Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай ералы тоғжанов



жүктеу 0.92 Mb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата22.12.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘдебИеттер:
1.  http://www.un.org
2. Нурсултан Назарбаев. Идея мира и общественного согласия. – 
Астана: «Жасыл Орда», 2014. – 288 с. 
3. http://www.akorda.kz. 
4. http://www.osce.org. 
5. //Казахстанская правда. – 2 марта 1996 г.
6. Цивилизация строится на мире, согласии и любви //Казахстанская 
правда. – 25 сентября 2001 г.
7. http://www.akorda.kz.
8. «Қазақстан–2050»  Стратегиясы:  бейбітшілік,  руханият  және 
келісім  мәдениеті»  Қазақстан  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың 
Қазақстан  халқы Ассамблеясының  XXI сессиясында сөйлеген 
сөзі. 18.04.2014 // http://www.akorda.kz.
9. http://www.assembly.kz. 

50
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Қазақстандағы поляк 
ұлтының өкілдері: 
қалыптасу тарихы мен 
бүгіні
жандос КарИнбаеВ
,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 
Мемлекеттік басқару академиясы, Дипломатия 
институты, Сыртқы саясат кафедрасының аға 
оқытушысы
Қ
азақстан – жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс өкілдері 
береке мен бірлікте өмір сүріп жатқан жас мемлекет. 
Мемлекетіміздің  көпұлтты  бейнесінің  қалыптасуына 
өзіндік  үлесін  қосушы  әрбір  ұлт  пен  ұлыстың  қазақ 
жеріне  түрлі  жағдайда,  тағдырдың  тәлкегімен  қадам 
басқандығы бүгінде баршаға белгілі.
Қазақстанның көп ұлтты, көп конфессиялы қоғамында өмір сүріп 
жатқан  түрлі  халық  өкілдері  арасында  поляк  ұлты  өкілдерінің  де 
өзіндік орны бар.
Қысқаша  ақпарат  беретін  болсақ,  поляктар  –  славян  текті, 
оның  ішінде  батыс  славян  тіл  тармағына  жатқызылатын,  басым 
көпшілігі христиан дінінің католик тармағын ұстанатын еуропалық 
халық. Халықтың негізгі көпшілігі тарихы отаны Польша аумағын 
мекендейді [23, 382 б.].  
Бүгінгі  күні  әлемнің  көптеген  мемлекеттерінде  өмір  сүріп 
жатқан поляк диаспорасы жалпылама «Полония» атауымен белгілі. 
Қазақстандық  поляктардың  қалыптасуы  –  түрлі  саяси  жағдайда 
жүзеге  асқан,  ұзаққа  созылған  күрделі    үдеріс.  Аталған  тақырып 
аясын  мейлінше  аша  түсу,  мүмкіндігінше  кешенді  қарастыру 
мақаланың басты мақсаты болып табылады. Қазақстан мен Польша 
шалғай  орналасқан  елдер  болғандықтан,  поляк  халқы  өкілдерінің 
қазақ  даласын  мекендей  бастауы  негізінен  ресей  отаршылдығы 
дәуірінде басталып, кеңестік кезеңде аяқталды. Сондықтан, «поляк 
иммиграциясын» Польшаның, Ресей мен Қазақстанның жаңа және 

51
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
қазіргі заман тарихы шеңберінде байланыстыра қарастыру қажет.  
Қазақ даласына поляк ұлты өкілінің алғаш аяқ басуы ХІІІ ғасырда 
тіркелген. Атап айтқанда, 1245-1247 жылдары Джованни да Пиан дель 
Карпини елшілігінің құрамында вроцлавтық монах-францискандық 
Бенедикт  Поляк  (Бенедиктус  Полонус)  та  өткен  болатын.  Арал 
далалары,  Сырдария  және  Іле  алқабы,  Балқаш  көлі  арқылы  өткен 
поляк ұлтының өкілі еуропалықтардан алғашқылардың бірі болып, 
алыстағы көшпенділердің жері, оның ұшы-қиыры жоқ кеңдігі, жат 
өлкенің  табиғаты,  көшпенділердің  киіз  үйі  мен  тұрмысы  һақында 
қызықты ақпараттар қалдырған [37,7-8 бб.]. 
ХVI–XVIII ғасырлар аралығында Еуропа құрлығының орталық 
және  шығыс  аймағында,  қала  берді  құрлықтың  саяси  өмірінде 
Польша мен литваның бірлескен Речпосполита мемлекеті маңызы 
рөлге ие болды. Бірақ, XVIII ғасырдың екінші жартысынан қуатты 
мемлекеттің  әлсіреуі  басталып,  көршілес  орналасқан  Австрия, 
Пруссия  және  Ресей  сынды  алпауыт  бәсекелес  мемлекеттер  оның 
аумағына көз аларта бастады. 
Бір  кездегі  қуатты  мемлекеттің,  өз  бәсекелесінің  әлсіреуіне 
Ресей мүдделі болды. Петр І билігі тұсында (1689-1725 жж.) Ресей 
Еуропаның перифериясындағы мемлекет деңгейінен күрт күшейіп, 
маңызды  саяси  ойындардың  тікелей  қатысушысына  айналды  
[1,  144  б.].  ХVIII  ғасырдың  ортасынан  көрші  орналасқан  Ресей, 
Пруссия  мен  Австрия  сынды  мемлекеттер  өздерін  католик 
діні  басымдыққа  ие  ел  аумағында  діни  азшылықтың  құқығын 
қорғаушылар  ретінде  көрсетіп,  түрлі  сылтаулармен  поляк–литов 
мемлекетінің ішкі істеріне араласуын бастайды. 
Сыртқы  күштердің  ықпалына  уақытылы  тойтарыс  беру 
мақсатында  елдегі  ішкі  күштер  де  белсенділік  таныта  бастады. 
1768  жылы  Подолиядағы  Бар  қаласында  (қазіргі  Украинаның 
винница  облысындағы  қала)  дінді  және  Речпосполитаның 
Ресейден  тәуелсіздігін  қорғау  мақсатында  конфедерация 
құрылды.  Конфедерация  ел  тәуелсіздігі  жолында  бірқатар 
жетістіктерге қол жеткізгенімен, тұтас алғанда жеңіліске ұшырады  
[1,150-151  бб.].  Бар  конфедерациясына  қатысушылар  Ресей 
тарапынан қатаң жазаланып, бірқатары Сібірге, оның ішінде қазіргі 
Қазақстан және іргелес аумақтарға жер аударылды.
Сібір – аймақ ретінде поляк ұлтының санасына берік енген ұғым. 
Себебі, Сібір жері 1770 жылдардан бастап тұтқындағы поляктарды 
айдауға жіберетін орын ретінде орнықты [26, 325 б.].

52
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
«Поляк  мәселесі»  Еуропа  құрлығының  күн  тәртібіне  шығары-
лып,    Речпосполитаның  ішкі  саясатына  ашық  араласа  бастаған 
Ресей, Пруссия мен Австрия уақыт өте өз саясаттарын белсендіре 
түсті. 
1772  жылы  үш  мемлекет  Речпосполитаны  бөліске  салу  туралы 
келісімді  жасасты.  Аталған  келісім  негізіндегі  алғашқы  бөлініс 
барысында, Речпосполита, бөліске қатысушы мемлекеттер пайдасы-
на өз аумағының үштен бірінен, халқының 30 %-нан айырылғаны-
мен, мемлекет ретінде өмір сүруін жалғастыра берді [1, 151 б.].
1791  жылы  3  мамырда  Речпосполитаның  мемлекеттік  құры-
лымын  ел  халқының  мүддесіне  сай  түбегейлі  өзгерткен  жаңа 
заң  –  конституция  қабылданды.  «Көршілершілер  жауабы»  да  көп 
күттірмейді.  Араға  жыл  сала  поляк  оппозициясының  сұрауымен 
орыс әскерлері Украина мен литва аумақтарына (аталған елдердің 
аумағы  негізінен  Речпосполита  құрамында  болатын)  басып  кірді, 
бірақ,  Речпосполита  әскерлері  тарапынан  табанды  қарсылыққа 
кезікті.  Солтүстік  пен  батыстан  енген  прусс  әскерлері  де  көп 
жерлерді басып алды. 
Қалыптасқан  жағдай  поляк  қоғамындағы  патриоттық  топ-
тың  арнамысын  таптады.  Көтеріліс  ұйымдастарылып,  оның 
басшылығына  Рыцар  мектебінің  өкілі,  Америка  тәуелсіздігі  үшін 
болған соғыстың батыры Тадеуш Костюшко келді. Бірақ, бірқатар 
жетістіктері  мен  жеңістеріне  қарамастан,  көтерілісшілер  ресейлік 
тұрақты әскерлерінің тегеурініне төтеп бере алмады. Мемлекеттің 
астанасы  беріліп,  көтеріліс  жеңілді.  офицерлердің  бір  бөлігі 
эмиграцияға кеткен болса, екіншілері қатаң бақылауға алынды. Ал 
қатардағы  көтерілісшілердің  едәуір  бөлігі  Сібірге  жер  аударылып  
[1,157-161  бб.],  жекелегендері  орыс  әскерлерінің  қатарын 
толықтырды [2, 325 б.].
Речпосполита  аумағындағы  әскери  қимылдар  барысында 
Австрия,  Пруссия  мен  Ресей  мүмкіндігінше  көп  жерлерді  басып 
алуға тырысты. 1795 жылы Речпосполитаны бөліске салудың үшінші 
келісімі бекітіліп, оның барысында поляк–литов біріккен мемлекеті 
халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде өмір сүруін 
тоқтатты  [1,  162  б.].  осылайша,  поляк  халқы  ұзақ  жылдарға  өз 
тәуелсіздігінен айырылды. 
Үш мемлекет басып алған аумақтарда тиісті мемлекеттік заңдар 
мен  әкімшілік  басқару  жүйесін  орнатып,  қолданысқа  өз  тілдерін 
енгізе бастады. 

53
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
он  жылдан  астам  тәуелділікте  өмір  сүрген  поляк  халқының 
тәуелсіздік  алуға  қатысты  үміттерін  саяси  сахнаға  жаңа  шыққан 
Наполеон Бонопарт қайта жаққандай болды. 
Француз армиясы Пруссияға қарсы әскери қимылдарын бастаған 
тұста  поляктардың  ерікті  әскери  бөлімдері  құрыла  бастады. 
Қысқа  мерзімде  поляк  әскерлерінің  саны  30  мыңнан  асып,  соғыс 
тағдырына  едәуір  ықпал  етті.  Нәтижесінде,  Наполеон  уақытша 
үкімет – Билеуші комиссияны құрды. 1807 жылы варшава княздығы 
құрылып, конституциясы бекітілді. Билікке саксон королі Фридрих 
Август келді.
1812  жылы  Ресейге  қарсы  соғысты  бастаған  Наполеон 
Речпосполитаның бұрынғы барлық аумақтарын қайтаруға уәде етті. 
Ресейге  қарсы  соғыста  Наполеон  әскері  сапында  70  мың  поляк 
жауынгерлері  соғысты  [19,  235  б.].  Алғашқы  кезеңдегі  жеңістер, 
Бородино  шайқасы,  Мәскеуді  басып  алу  жүзеге  асқанымен, 
Наполеон  орыс  әскерлерін  талқандай  алмады.  Қайта  өз  әскерімен 
шегініп,  аяздар  мен  бұрқасындар  әскерлердің  шегінісін  жеңіліске 
ұластырды. Француздар ізімен орыс әскері еріп отырды. 1813 жылдың 
қаңтарында  орыс  әскерлері  варшава  княздығының  аумағына  енді. 
Үкімет, француз елшілігі және армияның қалдықтары шұғыл түрде 
Краковқа көшірілді.
Наполеон  жеңіліске  ұшырап,  соғыстан  кейінгі  Еуропадағы 
мемлекеттердің  «саяси  салмағы»  мен  құрлықтың  тағдыры  1815 
жылғы вена конгрессінде қаралды. Бірақ, «поляк мәселесі» бойынша 
жағдай өзгеріссіз қалды. 
Бұрынғы  Речпосполита  аумағының  басым  бөлігін  иемденген 
Ресей империясы поляк жерлері есебінен Поляк Королдігін құрды. 
Жаңа  конституцияға  империя  тарапынан  сәйкес  королдіктің  өз 
үкіметі,  сеймі  (поляк  парламенті),  әскерінің  болуына  кепілдік 
берілді.  Королдік  127  мың  шаршы  шақырым  аумақты  қамтып,  ел 
аумағында 2,7 млн. халық тұрып жатты [1, 169-172 бб.]. 
Наполеон  жорықтарында  Ресей  империясына  қарсы  соғысқан 
поляк  жауынгерлері  қатаң  жазалауға  ұшырады.  Тұтқынға  түскен 
поляктар  империяның  ішкі,  шалғай  аумақтарына  жер  аударылды. 
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, 1812 жылдың қарашасы мен 1813 
жылдың тамызы аралығында Астрахань губерниясының өзіне 999 
наполеондық тұтқындар жер аударылған. Басым көпшілігін (83 %) 
поляктар  құраған  тұтқындардың  14  әйел,  5-уі  жас  балалар  болған 
[40, 306-307 бб.]. Сонымен қатар, поляк тұтқындары Сібірге де жер 

54
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
аударылған. Сібірде тұтқындардың бір бөлігі Қазақстан шекарасына 
таяу  орналасқан  Есіл  (Ишим)  бекінісіне  орналастырылған.  1813 
жылғы  мәліметке  сәйкес  елді  мекенде  тұтқындағы  237  поляк 
офицерлері болған және екі партиямен тағы 469 поляктардың келуі 
күтілген [26, 328 б.]. 
Аталған  мәліметтерге  негіздей  отыра  ХІХ  ғасырдың  алғашқы 
ширегінің  өзінде  еліміздің  бірқатар  аймақтарында,  атап  айтқанда, 
Астрахан  губерниясы  арқылы  қазіргі  Атырау  және  ішінара  Батыс 
Қазақстан  облыстары  аумақтарында  (1876  жылдан  Бөкей  ордасы 
Астрахан  губерниясына  қарасты  болды)  аз  болса  да  поляк  халқы 
өкілдерінің қоныстана бастағандығына көз жеткіземіз. 
Тарихи  айғақтарға  сүйене  отырып,  Сібірге,  Есіл  бекінісіне 
орналастырылған Наполеон сапында болған поляк тұтқындарының 
қазіргі Солтүстік Қазақстан аумағындағы поляк халқы өкілдерінің 
негізін қалады деп айтуға толық негіз бар.  
1830  жылы  Еуропа  құрлығы  үшін  түрлі  саяси  оқиғаларға  толы 
болды.  Франциядағы  революция  барысында  монархия  құлатылса, 
бельгиялықтар  қолына  қару  алып,  Голландиядан  бөлінуге  күш 
салды.  вена  конгрессіндегі  уағдаластыққа  сәйкес,  еуропадағы 
монархияларды қорғау мақсатында, Ресей тарапы, бельгиялықтар-
дың тәуелсіздік жолындағы көтерілісін басуға поляк әскерін жіберу-
ге шешім қабылдады. Бұл жағдай, поляк қоғамындағы наразылықты 
күрт өршітіп, жаңа көтеріліске алғышарт болды.
Көтеріліс 1830 жылдың 29 қарашасында ұлы княз Константиннің 
Бельведердегі  сарайына  (варшавада  орналасқан)  жасалған 
шабуылдан басталып, қысқа уақыт ішінде Польшамен бірге поляк 
ұлты мекендеген Батыс Украина мен литва аумақтарын да қамтыды. 
он  айдан  астам  уақытқа  ұласқан  көтеріліс  поляк  жасақтарының 
жеңілісімен  аяқталды.  Көтеріліс  империялік  тұрақты  армияның 
күшімен басылды [1,178-180 бб.]. 
Көтерілісті  ұйымдастырғандығы  үшін  поляктар  оған  дейінгі 
бірқатар  саяси  артықшылықтарынан,  жеңілдіктерінен  айырылды. 
1815  жылғы  конституция  өз  күшін  жойды.  Польшадағы  жаңа 
басқару түрі 1832 жылғы «шектеулі статут» арқылы айқындалды. 
оған сәйкес сейм өз жұмысын тоқтатып, жеке әскер ретінде поляк 
әскері  таратылды.  Нәтижесінде,  поляктар  ресейлік  армиясында 
қызмет ете бастады. Поляк королдігі таратылып, империяның өзге 
аймақтарындағы секілді губернияларға бөлінді. 

55
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Ұлт-азаттық  көтерілісіне    қатысушы  мыңдаған  поляктар 
мен  олардың  отбасы  мүшелерінің  дүние-мүліктері  тәркіленіп, 
өздері  империяның  шалғай  аймақтарына  жер  аударылды  
[41,  36-37  бб.].  оның  ішінде  қазіргі  Қазақстан  аумағына  жібе-
рілгендері де көптеп саналды. Айдаудағы поляктардың үлкен бөлігі 
Сібір  казак  әскеріне  қатардағы  жауынгер  ретінде  қабылданып, 
Сібір  шебінің  бекіністеріне  орналастырылды.  осылайша,  еліміз 
аумағындағы поляк халқы өкілдерінің саны өсе түсті. 
ХІХ  ғ.  30-жылдарының  соңы  мен  40-жылдарының  басында 
Батыс  Сібір  аумақтарына,  Алтайға  ұлт-азаттық  бағытында  жұмыс 
жасаған  жасырын  поляк  ұйымдарының  мүшелерін  «еркінен  тыс 
қоныстандыру» жалғасты. 
Тұтқындағы  поляктардың  жағдайы  ауыр  болғандықтан,  әрі  сол 
кезеңде мемлекетті басқаруда сауатты қызметкерлердің аз болуынан, 
уақыт  өте  Ресей  үкіметі  тарапынан  түрлі  жұмыстарға  араласу 
ұсынысына олардың көпшілігі өз келісімдерін берді.
Айдаудағы поляктар арасында түрлі жас мөлшеріндегі және түрлі 
мамандық  иелері:  ақындар,  суретшілер,  дәрігерлер,  сәулетшілер, 
заңгерлер және т.б болды. 
Сонымен  қатар,  сібір  этапының  офицерлері,  қолөнершілер  мен 
дүкен  сатушылары  арасында  да  поляк  ұлтының  өкілдері  көптеп 
саналатын.  Айдаудағы  поляктар  тұрған  аумақтардағы  түрлі  этнос-
тық  орта  олардың  болашақ  тағдырын  айқындады.  Жекелегендері 
жергілікті  қыздарға  үйленсе,  ауыр  жағдай  екіншілерін  шаруалар-
дың  батырақтарына  (жатақтарына)  айналдырды.  Тек,  қолөнердегі 
кейбірлерінің  тауарлары  жергілікті  нарықта  сұранысқа  ие  бол-
ғандықтан өмір сүруі жеңілдеді [36, 385 б.].
ХІХ  ғасырдың  60-жылдырының  алғашқы  жартысында  поляк 
халқының  тарихи  отанында  кезекті  ұлт-азаттық  көтерілісінің 
алғышарттары пісіп жетілді. 1863 жылдың 22 қаңтарында Уақытша 
ұлттық  үкімет  жарияланып,  поляк  халқы  мекендеген  аумақтарда 
(Польша,  литва  мен  Белоруссияның,  Украинаның  жекелеген 
аймақтарында) азаттық жолындағы кезекті күрес басталды.
Бір  жылдан  астам  уақытқа  созылған  ұлт-азаттық  көтерілісі 
жеңіліске  ұшырады.  ондаған  мың  адамның  өмірі  қиылып, 
мыңдағаны империяның шалғай аумақтарына, басым түрде Сібірге 
күштеп жер аударылды [1, 191-194 бб.]. Жер аударылғандар қазақ 
халқы  мекендеген  Астрахань,  орынбор  губерниялары  мен  Батыс 

56
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Сібір аумақтарына, Алтайға, кейінірек Сыр бойы мен Жетісуға да 
көптеп жіберілді. 
1865 жылы орынбор губерниясының өзінде 223 поляк ұлтының 
өкілдері бақылауда болса [11, 14 б.], Семейді – 65, ал Өскеменді – 30 
поляк ұлтының айдаудағы өкілдері мекен еткен [16, 76 б.]. 
ХІХ  ғ.  екінші  жартысында  қазақ  даласында  және  іргелес 
аумақтарда  саяси  тұтқындардан  өзге  де  түрлі  мемлекеттік 
қызметтерде,  әскери  және  кәсіпкерлік  саласында  жүрген  поляк 
ұлтының өкілдері көптеп саналатын. Мысалы, 1860 жылдары поляк 
ұлтының өкілдері Том губерниясы жалпы халқының 1% құраса, Том 
және  Барнаул  округтеріндегі  поляктардың  саны  3  мыңға  таяу  еді 
[39], және олардың саны ұдайы өсу үстінде болды. 
1884  жылы  Қазақстанның  қалаларында  (Петропавл,  Атбасар, 
Ақмола,  Семей,  Өскемен,  Павлодар,  Зайсан)  3-5  жыл  мерзімге 
дейін жер аударылған 20-дан астам поляк азаматтары өз жазаларын 
өтеумен болды [16, 77 б.]. 
Қазіргі  Қазақстан  аумағындағы  поляк  халқы  өкілдерінің  саны, 
жыныстық  құрамы  туралы  толымды  әрі  кешенді  ақпаратты  тұтас 
Ресей  империясының  аумағында  1897  жылы  жүргізілген  алғашқы 
халық санағы мәліметтерінен ала аламыз. 
Халық  санағына  сәйкес,  сол  кезеңдегі  орта  Азияны  (қазір 
орталық Азия) 11 576 поляк ұлтының өкілдері мекендеген. олардың 
–  10361,  яғни  басым  көпшілігі  қалаларда  шоғырланған.  Қалалық 
поляктардың  жыныстық  құрамы:  9421  ер  азаматтардан  және  940 
әйел  азаматтардан  құралған  [32].  Мәліметтерді  сараптау  арқылы 
поляктардың  негізінен  жергілікті  билік  пен  әскерилер  орналасқан 
қалаларды (ол кезеңде қалалар шағын) мекендегендігін, сонымен қа-
тар, дені саяси тұтқындар мен әскери, әкімшілік қызметтегілерден 
құралғандықтан, қатарында ер азаматтардың саны бір жақты басым 
болғандығына  көз  жеткіземіз  (10  ер  азаматқа  бір  әйелден  келеді). 
Поляк  ұлты  арасында  қалыптасқан  демографиялық,  жыныстық 
диспропорция  жағдайында  халықтың  тілдік,  мәдени  тұрғыдан 
жақын  орыс  халқы  тарапынан  жоғарғы  деңгейде  ассимилиацияға 
ұшырағандығы күмәнсіз. 
Алғашқы халық санағы бойынша орталық Азия аймағындағы по-
ляктардың ең үлкен бөлігі – 2206 адам Ташкент қаласын мекендеген 
[42, 179 б.]. Ақмола облысында – 1142 [27, 19 б.], Закаспий облысында 
(қазіргі Түркменстан мен Маңғыстау облысының, ішінара Өзбекстан 

57
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
аумағы) – 3632, Семей облысында (Семипалат облысы) – 195 [32], 
Жетісу облысында – 185, оның ішінде верныйда (Алматы) – 78 [29, 
52 б.], Сырдария облысында – 2825 [28,18 б.], Торғай облысында – 
101 [30, 9.], орал облысында – 250 [31, 3 б.] поляктар тұрған. 
Ал қазақи қауым жекелеген өңірлерінде басым болып табылатын 
Астрахань  губерниясында  –  839,  орынбор  губерниясында  –  1696, 
Тобыл губерниясында -5745, Том губерниясында – 6387, жалпы Сібір 
аймағында (орал тауынан Тынық мұхитына дейінгі аумақ) – 29 177 
поляктар мекен еткен [32]. Егер, халық санағының ана тілі бойынша 
жүргізілгендігін ескерсек, поляктардың саны ресми мәліметтегіден 
де  көп  болуы  мүмкін.  Себебі,  халық  түрлі  жағдайда  топтана 
қоныстанғандықтан  және  негізінен  қалаларда,  орыс  тілді  ортамен 
ингеграцияланғандықтан, түрлі әкімшілік әрі әскери лауазымдарда 
болғандықтан ана тілін ұмыта бастауы заңды да еді. 
Аймақтағы саяси тұрғыда айдауда болған поляк ұлты өкілдерінің 
арасында сауатты азаматтардың саны көп болатын. Көптеген поляк 
ұлтының өкілдері қазақ арасында түрлі қызметтер атқарғандықтан, 
жергілікті  ұлтпен  тығыз  қарым-қатынаста  болды,  қоян-қолтық 
араласты. Нәтижесінде, олардың бірқатары қазақ халқының тұрмыс 
салты, рухани дүниесі, дәстүрі, өнері һақында танымал әрі құнды 
еңбектерді жазып қалдырды. 
олардың  қатарына  Адольф  Янушкевичтің  «Қазақ  даласына 
саяхаттың  күнделіктері  мен  хаттары»,  Бронислав  Залескийдің 
«Қазақ  сахарасына  саяхат»,  Северин  Гросстың  «Қырғыздардың 
(қазақтардың)  заң  жөніндегі  әдет-ғұрпын  үйренуге  арналған 
материалдар» және т.б еңбектерді жатқызуға болады. Аталған еңбек-
тер бүгінгі күні де ғылыми тұрғыда өз маңызын жоймай келеді. 
ХХ ғасырдың саяси тарихы Антанта мен Үштік одақ блоктарының 
қарым-қатынасының  күрт  шиеленісінен  басталды.  І  Дүниежүзілік 
соғысы басталған тұста үш мемлекет (Австро–венгрия, Германия, 
Ресей)  қарамағындағы  поляк  жерлерінде  тәуелсіздік  алуға  деген 
ұмтылыстар басталды. Саны көп поляк халқының сеніміне ие болу 
мақсатында  империялар  соғыстан  кейінгі  «саяси  жеңілдіктерін» 
жариялап,  поляктарды  әскер  қатарына  ала  бастады.  Нәтижесінде, 
поляк  халқының  өкілдері  үш  империя  әскерлерінің  сапында  да 
соғысты.  
1918 жылы 11 қарашада батыс майданында бейбіт бітім жасалып, 
І  Дүниежүзілік  соғыстағы  әскери    қимылдар  тоқтады.  версаль 

58
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
конференциясының барысында тәуелсіз Польша мемлекеті құрылды 
[1, 224-225 бб.].
Бірақ, әскери тұтқындар мәселесі ашық күйінде қалып қойды. Тек 
Австро–венгрия және Германия мемлекеттерінің өзінен 100 мыңнан 
астам поляк жауынгерлері ресей әскерінің тұтқынына түскен [24, 19 
б.]. олардың бір бөлігіне елдеріне қайту мүмкіндігі берілсе, екінші 
бөлігі 1917 жылдан кейін совет азаматтығын қабылдады. 
Ұзақ  жылдар  Ресей  империясының  бодандығында  болып,  тек 
әкімшілік–аумақтық  бірліктерден  тұрған  Қазақстан  1920  жылы 
автономды, ал 1936 жылы КСРо құрамындағы одақтық республика 
ретінде құрылды. 
1926  жылы  жүргізілген  халық  санағы  бойынша  Қазақстандағы 
поляк ұлты өкілдерінің саны – 3 762 адамды құраған [10] және олар 
негізінен саяси жер аударылғандардың, Ресей империясында әскери 
және өзге қызметтерде болғандардың ұрпақтары болатын.
Өз  тәуелсіздігінің  алғашқы  жылдарынан-ақ  тәуелсіз  Польша 
мен Кеңес мемлекетінің (КСРо) арасындағы қарым-қатынас жақсы 
болмады.  Польша  батыстың  капиталистік  мемлекеттерінің  саяси 
одақтасы  ретінде  қарастырылса,  КСРо-ға  елге  қауіп  төндіруші 
мемлекет  ретінде  бағаланды.  оған  өз  кезегінде  поляктардың  ұзақ 
жылдар  Ресей  империясынан  озбырлық  көруі,  1920-21  жылдарғы 
кеңес–поляк соғысы теріс ықпалын тигізсе керек. 
Кеңес–поляк  қарым-қатынастарындағы  қиындықтар,  жаңа 
биліктің  (КСРо)  елдің  поляк  азаматтарына  қатысты  сенімсіздігін 
күшейтті. 
1936 жылы КСРо Халық Комиссарлары Кеңесінің «Украинадан 
қоныс  аударушылар»  бойынша  қаулысы  қабылданып,  Украинаны 
мекендеген  поляктар  Қазақстанға  депортациялана  бастады. 
Халықтың әлеуметтік статусы шекаралық аймақтағы «саяси сенімсіз 
элементтер»  ретінде  айқындалды.  Арнайы  қоныс  аударушылар 
поляк  және  неміс  ұлты  өкілдерінен  құралып,  негізінен,  Житомир, 
Киев, винница және Кировоград облыстарынан көшірілді [25, 6 б.]. 
1936  жылдың  20  мамыры  мен  5  маусымы  аралығындағы  
алғашқы  депортация  барысында  Қазақстанға  –  5570  отбасы 
алып  келінген.  Украина  мұрағаттарынан  табылған  деректерге 
сәйкес 1936 жылы Украинадан Қазақстанға жалпы саны 14,9 мың 
отбасы депортацияланып, шамамен, 60 мың поляктар мен 10 мың 
шамасындағы немістер қоныстандырылған [34]. 

59
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
1939 жылдың 23 тамызында Германия мен КСРо арасында «Өзара 
шабуыл  жасаспау  туралы»  шарт  (Риббентроп–Молотов  шарты) 
жасалып,  шартқа  құпия  қосымша  хаттама  енгізілді.  Хаттамаға 
сәйкес  Германия  мен  КСРо  өзара  ықпал  ету  аймақтарын  бекітті. 
оған  сәйкес,  литваның,  латвияның,  Эстония  мен  Финляндияның, 
Польша мен Бессарабияның (қазір Молдова мен ішінара Украинаның 
аумағы) ықпал ету аймақтарына бөлінді. 
1939  жылдың  1  қыркүйегінде  Германия  Польша  аумағына 
батыстан шабуыл жасап, ІІ Дүниежүзілік соғысы басталды. Ал 1939 
жылдың  17  қыркүйегінде  кеңес  әскерлері  құпия  хаттамаға  сәйкес 
шығыс Польша аумағына енеді [1,270-271 бб.]. Барысында, кеңес 
үкіметі  тарапынан  «саяси  сенімсіз»  деп  танылған  халық  өкілдері 
Сібір, орталық Азия мен Қазақстан аумақтарына депортацияланады. 
1940 жылы Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Талдықорған, 
Алматы  және  Жамбыл  облыстарының  аумақтарына  көптеген 
адамдар  –  көтерілісші  ұйымдар  қатысушыларының  қуғындалған 
отбасы  мүшелері,  бұрынғы  Поляк  армиясының  офицерлері, 
поляк  мемлекетінің  полицейлері,  түрмедегілері,  помещиктері  мен 
шенеуніктері және т.б. күштеп қоныс аударылды.  
1941 жылы орталық Азияға шамамен 150 мыңдай бұрынғы поляк 
мемлекетінің азаматтары депортацияланып, олардың 100 мыңдайы 
Қазақстан  аумағына  алып  келінді.  Бірақ,  олардың  ұлттық  құрамы 
тек поляк халқы өкілдерінен тұрған жоқ [3, 89 б.]. 
Мұндай көлемдегі поляктардың ел аумағына қоныстандырылуы 
мемлекеттің (ҚазКСР) ұлттық құрамына үлкен өзгерістер енгізді.
1941  жылдың  22  маусымы  күні  Германияның  КСРо  аумағына 
шабуыл  жасауы  поляк  халқына  қатысты  ұстанымды  түбегейлі 
өзгертті. 
1941  жылдың  30  шілдесінде  лондон  қаласында  КСРо 
Ұлыбританиядағы  елшісі  И.  Майский  мен  поляк  премьері  в. 
Сикорский (эмиграциядағы Поляк үкіметі) екі мемлекет арасындағы 
дипломатиялық байланыстарды қайта орнату және Германияға қарсы 
соғыста  өзара  көмек  көрсету  туралы  келісім  жасасты  [17,  177  б.]. 
Келісімге сәйкес, КСРо аумағында поляк әскери бөлімдерін құруға 
уағдаластық  жасалды.  Келісімге  қосымша  бекітілген  хаттамада: 
«Кеңес  үкіметі,  осы  уақытта,  кеңес  аумағында  қамауда  ұстаудағы 
немесе әскери тұтқындағы, және өзге де жетімді негіздердегі поляк 
азаматтарына  дипломатиялық  байланыстар  орнаған  сәттен  амнис-
тия жариялайды» делінген болатын. 

60
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Келісім  негізінде  Қазақстан  аумағына  жер  аударылған  поляк 
азаматтарының  көпшілігі  Андерс  армиясы  қатарында  (генерал 
владислав Андерс) КСРо аумағынан шығарылды [3, 89-90 бб.]. 1942 
жылы  1  қыркүйекте  Андерс  армиясының  эвакуациясы  толықтай 
аяқталды. Екі эвакуация барысында КСРо аумағын 75 491 әскери 
қызметкер және 37 756 қатардағы азаматтар тастап шықты [33, 155-
156 бб.]. 
Бұрынғы  поляк  мемлекеті  азаматтарының  қалған  бөлігі  1945 
жылғы 6 шілдедегі кеңес–поляк келісіміне сәйкес КСРо аумағынан 
өз отандарына қоныс аударды [3, 89 б.]. 1956 жылы Қазақстандағы 
поляк  халқына  орнатылған  арнайы  бақылау  тоқталып,  еліміздегі 
поляк ұлтының өкілдері (кеңестік поляктар үшін) КСРо аумағында 
еркін қозғалуға мүмкіндік алды . 
Келтірілген  мәліметтерді  сараптау  арқылы  кеңес–поляк 
келісімдерінің  негізінде  ел  аумағын  негізінен  ІІ  Речпосполита 
азаматтары (1939 жылғы 17 қыркүйекке дейінгі Польша азаматтары) 
тастап шыққандығына көз жеткіземіз. Қазақстан аумағында қалған 
поляк  ұлтының  өкілдерін  империя  кезеңінде  қоныстанғандардың 
ұрпақтары  мен  Риббентроп–Молотов  пактіне  дейін  Украинадан 
күштеп  көшірілген  поляктар  құрады.  осылайша,  түрлі  саяси 
үдерістердің  барысында  ХХ  ғ.  60-жылдары  қазақстандық  поляк 
ұлтының өкілдерінің қалыптасуы аяқталды деуге толық негіз бар. 
Қазақстандағы  поляктардың  саны  1959  жылы  –  53  102  адамды 
құраса, 1979 жылы – 61 136, 1999 жылы – 47 297, ал соңғы 2009 
жылғы  санақ  бойынша  –  34  057  адамды  [6,  21  б.]  құраған.  Бұл 
Республика  халқының  0,2%.  Қазақстандық  поляктардың  үлкен 
бөлігі  –  Солтүстік  Қазақстан  облысында.  облыстағы  поляк  ұлты 
өкілдерінің  саны  2009  жылғы  халық  санағының  мәліметтеріне 
сәйкес  –  13  976  адамды  құраған  [38,  4  б.].  облыстағы  поляктар 
ең көп шоғырланған аумақ – Тайынша ауданы. Аудан халқының – 
11 467 поляк халқының өкілдері [38, 27 б.].
Ақмола облысы да қазақстандық поляктардың көп қоныстанған 
өңірі.  облыстағы  поляк  халқы  өкілдерінің  саны  –  8  292  адамды 
құрайды [5, 5 б.]. Жекелей алғанда, Көкшетау қаласында – 2053 [5, 
9 б.], Астрахань ауданында – 1 599 [5,18 б.], шортанды ауданында 
-1 584 [5, 41 б.] поляктар мекендейді. 
Мемлекеттің бас қаласы – Астанада 2179  поляк ұлтының өкілдері 
мекендеген болса [13, 5 б.],  Алматыны – 807 [12, 5 б.] поляк қоныс 
еткен. 

61
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Солтүстік  Қазақстан  және  Ақмола  облыстарынан  кейінгі  по-
ляктар  көп  қоныстанған  аумақ  Қарағанды  облысы.  2009  жылғы 
халық санағының мәліметтеріне сәйкес облысты – 3 982 поляк [21, 5 
б.] мекендесе, Қарағанды қаласын – 2 101 поляк [21, 11 б.] ұлтының 
өкілдері қоныстанған. 
Қазақстандық  поляктар  негізінен  христиан  дінінің  католик 
тармағын  ұстанушылар.  Ал  ана  тілдерін  пайдалану  тұрғысынан 
келгенде халық орыс тілді ортаның ықпалымен үлкен ассмилиация-
ға  ұшыраған.  Мысал  ретінде,  сұрау  бойынша  саны  қомақты 
Солтүстік Қазақстан облысы поляктарының небәрі 4,9 % ғана поляк 
тілін ана тілі ретінде көрсеткен, қалған 95,1 % ана тілі ретінде өзге 
халықтың тілін көрсеткен [38, 35 б.]. 
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздікке  қол  жеткізген  сәттен 
бастап еліміздегі барша өзге ұл өкілдеріне тілі мен дәстүрін дамытуға 
қажетті  жағдай  жасалып  келеді.  Ел  конституциясы  «Бiз,  ортақ 
тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде 
мемлекеттiлiк құра отырып...» [22, 3 б.] деген сөздерден басталады. 
Тәуелсіз  Қазақстанның  ұлт  саясаты  өз  дамуында  бірнеше 
кезеңнен өтті. Алғашқы кезеңде тілдік ахуал жақсара түсіп, соңынан 
ұлттық мәдени орталықтар құрыла бастады. 1992 жылы Қазақстан 
халықтарының  алғашқы  форумында  Президент  Н.  Назарбаев 
республикадағы барлық этностарды консолидациялаушы қоғамдық 
органды  құру  идеясын  көтерген  болатын.  Нәтижесінде,  Қазақстан 
Халқы Ассамблеясы негізделді [8, 14-15 бб.]. 
Бүгінгі  қазақстандық  поляк  халқының  өкілдері  мемлекет 
халқының  ажырамас  бір  бөлігі.  Қазақстандық  поляктар 
республиканың  дамуына  өз  үлестерін  қоса  отырып,  Қазақстан 
мен  Польша  республикаларының  арасында  алтын  көпір  міндетін 
атқаруда.  
1992  жылы  6  сәуірінде  Қазақстан  Республикасы  мен  Польша 
арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Сол кезеңнен 
бері қос мемлекеттің  сенімді әріптестер ретінде тығыз жұмыс жасап 
келеді.
1994 жылы 20 наурызда Қазақстанда Польша Республикасының 
Елшілігі  ашылса,  2000  жылдың  қазанынан  бастап  Польшада 
Қазақстан Республикасының Елшілігі өз жұмысын бастады.
Қазақстандық  поляктардың  алғашқы  бейресми  бірлестіктері 
1980-ші  жылдардың  соңында  пайда  болды.  Мұндай  ұйымдар 
Қарағандыда, Көкшетауда, Алматыда және т.б. жерлерде құрылды. 

62
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
1992 жылы тіркелген, аталғандай жекелеген бірлестіктер негізінде 
Қазақстан  поляктарының  одағы  құрылды  (ҚПо).  Құрылымы 
бойынша одақ 14 облыстық және қалалық бірлестіктерден құрал-
ған.  Мемлекет  деңгейіндегі  ұйымның  жұмысы  Республикалық 
үйлестіру кеңесі арқылы жүзеге асырылады. 
Қазақстан поляктары одағының жұмысы ұлттық салт-дәстүрле-
рін, ана тілін оқып үйренуге бағытталған. Бүгінгі күні елімізде он-
даған костелдер салынып, діни қызмет жүргізілуде. Қазақстан мен 
Польшаның құзырлы министрліктері арасында жасалған келісімге 
сәйкес қалалар мен селолардағы 16 мектепте поляк тілінде сыныптар 
жұмыс  жасаса,  балалар  мен  үлкендерге  арналған  22  жексенбілік 
мектептер  жұмыс  атқарып,  сабақты  Польшадан  шақыртылған 
мұғалімдер  жүргізуде.  Аталған  мектептердің  қаржылық,  мате-
риалдық-техникалық  және  оқу-әдістемелік  қамтамасыз  етілуі 
негізінен  Қазақстан  тарапынан  атқарылады,  Польша  тарапы  да 
едәуір  көмек  көрсетуде.  Жыл  сайын  Польшаның  жоғарғы  оқу 
орындарында тегін білім алуға 90-ға тарта қазақстандық поляктар 
қабылдануда.  Алматыдағы  шетел  тілдері  университетінде  «поляк 
тілі мен әдебиеті» бөлімі ашылған [8, 117-118 бб.]. 
Бүгінгі  күні  Қазақстан  мен  Польшаның  мемлекетаралық 
байланыстары  өзара  сенімділік  пен  ынтымақтастықта  дамуда. 
Байланыстар  барлық  салаларды  қамтиды.  Астана  және  Алматы 
қалаларында  қазақ  халқының  тарихы  мен  мәдениетін  зерттеуде 
өзіндік  із  қалдырған  поляк  зиялысы  Адольф  Янушкевич  атында 
көшелер бар. Польша халқы да ХХ ғ. 30-40 жж. зобалаң уақытында 
қазақ халқының поляк ұлты өкілдеріне көрсеткен көмегін, мейірімін 
ұмытпайды. 
Алғыс  ретінде  ел  астанасының  ең  көрікті  жерлерінің  бірі  – 
вилянув ауданындағы көшелердің біріне  «Қазақ көшесі» (полякша 
ulica  Kazachska)  атауы  берілген  [9].  Польшадағы  Адам  Мицкевич 
университетінде қазақ тілі оқытылады. 
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет