Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай ералы тоғжанов



жүктеу 0.92 Mb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата22.12.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘдебИеттер:
1. 
A.Dybowska,  J.  Zaryn,  M.  Zaryn.  Polskie  dzieje  od  czasow 
naidawniejszych  do  wspolczesnosci.  Wyd.  Naukowe  PWN. 
Warszawa 1994. – 372 s. 
2. 
HistoriaPolski  1795  –1918.  Andrzej  Chwalba.  Wyd.  Literackie. 
Krakow 2000. – 600 s. 
3. 
Studia BAS.– № 2 (34) 2013.

63
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
4. 
Z.  Jasiewicz.  Polacy  z  Ukrainy  w  Kazachstanie.  Etnicznosc  a 
historia. Lud,t 75, 1992. – 11-54 s.
5. 
Акмолинская область. Итоги Национальной переписи населения 
Республики  Казахстан  2009  года.  Том  2.  Статистический 
сборник. Под ред. Смаилова А.А. Астана, 2011 – 150 с. 
6. 
Аналитический  отчет.  «Итоги  Национальной  переписи 
населения  Республики  Казахстан  2009  года».  Под  ред. 
Смаилова А.А./ Астана, 2011. – С. 65.
7. 
Андерса  Армия.  Советская  историческая  энциклопедия.  Ред. 
колл., гл. ред. Е. М. Жуков. Т.1. – М., Государственное научное 
издательство «Советская энциклопедия», 1961. – С.570.
8. 
Ассамблея 
народа 
Казахстана: 
исторический 
очерк.  
Е.Л.  Тугжанов,  Г.В.  Кан,  В.С.  Коробков,  Н.У.  Шаяхметов.  – 
Алматы: Раритет, 2010. – 304 с.
9. 
Варшавадағы «қазақ» көшесі. Егемен Қазақстан, 2006, 7 шілде. 
10. 
Всесоюзная  перепись  населения  1926  г.  –  Т.  VIII.  –  М.,  1928.  
– С. 15-46. 
11. 
Галиев  В.З.  Ссыльные  революционеры  в  Казахстане.  Вторая 
половина ХІХвека. – Алма-Ата: Изд. Казахстан, 1978. – 139 с.
12. 
Город  Алматы.  Итоги  Национальной  переписи  населения 
Республики  Казахстан  2009  года.  –  Том  2.  Статистический 
сборник. Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 118 с.
13. 
Город  Астана.  Итоги  Национальной  переписи  населения 
Республики  Казахстан  2009  года.  –  Том  2.  Статистический 
сборник. Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 74 с.
14. 
Депортированные  в  Казахстан  народы:  время  и  судьбы.  – 
Алматы: Арыс–Қазақстан, 1998. – 428 с.  
15. 
Джордж Кеннан. Сибирь и ссылка. – СПб, 1906.
16. 
Ж.  Қарынбаев.  Қазақ-поляк  байланыстарына  Құнанбай  қажы 
әулетінің негізінде шолу.  Қазақстан мұрағаттары. –  2011. – №4. 
– 72-79 б. 
17. 
История  Второй  Мировой  войны  1939-1945  (в  12  томах).  Ред.
колл., гл. ред. А.А. Гречко. – Т.4. – М., Воениздат, 1975. 
18. 
История Казахстана. (с древнейших времен до наших дней). В 
пяти томах. Т.3. – Алматы :Атамұра, 2000. – 768 с.
19. 
История  ХІХ  века.  –Т.  2.  Пер.  с  фран.  2-ое  изд.  Под  ред.  
Е.В. Тарле. – М: ОГИЗ, 1938. – 580 с. 
20. 
История  СССР.  1992.  №  1.  40  -50-е  годы:  последствия 
депортации  народов  (свидетельствуют  архивы  НКВД  –  МВД 
СССР). – С. 124.   
21. 
Карагандинская  область.  Итоги  Национальной  переписи 
населения  Республики  Казахстан  2009  года.  –  Том  2. 
Статистический  сборник.  Под  ред.  Смаилова  А.А.  –  Астана, 
2011. – 160 с. 
22. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Юрист, 
2006.  
23. 
 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Бас ред. Б. Аяған. – Алматы: 
«Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005. – 728 б. 
24. 
Манусевич  А.Я.  Польские  интернационалисты  в  борьбе  за 
победу советской власти в России. Феврал–октябрь 1917. – М., 
1965.

64
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
25. 
Машимбаев  С.М.,  Исова  Л.Т.  Проблема  истории  польских 
переселенцев в Казахстане (1936- 1946 гг.). – Алматы, 2000. 
26. 
Миловидов Б.П. Военнопленные поляки в Сибири в 1813 – 1814 
гг.  Отечественная  война  1812  года.  Источники.  Памятники. 
Проблемы. – Можайск, 2009. – С. 325-359. 
27. 
Первая  Всеобщая  перепись  населения  Российской  Империи 
1897  г.  Под  ред.  Н.А.Тройницкого.  LXXXI.  Акмолинская 
область. – Санкт-Петербург, 1905. 
28. 
Первая  Всеобщая  перепись  населения  Российской  Империи 
1897  г.  Под  ред.  Н.А.Тройницкого.  LXXXVI.  Сыр–Дарьинская 
область. – Санкт-Петербург, 1904.
29. 
Первая  Всеобщая  перепись  населения  Российской  Империи 
1897  г.  Под  ред.  Н.А.Тройницкого.  LXXXVII.  Семиречинская 
область. – Санкт-Петербург, 1905.
30. 
Первая  Всеобщая  перепись  населения  Российской  Империи 
1897  г.  Под  ред.  Н.А.Тройницкого.  LXXXVII.  Тургайская 
область. – Санкт-Петербург, 1904.
31. 
Первая  Всеобщая  перепись  населения  Российской  Империи 
1897  г.  Под  ред.  Н.А.Тройницкого.  LXXXVIIІ.  Уральская 
область. – Санкт-Петербург, 1905.
32. 
Первая  Всеобщая  перепись  населения  Российской  Империи 
1897  г.  Под  ред.  Н.А.Тройницкого.  –  Т.II.  Общий  свод  по 
Империи  результатов  разработки  данных  Первой  Всеобщей 
переписи  населения,  произведенной  28  января  1897  года. 
–  Санкт-Петербург,  1905.  Таблица  XIII.  Распределение 
населения по родному языку. 
33. 
Польское  рабочее  движение  в  годы  войны  и  гитлеровской 
оккупации  (сентябрь  1939  –  январь  1945).  М.  Малиновский, 
Е. Павлович, В. Потеранский, А. Пшегонский, М. Вилюш. – М., 
Политиздат, 1968.
34. 
«Прощай  Украина!...».  «Зеркало  недели.  Украина».  №  36,  7 
октября 2011. 
35. 
Резонтова  М.М.  История  заселения  поляков  на  востоке 
Казахстана. Журнал «Новая Польша» 2011 г., № 2. 
36. 
Ручиньский Ю. Конарщик. Воспоминания из Сибири: мемуары, 
очерки, дневниковые записи польских ссыльных в Восточную 
Сибирь  первой  половины  ХІХ  столетия.  Иркутск:  Артиздат, 
2009. – С. 325–476.  
37. 
Рышард  Бадовски.  Польские  певцы  Казахстана.  –  Алматы, 
МКА, 2005.
38. 
Северо  –  Казахстанская  область.  Итоги  Национальной 
переписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. 
Статистический  сборник.  Под  ред.  Смаилова  А.А.  –  Астана, 
2011. – 138 с.  
39. 
Томская  губерния:  Список  населенных  мест  по  сведениям 
1859 г. – СПб., 1868. – С. LXXI.   
40. 
Хомченко  С.Х.  Военнопленные  поляки  в  Астраханской 
губернии  в  1812  -1815  гг.  Отечественная  война  1812  года. 
Источники. Памятники. Проблемы. – Можайск, 2009. – С.306–
313. 

65
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
«Мәңгілік Ел» 
идеясының негіздері және 
тарихи сабақтастық
сатай сыздықоВ,
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия 
Ұлттық университетінің профессоры,
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі,
тарих ғылымдарының докторы 
П
резидент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынын-
да»  атты  еңбегінде  «Егер  біз  мемлекет  болғымыз 
келсе,  өзіміздің  мемлекеттігімізді  ұзақ  уақытқа 
меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының 
бастауларын  түсінгеніміз  жөн.  оған  барар  жол 
халық даналығының негізінде жатыр» [1, 267 б.] деген еді. Енді міне 
«Қазақстан жолы – 2050: бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан 
халқына  Жолдауында  ежелгі  ата-бабаларымыз  –  түркілердің 
мәңгілік ел идеясын – қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялауы 
кездейсоқ емес. 
Әдетте,  «идея»  (грек.  ідеа  –  түсінік,  елес,  бейне)  –  теориялық 
жүйенің,  логикалық  құрылымның,  соның  ішінде  дүниетанымның 
негізінде  жатқан  анықтаушы  түсінік  мағынасында  қолданылатын 
философиялық  термин.  XVIII  ғасырдағы  немістің  классикалық 
философиясының негізін салушылардың бірі  – И. Канттың тілімен 

66
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
айтсақ: «Адам білімінің қайсыбірі болмасын, түйсіктен басталып, 
түсінікке  ұласып,  идеямен  аяқталады»  [2,  124  б.].  осы  бір 
қарапайым сөз тіркестері «идея» түсінігінің мәнін және қалыптасу 
жолдарын қысқаша түрде  нақты бере алады. 
осы уақытқа дейін «Мәңгілік Ел» идеясының негізін салған көне 
түркі  жазба  ескерткіштерін,  әл-Фараби  мен  Жүсіп  Баласағұнның 
мұраларын  сол  ғұламалардың  өмір  сүрген  заманымен  ғана 
байланыстырып  зерделедік.  Енді  кейінгі  ұрпақтары  егеменді 
мемлекет құрып, азат санаға ие болған кезде бабаларымыз іргетасын 
қалап  кеткен  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  теориялық  негіздері  мен 
оны  ұлттық  тарихымыздағы  хандар  мен  билер,  Абай  мен  Алаш 
азаматтары  және  де  егеменді  мемлекетіміздің  Елбасы,  Ұлт  лидері 
Н.  Назарбаев  пен  қазақ  қоғамындағы  зиялылардың  іс  жүзінде 
жалғастырып  отырғандығын  біртұтастықтықта,  сабақтастықта 
зерделей алмасақ, тарих бізді кешірмейді.
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  үш  негізі.  Белгілі  бір  идеяның 
мемлекеттік сипат алып, қоғам мүшелерінің көңілінен шығуы үшін  
негізгі екі талапқа жауап беруі тиіс. Біріншіден, ол сол мемлекетте 
өмір  сүріп  отырған    халықтың  мақсат-мүддесімен,  болмысымен 
толық  сәйкес  келгені  жөн.  Бұл  туралы  Монтьеске:  «Заңдар 
үкіметтің  табиғаты  мен  принциптеріне,  басқару  формасына,  елдің 
географиялық  факторы  мен  физикалық  қасиеттеріне,  жағдайы 
мен  көлеміне,  климатына,  топырақ  сапасына,  халықтың  тұрмыс-
тіршілігіне, санына, байлығы мен қабілетіне, әдет-ғұрпына сәйкес 
болу керек», – дейді. Екіншіден, идеологияның мемлекеттік сипат 
алуына  қажетті  тағы  бір  қасиет  оның  сол  мемлекет  тарихымен 
сабақтас  болып,  ұзақ  мерзімдер  бойы  сол  қоғамда  үйреншікті, 
жетекші  идеологиялық  деңгейде  болу  тиістігін  айтады  [3,  289  б.]. 
осы негізгі екі белгі де, бірінші бөлімде дәлелденгендей, түркілердің 
ұлы қағанатын құрғанда бар еді.
Жалпы, ежелгі түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясын екі мағынада 
алып қарастырған дұрыс. Біріншісі – кең мағынада, яғни біртұтас 
түркі  елі  немесе  қағанат,  бірнеше  ұлыстар  мен  ру-тайпалық 
мемлекеттерді біріктірген ірі бірлестік, ал екіншісі – тар мағынада, 
яғни жекелеген түркі мемлекеттері, немесе хандықтар мен ұлыстар. 
«Мәңгілік  ел»  идеясының  алғаш  рет  манифест,  яғни  үндеу 
тұрғысынан  жарияланғаны  –  кең  мағыналық  сипатта  еді.  Өйткені 

67
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
ол  кезде  түркі  жұрты  –  Ұлы  Түркі  қағанатын,  яғни  біртұтас  елін 
құраған заман болатын. Кейін Түркі қағанаты бөлшектеніп, бірнеше 
жекелеген  мемлекетке  айналғанда  бұл  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  тар 
мағынада,  яғни  әр  түркі  мемлекетінің  өзіндік  ұлттық  идеясына 
айналды. Мұнда, әрине біз «мәңгі ел» деген сөз тіркесі кездеспейді 
екен деп, ол идея жоқ деп айтсақ, мәңгүртікке бір табан жақындар 
едік. Мысалы, ескіден келе жатқан «ел боламыз десек» деген сөздің 
өзі «мәңгі ел» идеясы ұғымын беріп тұр емес пе?! Қазірде, мысалы 
Елбасы  Н.  Назарбаевтың  «Тарих  толқынында»  атты  кітабындағы 
«егер  біз  мемлекет  болғымыз  келсе»,  «мемлекеттігімізді  ұзақ 
уақытқа  меңзеп  құрғымыз  келсе»  деген  сөз  тіркестері  де  «мәңгі 
елдік» ұғымын білдіріп тұрғанына ешкім күмән келтірмесе керек.
Ежелгі түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы үш тұғырдан, яғни үш 
негізден  тұрады:  1)  Көне  түркі  жазба  ескерткіштерінде  «Мәңгілік 
Ел»  манифесінің  жазылуы;  2)  әл-Фарабидің  философиялық 
шығармаларында  (әсіресе  «Қайрымды  қала»  шығармасында) 
«Мәңгілік  ел»  идеясының  теориялық-методологиялық  тұрғыдан 
негізделуі;  3)  Жүсіп  Баласағұн  осы  идеяның  іс  жүзіне  асуын 
қамтамасыз  еткен  мемлекеттің  Ата  заң  үлгісінде  қызмет  атқарған 
«Құтты  Білік»  дастанының  жазылуы.  Бұлардың  бәрі  бір-бірімен 
тығыз  байланысты,  бір  заманның  жемісі  және  өзіне  дейінгі 
бабалар мұратымен жалғаса отырып, кейінгі ұрпақтарының құрған 
мемлекетшілдік, яғни «мәңгі  елдік» идеясымен сабақтасады.
«Мәңгілік Ел» манифесінің көне түркі жазба ескерткіштерінде 
жариялануы

68
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Алғаш рет «Мәңгілік Ел» идеясы шығыс Түрік қағанаты әскерінің 
бас қолбасшысы Күлтегінге арнап қойылған бітіктаста түркі еліне 
жария етілген. Күлтегін ескерткішіндегі жазудың сол жақ [4, 190 б.] 
бетінде: «Өтікен жынысында отырсаң мәңгі ел тұтып отырар ең», 
– деп айтылған. Тура осы сөздер Білге қаған ескерткішінің оң жақ 
[4,  262  б.]  бетінде  қайталанған.  «Мәңгі»  сөзі  айтылмаса  да,  оның 
мағынасы Тоныкөк ескерткішінің екінші ұстынының сол жақ бетінде 
«ел» сөзінің бір сөйлемде екі рет қайталануы арқылы берілген: «ел 
де ел болды» [4, 319 б.].
Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті 
ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің 
ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің 
ұйтқысы  болу  қажеттігі  түп  нысана  ретінде  айтылады.  Түркі 
халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға 
бағынып,  одан  қайта  көтеріле  бастағаны,  жаңа  қаған  отырғаннан 
кейін  елдің  басын  біріктіру  шаралары,  яғни  «түнде  ұйықтамай, 
күндіз  отырмай,  түркі  елі  үшін  қызыл  қанын  ағызып,  қара  терін 
төккені,  күш-қуатын  бергені»  паш  етіледі.  осының  бәрі  кейінгі 
ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл 
жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-
бірімен үндесіп тұр.
Көне түркі жазба ескерткіштерін алып қарастырсақ, біріншіден, 
олардың  заттық,  яғни  материалдық  сипатқа  ие  болып,  еркіндік, 
азаттық  пен  тәуелсіздіктің  нышандарын  айғақтайтын  мемлекеттік 
рәміздер белгілерін  көруге болады. Мысалы, Күлтегін ескерткішінің 
ұшар  басы  бөрі  бейнелі  бесбұрышты  қалқан  түрінде  ойылуы 
кездейсоқ  емес.  Көк  бөрі  –  түркі  халықтарының  ежелгі  тотемдік 
нанымына негізделгендігі белгілі. Қытай жылнамаларында түркілер 
әулетінің  негізін  қалаған  Ашина  Алтай  тауына  қоныс  тепкеннен 
кейін, «өзінің тегін ұмытпайтындығын елге жария ету үшін қақпасына 
қасқыр  басты  туын  іліп  қойды»  делінген.  Толық  бөрі  бейнесін 
оның басы арқылы беру «тұтастықты бөлшек арқылы беру» деген 
ғылыми  принципіне  негізделген.  Мұндағы  бөрі  бейнесі  көркемдік 
емес,  саяси-әлеуметтік,  яғни  елдік  пен  еркіндікті,  тәуелсіздік  пен 
азаттықты  айшықтайтын  тудың  рәміздік  нышаны.  Бөрінің  бейнесі 

69
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
көптеген түркі тайпалары мен руларының таңбасы болған. Қазірде 
кейбір  түркі  тілдес  халықтар  қауымдастығының  рәмізі  ретінде 
қолданыста. 
л.  Н.  Гумилев  те  өзінің  орхон-Енисей  ескерткіштеріне  талдау 
жасағанда руникалық жазулар эпитафиялық емес, публицистикалық 
сипатта  деп  жаңа  бір  пікірді  білдірген  болатын:  «үш  жазудың 
мәтіндері де түркілердің  барлық қоғам мүшелеріне үндеу тұрғысында 
айтылған, оның өзінде ештеңемен  бүркемелемей, халықты сендіргісі 
келеді.  Ендеше  жазу  –  үндеу,  ондағы  берілген  материал  таңдап 
алынған.  Мұндай  жанрдың  болуының  өзі  сөздің  түркі  қоғамында 
нақты  күш  екендігін  көрсетеді.  олай  болса,  дамыған  қоғам  және 
қоғамдық пікір де бар». о. Сүлейменов те публицистиканы әлемдік 
тарихқа  ескерткіштің  кірігуінің  кезеңі  ретінде,  сонымен  қатар, 
бұқаралық  санаға  кеңінен  тартылуы  тұрғысынан  қарастырады. 
Ендеше,  бұдан  шығатын  қорытынды:  «Мәңгілік  Ел»  –  көне  түркі 
жазба ескерткіштерінде Ұлы Түркі қағанаты мемлекетінің манифесі 
ретінде жария етілген.
Ескерткіште  «мәңгі  ел»  Өтікенде,  яғни  түркі  мемлекетінің  бас 
ордасымен  бірге  айтылған.  «Қаған»,  «қан»,  «хан»  атауларының 
бір-бірімен  тығыз  байланысты  екеніне  кәсіби  мамандар  ерекше 
көңіл  бөледі.  в.  Бангтың  пікірінше:  «йетікан»  (жұлдыз  атауы) 
сөзіндегі «кан» және «мәңгілік елдің» сақталуын Түркі қағанатының 
астанасы  –  «Өтікенмен  байланыстырған  Күлтегін  мен  Білге  қаған 
ескерткіштеріндегі  («Өтікен  жынысында  отырсаң  мәңгі  ел  тұтып 
отырар  ең»)  сөздің  соңғы  буыны  «кен»  ~  «кан»  да  осы  [5,  40  б.]. 
«Қан» сөзі батыс ғұндарда да болғанын Атилланың Арықан (Арығ 
қан – таза, пәк патшайым) есімді әйелі болғанынан байқауға болады 
[6, 173 б.; 7, 221б.; 8, 97 б.]. Атақты ақ ғұн әміршілерінің бірі византия 
деректерінде  Күн  хан  (V  ғ.)  деп  көрсетіледі  және  «хан»  сөзінің 
ғұндар дәуірінің өзінде «ел» терминімен қатар қолданылғаны мәлім 
болып  отыр  [9,  322  б.].  Асылында  түрікше  екені  белгілі  және  кей 
жер атауларында кездеседі (мысалы: Ханбалық – Хазар астанасы)  
[10,  452  б.].  Бұл  термин  түріктер  исламды  қабылдаған  соң  да 
қолданыстан түскен жоқ. Сөздің кең географиялық аймақта әртүрлі 
мағынада қолданылғаны мәлім.

70
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
«Мәңгілік Ел» идеясын  әл-Фарабидің саяси-философиялық 
тұрғыдан негіздеуі
әл-Фараби  ежелгі  грек  философиясы  мен  шығыстың  мұсылман 
ілімдерін  байланыстыра  отырып,  түркі  дүниесінің  «Мәңгілік  Ел» 
философиясының  теориялық  негіздемесін  жасап  берді.  Ғалым 
«Мәңгілік  Ел»  теориясының  негізгі  ережелерін  «Қайырымды 
қала  тұрғындарының  көзқарастары  туралы»,  «Азаматтық 
саясат»,  «Мемлекет  билеушінің  нақыл  сөздері»  шығармаларында  
баяндайды.  Ғұлама  ғалым  өмір  сүрген  кезеңде  түркілердің  қала-
мемлекеттері көп болған еді. Сондықтан ол «мемлекетті» көбінесе 
«қала» түсінігімен қатар қойды. Бақытқа жету жолында адамдардың 
арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, 
достық  пен  бейбітшілік,  тәрбие  мен  тәлім  –  әл-Фарабидің  тұтас 
әлеуметтік-саяси  теориясының  ажырамас  бір  бөлігін  құрайды. 
Мемлекет  пен  қоғамның  кемелденуі  туралы  әлеуметтік-саяси 
теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін  
адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері 
мен механизмдері ашылды. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда 
түркітілдес мемлекеттердің  ұлттық құндылықтары ретінде саналуы 
тиіс.
Фараби  өз  трактаттарында  қоғамдық  саяси  мәселе  бойынша 
халық  билігімен  демократия  жайлы  айтады.  Мәдениетсіз 
қалалардың  барлық  түріне  қарама-қарсы  қайырымды  қалаға  ең 

71
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
жақыны  коллективті  қала  дейді.  Бұл  қаланың  тұрғындары  барлық 
іс-қимылды  тең  құқылы,  бұл  жерде  бағыныштылар  мен  билік 
етушілер жоқ. Ал қаланың басшылары құрметке иеленгендер ғана 
бола  алады.  Фараби    бостандықпен  тең  құқылыққа  ықыласпен 
қарайды, бірақ басшысыз, оның өкіметінсіз жалпыға ортақ бақытқа 
жету мүмкін емес деп есептейді.
Өзінің «қайырымды» және «қайырымсыз» қалалардың әртүрлі 
мінездемелері  мен  классификацияларында  Фараби  қоғамның 
жетілдірілген  әлеуметтік құрылымын қайта жасады. ол қала-мем-
лекеттің  қоғамдық  өмірінің  толық  мінездемесін  береді.  Фараби: 
«Адамның жануарлар әлемінен бөлініп тұратыны ақыл ойы және 
тәнінің  жетілдірілгендігімен,  бірақ  та  адам  одан  әрі  жетіле  түсу 
үшін ол тіл және әртүрлі өнерге зәру», – деді.
Фараби  мемлекеттің  міндетін  және  оның  ішкі  және  сыртқы 
міндеттерін  толық  анықтап  береді.  Сыртқы  міндеті  мемлекеттің 
қайрымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан 
қорғау,  яғни  күшті  қорғаныс  ұйымдастырумен  анықталады.  Ішкі 
міндетінде  мемлекет  өз  халқының  бақытқа  жетуі  үшін  көрнекті 
шараларды іске асыруы керек: әділеттілікті  орнату, халықты оқыту, 
оларды  керекті  ғылыммен  толықтыру,  адамгершілікке  тәрбиелеу, 
қайырымдылықты  тарату  және  ең  жақсы  бақытқа  жеткізетін  
әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі экономикалық және 
саяси мәселелерге яғни негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың 
бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді. 
Бұл айтылғандарға да деректі сол кездегі түркілердің күнделікті 
өмірінен алуға болады. Бірде Хосроу 1 Ануширван хан аңға шығып 
бара жатып, бір ауылдың жанынан өткенде жасы 90 шамасындағы 
қарияның жерге грек жаңғағы ағашын отырғызып жатқанын көреді 
де,  таң  қалып:  –  Қария,  сен  грек  жаңғағының  ағашын  отырғызып 
жатырсың  ба?  –  деп  сұрайды.  Қария  оған:  –  Иә,  әміршім,  –  деп 
жауап береді. Әмірші: – оның жемісін көру үшін саған қанша жыл 
керек?, – деп сұрайды (грек жаңғағының ағашы отырғызылғаннан 
кейін 20 жылдан соң жеміс беретінін ескеріп). Сонда қария былай 
деп айтыпты: – Бұрынғылар отырғызды, біз жедік, біз отырғызамыз, 
кейінгілер жемісін көреді. – Саған даңқ берсін, – депті Нуширван 
қарияның даналық сөзіне қатты риза болып.  

72
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
 «Құтты білік» – Мәңгілік Елдің алғашқы Ата заңы
«Құтты  білік»  дастаны  орта  ғасырларда  өркениетті  ел  болған 
Қарахан  әулеті  мемлекеті  түріктерінің  тілінде  жазылғаны  белгілі. 
Жүсіп  Баласағұн  «Құтты  білікті»  1069–1070  жылдары  Баласағұн 
қаласында  бастап,  он  сегіз  айдың  ішінде  Қашқар  қаласында 
аяқтаған.  Қарахан  әулеті  билік  жүргізген  дәуірде  ұлан-ғайыр 
өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін 
ережелер,  сондай-ақ,  қоғам  мүшелерінің  құқықтары  мен 
міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы 
олқылықтың  орнын  толтыру  мақсатымен  Жүсіп  Баласағұн  өзінің 
«Құтты білік» дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада 
елдегі  Ата  заң  (Конституция)  қызметін  атқарған.  шығармада  ел 
басқарудың, экономиканы, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды, әскери 
істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы да басқа мемлекеттің 
әл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық 
тілмен  баяндалады.  Жүсіп  Баласағұн  дастанда  патшалар 
мен  уәзірлердің,  хан  сарайы  қызметкерлері  мен  елшілердің, 
әскербасылар  мен  нөкерлердің,  тәуіптер  мен  аспаздардың, 
диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, 
білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай 
болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мәселені әмірші-
патшаның өзінен бастайды.

73
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Сол сияқты, саманидтердің түркі әулетінен шыққан, Бұхараны 
билеген  эмирі  Ахмед  ханның  баласы  Исмаил  өте  әділ  болып, 
өзінің халыққа жасаған көп жақсылықтарымен көзге түскен. оның 
бір әдеті болған екен. Қыстыгүні қатты суық пен боран болғанда 
өзі атына мініп алып, қаланың ортасындағы алаңда түскі намазға 
дейін  болуды  әдетке  айналдырған.  Мұның  себебін  ол  былай  деп 
түсіндіреді:  «Мүмкін,  маған  жолығу  үшін  аймақтардан  келген 
адамдар  боран  мен  суықты  күндерде  біздің  сарайды  тауып  келе 
алмауы,  тамақ  ішетін    немесе  тоқтайтын  жері  болмауы  мүмкін. 
Ал  мен  алаңда  тұрсам,  олар  келіп,  бірден  шаруаларын  айтып, 
тындырып кетулеріне мүмкіндік алады».
Түркілер құрған империя тек «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің 
күшімен»  ғана  құрылған  емес  еді.  Ежелгі  Қытай  данышпаны  лу 
Цзя: «империяны атқа отырып жаулауға болар, бірақ оны ат үстінде 
отырып басқару мүмкін емес» дегеніндей, түркі басшылары өзінің 
иеліктерін  билеуде  түрлі  бейбіт  іс-шараларды  шебер  пайдаланды. 
Мысалы,  иеліктерін  басқаратын  жергілікті  өкілдеріне  лауазымдар 
мен  атақ  дәрежелер  беріп  отырды,  діни  наным-сенімдердің 
әртүрлілігіне  толеранттылықпен  қарады,  қыз  берісіп,  қыз  алысу 
сияқты  сол  кездегі  дипломатиялық  әдіс-тәсілдерді  де  ұтымды 
пайдаланып отырған.
Дамыған  орта  ғасырдағы  Ұлы  Даланың  мемлекеттік  басқару 
дәстүрінің негізі, белгілі бір дәрежеде, орхон–Енисей түркілерінің 
дәуірінде-ақ қаланған еді. шыңғыс ханның Алтын орда империясы 
да өзінің мемлекеттік басқару жүйесін құрғанда өзінің алдындағы, 
яғни  Түрік  қағанатының  ел  басқару  құрылымдарын  тек  жоғары 
деңгейде  қайталаған болатын.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет