«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А



бет1/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69

«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары

А
Академик Н.В. Павловтың (1942) (пайдалы өсімдіктер) классификациясы және ботаникалық ресурстану ғылымының дамуына қосқан үлесі.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында ССРО ның атақты ботаниктері М.М. Ильин, А. Федоров және Н.В. Павлов ботаникалық ресурстану ғылымына жеке ғылым саласы ретінде ғылыми теоретикалық дәйектеме берді. Осы жылдары яғни 1948 жылы ғылымның осы саласында алғашқы іргелі еңбектер мысалы "Методика полевого исследования растении" деген өте құнды еңбек жарияланды.Қазақстан Республикасында академик Н.В. Павловтың классикалық еңбектерінің нәтижесінде ботаниканың жоғарыда аталған саласында Қазақстан алғашқы ғылыми орталықтардың біріне айналды. 1942 жылы акад. Н.В. Павлов өзінің "Дикие полезные и технические растения СССР" деп аталатын үлкен монографиясында өзінің жаңа классификациясын ұсынды. Н.В. Павловтың классификациясында барлық пайдалы және техникалық өсімдіктер 22 топқа біріктірілді.



І

Дәрілік өсімдіктер

ІІ

Коксағызды (каучук) өсімдіктер

ІІІ

Құрамында гуттаперча бар өсімдіктер

ІV

Шыны майлы өсімдіктер

V

Эфир майлы өсімдіктер

ІV

Тоқымалық өсімдіктер

VII

Щеткалық өсімдіктер

VIIІ

Ірі- талшықты өсімдіктер

ІХ

Қағаз целлюлозалы өсімдіктер

Х

Тағамдық өсімдіктер

ХІ

Крахмалды өсімдіктер

ХІІ

Қант-инулинді өсімдіктер




Сергітуші ынталандырушы өсімдіктер

ХІ V

Витаминді өсімдіктер

Х V

XV - Балды өсімдіктер

Х VІ

XVI - Илік затты өсімдіктер

Х VІІ

XVII - Сабынды немесе санонинді өсімдіктер


Х VІІІ


VIII - Қарамайлы өсімдіктер




XIX - Бояуы бар өсімдіктер

ХХ

XX - Мал азықтық өсімдіктер

ХХІ

XXI - Уландырғыш заты бар өсімдіктер

ХХІІ

XXII - Сәндік немесе гүлдік өсімдіктер



Ақсу-Жабағлы қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы.
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы – Орталық Азия мен Қазақстанның бірінші ашылған қорықтарының қатарында. Қорықты құру бастамасы танымал гидробиолог А.Л.Бродскийге тиесілі. Бұл ғалым 1920 жылы алғашқы рет Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы арналарына аяқ басқан.
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы Батыс Тянь-Шаньдағы Талас Алатауы жотасының батыс жақ бөлігінде орналасқан.
Қорық теңіз деңгейінен 1300 метрден 4200 метрге дейінгі биіктіктегі таулы аймақты алып жатыр. Оның солтүстік және батыс шекаралары Жабағылытау, Талас Алатауы мен Өгем жоталарының бойымен 1300-1600 метрге жуық, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қорық Талас және Өгем жоталарының таулары арқылы Қырғызстан мен Өзбекістанмен шектеседі. Қорықтың орталық бөлігі Шымкент қаласынан 70 км жерде және Түлкібас теміржол бекетінен 18 км жерде орналасқан.

Қазіргі кездегі физика-географиялық аймақтандыру бойынша қорықтың аумағы Орталық Азия таулы елінің Батыс Тянь-Шань провинциясына жатады. Талас Алатауы, күшті әрі қыратты Батыс Тянь-Шань таулы жотасы, Ақсу және Жабағылы өзендерінің жоғарғы сағасында орналасқан. Осы өзендердің құрметіне теңіз деңгейінен 4000 метр биіктікте орналасқан таулы жотасы бар қорықтың аты берілген.


Қорық аймағы дәрілік өсімдіктерге бай: 200-ден астам түрі белгілі бір деңгейде емдік қасиетке ие. Қорықтың салыстырмалы түрде соншалықты үлкен емес аумағында Еуропаның, Солтүстік Африканың, Алдыңғы және Орталық Азияның түрлі ландшафттарына тән жан-жануарлар кездеседі.
Ақсу-Жабағылы қорығының өсімдіктер әлемі соңғы жаңа мәліметтер бойынша 1737 түрді қамтиды, оның ішінде 235 түрлі саңырауқұлақ, 64 түрлі қына, 63 түрлі балдыр мен мүк тәрізділер және 1312 түрлі биік өсімдіктерді қамтиды. Қорықтың символы – Грэйг қызғалдағы экспорт көзіне айналды. Оның алқызыл жапырақтарының көлемі – 12-15 см-ді құрайды. Балықтар әлемі 7 түрлі, олардың ішіндегі ең қарапайымдылары – кәдімгі қарабалық (Schizothorax intermedius) және жалаңаш көкбас балықтан (Diptychus dybowskii) тұрады.

Қорықта 11 түрлі жорғалаушылар мен 3 түрлі амфибия бар. Ол осы топтағы өңірлік фаунаның 70%-дан астамын құрайды. Оның 3 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Кесірткенің мына бір түрі – сары бауыр кесірткеден аса абай болған дұрыс. Қазақстанның кітабына 10 түрлі сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан сүтқоректі жануарлар кіргізілген. Қар барысы, Мензбир суыры және қазіргі кезде жоғалып бара жатқан арқардың эндемиялық түрі сияқты 3 түрлі сүтқоректі жануарлар аса қауіптенуге тұрарлық жануарлар түріне кіреді.


Қорықтағы сүт қоректі жануарлардың 52 түрі бар. Ол бүкіл Батыс Тянь-Шань териофаунасының 80 пайызын құрайды, оның ішінде – кеміргіштер (44%), жыртқыштар (24 %), қолқанаттылар (18 %), тұяқтылар (9 %), қоян тектілер мен жәндікқоректілер (3 %) құрайды. Тұяқтылар тобын арқар, тау ешкісі, елік, марал мен қабан, жыртқыштар мен сүт қоректілерден – аю, борсық, тас маралы мен қабан, тас сусары, аққалақ пен ақкіс, ал кеміргіштер мен қоян тектілерден – ұзын құйрықты суыр, жайын, құм қояны (толай) мен ондатр бар.
Ақсу-Жабағылы – емдік қасиеті бар тау ауасы, жарық күн, қарасаң көз тоймайтын көріністер мен таза су, ерекше өсімдіктер мен жануарлар әлемі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет