Қазақстан және Германияның қарым-қатынастары Қазақстан –Франция қарым-қатынасы Қазақстанның Ұлыбритания елімен байланысы



бет1/3
Дата14.03.2022
өлшемі82,33 Kb.
#27856
  1   2   3

Қазақстан және Германияның қарым-қатынастары

Қазақстан –Франция қарым-қатынасы

Қазақстанның Ұлыбритания елімен байланысы
Қазақстан және Германияның қарым-қатынастары

Әлемде болып жатқан жылдам өзгерістер тек жаңа сын-тегеуріндерді ғана емес, экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері мен бағыттарын да туындатады. Бұл Қазақстан және Германия арасындағы қарымқатынастарға да едәуір байланысты. Қазіргі уақытта еуропалық елдердің арасында ГФР Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің бірі болып табылады. ҚР Ұлттық банкінің ақпараты бойынша 2016 жылғы екіжақты сауданың көлемі 3 млрд 986 млн еуроны құрады, ал 2017 жылы ол 4 млрд 856 млн еуроға дейін, яғни 20%-ке өсті. Сауда көлемінің өсуін сарапшылар теңге бағамының тұрақтандырылуы мен әлемдік мұнай бағасының артуымен байланыстырады, бұл қазақстандық тарапқа 2014–2015 жылдары күрт өзгерген сауда позицияларын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Қазақстан Германияға негізінен шикізат пен металдарды экспорттайды. Мұнай бүкіл экспорттың 91%-ды құрайды, ал экспорттың қалған бөлігін жалпы қара металдар (2,4%), бейорганикалық химия (2,2%), түсті металдар (1,7%), балық (0,7%), майлы дақылдар мен басқа өсімдік дақылдары (0,6%) және басқалар құрайды. Тұтастай алғанда Германиядан Қазақстанға импорт өнеркәсіп өнімдерімен ұсынылған, онда жетекші орын машина жасау өнімдеріне (49%) және фармацевтикалық өнімдерге (9,4%) тиесілі. Бұдан басқа, Германия көлік құралдарын, өнеркәсіптік қондырғыларды, химиялық өнімдерді, пластмасса және болаттан жасалған өнімдерді жеткізеді. Германиямен экономикалық байланыстарды дамытудың маңызды бағыттарының бірі инвестициялық ынтымақтастық болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2005 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың қаңтарына дейін Германиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 4,231 миллиард АҚШ долларын құрады (345,5 млн – 2017 ж., 249,8 млн – 2016 ж., 319 млн – 2015 ж.,). Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының экономикасына неміс инвестицияларының 90%-нан астамы шикізаттық емес секторға, атап айтқанда өңдеу өнеркәсібін, химия өнеркәсібін, құрылыс материалдарын, көлік және агроөнеркәсіп кешенін құрайды. 154 Қазақстан экономикасының трансформациясы Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар, неміс компанияларының және банктердің өкілдіктерін қоса алғанда, неміс капиталы бар 1450-ден астам экономикалық құрылым тіркелді. 900-ден астам неміс кәсіпорыны белсенді жұмыс істейді. Өндіріс, құрылыс, көлік және байланыс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және экономиканың басқа салалары бойынша ынтымақтастық жүзеге асырылуда. Қазақстанда танымал неміс концерндері «Даймлер», «Фольксваген», «Ман», «Сименс», «Байер», «БАСФ», «Хайдельберг цемент», «Кнауф», «РВЕ», «Бош», «МЕТРО» және басқалар ұсынылған. Көлік логистикасы саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Қытайлық Жаңа Жібек жолының («Бір жол – бір белдеу») бастамасы арқасында Қытайдан Еуропаға контейнерлік қозғалыстың геометриялық прогрессияда өсуі байқалады. 2017 жылғы 12 шілдеде Германияның Федералды Президенті Ф.-В. Штайнмайердің Астанаға ресми сапарының қорытындысы туралы да айтып өту керек. Осы сапар барысында тараптар туризм, көлік, энергетика, машина жасау, жаңартылатын энергия көздері, бөлшек сауда және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда шамамен 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі екіжақты инвестициялық құжаттар топтамасына (21 жоба) қол қойды. Мұның барлығы Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық байланыстардың дамып келе жатқанын дәлелдейді, олар бір-бірін өз аймақтарындағы негізгі стратегиялық серіктес ретінде көреді. Сонымен бірге, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талдау Қазақстан мен Германия мүддесі үшін табысты іске асырылуы мүмкін елеулі пайдаланылмаған әлеуеттің бар екенін көрсетеді. Бұл қандай мәселе? Екі ел де толыққанды жұмыс істемейтін артықшылықтарға ие. Атап айтқанда, Қазақстанның материалдық сауда тұрғысынан өте қолайлы геоэкономикалық жағдайы бар. Біздің тікелей көршілеріміз – Қытай (1,5 млрд адам), Ресей (147 млн адам), Орталық Азия (52 млн адам), Каспий теңізі арқылы Әзербайжан (10 млн адам) және Иран (82 млн адам). Сонымен қатар 18 миллион адам тұратын Қазақстанды осы елдермен теміржол және автокөлік желілері, сондай-ақ Каспий теңізіндегі теңіз порттары байланыстырады. Көлік логистикасы тұрғысынан Қазақстан ірі қойма сыйымдылықтары бар хабтарды ұйымдастырудың ең ыңғайлы 155 Қазақстан және Германияның экономикалық қарым-қатынастары: жағдайы мен перспективалары жері болып табылады, бұл аймақтық тұтынушыларға тауар жеткізудің қашықтығын және уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сол себепті де, жергілікті жұмыс күшінің салыстырмалы түрде арзан бағасына байланысты, Қазақстандағы өндірістің өзін шоғырландыру пайдалы болуы мүмкін. Елімізде барланған (2005 жылы) 5 мыңнан астам пайдалы қазбалардың кен орындары 46 трлн АҚШ долларынан асады, 220 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлері (2017 жылы шамамен 30 млн гектарға пайдалануға болатын), қолайлы инвестициялық ахуал және инвестициялық заңнаманың құқықтық тұрақтылығы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі Қазақстанның халықаралық интеграциясы – осының бәрі Қазақстанның экономикалық перспективаларының өте керемет екенін көрсетеді. Әрине, аталған неміс серіктестерінің көпшілігі мұны біледі және қазірдің өзінде пайдаланады, өйткені Германияның Қазақстанмен экономикалық арақатынасы Орталық Азия елдерімен жасалатын жалпы тауар айналымының 82%-ы, шамамен 6 млрд АҚШ долларын құрайды. Ал былтыр Германия экспортының көлемі 1,3 трлн триллион долларды (!) құрады, яғни біздің өңірде және көршілес аймақтарда сауда-саттықты дамыту үшін бұрынғыдай резервтер бар екендігі анық. Сонымен қатар, Орталық Азия елдерінің көпшілігінің ішкі нарықтары әлі де толыққанды тауарлармен толықтырылған жоқ. Осыған байланысты, «Өзбекстанның ашылуы» – бұл аймақтағы саудаэкономикалық қатынастардың барлық кешенін қайта құруға, сондай-ақ Орталық Азияға сыртқы (оның ішінде инвестициялық) қызығушылығын нығайтуға мүмкіндік беретін өте жақсы фактор. Көптеген сыртқы экономикалық ойыншылар үшін Өзбекстан және оның Қазақстанмен қатынасы күрделі салымдардың өте тиімді саласы болып табылады. Бұл ел табиғи ресурстарға (газға, алтынға) бай, адамдары еңбекқор, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Өзбекстанға шетелдік қызығушылықтың айтарлықтай көрсеткіші ретінде жақында Ташкент пен ЕҚДБ арасында қол қойылған 1 млрд еуроға жуық кредиттік келісімдер топтамасын атауға болады. Қазақстан шетелдік озық технологиялар мен менеджментті тартуға мүдделі, оны Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасынан да, 2012 156 Қазақстан экономикасының трансформациясы жылғы Германиямен шикізат, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы серіктестік туралы келісімнен де көруге боолады. Біздің еліміз дамыған ауыл шаруашылығы және жақсы ұйымдастырылған көліктіклогистикалық инфрақұрылымы бар қуатты индустриалды мемлекет болуға ұмтылады, сондықтан осы кезеңде «шикізатты технологияларға айырбастау» қағидаты Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатында басымдыққа ие. Осыған байланысты, Германияның Қазақстанға ұсынатын бәсекеге қабілетті салалары бар. Қазақстан Германиямен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ретінде индустрияландыру, химия өнеркәсібі, энергетика және энергия тиімділігі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және транзит саласындағы жобаларды қарастырады. Бұдан бөлек, «Индустрия 4.0» неміс платформасын қолдану арқылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты нығайту жоспарлануда. Біздің еліміз алдағы жылдары есептелген жекешелендірудің «екінші толқынында» неміс іскер топтарының қатысуын құптайды. Қазақстан мен Германияның экономикалық ынтымақтастығын институционалдық қолдау екі елдің тиісті министрліктері мен ведомстволары – Қазақстан-Герман іскерлік кеңесі, «Қазинвест» АҚ және Германия экономикасы Шығыс комитеті тарапынан қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, екіжақты сауда-экономикалық қатынастар аясында біздің елдеріміздің мүдделерін толығымен және өзара тиімді қанағаттандыруға ықпал ететін бірқатар сала бар. Бұдан басқа, ынтымақтастықты табысты дамыту, тиімді серіктестікті дамыту үшін және Қазақстан мен Германияның іскер топтарының бизнес-жобаларын іске асыруға (атап айтқанда, неміс компаниялары Ойлер Гермес және Г. Паппенбургке қатысты мәселелерді шешу) кедергі келтіретін мәселелерді шұғыл түрде шешу қажет. Ең алдымен ынтымақтастық парадигмасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігіне назар аударғым келеді. Менің ойымша, екі экономиканың өзара іс-қимылында «зәкірлі инвесторлар» деп аталатын мәселенің маңыздылығын жоққа шығармай, қазіргі жағдайдағы орта және шағын кәсіпорындар арасындағы көлденең байланыстарға ынтымақтастықтың басты жағын ауыстыру тиімді болады. 157 Қазақстан және Германияның экономикалық қарым-қатынастары: жағдайы мен перспективалары Бұл біздің елдеріміздің сауда әрі инвестициялық әріптестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін, жыл сайын қарқынды өзгеріп келе жатқан тұтынушылық сұранысқа неғұрлым икемді жауап беруге мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды жағдай – ынтымақтастықтың мұндай формасы жұмыспен қамтамасыз ету міндетіне қатысты, себебі ол ШОБ, яғни еңбек нарығында бос орындардың негізгі жеткізушісі болып табылады. Бұл өте маңызды, себебі роботтандыру және цифрландыруды жетілдірудің (және сәйкесінше, жұмыс орындарын қысқартуға алып келетін) табыстылығын негізге ала отырып, жаңа технологиялық құрылымға көшу қазірдің өзінде жақын болашақтағы жетекші әлеуметтік мәселелердің санатына нәтижелі жұмыспен қамтуды шығарады. Германияның Еңбек және әлеуметтік істер министрі Хубертус Хайль Frankfurter Allgemeine Zeitung (06.08.2018) газетінде: «неміс сарапшыларының айтуынша, 2030 жылға қарай автоматтандыру Германиядағы әрбір төртінші жұмыскерге әсер етеді» деп атап өтті. Сондықтан еңбек нарығында болашақ өзгерістерге дайын болу үшін – Индустрия 4.0, үздіксіз білім әрбір мамандықтың ажырамас бөлігі болуға тиіс. Неміс министрінің айтуынша, жұмысшылардың қажетті біліктілігіне жауапкершілік ең алдымен жұмыс беруші тарапынан жүктелуі тиіс және үкімет бұл үшін қажетті құқықтық базаны құруы керек. Экономикалық ауытқуға түспеу үшін Қазақстан мұндай мәселелерді назарға алуы керек деп есептейміз. Осылайша, Индустрия 4.0 саласы бойынша оқыту және үздіксіз білім Нұр-Сұлтан мен Берлин арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін тағы бір өріс болуы мүмкін. Германиядағы жұмысымның тәжірибесінен, халықаралық деңгейде шағын және орта кәсіпорындар арасында байланыс орнатудың қаншалықты қиын екенін білемін. Біріншіден, тараптар туралы ақпараттың кейбірі мен басқа адамдардың қажеттіліктері туралы ақпараттың жетіспеушілігі бар, мемлекеттік органдардың және экономикалық өзара іс-қимылдың орталық органдарының айқын себептермен ірі компаниялардың басымдықты мәселелеріне бағытталғаны сияқты тиімділік мәселесі де бар. Осыған орай, ШОБ арқылы экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа ынтымақтастық платформаларын құру қажеттілігі бар. Мүмкін болатын шешімдердің бірі ретінде олардың қызмет түрлерін, кәсіпорындардың электронды каталогын, өндірістік қуаттардың қысқаша сипаттамасын, ынтымақтастық бағыттарын және қызығушылықтың заңды ерекшеліктерін көрсете отырып ұсынуға болады. Бұл ынтымақтастық мәселелерін талқылауға кірісу 158 Қазақстан экономикасының трансформациясы үшін ықтимал серіктестермен «таныстыру» мүмкіндігін береді. Екінші қадам ретінде әлеуетті инвесторлар үшін қызықты жобалар (идеялар) орналастыратын платформада электрондық «жобалық алмасуды» іске асыруға бағытталған жұмыс болуы мүмкін. Осындай платформаларды құру өңірлік тұрғыдан ұтымды болып көрінеді, өйткені шағын және орта кәсіпорындар өздерінің табиғаты бойынша орталықтандыруды және ауыр бюрократияны қажет етпейді. Жалпы «қорғаншылық» мәселелерін және олардың мүдделерін білдіруді Қазақстан Республикасының Саудаөнеркәсіптік палатасы және Германияның тиісті құрылымдары (іскерлік бірлестіктері) жүзеге асырады. Сондай-ақ ШОБ‑тің, әдетте, шет елге инвестициялар үшін еркін айналым қаражаты жоқ екендігін атап өткен жөн. Сондықтан экономиканың осы сегментінде жобаларды іске асыруға несие беретін банк секторы ШОБ ынтымақтастық жүйесінің маңызды элементі болуы керек. Осы бағытта 2018 жылы 4 шілдеде ашылған «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) тиімді алаңша болуы мүмкін. АХҚО бірқатар артықшылықтарға ие, соның арқасында мұнда өте тартымды бизнес-климат құрылды. Ағылшын заңдарына негізделген айрықша юрисдикциядан басқа, салық жеңілдіктері, шетелдік жұмыс күшін ақысыз жалдау, қолма-қол ақшасыз төлемдер мүмкіндіктері, АХҚО бағалы қағаздар нарығының жаңалығы, оның ішінде жаңа кәсіпорындардың акцияларын шығаруымен сипатталады, сондықтан инвестицияларды тартуға мүмкіндігі бар, оның ішінде шағын және орта бизнесте де. АХҚО менеджері Қ. Келімбетовтың айтуынша, 2020 жылға қарай Астана қор биржасында 500 компанияны тіркеу жоспарлануда (ашылған кезде – 55). Қ. Келімбетов: «Біз Дүниежүзілік Банк, ХВҚ, ЕҚДБ, АДБ, Азия инфрақұрылымдық инвестициялық банкі, ШЫҰ елдерінің жаңа Даму банкі сияқты барлық көп жақты қаржы институттарымен ынтымақтастық жасаймыз. Олардың барлығы АХҚО‑ның стратегиялық әріптестері болып табылады»,– деді. Кредиттік қауіпсіздік схемаларын жетілдірудің маңызды қадамы Қазақстан үшін несие желісін жаңартуға мүмкіндік беретін неміс сақтандыру компаниясы «Ойлер Гермес» мәселесін тезірек реттеу еді. Менің пікірімше, Қазақстанның кемшілігі – senior official – неміс жоғары лауазымды тұлғаларының, нақтырақ айтқанда жоғары лауазымдардан зейнеткерлікке шыққан қарт адамдардың әлеуетіне қызығушылық 159 Қазақстан және Германияның экономикалық қарым-қатынастары: жағдайы мен перспективалары танытпауы. Іс жүзінде, бұл – зияткерлік және кәсіби тәжірибенің «алтын» резерві, олардың жаңа істерге қатысуы өндірістің барлық салаларында (тек осы ғана емес!) Қазақстанның белсенділігін едәуір арттыра алады. Олар өз саласының ерекшеліктерімен жақсы таныс, неміс нарығын біледі (сұранысқа ие неміс компанияларын ұсына алады: қызметтер, тауарлар, технологиялар), сондай-ақ олардың әлемнің кез келген елінде маңызды байланыстары бар. Тиісті бағдарламаларды ұйымдастыру, Қазақстанда жұмыс істеу және тұру үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы олардың арасында өмірлік белсенділігін ұзартқысы келетіндер болады деп сенемін. Сонымен бірге, Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастардың болашағына назар аудару қажет. Бұл ынтымақтастыққа екі елдің жастарын да белсенді тарту керек деген сөз. IT‑стартаптар Халықаралық орталығы бұл үшін жақсы мүмкіндіктерге ие бола алады деп ойлаймын, бірақ әр түрлі технопарктер, ғылыми-зерттеу зертханалары, Қазақстанның жоғары оқу орындары жастармен алмасуға қосылса жақсы болар еді. Айтпақшы, қазір Германияда әртүрлі мамандықтар бойынша 300-ге жуық қазақстандық студенттер мен магистранттар оқиды. Сонымен қатар, Германияда инженерлік білім әлемдегі ең үздіктердің бірі болып саналады, ал неміс тілінде білім алу бұл жерде тегін деп те айтуға болады! Қазақстандағы инженерлік кадрларға деген сұранысты ескере отырып, білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығаятынына, осылайша Германияда оқып жүрген жас қазақстандықтардың саны арта түсетініне сенімдімін. Сонымен қатар, Германиядан шақырылған жас мамандардың саны көбеюі үшін тиісті сайттар жасап және Қазақстаннан Германияға көшіп келген қоныс аудару корпусының өкілдерін (1 млн адам) де осы үрдіске қатыстыруға болар еді. Олардың көпшілігі орыс тілін біледі, жергілікті халықпен қарым-қатынас процесін едәуір жеңілдететін қазақтың тілін біледі. Осыған байланысты неміс қоғамының қамқорлығымен құрылған неміс жастарының одағы екіжақты байланыстарды дамытуда оң рөл атқара алады. Қазақстан азаматтары неміс визаларын ресімдеудің жеңілдетілген тәртібі және Германия Федеративтік Республикасы азаматтарының ұзақ мерзімді қазақстандық визалары жастар алмасу саласындағы ахуалды айтарлықтай жеңілдетер еді 1. Қазақстанда қазіргі кезде ГФР азаматтарын қатысты 30 күн мерзімге дейінгі визасыз 1 режим бар. 160 Қазақстан экономикасының трансформациясы Қазақстандағы жобаларды іске асыру, ең алдымен, инновацияларға ұмтылатын адамдарға қызығушылық тудыруы мүмкін, олар негізінен бәсекеге қабілетті «тың» идеялар тұрғысынан бизнес-идеяларды жүзеге асыруға тырысады. 3D‑басып шығару, интернет-жарнама, компьютерлік желілер мен коммуникация секілді ең жаңа жоғары технологиялар саласындағы жобалар немесе салалық мамандықтар бойынша әлі ұсынылмаған (аз ұсынылған) салаларда әсіресе тартымды болуы мүмкін. Әрине, көлік және ауылшаруашылық машиналарын жасау, машина жасау және құрал-жабдықтар, химия өнеркәсібі, энергетика және байланыс, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін ірі компаниялар арасында белсенділік орын алады. Яғни, қарапайым тілмен айтқанда, Қазақстанда өңдеуге болатын кез келген шикізатқа сұраныс бар және біздің еліміз бай шикізаттың үлкен қорларын әлемдік нарықтарға жеткізу мүмкіндігіне ие. Осыған байланысты, инвесторлар үшін жақсы жаңалық Ақтауда 2018 жылы 12 тамызда өткен «Каспий бестігі» саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қою болып табылады. Осы құжатты дайындауға 26 жыл қажет болды, оның барысында Каспий маңы мемлекеттері басшыларының бес саммиті және жұмыс топтарының 52 кездесуі өтті. Сарапшылар бұл келісім Каспий теңізіне қатысты барлық мәселелердің 60-тан 70 пайызына дейін реттейтін негізгі құжат екенін атап өтті. Бұл ресурстарды зерттеуге, инвестициялар тартуға және Каспий теңізінің ресурстарын пайдалануды бастауға жеткілікті. Облыстағы мұнай қоры 50 миллиард баррель шикі мұнай, табиғи газдың қоры – 300 триллион текше фут деп бағалануда. Бұл аспект бұдан әрі келіссөздер тақырыбы болып қала береді. Теңіз түбінің бөлінуі Каспий теңізінде сақталған мұнай құбырларының үлкен көлемін пайдалану үшін экономикалық тұрғыдан маңызды болып табылады, ол құрылатын құбырлар бағытына әсер етеді. «Рейтер» агенттігі Каспий теңізінің жер қойнауын бөлу туралы келісім болмаған жағдайда мұнай және газ кен орындарын игеру мәселесі ашық күйде қалар еді деген пікір білдірді. «Рейтер» компаниясы Вуд Маккензи консалтингтік фирмасының сарапшысы Эшли Шерманның пікірін келтіреді. Оның айтуынша, жаңа кен орындарының арқасында мұнай өндірудің айтарлықтай өсуі күтілмейді, өйткені олар зерттелген ірі кен орындарынан Қазақстан және Германияның экономикалық қарым-қатынастары: жағдайы мен перспективалары әлдеқайда аз. Сондықтан Конвенцияға қол қою аймақ үшін маңызды оқиға болып табылады. Өз кезегінде Қазақстан Германияға жетекші мұнай жеткізуші бола отырып, Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне үлкен үлес қосады. Зор ауқымдағы инвестициялар мен ең алдымен энергияны үнемдеу және балама энергетика салаларында озық неміс технологияларын енгізу аясында Германияның энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қосқан үлесін арттыру ниеті бар. Германия Балтық және Солтүстік теңіз порттарында дамыған көлік инфрақұрылымына ие, ол біздің ел арқылы Қытайдан Еуропаға теміржол арқылы контейнерлік тасымалдауларды белсенді түрде жүзеге асырады, сондай-ақ халықаралық көлік және логистика саласында үлкен әлеует пен инновацияға ие.

Биыл 2022 ж Қазақстан мен Германия арасындағы байланыстардың орнағанына 30 жыл. 022 жылдың 11 ақпанында біз Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуын атап өтудеміз. Дипломатиялық-бюрократиялық актімен, яғни «вербалдық ноталармен» басталған алмасу қазір көп қырлы, жанды және қарқынды қарым-қатынастарға айналды. Биылғы мерейтой бізге қорытынды жасауға, сонымен бірге болашаққа оптимистік көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Германия Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады. Соңғы 30 жылда біздің елдеріміз саяси болсын, экономикалық болсын немесе мәдени салаларда берік әрі сенімді байланыстар орнатты. Осы үш онжылдықта Қазақстан халықаралық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын заманауи мемлекет құрды. Германия Қазақстанды аймақтағы және халықаралық форумдардағы маңызды шабыт көзі ретінде, Ауғанстандағы қақтығыс сияқты аймақтық мәселелер бойынша немесе ядролық қарусыздану сияқты халықаралық проблемалар бойынша байланыс орны ретінде, сондай-ақ жаһандық экологиялық және климаттық мақсаттарды жүзеге асырудағы серіктес ретінде бағалайды. ЕО да біздің екіжақты қарым-қатынасымызды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Алғаш рет 2007 жылы ЕО Кеңесіне Германияның төрағалығы кезінде әзірленіп қабылданған және кейін 2019 жылы жаңартылған ЕО-ның Орталық Азия стратегиясы орталық анықтамалық құжат болып табылады. ЕО мен Қазақстан арасындағы кеңейтілген әріптестік туралы келісім қазір де ынтымақтастықты нығайтудың маңызды бастамасы болып табылады.Экономикалық салада да қарым-қатынасымыз өте тығыз. Германияның Орталық Азиямен саудасының бестен төрт астамы Қазақстанның үлесіне тиеді. Қазақстанда барлығы 200-ден астам неміс компаниясы жұмыс атқаруда. Керісінше, ЕО Қазақстанның ең маңызды сауда серіктесі болып табылады.Екі ел арасындағы мәдени байланыстар да осындай тағыз. Алматыда орналасқан Қазақстан Гёте-Институты елдеріміз арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытады және өзінің төрт тілді оқыту орталығымен неміс тілін үйренуге мүмкіндіктер ұсынады. Қазақстанда орналасқан PASCH бастамасының 15 неміс серіктес мектебі де неміс тілін ілгерілетуге, жалпы білім беру саясатымен алмасуға қызмет етеді. Университет деңгейінде Қазақ-Неміс Университеті (ҚНУ) бірлескен флагмандық жоба болып табылады. ҚНУ Орталық Азиядағы ең маңызды неміс университетінің жобасы және логистика, аймақтық су ресурстарын басқару немесе жаңартылатын энергия сияқты болашақ мамандықтар үшін академиялық хаб болып табылады



Қазақстандағы неміс диаспорасы мен Германиядағы Қазақстаннан шыққан көптеген немістер де екіжақты қарым-қатынасымызда маңызды рөл атқарады. Олар серпінді «табиғи көпір» құрайды және біздің екі ел арасында жиі кедергісіз қозғалуда. Қазақстан немістері біздің қарым-қатынасымыздың берік негізі болып табылады. Атап айтсақ, «Қазақстандағы немістердің «Возрождение» қауымдастығы» қоғамдық қоры өз тілдік, білім беру және жастармен жұмыс істеу қызметімен қазақ-герман достығына өлшеусіз үлес қосып келеді. 2021 жылдың қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ-Неміс орталығының ашылуы осы достықтың айқын белгісі болып табылады. Орталық неміс диаспорасының қызметін біріктіреді және елорда Нұр-Сұлтанда Германияның «визитная карточкасы» болып табылады. Германия мен ЕО алдағы онжылдықтарда да сенімді серіктес ретінде Қазақстанды қолдайтын болады. Сондықтан биылғы мерейтой бізді қол жеткізген жетістіктермен тынығуға шақырмауы керек. Өйткені, алдағы уақытта бірлесіп шешуді қалайтын міндеттер көп. Бір ғана мысал, Президент Тоқаевтың реформалық бастамалары. Демократияны нығайтып, қоғамдағы құрылымдарды жаңғырту елді ілгерілетіп, халықаралық ұстанымын одан әрі нығайта түсетініне сенімдіміз. Германия бұл үдерісті сүйемелдеуге әрқашан дайын. Мысалы, GIZ Қазақстандағы ең соңғы әкімшілік құқық реформасын жүзеге асыруға айтарлықтай қолдау көрсетуде.

Германия да, Қазақстан да өз алдына мақсат етіп қойған ұлттық экономикаларымызды көмірсіздендіру де байланыс нүктелерін ұсынады. Неміс компаниялары тәжірибесі, тұрақты инвестициялары және заманауи технологиялары арқылы Қазақстан 2060 жылға қарай ұмтылып отырған климаттық бейтараптыққа қол жеткізуге маңызды үлес қоса алады.Қазақстан Германияның «Жасыл Орталық Азия» бастамасында да маңызды рөл атқарады. «Жасыл Орталық Азиямен» біз аймақтағы климатқа әсер ету және қақтығыстардың алдын алу бойынша трансшекаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқымыз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет