Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай ералы тоғжанов



жүктеу 0.92 Mb.
Pdf просмотр
бет8/10
Дата22.12.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘдебИеттер:
1.  Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 
296 бет. 
2.  Губайдулин О. Страшные волны польской трагедий // Караван 
№22. 30 мая 2005 г.
3.  Петров Н.В., Рогинский А. Б. «Польская операция» НКВД 1937-
1938 гг. // Репрессии против поляков и польских граждан. – Мо-
сква, 1997. – С 22-39.
4.  ШҚОММ. 462 - қор. 4 – т.  21 – іс.
5.  РМЭМ. 5675 - қор. 1 – т.  185 – іс.
6.  РМЭМ. 5675 - қор. 1 – т.  271 – іс.
7.  РФММ. 9479с - қор. 1 – т.  55 – іс, 35 п
8.  РФММ. 9479с - қор. 1 – т.  52 – іс, 8 п
9.  Гурьянов А.Э. Польские спецпереселенцы в СССР в 1940-1941 
гг. // Репрессии против поляков и польских граждан. – Москва, 
1997. – С. 114-136.
10. РФММ. 9479с - қор. 1 – т.  61– іс.
11. РФММ. 9479с - қор. 1 – т.  62– іс.

90
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
«Мәңгілік Ел» 
ұлттық идеясының 
философиялық негіздері
төлеуғали бӨрІбаеВ,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 
Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік 
саясаттың ұлттық мектебі «Әлеуметтік-басқару 
технологиялары» кафедрасының меңгерушісі, ҚХА 
Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, философия 
ғылымдарының докторы, профессор
Е
л болу мәселесі, ұлтты сақтау, жерді, туған атамекенді 
қорғау мәселесі қазақ халқы үшін қашанда тарихи даму 
тұрғысынан маңызды болып келе жатқаны белгілі. осы  
аталған  мәселелер  ешқашан  да  күн  тәртібінен  түскен 
емес.  олардың  әртүрлі  тарихи  кезеңдерге  байланысты 
маңыздылығы  артып,  қоғамдық  ой-сананың  өзегіне  айналып 
отырған.  Бүгінде  осы  мәселелер  тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің 
алдында  тұр.  Елбасы  өзінің  биылғы  Қазақстан  халқына  арнаған 
кезекті  жолдауында  былай  деген  болатын:  «Мәңгілік  Ел  –  ата-
бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. ол арман – 
әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып 
тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. ол арман – тұрмысы 
бақуатты,  түтіні  түзу  ұшқан,  ұрпағы  ертеңіне  сеніммен  қарайтын 
бақытты  Ел  болу  еді.  Біз  армандарды  ақиқатқа  айналдырдық. 
Мәңгілік  Елдің  іргетасын  қаладық.  Мен  «Мәңгілік  Ел»  ұғымын 
ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп 
қазығы  етіп  алдым»  –  деп  атап  өткен  болатын  [1].  осы  тұрғыдан 
алғанда,  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясын  мәдени-философиялық 
тұрғыдан  талдауды  осы  мақаланың  басты  мақсаты  ретінде  қарап 
отырмыз.  Себебі  мәдени-философиялық  тұрғыдан  «Мәңгілік  Ел» 
ұлттық    идеясын  дұрыс  талдау,  оған  жүйелілік  тұрғысынан  баға 

91
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
беру, оның ішкі логикасын, мақсат мүддесін ашып көрсету бүгінгі 
күн талабы екені сөзсіз. 
«Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясына  жүйелі  түрде  қарауға  бізді 
итермелеп  отырған  себептердің  ішінде  соңғы  кездері  баспа 
беттерінде  жарияланып  жүрген  алуан  ойлар  мен  сан-қырлы 
пікірлерді  де  жатқызуға  болады.  оларды  бір  ізділікке  салып 
саралайтын  болсақ,  оларды  екі  топқа  бөліп  қарастыруға  болады: 
қолдаушылар және қарсы топтар. Қолдаушылар қатарына, негізінен 
мемлекеттік  құрлымдардың  және  оларға  қызмет  мазмұны  жақын 
келетін  ұйымдардың  өкілдері,  Үкімет  мүшелері,  Парламент 
депутаттары, оқу орындарының басшылары, ректорлар мен мектеп 
директорларын  жатқызуға  болады.  Сонымен  бірге,  қарсы  пікір 
айтушылардың  ойлары  мынандай  тұжырымдарға  келіп  тіреледі. 
Біріншіден, «Мәнгілік Ел» тіркесіндегі «мәнгілік» сөзі тек құдайға 
ғана  тән.  Бұл  өмірде  мәңгі  ештеңе  жоқ.  Екіншіден  «Мәңгілік  Ел» 
идеясы империялық мәңгілікті аңсаудан туындаған идея. шындық-
қа  жанаспайтын  тірлік.  Бұл  идеяда  шамадан  тыс  албырттық, 
бозбалалық  максимализм,  қайнаған  оптимизм,  екпінді  фантазия 
көп деген қарсы ойлар мен пікірлер айтылады. Сондықтан да осы 
жағдайларды ескере отырып, біз «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының 
философиялық  астарына  үңілуді  жөн  санадық.  оның  ұлттық 
идея  ретінде  қоғам  дамуына  тиімді  әсер  ететініне  назар  аударуды 
зерттеуіміздің басты мақсаты ретінде қарастырдық.
Біріншіден,  қандай  да  болмасын  идея,  оның  ішінде  Қазақстан 
жағдайындағы  ұлттық  идея  халықты  біріктіретін,  бір  мақсатқа 
жұмылдыратын, тұтастыққа негізделген, қоғам дамуында шешуші 
рөлге  ие  қозғаушы  күш  болуы  керек.  онда  тек  өткенмен  қатар 
қоғам  дамуының  бүгіні,  ертеңгі  болашағы  көрініс  тауып,  дәстүр, 
мәдениет,  рухани  құндылықтар  сабақтастығы  қамтамасыз  етілуі 
керек.  осындай  сипаттарға  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  лайық  екені 
сөзсіз.  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  басты  мақсаты  да  осы, 
яғни  ел  бірлігі,  қоғамдық,  этносаралық  келісімді  сақтау,  дамыту, 
оны  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізу.  Достық  пен  татулықты,  рухани 
келісімді,  өзара  сыйластық  пен  төзімділікті  қоғам  дамуының  тек 
бүгінгі жетістігі ретінде ғана қарап қоймай, оны болашақ дамудың 
басты негізі, тұғыры және стратегиясы ретінде қарастыру.
Екіншіден,  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық    идеясын  жүзеге  асыруға 
біріншіден  мемлекеттің  басқару  жүйесі  ынталы,  құлықты  болуы 
тиіс.  Себебі  ол  мемлекеттің  ішкі  және  сыртқы  қажеттілігін 

92
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
қанағаттандырудан  туындап  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  ол 
мемлекет  құрушы  ұлт  алдында  тұрған  басты  мақсат  пен  шешуші 
міндеттердің жиынтығы ретінде өмір сүреді. Бұл жолда мемлекеттің  
ең басты мақсаты болып ұлт мүддесін қорғау болмақшы. Айта кетер 
жайт,  ол  бүгінгі  өз  тәуелсіздігін  құрып,  басқа  елдермен  терезесін 
тең ұстап, әлемдік саясаттың басты субъектісіне айналып отырған 
Қазақстан  мемлекеті,  кешегі  Қазақ  хандығының  тікелей  мұрагері 
екенін  мойындауы  өте  маңызды.  Бүгінгі  мемлекеттің  қалыптасуы 
мен  дамуы  қазақ  халқының    ғасырлар  бойы  мемлекетшілдікке 
ұмтылысының  тікелей  жемісі,  нәтижесі.  осыдан  келіп,  бүгінгі 
Қазақстан  мемлекеті  өзін  ұлттық  мемлекет  ретінде  сезінуі  пайда 
болады. Сөйтіп, ол «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асырудағы 
басты қозғаушы субъектіге айналады. Демек, бұл мемлекетке қояр 
талап та қашанда жоғары болмақшы. Өйткені оның тарихи миссиясы 
–  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясын  жүзеге  асыру.  ол  үшін  оған 
креативті ойлайтын мемлекеттік қызметшілер қажет. Ұлт мүддесін 
жеке  бастың  мүддесінен  жоғары  қоятын,  моральдық  тұрғыдан 
шыңдалған,  білікті  де  білгір  ұлтжанды,  мемлекетшіл  азаматтар 
керек. олар бүгінде жеткілікті. Сонымен қатар, бұл мемлекет ұлы 
алып мемлекеттермен қатар өмір сүріп, тең де тиімді саясат жүргізу 
үшін,  ол  өзін  үнемі  бейбітшіл,  ізгілікті,  келісім  мен  үйлесімді 
жүзеге асыратын инновациялық мемлекет ретінде көрсетуі тиіс. ол 
оның  табиғаты  мен  бар  болмысынан  туындап  отырған  құбылыс. 
Мұндай  мемлекеттің  философиясы  –  ол  үнемі  қозғалыс,  жаңару, 
прогресс,  жасампаздық  сипаттағы  алға  ұмтылыс.  Бұл  өзгерістер 
мен  жаңғыртулар  қоғамның  барлық  саласын,  ұлттың    әлеуметтік-
экономикалық,  саяси-рухани  болмыстарын  өзгертуге,  өзіндік 
дамытуға, бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға бағытталуы тиіс. 
Соның нәтижесіне, қазақ халқы өз «пассионарлық рухын» шыңдап, 
оның  дүниетанымында  «әлемдік,  универсалдық  дегейде  ойла, 
жергілікті шеңберде іс-әрекет жаса» деген рухани ұстаным, қағида 
қалыптасады.  ол  үшін,  қазақ,  ұлттық  мәдениет  пен  дәстүрдің, 
моральдық-этикалық құндылықтардың небір озық жауһарлары мен 
маржандары  негізінде  алға  жылжуды,  үнемі  дамуды  қамтамасыз 
етуі керек. Сонда ғана қазақ өзін жасампаз – жаңашыл ұлт ретінде 
сезінеді.
Үшіншіден, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы қазақ халқы тарихының 
басты сұрағы болып отырғаны баршамызға аян. осы сұраққа қазақ 
халқы тарихында жауап іздемеген батырлар, қара-қылды қақ жарып, 

93
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
әділін айтып, елді аузына қаратпаған шешендер мен көсемдер, хан-
дар мен билер, тіпті, халық арасынан шыққан даналардың тарихта 
үнемі  болып  тұрғаны  әлімсақтан  белгілі.  Бүгінде  тәуелсіздік 
заманында  осы  сұраққа  жауап  іздеу  үрдісі  әлі  жалғасуда.  Заман 
өзгерді, соған сәйкес жауаптың бағыты мен мазмұны да өзгеретіні 
белгілі.  Сонымен,  мәселе  қойылды,  идея,  концепция  ретінде 
халыққа ұсынылды. Ендігі мақсат, осы мәселені дұрыс шешу, оның 
әлеуметтік-философиялық,  тарихи-мәдени,  саяси-экономикалық 
негіздерін  жасау.  оған  саясаткерлер  мен  отандық  гуманитарлық 
ғылым да өз үлесін қосуда. Ал, «Мәңгілік Ел» идеясын философия-
лық тұрғыдан талдаудың өзіндік ерекшелігі бар екендігін айта кет-
кен  жөн.  Біздіңше,  ең  басты  философиялық  ұстаным  –  ол  қазақ 
халқының  осы  идеямен  бірге  өмір  сүріп  келе  жатқандығы,  оған 
үнемі оралып, оны сана мен ойдың пәні ретінде сезінуі, тіршіліктің 
басты  бағыты  ретінде  қабылдап,  оны  үнемі  білім  және  рухани 
құндылықтармен толықтырып өмір сүру философиясының өзегі деп 
қабылдауында болса керек. «Мәңгілік Ел» – ұлттық дүниетанымның 
басты  бағыты  және  қайнар  көзі.  оның  ішкі  мазмұны  үнемі  даму, 
өзгеру, жаңғыру арқылы жүріп отырады.
«Мәңгілік  Ел»  идеясында  қазақ  халқының  сығымдалған, 
жүйеленген  өмір  сүру  тәжірибесінің  әлеуметтік  мәдени  коды  бар. 
Демек,  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  ұлттың  тарихи  даму  үрдісінен 
тысқары қарау мүмкін емес және қолдан немесе ойдан шығарылған 
мәселе ретінде қараудың өзі ақиқатқа жасалған қиянат болар еді.
«Мәңгілік Ел» идеясы – кейбіреулер айтқандай, «утопия» немесе 
ойдан  шыққан  адам  қиялы  жетпейтін,  абстрактылық  ұғымдар 
жиынтығы  емес.  ол  Қазақстанның  антологиялық  болмысын 
анықтайтын  ұлттық  идеяның  темірқазығы,  қоғам  дамуына  бағыт-
бағдар беретін, сан ғасырлар бойы армандағын ата-бабаларымыздың 
арманын  жүзеге  асырудағы  рухани-саяси  ұстаным.  Басқаша 
айтқанда, ол – ұлттық идеологияға пара-пар. «Мәңгілік Ел» ұлттық 
идеясының  ішкі  мазмұны  даму,  жаңғыру,  өзгеру,  алға  ұмтылу 
тәрізді  ұғымдармен  өрнектелген.  онда  жоғарыда  атап  өткендей 
«қиялдан  туған  қол  жетпейтін  арман»  жоқ.  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық 
идеясы – әбден сұрыпталған, өмір елегінен өткен, тарихи дамудың 
тәжірибесінен  туындаған,  қазақ  тағдырымен  астасып  жатқан 
феномен.  ол  ұлттың  рухани  ізденісінен,  бақытты,  бақуатты, 
тәуелсіз ел ретінде өмір сүріп, әлем өркениеті үрдісінде өз орнын 
алуға  ұмтылудан  туындаған  шынайы  талпыныс.  Бұл  талпыныс 

94
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
әлеуметтік жасампаздықпен, ұлттың рухани байлығы мен мыңдаған 
ұрпақтардың  іс-қимылы  мен  энергиясынан  нәр  алып  отырған  ұлт 
ізденісінің  нәтижесі.  Ұлт  арманын  жүзеге  асырудың  әмбебаптық 
формуласы.
Төртіншіден,  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясын  жүзеге  асыруда 
ұлттық  идеологияның  орны  ерекше  екенін  айта  кеткен  жөн. 
Идеология  төңірегінде  жүріп  жатқан  әртүрлі  көзқарастар 
мен  ұстанымдарды  саралап  ой  түйетін  болсақ,  «Мәңгілік  Ел» 
ұлттық  идеясын  жүзеге  асыру  үшін  ұлттың  өз  идеологиясы  болу 
қажеттігі  нақты байқалады. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру 
бізден  Қазақстанның  өркениет  жолында  рухани  дамудың  жаңа 
координаттарын  анықтауды  талап  етеді.  ол  біздіңше,  ұлттық 
идеологияның  негізін  құрайтын  мына  негізгі  құндылықтардан 
тұруы қажет: отбасы, атамекен, еркіндік, тәуелсіздік, бірлік, келісім, 
әділеттілік, достық, ел, тұтастық, этникалық бірегейлік, тіл, дін, діл, 
т.б.  Аталған  құндылықтар  Қазақстан  халқын  бөлшектеуге  емес, 
керісінше, бірлікке шақыратыны белгілі.
Кешегі  тоталитарлық  жүйе  кезінде  бір  идеология  болғаны 
белгілі. ол идеология социализм жүйесінің күйреуімен бірге тарих 
саханасынан келмеске кетті. Қайта құру дәуірі кезінде радикалдық 
тұрпаттағы «реформаторлар», «Қазақстан мемлекеттік идеологияға 
мұқтаж  емес,  мемлекет  идеологиядан  тысқары  болуы  керек, 
тоталитарлық  идеология  мен  демократия  ұғымдары  өзара  сәйкес 
келмейді»  деген ойларды айтқаны белгілі. Тоталитарлық идеология 
мен  демократиялық  құндылықтар  арасында  қайшылық  бар  екені 
және олар бір-бірімен келіспейтіні, тіпті, антогонистік сипатта екені 
белгілі.  Бірақ  бұдан  жалпы  қоғам,  мемлекет  дамуына  идеология 
керек  емес  деген  ой  тумаса  керек.  Кешегі  тәуелсіздіктің  алғашқы 
жылдарында  «деидеологизация»  үдерісі  мен  қатар  тәуелсіз  ел 
идеологиясын  қалыптастыру  мен  дамытуда  қатар  жүргені  белгілі. 
Идеология туралы нақты айтылмаса да, тәуелсіз мемлекет құрудағы 
идеологиялық  ұстанымдарды  мемлекеттік  деңгейде  жүзеге  асыру 
іс-әрекеті болғанын мойындауымыз керек.
Бүгінгі күнге келер болсақ, ұлттық идеология туралы еркін айту 
уақыты енді туған тәрізді. Бұл жолдағы ең басты ұстаным ұлттық 
идеологияны  қазақстандықтардың  дүниетанымдық  бағытына 
айналдыру  [1].  «Мәңгілік  Ел»    идеясын  ұлттық  идеологияның 
негізгі факторы ретінде қарай отырып, оны барлық қазақстандықтар 
қолдайтын  ортақ,  әлеуметтік,  этникалық,  діни  бірегейлікті 
қамтамасыз ететін басты ұстанымға айналдыру болмақшы.

95
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Сонымен бірге, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі 
фундаменті  –  бірлік  екенін  ұмытпағанымыз  абзал.  Бірлік  –  ол 
елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпаратттық 
кеңістікке  деген  бірлігі.  Қазақстандықтардың  әлеуметтік,  мәдени, 
рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты 
факторы болуы тиіс.
Бесіншіден,  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясын  жүзеге  асыру 
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бері жүзеге асырып 
келеді.  Соның  бір  көрінісі  –  ол  қазақ  халқының  тарихи  санасын 
қалыптастырып дамытуға бағытталғандығы. осындай бір алғашқы 
қадамдардың  қатарына  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
шекара»  туралы  заңын  жатқызуға  болады.    Қытай,  Ресей,  орта 
Азия мемлекеттерімен мемлекеттік шекара туралы келісімге  келе 
отырып,  оны  халықаралық  деңгейде  заңдастырып,  мемлекеттің  
шекарасы  ешқандай  жағдайда  бөлінбейді  деп  Ата  заңда  көрсетуі, 
біріншіден,  Елбасының  асқан  көрегендігі  мен  дипломатиялық 
шеберлігінің  нәтижесі  болса,  екіншіден,  «Мәңгілік  Ел»  идеясын 
жүзеге  асырудағы  басты  нық  қадам  деп  қабылдауымыз  керек. 
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  келесі  тұғыры,  негізі  –  ол  Елбасы 
үнемі  айтып  келе  жатқан  елдің  ішкі  тұрақтылығы,  этностардың 
өзара  достығы  мен  татулығы,  бір-біріне  деген  сыйластық  қарым-
қатынасы. Этнос және дінаралық келісім мен татулық – Қазақстан 
дамуының  басты  тұғыры.  Тек  тату,  бірлігі  жарасқан  ел  ғана  алға 
қойған мақсат-мұраттарына жете алады. Сондықтан да ел ішіндегі 
татулық пен тұрақтылық «Мәңгілік Ел» жолындағы басты ұстаным 
болып қала бермекші.
Алтыншыдан,  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыру  белгілі  бір 
құндылықтар жүйесіне негізделетіні белгілі. Сол құндылықтардың 
ішіндегі ең бастысы – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту, 
қазақстандықтардың үш тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасау болып 
табылады.  Мемлекеттік  тіл  –  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  негізі, 
өзегі. Мемлекет билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде 
сөйлеуімен  өлшенеді.  Мемлекет  қай  тілде  сөйлесе,  сол  тілдің 
құдіреті  қашан  да  үстем  болады.  Мемлекеттік  тілде  сөйлеу  қазақ 
халқының ішкі бірегейлігін нығайтып, өркениеттік, мәдени бағытын 
арттырады  [2].  Тіл  –  ұлттың  мәдени  коды,  ойлау  және  таным, 
дүниеге  қатынасының,  құндылықтарды  бағалай  білу  жүйесінің 
коды. Сонымен бірге, тіл – билік, үлкен саясат. Тіл – «Мәңгілік Ел» 
идеясының басты негізі. Ана тіліңді құрметтеу – ұлттық намысты 

96
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
ояту  мен  жаңғыртудың  көзі  болуы  тиіс.  Бұл  жолда  тілдік  және 
ақпараттық  кеңістікті  қорғау,  оған  мемлеттік  тұрғыдан  ықпал  ету, 
ақпараттық  кеңістік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  ел  тәуелсіздігін 
қорғаудағы басты ұстаным болуы тиіс. 
Жетіншіден,  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асырудың  тағы  бір 
негізі  –  халық  пен  билік  арасындағы  сенімді  нығайту.  Халықтың 
билікке сенімі күшті болған сайын қоғамды ортақ мұратқа жұмыл-
дыру  жеңіл  болады.  Халықтың  билікке  сенімсіздігін  көрсететін 
бірден-бір фактор – ол сыбайлас жемқорлық. Жемқорлық қоғамды 
рухани тұрғыдан ірітіп, тәуелсіздікке қауіп төндіруде. Адамдардың 
ментальдық болмысын өзгертіп, қоғамның барлық саласына өзінің 
жағымсыз әсерін тигізуде. Сондықтан да жемқорлық мінез-құлыққа 
қарсы күресті күшейту арқылы адал еңбекке негізделген ортақ қоғам 
құру  жолындағы  іс-қимыл  «Мәңгілік  ел»  идеясын  жүзеге  асыруға 
көмектеседі.
Сегізіншіден,  Қазақстан  Ұлы  мемлекеттер  жанында  (Рессей, 
Қытай) тек рухани сілкініс арқылы, жалпытүріктік консолидаторлық 
әлеуетін пайдалану, рухани, діни, саяси бастамаларға мұрындық болу, 
белсенділік таныту арқылы өмір сүре алады. Басты философиялық 
ұстаным  –  «Идея  императоры  кім  болса,  болашақ  сонда»  деген 
қағиданы  жүзеге  асыру  барысында  «Мәңгілік  Ел»  жалпы  ұлттық 
идеядан  ұлттық  идеологияға  айналады.  ол  үшін  ұлттың  бәсекеге 
қабілеттілігіне білім беру жүйесін жаңа сапаға көтеру арқылы қол 
жеткізуге болады.
Білім беру жүйесі мәдениетпен тікелей байланысты. «Білім беру 
жүйесінің  басты  мақсаты  не?»  деген  сұраққа  күні  бүгінге  дейін 
толық та нақты жауап бере алмай келеміз. Мұндай жағдайды мына 
себептермен  түсіндіруге  болады:  білім  беру  жүйесінің  мақсатын 
педагогтар  мен  философтар  анықтап  отырмағаны,  керісінше, 
мұндай үлкен міндет саясаткерлер мен білім саласының чиновник 
қызметкерлері мойнына жүктеліп отырғанын айтуға болар еді. олар 
үшін  креативті,  шығармашылық  сипатта  ойлайтын  адамдардан 
бұрын,  қарапайым  орындаушылар  көп  керек  тәрізді.  Бүгінгі  білім 
беру  жүйесі  ортаңқолды  орындаушыларды  дайындауға  қабілетті 
болғанымен, бәсекеге қабілетті шығармашылық деңгейде ойлайтын 
мамандарды  дайындауға  қабілетсіз  екенін  көрсетіп  отыр.  Демек, 
«Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыру  үшін  білім  беру  жүйесінің 
мақсатын  өзгерту  керек.  ол  біздіңше,  креативті,  шығармашылық 
сипатта ойлайтын «мәдениетті тұлғаны», Абайша айтқанда «толық 

97
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
адамды»  қалыптастыру  болуы  қажет.  Бұрынғы  жүйеде  педагогика 
ғылымының  басты  мақсаты  оқушыны  мектепке  «шығарып  салу» 
болса,  бүгінде  оның  міндетінің  өзгергені  соншалықты,  ол  енді 
оқушыны «мәдениетке жетелеу» керек тәрізді. Яғни, жас ұрпақты 
ұлттық  мәдениетке  баулу,  тәрбиелеу,  олардың  санасы  мен 
дүниетанымын  мәдени,  рухани-этикалық  құндылықтармен,  халық 
даналығымен  сусындату  керек  екендігі  күн  өткен  сайын  басты 
қажеттілікке айналып келе жатқанын көреміз. осы бағытта жұмыс 
істеу, ұлттық тәрбиеге назар аудару, оны болашақ ұрпақ тәрбиесінің 
өзегі ретінде қарау «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асырудың 
бір негізі екені сөзсіз. 
Ал  бүгінгі  жағдайда,  өкінішке  қарай,  білім  беру  жүйесі  де 
прагматикалық  көзқарасты  қалыптастыруға  назар  аудара  бастаған 
тәрізді.  оны  кейде  нарықтық  экономиканың  талаптарын,  «пайда 
қуған»  қоғамның  сұраныстарын  орындаудамыз  деп  түсіндіруге 
тырысады.  Мұндай  көзқарастың  болашағы  жоқ  екендігін,  тіпті, 
біздің  қоғам  үшін  қауіпті  екендігін  ескерткіміз  келеді.  Мұндай 
көзқарас, түптеп келгенде, адамдар арасында «заттық қатынастарды» 
орнатуға,  бәрін  сатуға  немесе  сатып  алуға,  адал  еңбек,  маңдай 
теріңмен өмір сүру қажеттігін мойындамайтын, оған сенімсіздікпен 
қарайтын  көзқарас  пен  ұстанымды  қалыптастырады.  осындай 
жағдайда  білім  беру  жүйесінің  мақсатын  анықтау  «Мәңгілік  Ел» 
идеясын жүзеге асырудың тағы бір басты негізі болары сөзсіз.
Тоғызыншыдан,  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  философиялық-
мәдени  астарын  талдауда  ерекше  назар  аударатын  мәселе  –  ол 
ұлттық тәрбие. Тәрбие тал бесіктен басталады десек, ұлттық тәрбие 
отбасынан  бастау  алуы  керек.  отбасылық  тәрбие  мәдениетті 
тұлғаларды  қалыптастыруды  басты  мақсат  ретінде  ұстануы  керек. 
Бұл  жолда  үлкенді  құрметтеу,  ата-анаңды  сыйлау,  ар-намыс,  ұят 
сынды құндылықтарды жастар санасына сіңіруді басты идеология-
лық ұстанымға айналдырудың маңызы зор. Қазақ болашағы тектілік 
пен  кісілікті,  бірлік  пен  татулықты,  білім  мен  адамгершілікті 
ұштастыру  негізінде  жүруі  тиіс.  Жанұя  мемлекет  және  қоғам 
алдындағы жауапкершілігін сезіну қажет. Жанұя болашақ жастарды 
ұлттық  құндылықтар  негізінде  тәрбиелей  отырып,  олардың  сана-
сына  патриоттық  сезім  ұялатуы  тиіс.  Сонымен  бірге  әйел-ананы 
қорғау, құрметтеу, жетім мен жесірін қорғау ұлы жолда  қоғамның 
басты құндылығы ретінде мойындалуы қажет [4].
оныншыдан,  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыратын  және 
оны одан әрі дамытатын бүгінгі жастар екені белгілі. Жастар, осы  

98
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
ұлттық  идеяны  жүзеге  асыру  үшін  өз  отанын  сүйетін  ұлтжанды, 
патриот  болулары  керек.  Патриотизм  біздің  қазақстандық  жастар 
үшін этностарды бөлшектейтін, жіктейтін, бір-біріне қарсы қоятын 
күш  емес,  керісінше,  біріктіретін  күш  ретінде  мойындалуы  тиіс 
және олардың ментальдық болмысында қағида ретінде қалыптасуы 
қажет.    Ел  мәртебесі,  оның  асқақтығы  мен  биіктігі,  тұтастығы 
мен  мызғымастығы  тек  әділеттілік  пен  өзара  ынтымақтастық 
және  сыйластық  негізінде  қол  жеткізілуі  тиіс.  Қысқасы,  бүгінгі 
қазақстандық жастарды осы аталған позитивтік бағытта тәрбиелеудің 
маңызы зор. 
он  біріншіден,  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзега  асыруда  ұлт 
зиялыларына  да  жүктелер  жұмыстың  салмағы  өте  ауыр.  Ұлт 
зиялылары ұлт мүддесін қорғай алатын жағдайда болуы тиіс. Бұл 
жолда  Казақстанға  инновациялық,  креативті  тұрғыдан  ойлайтын 
элита қажет. ол дәстүрлі емес, пассионарлық рухта тәрбиеленген 
элита болуы тиіс. Бұл жолдағы басты бағыт құлдық санадан арылу, 
жалтақтық  пен  жағымпаздық  дертінен  ада  сана  қалыптастыру. 
Ұлтты  руға  бөлшектемейтін,  трайбализм  дертінен  арылған,  ұлт 
болмысына  сын  көзбен  қарайтын  ұлттық  ойлау  жүйесі  қалыпта-
суы  керек.  Қазақ  халқы  біртұтас,  мемлекет  құрушы  ұлт  деген 
ой  жетекші  күшке  айналуы  тиіс.  Бұл  басқа  этникалық  топтар 
алдындағы  артықшылық  емес,  керісінше,  асқан  жауапкершілікті, 
асқан саяси мәдениеттілікті талап етеді.
Өз  кезегінде,  ұлттық  сананың  жаңаруы,  жаңа  жағдайға  сай 
жаңаша  еңбек  ету  философиясын  қалыптастырады.  Бірінші 
орынға  адал  да  өнімді  еңбек  ету,  ғылым  мен  техника,  жаңа 
технологияға  негізделген  бәсекеге  қабілетті  өнім  шығаруды  жаңа 
дүниетаным мен жаңаша өмір сүру үлгісін қалыптастыруды талап 
етеді.  Қазақстан  бұл  жолда  тек  инновациялық,  синергетикалық, 
экологиялық,  ақпараттық,  ақылды  экономикаға,  рухани  салада 
ұлттық құндылықтарға ғана сүйене алады.
Бір  сөзбен  айтқанда,  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  ұлттық  идея 
ретінде  қабылдау  бүгінгі  Қазақстан  дамуының  ішкі  қажеттігінен, 
мемлекеттің  тұтастығын  сақтау  идеясынан  туындап  отырғаны 
сөзсіз.  Бұл  идея  тәуелсіз  мемлекет  алдында  тұрған  басты  сұраққа 
жауап беріп, ұлттың болашақтағы дамуына жағымды әсер етуі тиіс. 
Сонымен  бірге,  ұлттық  идея  алдыңғы  қатарлы  және  адамзаттың 
даму бағыты мен тенденциясына сай келетін болуы керек. Міне, осы 
тұрғыдан келгенде, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Қазақстан халқын 

99
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
біріктіретін,  елдің  басты  мақсатынан  шығатын  және  соған  толық 
жауап беретін идея десек артық айтпаған болармыз.
«Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясын  жүзеге  асыру  жолындағы 
негізгі  рухани,  мінездік,  әлеуметтік  кедергілерге  мына  төменгі 
құбылыстарды жатқызуға болады:
1) Елді жайлаған жемқорлық пен сыбайластық, халық пен билік 
арасындағы сенім отының әлсіреуі, астамшылдық, ысырапшылдық, 
заттық  сананың  басыңқы  жағдайға  ие  болуын  жатқызуға  болады. 
Соңғы кездері мемлекеттік қызметте рушылдық, жершілдік, тамыр-
таныстық,  қызметке  орналасудағы  жең  ұшынан  жалғасқан  тамыр-
таныстық  пен  сыбайластық  қайтадан  күшейе  бастаған  тәрізді. 
Тамыр-танысың болса бір күнде басшы болып шыға келесің. оған 
кәсіби мамандығың мен басқа да моральдық-этикалық қасиеттерің 
керек болмай қалған тәрізді. Өмір шындығы осындай.
2)  Ұлттық  рухтың  әлсіздігі,  ұлттың  тілдік  және  діндік 
құндылықтар  негізінде  жіктелуі,  ұлттық  бірегейліктің  әлсіздігі. 
Қазақ қоғамының басын біріктіретін бірден-бір күш – ол қазақ тілі 
болуы  керек.  Сонымен  бірге,  рухани  саладағы  кедергілерге  зиялы 
қауым  өкілдерінің  азаматтық  ұстанымдарының  тайғанақтығын, 
қоғамның  әлеуметтік  тұрғыдан  одан  әрі  жіктелуі,  орта  таптың  әлі 
де  толық  қалыптасып  болмауы,  өңірлік  дамудың  кенжелеп  қалуы, 
аймақтардағы  әлеуметтік  қайшылықтардың  дұрыс  шешілмеуі, 
кәсіподақ ұйымдарының еңбек адамдарын қорғаудағы әлжуаздығын 
жатқызуға болады.
3)  Ақпараттық  кеңістікте  ұлттық  мүддені,  тәуелсіздікті,  елдің 
тұтастығы  мен  тыныштығын  қорғаудағы  отандық  ақпараттың 
бәсекеге  қабілетсіздігі,  басқа  шетелдік  ақпарат  құралдарына 
тәуелділігі.
4) Қазақстандағы миграциялық, демографиялық саясатты дұрыс 
жолға  қоюдың  маңызы  зор.  Мәселен,  кейбір  болжамдар  бойынша 
2050 жылы Қазақстандағы тұрғындардың саны 24,5 млн-ға жетеді. 
Демографиялық  ахуалда  бүгінгі  тенденциялар  сақталатын  болса, 
2050  жылы  солтүстік  аймақтарда  тұрғындар  саны  0,9  млн  адамға 
қысқарып,  оңтүстік  аймақтарда  тұрғындар  саны  5,2  млн.  адамға 
жетеді. Сонымен бірге, оңтүстік аймақтарда тұрғындар көрсеткіші 
38  пайызға  жеткенмен,  олардың  аймақтық  өнімдегі  үлес  салмағы 
17 пайыз деңгейінде қалмақшы, ал солтүстік аймақтарда тұрғындар 
көрсеткіші  29  пайызға  жетіп,  аймақтық  өнім  үлесі  25  пайызға 
жетпекші. Солтүстік аймақтардың экономикасы жеткілікті деңгейде 

100
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
әртараптандырылса,  оңтүстік  аймақтарда  өндірістің  58  пайызы 
сауда  мен  басқа  қызмет  түрлерін  құрауы      демографиялық  және 
экономикалық  саладағы  сәйкессіздіктің  бар  екенін  аңғартады. 
Мұндай тенденциялардың орын алуы «Мәңгілік Ел» ұлттық идея-
сын жүзеге асыруға өз кедергісін тигізуі мүмкін.
5) Дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік теңсіздік пен кедейшілік-
тің  үдей  түсуі.  Әлеуметтік  теңсіздік,  әсіресе,  аймақтарда  ерекше 
байқалып  отыр.  Жұмыссыздықтың  жастар  арасында  кең  етек 
алуы, сапасыз білім беру ісінің күні бүгінге дейін жалғасуы, оған 
мемлекет  тарапынан  жасалып  отырған  тосқауылдың  пәрменсіздігі 
мен  қырсыздығы,  айналып  келгенде,  қоғамның  әлеуметтік-
экономикалық  дамуына  кері  әсерін  тигізіп  отыр.  Жұмыссыздық 
–  Қазақстандағы    кедейшіліктің    басты    себебінің    бірі.  Сонымен 
бірге,  жұмыссыздыққа  үйренген  жұртта  масылдық  психология 
қалыптасып,  қоғам  өміріне  қатысу  белсенділігі  төмендеуде.  Міне, 
осының барлығы, айналып келгенде, «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге 
асыруға өз кедергісін тигізері сөзсіз.
6) Қоғамда тексіздік сезім мен космополиттік ментальдық ұста-
ным басыңқы жағдайға ие болып,  шынайы рухани құндылықтардан 
алшақтау құбылысы да орын алуда. «отан», «Атамекен», «отбасы», 
«ұлт»,  «тәуелсіздік»  тәрізді  кейбір  құндылықтарға  да  жастардың 
көзқарасы  бұрынғыдай  емес,  өзгерген.  Тіпті  тұтынушылар 
қоғамында жастар ақыл мен парасаттылыққа, адалдық пен даналыққа 
да сенуден қалған тәрізді.
Біз бұл мақалада «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының философиялық 
негіздерінің өзекті деген салаларына ғана тоқталдық. Болашақта бұл 
мәселені  жүйелі  тұрғыдан  талдауды,  оның  әлеуметтік-экономика-
лық, экологиялық, саяси-рухани астарларына терең үңілуді мақсат 
етіп отырғанымызды айта кеткіміз келеді.  
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет