Қазақстан да жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы, мемлекеттік бағдарламалар-Қазақстанның болашақ дамуының кепілі



Дата18.10.2022
өлшемі9,43 Kb.
#43734

Қазақстан да жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы, мемлекеттік бағдарламалар-Қазақстанның болашақ дамуының кепілі.



Орындаған: Жолдас Дильназ
Қабылдаған: Максудова Альбина


Кеңестер тұсында халықтар лабараториясы атанған Қазақстан қазір ТМД елдері арасында конфессионалдық кеңістігінің сан алуандығымен ерекшеленеді.1995жылы республикамыз ислам конференциясы ұйымына кірді. Ресубликамызда Шетелдік діни бірлестіктердің республика аумағындағы қызметі сондайақ шетелдік діни орталықтардың республикадағы басшыларын тағайындауы республика үкіметімен келісу арқылы жүзеге асырылды. Қазақстандағы діни бірлестіктерді үш түрге бөлеміз.Қазақстан территориясында бұрыннан бар және ел тұрғындары басым көпшілігінің мәдени тарихи дәстүрлерін анықтайтын діни бірлестіктер: Ислам, Христиандық праваславие.Ислам дінін қазақтардан басқа 17 түркі тілді этностары өзбек татар ұйғыр сияқты ұлттар ұстанса қазақстандағы орыс праваславие шіркеуі негізінен үш славян ұлтын орыс,украйн,беларусты біріктіреді. 2011жылгы 11 казандагы Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңның мемлекет және дін аталған 3-бапында Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.деп көрсетілген. Елімізде түрлі діни бағытқа жататын 18 конфессияға тиесілі 3700-ге жуық діни бірлестіктер еркін жұмыстарын жүргізуде. Мемлекет тарапынан оларға ешқандай қысым мен, шектеулер қоймаған. Тіпті мемлекет олардың (заңға қайшы келмесе) ішкі ісіне араласпайды. Яғный біз зайырлы принціпін ұстанған республикамыз. Еліміздің конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтар (ҚР Конституциясы 1бап.1). Сондай-ақ ел азаматының діни сеніміне байланысты қоғамдық кемсітуге жол берілмейді.1997 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды, қаралған мәселелер: Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары, реформаларды аяқтау, алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу, Қазақстан барысын қалыптастыру. Ол мемлекеттік шаралардың нақты жоспарларын әзірлеуге негіз болған ел дамуының жеті шешуші бағытын айқындап берді. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жобасы «Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңі болды, ол елдің дамуының он жылдық кезеңіне арналған экономикалық маңыздылығын ескеріп, қойылған міндеттердің табысты іске асырылуын қамтамасыз етті. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Аталған бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілді. Әлемдік сарапшылар қоғамдастығының адам дамуының орта мерзімдік трендтеріне қатысты байламдарын шартты түрде үш блокқа бөліп қарауға болады екен. Бірінші блокта сарапшылар айтарлықтай ілге-рілеушіліктер байқалатын салаларға назар аударады. Екіншісі – бұл белгісіздік аймағы көрінеді. Ал үшіншісі – айтарлықтай өзгерістер болжанбайтын үдерістер мен құбылыстар екен. БҰҰ-ның Даму бағдарламасы шеңберінде 1997 жылы жарық көрген адамдық даму жөніндегі есебінде адам әлеуетінің даму индексі бойынша Қазақстан әлемнің 174 елі арасында 93- орында тұрды. Қазақстан — өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайды, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіретін, өзіндік экономикалық стратегиясы бар мемлекет. «Қазақстан-2030» даму бағдарламасының басты жетістіктерінің бірі – 2008-2009 жылдардағы жаһандық экономикалық дағдарыс әлемдік және өңірлік дағдарыстардың кері салдарларына ұлттық экономиканың тұрақтылығын арттыру жөніндегі экономикалық шараларға өзінің әсерін тигізуі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қабылданған «Қазақстан 2030» стратегиясының тағы бір негізгі басымдықтарының бірі – шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейімен ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы 10 жылдығында қаржы саласының негізгі институттары қалыптасып, осы саланың қарқынды дамуының берік негізін жасадық. 2003 жылға қарай, шетел сарапшылары экономикалық реформалардың мақсатты жүргізілуінің, қолайлы инвестициялық климаттың жасалуының, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің арқасында Қазақстан экономикалық өсу қарқыны бойынша әлемдегі көшбасшылардың біріне айналғанын атап өтті. 2002 жылдан бастап ұлттық және шетел валютасындағы кредиттік рейтингте Қазақстанның деңгейі «тұрақтыдан» «жағымдыға» көтерілді. Қазақстанның кредиттік рейтингінің инвестициялық деңгейге дейін көтерілуі қаржы саласының дамуы бойынша ТМД елдері ішінде алдыңғы қатарда екендігінің дәлелі болды. «Қазақстан – 2030» даму стратегиясының қабылдануы елде нарықтық экономиканың қалыптасуын, демократиялық бағыттағы құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің құрылғанын, оның ішкі тұрақтылығын анықтап берді. Осының нәтижесінде Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде айқындала түсті. «Қазақстан – 2030» стратегиясының Ережелері Елбасының Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті ең дамыған елу елінің қатарына ену стратегиясы мен «Жаңа Қазақстан – жаңа әлемде» Жолдауында өз жалғасын тапты. Еліміздің ендігі даму көкжиегі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы, бұл- еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік саладағы серпінді дамуының кепілі. Алдағы он жылдыққа арналған, басым бағыттар белгіленген стратегиялық құжатта қазақстандық азаматтарға бірқатар тапсырмалар жүктелді. Бүгінде дамыған 30 елмен тереземізді теңестіру үшін көптеген экономикалық және әлеуметтік тұрғыдағы кедергілерден өтуіміз қажет. Экономиканы құру, инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы, сондай-ақ денсаулық және білім беру саласын дамыту – жас мемлекеттердің алдына қойылған мақсаттардың кішкене бөлігі ғана. Осыған орай, елдің дамуын сауатты стратегиялық жоспарлаудың маңызы зор. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы барша жастарымызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай қазақ елінің, қазақ тілінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы – ұлттың ұлы бағдары. Елулікті еңсердік, енді дамыған отыз мемлекеттің қатарына енуді мұрат етіп отырмыз. Осы Стратегияны мүлтіксіз орындап, сынақтан мүдірмей өту – біз үшін ортақ парыз, абыройлы міндет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет