Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының


ْمَّل نَمَو ِناَميِْلإا َدْعَبب ُقوُسُفْلا ُمْسِلا َسْئِب ِباَقْلَْلاِب اوُزَبباَنَب�  َلَو﴿



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата22.12.2016
өлшемі1,8 Mb.
#53
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

 ْمَّل نَمَو ِناَميِْلإا َدْعَبب ُقوُسُفْلا ُمْسِلا َسْئِب ِباَقْلَْلاِب اوُزَبباَنَب�  َلَو﴿
﴾َنوُمِلاَّظلا ُمُه َكِئَلْوُأَف ْبُتَبي

184
185
«Және  жаман  лақап  аттармен  атамаңдар.  Иман 
келтіргеннен кейінгі сұмпайы ат қандай жаман. Ал, кім 
одан тәубе етпесе, міне, солар нағыз залымдар» (Хужурат, 
11).
Ғалымдар егер бір кісінің өз есімі адамдардың арасында 
ұмытылып, жағымсыз мағынадағы лақап атымен ғана белгілі 
болса, оны қолдануға болады деген. 
Мәнсуб  есімдерге  бір  туған  жерге  немесе  ру-тайпаға 
қатыстылығына  байланысты  қойылатын  есімдер  жатады. 
Мысалы, Әбу Насыр әл-Фараби – «Фарабтық Әбу Насыр», 
Абдулла әт-Туркистани – «Түркістандық Абдулла», Асан ат-
Тарази  –  «Тараздық  Асан»  т.б.  Мұндай  аттар,  оның  ішінде 
ру-тайпаға  қатыстысы  қазақтарда  көп  кездесетін  болған. 
Мысалы, Үйсін Төле би, Қаракерей Қабанбай, Балқы Базар, 
Шапырашты Наурызбай т.б.
Ат таңдаудағы басты талаптар
1. Адамның аты оның ғұмыр бойы онымен бірге болады. Егер 
есімі нашар болса оған көптеген ыңғайсыздық тудырады. Ал, 
бұл өз кезегінде бланың бойында есімін қойған адамға деген 
жеккөрушілік сезімін тудырады. 
2. Есімі таңдауда оны жан-жақты қарастырған жөн. Яғни, ол 
сөздің мағынасына, көркемдігіне, нәрестеге үйлесімділігіне, 
оның  жас  кезінде,  есейгенде  және  ақырында  қартайғанда 
жарасымды болуына аса назар аудару керек. Оның әкесінің 
немесе болашақтағы балаларының есімімен үйлесімділігіне 
көңіл  бөлінуі  тиіс.  Сондай-ақ  әдемі,  ойнақы,  ұйқасты 
болғанымен түк мән-мағынасы жоқ аттарды да қоймау керек.
3. Нәрестеге ат таңдау негізі әкенің хұқығына жатады. Өйткені 
оның есімі дүниеде де, ақыретте де нәрестенің есімімен қатар 
тұрады. Сондай-ақ, анасының көзқарасы ескерілуі тиіс.
4. Туылған нәрестенің есімі әрдайым әкесінің есімімен бірге 
айтылып-жазылады.  Әкесі  қайтыс  болса  да,  нәрестенің 
анасымен  ажырасып  кетсе  де,  тіпті,  сәбиді  көрмесе  де, 
көмек бермесе де бәрібір. Сондықтан да шариғат бойынша 
баланы  шынайы  әкесінен  бөлек  адамның  есіміне  аударуға, 
зинақорлық  жағдайынан  басқа  кезде  тыйым  салынады. 
Зинақорлық  жағдайының  өзінде  (Алла  ондай  азғындықтан 
сақтасын)  бала  тек  анасының  атына  ғана  жазылады.  Ал, 
оның  тууына  себеп  болған  зинақордың  атына  ешқашан 
жазылмайды. Бәрін білуші бір Алла!
Есімді өзгерту туралы
Алланың  елшісі  (с.а.с.)  жаман  мағына  білдіретін 
есімдерді  ұнатпаған,  ондай  есімдерді  жақсы  есіммен 
ауыстырып  отырған.  Жақсы  есімді  жақсылыққа  жоритын 
болған.
 َمْسِلا ُرِّيي�َغُيي َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِهَّللا ُِّبَّنلا َناَك« :ْتَلاَق َةَشِئاَع ْنَع
.ُّيِذِمْرِّييتلا ُهاَوَر .»َح�ِ�َقلا
Имам Термези жеткізген риуаятта Айша анамыз (р.а.): 
«Пайғамбар (с.а.с.) жаман есімдерді өзгертетін», – деген.
 ِللها  َلوُسَر اَهاَّمَسَ� ٌةَّ�ِصاَع اََل ُلاَقُيي َناَك َرَمُع َةَنْيبا َّنَأ َرَمُع ِنْب ِنَع
 .ًةَل�َِج َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص
Ибн  Омардан  жеткен  риуаятта  Алланың  елшісі  (с.а.с.) 

186
187
Омардың Ғаасиия («қарсы шығушы») атты қызының есімін 
Жәмила  («Әдемі»)  деп өзгерткен. 
 ٌمْوَيق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلا ىَلَع َدَ�َو َلاَق ٍديِزَي ِنْب ِء ِناَه ْنَع
 ُدْ�َع :َلاَقَي� ،»؟َكُْسا اَم« :ُهَل َلاَقَي� ،ِرَجَلا َدْ�َع َنوُّمَسُي ْمُهَعَّمَسَ�
.»ِللها ُدْ�َع َتْنَأ اََّنِإ« :ِللها ُلوُسَر ُهَل َلاَقَي� ،ِرَجَلا
Һәни  ибн  Язидтен  жеткен  риуаятта  Пайғамбар  (с.а.с.) 
бір  қауымға  келгенде  олардың  арасында  Абдулхажар 
(«Тастың құлы») есімді біуре болады. Пайғамбар (с.а.с.) одан 
атын сұрап білген соң: «Сенің атың бұдан былай Абдулла 
болсын», – деген.
Есімді  өзгертуге  байланысты  айта  кететін  бір  жайт, 
қазіргі  қазақ  қоғамындағы  дін  жолына  бет  бұрған  адамдар 
аттарын  өзгертуді  әдетке  айналдыра  бастаған.  Жоғарыдағы 
хадистерден  байқағанымыздай  Алланың  елшісі  (с.а.с.)  тек 
жаман  мағына  беретін  жағымсыз  есімдерді  ғана  өзгерткен. 
Жағымды мағына беретін есімдерді сол күйінде қалдырған. 
Ал,  мен  намаз  оқыдым,  дінге  бет  бұрдым,  сондықтан  да 
есімім де таза мұсылманша болу керек дейтін азаматтардың 
мұндай  пікірлері  жаңсақ  түсініктен  шыққан.  Әсілінде, 
таза  қазақы  түбірлі  есімдер  де  мұсылман  есімдері,  оларды 
мұсылман есімдері емес деп айтуға әсте болмайды. Өйткені 
Алла  Тағала  адамзатты  ұлттар  мен  ұлыстарға  бөліп, 
әрқайсысын  өз  ерекшеліктерімен  жаратқан.  Мұсылман 
болу үшін тек таза араб тіліндегі есімдерді алу керек, қазақ 
тіліндегі есімдер надандықтың белгісі немесе таза мұсылман 
аттары емес деп ойлау осы жаратылысқа қарсы шыққанмен 
пара-пар.  Сондықтан  да  кейбіреулердің  жап-жақсы  мағына 
беретін  Берік,  Болат,  Жанұзақ,  Өмірзақ  сияқты  т.б.  қазақ 
есімдерін арабша Абдуллаға, Әбу Һурайраға, Абдуррахманға 
өзгертулерінің ешбір қисыны жоқ. Бұл – жалаң еліктеушілік. 
Хадистен  аңғарғанымыздай,  Қиямет  күні  әрбір  адам  өзінің 
алғашқы  қойылған  есімімен  шақырылады.  Ал,  қазақта 
баланың атын Серік деп ол бала Құдайға серік болсын деген 
мақсатта қоймайды, алдындағы немесе өзінен кейінгі балаға 
серік болғай деген жақсы ырыммен қояды.
Қазақ халқындағы кейбір ат қою үрдістері
Қазақ  халқында  басқа  да  ырымдармен  былайша  ат 
қоятын болған. 
Егер туған балалары қайтыс бола берсе: Тұрсын, Алмас, 
Аман,  Өтеген,  Өтепберген,  Төлеген,  Елемес,  Елеусіз  деп 
ырымдап қоятын болған.
Туылған нәрестелерінің бәрі ылғи қыз болып, ұл баланы 
күтіп  жүргенде  тағы  да  қыз  бала  туса,  келесісі  ұл  болсын 
деген  ниетпен  Ұлболсын,  Ұлбала,  Ұлту,  Ұлтуған,  Жаңыл, 
Жаңылған деп қоятын болған.
Зарығып  жеткен  сәбилердің  аты  көбіне  Аллаберген, 
Алдаберген,  Құдайберген,  Тұяқ,  Тілеген,  Тілепалды, 
Тілеуберген болып келеді.
Нәрестенің туылған уақытына, жеріне, еліне, жағдайына 
қарай  Айтуған,  Рамазан,  Ережеп,  Наурызбай,  Қаңтарбай, 
Жайлаубай,  Қазанбай,  Боранбай,  Тәшкенбай,  Бұхарбай, 
Желдібай, Жаңбырбай, Сырбай, Еділбай, Алмат, Найманбай, 
Адайбай,  Жеңіс,  Қуаныш,  Базарбай,  Аманкелді,  Төрегелді, 
Қожагелді, Жолдыбай, Олжабай т.б. деп те қойылады.
Әкесінің не атасының жасына қарай Елубай, Алпысбай, 

188
189
Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп қоятын дәстүр де бар.
Баланың  болашағынан  үміт  етіп,  бай  болсын  деген 
ниетпен  Сансызбай,  Жұтамас,  Мұңайтпас,  Әмірбек  деп, 
қадірлі  болсын  деген  ниетпен  Қадірбек  деп,  ғалым  болсын 
деген ниетпен Ғалымбек, Данабек, Қари, Қази деп, ержүрек, 
батыл  болсын  деген  ниетпен  Жолбарыс,  Арыстан,  Батыр, 
Қаһарман деп, өмір-жасы ұзақ болсын деген ниетпен Өмірзақ, 
Жанұзақ, Көпжасар деп те қойылады.
Сондай-ақ, жалпы мұсылманға ортақ аттар да молынан 
кездеседі.  Алайда  мұндай  аттардың  көпшілігі  араб  тілінде 
болғандықтан  қазақ  тілінің  ерекшелігіне  байланысты 
олардың  түрлі  нұсқалары  қалыптасқан.  Мысалы,  Абдуллаһ 
(«Алланың құлы») деген есімнің Абдолла, Абдулла, Абдул, 
Әбілда,  Әбділда,  Ғабдулла,  Ғабдолла,  Ғабділда,  Қабдулла, 
Қабдолда,  Қабдол,  Қабілда  деген  нұсқалары  бар.  Ал, 
Мұхаммед деген есімнің де Мұхамбет, Махамбет, Маханбет, 
Мәмет,  Мәмбет  деген  сияқты  талай  нұсқалары  және  осы 
есімнен  өрбитін  есімдердің,  мысалы,  Бай-Мұхаммедтің 
–  Баймұхамбет,  Баймұқамбет,  Баймағанбет,  Баймағамбет, 
Бәйімбет, Бейімбет деген сияқты нұсқалары кездеседі.
Жалпы ат қойғанда ырымға, белгілі бір уақиғаға немесе 
құбылысқа қарап емес, Алланың елшісі (с.а.с.) хадистерінде 
айтып өткендей ізгі, жақсы мағынадағы есімдер қою ләзім. 
Төменде осы мақсатта мұсылман есімдерінің біразы берілді.
Мұсылман есімдері
Алла Тағаланың көркем есімдері және одан өрбитін ер 
кісі аттары
Мұсылман  ғалымдары  Алланың  елшісінің  (с.а.с.): 
«Есімдердің  Аллаға  ең  сүйіктісі  –  Абдулла  («Алланың 
құлы»), Абдуррахман («Рахманның құлы»)», – деген хадисін 
басшылыққа ала отырып ең дұрыс есімдер Алла Тағаланың 
көркем сипаттарына «абд» – «құл», «пенде» сөзінің тіркесуі 
арқылы  жасалынған  кісі  аттарын  ең  дұрыс  есімдер  деп 
есептейді.  Төменде  Алла  Тағаланың  мәшһүр  тоқсан  тоғыз 
көркем  сипатты  есімдері  және  олардан  жасалатын  кісі 
аттары  берілді.  Алайда  тоқсан  тоғыз  көркем  есімдердің 
барлығынан  бірдей  кісі  аттары  жасала  бермейді.  Мәселен, 
«Абдулмусаууир»,  «Абдуддар»,  «Абдулманиғ»  деген 
сияқты  кісі  аттары  кездеспейді.  Сондықтан  ондай  кісі  аты 
жасалынбайтын  көркем  сипаттардың  мағыналары  ғана 
берілді.
Ескерте  кететін  бір  жайт  Алла  Тағаланың  көркем 
есімдерін,  Өзіне  ғана  тән  сипаттарын  адамға  ат  ретінде 
беруге  болмайды.  Мысалы,  Алла,  ар-Рахман,  әл-Халиқ,  ас-
Самад, әл-Ахад, ар-Разиқ, әл-Бәрии, Раббы деген сияқты.
1.  Алла (Аллаһ) ُهَّللا Әлемдердің Жаратушысы; «Абдулла».
2.  Ар-Рахман ُنْٰحَّرلا Аса рахымды; «Абдуррахман».
3.  Ар-Рахим  ُم�ِحَّرلا Ерекше мейірімді; «Абдуррахим».
4.  Әл-Мәлик   ُكِل
َ
لما Патша, билік Иесі; «Абдулмәлик».
5.  Әл-Қуддус ُسوُّدُقلا Аса қасиетті; «Абдулқуддус».
6.  Әс-Сәләм  ُمَلَّسلا Бейбітшіл; «Абдуссәләм».
7.  Әл-Мумин ُنِمْؤُلما Аса сенімді; «Абдулмумин».
8.  Әл-Муһәймин ُنِم�َهُلما Қарауылдаушы.

190
191
9.  Әл-Азиз  ُزيِزَعلا Бәріне Құдіретті, Жеңуші; «Абдулазиз».
10. Әл-Жаббар ُراَّ�َلجا Аса құдіретті; «Абдужаббар».
11. Әл-Мутәкәббир بَكَتُلما Аса жоғары, Асқақ.
12. Әл-Халиқ ُقِلاَلا Жаратушы; «Абдулхалиқ».
13. Әл-Бари ُءىِراَ�لا Жаратушы, Құрушы; «Абдулбари».
14. Әл-Мусаууир ُرِّيوَصُلما Бейнелеуші.
15. Әл-Ғаффар ُراَّفَغلا Кешіруші, Аса кешірімді; 
«Абдулғаффар».
16. Әл-Қаһһар ُراَّهَقلا Үстем, шексіз қаһар Иесі; 
«Абдулқаһһар».
17. Әл-Уаһһаб ُباَّهَولا Сый беруші; «Абдулуаһһаб».
18. Ар-Раззақ ُقاَّزَّرلا Ризықтандырушы; «Абдурраззақ».
19. Әл-Фаттах ُحاَّتَفلا Жеңуші, Ашушы; «Абдулфаттах».
20. Әл-Алим ُم�ِلَعلا Бәрін Білуші; «Абдулалим».
21. Әл-Қабид ُضِباََقلا Тарылтушы, Ұстап қалушы.
22. Әл-Басит ُطِساَ�لا Кеңейтуші; «Абдулбасит».
23. Әл-Хафид ُضِ�اَلا Төмендетуші, Түсіруші.
24. Ар-Рафиъ ُعِ�اَّرلا Жоғарылатушы, Биіктетуші.
25. Әл-Муъиззу ُّزِع
ُ
لما Даңқты асырушы, жеңіс беруші
«Абдумуъизз».
26. Әл-Музиллу  ُّلِذ
ُ
لما Дәрежені төмендетуші.
27. Әс-Сәмиъу ُع�ِمَّسلا Бәрін Естуші; «Абдуссамиғ».
28. Әл-Басир ُيِصَ�لا Бәрін Көруші.
29. Әл-Хакам  ُمَكَلا  Қазы, Төреші; «Абдулхакам».
30. Әл-Адл ُلْدَعلا  Әділетті.
31. Әл-Латиф ُف�ِطَّللا Мейірім, жұмсақтық Иесі; 
«Абдуллатиф».
32. Әл-Хабир ُيِ�َلا Бәрінен Хабардар.
33. Әл-Халим ُم�ِلَلا Мүләйім, жылылық Иесі; «Абдулхалим».
34. Әл-Азим ُم�ِظَعلا  Ұлық, Ардақты; «Абдулазим».
35. Әл-Ғафур ُروُفَغلا Көп кешіруші; «Абдулғафур».
36. Әш-Шәкур  ُروُكَّشلا  Алғыс  айтушы,  жақсылықтың 
қарымтасын қайтарушы; «Абдушшакур».
37. Әл-Алий ُّيِلَعلا Бәрінен Биік, асқақ мәртебе Иесі; 
«Абдулали».
38. Әл-Кәбир ُيِ�َكلا Үлкен, аса зор.
39. Әл-Хафиз ُظ�ِفَلا Сақтаушы, қорғаушы; «Абдулхафиз».
40. Әл-Муқит ُت�ِقُلما Қорек беруші, пенделердің 
қажеттіліктерін меңгеруші.
41. Әл-Хасиб ُب�ِسَلا Есептеуші.
42. Әл-Жәлил ُل�ِلَلجا Аса ұлық, аса мәртебелі; «Абдулжәлил».
43. Әл-Кәрим ُيمِرَكلا Аса жомарт; «Абдулкәрим».
44. Ар-Рақиб ُب�ِقَّرلا Бақылаушы.
45.  Әл-Мужиб ُب�ِجُلما Жауап беруші, тілекті қабыл алушы; 
«Абдулмужиб».
46. Әл-Уасиғ ُعِساَوْلا Кеңпейілді, Бәрін қамтушы; 
«Абдулуасиғ».
47. Әл-Хаким ُم�ِكَلا Дана, хикмет Иесі; «Абдулхаким».
48. Әл-Уадуд ُدوُدَولا Сүюші; «Абдулуадуд».
49. Әл-Мәжид ُد�ِجَلما Даңқты, абырой Иесі; «Абдулмәжид».
50. Әл-Бағис ُثِعاَ�لا Қайта Тірілтуші.
51. Әш-Шәһид ُد�ِهَّشلا Куәгер, барлық нәрсеге куә болушы.
52. Әл-Хаққ ُّقَلا Ақиқат, Хақиқи; «Абдулхаққ».
53. Әл-Уакил ُل�ِكَولا Қамқор, Уәкілдік етуші; «Абдулуакил».
54. Әл-Қауий  ُّيِوَقلا Қуатты, Күшті.
55. Әл-Мәтин ُينِتَلما Өте Берік, Мықты.
56. Әл-Уалий ُِّلَولا Өкіл; «Абдулуали».
57. Әл-Хамид ُد�ِمَلا Мақтаулы; «Абдулхамид».
58. Әл-Мухси يِصْحُلما Бәрін есептеуші.
59. Әл-Мубди ُءيِدْ�ُلما Бастаушы.

192
193
60. Әл-Муғид ُد�ِعُلما Қайтарушы.
61. Әл-Мухи  يِ�ْحُلما Тірілтуші.
62. Әл-Мумит ُت�ِمُلما Өлтіруші.
63. Әл-Хайй ُّيَلا Мәңгі Тірі.
64.  Әл-Қаййум ُموُّ�َقلا Өздігінен Тұрушы.
65. Әл-Уажид ُد ِجاَولا Табушы, Бай.
66.  Әл-Мәжид ُد ِجاَلما Игілікті, Даңқты.
67. Әл-Уахид ُدِحاَولا Жалғыз; «Абдулуахид».
68. Ас-Самад  ُدَمَّصلا Мәңгі, Мұқтажсыз; «Абдуссамад».
69. Әл-Қадир ُرِداَقلا Құдіретті; «Абдулқаадир».
70. Әл-Муқтадирُرِدَتْقُلما  Бәріне құдіретті.
71. Әл-Муқаддим ُمِّيدَقُلما Алға шығарушы.
72. Әл-Муаххирُرِّيخَؤُلما Артқа қоюшы.
73. Әл-Әууәл  ُلَّولا Ең бірінші.
74. Әл-Ахирُرِخلآا Ең соңғы.
75. Аз-Заһир ُرِهاَّظلا Айқын, Бәрінен жоғары тұрушы
«Абдуззаһир».
76. Әл-Батин ُنِطاَ�لا Жасырын, Барлық нәрсені қамтушы.
77. Әл-Уали لاَولا Меңгеруші; «Абдулуали».
78. Әл-Мутәәли لاَعَيتُلما Бәрінен Биік.
79. Әл-Барр  ُّرَي�لا  Ізгі,  күллі  игіліктің,  жомарттықтың  Иесі; 
«Абдулбарр».
80. Әт-Тәууәб ُباَّوَّيتلا Тәубені қабыл алушы; «Абдуттәууәб».
81. Әл-Мунтәқим ُمِقَتْنُلما Кек қайтарушы.
82. Әл-Афуу ُّوُفَعلا Кешірімді.
83. Ар-Раууф ُفوُءَّرلا Жұмсақ; «Абдуррауф».
84. Мәликул-мулк  ِكْل
ُ
لما ُكِلاَم Патшалықтардың, Биліктің 
Патшасы, Иесі.
85. Зул-жәләли уал-икрам ِماَرْكلاَو ِلَلَلجاوُذ Ұлылық пен 
Жомарттықтың Иесі.
86. Әл-Муқсит ُطِسْقُلما Әділетті.
87. Әл-Жамиғ ُعِماَلجا Жинаушы.
88. Әл-Ғани ُِّنَغلا Бай, ешнәрсеге мұқтаж емес; «Абдулғани».
89. Әл-Муғни نْغُلما Байытушы.
90. Әл-Маниғ ُعِناَلما Тыйым салушы, Тоқтатушы.
91. Ад-Дарр  ُّراَّضلا Зияндық беруші.
92. Ән-Нафиғ ُعِ�اَّنلا Пайда беруші.
93. Ән-Нур ُروُّنلا Нұр, нұрландырушы; «Абдуннур».
94. Әл-Һәди يِداَلا Туралыққа бастаушы; «Абдулһәди».
95. Әл-Бәдиғ ُعيِدَ�لا Көркем Жаратушы.
96. Әл-Бақи يِقاَ�لا Мәңгі қалушы; «Абдулбақи».
97. Әл-Уарис  ُثِراَولا Мирасқор.
98. Ар-Рашид ُد�ِشَّرلا Туралыққа Нұсқаушы; «Абдуррашид».
99. Ас-Сабур ُروُ�َّصلا Аса төзімді; «Абдуссабур».
   
Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) көркем сипатты 
есімдері
Абдулла  (Алланың  құлы),    Ақиб  (Соңғы  (пайғамбар)),  
Ахмет  (Ең  мақтаулы),    Әділ  (Әділетті),    Әзиз  (Қымбатты), 
Әмин (Сенімді),  Әмір (Әмір етуші),  Бәшір (Сүйіншілеуші),  
Жәууад  (Аса  жомарт,  Дархан),  Заһир  (Жеңімпаз,  Айқын),  
Кәміл  (Кемел,  Толық),    Кәрім  (Жомарт,  Ардақты),    Қариб 
(Жақын (Раббысына)),  Қасим (Бөлуші), Мансұр (Жеңімпаз), 
Махмұт (Мақтаулы), Мәмүн (Сенімді), Мәтин (Берік), Мәхи 
(Өшіруші (күпірді)), Мәһди (Туралыққа бастаушы), Мәшһүд 
(Куәландырылған),  Мисбах  (Шамшырақ),  Мұқтасыд  (Орта 
жолда жүруші), Мұртаза (Разылыққа бөленген), Мұсаддық 
(Растаушы), Мұстафа (Таңдаулы), Мұтаһһар (Тазартылған), 
Мұхаммед  (Аса  мақтаулы),  Мүбәшшір  (Сүйіншілеуші), 
Мүбин  (Айқын),  Мүддәссір  (Оранушы),  Мүжиб  (Жауап 

194
195
беруші),  Мүжтәбе  (Таңдалынған),  Мүззәмміл  (Киімге 
оранған), Мүкаррам (Ардақталынған), Мүнжи (Құтқарушы), 
Мүнир (Нұр шашушы), Насыр (Жеңуші), Нәзір (Ескертуші), 
Нәһи (Тыйым салушы), Раууф (Жұмсақ, Мейірбан), Рахым 
(Өте  рахымды),  Рашит  (Тура  жүруші),  Садық  (Шыншыл), 
Сәид  (Мырза,  Бекзат),  Сираж  (Шырақ),  Таиб  (Жақсы, 
Таза),  Уәли  (Дос),  Фатих  (Ашушы,  Жеңімпаз),  Хабибулла 
(Алланың  сүйіктісі),  Хаққ  (Ақиқат),  Халил  (Сүйікті  дос), 
Хамит  (Мақтаулы),  Хатам  (Мөр,  Соңғы  пайғамбар), 
Хафиз  (Сақтаушы,  Қорғаушы),  Хашир  (Жинаушы),  Хәкім 
(Данышпан), Һәди (Тура жолға бастаушы), Шәкүр (Шүкірлі, 
Алғыс айтушы), Шәфи (Шипагер), Шәһид (Куәгер), Шәһир 
(Атақты).
Құранда аттары аталған пайғамбарлар
Адам, Аййуб (Айып), Әл-Йасағ, Дәуіт, Жақия, Жақып, 
Жүніс,  Жүсіп,  Зәкәрия,  Зул-кифл,  Зұлқарнайын  (пайғамбар 
емес,  ізгі  патша),  Ибраһим  (Ыбырайым,  Ыбырай),  Идрис 
(Ыдырыс), Илияс (Ілияс), Иса (Айса, Ғайса), Исмаил (Смағұл, 
Смаил, Ысмайыл), Исхақ (Ысқақ, Ысқақ), Лұқман (Лұқпан, 
Ұлықпан  –  пайғамбар  емес,  дана),  Лұт,  Мұса,  Мұхаммед 
(Мұхаммет,  Мұхамбет,  Махамбет,  Мәмбет  т.б.),  Нұх 
(Нұқ),  Салих,  Сүлеймен,  Ұзайыр  (пайғамбар  емес,  әулие), 
Һарун (Арон), Һуд, Шұғайып.
Пайғамбардың (с.а.с.) ата-анасының есімі
Әкесі Абдулла, анасы Әмина.
Жұбайларының есімдері
Хадиша,  Сәуда,  Айша,  Хафса,  Зейнеп  (Хұзаймақызы), 
Умму  Сәләма,  Жуәйрия,  Мәймуна,  Сафия,  Зейнеп 
(Жахышқызы), Умму Хабиба, Мариям.
Қыздарының есімдері
Зейнеп, Рұқайя (Ұрқия), Умму Кулсум (Гүлсім), Фатима.
Ұлдарының есімдері
Ибраһим,  Қасым,  Абдулла  (лақап  аттары:  Таһир, 
Тайыб).
Немерелерінің есімдері
Хасан  (Асан),  Хүсейін  (Үсен),  Мұхсин,  Умму  Кулсум 
(Гүлсім), Зейнеп.
Көкелерінің есімдері
Харис,  Зубәйр,  Даррар,  Мұқауим,  Аббас,  Хамза, 
Әбутәліп.
Апаларының есімдері
Үмәймә,  Үмму  Хаким,  Барра,  Атика,  Сафия,  Аруа, 
Фариса, Фахита.
Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) төрт шадиярының 
есімдері
1.  Әбу  Бәкр  ас-Сиддиқ  (Әбубәкір,  Әубәкір,  «Сыддық» 
(«Сыздық»)) – «аса шыншыл Әбубәкір», Пайғамбардың 
(с.а.с.)  мұғжизаларын  бірінші  болып  мойындаған  әрі 
ешқашан өтірік айтпағандығы үшін берілген лақабы).

196
197
2.  Омар ибн Хаттаб әл-Фаруқ (Хаттабұлы Ғұмар, Ұмар) – 
«Фаруқ» – «қара қылды қақ жарған әділ», ерекше әділдігі 
үшін солай аталған.
3.  Осман ибн Аффан Зуннурәйн (Аффанұлы Оспан, Ғұспан, 
Қоспан, «Зуннурәйн» – «Екі нұрдың иесі», Пайғамбардың 
(с.а.с.)  екі  қызы  Умму  Кулсум  мен  Зейнепке  үйленгені 
үшін осылай аталған).
4.  Әли ибн Әбу Талиб әл-Муртада (Әбутәліпұлы Әли (Әлі, 
Ғали,  Қали),  «әл-Муртада»  –  «разылыққа  бөленген», 
қазақша Мұртаза). 
Мәшһүр сахабалардың аттары
Аббас, Абдулла (ибн Масғұд, ибн Омар, ибн Аббас т.б.), 
Әбу Аййуб, Әбу Дарда, Әбу Сағид, Әбу Суфиян, Әбу Һурәйра, 
Әнес,  Жүбейір,  Зейд,  Зүбейір,  Мағауия,  Салман,  Сәбит, 
Сәдуақас  (Сағыд  ибн  Әбу  Уаққас),  Үкаша,  Үсәма,  Хамза,  
Хузайфа. 
АРАБ ТЕКТІ МҰСЫЛМАН ЕСІМДЕРІ
(қазақыланған нұсқасы)
 а) Ерлер есімдері
А
Аббас – «қатқыл жүзді», Пайғамбардың (с.а.с.) көкесінің 
есімі.
Абдулла – «Алланың құлы».
Абду  –  «құл,  пенде»,  «абд»  сөзімен  басталатын  есімдердің 
қысқартылған түрі.
Абдулакбар – «Акбардың құлы».
Абдуссаттар – «әс-Саттардың құлы».
Абзал – «Афдал» – артық.
Абрар – «әбрар» – ізгілер.
Абыл – Адам пайғамбардың ұлының есімі.
Азамат – «ұлылық».
Азиз – «қымбатты, құдіретті».
Азим – «ұлық».
Айғали – Ай+Әли.
Айдар –арыстан.
Айнуддин – «діннің бұлағы немесе көзі».
Айнулла – «Алланың заты».
Айтбай – Айт – «мейрам» + бай.
Айтмұхаммед – Айт+Мұхаммед.
Алауддин – «діннің биігі, асқары».
Али – «биік, асқар».
Алиф – «дос», «жолдас», «бауырмал»; араб әліпбиінің 
бірінші әрпі.
Аллаберген – Алла+берген.

198
199
Аллажар – «Алла жар, яғни дос, қамқор болсын» деген 
тілектен шыққан.
Аман – «аман-саулық, «қауіпсіздік».
Амин – «сенімді; өкіл».
Амир – «әмірші, ханзада».
Ансари – «ансарлық –  «көмекші» – мәдиналық 
сахабалардың лақабы».
Ануар – «нұрлы, нұрлар».
Арафат – Меккенің қасындағы қасиетті таудың аты.
Ариф – «білуші, танушы; Алланы танушы».
Асадулла – «Алланың арыстаны».
Асан – Хасан.
Асим – «қорғаушы, сақтаушы».
Асыл – «текті, нағыз».
Атымтай  –  «Тай  руынан  шыққан  жомарт»  –  сақи 
жомарттығымен аты шыққан араб көсемі.
Ахмад – «аса мақтаулы, мақтауға ең лайықты».
Ашраф – «аса текті, берекелі».
Аюб – Құран Кәрімдегі пайғамбар аты.
Аятулла – «Алланың аяты, белгісі».
Ә
Әбдуәли – «Әл-Уәлидің», яғни Өкілдің құлы».
Әбді – Абду.
Әбдіғаппар  –  «Әл-Ғаффардың»,  яғни  Аса  кешірімдінің  
құлы».
Әбдіжаббар – «Әл-Жаббардың», яғни Өктемнің  құлы».
Әбдіжәлил – «Әл-Жәлилдің», яғни Даңқтының құлы».
Әбдіжәмил – «Әл-Жәмилдің», яғни Көркемнің құлы».
Әбдік – Абдулла.
Әбдікәміл – «Әл-Кәмилдің», яғни Кемелдік иесінің құлы».
Әбділда – Абдулла.
Әбдімәжит – «Әл-Мәжидтің», яғни Аса даңқтының  құлы».
Әбдімәлік – «Әл-Мәликтің», яғни Әлемдердің Патшасының 
құлы».
Әбдінұр – «Ән-Нурдың», яғни Нұр немесе Нұрландырушының  
құлы».
Әбдіразақ – «Ар-Раззақтың», яғни Ризықтандырушының 
құлы».
Әбдірахман – «Ар-Рахманның», яғни Аса рахымдының 
құлы».
Әбдірахым – «Ар-Рахимнің, яғни Ерекше Мейірімдінің 
құлы».
Әбдірашит – «Ар-Рашидтің, яғни Туралыққа Нұсқаушының 
құлы».
Әбдісабур – «Ас-Сабурдың, яғни Аса төзімдінің құлы».
Әбдісалам – «Әс-Сәләмнің, яғни Бейбітшілдің құлы».
Әбдісамат – «Ас-Самадтың, яғни Мәңгі, Мұқтажсыздың 
құлы».
Әбдішүкір – «Әш-Шәкурдің, яғни Алғыс айтушы, 
жақсылықтың қарымтасын қайтарушының құлы».
Әбдіхамит – «Әл-Хамидтің, яғни Мақтаулының құлы».
Әби – «әке» (ілік септігіндегі формасы).
Әбласан (Әбу-л-Хасан) – «Хасанның әкесі».
Әбсаттар  (Абду-с-Саттар)  – «Ас-Саттардың,  яғни  күнәні 
Жасырушының құлы».
Әбу – «әке» (атау септігіндегі формасы).
Әбу Әли – «Әлидің әкесі».
Әбу Ханифа – «Ханифаның әкесі», ұлық имамның куния 
есімі.

200
201
Әбубәкір – «Бәкірдің  әкесі», Пайғамбарға (с.а.с.)  ең  жақын 
сахабаның куния есімі.
Әбунасыр – «Насырдың әкесі», қазақ жерінен шыққан ұлы 
ғұлама әл-Фарабидің есімі.
Әбурайхан – «Райханның әкесі», атақты ғұлама Бирунидің 
есімі.
Әбутәліп – «Тәліптің әкесі», Пайғамбар (с.а.с.) көкесінің 
есімі.
Әбілғазы, Әбілаз (Абулғази) – «күрескер, жеңімпаз».
Әбілда –  Абдулла.
Әбілмансұр – «Мансұрдың әкесі», қазақ ханының аты.
Әбілхайыр – «Қайырдың әкесі»; «аса жомарт», қазақ 
ханының аты.
Әділ – «әділ, әділетті, шыншыл».
Әжімұрат – Қажы+Мұрат.
Әзиз – «қымбатты, қадірлі».
Әзім – Азим.
Әзірет  –  «мырза»,  «тақсыр»  –  мұсылман  ғалымдары  мен 
қадірлі тұлғаларға айтылатын қаратпа сөз.
Әкім – Хаким.
Әли – Али.
Әлиф – Алиф.
Әлихан – Әли+Хан.
Әлімжан – әлім – ғалым + жан.
Әлішер – Әли+Шер.
Әмзе – Хамза.
Әмин – «сенімді, тұрақты».
Әмір – «әмірші, бұйырушы».
Әнес – «қуаныш, шаттық»; Пайғамбар (с.а.с.) сахабасының 
аты.
Әнуар – Ануар.
Әріп – Ариф; «әріп».
Әсен – Хасан.
Әсет – Асад – «арыстан».
Әскер – «әскер, жауынгер».

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет