Қазақстан республикалық білім және ғылым министрлігі



бет1/7
Дата16.02.2022
өлшемі339,9 Kb.
#25621
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 



 

 

 



СӨЖ

 

Тақырыбы: Қазақ халық ауыз әдебиетінің спецификалық ерекшеліктері және оқыту әдістемесі


 

 

 



 

Орындаған: Қуантай Ақбота

Қабылдаған: Айтбаевна.Н.М
 

Алматы, 2022 ж

Қазақ халық ауыз әдебиетінің спецификалық ерекшеліктері және оқыту әдістемесі

Қазақ халқының ауыз әдебиеті- ауыздан- ауызға ауызша тарап, біздің дәуірімізге дейін жеткен шығармалар. Ауыз әдебиеті ғылымда фольклор деп аталады. Фольклор ағылшын сөзі. Дәлме- дәл аударғанда «халық шығармасы», «халықтың ауызша шығарған көркем сөздері»  деген мағынаны береді.Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар Ауыз әдебиеті деп атаған.

Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 ж. ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылш. lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де А. ә. атауы үшін халықар. ғыл. атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес. Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет