Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай ералы тоғжанов



жүктеу 0.92 Mb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата22.12.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘдебИеттер:
1. Кшибеков Д. Национальная идея и идеология. – Алматы: Эвро, 
2007. 
2. Аженов М. , Максименко Н. Какой быть идеологии в Казахстане? 
// Мысль. 1994, № 1. 
3. Кайдарова А. С. Қазақстан Республикасындағы ұлттық идеяның 
қалыптасуы  (саясаттанулық  талдау)  Автореферат.  –  Алматы, 
2010.
4. Бурбаев Т. К. Ұлт менталитеті. – Астана, «Ер-Даулет», 2001ж. – 
258 б.

101
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
Қазақстандағы 
индустриялық-
инновациялық үдерістер 
туралы баспасөзде жарық 
көрген мақалаларға 
контент-талдау 
(«Егемен Қазақстан» 
газеті мысалында)
дина ИмамбаеВа
Қазақтың Мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университетінің магистранты
Қ
азіргі  кезде  Қазақстан  Республикасы  жаңа  инду-
стрияландыруды  қарқынды  түрде  жүргізуде.  Индус-
триялық-инновациялық  үдерістер  бәсекеге  қабілетті 
экономика құруға, шикізаттық емес сектордың үлесін 
арттыруға  басымдық  бере  отырып,  экономиканы 
нығайту  арқылы  халықтың  әл-ауқатын  көтеруге  ықпал  етуі  тиіс. 
Еліміздің  жалпыұлттық  идеясы,  басты  бағдары  «Нұрлы  жол» 
жаңа экономикалық саясатында Елбасы Н. Назарбаев ҮИИДБ-ның 
екінші  бесжылдығына  сәйкес  келетін  Инфрақұрылымдық  жоспар-
ды жариялады. Өйткені, инфрақұрылым – индустриялық экономика 
мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе болып табылады. 
Бұл  жоспар  бойынша  атқарылатын  шаралар  «экономиканы  әрі 
қарай  қайта  құрылымдауға,  оның  ішінде  көліктік,  энергетикалық, 
индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және 
орта  бизнесті  дамытуға  бағытталатын  болады»  деп  атап  көрсетті 
Президент. осылайша елімізде іскерлік белсенділік пен жұмыспен 
қамтуды  ынталандыру  үшін  жаңа  бастамаларға  жол  ашылды  [1].  

102
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
Экономика
Сонымен  қатар,  «Қазақстан-2050  қалыптасқан  мемлекеттік  жаңа 
саяси  бағыты»  стратегиясында  «Қазақстан  Республикасының 
Үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму  мемлекеттік  бағдар-
ламасының басты мақсаты өнеркәсіптік қуаттарды импорттау және 
технологиялар алмасуға бағытталады» деп атап көрсетілген [2]. 
осы  тұрғыда  елдегі  индустрияландыру  үдерістеріне  негіз 
болатын  маңызды  құжат  «Қазақстан  Республикасының  үдемелі 
индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының» 
басты  мақсаты  экономиканы  әртараптандыру  және  оның  бәсекеге 
қабілеттігін  арттыру  арқылы  орнықты  және  теңгерімді  өсуін 
қамтамасыз ету болып табылады.  
Сондай-ақ, индустриялық-инновациялық үдерістердің тың серпін 
алуына  егемен  еліміздің  тұрақты  дамуын  қамтитын,  халықтың 
игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған «Қазақстан жолы-
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ҚР-ның Президенті 
Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы  айрықша  ықпал 
етті. Мұнда әсіресе, индустриялық-инновациялық даму, шағын және 
орта  бизнесті  дамыту,  агроөнеркәсіптік  кешен,  білім  мен  ғылым 
салалары  Жолдаудың  ең  салмақты  тұстары  болды.  Қазақстанның 
дамыған 30 ел қатарына кіруіне мүмкіндік беретін басты міндеттер 
қатарында күшті өңдеуші индустриялық сектор құру; елдің ғылым-
ды қажет ететін қағидаттар негізінде тұрақты дамуын қамтамасыз 
ету; қуатты өңдеуші өнеркәсіп қалыптастыру атап көрсетілген [3]. 
Жаңа  индустрияландырудың  орасан  зор  әлеуметтік-саяси  мәні 
бар.  Бұл  бағдарлама  Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық 
жағдайына  түбегейлі  өзгерістер  алып  келеді.  осы  тұрғыда 
индустриялық-инновациялық  үдерістердің  мақсаты,  оның  жүзеге 
асырылу  қарқыны,  сипаты  туралы  халыққа  жеткізуде  бұқаралық 
ақпарат  құралдарының  рөлі  ерекше.  Тұрақты  насихат  тек  БАҚ 
тарапынан қамтамасыз етілетіні белгілі. ол мемлекет саясатының 
оңтайлы  жүргізілуіне  жағымды  ахуал  қалыптастырады.  осы 
тұрғыда 
индустриялық-инновациялық 
үдерістердің 
БАҚ 
басылымдарында жарық көруін әлеуметтанулық зерттеу әдістерінің 
бірі ретінде контент-талдауды қолдана отырып, зерттеу жүргізген 
едік.  ол  жалпыұлттық  республикалық  «Егемен  Қазақстан» 
газетіндегі  индустрияландыру  тақырыбындағы  жарияланымдарға  
сандық  және  сапалық  талдау  жасау  арқылы  жүзеге  асты.  Газет 
аптасына  5  рет  шығады.  Газеттің  көлемі  –  9  баспа  табақ,  айына 
бір  рет  «Етжеңді  Егемен»  қосымшасы  шығады.  Газет  бүкіл 

103
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
Қазақстан  аумағына,  алыс-жақын  шет  елдерге  тарайды.  Газетте 
индустриалды-инновациялық  даму  тақырыбын  қозғайтын  «Жаңа 
индустрияландыру», «Ғылым және тағылым», «Депутат дауысы», 
«Үкімет»,  «Тәуелсіздік  толғауы»,  «Серпінділік  стратегиясы», 
«Толғандырар тақырып», «Өндіріс» атты айдарлар бар. Зерттеу пәні 
ретінде    2010-2014  жылдардың  сәуір  айларындағы  нөмірлерінің 
мазмұны  алынды.  Зерттеудің  басты  проблемасы  –  индустриалды-
инновациялық үдерістердің насихатталуы. 
Генералды  жиынтық  ретінде  газеттің  107  нөмірі  алынды,  олар 
2010  жылдан  2014  жылдар  арасындағы  бір  айлық  нөмірлерінің 
жалпы  санын  құрайды.  Ал  таңдалу  жиынтығы  –  газеттің  осы  бес 
жылдағы сәуір айының нөмірлері. Зерттеудің өлшеу бірлігіне жеке 
мақала алынды. Газетте зерттелген мерзімде барлығы 1765 мақала 
жарияланған.  Индустриалды-инновациялық  үдерістер  бойынша 
барлығы  110  мақала талданды. 
Материалдардың  тақырыптық  бағыттылығы  бойынша,  талдау 
көрсеткендей, орташа алғанда зерттелген нөмірлерде жарық көрген 
мақалалар  бүкіл  мақалалардың  7%-ын    алады.  Жалпы  зерттелген 
кезеңде «Егемен Қазақстан» газетінің индустриялық-инновациялық 
үдерістерді  жан-жақты  қамтығаны  айқын  көрінеді.  оның 
ішінде,  әсіресе  «ҚР-ның  Үдемелі  индустриалды-инновациялық 
даму  мемлекеттік  бағдарламасы»  және  «Индустрияландыру 
картасы-2020»,  «Жұмыспен  қамту-2020»  бағдарламаларының 
жүзеге асырылуына ерекше назар аударылған. 
Тақырыптың  қырларына  келетін  болсақ,  зерттелген  материал-
дардағы мәліметтер көрсеткендей, мақалалар саяси-басқарушылық, 
ғылым  мен  инновациялар,  өндіріс  пен  өнеркәсіп  және  әлеуметтік 
проблемалар тақырыптары бойынша жіктеліп, қарастырылды. 
Алынған  мәліметтерді  талдау  бойынша,  материалдардың 
басым  көпшілігі  өнеркәсіп  пен  өндіріс  тақырыбын  қамтиды  –  56 
мақала  (60%).  Бұл  мақалалар  негізінен  ҮИИДБ  шеңберінде  іске 
қосылған  өндіріс  орындары  және  олар  өндіретін  өнім,  халықты 
жұмыспен  қамту  мәселелері  туралы  болып  келеді.  Сондай-ақ, 
қазіргі  кезде  әлем  елдерінің  көпшілігін  шарпыған  экономикалық 
дағдарыс және оның салдары, әсіресе жұмыссыздық туралы көлемді 
мақалалар  тұрақты  түрде  жарияланады.  Бұл  Қазақстан  таңдап 
алған  индустрияландыру  бағытының  артықшылығына  мән  беруді 
көрсетеді  және  бұл  шаралардың  әлеуметтік  бағдарына  баса  назар 
аударылады.  оның  ішінде  жаңа  жұмыс  орындарының  ашылуы, 

104
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
Экономика
шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  қолдау  жөніндегі  нақты  шаралар 
жүйелі түрде жазылады. Газет өз қызметінде құзырлы органдардың, 
облыс әкімдіктерінің индустрияландыру бағытындағы іс-шаралары 
туралы есептері сияқты жанр түрін де жүйелі түрде қолданады. 
1-диаграмма.  Қазақстандағы  индустриялық-инновациялық 
үдерістердің  «Егемен  Қазақстан»  газетінде  көрсетілуі  (дана, 
пайыздық үлесі).
Жалпы  «Егемен  Қазақстан»  газетінің  индустриалды-инно-
вациялық  үдерістер  туралы  жарияланымдарында  түрлі  жанрлар 
қамтылған.  Материалдардың  9%-ы  құзыретті  тұлғалармен  сұхбат 
түрінде  берілген.  Мәліметтерді  талдау  көрсеткендей,  газет 
материалдарында  ақпараттық  сипат  басым.  Бұл  осы  газеттің 
үкімет пен саяси биліктің үнжариясы екендігіне байланысты және 
соған орай үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан бағдарламалардың 
орындалуы  туралы  ақпар  беру,  оны  оқырмандардың  қабылдауы, 
ҮИИДБ  бойынша  жүзеге  асқан  шараларды  халыққа  жеткізу  және 

105
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
газеттің ақпараттылығын көтеру міндеттерінен туындайды. Сондай-
ақ  материалдардың  53%-ы  фактографиялық  түрде  беріледі.  Бұл 
газет  қызметінің  жағымды  факторы  болып  табылады  және  онда 
жұмыс істейтін журналистердің объективтілігі мен бейтараптығын 
дәлелдейді. 84% материалдардың дені жағымды сипатта жазылған. 
Яғни,  газеттің  республика  үкіметі  мен  ел  басшылығының  қыз-
метін  жағымды  сипатта  көрсетіп  отыратынын  атап  айту  қажет. 
ҮИИДБ  шеңберінде  жүзеге  асырылып  жатқан  шаралар  негізінен 
ақпараттық сипатта және қандай да бір кәсіпорын немесе мекеменің 
жаңа  ашылғаны  туралы  фактографиялық  сипатта  жариялаумен 
шектеледі.  Мысалы,  «1  жылда  1,8  млн  аккумулятор  шығарды», 
«отандық вагондар сынақтан өтті», «Меркіде жаңа зауыт ашылды», 
«Қиыршықтас зауыты іске қосылды» және т.б. Яғни, сол кәсіпорын 
өндіретін  өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігі,  өнімнің  сипаты,  ол 
зауыттың жақын келешекте қажеттілігі бар ма және т.с.с. мәселелер 
тыс қалады. 
2-диаграмма.  Жарияланымдардың  сипаттамасы  (дана, 
пайыздық үлесі)

106
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
Экономика
Талдау  көрсеткендей,  мақалалардың  басым  көпшілігі  –  70% 
көрнекілік  мақсатында  түрлі  фотолармен,  суреттермен,  диа-
граммалармен,  инфографикалармен  безендірілген.  Бұл  оқыр-
мандардың қабылдауы үшін тиімді.
Дегенмен, газеттегі материалдардың негізінен жағымды сипатта 
болуына байланысты сын элементтері бар мақалалар тым аз – (8%). 
Сыни  сипатта  жазылған  материалдар  зерттелген  кезең  бойынша 
барлығы  9  мақаланы  құрайды.  Сыни  мақалалар  негізінен  жаңа 
ашылған  кәсіпорындарды  кәсіби  мамандармен  қамтамасыз  ету, 
инвестициялардың  жайы,  индустрияландыру  үдерісінің  ғылыми 
қамтымдылығы, инновациялар, ауыл шаруашылығы мен ғылымның 
байланысы,  еңбек  даулары,  шет  мемлекеттердегі  жұмыссыздық 
проблемасы, кәсіпкерліктегі әйелдерді қолдау, технопарктер туралы 
сөз  қозғаған.  Мысалы,  З.  шаукенованың  «Индустриялық  даму 
және  әйелдер»  атты  мақаласында  (Егемен  Қазақстан,  20.04.2012 
ж.)  ХХ  ғасырдан  бастап  қоғамдық  өндіріске  кеңінен  тартылғаны 
және  қазіргі  кезде  жалпы  жұмыс  күші  әлеуетінің  үштен  бірін 
әйелдер  құрайтынын  келтіреді.  Әйелдер  еңбек  нарығына  жылдам 
икемделеді,  мұның  бір  айғағы  өзін-өзі  жұмыспен  қамтитын 
тұрғындар  арасындағы  ең  жоғары  көрсеткіш  әйелдерге  тиесілі  – 
34,6 п. (ерлер – 32,4) деп көрсетеді автор. Алайда, индустриялық-
инновациялық даму үдерісіне әйелдер жектілікті түрде тартылмай 
отыр. Бұл, автордың пікірінше, жаңғыртудың ілгерілеуіне кері әсер 
етуі мүмкін. Сондай-ақ, статистикалық деректер бойынша, жоғары 
білімді жұмыссыз әйелдер саны ерлер көрсеткішінен 1,3 есе артық. 
Бұл осы саладағы гендерлік сәйкессіздіктің дәлелі, – деп пайымдайды 
Зарема  шаукенова.  Индустриялық-инновациялық  үдерістердің 
ілгері жылжуы үшін әсіресе, ғалым-әйелдердің қатысуына айрықша 
мән беру қажет, өйткені әйелдер капиталы – ең белсенді және нақты 
күш  және  де  мұны  ең  алдымен  ақпарат  арқылы  жасау  керек  деп 
түйіндейді автор.
Ал газет қызметкері Ж. Самрат өзінің «Технопарктердің қожайы-
ны  кім?»  атты  мақаласында  (14.04.2012)  индустрияландыруға 
байланысты  ашылған  технопарктердің  ахуалына  назар  аударған. 
Нақты  айтқанда,  «Ақ  жол»  ҚДП-ның  Парламент  Мәжілісіндегі 
фракциясының  Үкімет  басшыларының  атына  жолдаған  ұсыныс-
сауалында  туындаған  мәселе  бойынша,  отандық  технопарктердің 
көбі өздеріне жүктелген міндеттерді толық орындап отырған жоқ. 
олар тек жалдау орындарын беру және кәсіпорындардың өсуіне жаңа 

107
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
технологиялармен байланысы жоқ қызметтер көрсетумен шектелуде 
деп жазылған мақалада. Жоғары технологиялы идеялар іске аспай, 
айтылған күйінде қалып отыр. Өнертапқыштық идеялар неге жүзеге 
аспайды деген сұрақ қояды автор. Егер де агротехнопарктер құрылса, 
ауылдағы отбасылық фермерлерге жағдай туып, олардың әлеуметтік 
мәселелері де шешілер еді. Жалпы технопарктер мәселесіне назар 
аударылмаса,  бұған  сыбайлас  жемқорлық  араласып  кетуі  мүмкін 
деп дабыл соғады депутаттар. Жерге және технопарктердің барлық 
өндіріс  құрал-жабдықтарына  бір  басқарушы  жауап  бергені  дұрыс. 
шағын кәсіп ашқысы келгендерге әкімшілік кедергілер тұсау болып 
отыр ма, әлде заң нашар ма? осылайша бұл мақалада индустриялық 
үдерістердің  қозғаушы  күші  болуы  тиіс  технопарктердің  қызметі 
туралы сөз қозғалады.  
Жарияланған  материалдардың  ауқымдылығы  туралы  айтқанда, 
газет бүкіл республиканы қамтып жазады. оның ішінде әр облыста 
индустрияландыру  бағдарламасы  аясында  атқарылған  іс-шаралар 
жүйелі түрде жазылып отырады.
Талдау  көрсеткендей,  газет  материалдарында  кәсіпкерлердің 
тыныс-тіршілігі,  өндіріс  жұмысшылары  және  олардың  тұрмысы, 
ғалымдардың сараптамасы аз.  
Зерттеу  мәліметтері  көрсеткендей,  газеттегі  материалдардың 
басым көпшілігі ақпараттық қырымен берілген – 58%. осылайша, 
«Егемен  Қазақстан»  газеті  өзінің  негізгі  міндеті  оқырмандарды  
елімізде  болып  жатқан  индустриалды-инновациялық  үдерістер 
туралы  хабардар  ету  деп  есептейді.  Жарияланған  материалдар 
негізінен жағымды сипатта. 
Жүргізілген  контент-талдау  нәтижелерін  сараптау  бірқатар 
түйіндер  мен  ұсыныстар  жасауға  негіз  береді.  Жалпыұлттық 
республикалық    «Егемен  Қазақстан»  газеті  бүкіл  республикаға 
таралатын  мерзімді  басылымдар  арасында  ең  көп  таралатын 
газет  болып  табылады  (тиражы  –  200  мыңға  жуық).  Газет  басқа 
басылымдарға қарағанда осы артықшылығымен және материалдарды 
беру формасымен ерекшеленеді. Газет материалдарының көпшілігі 
үлкен көлемде жарияланады. Малалалар қалың оқырманға түсінікті 
тілде  жазылған.  Материалдарда  иллюстрациялар,  суреттер  мен 
графиктер белсенді түрде қолданылады. 
осылайша,  газеттің  танымалдылығына  қарағанда,  тақырыптық 
бағыттылығы тұрғысынан индустриалды-инновациялық үдерістерді 
жан-жақты  және  барлық  қырларымен  жарыққа  шығаратыны 

108
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
Экономика
анықталды.  Жоғарыда  айтылған  түйіннің  негізінде  мынадай 
ұсыныстар тұжырымдалды:
1.  Газет  индустриалды-инновациялық  үдерістер  шеңберінде 
өндіріс  пен  өнеркәсіп  орындарының  тиімділігі,  олардың  жаңа 
немесе  жетілдірілген  технологияларды  қолдануы  тұрғысындағы 
материалдарды көбірек беруі тиіс.
2. Индустрияландырудың әлеуметтік мәселелеріне назар аудару 
қажет.  Бұл  тұрғыда  жұмысшылардың  әлеуметтік  жағдайы,  шағын 
қалалар халқын жұмыспен қамту және т.с.с. проблемалар өзекті деп 
саналады.
3.  Көптеген  ғалымдар  дамыған  елдердегі  инновациялық 
экономика  сол  елдердің  дүние  жүзі  бойынша  үлкен  жетістікке 
жетуін қамтамасыз етті деп санайды. Демек, жаңа индустрияландыру 
инновацияларсыз  жүруі  мүмкін  емес,  сондықтан  өндірістің 
ғылыми қамтымдылығы, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс, 
инновациялардың  дамуына  кедергілер  туралы  материалдар  көп 
берілуі  тиіс.  Инновациялық  даму  дегеніміз  –  жаңа  және  пайдалы 
өнім  шығару.  Сондықтан  да  жаңадан  ашылатын  кәсіпорындардың 
қандай  өнім  өндіретіне  назар  аудару  маңызды.  Бұл  тақырыпты 
қозғау  үшін  кәсіби  құзыретті  мамандарды  тарту  қажет.  Өйткені, 
ғалымдар атап көркеткендей, «инновациялық саясаттың нысаны – 
жаңашыл тұлғалар: ғалымдар, конструкторлар, технологтар» [4].
Инновацияларға  мүдделі  мемлекет  білімді  мамандарды, 
креативті  кәсіпкерлерді  тартуға,  яғни  ұлттық  адам  капиталына 
ерекше  назар  аударады.  Қазақстанның  қазіргі  тұстағы  адам 
капиталының  деңгейі  осы  индустрияландыру  үдерісінің  табысты 
болуының бірден бір шарты. олай болса,  еліміздегі адам капиталын 
дамытуға  қатысты  жағымды  жаңалықтар  мен  түйткілді  тұстары 
туралы  материалдар  қажет.  ҮИИДБ  шеңберінде  жоспарланған 
кәсіпорындардың  инновациялық  өнімдерінің  үлесі  Қазақстандағы 
индустрияландырудың  нәтижесі  болып  табылады.  осы  тұрғыда 
арнайы сараптау материалдарын жариялап тұру да газеттің жетістігін 
білдіреді. 
осылайша,  республикалық  «Егемен  Қазақстан»  газеті  негізінде 
жүргізілген  талдау  нәтижелері  көрсеткендей,  индустриялық-
инновациялық үдерістердің жектілікті дәрежеде насихатталуын да 
назардан тыс қалдырмау оның табысқа жетуіне көмектесері сөзсіз. 
Бұл бағыттағы шаралардың іске асырылуының мемлекеттік маңызы 
зор.  Өйткені,  ХХІ  ғасырда  орнықты  даму  тек  экономикалық  өсім 

109
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
ӘдебИеттер:
1.  Назарбаев Н. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол // Егемен 
Қазақстан. - 12 қараша. - 2014 жыл. 
2.  Қазақстан-2050 қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты. 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.  Назарбаевтың 
Қазақстан халқына Жолдауы // akorda.kz 
3.    Қазақстан  жолы-2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ  // 
strategy2050.kz
4.    Шумпетер  Й.  Теория  экономического  развития.  –  Москва: 
Прогресс, 1982 // socioline.ru
жағдайында ғана мүмкін болады. Сол себепті еліміздің индустрия-
лық  базасын  нығайту  елдің  әлемдік  қауымдастыққа  еркін  кіруіне 
және халықтың әл-ауқатын көтеруге негіз болады. Ал қазіргі тұста 
осы бағыттағы маңызды қадам, ол – ҮИИДБ-ны табысты іске асыру. 

110
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
РЕЦЕНЗИЯ
Путиннің Үлкен 
стратегиясы және оның 
сыншылары*
мұрат лаУмУлИн,
саяси ғылымдарының докторы
Аталынған  кітаппен  танысу 
барысында  кезігетін  бірінші  мә-
селе  –  кітап  атауының  мәнін 
оқырманға  нақты  жеткізу,  яғни 
«Путиннің  Үлкен  стратегиясы: 
Еуразиялық  одақ  және  оған  көңілі 
толмайтындар».
**
  Бұл  ұжымдық 
еңбектің  жазылуына  кеңестанудың 
ардагері  профессор  Фредерик 
Старр  мен  орталық  Азия  және 
посткеңестік 
аймақ 
бойынша 
зерттеулер  өкілі  Сванте  Корнелл 
басшылық  жасап,  бірқатар  са-
наттағы сарапшылар қатысқан. 
Кітапқа  кіріспе  жазу  кезінде 
Старр  мен  Корнелл  в.  Путинің 
саяси  феноменіне  талдау  бары-
сында  Ресейдің  Б.Ельцин  тұсында 
жоғалтқан  халықаралық  беделі 
мен  ұлы  держава  атағын  қайта 
қалпына  келтіру  мақсатын  алға 
қойған  көрнекті  ресей  басшы-
сы  ретінде  қарастырады.  Нақты 
**“Grand”  терминін  «Жоғары»  және  «Үлкен»  деген  мағынада  аударуға  болады,  бірақ 
антипутиндік мазмұн-дағы кітап авторлары өз еңбектерінегі бұл стратегияға жоғары сипат 
беруге тырыспайды деген аікір айтуға болады.
айтқанда,  ресей  басшысының 
саяси-психологиялық 
бейнесін 
сипаттауға деген талпынысты бай-
қаймыз. оның стратегиялық талан-
тын  қарастыра  отырып,  авторлар 
Путиннің  2008  жылғы  «Грузияға 
қарсы  шабуыл»,  2010  жылғы 
Қырғызстандағы  бейбіт  төңкеріс 
пен  өзіне  қажетсіз  режимді  жою, 
2014 жылғы «Украинаға басып кіру 
және Қырымды бөліп алу» секілді 
шараларын  бірқатарға  қояды. 
Нақты күштік мағынадағы бұл әрбір 
жағдайларда  Батыс  шұғыл  түрде 
әрекет етуге мәжбүр болды және де 
қырғи-қабақ  соғыс  жылдарындағы 
кезеңге қайта оралмауға тырысты.
Авторлардың  пікірінше,  уақыт 
өткен  сайын  в.  Путиннің  сыртқы 
және  ішкі  саясатты  өзінің  алға 
қойған  стратегиялық  мақсатына 
жету, яғни Ресей басшылығындағы 
посткеңестік 
республикалардың 
*Starr S. F., Cornell S.E. (eds.) Putin’s Grand Strategy: The Eurasian Union and Its Discontents. 
–  Washington,  DC:  Central Asia-Caucasus  Institute  &  Silk  Road  Studies  Program  – A  Joint 
Transatlantic Research and Policy Center, 2014. – 203 p.

111
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
РЕЦЕНЗИЯ
жаңартылған 
одағын 
құруға 
қажетті  деңгейде  өзгерткендігі 
байқала 
басталды. 
Авторлар 
ресей 
басшысының 
шынайы 
мақсатын  Батыстың  қай  кезеңде 
нақты  түсінгенін  дәл  басып  айта 
алмаған.  Бірақ,  2014  жылғы 
Украинадағы  жағдай  Путиннің  өз 
алдына қойған стратегиясынан бас 
тартпайтындығына  ешбір  күмән 
қалдырмады.  Авторлар  владимир 
Путинді  «детерминші»  дейді,  бұл 
оның  посткеңестік  аймақтардың 
ортақ географиялық, экономикалық, 
тарихи  және  мәдени  тұтастығы 
негізінде  бірігуі  тиіс  деген  қатаң 
сеніміне  қатысты  айтылып  отыр. 
олар  сонымен  қатар,  Путиннің  өз 
соқыр  сенімінің  негізінде  оның 
бұрынғы  марксистік  тәрбиесі  жа-
тыр,  және  ол  өзіндік  бір  «Тарих 
көмекшісі»  деген  рөлге  талпына-
ды деген пікірде болуы да мүмкін.  
Яғни, тарихты Путиннің пікірінше 
жылдамдатуға  немесе  итермелеуге 
болады. Ал Батыс болса мұндай іс-
әрекет  логикасына  мүлдем  дайын 
емес болатын. 
Бірақ,  авторлардың  ойынша 
тарих  Путин  жағында  болмауы 
да  мүмкін  еді.  Бұл  жағдай  ресей 
басшысының  өз  тактикалық  әдіс-
терін  өзгертуге,  яғни  өрескел  күш 
қолданудан  бас  тартып,  «жұмсақ 
күшке»  ауысуға  итермелеуі  тиіс 
болатын. Бірақ ол баяу әрекет етіп 
отырған  батыстық  саясаткерлер 
алдында өзінің кеңестік тәжірибесі 
мен  ҰҚК  дәстүрлеріне  сүйене 
отырып,  түрлі  тактикаларды  түр-
лендіре және араластыра қолданып 
келеді. 
Сырттай 
қарағанда  
в.  Путин  демократиялық  және 
либералдық  дәстүрлерге  сәйкес 
ашық  әрекет  етеді,  сұхбат  береді, 
шетелдік  тілшілерді  шақырады 
(валдай  клубы),  пікіралмасуларға 
шынайы  қатысады.  Ал  шын  мә-
нінде,  авторлардың  пікірінше 
нақты  шешімдер  қабылдау  мен 
ұстанымның негізгі үрдістері, және 
шынайы  мақсаттары  құпиялылық 
пердесімен жабылған.  
в. Путин өзінің екі рет премьер 
және  екі  мәрте  РФ  президенті 
ретінде  оншақты  жылдар  көлемін-
дегі  билікте  болған  кезеңінде  ол 
КСРо-ның  соңғы  жылдарындағы 
болған  биліктен  өзгеше,  жеке 
биліктік  өзіндік  режимін  қалып-
тастырды.  Өткен  ғасырдың  90-
шы  жылдарындағы  өзінің  саяси 
тәжірибесіне 
сүйене 
отырып, 
Путин  былық  пен  демократия 
түсініктері  синонимдер  деген 
көзқарасқа  келген,  сондықтан 
да  биліктің  жеке  (қатаң)  түрін 
қалыптастыруды  мақсат  еткен. 
Рецензияланып  отырған  жұмыста 
Путин бір рет таңдалынып алынған 
трекке  тұрып,  құлап  қалмау  үшін 
үнемі  қозғалыста  болуы  тиіс  ве-
лосипедпен салыстырылады.
Авторлар  батыс  басшыларын 
Путиннің  әрекеттері  (Грузиядағы, 
Украинадағы) салдарсыз қалмайды 
деп  үнемі  қайталайтындықтары 
үшін  сынға  алынады,  өйткені  ол 
ешбір  салдарға  алып  келіп  жатқан 
жоқ,  және  сол  арқылы  Путиннің 
өз  жазаланбаушылығына  деген 
сенімінің артуына негіз болуда. 
Кітап  тақырыптық  мазмұны 
(құрылымы жағынан емес) жағынан 

112
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
РЕЦЕНЗИЯ
үш  бөлімге  бөлінген.  Бірінші  бө-
лімінде еуразиялық жобаның негізгі 
мағынасы мен Ресей стратегиялары 
қарастырылған.  С.Блэнк  жобаның 
идеологиялық  негізін  қарастырса, 
Р.вайц  кедендік  одақ  пен  ЕАЭо 
құрылымын  зерттейді,  ал  П.Баев 
қауіпсіздік  мәселелерін  талдаса, 
Р.Помфрет  –  еуразиялық  үрдістің 
экономикалық жағын саралаған.  
Екінші  бөлім  еуразиялық  үде-
рістегі  жекелеген  посткеңестік 
мемлекеттердің  ұстанымы  мен 
рөліне  арналған.  оларды  авторлар 
үш  топқа  бөліп  отыр.  «Еріксіз 
қосылғандар» 
атты 
бірінші 
топқа  Қазақстан  мен  Беларусь, 
сосын  қосылған  –  Армения  мен 
Қырғызстан  елдері  жатқызылған. 
Бұл  аталынған  республикалар  өз 
тәуелсіздігін  барынша  сақтауға 
тырысады,  бірақ,  олар  өз  бола-
шақтары  Еуразиялық  одақпен 
тығыз  байланысқан  деген  ұста-
нымға  келіп  отыр.  Екінші  топқа 
Украина,  Грузия  және  Молдовия 
(Еуропамен 
интеграцияланып 
жатқан)  елдер  кіреді.  Ал  үшінші 
топты  мемлекеттер  интеграциясы-
на  мүлдем  қатыспай  отырған 
Әзербайжан,  Түркменстан  және 
Өзбекстан  («қосылмаушылар»)  ел-
дері  құрайды.  Үшінші  секцияда 
Путиннің  орасан  зор  жобасына 
әлемнің  үш  ұлы  державалары 
–  Қытай,  Еуроодақ  пен  АҚш 
тарапынан  байқалған  әрекетке 
талдау жасалынған. 
Бір  айта  кетерлігі,  еуразиялық 
үрдіс  реинтеграциясының  ішкі 
себептері  мен  логикасын  жария 
етуге бағытталған кітаптың бірінші 
бөлімі өкінішке орай біз күн сайын 
батыстық  саяси  басылымдар  бет-
терінен  оқып,  америкалық  және 
еуропалық саясаткерлер сөздерінен 
естіп-біліп  жүрген  дәлелдерді, 
бағалаулар  мен  атауларды  баяндап 
қана  өтумен  шектелген.  Ал 
бұл  мәлімдемелердің  мәні  өте 
қарапайым:  в.  Путин  саясатының 
негізінде  посткеңестік  аймақтарды 
қайтара  жаулап  алуға  қатысты 
зымиян  жоспар  жатыр,  Ресей  өз 
империясын  қалпына  келтіруде 
ТМД  елдерінің  тәуелсіздігі  мен 
территориялық  тұтастығын  аяққа 
басады, ал бұл Мәскеу үшін түкке 
тұрмайтын мәселе және тағы да сол 
сияқты ойлар. 
Сонымен  қатар,  Ресейдің  түр-
лі  салалардағы  интеграциялық 
әрекеттерінің  ерекшеліктері  ав-
торлар  тарапынан  бөлімдерде 
қарастырылған.  шамасы,  Мәскеу 
белгілі 
бір 
кезеңде 
(қайта) 
интеграцияға  қажетті  ауқымды 
әлеует  ретіндегі  ТМД-дан  бас 
тартуға  бекініп  (біздің  ойымызша 
шамамен  2006  жылдары),  оның 
орнына жаңа құрылымдар жасауды 
шешті  (мұнда  ЕЭК,  Ко  және 
ЕАЭо  есепке  алынып  отыр  деп 
түсіну қажет). ҰҚКҰ секілді құры-
лымдардың  шын  мәнінде  Мәскеу 
үшін  әскери-саяси  және  әскери-
техникалық  саладағы  екіжақты 
келісімдерден  артық  құндылығы 
жоқ.
Путиннің  стратегиясына  жаса-
лынған  экономикалық  сараптама 
оның  еуразиялық  жобасы  тек  өте 
қымбатқа  түскен  империялық 
жоба  ғана  емес,  шын  мәнінде 

113
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
РЕЦЕНЗИЯ
жақсы  жоспарланған  және  келе-
шегі  бар  тиімді  бизнес-жоспар 
болып  табылады,  өйткені  ол 
жүзеге  асқан  жағдайда  Ресей 
посткеңестік  аймақта  және  де 
жалпы  Қытай  мен  Еуроодаққа 
бағытталған  экспорттық  ағымдары 
қоса  есептегендегі  Еуразия  құр-
лығындағы 
геоэкономикалық 
басымдыққа да қол жеткізеді. 
осыған  қарамастан  Р.  Помфрет, 
Кедендік  одақты  Ресейдің  бұрын-
ғы КСРо территориясына бақылау 
орнатуды  қалпына  келтіру  жолын-
дағы  геосаяси  күресінің  бір  бөлігі 
ретінде  қарастыру  қажет  деп 
есептейді.  Мәскеу  үшін  негізгі 
қатерлер 
ретінде 
Қытайдың 
орталық  Азия  экономикасындағы 
рөлінің артуы, жергілікті элитаның, 
әсіресе  қазақстандық  ықпалды 
топтардың  аймақтан  Батыстың 
кетуі  немесе  батыстық  саяси 
және  қаржы-экономикалық  құры-
лымдардың ығыстырылуына жасы-
рын түрде қарсылық білдіруін алуға 
болады. 
осы жобаның жетекшілері және 
бастамашысы  болған  Ф.  Старр 
мен  С.  Корнелл  жазған  кітаптың 
алтыншы тарауы – Путиннің «Үлкен 
стратегиясының»  тактикасы  мен
құралдарына 
арналған 
және 
зерттеудің  маңызды  бөлігі  ретінде 
саналады,  өйткені  ол  путиндік 
стратегияның  «қатігездігі  мен 
имансыздығын»  ашып  көрсетуге 
бағытталған.  Авторлардың  ай-
туынша  Путиннің  өз  саясатын 
жүзеге  асыруға  қолдану  үшін 
ұстап 
отырған 
әдістер  мен 
құралдар  жиынтығы  көне  және 
заманауи  әдіс-құралдардан  тұ-
рады. 
олардың 
кейбіреулері 
кеңестік  кезеңде  қолданылса,  ал 
кейбірі  тіпті  патшалық  заманда 
пайдаланылған.  Авторлар  өзіне 
жағымсыз  басшылардың  беделін 
түсіру 
және 
экономикалық 
қысымды  көне  әдістер  қатарына 
жатқызса, 
энергетика 
мен 
бұқаралық  ақпарат  құралдары 
арқылы  насихаттауды  –  жаңа 
әдістер  деп  есептейді.  Авторлар 
түрлі  салаларда  алуан  түрлі 
әдістерді  қолданудағы  сәйкестілік 
пен  үйлесімділікті  қалай  сақтауға 
болады  деген  сұраққа  тіреледі. 
осы  сұраққа  жауап  бере  отырып, 
авторлар  шешімнің  ең  жоғарғы 
деңгейлерде  қабылданатындығы, 
бұйрықтардың да сол жақтан келіп, 
қажетті әрекеттердің сәйкестілігі де 
бұрынғы ҰҚК мен МББ дәстүрлері 
мен тәжірибесі арқылы қамтамасыз 
етіледі деген қорытынды жасайды. 
(Материалдың  қалған  бөлігі  журналдың  келесі  нөмірінде 
жарияланады)
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет