«Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен»


Алмания,  Әзірбайжан,  Босния  және  Герцеговина,  Грузия,  Ирак,  Қазақстан,  Қырғызстан



Pdf көрінісі
бет33/40
Дата22.12.2016
өлшемі5,89 Mb.
#32
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40

Алмания,  Әзірбайжан,  Босния  және  Герцеговина,  Грузия,  Ирак,  Қазақстан,  Қырғызстан, 
Румыния,  Туркменстан.28  елде  түрік  тілі  мен  әдебиеті  оқытылып  қана  қоймай,  ғылыми 
ізденістер жасайтын түркология бөлімдерібар.
[12]
 
Бұл  түрік  тілінің  даму  деңгейінің  бір  ғана  нәтижесі.  Профессор,  түркітанушы  Тофик 
Моликовтың айтуынша бір ғана Мәскеудің өзіндеКеңес Одағы тұсында түрік тілі бар-жоғы екі-ақ 
оқу орнында пән ретінде жүргізілген. Ал бүгінде сол Мәскеуде жеті ЖОО-да және оншақты тіл 
курстарында оқытылуда.
[13]
Сонымен қатар, бүгінде өте белсенді жұмыс  атқарып жатқан KATEV 
халықаралық  білім  қорының  маңызы  айқын  көрінуде.  Осы  қордың  бастамасымен  тек 
Қазақстанның  өзінде  28  жоғарғы  деңгейдегі,  халықаралық  стандарттарға  сай  білім  ордасы  – 
мектеп-лицейлері  ашылды.  Ол  жерде  жан-жақты  терең  білім  берілумен  қатар  қазақ,  ағылшын, 
орыс тілдерімен қоса түрік тілі де оқытылады. Бұл тек біздің елде ғана емес, әлемнің 110 елінде 
жұмыс істеп жатқан қарқынды жоба.
[14]
 Демек түрік тілі әлемде 110 елде оқытылады.  
Жарты  ғасырға  жетер  жетпес  уақытта  осындай  қарқын  алып  үлгерген  тілдің  дамуына  әсер 
еткен  факторлар  қатарында  ең  алдымен  Түркиенің  саяси-экономикалық  жағдайын  атай  аламыз. 
Ел  қазынасына  біршама  табыс  түсіріп  жатқан  сауда  мен  туризм  экономиканың  басқа  түрлеріне 
қарағанда  тікелейхалықпен,  ел  мәлениетімен  тығыз  байланыста  жұмыс  жасайтын  күрделі 
салаларына  жатқызылады.  Ал  Түркиенің  бір  тоқыма  өнеркәсібінің  өзі  (инвистициясы  мен  ауыр 
өнеркісібін  айтпағанла)  оның  сауда-саттық  нарығын  барынша  кеңеюіне  ықпалын  тигізді.  Бұл 
тұста айтқымыз келгені, яғни экономикасы мықты елдің тілін қалайда үйренуге тура келеді. Оған 
деген қажеттілк пайда болады. Осы орайда түрік тілінің өз ұпайы толық екеніне көз жеткіземіз.  
Түрік  тілінің  әдеби  нормасы,  ғылыми  базасы  қалыптасуында  сол  елде  сақталған  көне 
мұраларға,  тарихи  қолжазбаларға  бай  кітапханалардың  да  айтарлықтай  орны  бар.  Ол  құнды 
мұралар  өзіндік  ұлттық  ғылым  мен  ұлттық  потенциалды  күшейтуде,  шет  ел  ғалымдарының 
назарын  аудартуда  да  маңызы  зор  болды.  Мінекей  осындай  экстролингвистикалық  факторлар 
қатарына халық саны мен шоғырлануы да қосылады. Жоғарыда аталған себептер халық санының 
өсуіне  оң  ықпалын  тигізері  сөзсіз.  Ал  халық  санының  өсуі  –  тілдің  жойылмауының  бірден-бір 
кепілі.  
Өзіндік  даму  барысында  түрік  тілі  біршама  жеңілденіп,  жұмсарған  тіл.  Дыбыстық 
фонемалардың  бірте-бірте  жіңішкеленуі  және  грамматикалық  тұлғалардың,  ауытқулардың  аз 
болуы  бұл  тілдің  өзге  ұлттар  тарапынан  тез  меңгерілуіне  де  себеп  болды.  Мәселен  кез  келген 
халықтың  дыбыстық  акустикасында  табыла  бермейтін  айтылуы  қиын  қ  фонемасы  алғашқы 
кезеңде  түрік  тілінде  де  болған.  Қазір  жоқ.  Кейбір  жергілікті  тілдік  ерекшеліктерде  ғана 
кезедеседі.  Қазір  оның  орнына  жұмсартылған  к°(қар  -  к°ар)  дыбысы  айтылады.  Сонымен  қатар 
тілдегі  ерін  үндестігінің  үшінші  буынға  дейін,  тіпті  шылауға  дейін  сақталып  қалуы,  род 
категориясының болмауы бұл тілді меңгеруді қолайластырды. 
  Жоғарыда  келтірілген  мысалдардың  барлығы  да  тек  бір  нәрсені  ғана  –  өмірдің  жою  мен 
жойылу  заңдылығын  дәлелдеп  тұрған  секілді.  Алыптар  асайды,  ұсақтар  жұтылады.  Бұл  бүгінгі 
таңдағы болашағы алаңдаулы тілдер үшін тіршілікің негізгі тұжырымы іспеттес.  
  Ұлы  ордалардың  егесі  болған,  еркін  сахараны  еркін  жайлағантүркілердің  бүгінгі  тіршілігі 
жоғарыда  аталып  өткендей  бір  қалыпты  емес.  Бұл  әркелкілік  олардың  дамуына,  тұтасуына  кері 
әсерін  тигізуде.  Осы  тұста  бір  күрделі  мәселе  бар.  Түркі  халықтары  деген  өзгеше  бір  өркениет 
иелерінің  көптеген  этникалық  топтары  Ресей  Федерациясының  құрамында  күн  кешуде.  Тек 
дербестік алып отырған бес елден басқасының барлығы дерлік РФ қол астында. Жойылу қаупі бар 
тілдер де, жойылмайтын тілдердің де көпшілігі сонда. Өкінішке қарай халық саны аз, келесі буын 
ауысқанда  мүлдем  сөйлеушілері  қалмайды  деген  тілдерге,  оның  ішінде  түркі  тілдеріне  нақты 
Үкімет  тарапынан  немесе  жергілікті  әкімшілік  тарапынан  ешқандай  қолдау  көрсетіліп  жатқан 
жоқ.  Тіпті  жоғарыда  мысалдарда  келтірілген  ноғай  тілінің,  ол  тілде  сөйлеуші  халықтың 
шарасыздықтан  өткен  жылдың  қазан  айындағы  ІІ  бүкіл  ноғай  съезінде    жергілікті  автономдық 
берілу мәселесіне байланысты Президентке жіберілген хаты да жауапсыз қалды. Ресей тілшілері 

бүгінде  Шығыс  Сібірдегі,  Тайгадағыселькуп,  ненец,  кет,  амурлық  эвенктер  секілді  мүлдем 
жойылудың  алдында  бір  қадам  қалған  сөйлеушілер  саны  мыңға  да  жетпейтін  тілдердің 
мәселесімен  әуре  болып  жүргенде  біздің  қандастарымыз  да  жуық  арада  сол  қатарға, 
жойылушылардың қатарына қосылып кетпесе игі. 
Бір  тілдің  жұтылып,  бір  тілдің  дамып  жатуы  саяси,  тарихи,  мәдени,  идеологиялық 
факторлармен  өте  тығыз  байланысты.  Қайбір  ұлт  болмасын,  қайбір  империя  болмасын  өзінің 
өлмес  күнін  қамдап  жатады  қашан  көрсең.  Осы  жанталастан  біз  де  кенде  қалмауымыз  керек. 
Өйткені  –  қазақ  халқының  ұлы  перзенті  А.Байтұрсынұлы  айтқандай:  «Қалыпты    шаруамыз  
өзгеріліп, қалпымыз  да  өзгерілейін  деп тұр. Қалпымыз  өзгеленсе  қалай  болатынымыз  белгісіз, 
іргеміз тұтас  ыдырамай,  бірыңғай  жатқан  халық  едік. Енді  арамызға  бөтендер келіп  кірісейін  
деп    тұр».
[14]
Ынтымақ  пен  бірлік  жайлы,  Өзінің  қазаққа  қатысты  ой  түйген  тұжырымдарының 
тағы бірінде былай дейді:   
"Басқа    жұртпен    араласқанда    өз  алдына  ұлт    болып,  өз    алдына    тілі    бар,  өз    тілінде  
жазылған  сөзі (әдебиеті) бар  жұрттар  ғана тұрады. Өз  тілімен  сөйлескен, өз  тілімен  жазған  
жұрттың      ұлттығы    һеш    уақытта    адамы    құрымай    жоғалмайды.  Ұлттың    сақталуына    да, 
жоғалуына  да    себеп    болатын    нәрсенің    ең    қуаттысы  –  тіл.  Сөзі    жоғалған    жұрттың    өзі  де  
жоғалады.  Өз    ұлтына    басқа  жұртты    қосамын  дегендер    әуелі    сол    жұрттың    тілін    аздыруға  
тырысады.  Егер  де  біз    қазақ    деген    ұлт    болып    тұруды    тілесек,  қарнымыз    ашпас    қамын  
ойлағанда  тіліміздің де  сақталу  қамын  қатар  ойлау керек. Қазақтың осы  күнгі  ісінің  бетіне  
қарағанда  һәм  мұнан  былай  ісіміздің беті осы болса, қазақ  тілі азып, жоғалуға  ықтимал".
[14]
 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Үлкен кеңес энсиклопедиясы 
2.
 
Сергек Елтерік, 
http://www.tilmaydan.kz/p=642 
3.
 
“Қазақстан”:  Ұлттық  энцклопедия/Бас  редактор  Ә.  Нысанбаев  –  Алматы  “Қазақ 
энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ЫСБН 5-89800-123-9 
4.
 
 Қазақ  тілі.  Энциклопедия.  Алматы:  Қазақстан  Республикасы  Білім,  мәдениет  және 
денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ЫСБН 5-7667-2616-3 
5.
 
http://news.nur.kz/194687.html
 
6.
 
http://massaget.kz/bilim/maala/705
 
7.
 
http://www.kakprosto.ru/kak-717
 
8.
 
http://ru.wikipedia.org/wiki/
 
9.
 
Языки  и  писменности народов  Евразии, К.М.Мусаев,  А.  Байтұрсынов  атындағы  тіл 
білімі институты. Алмты – «Ғылым» 
10.
 
ru.wikipedia.org/wiki/Ногайцы 
11.
 
http://kk.wikipedia.org/wiki/Түрік_тілі
 
12.
 
https://tr.wikipedia.org/wiki/Türk_dilleri
 
13.
 
www.turkishculture.ru/haber_15_ru.html
 
14.
 
writers.kz/journals/ID=10&NUM=96&CURENT...2864 
15.
 
«Қазақ» газеті, 1913 Алматы 2009,«Арыс» - баспасы 477 бет. 
ӘОЖ 811.512 
РАБҒҰЗИДІҢ «АДАМ АТА - ХАУА АНА» ҚИССАСЫ  
МЕН ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ  ЛЕКСИКА-ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫНДАҒЫ 
ЖҮЙЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР 
 
Капасова Дана 
Сулейман Демирел университеті 
қазақ тілі мен әдебиеті 
мамандығының  3 курс студенті 
 
Аннотация 

Бұл  мақалада,ХIV  ғ.  ескерткіші  Рабғұзидің  «Адам  ата  –  Хауа  ана»  қиссасындағы  тілдік 
ерекшеліктерқазіргі  қазақ  тіліндегі  фонетикалық,  морфологиялық  және  лексикалық  жүйесімен 
салытырмалы  түрде  қарастырылады.Сондай-ақ  автор  аталған  есркерткіште  діни  дереккөзде 
келтірілген  фразеоматикалық  бірліктің  компоненті«Топырақтың»  лингвокогнитивтік  анализін 
жасайды. 
Кілт сөздер: «Адам ата мен Хауа ана», Пайғамбарлар, Жаратылыс,  Топырақ. 
 
Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі –Насируддин Бұрһаннудин Рабғұзи. Рабғұзи  
ХІІІ  ғ-дың  аяғы  мен  ХIV  ғ-дың  басында  өмір  сүрген  жазушы,  ойшыл.  РабғузиМауараннахрда, 
Рабати  Оғыз  деген  жерде  туған.  «Рабғузи»  деген  бүркеншек  аты  да  осыдан  шыққан.  Рабғұзидің 
атын барлық әлемге әйгілі еткен қиссасы«Қисас-ул анбийа». 
  Рабғұзи шығармасының ең көне қолжазбасы Лондондағы Британия музейінің кітапханасында 
сақтаулы.  Бұл  қолжазба  XV  ғасырда  жазылған,  бүгінгі  ғылымға  белгілі  ең  толық  әрі  көне  нұсқа 
болып  саналады.  XVIғасырда  көшірілген  нұсқасы  Санкт-Петербургтегі  М.Е.  Салтыков-Щедрин 
атындағы көпшілік кітапханасында сақталған.[1, 7] 
«Қисас-ул анбийа»- негізінен пайғабарлар мен әулие-әнбилер өмірі жайлы, сондай-ақ олардың 
басынан өткерген оқиғаларын баян ететін прозалық шығарма.  
«Қисас-ул  анбийаның»  Қазан  баспасынан  жарық  көрген  нұсқасына  79-дай  қиссалар  мен 
хикаялар  енген.  Мысалы,  «Лұқман  Хакім»  хикаясы,  «Харут  пен  Марут»  хикаясы,  «Аллах 
Тағаланың Жер мен Көкті, адамзатты, хайуанаттар мен тау тасты, бүкіл әлемді жаратқаны туралы» 
хикаялары, «Адам ата – Хауа ана» хикаясы, т.б. 
«Қисас-ул  анбийа»479  беттікшығарма.  Филология  ғылымдарының  докторы,  профессор 
Бейсембай Кенжебаев «Ғылым» баспасынан 1973 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті тарихының 
мәселелері» атты еңбегінде былай дейді: 
         «Оларды, яғни қисса-хикаяларда тақырып мазмұнына, идея-мәніне қарай мынадай үлкен 
үш топқа жіктеуе болады: 
1) Дүниенің, аспанның, жердің пайда болуы туралы,  Адам-ата, от,  топырақ жайлы түсініктер, 
жануарлардың,  жын-шайтандардың және басқа да тіршілік иелерінің шығуы туралы әңгімелер; 
2) Пайғамбарлар мен халифтар, әулиелердің өмірі туралы хикаялар, шығыс нақылдары, халық 
аңыздары мен ертегілері; 
3)  Хыжраның  алғашқы  он  жылындағы  негізгі  оқиғалар  тізбегі,  жылдардың,  айлар  мен 
күндердің атаулары туралы, мұсылман күнтізбесіндегі айтулы күндер  туралы мәліметтер;» [2, 7] 
«Қисас-ул  анбийа»Кітап  Мұхаммедке  дейінгі  пайғамбарлардың  өмірі  менолардың  бастан 
кешкен  оқиғаларын  және  Мұхаммедтің  өзі  мен  мұсылман  халифтарының  өмірін  баяндауға 
арналған. Онда дүниенің жаралуы туралы, жер жүзін топан су басуы туралы және Жер бетінде жаңа 
тіршіліктің  басталуы  туралы  мифологиялық  әңгімелер,  түрлі  аңыздар,  ертегілер  мен  мысал 
әңгімелер бар. Жекелеген хикаялар ерте орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларға, мысалы, ат-Табари 
"Тарихына" барып тіреледі.  
«Қисас-ул  анбийа»  құран  сюжеттерін,  уағыздары  мен  сүрелерін  баяндап  беретін  танымал 
прозалық  шығарма  ғана  емес,  онда  автордың  үлкен  дарын  иесі  екенін  дәлелдейтін  дидактикалық 
әңгімелер мен өлеңдер көп. Ал, құран хикаялары мен аңыздарының сюжеттері адамдарға түсінікті, 
тартымды да қарапайым тілмен баяндалған. Олардың діни ғана емес, танымдық мағынасы да зор, 
оларда өмір шындығы мен уақыт белгілері көрініс тапқан. Кітапта түркі халықтарының ғана емес, 
хикаяттарда айтылатын  басқа халықтардың да әдет – ғұрыптары тіралы мәліметтер бар. 
Рабғузидің  «Адам  ата  мен  Хауа  ана»  қиссасындағы  тілдік  ерекшеліктеріде  назар  аудартады. 
Осыған дәлел ретінде бірнеше мысал көрсетсем.  
Фонетикалық ерекшеліктері: 
А-ә, а-е, а-и, и-і // Агар-егер, кетмади-кетпеді, көңлидин-көңілінен. 
А –ы, ф-п // тауаф-тауып.  
У-ұ, й-ж, м-п // Йеп-жеп,йылан-жылан, Кемади-кетпеді. 
Йа-я, қ-ғ,Ф-п //Байақы- баяғы, файдасы-пайдасы, душман-дұшпан. 
Ч-ш, ғ-қ, ш-с//Чоқ-шоқ, чоғыдин-шоғынан, чықғаны-шыққаны, шол-сол 

Лексикалық ерекшеліктері: 
Зурийат//үрім  бұтақ,  таһар`ан//таза,  кіршіксіз,  чазандалар//жыртқыштар,  хажалат//ұят, 
рангаранг//әр  түрлі,  фарифта//алдауға  түсіру,  нимерса//дұға,  уа  табан//  нұр  шашу,  заһирлик// 
қайырылымдылық, киргил//кір, нийатча//ниетің, зина туалла//сүйіспеншілік, суханчин//өсекші. 
Бұл  лексикалық  бірліктер  қазіргі  тілімізде  қолданылмайды  немесе  біршама  өзгеріске  түскен 
күйде жұмсалады деуге болады. 
Ескерткіш  тілінің  морфологиялық  ерекшеліктерін  (септік  жалғауларына  байланысты) 
төмендегідей кесте түрінде ұсынуға болады  
1-
 
ші кесте 
 
Атау септік 
һудһудни-көкек 
 
Ілік септік 
аршни-ғарыштың 
ни-тың 
Барыс септік 
қашларыға-құстарына 
ға- на 
Табыс септі 
йерни-жерді 
ни-ді 
Жатыс септік 
аламда-ғаламда 
да-да 
Шығыс септік 
күнаһыңни-күнәдан 
ыңни-дан 
 
         «Адам ата мен Хауа ана» қиссасында дүние жаратылысындағы негізгі төрт элементті - су, 
топырақ, от, ауа айқын көрсетілген.Аталған элементтердің әр қайсысы бір-бірімен үйлесім табады. 
Бұлардың қай-қайсысы болмасын, адам баласының өмір сүруі үшін аса маңызды қажеттіліктердің, 
құндылық- тардың бастауы болып табылады. Осылардың ішіндегі «Топыраққа» нақтырақ 
тоқталсам. 
Түркілік танымдағы «топырақ» және оның когнитивтік семантикалық негізі. 
 Діни  әдебиетте  адам  баласы  топырақтан  жаратылғаны  айтылады.  Ол  топырақты  Алланың 
әміріне сай, Әзірейіл періште Жер бетінен әкелген. Бұл оқиға Рабғузидің «Адам ата мен Хауа ана» 
қиссасында кеңінен баяндалады: 
«Хақ тағала Жер бетінен бір шеңгел топырақ әкелу үшін әуелі Жебірейіл алайһи ас-саламды, 
одан  кейін  Мекайылді,  одан  соң  Исрафилді  жібереді.  Үшеуі  де  Жердің  зар  жылағанын  көріп, 
мейірімділік танытып, оны аяғандықтан, топырақ алмай қайтып кетеді. Тек Әзірейіл періште ғана 
кідірместен келіп, топырақ алуға әрекеттенеді. «...Жер сонша нала болып, зарлады, тіпті шамадан 
асып, шектен шығып кетті. Хазірет Әзірейіл айтты: «Ей, көр топырақ, асы болдың. Мен Алланың 
үкімі  қандай  болса,  дәл  солай  орындаймын.  Хақбихана  уа  тағалаға  үш  мәрте  қарсы  келдің. 
Жазықты  болдың.    Сенен  пайда  болған  зат  тез  арада  күнәһар  болады»,  -  деп  Жерді  шыңғыртып 
отырып,  оның  бетінен  бір  уыс  топырақ  алды...  ол  топырақтың  реңі  әр  түрлі  еді:  ақ,  сары,  көк, 
жасыл. Ішінде жұмсақ,қатты, жас, сор, тәтті, ащы топырақ та бар еді. Осы себепті адам баласының 
баршасы әр бөлек болды. Әр нәсілдің реңі мен ниеті әр бөлек болуы осы себептен. Жер қатты нала 
болып,  зар  илеп  жылады:  әуедегі  құстар,  судағы  балықтар  қосыла  жыласты.  Жерді  жұбату  үшін 
Хақ тағаладан әуез келді: «Ей, жер, көп нала бола берме! Сенен бір нәрсе алдық. Сықпыты жаман. 
Уақыты  келгенде  бір  күні  өзіңе  жақсы  етіп  қайтарып  береміз.  Қазіргі  хал-ахуалынан  сүйкімдірек 
әрі  бағалырақ  болады».  Уәж  үшін  айтылған  осы  сөздің  себебінен  өліктерді  жуу  міндетті 
болды...»[4,240] 
         «Әлқисса,  ол  топырақты  Мекке  мен  Тайифтің  арасындағы  Дахна  атты  жерге  қойды.  Ол 
топыраққа  Байт  ул-ахиран  дариясының  суынан  бірі  кем  қырық  жыл  жаңбыр  жауды.  Бір  жыл 
шаттық жаңбыры жауды. Осы себепті адам перзентінде бейнет пен қайғы көп, қуаныш, шаттық аз. 

Қырық  жылдан  соң  ол  топырақ  балшық  болды.  Одан  кейін  Хақ  тағала  хазірет  Адамның  кейіп 
бейнесін (денесін) жасауға өзі мүсіншілік етті. Қырық таң бойы ол балшықты іске қосты. ... бір де 
бір мақұлықты бұл іске араластырмады. Құдірет қолымен өзі жаратты» [4, 242]   
Адам  (а.с.)  жаратылған  топырақ  жердің  беткі  қабатынан  алынғандықтан  «Ә′дәм»  (жер 
қабығынан  алынған)  деп  аталған.  Бұл  сөз  тіліміздің  өзіндік  заңдылығына  сай  өзгеріп,  «Адам» 
түрінде қолданысқа енген. Нұх сүресінің 17-18 аяттарында: «Алла сендерді жерден жаратты. Сосын 
сендерді  (қайтыс  болғандарыңда)  оған  (Жерге)  қайтарады,  (сөйтіп,  қиямет  күні)  сендерді  қайта 
шығарады»  делінген.  Осылайша,  адамзаттың  бүкіл  өмірі  осы  Жер  мен  оның  топырағына 
байланысты  ек  пенде  өз  нәпсісіне  ерік  беріп,  тақуалық  туын  қолынан  түсіріп,  бұл  жалғанның 
алдамшы  қызығына  еріп  кетсе,  оның  ашыққан  көзін  (тағы  да!)  бір  уыс  топырақтан  басқа  нәрсе 
тойдыра алмайды. Бұл туралы Пайғамбарымыздың хадисінде айтылған. Ол сахабаларға бір сығым 
топырақты    көрсетіп  тұрып:  «Алла  тағала  осыдан  адамзатты  жаратты.  Сондықтан  оның  екі  көзін 
осы бір сығым топырақтан басқа ешнәрсе толтыра (тойдыра) алмайды» - деген.  
Абайдың «Ескендір» поэмасында да Александр Македонскийдің «Адамның аш көзін (нәпсісін) 
не  тойдыра  алады?»  деген  сұрағына  данышпан  Аристотельдің  берген  жауабы  осымен  сабақтас, 
яғни  таразының  бір  басына  дүниенің  қанша  байлығын  салса  да,  бас  сүйек  тұрған  табақты  баса 
алмайды... Ең соңында бас сүйектегі көздің орнына бір  уыс топырақты салғанда, салмақ ауысқан 
екен...   
Рабғузи  «Адам  ата  мен  Хауа  ана»  қиссасындағы    «Топырақ  пен  оттың  айтысы»  деген 
бөлімінде, топырақтың жағымды жақтарын айқын көрсеткен. 
Йер йүзи// Жер жүзі 
Хазина`ан асманидурмән// Аспан қазынасы  
Ашийана марғ рух//Құс рухтың ұясы 
Сажда қылдылар//Сәжде (құлшылықта бас қоятын жер)
)
 
Гаһ заһурни жар`а нушидурмән// Шөлдеушілердің бір жұтым суысыны 
Машкут жандурмән// жан ұя 
Жами`дарахтлар  уа  басазларға  мауадаат  емзүрмән//Ағаш,  өсімдікке    достық,  қуаныш 
емізуші 
Хушбуй уа му`аттар, сурма`ан тадбир//Хош иіс жасаушы, сүрмемен әсемдеуші 
Мухаммад Мустафа пайгаһ йер//Мұхаммед Мұстафа аяқ басқан жер 
Жами`панһан кенчиларни сақлағучыдыр// Жасырын кен-қазынаны сақтаушы[4; 
195/255] 
Тіліміздегі тыйым сөздер, қанатты сөздер, нақыл сөздер, алғыс сөздер мен қарғыс сөздер т.б. 
тұрақты  тіркестер,  ашық,  айқын  түрде,  келесі  бір  тобы  жасырын  түрде  адам  баласының  жерден 
жаралғанын және жерге қайтарылатынын меңзейді: «Жерді теппе!» (Тепсінбе, жұлқынба!); Көпке 
топырақ шашпа!(Халыққа наразылық білдірме, қарсылық көрсетпе!); Топырағы торқа болсын
(Жатқан жері жайлы болсын!).Бір уыс топырақ бұйырмасын!  (Жат жерде дүниеден өт! Сүйегің 
далада  қалсын!  Қаңғырып  өл!);  Топырағыңды  жеріңнен  бұйыртсын!  (жазсын!).  («Өз  жеріңде 
дүние сал!» деген мағынада айтылады); 
В статье рассматриваются языковые особенности письменного памятника   ХIV в. «Адам ата - 
Хауа  ана»  Рабгузи  в  сравнении  с  фонетической,  морфологической  и  лексической  системами 
современного  казахского  языка.  Также  автором  проводится  лингвокогнитивный  анализ 
фразеоматических  единиц  с  компонентом  «Земля/почва»  на  материале  названного  исторического 
произведения, а также других религиозных источников. 
 
This article deals with qualities of written monument in XIV century «Adam ata – Hauaana»Rabguzi 
in  compare  with  phonetic,  morphological  and  lexical  systems  of  modern  kazakh  language.  Also  author 
deals  with  linguocognitiveanalysis  with  the  components  of  «earth//soil»  in  materials  named  historical 
works, and from other religious sources. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
«Әдеби жәдігерлер 8-том». – Алматы, 2008ж.  

2.
 
Кенжебаев.Б. «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері».- Алматы,  Ғылым. 1973 ж. 
3.
 
Қожа. М. «Қисаси Рабғузий» автрының туған жері- Рабат Оғыз қытағы қайда?». – Жас 
қазақ үні, №11(280), 2007 ж  
4.
 
Сағындықұлы Б. «Ғаламның ғажайып сырлары». –Алматы, Ғылым. 1997ж 
 
            ӘОЖ 811.512 
 
«Мұхаббатнаме» жазба ескерткіші тілін 
тарихи-салыстырмалы зерттеу мәселелері 
 
Қыдырбекова Іңкәр 
Сулейман Демирел университеті 
қазақ тілі мен әдебиеті 
мамандығының  3 курс студенті 
 
Аннотация  
 
Бұл  мақала,ХІV  ғ.  қыпшақ  ақыны  Хорезмидің  «Махаббатнаме»  ескерткішіне    қазақ  тілінің 
тілдік ерекшеліктерін, тарихи салыстырмалы анализ шығарма тілін қазіргі қазақ тілі деректерімен 
салыстырғанда  анықталатын  фонетикалық  ерекшеліктер  мен  қазақ  ақындарының  поэтикалық 
шығармаларының материалында қарастырылады. 
 
Біз  «Мұхаббатнамені»  түп-тамырын  V-VІІІ  ғасырлардан  алатын  ежелгі  әдебиетіміздің  
ХІІІ-ХІV ғасырлардағы елеулі көркем туындысы деп, өз тұсындағы жер жүзі мәдениетіндегі озық 
ағымдармен байланысты, сонымен қатар берідегі қазақ поэзиясының тіл, стиль дәстүріне қатысты 
жәдігерлік деп қараймыз.  
“Мұхаббатнамеге” алғаш назар аударған ғалым А. Н. Самойлович.Ұйғыр әрпімен көшірілген 
нұсқасын белгілі кеңес ғалымы А. М. Щербак тілдік тұрғыдан зерттеген. “Мұхаббатнаменің” екі 
нұсқасын  салыстыра  отырып,  араб  әрпімен  жазылған  нұсқасын  қазіргі  әріптермен 
транскрипциялап,  орыс  тіліне  аударып,  жан-жақты  зерттеген  көрнекті  түркітанушы  Әмір 
Нәжіп.Соңғы  жылдары  “Мұхаббатнаме”  дастанын  зерттеумен  өзбек  әдебиеттанушылары  да 
айналысып  жүр.  Мысалы,  өзбек  ғалымдары  С.  Касимов,  В.  Валиходжаев,  Н.  Маллаев,  т.б.  бұл 
дастанға қатысты бірқатар еңбек жариялады. 
А. Қыраубаева  ескерткішті қазақ тіліне аударып, әдеби қырынан талдаса,А. К. Ахметбекова 
дастанның сопылық ағымға қатысты мәнін,Қ. Сейітжанов “Мұхаббат-нама”,  “Хұсрау  - Шырын” 
Мәснауи поэмаларының жанрлық ерекшеліктерін,С. Иманбердиева  Хорезмидің “Мұхаббатнаме” 
шығармасындағы  ономастикалық  кеңістікті,  яғни  ондағы  онимдердің  лингвомәдени  бірлік 
ретіндегі  қолданысын  қарастырды.  Ал  біз  бұл  мұрағаттың  тілдік  жүйелік  ерекшеліктеріне 
тоқталдық. 
Дастанның  авторы  –  Хорезми.  Ақынның  толық  аты-жөні,  туған,  қайтыс  болған  жылдары 
белгісіз.  Оның  Сыр  бойындағы  кенттердің  бірінен  шыққандығын  дастанның  мына  жолдарынан 
аңғарамыз: 
473. «Мұхаббатнаме» жырын біттім мұнда, 
Бәрін де жаздым Сырдың жағасында. 
Мәтінде мұраның қай жылы аяқтағандығы жөнінде мынадай мәлімет бар:  
430. Бұл кітабым болып тұр Мысыр қанты, 
Жеті жүз елу төртінші жылы аяқталды. 
«Мұхаббатнаме»  дастаны  946  жол,  яғни    473  бәйіттен  тұрады.  Барлығы  он  бір  арнау  өлең. 
«Хикая»-58 жол. Ақын алғашқыда он бір емес, он арнау өлең жазбақшы болған да, ол ойын кейін 
өзгерткен. Оны мына бәйіттен көруге болады. 
         382. Сөз осыған жетті тамам болды, 

Бұрын он тарау деп едім, енді он бір болды. 
Дастанның  4, 8, 11 арнаулары парсы тілінде жазылған. 
Дастанды мынадай  тақырыптық  бөлімдерге бөлуге болады: 
1.Тәңірді мадақтау.  
2.Хан Мұхаммед Қожабектің сипаты. 
3.Жігіттің сүйген қызына сезім, сырын білдіретін ғашықтық арнау өлеңдері. 
4.Дастанды аяқтау. 
Шығарма бөлігін байланыстырып отырған маңызды образ – Хорезми. Мәтінге статистикалық 
талдау жасасақ,Алла есімі-6 рет, Мұхаммед Қожабек есімі - 8 рет, «Мұхаббатнаме» атауы – 7 рет, 
ал  Хорезми  есімі  -  20  рет,  гауһар  сөзі  -9  рет,  гүл  сөзі  -  35  рет,  сұлу  сөзі  –  38  рет  жұмсалады. 
Сондай-ақ шығармада шекер, жамал, сұлтан, махаббат, шаш сөздері жиі ұшырасады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет