Қазақстан халқы ассамблеясы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер пәндер кафедрасы сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негізі пәні бойынша лекциялар тезисі



бет1/9
Дата22.04.2022
өлшемі0,54 Mb.
#31872
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті


Қазақстан халқы ассамблеясы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер пәндер кафедрасы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗІ пәні бойынша лекциялар тезисі

пӘН ОҚЫТУШЫЛАРЫ: мУСАЕВА ж.т.

2020

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алағанан бері құқықтық-азаматтық мемлекет құру үстінде. Осы уақыттан бері еліміздің жеткен жетістіктері, алған асулары көп болғанымен өкінішке орай кейбір жағымсыз құбылыстардың да орын алып отырғаны тарихи шындық. Сондай келеңсіз құбылыстардың қатарына ересек адамдар мен жастар арасында қоғамға қауіпті әрекеттерге бару, адамзатқа қарсы қылмыстық әрекеттер жасау жыл сайын өсіп келеді. Осындай қылмыстардың қатарына сыбайластық жемқорлық мәселесін айтуға болады. Бұл келеңсіз әлеуметтік-құқықтық құбылыспен елімізде белсенді күрес жүргізіліп жатса да, оның тамырына балта шабу оңай емес екенін анық байқатып отыр.

Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық әрекет ретінде кең ауқымда таралуына себеп болып отырған - мемлекеттік қызметтегі азаматтар мен жастардың құқықтық мәдениеті мен патриоттық сезімдірінің төмендігі. Тұлғалардың құқықтық мәдениеті құқықтық әлеуметтену үрдісінде дамып қалыптасады. Құқықтық әлеуметтенудің маңызды механизмі тұлғалардың құқықтық санасының қалыптасуы болып табылады. Құқықтық сана стихиялы және мақсатқа бағыттала жүргізілген отбасылық тәрбие мен оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесінде қалыптасады. Қалыптасқан құқықтық сананы тұлғаның құқықтық мәдениетінен, яғни оның қоғамдық ортада бекітілген заңдылықтар мен құқықтық-әлеуметтік нормалар негізінде өз мінез-құлқын реттеу, нормаларды құрметтеу сезімдерінен көрінеді. Олай болса, құқықтық сана, құқықтық мәдениет құқықтық нормаларға, Конституцияға қатысты тұлғаның құрметтеу сезімі негізінде мінез-құлқын, әрекеттерін, көңіл-күйін бақылау және реттеу болып табылады.

Құқықтық сана-сезімдер, көңіл-күйлер отбасының, білім беру жүйесінің, әлеуметтік ортаның тікелей ықпалы негізінде қалыптасып, кейін тұлғаның белсенді қоғамға пайдалы еңбек әрекеттері негізінде байып, толығып отырады. Осыған байланысты орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарында «Құқық негіздері» пәндері және оқу-тәрбие жұмысына құқықтық тәрбие іс-шаралары енгізіледі. Дегенмен, бұл іс-шаралардың беретін нәтижесі ойдағыдай болмағандықтан ҚР қаржы полициясының ақпараттық-аналитикалық департаментінің бастығы Олжас Бектенов ҚР Білім және Ғылым министрлігіне білім бері жүйесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру курсын енгізуді ұсынған. Қаржы полиция агенствасы сыбайлас жемқорлыққа байланысты туындайтын себептерді, жағдаяттардың бетін ашып, дер кезінде әрекеттер жасап, болдырмаудың барлық жолдарын қолданады. Осы агенство Қазақстанның студенттер Ассоциациясымен, жастар Конгрессімен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресу үшін меморандумға қол қойған. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе отырып, осындай қылмысқа барған адамдарды жазаға тарту жағына баса назар аударады. О.Бектенов құқық бұзушылыққа жүйелі түрде қоғамның барлық сферасы бірігіп жұмыс істегенде ғана жеңуге болады деп есептейді. Гонконг, Сингапур және т.б. мемлекеттің тәжірибелерін қолдана отырып, сыбайлас жемқорлықты жеңу жолдарын алға тартады [1].

Бұл мәселемен күресте нәтижелі көмек беретін білім беру жүйесі деп есептейді көптеген ғалым крминогтар-психологтар. Олардың ойынша қазіргі кезде мектептерде тәрбие жұмысы өз міндетін толық атқармайды. Тәрбие теориясы мен практикасына қайта оралып, тарихтан белгілі А.С.Макаренконың, В.А.Сухомлинскийдің, Я.Корчактың тәжірибелерін тәрбие жұмыстарына енгізудің маңызы зор деп есептейді ғалымдар. Сонымен бірге, отбасы тәрбиесіне де үлкен көңіл бөлу қажет. Өйткені баланың құқықтық сананың қалыптасуына бірден бір ықпал ететін агенттер - ата-аналар. Құқықтық сана тұлғаның жас ерекшелігіне қарай сапалы өзгеріп, адамның өмір тәжірибесіне сәйкес толығып, байып отырады. Құқықтық сана-сезім құқықтық мағынадағы білімдер жүйесі, оны жағымды эмоционалды қабылдау және күнделікті өмірде қолдану негізінде қоғамдық ортадағы құқықтық нормалар мен құндылықтарды адекватты қабылдап, солардың негізінде мінез-құлқын реттейді, оларды сыйлайды және ешқашан бұзбауға тырысады. Сондықтан да қазіргі кезде құқықтық мәдениеті жоғары, білімді жастар тәрбиелеу және қалыптастыру кезек күттірмейтін мемлекеттік маңызды шаралардың қатарында тұр.  Жастардың құқықтық мәдениетін көтеру ісінде - ең алдымен құқықтық санасының қалыптасуы мен оған ықпал ететін қозғаушы күштердің рөлін анықтап, сол мәселелер төңірегінде маңызды іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруға баса назар аудару қажет. Қоғамдық өмірдегі рухани бастауларды зерделеп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда салт-дәстүрдің тигізетін ықпалын, оның адами құндылықтарын, бағыт-бағдарын басшылыққа алу керек.

Құқықтық білімнің негізі мектепте салынады, сондықтанда құқықтық тәрбие тек жалаң сөз арқылы емес, баланың санасының қабылдау мүмкіндігіне байланысты әр түрлі үйірмелер, клубтар, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарды негізінде іске асуы қажет. Ао ЖОО келген жастардың  құқықтьқмәдениетті кәсіптік-теориялық білімдерімен қатар әртүрлі ғылыми-жобалар, студенттің өзіндік жұмыстары, диспуттар, ғылыми конференциялар т.б. формаларды қолдана отырып жүргізудің маңызы зор.

Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттың рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да құқықтық тәрбиені жалпы рухани-адамгершілік тәрбиесімен сабақтастықта жүргізілуін басшылыққа алынуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет