Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті



Дата08.11.2022
өлшемі14,79 Kb.
#48578

Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті.


Көшпелі қазақ мәдениетінің көшпелі көрінісі. Салтанатты көшті өмірдің сәні ретінде бағалайтын қазақтар, көшті бір орыннан екінші орынға жұрт жаңалау үшін ғана емес, өз тұрмыс мәдениетін әйгілеп, көңіл көтерудің тамаша орайы деп білген. Сырттай сынай қарайтын ұлттар ойлағандай, көшіп-қонып, азып-тозып жүрген жоқ. Тереңрек айтсақ, қазақтың көш мәдениеті көне заманда көшпелі тұрмыс кешірген адамзат мәдениетінің соңғы сарқыны. Неше мың жылдан бері үзілмей жалғасқан мәдениетінің соңғы тынысы. Моторлы көліктердің жаппай қолданысқа енуі, адамзаттың отырықшы тұрмысқа көшуі, көшпелі тұрмыстыңда күнін батырды. Көшпелі тұрмыс тарихта өзінің айқын орынын алған үздік мәдениет. Әрине, көшпелі мәдениетке деген көзқарастар әртүрлі болды. Дәлірек айтсақ, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына назар аудару басым болды. Мысалға, Тойнби, Ратуель деген сияқты ғалымдар: «Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға көрсетілген, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді» деген екен. Менің ойымша бұл қате айтылған пікір. Көшпелілерде де жазу-сызу ертеден пайда болды. Ия, әрине көшпелілерде жазу кеңінен дами алмады, бірақ халық жадында рухани мәдениет-шежіре тарихы, өнер, фольклор ерекше сақталды. Көшпелілер мәдениеті музыкамен табиғаттың ырғағымен өмір сүрген. Жібек жолындағы түрлі ескерткіштерді қазған кезде де, музыка және театр саласындағы даму барысы мен өзара бірін-бірі байытып отырғанын, дәлелдейтін заттар осыған айғақ. Олар түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болды деп ойлаймын. Себебі, көшпелілер әр халықтың жақсы мәдени үлгілерін өздеріне алып, басқа да халықтарға жұғыстырды


НОМАДТАР- шаруашылық қызметі мен оған байланысты тұрмыс салтының ерекше үлгісінде өмір сүретін әлеуметтік топтың өкілдері. “Н.” термині шөлейт, қуаң аудандарды мекендейтін малшыларға, кейде өте ежелгі шаруашылық – мәдени типке жататын кезбе аңшылар мен терімшілерге байланысты қолданылды. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың соңы мен 1-мыңжылдықтың бас кезінде Еуразияның таулы-далалы өлкелерінде өндіргіш күштердің артуы және жаңа аймақтарды қоныстана бастауға байланысты далалы, шөлейт және шөлді жерлердегі тайпалардың бір бөлігі бақташылық мал ш-нан көшпелі мал ш-на ауысты. Б.з.б. 1-мыңжылдықта және б.з. алғашқы ғасырларында Н. Орт., Бат.Азия, Қара т. жағалауларын, сәл кейінірек Солт. Африканы мекендеді. Көшпелілікке өту мал басының өсуіне, қоныстанған аудандарды игеруге, тайпалар арасындағы байланыстардың дамуына жағдай жасады. Көшпелілікке неғұрлым бейімді жануарлар – қойлар, жылқылар, түйелер мен ешкілер болып шықты. Бірте-бірте арктик. аймақтарда көшпелі бұғы ш. қалыптасты. Көшпелілер мен жартылай көшпелілердің негізгі кәсібі – мал ш. басқа кәсіп түрлерімен – егіншілік, сауда, аңшылықпен қатар дамыды. Әр түрлі табиғи жағдайларға байланысты көшіп-қонудың әр алуан түрлері қалыптасты. Барлық тарихи кезеңдерде малшы көшпелілер мен отырықшы егіншілердің арасында тығыз экон., саяси және мәдени байланыстар болды;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет