1
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ
БАСҚАРМАСЫ
Бас мүфти Ержан Малғажұлының
бастамасымен
ДІН МЕН ДӘСТҮР
І кітап
Алматы, 2013
2
3
УДК 28
ББК 86.38
И 13
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
сараптау комиссиясы мақұлдаған
И 13 Дін мен дәстүр - Алматы: «Ғибрат» баспа үйі,
2013 - 192 бет
ISBN 978-601-211-019-7
©
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, 2013
Алғы сөз
Әлхамдулилла, ата-бабамыз сан ғасырлардан
бері аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткізудің
арқасында асыл дініміздің қайнар бұлақтарымен
қайта қауышып жатырмыз. Халқымыз дербестікпен
бірге дәстүрлі мәдениетіне, тілі мен дініне толыққанды
ие болып, оларды заманға сай дамытуға мүмкіндік
алды. Өшкеніміз жанып, ұмытқанымыз жадымызда
жаңғырды. Мұның барлығы Қазақ елінің ұстанған
бағыт-бағдарының дұрыстығын, ата-баба жолынан
айнымағандығын білдіреді.
Енді ұлт жадынан ұмытыла бастаған имани
құндылықтарды қайта жандандырудың реті келді.
Бұл тұрғыда біз қазақ қоғамына тыңнан жаңа дүние
әкеліп жапсырып жатқан жоқпыз. Бар болғаны кезінде
баһадүр бабаларымыз салып кеткен, кейіннен көмескі
тарта бастаған соқпақтың сүлдерін тауып, соны қайтадан
сара жолға айналдыруға тырысудамыз. Мақсатымыз
– ұлттық табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы
мазһабымыз бен танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл
дүниелерімізді, жауһарларымызды жарыққа шығару,
үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан
ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына
келтіру. Сол арқылы қазақтың толыққанды ұлтқа,
Алаштың іргелі елге айналуы үшін қолдан келгенше
үлес қосу.
Дін мұраттарын қалың бұқараға ұғынықты
етіп жеткізу үшін де алдымен қазақтың тілі мен
тарихын, мәдениеті мен әдебиетін жетік білу қажет.
Имамдар мен уағызшыларымызға осындай талап
қойылады. Сонымен қатар, ұлттық таным мен әдет-
4
5
ғұрыптардың мұсылманшылықпен сабақтастығын
саралап көрсететін сүбелі еңбектер де жазылуы керек.
Қолыңыздағы кітап сондай игі бастаманың жемісі.
Мұнда қазақы әдет-ғұрыптардың басым бөлігінің
имани ұстанымнан алынғандығы, дәстүр мен діннің
біте қайнасып бөлінбес дүниеге айналғандығы туралы
әңгімеленеді. Халқымыздың мұсылман үмбетінің бір
мүшесі екендігі нақтыланады. Енді осы игі бастаманың
жалғасын табарына үміт етеміз.
Жаратқан Жаббар Хақтан Алаш жұртын іргелі
ел етіп, ынтымақ-бірлігі мен имандылығын арттыруын
сұраймыз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
төрағасы,
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы
Кіріспе
ميِحَّرلا ِنَْمحَّرلا ِللها ِمْمسِب
ينِلَسْمرُمْملا ِفَرْمشَأ يَلَع ُملاَّسلاَو ُةلاَّصلاَو َينِمَلاَعْملا ِّبَر ِهَّلِل ُدْممَْملا
ينِعَْمجَأ ِهِباَحْمصَأَو ِهِلآ ىَلَعَو
Аса мейірімді, Мейірбан Алланың атымен бастаймын.
Барлық мадақ әлемдердің Иесі Аллаға тән. Салауат пен
сәлем елшілердің төресіне, оның әулеті мен сахабаларына
болсын.
Дін мен дәстүр сабақтастығы көптен бері
қаузалып келе жатқан тақырып. Біз осынау маңызды
мәселеге қатысты шарғи көзқарасты білдіруді
жөн санадық. Көздегеніміз қазақтың салт-дәстүр
тарихын бүге-шігесіне дейін зерттеу емес, ол осы
саладағы мамандардың ісі, мұратымыз қазірге дейін
сақталып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сананың негізі
мұсылманшылықта жатқандығын дәлелдеу. Себебі,
соңғы кездері қазақты түрлі деңгейде Исламнан
алыстатуға тырысушы пікірлер пайда болды. Кейбірі
теріс пиғылмен әдейі әрекет етсе, енді бірі білместікпен
надандық дәуіріне тартады. Бірі қазақ халқының негізгі
діні бақсылық десе, енді бірі қазақ сахарасында басқа да
діни дәстүрлер басым болды, қазақ мұсылманшылықтан
алыс болды деген негізсіз пікірлерін тықпалайды.
Ата-баба дінін мансұқ еткен адасқақ ағымдардың
тағы бірі «Қазақ даласында бірқұдайшылдық, таухид
ілімі жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдары
ғана келе бастады» деген қасаң пікір ұстанады. Олар
өздерінен бұрынғының бәрін мүлде мансұқтайды да,
«таза дінді біз әкелдік» деген көзқарас ұстанып, діни
6
7
ортада бүлік шығаруға тырысады. Пайымдауларына
қарасақ, қазақ халқы бұрын-соңды Құдайдың бір
екендігін білмегендей. Таза монотеистік дінді, таухид
ілімін Алаш еліне алғаш әкелушілер өздері сияқты.
Сайып келгенде, осындай бұра тартушылықтардың
барлығы дін мұраттарын дұрыс түсінбеуден,
максималистік көңіл-күйден, шала сауаттылықтан
шыққан.
Осы тұрғыдан алғанда дін мен дәстүр
сабақтастығын, салт-сана мен діни танымның бір
арнада тоғысатындығын дәлел-дәйектер арқылы
дәлелдеудің орайы туды. Сан ғасырлардан бері
қалыптасқан дәстүрлі діни танымымызды әлгіндегідей
әнтек әрекеттен, жаңсақ жорамалдардан қорғауға
деген қажеттілік туындады. Келелі сөз айтып, кесімді
пікірлерімізді білдіруге тура келді.
Ар-ұжданның ақ туын көтерген ата-бабаларымыз
кейінгі ұрпағына осыншалықты кең-байтақ атамекенді
аман-есен жеткізді. Сонымен қатар бізге ең басты
байлық – дін дәстүрлерімен өрілген теңдессіз
ділімізді, ұлттық болмысымызды, салт-сана, әдет-
ғұрпымызды атаның батасымен, ананың ақ сүтімен
бойымызға дарытып кетті. Ендеше «жаным арымның
садағасы» деп мұсылманшылықты ту еткен сол
баһадүр бабаларымыздың салып кеткен сара жолынан
айнымағанымыз жөн. Керісінше, ежелден қалыптасқан
мұсылманшылық дәстүрлерімізді, мазһабымыз бен
мектебімізді қайта жаңғыртып, ғасырлардан жеткен
мұраларымызды мансұқ етпей, қолда барды бағалай
білгеніміз дұрыс. Қоғамды ынтымаққа ұйытатын,
бірлікке бастайтын құндылықтарды қадірлеуіміз қажет.
Дәстүрлі дінінен, ділі мен тілінен, әдет-ғұрпынан
ажыраған елдің болашағы жоқ. Сол үшін рухани
құндылықтарымызды құнттай білгеніміз жөн. Әйтпесе,
Құран Кәрімде ескертілген ақиқат жолынан айнып,
адасқан қауымға айналып кетуіміз бек мүмкін.
اوُعَب�َّب�اَو َةلاَّصلا اوُعاَضَأ ٌفْلَخ ْمِهِدْعَب� ْنِم َفَلَخَف﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق
﴾اًّيَغ َنْوَقْلَب� َفْوَسَف ِتاَوَهَّشلا
Алла Тағала: «Ал олардан кейін намазды
жоғалтып, нәпсілеріне ерген ұрпақтар келді. Олар
бір жамандыққа жолығады», – деген
1
.
Тарих беттерін парақтап отырсақ, сонау 751 жылы
Талас өзені бойындағы Атлах шайқасында ақиқат пен
жалғанның ара-жігі айқындалды, Орта Азиядағы түркі
халықтары шығыстағы алпауыт көршісінің шеңгелінен
біржола құтқарылды. Яғни Ислам дінінің келуімен
ата-бабаларымыз азаттыққа, дербестікке қол жеткізді,
дамудың жоғары сатысына көтерілді. Одан берідегі
қазақ қазақ болып, жоңғар қалмақтарымен арадағы үш
жүз жылдық аумалы-төкпелі арпалыста өткен заманда
да дініміз басқа болған соң ғана ассимиляциядан аман
қалдық. Одан кейінгі орыс отарында болғанда, Кеңес
империясының атеистік идеологиясы үстемдік еткен
заманда да, ұлттық болмысымыздың сақталып қалуына
себеп болған сол мұсылманшылық ұстанымымыз.
Ендеше қазірде ортамызға от ала келген ағымдар мен
пікірлік-ділдік басқыншылыққа қарсы тек сол дәстүрлі
мұсылманшылығымыз арқылы ғана қарсы тұра аламыз.
Дінімізге, дәстүрімізге берік бола алсақ қана елдігімізді
сақтап, дербестігімізге ие болып қала аламыз. Өйткені
дін әрбір ұлтты ұлт етіп қалыптастыратын, тілі мен
ділін, мәдениетін, мемлекетшілдігін,ойлау жүйесін
жаңа деңгейге көтеретін бірден-бір фактор.
1 Мариям сүресі, 59-аят.
8
9
§1 ДӘСТҮР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
«Жақсы заңың болғанша, жақсы дәстүрің болсын»
халық нақылы
Салт-дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен
сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым
ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,
өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым
мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.
Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен
айыратын және бейресми жолмен реттейтін
қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік
әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады
2
.
Салт-дәстүр ұлт үшін өмір сүру қағидасы,
қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие,
тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық
– өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен
ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге
оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол
заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда
қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң
рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз
ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып
саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік,
тәрбиелік, халықтық мәні
зор.
Халықтың атадан
балаға көшіп, дамып отыратын тарихи-әлеуметтік,
мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық,
тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі
дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы –
мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді
2 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану
бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын -
Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.
құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау,
сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-
дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет,
ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-
дәстүр көрінісі
3
.
Әрбір халықтың әдет-ғұрпы бар
Әрбір өркениеттің, әрбір ұлттың өзіндік
дүниетанымы бар. Түрлі халықтардың тарихын
зерттеген ғалымдар жер бетінде ешқашан дінсіз,
наным-сенімсіз ел болмағандығына анық көз жеткізді.
Адамзат түрлі халықтардан, ұлт пен ұлыстан
тұрады. Әрқайсысының өзіне тән ұлттық ерекшеліктері,
тілі мен дәстүрі, діни нанымдары бар. Мұндай алуан
түрлілік Алла Тағаланың хикметі.
ْمُكاَنْلَعَجَو ىَثْب�ُأَو ٍرَكَذ ْنِم ْمُكاَنْقَلَخ اَّ�ِإ ُساَّنلا اَهُّب�َأ اَ�﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق
﴾ٌريِ�َخ ٌميِلَع َهَّللا َّنِإ ْمُكاَقْب�َأ ِهَّللا َدْنِع ْمُكَمَرْكَأ َّنِإ اوُفَراَعَب�ِل َلِئاَ�َب�َو اً�وُعُش
Жаратқан Ие былай дейді: «Әй, адам баласы!
Шүбәсыз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам мен
Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың
үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында,
Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың.
Шәксіз, Алла толық білуші, әр нәрседен хабар
алушы»
4
. Осы аятқа зер салсақ, мынадай қорытынды
шығарамыз. Құдай Тағала адамзатты түрлі ұлттарға
бір-бірлерін танулары үшін бөлген. Бір-бірін тануы
арқылы олар өздерін таниды, ал өздерін танулары
3 Қазақ энциклопедиясы, 7-том
4 Хужурат сүресі, 13-аят.
10
11
арқылы Жаратушыны таниды. Жер бетіндегі қаншама
миллиондаған адамдардың түбі – бір, барлығы Адам
атадан тарайды. Сондықтан да мұсылмандар басқа
ұлттарды көргенде шарапатты аят-хадистерге сүйеніп:
«Бәріміздің тегіміз – Адам ата, ал оның тегі – топырақ»,
– деп айтады.
Адамзаттың Алла Тағаланың алдындағы ең
қадірлі тобы болып саналатын мұсылман үмбетінің
өзі неше түрлі ұлт-ұлыстардан құралған. Пайғамбар
(с.а.с.) арабтан болып, Құран арабша түсті дегенмен
мұсылмандардың барлығы арабтар емес. Керісінше,
қазірде арабтар мұсылмандардың азғантай бөлігі болып
саналады. Әлемде екі миллиардқа жуық мұсылман
бар десек, соның үш жүз миллиондайы ғана арабтар.
Ал бір Үндістанның өзінде үш жүз миллионға жуық
мұсылман бар.
Енді осы мұсылман халықтарының әрбірінің
тұрған жеріне, аймағына қарай өзіне тән нәсілдік, тілдік,
ұлттық ерекшеліктері бар. Бірақ барлығының діні,
танымдық тұғыры бір болғандықтан салт-дәстүрлері,
мәдениеті ұқсас болып келеді. Өйткені бәрінің наным-
танымы Құран мен хадиске негізделген.
Орналасқан ортасына, табиғатына қарай әрбір
мұсылман халқының өзіндік айырма белгілері,
мәдениеті, тілі бар. Шариғат бұл айырмашылықтарды
теріске шығармайды. Керісінше, заманы мен мекеніне
қарай пәтуалардың өзгеруі мүмкіндігін ескертеді.
Мұсылман халықтарының салт-дәстүрлерінің
бәрі бірдей шариғат шарттарына сай келе бермейді.
Олардың арасында надандық дәуірден қалған,
мұсылманшылықпен қабыспайтын сарқыншақтар да
болуы ықтимал.
Дәстүрді теріске шығару – адасушылық
Мұсылман шариғатында адамдардың еркіне
қалдырған мубах яки ерікті істер бар. Мысалы, тойларды,
мейрамдарды өткізу жолдары, салт-жоралғылары
әрбір халықта әркелкі. Олардың бәрін шариғатқа сай
келмейді деп айтуға болмайды. Керісінше, олар әрбір
мұсылман халқының ғұламаларының көз алдында әрі
олардың құптауымен сан ғасырлардан бері атқарылып
келе жатқан ғұрыптар. Сондай ұлттық ерекшеліктерге,
тілдік ерекшеліктерге қарсы шығу, оларды дәл
арабтардікіндей етуге тырысу барып тұрған надандық.
Өйткені адамзаттың ұлт-ұлысқа бөлінуі аталмыш
аятта айтылғандай Жаратқанның Өз жаратылысына
бекітіп берген мызғымас заңы. Ал жаратылыстық
қағидаға қарсы шығу қасаңдыққа шалдыққан шала
сауаттылардың ісі.
Қазіргі қазақ қоғамындағы діни білімге деген
құштарлық әсіресе жастардың арасында басым. Әрі
мешітке келушілердің негізгі бөлігі де солар. Сондай-
ақ, нақтылы діни білім алғандардың көпшілігі жастар.
Ал жастар ғұмырлық тәжірибесі аз болғандықтан
өзім білемдікке салынып, максималистік көңіл-
күйге бой алдырып көптеген қателіктерге ұрынады.
Жасына жетпей шейх атануға құлшынады. Құран мен
хадистің негізгі мұраттарын түсінбей, қателіктерге
жол береді. Нақтылы үкімдерді қамтитын мухкам
дәрежесіндегі аяттарды ысырып қойып, қоғамда
жаңалық ашуды көздегендей екінші дәрежелі ұқсас
ұғымды муташабиһ дәрежесіндегі аяттарды алға
шығарып, ғалымдар арасында түрлі көзқарас тудырған
мәселелерді көтеріп, дау-дамай туғызып жатады.
12
13
Мұндай келеңсіздіктердің басты себебі діни білімге ие
болғандардың шала сауаттылығы немесе албырттық
көңіл-күйлері. Нақ сондайлардың арасында өз ұлтының
талай ғасырлардан бері қалыптасқан құндылықтарын,
мәдени мұраларын, тіпті, тарихы мен қазіргі болмысын
жоққа шығаратындар да табылады. Егер олар шариғат
шарттарын терең түсінсе, ондай адасушылыққа бармас
еді.
Сонымен қатар дін саласында тәжірибелі,
білімді деп есептелетін кейбір діндарлардың өзі дінге
болысудың жөні осы екен деп, қазақша бірдеңе жазғанда
араб, түрік сөздерін қаз-қалпында жазады. Мысалы,
қазақтар Жүсіп, Жақия, Жүніс деуге үйренген әу баста
бар есімдерді араб тіліндегі қалпында Юсуф, Яхия,
Юнус деп береді. Осындай қылықтары арқылы олар екі
түрлі қателікке бой алдырады. Біріншісі – дін мұратын
жаңсақ түсіну. Ислам діні ұлттық ерекшеліктерді
жоюға, әрбір тілдің табиғи заңдылықтарын мансұқ етуге
мүлде шақырған емес әрі шақырмайды да. Керісінше,
әрбір елдің өзіне тән жағымды әдет-ғұрыптары мен
қалыптасқан заңдылықтарының сақталуына ерекше
мән береді. Олардың екінші қателігі өз халқының
тарихы мен ділінен, тілі мен рухани әлемінен бейхабар
болуы. Сондықтан ұлтымыздың генетикалық жадында
ғасырлардан бері сақталып келе жатқан өзіндік
болмысын, дәстүрі мен мәдениетінің тамырына
балта шабады. Қазақ тіліне араб не түрік тілінің
заңдылықтарын әкеп тықпалап, таза қайнарының
тұнығын лайлайды. Сөйтіп, қазақ тілінің емлесі мен
грамматикасына «ерекше жаңалық» енгізгісі келеді.
Әрі соларын үлкен абырой, білімпаздық деп таниды.
Бұдан асқан бірбеткейлік жоқ. Діннің шариғатқа қайшы
келмейтін ұлттық әдет-ғұрыпты, тілдік ерекшеліктерді
теріске шығармайтынына қарамастан, оларды мансұқ
етуге тырысу нағыз мәңгүрттің әрекеті. Сондайлардың
қазақ
ақын-жырауларының
діни
тақырыптағы
өлеңдерін «өз емлелеріне», «сенімдеріне» сай етіп өңін
өзгертіп жазатындарына да куә болып жүрміз. Алла
Тағала оларға тура жол, тереңірек білім нәсіп етсін.
Сонымен қатар, қазіргі қазақ қоғамында
халқымыздың дәстүрі мен тарихын, тілдік ерекшелігін
мансұқ ететін, не жартылай мойындамайтын
нигилистермен бірге әдет-ғұрыпты, қазақшылықты
қорғаудың жөні осы екен деп дінді төмендетіп, ұлттық
дәстүрді одан жоғары қоятындар да бар. Олардың
көпшілігінің терең діни білімі жоқ. Бірақ осы тақырыпты
талқылауға аса құштар. Дәлелдерінің дені дәстүр мен
даналар сөздері. Шариғаттан мардымды мағлұмат
болмағандықтан әдет-ғұрып пен дін арасындағы
байланысты тереңірек түсіндіруге қауқары жоқ.
Нәтижесінде алғашқысына басымдық беріп, екіншісін
төмендетеді. Мұндай қасаң пікірлердің ғұмыры қысқа.
Себебі, адамдардың діни сауаттылығы артқан сайын
айтушыға деген талап та күшеймек.
14
15
§2 ДӘСТҮРДІҢ ДІНДЕГІ ОРНЫ
Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның. Салт-
дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне ерекше мән берген
елдің іргесі берік, келешегі кемел. Өзге елге барғанда
өз еліңнен айырмашылығын бірден байқайсың. Өз
жұртыңның артықшылығын, кемшілігін бағалай
аласың. Мұның өзі Жаратушының әрбір халықтағы
иләһи белгілері, хикметі.
Тарих беттерін ақтарып отырып басқыншы
елдердің бодан жұрттың ұлттық айырым белгілерін,
дәстүрлерін ұмыттыруға тырысқандығын көреміз.
Сосын оларға өздерінің тілі мен дінін, мәдени
құндылықтарын әкеліп тықпалаған. Ал өзінің тілі мен
дінін, салт-дәстүрін ұмытып, оның орнына өзгенікін
сіңіріп алған жұрттың болашағы жоқ. Ислам діні де
мұны құптамайды. Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз
(с.а.с.) мұсылмандардың өзге халықтардың теріс әдет-
ғұрыптарына еруіне тыйым салған. Өйткені өзгенің
қаңсығын таңсық көріп, өзіндегі рухани құндылықтар,
қағидаларды аяқ асты еткен кезде иман да жоғалады.
Қазақ халқының Ислам дінімен таныс болғанына
мың екі жүз жылдан астам уақыт өтті. Содан бері
салт-санасы, әдет-ғұрпы, әдебиеті мен мәдениеті
мұсылмандыққа бейімделіп, ақырында Ислам діні
халық ділімен біте қайнасып, ұлттық болмыстың
ажырамас бөлгіне айналды.
Ислам шариғаты дұрыс ұғымдарды, ізгі
мұраттарды бекітіп, бұрыс ұғымдарды тоқтату
үшін келді. Сондықтан мұсылман халықтарындағы
дәстүрлерді елеп-екшейтін басты безбен шариғат
болып саналады.
Халық ұстанған дұрыс әдет-ғұрыптар Ислам
заңнамасындағы құқықтық нормалардың бастау-
ларының бірі болып саналады.
﴾َنيِلِهاَجْلا ِنَع ْضِرْعَأَو ِفْرُعْلاِ� ْرُمْأَو َوْفَعْلا ِذُخ﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق
Алла Тағала: «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір
ет және надандардан теріс айнал», – деп бұйырған
5
.
Алланың Елшісіне (с.а.с.) пайғамбарлық түскен
кезде арабтардың арасында да алуан түрлі әдет-
ғұрыптар, дағдылар бар болатын. Пайғамбар (с.а.с.)
олардың Құдай Тағаланың әмір-тыйымына керағар
келмейтінін қабылдап, қарсы келетініне тыйым салды.
Шариғатта халыққа үйреншікті болған жақсы
дағдылар мен әдет-ғұрыптарды дәлел ретінде келтіруді
барлық мазһабтардың имамдары қолдайды.
Терминдерге түсініктеме
Асылында, біз қарастырып отырған қазақ тіліндегі
ғұрып, әдет сөздерінің түп-негізі шариғат терминдері.
Мұның өзі халқымыздың шариғатпен сонау ықылым
замандардан таныс болғандығын білдіреді. Енді
осы сөздердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып
анықтамасын айқындап алайық.
Ғұрып. Қазақша «ғұрып» сөзі فرعلا«әл-ъурф» сөзінен
шыққан. Араб тілінде адамдарға үйреншікті болған,
әдеттегі іс-әрекет, үрдіс деген мағыналарды білдіреді.
ُهْمتَّقَلَت�َو ، ِلوُقُعْملا ِةَداَهَشِب ِهْميَلَع ُسوُفُّت�لا ِتَّرَقَتتْمسا اَم :اًحَلاِطْمصا ُفْمرُعْملا
ِلوُبُقْملاِب ُعِئاَبَّطلا
5 Ағраф сүресі, 199-аят.
16
17
«Әл-урф»
сөзінің
шариғаттағы
терминдік
анықтамасы мынадай: «Ол ақыл-ойдың, логиканың
құптауымен көңілдерге орныққан, адам табиғаты қабыл
алатын нәрселер»
6
.
«Әдет» сөзі арабтың «әл-ъаада» ةداعلاсөзінен шыққан.
Мағынасы адамдар арасында көп қайталанатындықтан
дағдыға айналған істер дегенді білдіреді.
Әдет және ғұрып сөздерінің мағынасы бір десе
болады. Кейбір шариғат кітаптарында «урф» сөзін
қолданса, енді біреулері «әдәт» сөзіне басымдық
берілген.
«Дәстүр» сөзі де арабша روتسد «дустур» деген
сөздің қазақша баламасы. Арабша мағынасы іс-әрекет
жасалатын ереже, заң дегенді білдіреді. Қазіргі араб
тілінде бұл, негізінен, бір елдің конституциясы деген
мағынада қолданылады
7
. Бұл сөздің осынау терең
мағынасын, этимологиялық түп-төркінін зерделеп
мынадай ой түюге болады. Сірә, қазақ даласында
Ислам шариғаты мен дала заңдарының қосындысынан
шыққан заңнамалық жүйе дәстүр деп аталса керек.
Содан соң ата-баба дәстүрі, салт-дәстүр деген ұғымдар
пайда болған. Жоғарыда аталған шариғат терминдерінің
тілімізге ежелден еніп, кейіннен ауыспалы мағыналарда
қолданылуы осындай пікірге жетелейді.
Бұл жерде айқындап алуға тиісті бір мәселе
бар. Әдетте, қазақ тілінде салт-дәстүр, әдет-ғұрып
деген сөз тіркестерінің мағынасы бір, негізінен,
халық арасында қалыптасқан, күнделікті тұрмыс-
тіршілігінде қолданатын мәдени ерекшеліктер ретінде
қарастырылады. Ал шариғаттағы әдет, ғұрып сөздері
6 Әл-Маусуа әл-фиқһия әл-куәйтия, 30-том, 53-бет; Әл-Журжанидің әт-
Тағрифат кітабы.
7 Әл-Муғжамул-уасит
салт-дәстүрмен бірге адамдар арасында сіңісті болып
қалыптасқан әдеттерді, үйреншікті дағдыларды,
ұғымдар мен сөздерді де қамтиды. Осы тұрғыдан
алғанда мұсылман заңнамасындағы әдет, ғұрып
терминдерінің мағыналық аясы кең, жалпылық мәнге
ие. Қазіргі араб тілінде халық арасында қалыптасқан
салт-дәстүрлер, ұлттық құндылықтар туралы «адат уа
тақалид» ديلاق�و تاداع, «турас шағби» بيعش ثار�деген сөздер де
қолданылады.
Адамдар арасында дағдыға айналған шариғат
шартына қайшы келмейтін істер шарғи үкімдерді
белгілеуде
мұсылмандық
заңнаманың
екінші
дәрежедегі қайнар көзі ретінде қарастырылады.
Шариғат үкімдері алынатын басты қайнарлар Құран
Кәрім мен Пайғамбар (с.а.с.) сүннеті екендігі белгілі.
Аталмыш мәндегі ғұрыптар фиқһ ілімінде тармақты
үкімдерді белгілеуде заңды дәлел ретінде алынады.
Пайғамбар (с.а.с.) мен сахабалары белгілі бір мәселеге
үкім шығарғанда кейде халық арасында қалыптасқан
ғұрыптарға да сүйенген.
Шариғат саласында сондай маңызға ие болған
әдет-ғұрыпқа фиқһ негіздері ілімінде арнайы терминдік
анықтама берілген.
Абдулла ибн Ахмад ән-Нәсәфи өзінің әл-Мустасфа
атты еңбегінде былай дейді: «Ғұрып пен әдет дегеніміз
адамдардың көңілдерінде ақылға қонымды болып орныққан,
адам табиғаты қабыл алатын нәрселер».
Ханафи мазһабының ғұламасы Ибн Абидин
әдетке мынадай анықтама берген: «Әдет деген сөздің
негізі көп қайталанғандықтан үйреншікті іске айналған,
адамдар арасында ешбір түсіндіруді қажет етпейтін
танымал болған, шынайы ғұрыпқа айналған істер дегенді
18
19
білдіреді»
8
. Демек, шариғат қабыл алатын ғұрып, әдет
дегеніміз адамның табиғатына танымал, ақыл да, заң
да, адамгершілік таразысы да құптайтын оң істер.
Әдет-ғұрып فرعلاжалпы және жалқы болып екіге
бөлінеді. Жалпы әдет-ғұрыптарға әртүрлі аймақтарда
өмір сүретін мұсылман халықтары арасында белгілі
бір уақытта қалыптасқан ортақ танымал әдет-ғұрыптар
жатады. Мысалы, үйлену, талақ, сауда, қолөнерге
қатысты әдет-ғұрыптар. Ал жалқы әдет-ғұрыптар
дегеніміз белгілі бір қаланың не аймақтың адамдарына
ғана таныс әдет-ғұрыптар. Мысалы, қалыңдық мәһрін
белгілеудегі аймақтық ерекшеліктер, ақша бірлігі,
салмақ, ұзындық өлшеміндердегі айырмашылықтар.
Әдет-ғұрып сипаты жағынан іс-әрекет һәм
сөз түріндегі болып екіге бөлінеді. Әрқайсысының
анықтамасы төмендегідей.
ْممِهِتَلَماَعُم ِف ُهوُفَراَعَت�َو ُساَّ�لا ِهْميَلَع ىَرَج اَم َوُه :ُّيِلَمَعْملا ُفْمرُعْملا
.يِطاَعَّتتلاِب َعْميَتبْملا ِساَّ�لا ِفُراَعَتتَك ،ْممِِتاَفُّرَص�َو
«Іс-әрекет түріндегі ғұрып, дағды дегеніміз адамдардың
өзара қарым-қатынастары мен іс-әрекеттерінде дағдыға
айналған танымал істер. Мысалы, адамдардың «сатып
алдым», «саттым» деген сөздерді айтпай-ақ, сауданы
қолма-қол жасауды әдет етуі»
9
.
َلا ُثْميَِب ، َنْمعَم ىَلَع ٍظْمفَل َقَلاْمطِإ ٌمْموق َفَراَعَتتَت� ْمنَأ :ُِّلْموَقْملا ُفْمرُعْملا
. ِبِلاَغْملا ِدْمقَّت�لا ىَلَع ِمَهْمرِّدلاَك ، َنْمعَمْملا َكِلَذ َّلاِإ ِهِعاَِس َدْم�ِع ُرَداَبَتَت�
8 Ар-Расаил, 2-том.
9 Әл-Маусуа әл-фиқһия әл-куәйтия, 30-том, 55-бет.
«Сөз түріндегі ғұрып немесе үрдіс дегеніміз белгілі
бір адамдар тобының бір сөзді белгілі бір мағынада айтуға
дағдылануы. Сол сөзді естіген кезде ойға аталмыш мағына
ғана түсуі керек. Мысалы, дирхемді ақша мағынасында
қолдану»
10
.
Сол сияқты қазақ тілінде намаз дегенде
құлшылықтың еске түсуі, Алла, Құдай, Тәңірі дегенде
жалғыз Жаратушы Хақтың еске түсуі, теңге дегенде
ақшаның еске түсуі, палау дегенде күріштен жасалған
тағамның еске түсуі сияқты. Ал оларды осы қалпынан
өзгертудің еш қисыны жоқ.
Адамзаттың әр ұлтқа бөлініп, түрлері мен
түстерінің, нәсілі мен тегінің һәм тілі мен диалектісінің
әркелкі болуы Алла Тағаланың айнымас аяттары.
Оларды мойындамау, белден басу, теріске шығару
Жаратушының хикметпен жарату заңына қарсы
шыққанмен тең.
ُفلاِ�ْخاَو ِضْرلأاَو ِتاَواَمَّسلا ُقْلَخ ِهِ�اَ�آ ْنِمَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق
﴾َنيِمِلاَعْلِل ٍتاَ�لآ َكِلَذ يِف َّنِإ ْمُكِ�اَوْلَأَو ْمُكِ�َنِسْلَأ
Алла Тағала былай дейді: «Көктер мен жердің
жаратылысы және тілдерің мен түстеріңнің
әр алуандығы Оның (Алланың) белгілерінен.
Шындығында, осында білушілер үшін, сөзсіз,
белгілер бар».
11
10 Әл-Маусуа әл-фиқһия әл-куәйтия, 30-том, 54-бет; Әт-Тақрир уат-
тахбир, 1/282.
11 Рум сүресі, 22-аят.
20
21
Ғұрыпты дәлел ретінде қарастыру
Әдет-ғұрып мұсылман заңнамасында кейбір
мәселелерді шешуде айғақ ретінде қолданылады әрі
шариғат ғалымдары арасында мақұлданған. Ханафи
мазһабының кейбір өкілдері шариғат ережесіне
сай келген ғұрып нақтылы шарғи дәлел ретінде
қарастырылатындығын айтқан. Бұл тұрғыда фиқһ
негіздерін зерттеуші ғұламалар Құран Кәрімдегі «Ғафу
жолын ұста, ғұрыппен әмір ет және надандардан
теріс айнал» деген аятты алға тартқан. Сондай-ақ,
Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен мына риуаятты
дәлелге келтіреді.
اًئِّيَس َنوُمِلْمسُمْملا ُهآَر اَمَو ٌنَسَح ِهَّللا َدْم�ِع َوُهَتف اً�َسَح َنوُمِلْمسُمْملا ُهآَر اَم
ٌءِّيَس ِللها َدْم�ِع َوُهَتف
«Мұсылмандар жақсы деп есептеген нәрсе Алланың
алдында жақсы, мұсылмандар жаман деп көрген нәрсе
Алланың алдында жаман».
Ханафи мазһабының ғалымы Ибн Абидин «Уқуд
рәсм әл-муфти» кітабында былай дейді:
ْمراَدُ� ْمدَق ُعْمرَّشلا ِهْميَلَع اَذِل ْمراَبِتْمعا ُهَل ِعْمرَّشلا ِف ُفْمرُعْملاَو
Ғұрыптың шариғатта орны бар,
Кейде үкім соған орай орнығар.
Малики мазһабының өкілі Ибн Асим әл-
Андалусий өзінің «Муқтада әл-уусуул илә илм әл-
усуул» атты кітабында былай дейді:
ِساَب َنوُد ُةَداَعْملا ُهُلْمت�ِمَو ِساَّ�لا َْمينَتب ُفَرْمعُت� اَم ُفْمرُعلا
ُعوُرْمشَمْملا ُهَفَلاَخ اَم ِْميَغ ِف ُعوُرْمشَم ًاعَم اَُهاَضَتْمقُمَو
Ғұрып – іс қой адамдарға танымал,
Әдеттің оған ұқсастығын танып ал.
Екеуі де шариғатқа енер ендеше,
Мәні қиғаш болып егер келмесе.
Ғұрыптың шариғаттағы шарттары
Фиқһ білгірлері әдет-ғұрыптың шариғатта қабыл
алынуының бірнеше шартын белгілеген. Олардың
бастылары төмендегідей:
1. Құран Кәрім мен Сүннетке және мұсылман
ғұламаларының ортақ ұйғарымдарына керағар келмеуі
тиіс.
2. Үкім шығарылған уақытта халық арасында кең
қолданылатын болуы тиіс. Негізінде, әдет-ғұрыптар әр
заманда өзгеріске ұшырап отырады. Тарихта болып,
кейіннен жойылған әдет-дағдылар шариғатта есепке
алынбайды.
3. Қарастырылатын әдет-ғұрып бұқара халықтың
арасында кең таралған, үйреншікті дағды болуы тиіс.
Жекелей адамдар арасындағы әдеттердің заңдылық
күші жоқ.
Әдет-ғұрып – төреші
Мұсылман тіршілігіне қатысты сан алуан
салалардағы іс-әрекеттердің заңдылық сипатын
22
23
анықтайтын фиқһ ілімінің негіздерінде ةمَّكَمح ةداعلا «әл-
ъаада мухаккама» деген заңнамалық қағида бар.
Мағынасы «әдет-ғұрып – төреші», яғни нақтылы
дәлелдер келмеген кейбір мәселелерде адамдар
арасында қалыптасқан әдет-ғұрыпқа жүгініп, солардың
негізінде үкім шығарылады дегенді білдіреді. Демек,
кейбір кезде салт-дәстүр, ғұрыптар заңды дәлел ретінде
қарастырылады. Бұл ереже фиқһ ілімі ғұламалары
түзген, мақұлдаған аса маңызды қағидалардың бірі
болып саналады.
Ижма және ғұрыптың айырмашылығы
Ғұрып пен ижма екеуі де шариғаттың қайнар
көздері болып саналады. Алайда ижма шариғат
негізі ретінде ғұрыптан гөрі ілкімді дәлел. Өйткені
ижма дегеніміз мүжтәһид ғұламалардың бір ауыздан
келіскен ортақ шешімдері. Ал ғұрып озық ойлы
ғұламаларды да, қарапайым ауам жұртты да қамтитын
ортақ танымал істер. Ижма шариғат ғалымдарының
бір ауыздан келісуінен шығады. Ал ғұрып әр елде
әрқалай. Сондықтан ижма ғалымдардың белгілі бір
мәселені шұқшия зерттеп, терең ізденуінен шыққан
ортақ шешімі болса, ал ғұрып адамдар арасында
қалыптасқан кәдуілгі үйреншікті іс-әрекет.
Әдет-ғұрыптың өзгеруіне байланысты
пәтуаның өзгеруі
Әдет-ғұрып заман ауысқан сайын өзгеріске
ұшырап, дамып отыратын құбылыс. Сондықтан да фиқһ
ғұламалары әр заманға және қалыптасқан әдет-ғұрыпқа
сай кейбір тармақты үкімдердің өзгеріп отыратындығын
айтқан. Осы себепке байланысты түрлі мәселелерге
пәтуа беретін шариғат ғалымынан өзі отырған
аймақтың әдет-ғұрпы мен мәдениетінен толыққанды
хабардар болуы талап етіледі. Мысалы, қалыптасқан
жағдайға қарай мешіттегі қызметкерлердің, имамдар
мен азаншылардың, ұстаздардың жалақысын садақадан
түскен қаржыдан бөлуге болады. Мұндай шешім қазіргі
заманымызда қалыптасқан жағдайға байланысты
шығарылған. Өйткені бұрынғы замандарда мұсылман
елдеріндегі мешіт қызметкерлеріне бәйтул-малдан, яғни
мемлекет қазынасынан жалақы белгіленетін. Ал қазіргі
кезде ондай тәртіп жойылғандықтан дін қызметкерлері
айлық нәпақасын садақадан түскен қаржыдан айыруға
мәжбүр. Сонымен қатар, ақша түрлерінің, атауларының,
өлшем бірліктерінің өзгеруімен де пәтуалар қайта
жазылады. Яғни бұрынғыдай дирхем, динарды халық
түсінбейтін болғандықтан, олардың орнына теңге
өлшемі қолданылады, қадақ, сағ, пұт, муд, батпанның
орнына грамм, килограмм өлшемдері қолданылады.
Заманға қарай шешімдердің де өзгеруі Ислам
шариғатының қатып қалған дүние еместігін, уақыт өткен
сайын дамып, жетіліп отыратын әмбебап заңнамалық
жүйе екендігін дәлелдейді.
Дәстүр мен діннің айырмасы
Қазақ халқында қалыптасқан ұлттық дәстүрлердің,
ділдегі ұғымдардың басым көпшілігі Ислам дінімен
бірге өрілген. Кейбірі хақ діннің негізінде пайда
болған. Сондықтан ұлттық салт-дәстүрлер төл
мәдениеттің аясында қарастырылады. Ал әрбір
24
25
халықтың мәдениетін, танымдық тұғырын айқындап
беретін таразы – сол халық ұстанған идеологиялық
рухани жол, яғни діні. Осы себепті дін дегеніміз діл
мен дәстүрдің негізі болып табылады. Ал халық дінін
ұмыта бастағанда сол діннен қалған сарқыншақтар
әдет-ғұрыптарда ғана көрініс береді.
Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық шырмауында
болған қазақ халқы осы отаршылықта болған басқа да
түркі мұсылман халықтары сияқты асыл дінінен алыстай
бастады. Отаршылардың басты мақсаты отарланған
елдің байлығы мен халықтық ресурстарын өз қажетіне
асыру екендігі бесенеден белгілі жайт. Ал сол мақсатқа
жету үшін отарланған халықты төл дінінен, әдет-ғұрып,
салт-санасынан, тілінен, мәдениетін жұрдай ету қажет.
Әйтпесе, өздерінің кім екендігін жадынан шығармайтын
жұрт түптің түбінде тәуелсіздік жолында аянбай
күресері хақ. Сол сияқты қазақ халқы да отарланған
ел ретінде талай зобалаңды бастан өткерді. Алдымен
дінін насихаттауына қатаң түрде тыйым салды. Сосын
бірте-бірте тілі де шеттетіле берді. Сөйтіп, өзінің діні
мен тілінен бейхабар, өзгенің сойылын соғуға әрдайым
дайын тұратын мәңгүрттер тобы пайда бола бастады.
Сондай алмағайып заманда діннен «ата-бабамыз
мұсылман болған» деген ұғым мен кейбір кәлима-
сөздер ғана қалды. Кеңес билігі діни ұғымдар мен
терминдердің барлығын адыра қалған архаизмдерге
айналдыруға тырысып, олардың ескішілдік белгісі
деп түсіндірді. Сөйтіп, Құдайды мойындамайтын
атеизм ілімін идеологиялық арқау еткен коммунизм
мұраттарына бейімделе бастаған жұртта ендігі жерде
діннен тек салт-дәстүр мен адамгершілік принциптері,
ұлттық ерекшеліктер ғана қалды.
Әлхамдулилла, Құдай Тағаланың қалауымен
дербестікке қол жеткізген соң сол сақталып қалған
салт-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сананы қайта жаңғырту
негізінде ғана қайтадан толыққанды ұлт болып
қалыптасып келе жатырмыз. Кеуіп кеткен арналарға
су келіп, қайтадан дарияға айналып жатқан заманды
бастан кешірудеміз. Қазақ ұлтының қайта түлеу
кезеңіне куә болудамыз.
Елбасымыз бір сөзінде «Адамның санасында діни
және ұлттық сезімдер әрдайым тығыз астасып жатады»
деді. Расында да, санада сақталған салт-дәстүрдің орны
ерекше. Тағы бір түсінгеніміз, дәстүр мен мәдениет
діннің ықпалымен дамып, өзіндік өң қалыптастырады.
Тілдің дамуына да діннің тигізер әсері мол. Қазірде
біз діни нанымы әлсіз болған халықтардың дәстүрімен
бірге тілінің де жойылып, ақырында ұлт ретінде жер
бетінен мүлде жоғалып жатқанына куә болып отырмыз.
Қорыта келгенде, дін – дәстүрдің таразысы. Ал
иләһи уахидың негізінде бекітілген діни рәсімдерді
әдет-ғұрып деп есептеуге болмайды. Өйткені олар
Алла Тағаланың тікелей әмір еткен амалдар. Ал салт-
дәстүр адамдардың арасында көп әдеттенгендіктен
пайда болған дағдылар.
Салт-дәстүрлер заманына қарай өзгереді. Мысалы,
қазақ жерінде кезінде ғұмыр кешкен тайпалардың салт-
дәстүрлері бөлек болғаны анық. Ал сол халықтардың
жалғасы болып саналатын қазақ халқының нанымы
мен танымы, салт-санасы Ислам дінімен бірге қабыса
дамыды.
«Саясат күнде өзгереді, ал дін – мәңгілік» деп
құрметті Елбасымыз атап өткендей, қанша ғасырлар
өтіп, қаншама қоғамдық формациялар өзгерсе де, діни
құндылықтар сол күйі қалады да, ұрпақтан-ұрпаққа
өзгеріссіз ауысып отырады.
26
27
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар
Халық арасында қалыптасқан, тамыры тереңде
жатқан салт-дәстүрлермен бірге шариғат құптамайтын
ырымдар, қалыптасып қалған әдеттер де бар. Мысалы,
болашақты болжау, балгерлікпен айналысу, құмалақ
ашу, өлілерге табынып, олардан қажетін сұрау,
әр нәрсені киелі тұтып сиыну, табыну үрдістері
мұсылманшылыққа жат қылықтар.
Кейбір этнограф ғалымдарымыз, салт-дәстүр
зерттеушілері өз еңбектерінде Ислам дініне дейінгі
нанымдар мен сенімдерді зерттеп, ондағы надандық
дәстүрлерді, есте жоқ ерте замандағы мифологияны,
көпқұдайшылдықты қайта жаңғыртуға шақырады.
Мысалы, кейбіреулер наурыз мейрамын отқа
табынушылардың мейрамы деп санап, сол үшін оны
тойлағанда отқа сиынып, оның үстінен секіріп ойнау
қажет деген жөнсіз пікірлерін көңірсітіп, халықты
надандық әдеттерге үндейді. Сондай-ақ, қазақ халқы
мұсылмандықтан гөрі шамандыққа жақын болған деп
қатардағы оқырманның ойын сан-саққа жүгіртеді, ана
сүтімен дарыған мұсылмандық сеніміне селкеу түсіріп,
әрі-сәрі күйде қалдырады. Ғаламның пайда болуы
туралы жаңсақ мифологиялық пайымдарды қайта
тірілтуге тырысады. Көпшілігі мұны білместікпен
істейді, жазылған дүниенің қаншалықты әсерлі
болатындығына, оқырманның танымына қаншалықты
әсер
ететіндігіне,
қазақы
мұсылманшылыққа
қаншалықты зарары, салдары тиетіндігіне мән бермейді.
Тым болмаса, қазіргі кезде қалыптасқан ислами
таныммен ара-жігін ажыратып жатпайды. Себебі,
олардың басым көпшілігінде шынайы мұсылмандық
ұстаным қалыптаспаған. Сондықтан да сайда саны
жоқ, құмда ізі жоқ надандық ұғымдар мен ғұрыптарды
қайта жаңғыртуға құмар. Ендеше замана көшінен
қалып, жарамсыз болып ұмытылған дүниелерді жіпке
тізе бермей, дұрыс пен бұрыстың ара-жігін ажыратып,
халықтық мәдениет пен танымның біртұтастығын
сақтау жолында жұмыс жасау қажет.
Теріс әдеттер
Қазақ
салт-дәстүрлерінің
дені
шариғатқа
қайшы келмейді. Бірақ қазіргі қоғамымызда мұсыл-
маншылыққа жат кейбір әдетке айналған күнәлі істер
кездеседі. Солардың бірнешеуіне тоқталайық.
Адасқандардың жолына ілесу
Қазіргі қазақ қоғамында кездесетін келеңсіз
көріністердің бірі жат елдің тұрмыстық салттарын,
мәдени құндылықтарын талғамсыз ала беру. Діні мен
танымы мүлде басқа мұсылман емес халықтардың
қаңсық болған дағды-ғұрыптарын, теріс қылықтарын
таңсық көріп, салт-санаға енгізудің зардабы зор. Бұл
бізді ұлттық болмысымыздан, мұсылмандық мінез-
құлқымыздан ажырататын, құрдым апаратын жол.
Ардақты Пайғамбар (с.а.с.) үмбетіне осы жайында
қатты ескерткен еді.
: َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص َِّبيَّ�لا َّنَأ ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر ٍديِعَس ِبَأ ْمنَع
اوُكَلَس ْموَل َّتَح ٍعاَرِذِب اًعاَرِذَو ٍْمبِشِب اًرْمتبِش ْممُكَلْمتبَتق ْمنَم َنَ�َس َّنُعِبَّتَتَل«
: َلاَق ىَراَصَّ�لاَو َدوُهَتيْملا ِهَّللا َلوُسَر اَ� اَ�ْملُتق ُهوُمُتْمكَلَسَل ٍّبَض َرْمحُج
.ِهْميَلَع ٌقَفَّتتُم .»ْمنَمَف
28
29
Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) жеткен риуаятта
Пайғамбар (с.а.с.): «Сендер өздеріңнен бұрынғылардың
жолдарымен қарыстап, шынтақтап еретін боласыңдар.
Тіпті, олар кесірткенің ініне кіріп кетсе, сендер де оған
кіретін боласыңдар», – дейді. Сахабалар: «Уа, Алланың
Елшісі! Олар яһудилер мен христиандар ма?» – деп
сұрайды. Сонда Алланың Елшісі (с.а.с.): «Басқа кім
болсын?» – деп жауап береді
12
.
Харамға қол салу
Қоғамда кездесетін кейбір кең тараған әдеттер
мұсылманшылыққа мүлде керағар келеді. Оларға ең
алдымен арақ, сыра, есірткі сияқты харам нәрселерді
тұтынуды, зинақорлық сияқты қатаң тыйым салынған
күнәлі істерді үйреншікті әдетке айналдыруды
жатқызуға болады.
: َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِللها َلوُسَر َّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه ِبَأ ْمنَع
.ُّيِذِمْمرِّتتلاَو ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»ِساَّ�لا َدَبْمعَأ ْمنُكَ� َمِراَحَمْملا ِقَّ�ِا«
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла
Елшісі (с.а.с.): «Харам істерден сақтан, сонда адамдардың
ішіндегі ең ғибадатшыл тақуасы боласың», – деген
13
.
Өтірік айту
Адамдар
арасында
кең
тараған
жаман
қылықтардың бірі жалған сөйлеу, жалған ант ішу. Бұл
мұсылманшылыққа жат қылық. Шындық пен өтірік,
иман мен күпірлік қатар жүрмейді.
12 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.
13 Ахмет, Термези риуаят еткен.
ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر ٍدوعسَم ِنب ِهَّللا ِدْمبَع ْمنَع
َّنِإَو ِِّبْملا َلِإ يِدْمهَت� َقْمدِّصلا َّنِإَف ِقْمدِّصلاِب ْممُكْميَلَع« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا
َّتَح َقْمدِّصلا ىَّرَحَتَت�َو ُقُدْمصَ� ُلُجَّرلا ُلاَزَت� اَمَو ِةَّ�َْملا َلِإ يِدْمهَت� َِّبْملا
َلِإ يِدْمهَت� َبِذَكْملا َّنِإَف َبِذَكْملاَو ْممُكاَّ�ِإَو اًق�ِّدِص ِهَّللا َدْم�ِع َبَتْمكُ�
ىَّرَحَتَت�َو ُبِذْمكَ� ُلُجَّرلا ُلاَزَت� اَمَو ِراَّ�لا َلِإ يِدْمهَت� َروُجُفْملا َّنِإَو ِروُجُفْملا
.ِهْميَلَع ٌقَفَّتتُم .»اًباَّذَك ِهَّللا َدْم�ِع َبَتْمكُ� َّتَح َبِذَكْملا
Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен риуаятта
Алланың Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Шындықты
сөйлеңдер, шыншыл болыңдар! Расында, шындық ізгілікке
апарады, ал ізгілік жұмаққа апарады. Бір адам шыншыл
болып, тек шындық айтуды әдеттенеді де, ақырында
Алланың алдында шыншыл болып жазылады. Ал өтіріктен
сақ болыңдар! Расында, өтірік бұзықтыққа апарады.
Бұзықтық болса, тозаққа апарады. Бір адам өтірік сөйлеп,
өтірікке әдеттенеді де, ақырында Алланың алдында
өтірікші болып жазылады»
14
.
Жемқорлық, парақорлық
Бүгінде жемқорлық қоғамдық дертке айналды.
Бұл келеңсіздіктің бірден-бір емі – имандылық. Ислам
діні жемқорлықтың кез келген түріне қатаң тыйым
салған.
وُبَأ ُهاَوَر .َيِشَ�ْمرُمْملاَو َيِشاَّرلا َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َنَعَل
.ُّيِذِمْمرِّتتلاَو َدواَد
14 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.
30
31
Әбу Дәуіттен жеткен риуаятта Алланың Елшісінің
(с.а.с.) пара беруші мен пара алушыға лағынет айтқан.
Парақорлық адамдар арасында ескіден келе жатқан
мерез. Мысалы, ақын Шортанбай Қанайұлы (1808-1881)
да өз заманындағы би-болыстарды жемқорлықтан
сақтандырған екен. Оның өлең жолдарымен жеткізген
мына насихаты әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ.
Билер, пара жемеңдер,
Жанға бейнет кезбеңдер.
Кісі хақын алмаңдар,
Аузыңа пара салмаңдар.
Дүние жинап өткен жоқ,
Бізден бұрынғы Пайғамбар.
Сөз айтайын, үлкендер,
Құдайдан ғапіл өтпеңдер.
Әлің келсе, Мекке бар,
Артық дәулет біткендер!
Ысырапшылдық
Халық арасында кең тараған жағымсыз әдеттердің
бірі – ысырапшылдық. Оны, тіпті, ұлттық әдетке
айналып бара жатыр десек де болады. Той-томалақ,
іс-шара өткізгенде бай, кедей екендігіне қарамастан,
барынша шашылу, ас та төк ысырапшылдыққа жол
беру басымдық алып барады. Дәулетті болса, бірнеше
миллиондарды сарп ету, ал кедей болса, несие алып,
ұлан-асыр той өткізуге тыраштану жазылмаған
заңдылыққа айналғандай. Мұндай төгілудің артында
адамдардың қаңқу сөздерінен қорқу, пәленшеден кем
болмауым керек деген сияқты жалған намыс жатыр.
Демек, барлығы рияшылдық, мақтанышқа негізделген
іс-әрекеттер. Ал рияның өзі күнә, өзгелер көрсін,
мақтасын деген ниетпен жасалған істер жақсылыққа
жатпайды.
Ысырапшылдықтың басқа да түрлері бар. Мысалы,
кейбір адамдар Жаратушының өздеріне берген ризық-
несібелеріне шүкіршілік ету былай тұрсын, оларды
қалай болса солай пайдаланып, арам жолдарға
сарп етеді. Мал-мүлікті, ақшаны жаман жолдарға,
Алла Тағала тыйым салған құмар ойындарға, арам
істерге, араққа, темекіге жұмсап ысырап қылады.
Өлгендері үшін де шектен тыс мал шашып ас беріп,
керемет мазарлар тұрғызып әуреленеді. Кейбіреулер
өз басында үй, көлік болса да, дүниеге көзі тоймай,
ішінде адам тұрмайтын зәулім сарайлар, мінілмейтін
су жаңа көліктер сатып алып та ысырап қылады. Бұл
тұрғыда хакім Абайдың халқына айтқан өсиеті әлі де
өзектілігін жойған жоқ. Пенденің түбіне жететін теріс
сипаттардың қатарында ысырапшылдықты да қосқан
ақын былай дейді:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз!
Негізінде, «ысырап» сөзі араб тіліндегі فارسإ исраф
деген сөзден шыққан. Бұл сөз шектен шығу, малын
пайдалануда, сөз сөйлегенде шектен асып, ысырап ету
деген мағынаны білдіреді. Ал шариғат ғалымдарының
түсіндіруінше, ысырап ету мал-мүлікті, ақшаны
пайдалануда кездесетін теріс қылық. Осыған орай
ысырап екіге бөлінеді:
Мал-мүлікті, ақшаны арам нәрсеге жұмсаумен
ысырап ету.
Мал-мүлік, ақшаны адал нәрсеге мөлшерден тыс
жұмсаумен ысырап ету.
32
33
Алла Тағала Құран Кәрімде ысырап етуге қатаң
тыйым салған. Сондай-ақ, Пайғамбар (с.а.с.) да бұл теріс
қылықтан аулақ болуға шақырған. Бірде Алла Елшісі
(с.а.с.) сахабасы Абдулла ибн Амрдың (р.а.) дәрет алып
жатып суды мөлшерден тыс көп пайдаланып жатқанын
көреді де: «Бұл не деген ысырап?» – дейді. Абдулла ибн
Амр (р.а.): «Дәрет суында да ысырап бола ма?» – деп
сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.): «Иә. Тіпті, ағып жатқан
өзеннің жағасында болсаң да», – деп жауап береді. Демек,
суы мол дариядан дәрет алып жатсаң да суды ысырап
етпеу керек екен. Бұл тек дәрет суында ғана. Ал мал-
мүлікті ысырап етудің қателігі одан да зор.
﴾َنيِفِرْسُمْلا ُّبِحُ� لا ُهَّ�ِإ اوُفِرْسُ� لاَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق
Алла Тағала былай дейді: «..Және де ысырап
етпеңдер! Расында, Ол (Алла) ысырап етушілерді
жақсы көрмейді»
15
.
Тағы бір аятта бекер мал шашушылар албасты
шайтандардың достарына жатқызылған.
لاَو ِليِ�َّسلا َنْ�اَو َنيِكْسِمْلاَو ُهَّقَح ىَ�ْرُقْلا اَذ ِتآَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق
ُناَطْيَّشلا َناَكَو ِنيِطاَيَّشلا َناَوْخِإ ْاوُ�اَك َن�ِرِّذَ�ُمْلا َّنِإ اًر�ِذْ�َب� ْرِّذَ�ُب�
﴾اًروُفَك ِهِّ�َرِل
Алла Тағала былай дейді: «Жақын туыстарыңа,
міскіндерге, жолда қалғандарға хақтарын бер. Әрі
еш ысырап қылма! Шындығында, ысырапқорлар –
15 Әнғам сүресі, 141-аят.
шайтандардың ағайындары. Ал шайтан Раббысына
анық қарсы келуші»
16
.
Демек, ысырапшылдық пендені ең төменгі
дәрежелерге
түсіріп,
малғұн
шайтандардың
қатарынан бір-ақ шығаратын, ақыры жамандыққа
апарып соқтыратын апатты іс екен. Сондықтан әрбір
мұсылманның ысыраптан сақтануы керек.
ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق َلاَق ِهِّدَج ْمنَع ِهيِبَأ ْمنَع ٍبْميَعُش ِنْمب وِرْممَع ْمنَع
ٌفاَرْمسِإ ُهْمطِلاَُي ْمَل اَم اوُسَبْملاَو اوُقَّدَصَ�َو اوُبَرْمشاَو اوُلُك« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا
.هَجاَم ُنْمبا ُهاَوَر .»ٌةَليَِم ْموَأ
Амр ибн Шуғайыбтың атасынан жеткізген
риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.): «Ішіңдер, жеңдер және
садақа беріңдер һәм ысырап пен тәкаппарлық танытпай
киініңдер», – деп ескерткен
17
.
Аманатқа қиянат
Тапсырылған аманатқа қиянат қылу күнә.
Жалпы, аманатқа отбасы алдындағы жауапкершілік,
қоғам алдындағы жауапкершілік және тағы басқа да
толып жатқан міндеттер жатады. Сол сияқты адамдар
арасындағы бір-біріне сеніп тапсырылған нәрселер де
аманат саналады. Қазіргі кезде аманатқа қиянат қылу
көп таралған күнәлардың бірі.
﴾ِدوُقُعْلاِ� اوُفْوَأ اوُنَمآ َن�ِذَّلا اَهُّب�َأ اَ�﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق
16 Исра сүресі, 26, 27-аяттар.
17 Ибн Мәже риуаят еткен.
34
35
Алла Тағала былай дейді: «Уа, иман келтіргендер!
Келісімдеріңде (уағдаларыңда) тұрыңдар!»
18
.
:َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر ٍسَنَأ ْمنَع
.ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»ُهَل َدْمهَع َلا ْمنَمِل َن�ِد َلاَو ،ُهَل َةَناَمَأ َلا ْمنَمِل َناَيمِإ َلا«
Әнес сахабадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі
(с.а.с.): «Аманатты сақтай алмайтынның иманы жоқ,
сертте тұрмайтынның діні жоқ», – деген
19
.
Әйелдің еркекке ұқсауы
Ерте заманда адамдық қасиеттен айрылмаған кез
келген қоғамда әйелдің еркекке еліктеуі, не еркектің
әйелге еліктеуі мүлде қабыл алынбайтын шектен
шыққан күнә саналатын. Алайда қазірде Батыстық сән
мен салтанатқа еліктеген кейбір әйелдер ерлерге тән
киімдерді киіп, ерлерше жүріп-тұратын болды. Сондай-
ақ, кейінгі кездері Лұт қауымының ізбасарлары да бой
көрсете бастады. Мұның барлығы Құдай Тағаланың
қаһарына ұшырататын қылықтар.
ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍساَّبَع ِنْمبا ِنَع
َنِم ِتاَهِّتبَشَتُمْملاَو ،ِءاَسِّ�لاِب ِلاَجِّرلا َنِم َينِهِّبَشَتُمْملا ُللها َنَعَل« :َمَّلَسَو
.ُّيِراَخُبْملا ُهاَوَر .» ِلاَجِّرلاِب ِءاَسِّ�لا
Ибн Аббас (р.а.) жеткізген риуаятта Алла Елшісі
(с.а.с.): «Алла әйелдерге ұқсап еліктейтін ерлерге, ерлерге
ұқсап еліктейтін әйелдерге лағынет айтты», – деген
20
.
18 Мәида сүресі, 1-аят.
19 Ахмет риуаят еткен.
20 Бұхари риуаят еткен.
Әйелдердің ашық-шашық киіну
Қазақ салтында әйел де, ер де жұрт алдында киімсіз,
не жартылай денесін көрсетіп жүрмеген. Алайда қазіргі
заманымызда әйел затының кіндігін, омырауы мен
денесінің әурет жерлерін ашып жүруі, көшеде шашын
жайып жүруі үйреншікті жайтқа айналды. Керісінше,
әуретін жауып, мұсылманша киініп жүретін иманды
қыз-келіншектерге кінә артылып, күстана етілетін
болды.
Мұсылман шариғаты әйелдердің әуреттерін
жаппай, ашық-шашық жүруіне тыйым салады. Ондай
әйелдер Пайғамбар (с.а.с.) заманында мүлде болмаған.
Сондықтан олар жайлы уахи арқылы ғана біліп,
олардың тозақтықтар екендігін ескертіп өткен.
ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه ِبَأ ْمنَع
ِباَنْمذَأَك ٌطاَيِس ْممُهَعَم ٌمْموَتق ،اَُهَرَأ ْمَل ِراَّ�لا ِلْمهَأ ْمنِم ِناَفْمت�ِص« :َمَّلَسَو
،ٌتَلاِئاَم ٌتَلايُِم ،ٌتاَ�ِراَع ٌتاَيِساَك ٌءاَسِنَو ،َساَّ�لا اَِب َنوُبِرْمضَ� ِرَقَتبْملا
،اَهَيحِر َنْمدَِي َلاَو َةَّ�َْملا َنْملُخْمدَ� َلا ،ِةَلِئاَمْملا ِتْمخَبْملا ِةَمِ�ْمسَأَك َّنُهُسوُؤُر
.ٌمِلْمسُم ُهاَوَر .»اَذَكَو اَذَك ٍةَيِسَم ْمنِم ُدَجوُيَل اَهَيحِر َّنِإَو
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың
Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Тозақтықтардың екі түрін
көргенім жоқ (олар ақырзаман жақындағанда болады).
Бірі – қолдарында сиырдың құйрығындай қамшылары бар,
соларымен адамдарды ұратын топ. Екіншісі – жартылай
жалаңаш киінген, қылымсып, мүләйімсіген, бастары
36
37
түйенің өркешіндей қисайған әйелдер тобы. Олар жұмаққа
кірмейді, исін де сезбейді. Жұмақтың исі олардан тым
қашықта болады»
21
.
Болашақты болжау
Әлі орын алмаған, қашан болатыны белгісіз
істер ғайып хабарларына жатады. Олардың қалай
болатындығы жайлы сәуегейлік жасап, бал ашу
мұсылман танымына керағар келетін теріс әрекет.
Қасиетті Құран аяттары мен хадистерде ғайып
істер жайлы болжам жасаудың үлкен күнә екендігі
ескертілген.
َبْيَغْلا ِضْرَْلأاَو ِتاَواَمَّسلا يِف ْنَم ُمَلْعَب� لا ْلُ�﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق
﴾ َنوُثَعْب�ُب� َناَّ�َأ َنوُرُعْشَ� اَمَو ُهَّللا َّلاِإ
Алла Тағала былай дейді: «(Уа, Мұхаммед) Алладан
өзге көктер мен жердегілердің ешбірі ғайыпты
білмейді. Олар өздерінің қашан тірілетіндерін де
сезбейді деп айт»
22
.
ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ،ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍدوُعْمسَم ِنْمب ِللها ِدْمبَع ْمنَع
َرَفَك ْمدَقَتف ُلوُقَت� اَِب ُهَقَّدَصَف ًا�ِهاَك ْموَأ ًافاَّرَع ىَ�َأ ْمنَم« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا
.ُمِكاَْملا ُهاَوَر .»ٍدَّمَُمح ىَلَع َلِزنُأ اَِب
Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен риуаятта
Алланың Елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім балгерге не бақсыға
барып, оның айтқанын растаса, ол Мұхаммедке
21 Мүслім риуаят еткен.
22 Нәміл сүресі, 65-аят.
түсірілгенге (Ислам дініне) күпірлік келтіреді»
23
, – деп
ескерткен.
ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍكِلاَم ِنْمب ِسَنَأ ْمنَع
: َلاَق ؟ُلْمأَفْملا اَمَو :اوُلاَق ،ُلْمأَفْملا ِنُبِجْمعُت�َو َةَرَتيِط َلاَو ىَوْمدَع َلا« :َمَّلَسَو
.ُّيِراَخُبْملا ُهاَوَر .»ٌةَبِّيَط ٌةَمِلَك
Әнес ибн Мәліктен (р.а.) жеткен риуаятта Алла
Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Аурудан қашу да, құстың
ұшуына қарап бал ашу да болмайды. Маған фәәл ұнайды».
Сахабалар: «Фәл деген не?» – деп сұрағанда, Пайғамбар
(с.а.с.): «Ол – жақсы сөз», – деп жауап берген
24
.
Ғайып істерді болжауға жұлдыз-жорамалдар да
жатады. Бүгінгі күні мына жұлдыздың ықпалы күшті
болып, мынадай жұлдыз астында туылғандардың жолы
болады, аналардікі болмайды деген сияқты сандырақтар
исі мұсылманның сеніміне селкеу түсіретін күнәлі істер.
ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه ِبَأ ْمنَع
ْمنِم يِداَبِع ىَلَع ُتْممَعْمتنَأ اَم :َلاَق ؟ْممُكُّبَر َلاَق اَم َلِإ اْموَرَت� ْمَلَأ« :َمَّلَسَو
.» ِبِكاَوَكْملاِبَو ،ُبِكاَوَكْملَا :َنوُلوُقَت� ،َن�ِرِفاَك ْممُهْمت�ِم ٌق�ِرَف َحَبْمصَأ َّلاِإ ٍةَمْمعِن
.ٌمِلْمسُم ُهاَوَر
Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша Алланың Елшісі
(с.а.с.) былай деген: «Сендер Раббыларыңның не дегенін
естідіңдер ме? Ол былай дейді: «Мен құлдарыма қандай
23 Хаким риуаят еткен.
24 Бұхари риуаят еткен.
38
39
да бір нығмет сыйламайын, олардың бір бөлігі оны теріске
шығарады. Олар: «Жұлдыздар, жұлдыздар арқылы ғана
болды», – деседі»
25
.
Ата-бабасымен, тегімен мақтану
Қазірде ешқандай ғылыми, тарихи дәлелі болмаса
да, ата-бабасының батыр, ұлы тұлға болғандығын
айтып мақтанатын жандардың қарасы көбейді.
Сосын сол бабасының жерленген жерін тауып алып,
орнына зәулім кесене салу, биік ескерткіш тұрғызу
сәнге айналды. Бұл қоғамды жік-жікке, ру-руға бөлуге
апаратын теріс құбылыс. Асыл дініміз – Ислам да мұндай
келеңсіздіктерді мүлде қолдамайды. Пайғамбар (с.а.с.)
үмбетіне күнәға апаратын осындай қылықтардан аса
сақ болуға шақырған.
ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص َِّبيَّ�لا َّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر ِّيِرَعْمشَلأا ٍكِلاَم ِبَأ ْمنَع
ِف ُرْمخَفلا :َّنُهَتنوُكُرْمتتَت� َلا ِةَّيِلِهاَْملا ِرْممَأ ْمنِم ِتَّمُأ ِف ٌعَبْمرَأ« :َلاَق َمَّلَسَو
.»ُةَحاَيِّت�لاَو ،ِموُجُّ�لاِب ُءاَقْمسِتْمسِلااَو ، ِباَسْمنَلأا ِف ُنْمعَّطلاَو ، ِباَسْمحَلأا
.ٌمِلْمسُم ُهاَوَر
Әбу Мәлік әл-Ашғариден (р.а.) жеткен риуаятта
Алланың Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Үмбетімнің
арасындағы төрт нәрсе надандық дәуірінің ісі, бірақ оларды
тастамайды: ата-бабамен мақтану, біреудің тегіне тиісу,
жұлдыздармен жаңбыр шақыру (соған байланысты деп
сену) және дауыс шығарып жоқтау»
26
.
25 Мүслім риуаят еткен.
26 Мүслім риуаят еткен.
Әрбір тайпа, ру өзінің ата-бабасымен мақтанып,
өзгеге шекірейе қарайтын болса, қоғам бұзылады. Ата-
бабамыз мұндайда «жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін»
деп ескерткен. Ендеше бүтін халықты тоз-тоз ететін
трайбализмнің салдарынан сақтанайық. Алла Елшісінің
(с.а.с.) өсиеттерін орындайық.
َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها َلوُسَر َّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍمِعْمطُم ِنْمب ِْميَتبُج ْمنَع
،ٍةَّيِبَصَع ىَلَع َلَ�اَق ْمنَم اَّ�ِم َسْميَلَو ،ٍةَّيِبَصَع َلِإ اَعَد ْمنَم اَّ�ِم َسْميَل« :َلاَق
.دواَد وُبَأ ُهاَوَر .»ٍةَّيِبَصَع ىَلَع َتاَم ْمنَم اَّ�ِم َسْميَلَو
Жубейр ибн Мутғим (р.а.) жеткізген риуаятта
Алланың Елшісі (с.а.с.): «Ұлтшылдыққа, рушылдыққа
шақырған адам бізден емес. Ұлтшылдық, рушылдық үшін
шайқасқан адам бізден емес. Ұлтшылдық, рушылдық үшін
өліп кеткен адам бізден емес», – деп ескерткен
27
.
Әділетсіздік
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»
дейді ата-бабаларымыз. Туғаны қылмыс қылса, оны
кешіріп, ал басқа біреу ағаттық жасаса, абақтыға тоғыту
әділетсіздік. Ислам діні қара қылды қақ жаратын
әділеттілікке шақырады. Үкім еткенде заң алдында
барлық адамға тең қарауды әділдіктің басты шарты
етіп бекіткен. Алланың Елшісі (с.а.с.) қандай жағдайда
болмасын, әділдікті сақтаған әрі үмбетін ар алдында
адал болуға үндеген.
27 Әбу Дәуіт риуаяты.
40
41
ِتَّلا ِةَّيِموُزْمخَمْملا ُنْمأَش ْممُهََّهَأ اًشْم�َرُتق َّنَأ اَهْمت�َع ُللها َيِضَر َةَشِئاَع ْمنَع
؟َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا َلوُسَر اَهيِف ُمِّلَكُ� ْمنَم :اوُلاَقَتف ،ْمتَقَرَس
ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ِلوُسَر ُّبِح ٍدْم�َز ُنْمب ُةَماَسُأ َّلاإ ِهْميَلَع ُئَِتْمَي ْمنَمَو :اوُلاَق
اَ� :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَقَتف ُةَماَسُأ ُهَمَّلَكَف ،َمَّلَسَو ِهْميَلَع
: َلاَقَتف ،َبَطَخَف َماَق َُّث ؟ َلاَعَت� ِهَّللا ِدوُدُح ْمنِم ٍّدَح ِف ُعَفْمشَ�َأ ،ُةَماَسُأ
ُف�ِرَّشلا ْممِهيِف َقَرَس اَذإ اوُناَك ْممُهَّتنَأ ْممُكِلْمبَتق ْمنِم اوُناَك َن�ِذَّلا َكَلْمهَأ اََّنإ
َّنَأ ْموَل ِهَّللا ُْميَأَو ،َّدَْملا ِهْميَلَع اوُماَقَأ ُفيِعَّضلا ْممِهيِف َقَرَس اَذِإَو ،ُهوُكَرَت�
.ُةَعَتبْمرَْملأاَو ِناَخْميَّشلا ُهاَوَر«. اَهَدَ� ُتْمعَطَقَل ْمتَقَرَس ٍدَّمَُمح َتْم�ِب َةَمِطاَف
Айша анамыздың (р.а.) айтуынша, Құрайыш
тайпасының көсемдерін текті әулет – махзумия
руының ұрлық жасап қойған бір әйелінің жайы көп
ойландырыпты. Бұл істің салдарынан қорыққан олар
әйелді жазадан құтқарудың жолын іздеп: «Ол туралы
Алланың Елшісіне кім айтып барады?» – деп кеңеседі.
Сонда біреулері: «Ол туралы батылдықпен айта алатын
біреу болса, ол – Алла Елшісінің (с.а.с.) сүйіктісі Усәма
ибн Зәйд», – деп соны арашашы етуге келіседі. Келісім
бойынша Усәма (р.а.) әлгі әйелдің мәселесі туралы Алла
Елшісіне (с.а.с.) айтады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа,
Усәма! Алла Тағаланың жазасына арашашы болғың келе
ме?!» – деп қатты ашуланады. Сосын адамдарды мешітке
жинап, алып былай деп жар салады: «Ақиқатында,
сендерден бұрынғы үмбеттер егер олардың арасында текті
адам ұрлық қылса, оны қоя салатын, ал егер бір әлсіз адам
ұрлық қылса, оны жазалайтын. Олар сондай істері үшін
жойылып кетті. Алланың атымен ант етемін, егер,
тіпті, менің қызым – Мұхаммедтің қызы Фатима бір
ұрлық қылса, оның да қолы кесіледі!»
28
Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) қоғамдағы әділдік
қағидасын осылай айқындап берген. Өзі де өзгелерге
үлгі болған.
28 Бұхари, Мүслім жеткізген.
Достарыңызбен бөлісу: |