«Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен»



Pdf көрінісі
бет31/40
Дата22.12.2016
өлшемі5,89 Mb.
#32
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Aksan D. Her Yönüyle Dіl, Ana Çіzgіlerіyle Dіlbіlіm. ІІІ. Bölüm. Ankara, 1998. s. 103-104. 
2. İmla Klavuzu. TDK yayınları. Ankara, 1996. 
3.19.14. Кайдаров А.Т. Структура   односложных    корней  и  основ   в  казахском    языке. -
Алматы, 1986. -С. 63. 
4. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. -Алматы, 2005. -135-б. 
5. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі тарихынан.-Алматы, 1988.-15-б. 
6. Mырзабеков С. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы.-Алматы, 1997.-4-б. 
7. Откупщиков Ю.В. К истокам слова. -Москва «Просвещение» 1973. 256 стр. 
8. Успенский Л. Слово о словах. -Ленинград. -1971. –С. 169.  

9. Успенский Л. По закону буквы. -Москва «Молодая гвардия» -239 стр. 
10. Тенишев Э.Р.  Түркі тілдері (Қазақ тіліндегі басылымы). ҚР ҰҒА 
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. –Алматы, 2002. -531 – б. 
11. Timurtaş F.K. Eski Türkiye Türkçesi, XY yy. İstanbul, 1977. s.35. 
 
ӘОЖ 82.0+821.571.132.09 
 
Қанағат ӘБІЛҚАЙЫР, 
әл-Фараби атындағы 
Қазақ Ұлттық университетінің магистранты 
 
АҢДАТПА 
Қазақ әдеби сынының күн тәртібінде тұрған проблемалар аз емес. Қазіргі сынымыздың хал-
жағдайы, творчестволық атмосферасының деңгейі, даму тенденциясы да байсалды әңгімеге зәру. 
Өйткені,  бүгінде  сынның  маңызы  жоғары,  атқаратын  міндеттері  де  жеткілікті,  сынға  деген 
жұртшылықтың талап-тілегі де анағұрлым өскен дейміз. 
Қысқасы, біздің сынымыз көркем шығарманы талдау тәжірибесінен ақсап жүрген жоқ. Сыни 
мақалаларымыздағы  ой  тапшылығынан  ақсап  келеді.  Біздіңше,  Орталық  Комитет  қаулысында 
атап  көрсетілген  “Қазіргі  сынның  философиялық-эстетикалық  дәрежесі  төмен”  деген  пікірдің 
тууы  да  осыдан  келіп  шыққан  сияқты.  Сыншы  жазушыны  да,  қалың  қауым  оқушыны  да 
ойлантып,  толғантуға,  өз  пікіріне  сендіріп,  илантуға,  ойлай  білуге  үйретуі  тиіс.  Мақалада,  сын 
өнерінің өткені ме бүгіні жан-жақты ғылыми-аналитикалық сараптауға түседі. 
 
Түйіндеме 
ХХ ғасырда әдеби-сын кітаптарының едәуір көп шыққаны белгілі. Сол кезеңдегі еңбектерге 
қарап  отырып,  қазақ  сынының  ой,  парасат  деңгейін  нақты  болжауға  болатын  сияқты.  Мақалада 
қазақ  әдебиеті  сынының  арғы-бергі  тарихынан  бастап,  кітаптың  мазмұны,  өзектілігі  мен  автор 
шығармашылығы сөз болады. 
 
Резюме 
Известно,  что  в  ХХ  веке  вышло  немало  книг  по  литературной  критике.  По  книгам 
опубликованных  в  то  время  можно  точно  предположить  о  рассудительности,  о  думах  (мыслях) 
казахской  критики.  В  статье  рассматривается  история  казахской  критики,  содержание  книги, 
актуальность и творчество автора. 
 
 
Summary 
It is known that in the ХХ century were a lot of books on literary criticism. From books published at 
that time can accurately assume about judgment, thoughts of Kazakh criticism. The article outlines about 
the history of the Kazakh criticism, content of the book and creation of the author. 
 
ХХ ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі кітап сыны мен жарнамасы  
«Сын түзелмей мін түзелмейді». Халықтың осы бір нақылы сан ғасырдың қанатты сөз көшіне 
ілесіп  қана  қоймай,  тіршіліктің  талай  қырына  таразы  болып  келеді.  Тіршілігіміздің  бір  қыры  – 
көркем  әдебиет  десек,  оның  салмағын  ең  алдымен  салмақтап  беретін  күмісті  таразымыз  осы  – 
сын. Әдебиетіміздің ішкі-сыртқы шаруасын саралаумен түгелдей, бірыңғай шұғылданатын әдеби 
сын.  

Дүниеге әдебиетпен кіндіктес туған, онымен әмсе бірге жасайтын сын өзінің игілікті ісін хал-
қадырынша  бүгін  де  атқарып  отыр,  ертең  де  атқара  бермек.  Сәні  жарасқан,  келбеті  толысқан, 
беделі биіктеген, шабыты кемелденген, алуан жанрлы тамырын терең жайған көркем әдебиетіміз 
одан  әлі  де  көп-көп  көмек  алары  хақ  дейміз.  Дейміз  де,  осы  көмектің  соңғы  кезде  біршама  пәс 
болып  тұрғанын  жасырмауды  және  ойлаймыз.  Ол  ойымызды  ішке  бүкпей,  сыртқа  шығаруды, 
әдеби сын жайында баршамыз боп сырласуды, пікір алысуды қалаймыз/1/-деп Ғаббас Қабышұлы 
ағамыз баршаны әдеби сын жайында сырласуға шақырады.  
Бұдан  он  шақты  жыл  бұрын  баспадан  сын  кітабының  шығуы  –  өте  үлкен  оқиға  саналатын. 
Сын  еңбектердің  өтімсіздігін,  әр  кітаптың  баспаға  пәленбай  сом  шығынға  түсетінін  алға 
тартатынбыз.  Идеологиялық  қуатты  қаруды  сауда-саттық  тауарымен  бір  дәрежеде  бағалау  – 
әдебиет  үшін,  қоғам  үшін  мүлде  тиімсіз  екендігін  ойлай  бермеппіз.  Осының  нәтижесінде 
баспаның белгілі бір жылға арналған тақырыптық жоспарына төрт-бес, кейде, тіпті, бір-екі-ақ сын 
кітабы енгізілетін.  
Қазір  жағдай  мүлде  басқаша  әдебиеттану  саласында  жыл  сайын  шығатын  кітап  санына 
ешкімнің  өкпесі  жоқ.  Тек  сан  ғана  емес.  Сапа  да  өсті.  Соңғы  жылдарда  қазақ  әдеби  сыны  жаңа 
белеске  көтерілді  десек,  асырып  айтқандық  емес.  Зерттеу  аймағы  кеңіді.  Көркемдік  талдау 
бұрынғыдан тереңдей түсті, қазақ әдебиетінде болып жатқан процестер бүкіл Одақ әдебиетімен, 
қала  берді  бүкіл  әлем  әдебиетімен  тікелей  байланыста  алынып  қарастырылатын  болды, 
сыншылардың  белсендігі  артты,  әрбір  жаңа  шығарманың  жақсылы,  жаманды  қасиеттерін 
нақтылы  тануға,  бұл  ретте,  тіпті,  “ақсақалдың”  бұрынғы  беделіне  қарайлай  бермеуге  тырысқан 
жақсы  талпыныс  бар…  Мұның  бәрі  жақсы.  Әйткенмен,  жетіспей  жатқан  жақтарымыз  да 
баршылық.  Сол  жетіспеушіліктің,  кемшіліктің  біразы  сынның  мәнін  арттыруға  септесер  игі 
құбылыстарды,  қолайлы  жағдайды  орнымен,  ұтымды  пайдалана  алмай  жатқанымызға  тікелей 
байланысты сияқты.  
…Сын  кітаптары  көптеп  шығатын  болды  делік.  Әрине,  игі  ниет  жемісі.  “Аз  болса  да  мәз 
болсын” деген нақыл – қанша орынды айтылғанымен, жетімсіздіктен туған сөз. Көп болған үстіне 
түгел озық болып тұрғанға не жетсін. Және қай реттерде санның сапаға айналатыны тағы бар. Біз 
сын  кітаптары  орынсыз  көбейіп  кетті  демейміз.  Көбейгені  жөн.  Шыға  берсін.  Бірақ,  осы  “шыға 
берсіннің”  соңында  жүріп,  еңбектің  сапасын,  белгілі  бір  кітапты  дәл  осы  қалпында  жарыққа 
шығарғанда  не  ұтатынымызды  ойламай  кететін  реттеріміз  көп.  Баспасөзде  жарияланған,  немесе 
жарияланбаған  шикілі-пісілі,  кейде  құрау-құрау,  кейде  бүтін  болса  да  жамау-жамау  дүниелерді, 
онда  айтылған  пікірлерді  ой  елегінен  өткізбей,  екшемей,  өңдеп,  қайта  жаздырмай  “сын  кітабы” 
деген атпен жарыққа шығара берсек, одан ештеңе ұтпасымыз, керісінше, әдебиетке қиянат жасап, 
оқырманның обалына қаларымыз күмәнсіз. Сонымен қатар, бүгінгі жанды әдеби процеске тікелей 
қатысы  аз,  әдебиеттің,  өнердің  белгілі  бір  мәселесін  өз  дәрежесінде  сөз  еткен,  соның  үшін  де 
авторына  кандидаттық,  немесе  басқадай  атақ  әперген  зерттеу  еңбек  атаулыны  шетінен  бастыра 
беру  де  мұрат  болмаса  керек/2/-деп  жазушы  өз  еңбегінде  кітап  шығару  ісі  саласындағы  кейбір 
олқылықтарды атап көрсеткен.  
Қазақ әдеби сынының күн тәртібінде тұрған проблемалар аз емес. Қазіргі сынымыздың хал-
жағдайы, творчестволық атмосферасының деңгейі, даму тенденциясы да байсалды әңгімеге зәру. 
Өйткені,  бүгінде  сынның  маңызы  жоғары,  атқаратын  міндеттері  де  жеткілікті,  сынға  деген 
жұртшылықтың талап-тілегі де анағұрлым өскен дейміз/3/. 
Қысқасы, біздің сынымыз көркем шығарманы талдау тәжірибесінен ақсап жүрген жоқ. Сыни 
мақалаларымыздағы  ой  тапшылығынан  ақсап  келеді.  Біздіңше,  Орталық  Комитет  қаулысында 
атап  көрсетілген  “Қазіргі  сынның  философиялық-эстетикалық  дәрежесі  төмен”  деген  пікірдің 
тууы  да  осыдан  келіп  шыққан  сияқты.  Сыншы  жазушыны  да,  қалың  қауым  оқушыны  да 

ойлантып,  толғантуға,  өз  пікіріне  сендіріп,  илантуға,  ойлай  білуге  үйретуі  тиіс.  Ал,  біздің 
сындарымыз кей жағдайда шығарма мазмұнын індетіп айтып шығудан ғана аса алмай келеді.  
Бәрін айт та, бірін айт деген ғой. Сонымен бүгінгі қазақ сынының жай-күйі қандай халде? Бұл 
сұраққа жауап беру үшін мәселенің басын ашып алайықшы. Яғни, бүгінгі сынымыздағы жетістік 
пен кемшіліктің сыры неде? Сөз жоқ, біздің сынымыз өсу үстіндегі профессионалды сын, кәдуілгі 
өнер  дәрежесіндегі  өз  заңдылықтары,  теориясы  қалыптасқан  сын  екеніне  ешкім  де  дау  айта 
алмайды.  Бір  сөзбен  айтқанда,  өнер  ретінде  өзіндік  өрнегі  мен  табысы,  көркемдік  идеялық 
жетістіктері  бар.  Үлкенді-кішілі  сыншыларымыздың  бәрі  болмағанымен,  едәуір  бөлігі  әдеби 
процеске  әр  уақыт  белсене  араласып,  әрбір  көркемдік  жаңалық  туралы,  басқа  да  мәселелер 
турасында  дүркін-дүркін  пікірлерін  білдіріп  келеді.  Әр  түрлі  тақырыптағы  монографиялардан 
бастап,  көптеген  сын  мақалалар  жинағы  да  жарық  көріп  жатыр.  Бұлар  да  негізінен  алғанда 
жетістікке  саналуы  тиісті.  Алайда,  жетістік  қай  кезде  де  айтылады.  Ал,  кемшілік  неде?  Осыған 
нақтырақ тоқталайықшы. Осыған байланысты алдымен мынаны айтар едік.  
Біріншіден,  жоғарыда  айтып  кеткен  ой  тапшылығы,  пікір  таяздығы  байқалады. 
Сыншылардың  мақалаларында  интеллектуалдық  толғаныс  жағы  олқы  соғып  жатады.  Содан  да 
болу  керек,  көптеген  рецензия,  сын  мақалалар  авторлары  бөлек  болғанымен,  айтайын  деген  ой-
пікір, тұжырым-байламы жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Эстетикалық биік талғампаздық, образ 
талдаудағы  философиялық  анализ,  синтез  әдістері  сирек  ұшырасады.  Көптеген  көркем 
шығармалар бір ғана штамппен, қалыптасып кеткен канондық үлгімен талданады.  
Екіншіден, сын мақалалардың жазылуында формалық жағынан алғандағы ізденіс жоққа тән. 
Таныс,  әуен,  таптаурын  соқпақтан  құтыла  алмай  келеміз.  Анықтап  айтсақ,  сын  мақалалардың 
жазылу формасы өте жұтаң, бір жақты, композициялық құрылымы да жадағай болып жүр. Бізде, 
“Қасым салған қасқа жол” дегендей, бір ғана көзді қарықтыратын, көңілді жалықтыратын сүрлеу 
жол  бар.  Мәселен,  эссе,  творчестволық  портрет,  интервью-полемика  сияқты  сынның  күрделі 
жанрлары игерілмей-ақ келеді. Бұл бағыттағы талпыныс та, талап та әзірге аздау.  
Үшіншіден, сыншы қолтаңбасы мен жазу ерекшелігі, күрделі ұғымдардың басын біріктіретін 
сыншы  стилі  деген  нәрсені  сөз  еткенде,  бізде  үш-төрт  сыншыдан  басқасының  фамилиясының 
бөтендігі болмаса, жазған мақалаларынан пәлендей творчестволық өзгешелік көру қиын. Сыншы 
стилі, сөз саптасы мен сөйлем құрылысын тартып, мақаланың бітім-болмысына дейін дараланып, 
өзгешеленіп, әркімнің өз қолтаңбасын танытып тұруға тиіс.  
Төртіншіден,  сын  беделіне  нұқсан  келтіріп  жүрген  кеселді  бір  нәрсе  бар.  Ол  әлдекімдердің 
сынға қосыла кетіп, баз біреулерге сыбаға үлестіруді, сөйтіп жақсы атты болуды көздеушілігі. Әр 
жерден  бір  оқып  алған  пікірлерін  көлденең  тартып  ортанқол  екі-үш  мақала  жазып,  сыншы 
атанғысы  келетіндер  де  ұшырасады.  Бізде  мұндай  сынды  уақытша  кәсіп  етіп  жүргендер  де  аз 
емес.  Сынды  үлкен  өнер  тұтып,  осы  жолда  барлық  мүмкіндігін  сарп  етуді  көздемеген  адамнан 
сынға еш уақытта пайда келмейді. Мұнан профессионал сыншыдан басқа адам мақала жазбасын 
деген  ұғым  тумайды.  Мәселен,  орыс  әдебиетінде  белгілі  ақын-жазушылардың  өз  тұрғыластары, 
қатарластарының  шығармалары  жайында  жазып,  айтып  жататын  сын-пікірлерін  оқып  тұрамыз. 
Мұның өзі бір жағынан дұрыс та, әдебиеттің мүддесін тек сыншы ғана емес, ақын-жазушылардың 
да бірге қорғағаны, сынның абыройын бірге көтеріскені жақсы мінез. Ал, бірде өлең, бірде проза 
жазып,  әмбебап  атанып  жүргендердің  кейде  сынға  араласып  кетіп,  оқушылар  арасында  жазу 
орашолақтығымен  теріс  пікір  тудыратын  бар.  Яғни,  не  дұрыстап  өлең  жазбайды,  не  проза 
жазбайды.  Сөйтеді  де  сын  айтып,  жұртты  үйреткісі  келеді  деген  пікір  туып  қалуына  жағдай 
жасайды.  Сондықтан  да  сынды  жанымен  сүйіп,  барша    тәнімен  күймейтін  адамдардың  сынның 
беделін түсіргеннен басқа берер пайдасы шамалы демекпіз. Сыншы таланты  – аса сирек талант. 
Сыншылық екінің бірінің қолынан келе бермейтін қиын өнер екендігін кезінде сынның корифейі 

Белинскийдің жақсылап айтып кеткендігін білеміз. Сондықтан да сынды кез келген білімі тайыз, 
білігі  төмен,  теориялық  даярлығы  жоқ,  сын  эстетикасынан,  тарихынан  хабары  шамалы 
жандардың  ермегіне  айналдырмау  –  сын  абыройын  қорғау  болып  табылады/3.293/-  деп  белгілі 
сыншы кітап сынын саралай отырып, оның негізгі мәселелеріне тоқталған. 
Қазақ 
әдебиетінде 
ХХ 
ғасырдың 
алғашқы 
кезеңінде 
Абайдың, 
Шәкәрімнің, 
Сұлтанмахмұттың,  Ахметтің,  Мағжанның,  Міржақыптың,  Жүсіпбектің  т.б.  шығармаларының 
жарық  көруі  сыни  ой-пікірлердің  жаңаша  қарқынмен  дамуына  түрткі  болды.  Әсіресе,  Абайдың, 
Мағжанның шығармашылығы жайлы таластар шын мәніндегі профессионал сынның қалыптасып, 
өріс алуына ұйтқы болды. Мысалы, шығармашылық сипаты мен бағыты төңірегінде түрлі даулар 
дуылдап  тұрған  кезде  жазылған  Жүсіпбектің  “Мағжанның  ақындығы  туралы”  мақаласы  қазақ 
әдеби сынының тамаша үлгісіне айналды. Әдебиетте түрлі ағымдар, бағыттар пайда бола бастады. 
Революциядан  кейін  әдебиетті  саяси  қолшоқпарға  айналдыра  бастағанда  сын  әдебиетіміздің 
ұлттық  сипатын  қорғап,  ара  түсті.  Ал,  көркем  әдебиетке  партиялық  үстемдік  орнаған  кезде 
алдымен әділін айтып, ақ сөйлеген сыншыларды қудалады. Азулы сынның көмескіленуіне бірден-
бір себепшінің де партиялық-әміршілдік болғанын бүгін ашық  айта бастадық.  Дегенмен де, сын 
әдебиеттің  болашағы  үшін  күресін  жалғастыра  жүріп,  өзі  де  сонымен  бірге  қалыптасты,  барлық 
жанрда  жаңғыра  түсті.  Демек,  артық  жақтарын  “түзетіп”  отыратын  сын  болмаса,  әдебиеттің 
тарихын,  оның  бүгінгі  даму  жолын  көзге  елестету  мүмкін  емес.  Сынсыз  әдеби  даму  процесін 
бағдарлау  қиын.  Онсыз  әдебиет  бет-бетімен  шашыраған,  жүйесіз  әдеби  фактілерге  айналар  еді, 
көркемдік  қуаты  әлсірер  еді.  Бұл  айтылғандардан  шығатын  қорытынды:  сын  әдебиетпен  бірге 
пайда болып, бірге дамып, шығармашылық еңбекпен біте қайнасып жатады екен/4/. 
Кітап сынының қалыптасып, одан әрі дамуына арқау болған, халықтың мұң-мұқтажын айтып, 
дем  берген  алғашқы  қазақ  газеттерінің  де  алар  орны  бөлек.  Бұл  жайында  Тұрсынбек  Кәкішев 
ағамыз  сол  замандағы  қазақ  баспасөзін  ерекше  атап  өтіп,  оның  қоғамдағы  рөлі  мен  маңызына 
тоқталып  өткен.  “ХІХ  ғасырдың  соңғы  ширегі  мен  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  өмір  сүрген  “Дала 
уалаятының  газеті”  қазақтың  тұмшаланып  келген  қоғамдық-әлеуметтік  ой-пікірін  оятып  қана 
қоймай,  кең  өріс  бергенін  айрықша  атау  орынды.  Оңымыз  бен  солымызды,  өткеніміз  бен 
болашағымызды  бағдарлаған  материалдардың  бәрі  де  өркениетті  елдердің  қатарына  қосылу 
тенденциясын  туғызды.  Соның  нәтижесінде  бір  халықтың  күш-қуаты  мен  рухани  тірегі  –  қазақ 
тілі  мен  әдебиетінің  дамуына  жағдай  жасалып,  тілдің  тазалығы,  шұбарлануы,  көркем 
шығарманың  ажарлы  да,  көрікті,  түсінікті  болуы,  кітап  шығару  ісін  жандандыру,  елге  ұғымды, 
сапалы  білім  беру,  сөз  өнерінің  сыр-құпиясына  үңілу,  кімнің  қандай  іс  тындырып  кеткенін 
анықтап,  олардың  есімдерін  қадірлеу,  құрметтеу,  ұлттық  дүниетаным  мен  білім-білікті  баспасөз 
базарында  бағалату,  пікір  таластыру,  ой  айту  мәселелері,  сөз  жоқ,  қазақ  әдебиеті  сынының  кең 
арна тауып кетуге мүмкіндігі барын көрсетті”/5/- дейді автор. 
Сонымен  қазақтың  баспасөз  орындары,  әсіресе,  “Түркістан  уәлаятының  газеті”  мен  “Дала 
уәлаятының  газеті”  халықтың  әлеуметтік  сана-сезімін  ояту  бағытында  бірқыдыру  үлкен  еңбек 
сіңірсе, екінші жағынан, қазақ әдебиеті сынының тууына дайындық жасады. Бұл кезеңдегі әдеби 
сын  элементтері  әлі  де  болса  жалпы  саяси-экономикалық,  тарихи-әлеуметтік  мәселелермен 
қабаттаса  айтылып,  мәнді  арна  табуға  ыңғайы  бар  екенін  аңғартты.  Қазақ  әдебиеті  сынының 
эстетикалық  дәрежесі  мен  өрісі  онша  биік  талапқа  жауап  беріп,  алқалы  өңірден  көріне 
қоймағанымен,  ел-жұртты  елең  еткізер  екпінін  аңғартып,  өзінің  жанрлық  сипатын  “Айқап” 
журналы мен “Қазақ” газетінде айқын танытты/5.70/. 
“Айқаптың” тұңғыш санынан бастап “Кітаптар жайынан” деген арнаулы бөлім ашылып, жаңа 
шыққан  кітаптарға  аннотация,  жарнама-сы  беріліп  отырды.  Журналдың  бірінші  санында  “Қазақ 
тілінде  қазіргі  заманда  кітап  бастырушылық  өнері  көп  жайылған  жоқ.  Соңғы  жылдарға  шейін 

қазақ тілінде басылып  келе жатқан кітаптар: “Зарқом”, “Сал-сал”, “Қаһарман Бозжігіт”, “Шәкір-
Шәкірат”  секілді  хикаялардан  ғибрат  еді.  Соңғы  замандарда  “Қыз  Жібек”,  “Айман-Шолпан” 
секілді қазақтың милли хикаялары да басыла бастады. Ләкин бұл кітаптарды бастырушылар ноғай 
болғандықтан  сөздері  де  бытқып,  әсте  өте  нашар  болып  шығады.  Қазақтың  жаңа  шыққан 
кітаптарының  арасында  басылуы  көркем,  жазылуы  дұрыс  кітаптар  да  кездеседі”  делінді.  Осы 
айтқан  мақаладан  кейін  “Айқап”  редакциясы  жаңа  шыққан  кітаптарды  жеке-жеке  сөз  қылып, 
қажетті дегеніне сын-ескертпелер айтып, тәуірлерін оқушы көпшілікке насихаттап отырды.  
“Айқап”  журналында  педагогикалық  мақсатты  көздеген  алғашқы  сыни  пікір  Мұхамедораз 
Нұрбаевтың “Қазақша  әліппе” атты кітабына айтылды. Алфавиттің тиісті  тәртібін сақтамағанын 
міней  келіп,  “кітапқа  жазылған  сөздердің  мағыналы  сөздер  болуы,  балалардың  зейініне  лайық 
білімдер,  пайдалы  насихаттар  болуы  тиіс”  деп  педагогикалық  талап  қойды.  Сондай-ақ,  осы 
әліппені  сынаған  тағы  да  басқа  хаттар  бар  екенін  хабарлай  келіп,  “кітапты  уақ  ғарыппенен 
бастырыпты, балалар үшін ірі ғарып керек еді” (№8.1911) деп ескертпе жасаған. Былай қарағанда 
әкетіп  бара  жатқан  кемшілік  емес  сияқты  болғанмен,  мектеп  табалдырығын  алғаш  аттаған 
баланың  әліппесінің  ірі  болып,  бадырайып  көрінуі  техникалық  емес,  шын  педагогикалық 
талап/5.72/. 
Қазақ  әдебиеті  сыны  және  әдебиеттану  мәселелері  жөнінде  М.Қаратаевтың  баяндамасын 
талқылағаннан кейін Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының VI пленумы республикамызда 
әдеби  сын  мен  әдебиеттану  саласында  бірсыпыра  елеулі  табыстарға  жеткенімізді  атап  көрсетті. 
“Шығарманың  іліп  алар  жақсылығы  болса,  оны  көре  білу,  айта  білу  –  ғанибет  іс.  Бірақ, 
шығарманың  бойына  сыймайтын  бос  мақтаудан  не  парық?  Тайыншаға  артқан  шаңыраққа  жұрт 
күлмей ме? 
Жақсы сынды жақсы әдебиет туғызатыны белгілі. Сынның көсіле де көтеріңкі сілтеуіне дем 
беретін  шынайы  көркем  туынды.  Жаман  шығарма  сынның  да  өресін  тарылтып,  өрісін 
қысқартады, неге десеңіз, ондай шығарма дәріптеуді  де көтермейді. Бізде сында да, кексе ақын-
жазушының мерейтойына байланысты талай шамадан тыс бөспе мақалалар жарияланып жатады. 
Ал, рецензияның бөспелігіне неге жол береміз? 
Сын құнсыз шығармалардың жайылуына бөгет жасау керек десек, мәдениеті жоқ, құнсыз сын 
мақалалары  мен  кітаптарына  да  бөгет  жасау  қажет”  /6/-деген  сынды  біраз  мәселелердің  басын 
ашып, баяндама жасайды. 
Кітапқа,  оның  ішкі-сыртқы  безеніне,  мазмұнына  айтылар  сын  ХХ  ғасырдағы  қазақ 
газеттерінде  жарық  көріп,  небір  сыншы,  жазушылардың  талқысына  түсті.  Ой  сүзгісінен  өтіп, 
таразыланды. Сыншылар сәтті шыққан кітаптарға жақсы баға берсе, көңілі толмаған шығармалар 
оларды  толғандырмай  қоймады.  Ал,  бүгінде  сын  тақырыбына  қалам  тербеп  жүрген 
сыншыларымыз санаулы-ақ. Әр кітаптың сапасына, мазмұнына көңіл аудару үшін білікті, танымы 
терең  маман  керек.  Олар  кітап  шығару  ісіне  қатысты  барлық  талаптарды  білуі  тиіс.  Мәселен, 
әдебиеттің өз сыны бар, өнердің сан саласында да өзіндік сын бар. Сондықтан, кітап шығаруды да 
кәсіп  емес  өнер  деп  қабылдайық.  Өйткені  ол  автордың,  безендірушінің  және  редактордың 
шығармашылық  ізденісі  тоғысқан  үлкен  бір  туынды.  Ол  оқырманның  қолына  тигенде  оны 
қуантатын, эстетикалық ләззат сыйлайтын және мазмұны пішініне сай құнды дүние болуы керек. 
Ал ол үшін тек әдеби сын аз болады, полиграфиялық таным деңгейі мен баспагерлік өлшем керек. 
Кітапқа  қойылатын  талаптар,  өлшемдер,  қағаздан  бастап,  әріптердің  орналасуы,  терілуі  мен 
құрылымына дейін, қысқасы, оқырман қолына тигенге дейінгі аралыққа байыпты баға беру және 
соны  үнемі  қадағалап  отыру  қажет.  Яғни  кітапты  сынағанда,  тек  қана  ішкі  мазмұнын  ғана 
сынамау  керек,  онда  ол  әдебиетті  сынаған  болып  есептеледі.  Ал,  кітаптың  өтуі,  кітаптың  жетуі, 

шығуы,  дизайны,  сапасы,  оқырманға  үлкен  ләззат  сыйлауы  баспагерлік-полиграфиялық  талғам 
мен талапқа байланысты. Кітап сыны дегенде осының бәрін ескеру керек.      
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
Ғ.Қабышев. «Қазақ әдебиеті» газеті, 1970. 15 май, 3-бет. 
2.
 
М.Мағауин. «Тасқа басылған қолжазбалар», Алматы-«Қағанат-ҚС», 1999ж. 82-бет. 
3.
 
С.Әшімбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. І том. Астана: Елорда, 2006 ж. 290-
бет. 
4.
 
Д.Ысқақұлы «Сын шын болсын», Алматы, «Қазақ университеті», 1993 ж. 8-бет. 
5.
 
Т.Кәкішев. «Қазақ әдебиетінің тарихы», Алматы, «Санат», 1994 ж. 69-бет.  
6.
 
Мұхамеджан Қаратаевтың «Қазіргі қазақ әдебиеті сынының жәйі» атты баяндамасы
«Қазақ әдебиеті» газеті. 1968 ж. 26 қазан. 
 
Әлем тілдерінің жетілуі мен жоғалу себептері: түркі тілдері негізінде 
 
Жорабай Темірлан 
Сүлейман Демирел университеті 
Филология факультеті 
«Қазақ филологиясы» мамандығының 
2 курс студенті 
 
Аңдатпа 
Бүгінгі  таңда  жалпы  тіл  білімінде  әлемдегі  дамыған  тілдер  мен  жойылу  қаупі  бар  немесе 
мүлдем жойылуға шақ қалған тілдер мәселесі жиі қозғалуда. Жер бетіндегі алты мыңға шамалас 
тілдердің  2,5  мыңы  жуық  арада  өз  тіршілігін  тоқтатады  деген  болжам  расында  да  шындыққа 
жанасардай.  Егер  бір  тіл  жойылса,  онымен  бірге  толық  бір  мәдениет,  толық  бір  дүниетаным 
жүйесі  жойылады.  Ал  бір  тілдің  дамуы  –  келесі  бір  тілдің  әлсіреуіне  алып  келетінін  тарих 
дәлелдеді.  Ендеше  бүкіл  әлем  тілшілерін  толғандырып  отырған  осы  құбылыс  адамзат 
өркениетінің бір бөлшегі болып саналатын түркі халықтарын  да айналып өтпеді. Саны 200 млн-
нан  асып  жығылатын  түркілердің  бүгінде  75%  ғана  дербес  мемлекет  ретінде  күн  кешіп  отырса, 
олардың  ішінде  тек  бесеуі  ғана  өз  ана  тілдерін  мемлекеттік  тіл  деңгейінде  сақтап  қалған.  Ал 
қалған топтары ұсақ этностар ретінде түрлі мемлекеттер құрамында автономды немесе жай ғана 
аудан  көлемінде  күн  кешуде.  Түркі  халықтарының  ішінде  саны  100  мыңнан  аспайтын,  тілдік 
қолданыс аясы тарылған этникалық топтар өте көп. Қазіргі таңдағы тіл біліміндегі стандарттарға 
сай  салыстыратын  болсақ,  бұл  тілдерге  де  жойылу  қаупі  төніп  тұрғаны  айқындалады.  Сонымен 
қатар,  түркі  тілдерінің  ішінде  даму  сатысы  жоғары  тілдер  де  бар  (түрік,  өзбек,  әзірбайжан). 
Олардың дамуы тікелей тарихи және саяси-экономикалық факторларға байланысты. Бұл жобада 
түркі  халықтарының  жер  бетіндегі  шоғырлануы  мен  бүгінгі  таңдағы  саяси-әлеуметтік  жағдайы, 
қоғамдағы  ролі  зерттеле  отырып,  түркі  тілдерінің  даму  деңгейі  мен  құрып-біту  себептерін 
анықтау мақсат етілді.    
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет