Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай ералы тоғжанов



жүктеу 0.92 Mb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата22.12.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тарихи сабақтастық
Ұлытау – Мәңгілік Ел мекені. Ұлытау төрінде өткен тағлымы мол 
тарихты  зерделеген,  қазақтың  патриоттық  сезімін  оятатын  зерделі 
сұхбатында  Елбасы:  «Тарихтың  куәгері  –  Ұлытау»,  –  деп  қадап 
айтқан еді. шын мәнісінде көпшілік Ұлытаудың Жошы хан билеген 
тұсындағы  үздік-үздік  оқиғалары  болмаса  оған  дейінгі  қазақтың 
ата-бабаларының  тарихына  қатысты  жерлерін  біртұтастықта  біле 
бермейді.
Ұлытаудың  тарихы  қазақ  тарихының  ежелгі  дәуірімен  бірге 
басталатыны  және  әр  тарихи  кезеңдерде  жалғасып,  сабақтасып 
отыратындығы  Елбасының  Ұлытауға  барған  сапарындағы  «Бұл 
жерді ғұндардың да, көк түріктердің де, Алтын орданың да орталығы 
болған жер» деген сөздерімен толық үндеседі. орталық Қазақстанды, 
яғни  Сарыарқаны  қола  дәуірінен  бастап  зерттеген  әйгілі  ғалым 
Ә.  Марғұлан  ол  жердің  материалдық  мәдениетін  археологиялық 
тұрғыда,  ал  рухани  мәдениетін  ауыз  екі  жыр–аңыздары  арқылы 
зерделеп,  бүгінгі  және  келешек  ұрпаққа  өзінің  тамаша  еңбектерін 
қалдырып  кеткені  белгілі.  ол  Ұлытау  ауданындағы  Арғанаты 
тауының  Мық,  Домбауыл,  Айыршоқы  қыраттарындағы  тас 
мүсіндерді зерттеп жүріп, ішінде қазақтар «қос алып», «қос батыр» 
деп  атайтын  алып  мүсіндерге  ерекше  көңіл  аударады.  олардың 
ежелгі заманның алыбын, батырын кескіндейтінін, сол қолындағы 
ұзын тік семсердің ғұндар заманына жататынын айтқан. Сонымен 
қатар,  Ұлытау  өңіріндегі  ғұндар  қорғандарының  да  көптігін  тілге 
тиек еткені белгілі.

75
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Қазақ  даласындағы  неғұрлым  ертедегі  тарихи  ескерткіштер 
–  Авестада,  Махабхаратада,  Пехлевилердің  бундахишні  және 
Фирдоусидің  шахнамасында  аңызға  айналған  «Қанха»  осы  түркі 
дәуіріндегі  Ұлытаудағы  Кеңгір  (түркі  дәуірінде  «Кеңгерес») 
алқабы  екендігі  кейінгі  зерттеулерде  кеңінен  қарастырылып, 
негізге алынғаны белгілі. Бұл мәселені дәлелдеуде А. Н. Бернштам,  
Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Б. А. литвинский, С. Г. Кляшторный, 
л. М. левина және Ю. Ф. Буряков сияқты ғалымдардың көп еңбек 
сіңіргендерін айтқан абзал.
Сырдарияның орта ағысынан төменгі сағасына және солтүстік-
шығысына қарай Ұлытау өңірі жартылай көшпелі және отырықшы 
жер өңдеумен  айналысқан ежелгі ғұндар мен сақтар мемлекетімен 
тұстас  және  аралас  өмір  сүрген  кангюйлер  мемлекетінің  ежелгі 
мекені  болған.  Сонымен  қатар,  қазақ  шежіресіндегі  қаңлылардың 
ішінде  үш  жүздің  де  басты  руларының  аттарының  кездесуі,  ал 
қаңлының  өзі  әу  баста  «қарақаңлы»  және  «сарықаңлы»  деп  екіге 
бөлінуі  басында  аталған  «сарыкеңгір»  мен  «қаракеңгір»  немесе 
сары түргеш пен қара түргеш атауларына сәйкес келуі де кездейсоқ 
емес. оның бер жағында қазақта «қаңлысыз хан сайламайды» деген 
сөздің  өзі  қаңлыларсыз  мемлекет  құрудың  мүмкін  еместігін  де 
байқатқандай.
Қаңлы тарихын зерттеушілердің көпшілігі Қытай жылнамалары 
мен Авеста шығармаларынан белгілі біздің заманымыздан бұрынғы 
III-I  ғасырларда  Сыр  бойы  мен  Қаратау  алқабын,  ал  жайлаулары 
қазіргі орталық Қазақстан, яғни Ұлытау өңірі болып, өзінің дербес 
мемлекеті  қаңға  тайпалар  бірлестігінен  тұрғанын  және  одан 
кейінгі  дәуірлерде  де  сол  өлкені  қоныстанып,  біртұтас  этностық 
қауымның негізі екенін мойындаған. Мысалы, Қытайдың «шицзи» 
жылнамасының  «Давань  туралы  хикая»  түсініктемесінде  Кангюй 
мемлекетінің орналасқан жерін «қазақтың Ұлы жүзі мен орта жүзі 
көшіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындағы далаларды алып 
жатыр» делінген.  Қытай ғалымы Уи Иуан, одан кейін Чи Иұншы 
«Үш  ордаға  бөлінген  қазақтар  ежелгі  қаңлы  елі»  дейді.  Жапон 
ғалымы  Сиратори:  «Ежелгі  қаңлылар  тұрмысы,  ғұрып-әдет  және 
тіл  жағынан  қазіргі  қазақтар  еді»,  –  деп  ашық  жазады.  ол  осы 
«қаңғыр (қаңлы) деген сөзге «қарулы, жақсы-жайсаң» деген мағына 
береді. Қарахандар мемлекетінің мәшһүр ғалымы Маһмұд Қашғари 

76
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
де  өзінің  атақты  сөздігінде  «қыпшақ  тайпасының  жақсы-жайсаң 
ұлықтары  қаңлылар  еді»  деген  тұжырым  айтады.  Сонымен  бірге, 
Сираторидің    қаңлылардың  түркі  тілдес  ұлыс  болғандығын  және 
оның басқарушысының би болғандығын дәлелдегенін де айта кеткен 
орынды.  Бұл  жерде  ол  қазіргі  кездегі  Еренқабырға  (Тянь-шань) 
өңірінде    тұратын  қазақтардың  да  өздерінің  басшыларына  «би» 
лауазымын қолданатынын келтірген. Ал біздің қазақ мемлекеттілігін 
айтқанда тұтас билер институтының қалыптасқандығын еске алсақ 
жеткілікті.  Әрине,  қазақ  халқының  толыққанды  қалыптасуының 
аяқталуы  ежелгі  қаңлылар  мемлекетінен  кейін  ондаған  ғасырлар 
өткеннен соң жүзеге асса да, олардың осы  процеске өзекті ұйтқы 
болғандығын теріске шығару мүмкін емес.
Бізге  белгілі,  бабаларымыздың  тарихы  өз  бастауын  эпикалық 
дәстүр  жанрындағы  шығарма  –  «Қорқыт  Ата»  кітабынан    алады. 
Кітаптағы  12  бөлімнің  бірі  –  «Доқа  Қожаұлы  Дели  Домрул» 
әңгімесіне арналған. осы жырды кезінде Домбауыл атымен Ұлытау, 
Сарысу қазақтары жатқа айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. 
Ал,  жырдың  ауызша  түрін  19-ғасырдың  соңында  Г.  Н.  Потанин 
Сырымбетте  болғанда  Махмұд  Уәлихановтан  жазып  алған.  осы 
күнге  дейін  Ұлытаудағы  Жошы  хан  кесенесінен  үш  шақырымдай 
қашықтықта  тастан  қаланған  «Домбауыл  дыңы»  күмбезі  тұр. 
Күмбездің  салыну  уақыты  8-9-ғасырларға,  яғни  оғыз–қыпшақ–
қарлық    ру-тайпаларының  аралас  жүрген  кезіне  сәйкес  келеді. 
Жалпы бұл жыр тәңірлік наным-сенімдегі түркілердің оңтүстіктен 
кіріп  келе  жатқан  исламмен  кездесуіне  байланысты  туындаған 
тамаша аңыздық, бірақ тарихи-деректік проекциясы бар туынды.
Ұлытаудағы  қариядан  жазып  алған  шоқан  Уәлихановтың 
жинақтарындағы  «Қорқыт  сарыны»  қобыз  күйін  де  осы  Қият 
тайпасынан  шыққан  ер  Домбауыл  өзі  мерген,  өзі  қобызшы  асқан 
шеберлікпен    тартқан.  Ұлытаудың  батыс  төңірегіндегі  «Сарын 
шоқысы» Домбауылдың күй тартатын және шығаратын орны ретінде 
ел аузында қалған.
Ұлытауда  Қорқытты  ұстазы,  сиынатын  қорғаушысы  ретінде 
санаған бағаналы Қойлыбай бақсы болған. Қорқыт Ата кітабындағы 
сюжетте  Салор  Қазанның  ордасына  жау  шауып,  қойшыдан  басқа 
ешкім қалмайды. осы кезде ауа райы бұзылып, аспанды кара бұлт 
торлап, қатты дауыл соғады. Сонда ағашта ілулі тұрған қобыздан үн 

77
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
шығып, күй тартылады. осы бір сәт қазақ әпсаналарында тамаша 
суреттеліп, «Қойлыбайдың қобызы» атты көлемді дастан тұрғысында 
жырланған. Бұл жырдың келесі бір нұсқасында Қойлыбай қобызын 
ат  бәйгесіне  қоспақ  болады.  Ұзын  саны  үш  жүздей  сәйгүлік 
тұлпарлар  бәйгеге  қосылғанда  жарысты  ұйымдастырушылар 
Қойлыбайдың қобызын бәйгеге қатыстырмау мақсатында бір жуан 
терекке  арқанмен  байлап  қойған  екен.  Сонда  Қойлыбай  қобызы 
туралы сарын айтқанда дауыл соғып, күн бұзылып, боран соғады. 
Сөйтіп қобыз ағаштан босанып ат жарысында бәрінен озып бірінші 
келеді.  Қазақ  аңыз-жырларында  Қойлыбайға  күш  беріп,  піріне 
(Қорқыт)  сиындыратын  –  қобыз.  шоқанның  айтуынша  да,  қазақ 
бақсы-жыраулардың  ішіндегі  ең  ірісі  және  күштісі  Қойлыбай 
қобызшы болған.
Қорқыт  Ата  кітабында  Ұлытау,  Кішітау,  ортау  (ортаг),  Кертау, 
Құтты қия (ортаудың биік шыңы), т.с.с. таулар мен жер-су аттары 
жиі кездеседі. Бұлардың барлығы Түркі қағанаттары дәуірінде қазақ 
халқының құрылуына негіз болған төскейде малы бір, төсекте жаны 
бір – түргеш, оғыз–қыпшақ– қарлық ру-тайпаларының көшіп-қонып 
жүрген  жерлері  болған.  Бұланты,  Дулығалы,  Кеңгір  өзендерінің 
бойы, Арғанаты, Терісаққан аймақтары да Ұлытау өңіріне кірігеді.
Ұлытау – ежелгі түркілер империясының ел апарып қондырған 
мекені  болғаны  Моңғолиядағы  Тес  өзені  бойындағы  бітіктаста 
ойылып  жазылған.  онда  түргеш  халқының  «Кеңгереске» 
қоныстанғаны айтылған. С. Е. Малов пен С. Кляшторныйдың бұл 
жазуды қате оқығанын, алғаш оқыған в. Томсен нұсқасының дұрыс 
екендігін  дәлелдеген  ғалым–түрколог  Алтай  Аманжолов  болатын. 
ол: «Ғылыми зерттеулер мен сөздің сөйлемдегі мәндік мағынасына 
зер салсақ, «Кеңгерес» халық атауы емес, жер атауы. Бұл жөнінде 
в. Томсеннің пікірін 1968 жылы түрік ғалымы Т. Текин және қазақ 
ғалымы  Ғ.  Мұсабаев  қызу  қолдаған»,  –  дейді.  Сонымен  бірге  ол 
Кеңгерестің  қай  жер  екендігіне  баса  назар  аударып,  оның  Сарысу 
мен  Кеңгір  алқабының  бір  кездегі  аты  екендігін,  ол  Сыр  мен  шу 
бойына  жалғасатындығын  айтқан.  Бұл  «Ұлытаудағы  Сарыкеңгір 
мен  Қаракеңгір  аттарында  сақталған»  [11,  82-84  б.],  –  деп  жазып 
қалдырған еді. Бұл туралы жазу ежелгі түркілердің «Мәңгілік Ел» 
мемлекеттік  идеологиясын  саяси  манифест  ретінде  жария  еткен 
«Күлтегін бітіктасының батыс жақ бетіндегі 39-жолынан да көруге 

78
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
болады.  онда  қара  түргештерге  бару  үшін  Кеңгереске  бет  алғаны 
айтылған.  Бұдан  «Мәңгілік  Ел»  идеологиясының  жария  етілген 
кезінде  қазақ  халқының  қалыптасуында  маңызды  рөль  атқарған 
түргештердің  Ұлытау  өңірінде  ел  болып  отырғанына  көз  жеткізу 
қиын емес.
Қазақ  халқының  құрылуы  тақырыбына  алғаш  қалам  тартқан 
ғалымдардың  бірі  тарихшы  М.  Ақынжанов:  «Қазақ  халқына 
негізінен алғаш ұйтқы болған Түргеш пен Қарлық одағы болды» [12, 
149 б.], – деп пайымдады. Мұны моңғолдық қазақ ғалымы Ислам 
Қабышұлы да қолдағаны белгілі. Ендеше ежелгі түркі дәуірінде-ақ 
қазақ халқының негізін құраған түркі ру- тайпалық бірлестіктерінің 
мемлекеті Ұлытау өңірінде өмір сүрген деп анық айта аламыз.
Алтын  орда  тұсындағы  Жошы  хан  билігінің  кезі  Ұлытау 
тарихының  әйгілі  бір  кезеңі  болып  табылады.  Алайда  бұл 
кезеңді  айтқанда  мынаны  ескерген  жөн.  Жошының  өзі  шыңғыс 
шапқыншылығының  нәтижесінде  келіп  хан  болғанымен,  сол 
Дешті  қыпшақ  даласындағы  жергілікті  кейін  қазақ  халқының 
қалыптасуында  негізгі  рөл  ойнаған  оғыз–қыпшақ–қарлық  ру-
тайпаларының арасына сіңіп, биліктегілермен бірге өздері соларға 
ұқсап кетті деп көрсетеді ортағасырлық деректер көзі.
Сонымен  қорыта  айтқанда,  Ұлытау  қазақ  тарихының  ежелгі 
кезеңдері  мен  дәуірлерінде  өзіндік  орны  бар,  халқымыздың 
күнделікті өмірі мен маңызды тарихи оқиғаларының куәгері болған 
киелі мекен. олай болса, Елбасы айтқандай, «Мәңгілік  Елдің жолы» 
да осы Ұлытаудан басталатыны анық.
Алтын  орда  дәуірінде  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  «Мәңгі  Тәңірінің 
күші»  тұрғысында  кездеседі.  Мысалы,  Күйік  ханның  мөрінде, 
Арғұн  ханның  француз  королі  Филипке  жазған  хатында,  Алтын 
орда  ханы  Өзбектің  елшісін  растаған  құжатта  «Мәңгі  Тәңірінің 
күші» сөздерімен басталған.
Қазақ  хандығы  тұсында  «Алаш»  идеясы  осы  «Мәңгілік  Ел» 
идеясының жалғасы болды. Қазақ тарихын зерттеуші әйгілі американ 
тарихшысы Марта олкоттың: «осындай ұлан-ғайыр жерге иелік ету 
оларға оңай болмаған. Сондықтан «бір Алаштың баласымыз» деген 
ой-тұжырым  тамаша  идея  болды.  Себебі  осы  идея  қазақтардың 
басын қосты», – дегені белгілі. Ал Мұстафа шоқайдың «Біртұтас 
Түркістан идеясы» осы «Мәңгілік Ел» идеясының түркі әлеміндегі 
бір көрінісі болды.

79
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Сонымен, көне тарихтан бастау алған ұлттық идеямыз қазір де 
тарихи  сабақтастықты  бастан  кешіріп,  тәуелсіз  мемлекетіміздің 
рухани  тұрғыдан  тұрақты  даму  ресурсына  айналып  отыр.  оны 
Елбасының кеше ғана жария еткен  2015 жылға арналған Жолдауында 
айқын көрсетіп берді: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді 
басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға 
айналдырдық.
 
Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат 
көзі. ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы 
Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры». 
ӘдебИеттер
1.  Назарбаев  Н.  Ә.  Назарбаев.  Тарих  толқынында.  –  Алматы: 
Атамұра, 1999. – 296 б.
2.  Монтескье Шарль Луи. Избранные произведения. – М.: Госпо-
литиздат, 2. 1955.
3.  Кант И. Сочинения в 6 томах, 4-й том. – М., 1963. 
4.  Орхон ескерткіштерінің толық Атласы. – Астана: Күлтегін, 2007. 
– 306 б.
5.  F. Laszlo. Kagan ve aіlesі. // Türk Hukuk Tarіhі Dergіsі, І. – Ankara, 
1944.
6.  Gy. Moravcsіk. Byzantіnoturcіca. І-ІІ. – Berlіn, 1958.
7.  Gy. Nemeth /türk.terc./. Hunların Dіlі. – İstanbul, 1962.
8.  P. Vaczy /türk.terc./. Hunlar Avrupa’da. – İstanbul, 1962.
9.  Eberhard  W.  Birkaceski Turk  unvani  hakkinda.  Belleten,  no.35.
Ankara, 1945. 
10. V.Mіnorsky. Hudud’ul-Alem. The Relіgіon of the World, a persіon 
Geography, GMNS, XІ. – London, 1937.
11. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. – Алматы, 
1996.
12. Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы – Алматы, 1957.

80
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Поляк ұлты өкілдерін 
Шығыс Қазақстан жеріне 
күштеп қоныстандыру 
тарихынан 
Шәріпбек ӘмІрбеКоВ,
Шәкәрім  атындағы  Мемлекеттік  университеттің 
ректоры, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі,  
саяси ғылымдарының докторы, профессор,
арафат мамырбеКоВ,
Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті, 
Философия және саясаттану кафедарсының доценті 
м.а.,тарих ғылымдарының кандидаты
Қ
азақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алғаннан  бергі 
кезеңдегі қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістердің 
мазмұны, мемлекетімізде осы заманғы, шын мәніндегі 
ұлттық саясаттың жаңа сипатын қалыптастырып отыр. 
осыған байланысты, елімізде іске асырылып отырған 
ұлтаралық  қатынастар  саясатын  ой  елегінен  өткізу,  оған  жаңаша 
баға  беру  -  қажеттілік.  Қазақстан  Республикасы  сияқты  көпұлтты 
елде, ұлт мәселесінің басты орынға шығуы да заңдылық. 
Қазақстан  халықтарының  Ассамблеясы  1995  жылы  1  наурызда 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  арнайы  жарлығымен 
құрылды.  осы  жерде,  Президент  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Тарих 
толқынында» еңбегінде айтылған «Ұлттық мемлекеттік идея,  қай 
ұлтқа  жататынына  қарамастан,  басты  саяси  құндылық  ретінде, 
күллі  қазақстандықтардың  отаны  –  біртұтас,  тәуелсіз  Қазақстан 
төңірегінде қалыптасады», – деген сөздері  еске түседі [1, 188 б.].
Демократиялық  мемлекет  ретіндегі  дамуымызда,  қазақстан-
дықтардың  көптеген  ұрпақтары  жинақтаған  аса  бағалы  құндылық 

81
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
– риясыз достық пен өзара түсіністік, ең үлкен жетістігіміз болып 
табылады. Қазақстан аумағында өмір сүретін халықтардың тарихын 
зерделеу, әр халықтың мәдениеті мен қазақ қоғамы үшін атқарған 
істерін үлгіге айналдыру, мемлекеттің осы саладағы саясаттын іске 
асыруда өзінің септігін тигізері анық. 
Қазіргі  кезеңде,  тәуелсіздік  жолымен  дамып  отырған,  әлем 
қауымдастығының  тең  мүшесі  Қазақстанға,  дүниежүзілік  тарихи 
дамудың  тәжірибелері,  оның  өткен  тарихын  жан-жақты  үйренуге 
және зерделеуге қажеттілік туғызып отыр. осы орайда, Қазақстанды 
мекен  қылып  отырған  ұлттық  диаспоралардың  тарихына  көңіл 
аудару,  олардың  тарихи  қалыптасқан  мәселелерін  шешудің 
жолдарын көрсету заман талабынан туындайтынын айтамыз.
Қазақстан  топырағында  өніп-өскен  халықтардың  басынан 
өткен  ауыртпалықтары,  негізінен  тарихымыздың  қайшылықтарға 
толы  ауыр  кезеңдеріне  сәйкес  келеді.  осы  бір  кезеңдерде  жүрген  
үрдістерді  зерттеудің,  ұлттық  идеологияны  қалыптастыруда 
маңызы  зор.  осы  жерде  біздер,  ұлтаралық  қатынастардағы  өзекті 
мәселелерді зерттеуде отандық тарих ғылымының мүмкіндіктерінің 
зор екендігін мойындауымыз керек. 
Тарихтың  тағылымы  мынаны  үйретеді.  Кез  келген  өркениетті 
елдердің ұлттық тәуелсіздіктеріне қол жеткізгеннен кейін, мемлекет 
құрушы  ұлттан  басқа  да  ұлттардың  мұң-мұқтажын  назардан  тыс 
қалдырмай, оларға сыйластық танытуы, ішкі тұрақтылықтың кепілі 
болатынын  аңғартып  отыр.  осы  тұрғыдан  келгенде,  Қазақстан 
сияқты елге тағдырдың жазуымен келген, өзге ұлттардың қоныстану 
тарихы, жаңа жерге бейімделуі және тіршілігі жан-жақты зерттеуді 
қажет етеді.
Көпұлтты  Қазақстандағы  диаспоралар  арасында,  саны  мен 
шоғырлана  қоныстануында  және  еліміздегі  еңбек  бөлінісінде 
алатын  қомақты  үлестеріне  қарай  немістер  мен  поляктардың 
алатын орындары ерекше. осы аталған ұлттар өкілдерінің шығыс 
Қазақстанның  қоғамдық  дамуына  үлкен  үлес  қосқандығы  аян.  
ХХ ғасырдың бірінші жартысында мемлекеттік басқару жүйесінде 
әкімшіл-әміршілдік тәсілі жаппай үстемдік құрды. Сонымен қатар, 
Кеңес  мемлекеті  ұстанған  ұлттардың  жеке  белсенділіктеріне  жол 
бермеу, түбінде оларды бір тілде сөйлейтін, бір ортақ мәдениетке ие 
болатын кеңес халқына айналдыру саясаты, шын мәнінде олардың 
ұлт ретіндегі жан-жақты дамуына тұсау болды. 

82
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Поляктардың  Қазақстан  аумағына  қалың  лекпен  келе  бастауы 
1936 жылдан басталды. оған КСРо-ның №776-120СС Украинаның 
батыс  аймағындағы  52  мың  полякты  жер  аудару  туралы  құпия 
қаулысы себеп болды [2]. Мұның себебі – Сталиннің Германиямен 
арадағы соғыста поляктарға деген сенімсіздігі болатын. Украинадан 
поляктардың  тұтас  бір  шоғыры  жер  аударылды.  Қазақстан 
поляктарының  тарихында  1936  жылы  олардың  Украина  мен 
Белоруссиядан  (1936  жылғы  17-қаңтардағы  және  28-сәуірдегі 
заңдар бойынша) жаппай көшу шежіресінің зерттелмеген ақтаңдақ 
тұстары бар. Поляктарды көшіру 1937 жылы да жалғасқаны белгілі. 
Бірақ,  бұл  жылы  көшірілгендер  саны  көп  емес.  «Арнайы  қоныс 
аударылғандар» айдары оларға да таңылды. 
1937-1938  жылдары  да  поляктар  сенімсіз  ұлт  ретінде  күштеп 
қоныс  аударылды.  Қоныс  аудару  БКР  (б)  орталық  Комитетінің 
1937 жылдың 11 тамызындағы №00485 бұйрығымен іске асырылды. 
Сталинның  мақұлдауымен,  Ежовтың  қолы  қойылған  бұйрыққа 
қосымша  «КСРо  дағы  поляк  барлауының  фашистік  қарсылық 
ұйымдастыруы, тыңшылық, диверсиялық және ланкестік әрекеттері 
жайындағы»  жабық  хат  барлық  жергілікті  НКвД  органдарына 
таратылды. Негізінен бұл бұйрыққа дейін, осы жылдың 30 шілдесінде 
№ 00447 бұйрық шыққан болатын. ол бұйрықта ешқандай қосымша 
хат болмады. Себебі, бұл бұйрықта НКвД қызметкерлерінің бәріне 
түсінікті, бұрынғы айыптар тізімі мен мұндай кездерде жүргізілетін 
міндетті шаралар баяндалған болатын. Яғни, тұтқынға алудың есебін 
жүргізу,  айыпты  поляк  азаматтарын  тіркеуге  алу,  ату  жазасына 
іліккен адамдардың тізімін түзу т.б. Бұйрықтың мазмұны бұрыннан 
белгілі  кулактарға,  саяси  қылмыскерлер  мен  бұрынғы  партия 
мүшелеріне,  дінбасыларына,  бір  сөзбен  айтқанда  КСРо-ға  қарсы 
«жауыз элементтерге»  қуғын жасау туралы болды. Ұжымдастыру 
кезеңінен  бері  бұл  іспен  айналысып  келген  НКвД  үшін  бірінші 
бұйрықты орындау оңай болды [3, 22 б.].  
Ал  №00485  бұйрық  мүлдем  басқа  сипатта  еді.  ондағы 
«тыңшылық және диверсиялық әрекеттер» деген сөздер бұрынғыдай 
жекелеген  поляк  азаматтарына  ғана  емес,  КСРо-дағы  поляк  ұлты 
өкілдеріне түгел тағылған айып болды. Айыпталушылар қатарына 
бұрынғы  әскери  поляктар  да  енді.  Бұл  жағдай  сол  кездегі  КСРо 
территориясындағы  барлық  поляктарды  қамтыды  десе  артық 
болмайды [3, 23 б.] 

83
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Поляктар 30-жылдары социалистік жүйенің нығаюына қарсылық 
көрсетті.  КСРо  жоғарғы  билігі  Еуропаға  ықпал  жүргізу  алаңы 
ретінде Польшаны қарастырды. Украина және Батыс Белоруссиядағы 
поляктардың  арасында  да  Кеңестік  жүйеге  қарсы  шыққандары 
аз  емес-тін.  оларды  тұтқындап,  шығыс  Қазақстандағы  Өскемен 
қаласындағы №1 түрмеге жіберген.  онда 22 поляк азаматы отырды 
[4, 6 б.]. 
Ішкі Ресейден өзге ұлттарды шет аймақтарға көшіруге мемлекет-
тік  банк  арқылы  ақша  бөлініп  отырған.  1939  жылдың  алғашқы 
тоқсанында көші-қон бөлімдеріне мемлекет бюджетінен ақша ауда-
рылып,  оның  жүзеге  асырылуы  қатаң  қадағаланған.  Қазақстанға 
аударылған ақша көлемі мен қазақ жеріне көш түзегендер санының 
КСРо-ның басқа облыстары мен республикаларына көшірілгендер 
санына  қарағанда  әжептәуір  көп  болғандығы  сөзсіз.  Мысалы, 
осы жылы Иркутскке 9830,  Кросноярске 14514,  омскіге 13 014, 
Ташкентке  23  400  сом  бөлінсе,  бір  Алматының  өзіне  36  300  сом 
бөлінген [5, 20б.]. 
Бөлінген  қаржы  түгел  тексерілген.  Көші-қон  бөлімдері  әр  тиы-
нын  есептеп,  Москваға  есеп  беріп  отырған.  Ақша  уақтылы  түсіп 
отырғанымен,  кейде  қаржының  дұрыс  шотқа  түспеуіне  байланыс-
ты, көшіп келген азаматтарға кешіктіріліп берілген кездері де болып 
тұрған.  Мысалы,  1939  жылы  Семей  көші-қон  бөліміне  бөлінген 
қаржы 8 күн ерте түседі. Бірақ, жіберілген қаржының белгіленген 
сомадан көп екендігі аңғарылады. Мәскеу Семей бөлімшесінің қар-
жылық  шотының  өзгеріп  кеткендігін  ескермей,  ақшаны  бұрынғы 
шотқа аудыруына байланысты қалдықпен қосылып, қаржы көбейіп 
кеткен [6, 388 б.]. Семей көші-қон бөлімшесі келіп түсен қаржыны 
ұстамай, есеп берілгенге дейін Мәскеуден жауап күтіп, ресми жауап 
келгеннен  кейін  ғана  қаржыны  игеруге  кіріскен.  Яғни,  қаржылық 
операциялардан кеткен қателіктер арнайы қоныс аударылғандарды 
діңкелетіп жіберген кездері аз кездеспеген. 
Кеңестер  одағы  1939  жылдың  қыркүйек  айында  және  1940 
жылдың маусым айында гитлерлік Германиямен жасалған келісім-
дер нәтижесінде поляк мемлекетінің шығыс бөлігін иемденді. Кеңес 
билігіне  өткен  аумақтар  Белоруссияның  (вилейск,  Барановичск, 
Белостокс,  Брест,  Пинск),  Украинаның  (волынск,  Ровенск,  лвовь, 
Дрогобычск,  Станислав,  Тарнопольск)  батыс  бөлігіндегі  облыстар 
мен  литваның  біраз  бөлігі  еді.  1940-1941  жылдары  бұл  аумақтың 

84
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
тұрғындарын  КСРо-ның  ішкі  аудандарына  көшіру  басталды. 
Бұл  аймақтағы  тұрғындардың  көпшілік  дені  Польша  азаматтары 
болатын. 1939-1941 жылдар аралығында жүргізілген «поляк көші» 
көші-қон тарихындағы ең ірі көштердің бірі болды. 
КСРо Халық комиссариаттары кеңесінің 1936 жылы 28-сәуірде 
шығарған  №776-120  қаулысы  бойынша,  Украинадан  15000  поляк 
және неміс шаруашылықтары, жалпы саны 45000 адам Қазақстанға 
көшірілді. Солтүстік Қазақстан облысына 37535 адам жер аударылса, 
Қарағанды облысына 8020 адам қоныстандырылды [7, 35 б.]. 
Украина  және  Белоруссияның  батыс  аумақтарынан  көшіру 
кезінде  поляктардың  жылжымайтын  мүліктері,  еңбек  құралдары, 
малдары акті бойынша жергілікті басқармаға өткізілді. Поляктарға 
төмендегі заттарды ғана алуға рұқсат етілді:
Киім-кешек
Көрпе-жастық
Аяқ киім
ыдыс-аяқ
Азық-түлік
Көтеріп  жүруге  болатын  шағын  еңбек  құралдары  (балта,  ара, 
күрек, тырма, қайла, аша, балта, тістеуік т.б.)
Ақша  (көлемі  шектелмеген)  және  зергерлік  бұйымдар  (сырға, 
сақина,  алқа  және  т.б.).  Бірақ,  бір  отбасының  зат  салмағы  500 
келіден  аспуы  тиіс  болды.  Құрал-жабдықтар  мен  ірі  заттар  бөлек 
вагонға тиелді. оларды белгіленген жерлерге жеткізу үшін 55 вагон 
даярланды [8, 8 б.].
Арнайы  қоныстандырылған  поляктар  қаулы  бойынша  сайлау 
құқығынан айырылған жоқ. Тек қоныстанған ауданнан шығуға тиым 
салынды. олар барған жерлеріндегі ауылдық кеңестерге бағынды. 
Көшу барысында барлығының төлқұжаттары тартып алынды. 
Поляктар  әкелінген  елді  мекендерде  дереу  камендатуралар 
құрылып,  олардың  қашып  кетпеуі  қадағаланды.  осы  мекемелер 
қоныстану үрдісін басқарып отырды. Солтүстік Қазақстан облысына 
келген поляктар 31 елді мекенге орналастырылды. Ал, Қарағанды 
облысына келгендері осындағы  бұрын құрылған еңбекпоселкелеріне 
қоныстандырылды [7, 35 б.]. Қара жұмыс орындарына келгендердің 
тұрмысы  Солтүстік  Қазақстанға  әкелінгендердің    жағдайына 
қарағанда жақсырақ болды. Ел ортасына түскендері халық көмегімен 
тұрмыстарын түзеп кетті.  

85
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
1939 жылдың 19 мамырында КСРо Халық комиссариаттары Ішкі 
істер  министрінің  орынбасары  Чернышевқа  НКвД  ГУлАГ-ының 
еңбек лагерлері бөлімінің бастығы, аға лейтинант Кондратов рапорт 
жазады.  Мұнда  ол  КСРо  Халық  комиссариаттары  кеңесінің  1936 
жылы 28-сәуірде шыққан №776-120 қаулысы бойынша, Украинадан 
қоныс аударылған ұлттарға, белгіленген аймақтан шықпау талабын 
сақтай  отырып,  төлқұжат  беруді  және  арнайы  комендатураларды 
жауып,  қоныстандырылған  азаматтарды  жергілікті  милиция 
қарауына өткізуді сұраған [7, 36 б.]. Бірақ бұл рапорттан поляктардың 
тағдыры жеңілдей қоймады.  
КСРо  Халық  комиссариаттары  кеңесінің  1939  жылы  29 
желтоқсанда шыққан №2122-617сс қаулысымен УКСР және БКСР 
батыс аймақтарынан қоныстандырылғандардың арнайы поселкелері 
және  олардың  еңбекпен  қамтылуы  жайлы  ереже  қабылданды. 
Ережені  КСРо  Ішкі  істер  халық  комиссары  л.  Берия  бекітті.  ол 
ереже  бойынша,  «осадниктер»  және  олардың  бала-шағалары 
арнайы поселкелерге қоныстандырылып, орман шаруашылығында 
еңбек  етеді.  Сондай-ақ,  әр  поселкеге  100  ден  500  жанұяға  дейін 
қоныстандырылады.  Арнайы  қоныстандырылған  «осадниктерге» 
КСРо  «Наркомлес»  орман  шаруашылығы  жұмысшыларына 
тағайындалған  жатақханалар  бөлінуі  және  тұрмыстық  қызметтер 
көрсетілуі  тиіс  болды.  Ереженің  төртінші  тармағы  бойынша, 
арнайы  поселкелер  әкімшілік  басқару  жағынан  НКвД  аудандық 
және поселкелік комендатураларына қарады. осы ретте әр ауданда, 
әр  поселкеде  НКвД  комендатуралары  құрылды.  Комендатуралар 
аудан  орталықтарында  және  ауылды  мекеннің  орталығында 
орналасуы қажет болды. Бұл мекемелер поляктардың поселкелерден 
қашып  кетпеуін,  қоғамдық  және  жұмыс  тәртіптерін  қадағалаумен 
айналысты [8, 4 б.]. 
1940 жылдың 10 ақпанында, 13 сәуірінде және 29 маусымында 
поляк азаматтары үш лек болып көшірілді. Ал, 1941 жылдың мамыр 
және  маусым  айларында  КСРо-ның  батыс  бөлігіндегі  поляктар 
көшірілді.  Поляктарды  көшіру  бір  күндік  операциялардан  тұрды. 
Яғни,  халықты  алды-артына  қаратпай,  бір  күннің  ішінде  үдере 
көшіріп  отырды.  Мұндай  алқын-жұлқын,  аяқ  асты  жер  аудару 
шараларына  қарсылық  та  көрсетіліп  жатты.  Дегенмен,  ондай 
наразылықтарға  қарамастан,  поляктар  вагондарға  тоғытылды. 
Бір  эшелонның  сапары  жол  қашықтығына  байланысты  2-4  аптаға 

86
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
созылды.  Соңғы  станцияға  түскен  соң,  оларды  ауыр  көліктеріне 
немесе кемелерге тиеп, белгіленген жерлерге апарып тастайтын [9, 
114-115 бб.]. 
«осадниктерді»  көшіру  1940  жылдың  10  ақпанында  басталды. 
оларды орналастыру үшін КСРо-ның 21 облысыннан 115 арнайы 
поселке белгіленді. осылайша, 129.596 адам жат жерге өз еріктерінен 
тыс,  мәжбүрлікпен  көшірілді.  Қазақстанның  Семей  облысына 
300,  Ақмола  облысына  414,    Павлодар  облысына    221,  Қостанай 
облысына  186  және  шығыс  Қазақстан  облысына  80  отбасы  келіп 
түсті [9, 34 б.]. Сөйтіп, қазақ жеріне жалпы жиыны 5389 поляк келіп 
қоныстанды [9, 41 б.]. Ақмола облысының шортанды ауданына 506, 
Сталин ауданына 633, Степняк ауданына 849, Қостанай облысының 
Жетіқара ауданына 884, Павлодар облысының Баян-Ауыл ауданына 
1108 адам қоныстандырылса, шығыс Қазақстан облысының  Самар 
ауданына 325, Семей облысының Жарма ауданына 1085 поляк келіп 
орнықты  [10,  61  б.].  Поляктар  Жарма  ауданының  үш  ауылына, 
Балажалға  49,  Қазаншұңқырға  84,  Ақжалға  99  отбасы  келді. 
олар  ауыл  шаруашылығындағы  қара  жұмыс  істеумен  қоса,  түрлі 
кеніштерде, алтын өндірісінде бел жазбай еңбек етті [10, 42 б.].
НКвД ГУлАГ-ының еңбекпен түзеу колониясы және қара жұмыс 
қоныстары  (трудпоселение)  басқармасының  1940-шы  жылдың 
бірінші жартысында берген есебінде КСРо бойынша 988 346 мың 
адамның 1677 қара жұмыс қонысына орналастырылғаны жазылады. 
осы  есепте  Қазақстанда  5595  жер  аударылған  «осадник»  өмір 
сүретіні  айтылған.  олар  жұмысшылардың  құрылыс  саласында 
78,8 %, түсті металлургияда 77.4%, көмір өндірісінде 79.7%, балық 
шаруашылығында  82.3%  құрады  [11,  6-7  б.].  Қалай  дегенмен  де, 
олардың  еңбекпен  қамтылуы,  еңбек  ету  қарқыны  жоғарғы  билікті 
қанағаттандырмады.  осы  ретте  әйелдер  мен  жеткіншектерді 
қара  жұмысқа  тарту  мәселесі  көтеріліп,  1940-шы  жылдың  екінші 
жартысында әйелдер де, балалар да қара жұмысқа алына бастады. 
1940-шы  жылдың  басында  лек-легімен  келген  арнайы  қоныс 
аударылғандардың санын есептеуде түрлі қателіктерге жол берілді.  
Қабылдаушы  жақ,  яғни  Қазақстан  тарапынан  қате  ақпараттар 
беріліп,  кейбір  жағдайларда  жанұялардың  есебі  орталықтағы 
мәліметтермен сәйкес келмей жатты. Мысалы, 1941-шы жылдың 1 
қаңтарында жіберілген есепте Семей облысына қоныстандырылған 
жанұялардың  саны  20  отбасыға  артық  көрсетілген.  осы  себеппен 

87
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
ақпан  айында  арнайы  тексеріс  жүргізілген.  Нәтижесінде  Семей 
облысына  басы  артық  20  отбасының  мүлдем  жіберілмегендігі 
анықталады. Жоғарыға жіберілген есептің қате болуына байланыс-
ты бұл құжат Семейге қайтарылған [7, 35 б.].
шығыс Қазақстан аймағындағы поляктардың саны осы жылдары 
молайды. Немістер қоныстанған ауылдарға поляктар да қоныстан-
ды.  Кейбір  ауылдар  тек  поляк  өкілдерінен  тұрды.  Жалпы  алғанда 
поляк ұлты қазақ және орыс ұлты өкілдері шоғырланған ауылдарға 
қоныстандырылды.  олар  көбінше,  ауыл  шаруашылығында  жұмыс 
істеді.  Бірақ,  тұрмыстары  өте  нашар  болды.  Қазір  осы  нәубетті 
буыннан  қалған  ұрпақ  жоқтың  қасы.  Себебі,  соғыс  аяқтала 
салысымен  шетке  кеткен  шерменде  поляктардың  отандарына 
қайтуға рұқсат етілді. Көпшілігі мүмкіндікті пайдаланып, Украина, 
Белоруссия жерлеріне қайтқан-ды. Ал, осында қалған азаматтардың 
өзі  төлқұжат  алу  барысында  орыс  болып  жазылып,  «аға  ұлтқа» 
жасалған  артықшылықтардың  жемісін  жеді.  Көненің  көзі,  80-нен 
асқан ванда әжейден поляктардың Қазақстанға келу тарихынан сыр 
суыртпақтаған  едік.  Сексеннің  сеңгіріне  шыққан  кейуана  бүгінде 
поляктар  шоғырланған  Бесқарағай  ауданының  орталығы  Бураста 
тұрады. ванда әжей шерлі шежірені былай бастады: «1939 жылдың 
көктемі еді. Өрімдей 18 жастағы бойжеткенмін. Бір түнде солдаттар 
келіп  анамды  жұлқып  оятты  да,  әй-шәйға  қаратпай  түрмеге  алып 
кетті. Анамды қайда әкеткенін біле алмай дал болдым. Үш күннен 
кейін туыстарым анамның Десна қаласында қамауда жатқандығын 
естіпті. Анамды іздеп таптым. Неге қамалғанын сұрағанымда, көзі 
жасқа толған қайран шешем «Өзім де түсінбеймін» деп, ебіл-дебіл 
жылады.  Анаммен  кездесіп,  үйге  қайтар  жолда  көп  солдаттарды 
көрдім, ішім бір жамандықты сезді. Үйге жүгіріп келе сап, сіңілім 
мен бауырыма тығылу керектігін айттым. олардың «Неге?» деген 
сұрағына  «Білмеймін»  деппін  сасқанымнан.  Солдаттар  ауыл-
үйді аралап, жұртты далаға шығарып жатты. Кезек бізге де келді. 
Солдаттар тығылып жатқан жерімізден бізді тауып алды. Қарсылық 
көрсетіп  едік  анамызға  апаратындарын  айтып,  алдап  шығарды. 
Жолға талғажау етер тамақ алып, бауырларымды бауырыма басып 
мен де үрпиісіп тұрған елге қосылдым. Ертеңгісін барлығымызды 
эшелондарға  тиеп,  Деснаға  әкелді.  Портқа  жеткізіп,  кемеге  тиеді. 
Қанша  жүзгенімізді  білмеймін,  ұзақ  жүздік.  Содан  Қазақстан 
аумағына  келіп  бірақ  тоқтадық.  Алғаш  басқан  жеріміз  Известка 
колхозы болды. Қазіргі Беген ауылы. 

88
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Алғашқыда  жағдайымыз  жаман  болды.  Жергілікті  халықтың 
да  жағдайы  мәз  емес  еді.  Ешкімнің  ешкімді  асырауға  күйі  жоқ-
ты.  Қазақтардың  арбаларының  астында  күн  кештік.  орман 
шаруашылығында  жұмыс  істедім.  Тіл  білмедім,  тек  поляк  тілінде 
ғана  сөйлейтін  едік.  Тіл  білмеуім  өмірімді  қиындатты.  Жазда 
орманда,  күзде  танапта  сабақ  тердім.  Кешке  жұмысшыларды 
тексеретін. Соған қарамастан пима қонышына бидай тығып әкеліп 
жүрдім.  Сол  болар-болмас  азықпен  бауырларымды  асырадым. 
Қыс  түсіп,  танаптағы  жұмыс  тоқтағанда  баржыда  жүк  тасыдық. 
Тамақ  тауып  жеу  қиын  еді.  Сөйтіп  жүргенде  тұрмысқа  шықтым. 
Тұңғышым қыз болды. Тұрмысқа шығуыма күн-көрістің қиындығы 
себеп болды. Арқа сүйер қайратты азаматтың жоқтығы титықтатып 
жіберген болатын. 1941 жылы соғыс басталып, жолдасым майданға 
аттанды. Бауырымда баламен, жәутеңдеген екі бауырыммен жалғыз 
қала бердім. Менімен келген барлық поляк азаматтары менің күйімді 
кешті. Тылда қызмет атқардық. «Бәрі де, майдан үшін!» ұранымен 
жан аямай жұмыс істедік. Польшадан келгендерді соғысқа алмады. 
Барлығымыз ауыл шаруашылығында еңбек еттік. 
1945 жылы соғыс аяқталғаннан кейін, поляктарға еліне қайтуға 
рұқсат  берілді.  Тауқыметті  тағдырмен  келген  жерлестерімнің 
барлығы дерлік елге кері қайтты. Ертістің жағасында өзегім өртеніп, 
көзімнен  жасым  сорғалап  тұрып,  отандастарымды  шығарып 
салдым.  Қиын  күндерде  құдай  қосқан  қосағымды  қиып  кете 
алмадым. оның үстіне Польшада орысқа тиген поляк қыздарын жек 
көретін. Барған күннің өзінде тағдырдың маған күліп қарайтынына 
сенбедім. Жолдасым соғыс біткеннен кейін үш жылдан соң оралды. 
Жалғыздық  пен  қиындықтың  зардабын  шегудей-ақ  шектім.  Кешіп 
өткен  қиыншылығым  соғыс  бітіп,  қожайыным  оралғаннан  соң 
өзгерді. ол жылдар көрген түстей, соққан желдей өте шықты ғой. 
Жақсы заман басталып, еңсемізді тіктей бастадық. 
Анам Коми АССР-інде түрмеде отырып шықты. 60-шы жылдары 
анамды  іздеп  Польшаға  барып  қайттым.  Елімді,  жерімді  көрдім. 
Қалып қойғым келгені рас. Бірақ, қызымның болашағына алаңдап, 
қайтып  келдім.  Кейінірек  шешем  де  немерелерін  және  менің  тұр-
мыс-тіршілігімді өз көзімен көру үшін Бесқарағайға келіп қайтты. 
шешем келгенде мұндағы поляктар аз қалған еді. 
Бізді  ешкім  жатсынбады.  Кемсітушілік  көрмедік.  Жергілікті 
халық  бізді  жатсынбады.  Үнемі  көмек  көрсетіп  отырды.  олардың 

89
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
да жағдайлары өте ауыр болды. Соған қарамастан, бізбен барымен 
бөлісті. Менің отаным Қазақстан деп ойлаймын. Себебі, өмірімнің 
ащысы мен тұщысы осы елде өтті. Тек мөлдіреген балалық шағым 
ғана Польшада қалды. Әлі күнге дейін менің Қазақстанға келуімнің 
себебін  өзім  де  түсінбеймін»,  –  деп  көз  жасына  ерік  берді  ванда 
әжей.
Арнайы  қоныс  аударылғандарға  үй  маңынан  бау-бақшалық 
жер берілген. олардың көпшілігі үй ауласына жеміс-жидек өсіріп, 
қыста бақша өнімімен көрді. Поляктар қысылтаяң кездері қазақтың 
кеңпейілділігі  мен  жанашырлығы  оларды  аман  алып  қалғандарын 
естелік етіп жиі айтады. 
осындай  әңгімелерден  кейін,  аталарымыздың  өздері  қысылып 
тағдырдың тауқыметін көріп жүрсе де, бөтенді жатсынбай, барымен 
бөлісе алған қасиеттеріне бас иесің және осы бір тоқшылық заманда 
жастардың өзгеге деген жанашырлығы қаншалықты деңгейде екен 
деген ой еріксіз ойландырады.
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет