдардың тастан жасалған құрал-саймандары,қоныс- жайлары табылып отыр. Бұл археологиялық ескерткіштер Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыстың болғандығын дәлелдейді.
Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан,екінші оның тас құралынан тұрды. Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды. Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыс ескерткіштерінің зерттелуінің азды-көпті өзіндік тарихнамасы бар. Қазақстан жеріндегі тас құралдар туралы алғашқы деректер XIX ғасырдың 50 жылдарынан басталады. 1862 жылы Гурьев облысының Александров портынан пышақ тәріздес тас құралдар табылса , ал 1883 жылы Абайдың досы Е.П.Михаэлстің тілегі бойынша Семей қаласында өлкелік музей ашылып , оның сөрелеріне 80-нен астам тас жебелер , тас найзаның ұштары, қырғыздар, пышақ тәріздес тас құралдар , тас балталар қойылды. Тастан жасалған құрал-саймандар, әсіресе, XX ғасырдың басында Қазақстанның әр жерінен табылып , ол туралы баспасөз беттерінде жазыла бастайды. 1895 жылы академик В.В.Бартольдтың бастамасы бойынша Түркістан әуесқой археологтар қоғамы құрылып, Қазақстан бойынша көне дәуірдің ескерткіштері туралы қамқорлық жасап , олар туралы хабар беріп отырған . Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыстың тас құралдарының нағыз ғылыми тұрғыда зерттеулі 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін ғана қолға алына басталды.Кеңес дәуірінде алғашқы кезінде қазақ жерінде алғашқы қауымдық құрылыстың ескерткіштерінің бетін ашуда С. И.Руденконың еңбегі атап айтарлықтай.Оның жазу бойынша алғаш рет Қостанай облысындағы Қайранкөл маңынан мысты- тас дәуірінің қонысы белгілі болған . Сол Батыс Қазақстан жерінен жаңа және мысты - тас дәуірінің қоныстарын тапқан.
Елiмiзде тас дәуiрiнiн нагыз гылыми тургыдан зерттелуі 50-жылдардын 2-жартысынан басталады. Казак Ұлттық академиясы Ш.Уалиханов атындагы тарих, археология жане этнография институтының гылыми кызметкерi тас дәуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшiлiгiмен 1957 жылы құрылған Қаратау отрядының жүргізген жумысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзiмнiң iшiнде ғалым тас дэуiрiнiн теменгі кезенiнен бастап, онын сонгы кезенiне дейiнгi мезгiлдердi дәлелдейтiн ескерткіш- тердi тапты Бул жумыстың нәтижесi Онтустiк Казакстаннын теменгі тас дәуір атты монография болып жарыққа шықты . Қазакстандагы алгашкы адамдардың ескерткiштерi бiршама зерттеліп, игiлiктi жумыс жолга қойылды. ХХ гасырдың 80- жылдарынан бастап бугiнгi күнге дейiн палеолит дәуiрiн зерттеуді Маргулан атындагы археология институты, сонымен қатар Ж. К.Таймагамбетовтың жетекшiлiгiмен әл-Фараби атындагы ҚазҰУ-дың галымдары жургiзiп келедi. Ж. К .Таймагамбетовтың бастамасы жане жетекшiлiгiмен 2000 жылы эл-Фараби атындагы Казак улттык университетiнде ТМД елдерiнiң iшiнде алгаш рет палеолит муражайы ашылды. Қазақстанның солтустiк аудандарында алгаш рет неолит дәуiрiнiн коныстарын 1926 ж. м. П Грязнов пен М. Н. Комарова зерттеген. Шығыс Қазақстанда неолит кезенiнiң ескерткiштерiн тауып жане оларга гылыми зерттеу жумысын жүргiзуде археолог галым С. Черниковтың енбегі зор. Ол кiшi Красноярск жане Усть-Нарым коныстарына казба жумыстарын жүргізді. Сырдариянын томенгі ағысында Арал жағалауында, Қызылорда облысының жерiнде неолит кезенiнiк коныстарын зерттеуде Хорезм археологиялык экспедициясының менгерушiсi Толстовтың сіңірген еңбегі айтарлықтай. Неолит ескерткiштерiн зерттеу академик Маргуланнын, тас дәуірінің маманы Х А. Алпысбаевтың енбегі зор.
Қазақстан жерiндегi ежелгі адамның iздерi ерте палеолит дәуiрiне жатады. Ежелгi адамның қалдықтары әзірше табылган жок, бiрак олардың мекен-жай, турактары табылып, зерттелуде. Адамдардың коныстануына колайлы жердiн бiрі Онтустiк Қазақстандағы Каратау жотасы болды. Осы жерден тастан жасалған ең көне енбек куралдары табылды. Коне тас Дәуiрiнiң алғашкы кезенiнiң ескерткiштерi Казакстаннын онтүстiгiнен, Арыстанды өзенiнiң бойынан Кызылтау, Тәңірқазған ,Берiқазған, Тоқалы және Ақкөл деген жерлерiнен табылган Шу өзенінің оң жағындағы Қазанғап шатқалынан осы дәуiрге жататын ескерткiш табылды. Карасу тұрагынан тастан жасалған 15 мынга жуык заттар табылған. Орталық Қазақстанда ежелгi палеолит адамы оңтүстікке караганда кешiрек пайда болған. Ол көбінесе Балқаштың солтустік жағалауын мекендедi. Бул жерден сол уақыттағы адамдар тұрағы кебiрек табылды.
Ерте палеолит кезiнде адам тасты жару ушiн екiншi тасты
пайдаланган оларды бiр-бiрiне соғатын болған. Мүндай тәсiлдi жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мәдениеті деп атап кеткен.Өйткені шикізат ретiнде кебiнесе өзен малтатастары пайдаланылған.Ерте палеолитте адамдар тасты жару ушiн жумыр тас колданды.Дайындалган курал кейiн шапқыш ретінде колданылды. Бул кезде қол шапқы қарудың аса оңтайлы, кең тараған турi болды
Ашель кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Осындай турақтардың бірі - Кудайкөл Сарыарқаның теріскей- шығыс шетінде орналаскан.
Орта палеолит кезеңiнде тас өндеу әдiстерi жетiлдiрiле бастады. Ендi енбек куралдарын дөңгелек өзек тастан жасау әдiсi кең тарады. Сол кездегі қарулардың негiзгi түрлерi тiлгiштер мен кырғыштар болды. Бул кезенде адам ағаш бутагын бiр-бiрiне үйкей отырып немесе шақпақ тастарды урып үшқын шығарып, от алуды үйренді.Алғашқы дiни сенiм калыптасты. Мустьерлiктер өлген адамның аяғын бүгіп, бір кырымен жаткызып жерлеген. Өмір мен өлім туралы түсiнiк, өлгендерге курметпен қарау белгiлерi пайда бола бастаған. Орта палеолит кезеңiндегi адамды неандертальдык деп атайды. Ежелгi адамдардын уйымы улкен кауым орта палеолитте калыптасты
Орта палеолиттiң белгiлi турактары мыналар: Каратау аймағындағы Топалы шатқалынан табылған және Ақкөл келiнен оңтүстікке карай 20 шақырым жерде орналасқан Қызылрысбек турақтары. Осы кезеңге жататын турактар, сондай-ақ Арыстанды мекенiнен де табылды. Солардың iшiндегi ең күрделісі Ш. Уәлиханов атымен аталды. Ушбулак койнауынан аңшылардың шағын топтарының уакытша турагы табылды. Орталык Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең кенесi Жезқазған облысындағы Обалысай сондай-ак Сарысу өзенiнiң орта ағысындагы Музбел және Есiл өзенiн аргы жағындағы, яғни Қарағандынын солтүстiгiндегi Батпақ шатқалы, жоғары Ертіс өңіріндегі Қанай ауылы маңындағы турактар. Мустье кезенiнiң жаңа ескерткiштерi 1984 жылы Жезқазған облысының Акадыр ауданынан табылды. Олар Өгізтау Улкен Акмая тұрақтары. Батыс Қазақстанның әсiресе оның Маңғыстау түбегінде тұрған палеолиттік ескерткіштері айрықша тубегiнде турган палеолиттік ескерткiштерi айрықша қызғылықты. Бурынырақ кезде А. Г. Медоев жэне кейiнiрек Ж. К. Таймағамбетов ашқан турақтардың бар каспий теңiзi жагалауының аландарында орналаскан.
Кейiн палеолит бiздiң заманымызға дейiнгi 40 мың жылдан 12 йінгі уақытты қамтиды. Бул адамзаттын жердiң барша климаттық зонааларына тарап коныстанған және нәсiлдер мен нәсiлдiк топтардың құрылған кезi. Осы дәуірде дене бітімі қазіргі адамдарға уксас адамдар («саналы адам») калыптасты. Мундай адамнын суйегі бiрiншi рет Франциядагы КроМаньон үңгiрiнен табылғандықтан, оны кроманьондык деп атайды. Бул кезенде пышак тiлiктер, кырғыштар т.б. тас куралдары пайдаланылды. Қарулар жетiлдiрiлдi. Аң аулауда найза лақтырғыш колданылды.
Когамдык катынастар жетiлiп, адамдардың бiрлескен уйымының Tүрлі рулық қауым қалыптаса бастады. Оларда мықты аналық рулык кауым карым-катынасы орнады. Әйелдiң қоғамдык өмiрде биік орынға ие болуы кауымдык уй шаруасынын ерекшелiгiмен, әйелдiн урпакты жалғасты ретіндегі отбасылык релiмен де анықталып қойылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет